Уәлиханов Шоқан туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы

Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865) – қазақтың ұлы ғалымы;
ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ.
Шын аты- Мұхаммедханафия, әжесінің бала күнінде Шоқаным деп еркелетіп
айтуымен, Шоқан аталып кеткен. Туған жері- қазіргі Қостанай облысындағы
Құсмұрын көлінің жағасы. Арғы атасы- қазақтың ұлы ханы- Абылай, Шоқан оның
шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық
жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын
иеленген.
Жеті жұрттың тілін білуге тиісті хан тұқымы болғандықтан, ауыл
мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді.
Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп
есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Зерек те зерделі Шоқан мұнда
екі-үш үлкендердің класындағыларды да басып озып шығады (Г.Н.Потанин). Ол
осында белгілі шығыстанушы ғалым И.Н. Березиннің тапсырмасы бойынша
Тоқтамыс ханның Жарлығына талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми еңбегі
еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен
тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап,
мойындай бастаған болатын.
Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Батыс Сібір генерал-
губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Ол 1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан
хандығының ықпалынан шығарып, ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін
ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле
Алатауына дейін келеді, Жоңғар қақпасына, Алакөл, тарбағатайға саяхат
жасайды. Осы сапарында қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен
этнографиясының материалдарын жинап алады. Бұл еңбегін жоғары бағалаған
генерал Г.Х.Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға
жоғарылап, поручик атағын алады. Келесі жылы М.М. Хоментовский басқарған
әскери-ғылыми экспедицияға қатысып, қырғыз елін жете зерттеп, Ыстықкөл
аймағының картасын жасасады. Манас жырын деген жерлерді барып көреді.
Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохтонды
ежелгі тұрғындары екенін тарихта тұңғыш рет анықтап береді. Қырғыздардың
көне тарихы жөнінде жазған географ К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы
ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан Уалиханов Ұлы ғалым
Шоқан шыңы
Шоқан Уәлиханов – фольклоршы
Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым
Шоқан Уәлиханов этнограф - тарихшы
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Пәндер