Қылмыс құрамы және түсінігі


Жоспар
Кіріспе4
Қылмыс құрамының түсінігі мен, маңызы6
Қылмыс құрамының түрлері9
Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу10
Қылмыс объектісі туралы түсінік және оның мәні12
Қылмыс объектілерінің түрлері14
Қылмыстың заты16
Қылмыстық объективтік жағы17
Қоғамға қауіпті іс-әрекеті18
Қоғамдық қауіпті салдар19
Себепті байланыс20
Қылмыстың субъектісі21
Жасқа толу - қылмыс субъектісі белгілерінің бірі23
Қылмыстық арлаулы субъектісі24
Қылмыстың субъективтік жағы26
Қасақаналық және оның түрлері27
Абайсыздық және оның түрлері28
Қылмыстық ниет және мақсат30
Қате және оның түрлері31
Қылмыскерді ұстау кезінде оған зиян келтірудің құқықтық негізі32
Қорытынды34
Қолданылған әдебиеттер36
Кіріспе
Қазақстан Республикасында 1998ж. бастап ҚР ҚК заңды күшіне енгені барша қауымға мәлім. Елімізде орын алып отырған әлеуметтік, саяси және де басқа өзгерістерді еске алсақ, бұл да заңдылық тұрғысындағы ерекше орын алатын үрдіс.
Әр заман талабына сай заң қабылданса, әр адамның, қоғамның және жалпы еліміздің (үкіметтің) өріс алып, дұрыс қалыптасуына ықпал етері сөзсіз.
Осы орайда қазақтың бір нақыл сөзінің орны келіп тұрғандай:
«Заманына қарай - заңы,
Орманына қарай - аңы. »
Демек, тақырыпты ашпай отырып жаңа заңдағы қылмыс құрамы жөнінде орын алған (ондайлар болса) мәліметтерге тоқталуды жөн көріп отырмыз. Аталмыш заңда көрсетілгендей қылмыстық жауаптылық тек кінәлі адамның жасаған іс-әрекетінде қандай болса қылмыс құрамының белгілері болуы міндет.
Сөйтіп назар аударсақ, қылмыс құрамы - қылмыстық жауаптылықтың негізгі (ҚР ҚК 3 -бабы) .
Тағы бір айта келетін жайт - ол қылмыс құрамы туралы жазылған талай ғылыми еңбектер, және бұдан біраз уақыт бұрын қолданылған қылмыстық заңдағы қағидалар айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Кейбір элементтердің белгілері аздап өзгерістерге ұшырағаны болмаса, олар туралы жұмыс барысында көрсетуге тырысып көрдік.
Қылмыстық құқық теориясында (тек қана Қазақстан емес, басқа да елдерде негізгі ғылым зерттеулер жүргізіп, осы мәселені азды-көпті қарастырған ғалымдар: Т. А. Бапанов, Е. И. Қайыржанов, С. М. Рахметов, А. А. Жұмағали, А. Н. Тройнин, А. А. Пионтковский, Б. С. Утевский, Н. С. Таганцев, А. С. Михмен және тағы да басқалары.
Осы мәселенің кейбір сұрақтары Г. Р. Рустемова, Е. Т. Абілезов, А. А. Абдрашит, А. Ж. Жилкубаев, Қ. С. Корбеков, Б. А. Кулмуханбетова, А. Н. Ли, Н. З. Султанова секілді ғалымдармен қарастырылған.
Жоғарыда аталған заңгерлердің ғылыми негізгі зерттеулеріне, сот және тергеу тәжірибесіне статистикалық мәліметтерге және бұхаралық ақпараттардан белгілі болған мағлұматтарға сүйене отырып жоғарыда көрсетілген тақырыпты ашып көрсетуге тырысып көреміз.
