В. И. Ленин



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Әлемдік саяси ой тарихында өзінің үлкен ізін қалдырған ілім маркстік-
лениндік саяси идеология болды. Мемлекеттің пайда болуы мен оның қызметі
туралы маркстік ілім бастан-аяқ таптық сипатта баяндалады. Маркстің ілімі
бойынша, өндіріс құрал-жабдықтарын иеленген қанаушы таптар езілген таптарды
ауыздақтап, ұстап отыру үшін өздерінің экономикалық куш-қуаттарымен қатар
саяси, құқықтық,әскери және идеалогиялық құралдар мен әдістердің саяси
жүйесі болып табылатын мемлекет күшін де пайдаланды. Яғни, мемлекет,
Маркстің түсінігінше, үстем таптың қолындағы езілген таптарды бағындыруға
және басып жаныштауға арналған.
Марксизм ілімі бойынша, мемлекет алғашқы кеден-ақ қарама-қарсылық пен
қайшылыққа толы қоғамдық дамудың жемісі. Рулық қоғамның ыдырауы мен
мемлекеттің пайда болуының алғашқы белгілері туралы Ф. Энгельс Семьяның,
жеке меншіктің бүкіл экономикалық тұрмыс жағдайларынан келіп, еріктілер мен
құлдарға, қанаушы байлар мен қаналушы кедейлерге бөлінуге тиісті, қоғам–
бұл қарама-қарсылықтарды қайтадан ымыраластыра алмайтыны былай тұрсын,
қайта оларды барған сайын шиеленістіре түсуге тиісті қоғам пайда болды.
Мұндай қоғам осы таптардың арасында үздіксіз болып тұратын ашық күрес
үстінде ғана немесе үшінші бір күштің үстемдік етуінен ғана өмір сүре
алатын еді, бұл күш өзара күресуші таптардан жоғары тұрған болып, олардың
ашықтан-ашық қақтығыстарын басып-жаныштап отыруы және тап күресіне ең әрі
кеткенде тек экономика саласында ғана, заңды деп аталатын формада ғана жол
берді. Рулық құрылыстың дәурені өтті. Еңбек бөлінісі және оның салдарынан
қоғамның тап-тап болып жіктелуі оның күл-талқанын шығарды. Оның орнын
мемлекет басты.
Энгельстің пікірі бойынша, мемлекет қоғамға сырттан таңылған әлдебір
күш болып табылмайды. Мемлекет сондай-ақ Гегель айтқандай, адамгершілік
идеясының шындығы да, парасат бейнесінің шындығы да емес.
Мемлекет–дамудың белгілі бір сатысындағы қоғам жемісі, мемлекет–сол
қоғамның өз-өзінен шешілмейтін қайшылықтарға келіп шырмалғанын,
ымыраласпайтын қарама-қарсылықтарға бөлінгенін, құтылуға дәрмені жоқ қарама-
қайшылықтарға бөлінгенін мойындағандық еді. Ал осы қарама-қарсылықтар ,
экономикалық мүдделеріне қайшы таптар нәтижесіз күресте бірін-бірі және
қоғамды жалмап қоймауы үшін, қоғамнан жоғары тұратын күш, яғни қақтығысты
тежей алатын, оны тәртіптің шегінен шығармай ұстап тұра алатын күш қажет
болды.
Марксшілдер ойлап тапқан бұл күш қоғамның өз ішінен шыққан, бірақ
өзін одан жоғары қоятын, өзін одан барған сайын оқшаулай беретін
күш–мемлекет еді.