Сөйтіп, қылмыс құрамы болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі:
Қылмыс құрамын дұрыс түсіну деп қылмысты заңда тұрғыда дұрыс, толық дәрежеленуі белгілі бір әсерін тигізеді. Қылмыстың дұрыс дәрежеленуі әрине заңды жауаптылықтан бастап заңды жаза тағайындау үрдісіне де зор әсері бар. Сонымен қатар қылмыстық жауаптылықтан босату немесе жазадан босату, тіптен жазаны және жауаптылықты ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайларды ескеруге де мол үлес қосады.
Қылмыс құрамының түсінігі мен, маңызы
Қылмыстық анықтамасы кез келген қылмысқа тән құқықтық және әлеуметтік белгілерін көрсетеді. Бұл белгілер қылмыстық құқыққа қарсылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік және жазалық, басқа қылмыс болып табылмайтын құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттерді бір-бірінен ажыратуға көмектеседі. Бірақ көрсетілген белгілер бойынша бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратуға болмайды. Масалы: ұрлықты тонаудан, я болмаса кісі өлтіруден. Себебі аталған қылмыстар қылмыс түсінігін құрайтын белгілерге ие.
Көптеген қылмыстардың ішінен нақты бір қылмыстарды бір-бірінен ажырату үшін, мысалы: кісі өлтіру мен зорлауды немесе қорқытып алушылық пен алаяқтықты қылмыс құрамы деген түсінікті пайдаланамыз.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп, қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі. Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады. Қылмыс объектісі - қылмыстық қол сұғушылықтың нәтижесінде зиян тигізілетін немесе тигізілуі мүмкін және осы қол сұғушылықтан қылмыстық кодестің 2-бабының 1-ші бөлігінде көрсетілген: адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, ҚР-ң конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері және бейбітшілік пен адамзат мүдделері.
Қылмыстың объективті жағы - қылмыс объектісіне зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін туғызатын, сонымен қатар белгілі бір шартты жағдайда осы зиянды тигізетін қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті әрекеттердің немесе әрекетсіздіктің сыртқы сипаттамасы. Сонымен қатар қылмыстық объективті жағының белгілеріне қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің және қоғамға қауіпті зардаптар, қылмыс жасаудың әдісі, құралдары мен қарулары, орны, уақыты және жағдайлары жатады.
Қылмыс субъектісі болып, дені сау қылмыс жасаған және жасаған әрекеті бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға қабілеттілігі бар жеке тұлға.
Кейбір шет ел мемлекеттерінің қылмыстық заңдарында жеке тұлғалардың жауаптылғымен бірге заңды тұлғалардың қылмыстың жауаптылығы бар екендігі жөнінде айта кету керек.
Айталық, Нью-Йорк штатының ҚК-де кейбір қылмыстардың субъектісі болып корпорациялар табылады. Яғни оларға арнайы айып, өндірісті тоқтату тағы басқа сол сияқты санкциялар қолданылды.
Европа кеңесінің жанындағы қылмыс мәселелері жөніндегі комитет 1978 жылы еуропалық мемлекеттік заңгерлерінің заңды тұлғаларды экологиялық қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың субъектісі деп тану жолына тұру керек дегенді ұсынған. Мұндай ұсыныс қазіргі кезеңде Англияның қылмыстық заңдарында және Францияның жаңа қылмыстық кодексінде жүзеге асырылған.
Қылмыс құрамының субъективтік жағы қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекетіне немесе әрекетсіздігіне олардан туатын қоғамға қауіпті зардаптарына байланысты психикалық қатынасын сипаттайтын жағдайлар болып табылады. Бұған кінә және оның нысандары, қылмыстың жасау мақсаты мен себептері жатады.
Қылмыс құрамы - бұл көрсетілген объективті және субъективті белгілердің міндетті жиынтығы. Ол осы белгілердің тұтастығы арқылы болады. Сонымен қатар әрбір құрамның белгісі басқа белгілермен тығыз байланыста болады және олардың қылмыс құрамынан тысқары өз алдында болуы мүмкін емес.