Қоғамдық даму нәтижесінде пайда болған мемлекеттің қызметіне және ол
кімнің мүддесін қорғайды деген сұраққа Энгельс былай деп жауп береді:
Мемлекет таптардың қарама-қарсылығын ауыздықтап ұстау керектігінен
туғандықтан, сонымен қатар ол осы таптардың соқтығысуларынан келіп
туғандықтан, жалпы ереже бойынша, экономика жағынан ең құдіретті үстем
болып алады, сөйтіп езілген тапты басып жаныштауға және қанауға керекті
жаңа құралдар табады.
Мемлекет туралы Маркс пен Энгельстің ілімін одан әрі жалғастырған
Ленин, ол Мемлекет туралы еңбегінде Қай жерде, қай кезде қоғам тап-тапқа
бөлінсе,қай кезде қанаушылар мен қаналушылар пайда болса, сол жерде, сол
кезде мемлекет пайда болды деген қорытынды жасайды.
Мемлекеттің таптық сипаты мен оның зорлық аппараты туралы ойын Ленин
одан әрі былайша жалғастырады: Тарих мынаны көрсетеді: жерде, қай кезде
тап-тапқа бөлінген болса, адамдарға зорлық жасаушы айрықша аппарат болып
табылатын мемлекет тек осы жерде, сол жерде шыққан...Мемлекет дегеніміз–
бір таптың екінші тапқа үстемдік жүргізуін қолдап отыратын машина. Бұл
машинаның формасы да әртүрлі болады. Құл иеленушілік мемлекетте біз
монархияның, аристократиялық республиканың немесе тіпті демократиялық
республиканың болғандығын көреміз, бірақ істің мәні баяғы бір қалпында қала
берді.
Лениннің сөзімен айтқанда, мемлекет дегеніміз адам қоғамынан бөлініп
шыққан басқару аппараты.Тек басқару ісімен ғана шұғылданатын, басқару үшін
өзгенің еркін күштеуге бағындыратын айрықша зорлау, бағындыру аппараты –
түрмелерді, адамдардың айрықша образдарын, әскерді, тағы сол сияқтыларды
қажет ететін адамдардың айрықша тобы пайда болған кезде мемлекет те пайда
болған.
Мемлекеттің күштеу аппараты болып табылатындығын дәлелдеу үшін Ленин
мемлекет болмаған кездің болғандығын және ол кезде қанау мен зорлықтың
болмағандығын көлденең тартады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңін сипаттаған
ол былай деп жазды: Міне, сол кезде мемлекет болмаған, үнемі күштеу
қолданып отыру үшін, адамдарды күштеуге бағындырып отыру үшін,ерекше
аппарат болмаған. Біз ол кезде әдет-ғұрып үстемдігі бедел, құрмет
болғандығын, бұл билік кейде әйелдер қолында болғандығын көреміз,... бірақ
басқаларды басқару ұшін және басқару мүдделеріне, басқару мақсаттарына бола
белгілі бір зорлау аппаратын, күштеу аппаратын үнемі,әрдайым пайдалану
үшін, жұрттан бөлініп шыққан айрықша санаттағы адамдарды біз ешбір жерде
көрмейміз.

Ленинің пікірінше, мемлекет белгілі бір топ адамдардан құралған,
қоғамнан бөлініп шыққан белгілі бір аппарат.Адамдар басқарылатындарға және
басқару жөніндегі мамандарға, қоғамнан жоғары тұратындарға, басқаларға
әмірін жүргізе алатын билеп-төстеушілер мен мемлекеттің өкілдері деп
аталатындарға бөлінді. Басқаларды басқаратын осы аппараттың қолына зорлық
пен күш қолдана алатын мүмкіндік берілді. Бұл күштеу тәсілі деп аталады.
Күштеу тәсілдері қоғам дамуына қарай үнемі өзгеріп отырды. Бірақ мемлекет
болған кездің бәрінде де әрбір қоғамда басқарып,билеп-төстеп,үстемдік
жүргізіп отырған адамдар бір топ адамдар болды, өкіметті ұстап отыру үшін
олардың қолдарында зорлап көндіру аппараты күштеу аппараты, әрбір заманның
техникалық дәрежесіне сай қару-жарағы болды.
Мемлекетті тек тап үстемдігінің құралы ретіде ғана қарастырған
маркстік-лениндік ілімнің негізін қалаушылары мемлекеттің басқа да
қызметтеріне назар аудармайды және оның ұйымдастыру,шаруашылық,
мәдени,сыртқы саясат мәселелерін қарастырмайды. Мемлекеттерді бір-біріне
қарама-қарсы таптардың жауласу әрекеттері деп түсіндірген Ленин былай деп
жазады: Сөйтіп, осы жалпы құбылыстарға зер салып қарасақ, таптар болмаған
кезде, қанаушылар мен қаналушылар болмаған кезде мемлекет неліктен
болмаған, ол таптар пайда болған кезде неліктен мемлекет те пайда болған
деген сұрақ қойсақ,─міне, тек солай еткенде ғана біз мемлекеттің мәнін мәні
және оның маңызы туралы сұраққа анық жауап таба аламыз.
Мемлекетті билеуші таптың құралы ретінде қарастырған маркстік-лениндік
идеология бір таптың ғана мүддесін қорғайтын пролетариат диктатурасының
қажеттігін жанталаса дәлелдеуге тырысады. Маркстің айтуынша, тап күресі
міндетті түрде пролетариат диктатурасына алып келеді. Пролетариат
диктатурасын белгілі бір уақытта ғана өмір сүретін құрылым ретінде
қарастырған Маркс былай деп жазады: Капиталистік қоғам мен коммунистік
қоғамның арасында біріншісінің екіншісіне революциалық жолмен айналу дәуірі
жатыр. Осы дәуірге саяси өтпелі дәуір де сәйкес келеді, бұл дәуірдің
мемлекеті пролетариаттың революциялық диктатурасынан басқа еш нәрсе де бола
алмайды.Маркстің бұл қорытындысы пролетариатты сол кездегі капиталистік
қоғамда атқарып отырған ролін талдауға,осы қоғамның дамуы туралы және
пролетариат пен буржуазияның қарама-қарсы мүдделерінің сиыса алмайтындығы
туралы деректерге негізделген болатын. Марксше айтқанда, пролетариат өзін
азат етуі үшін буржуазияны құлатуы, саяси өкіметті жеңіп алуы және өзінің
революциалық диктатурасын орнатуы керек.

Пролетариаттың үстем тапқа айналуы мен саяси билікті пайдалануы туралы
Капиталистік партия манифесінде атап көрсетіледі.
Марксік-лениндік ілім бойынша,қоғам дамуына байланысты, пролетариаттың
экономикалық, саяси және әскери, мәдени күшінің артуына байланысты мемлекет
құри бастады.Билік, олардың пікірінше, буржуазиялық мемлекеттен пролетариат
диктатурасына көшеді, ол жалпы халықтық социалистік мемлекетке ұласады, ол
дами келе ақыр соңында мемлекеттің құрып бітуіне жеткізеді.
Дегенмен, мемлекеттің толық құруы үшін Ленин атап көрсеткендей, толық
коммунизм орнауы қажет.Өйткені,мемлекетті қажет етпейтін төмендегідей
процесстер болғанда мемлекет өз-өзінен жойылады.
1) Қоғамдық меншік негізінде,өндіріске және еңбек пен өнімді бөлуге,
есепке алуға аса қатаң бақылу орната отырып, адамзат қоғамының
өндіргіш күштерінің орасан зор дамытылуы.
2) Өндіргіш күштердің орасан зор дамуы негізінде қоғамдық теңсіздіктің
ең маңызды қайнар көздерінің бірі─ой еңбегі мен дене еңбегінің
арасындағы әрбір қарама-қарсылықтың және әрбір адамның жан-жақты дамуы
мен қала мен ауыл арасындағы елеулі ерекшеліктердің жойылуы
3) Демократияның жоғары дәрежеде орнығуы, мемлекетті басқаруға барша
жұрттың қатысуы
Сонымен маркстік-лениндік қағидаға сенетін болсақ, мемлекет мәңгі
жасап келе жатқан жоқ. Мемлекетсіз өмір сүрген, мемлекет, мемлекеттік
өкімет дегендердің не екенін білмеген қоғамдар да болған. Демек, бұрын
таптар қалайша сөзсіз пайда болса, олар соншалықты сөзсіз құриды.
Мемлекет және құқық туралы лениндік ілімге тарих өз бағасын берді.
Олардың мемлекет және саясат туралы көптеген қағидалары уақыт талабына
шыдас бере алмады.Дегенмен де, олардың саясат, мемлекет, құқық және заң
туралы көзқарастары мен идеялары әлемдік саяси-құқықтық ілім тарихына
мәңгіге енді және ғалымдардың зерттеү тақырыбына айналды. Сонымен бірге,
әлемнің XIX-XX ғасырлардағы саяси және рухани бейнесін көз алдымызға
елестету де мүмкін емес.

Ульянов Владимир Ильич
Ульянов Владимир Ильич 1870 жылы сәуірдің 22 жұлдызында Симбирск,
қазіргі Ульяновск жерінде дүниеге келген. Ленин– XX ғасырдың данышпан
ойшылы, белді қайраткері, еңбекші адам атаулының жақтаушысы,кемеңгер көсемі
болған адам. К. Маркс пен Ф. Энгельстің істерін ілгері дамытушы. Асқан
шебер әрі алыстан ойлайтын пролетариат революционер, Совет Одағы
Коммунистік партиясын ұйымдастырушы, Совет Социалистік мемлекетінің негізін
қалаушы.
Лениннің өнегелі өмірі мен бұқара халық үшін жасаған істері тарихта
үлкен орын алды.Мұның өзінше табиғи сыры бар. Ленин өзі туып өсіп, тәрбие
алған әлеуметтік ортасы- қалың халық бұқарасымен тығыз байланысқан, өз
еңбектерімен күн көрген адамдар еді. Оның әкесі Илья Николаевич Ульянов-
озат педагог-демократ, өмір бойы ұстаздық қызмет атқарып, жас ұрпақты
тәрбиелеумен айналысты;анасы Мария Алкександровна Ульянова- өз заманында
мейлінше білімді, аса жоғары мәдениетті, көргені көп,тәрбиесі мол, халық
мұғалімі деген атаққа ие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лениннің қоғамдық көзқарастары
Маркстік философияның пайда болуы мен алғышарттары
МАРКСТІК ФИЛОСОФИЯНЫ ЛЕНИННІҢ ДАМЫТУЫ
ЛЕНИН (Ульянов) Владимр Ильич
Уақытша үкімет тек
Маркстік философия жайлы
Маркстік философия
Қоғам туралы Карл Маркстің ілімі және оның қазіргі жағдайы
Көтерілістің штабы
ХІХғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ.І жартысындағы Ресейдегі саяси ойлар
Пәндер