Қылмыс құрамының белгілері екі топқа бөлінеді:
Қажетті және факультативті. Ешқандай құрамның сол белгілерінсіз сипаты болмайтын белгілер қажетті деп аталады.
Сондықтан олар кез келген қылмыс құрамының белгісі болып табылады.
Мұндай белгілердің жоқтығы кез келген қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Мұндай белгілер мысалы, кінә және қылмыстық заңмен рұқсат етілмеген әрекет қылған адамның ақыл ісінің дұрыстығы.
Факультативті белгілер деп қылмыс құрамы үшін міндетті, ал екінші бір қылмыс құрамы үшін міндетті емес белгілерді айтамыз. Мысалы: ауырлататын мән-жайлар арқылы қасақана кісі өлтіруге, пайдақорлық немесе бұзақылық сияқты себеп ең керектісі болып табылады.
Қылмыс құрамының бар ма, жоқ па екеніне әсер естпесе де факультативті белгілері қылмыстық жауаптылықтан тысқары қала алмайды. Олар жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдете немесе ауырлата алады.
ҚР ҚК-нің 3-бабында, қылмыс жасау, яғни осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады, - деп атап өткен. Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі екендігі туралы қылмыстық іс жүргізу заңдарында да нақты айтылған. Сондықтан да оның нормаларына сәйкес, егер жасалынған әрекетте қылмыс құрамы болмаса қылмыстық іс қозғалмайды, ал қозғалған қылмыстық іс қылмыс құрамы жоқ болғандықтан өндірістер қысқартылуға шығарған кездегі ең басты міндеті сол істелінген әрекетте қылмыс құрамы бар ма, жоқ па соны анықтау деп көрсетілген. Егер жасалынған іс-әрекетте қылмыс құрамының жоқтығы анықталса, онда сот ақтау үкімін шығарады.
Ал қылмыс құрамының жоқтығы деп біз жеке тұлғаның істеген іс-әрекетінде жоғарыда атап өткен қылмыс құрамының бір белгісінің болмауын айтамыз. Демек қылмыстық құқықтағы қылмыс құрамының мәні сол қылмыстық жауаптылыққа тартудың бірден-бір және жеткілікті көрсеткіші болып табылады.
Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыстың құқық теориясында барлық нақты қылмыс құрамы, елеулі белгілерінің топтасуына байланысты белгілі бір топтарға бөлінеді. Қылмыс құрамы топтастырудың алдына қойған міндеті, әрбір нақты қылмыстың түсінігін, және оларға тән жалпы заңдылықты тереңірек түсіндіру болып табылады.
Қылмыс құрамының мынадай белгілерді қолдану арқылы топтастырлады:
1. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі;
2. Қылмыс құрамын суреттеу тәсілі;
3. Қылмыс құрамының құрылымы.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын жағдайларға байланысты қылмыс құрамы негізгі, ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар болып үшке бөлінеді.
Негізгі қылмыс құрамы деп, қылмыстық іс-әрекетің белгілі бір түрінің негізгі және тұрақты белгілерінен тұратын, сондай-ақ ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз құралған құрамды айтамыз.
Қылмыс құрамының белгілерін суреттеу тәсіліне байланысты жәй және күрделі қылмыс құрамы деп екіге бөлінеді.
Жәй қылмыс құрамы деп - қандай да болмаса қылмыс құрамы элементтерінің қиындатылған белгілері жоқ құрамды айтамыз.
Мысалы: бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау ҚК-ң 175-б. Демек, жәй қылмыс құрамында бір іс-әрекеттен бір ғана объектіге қол сұғушылықты сипаттайды.
Күрделі қылмыс құрамы деп, - қандайда болмасын қылмыс құрамы элементтерінің қиындататын белгілері бар құрамды айтамыз. Күрделі қылмыс құрамында екі бірдей объект, екі бірдей әрекет және кінәнің екі бірдей нысаны болады. Мысалы: Шабуыл жасап тонау кезінде қиянат жасаушы екі бірдей объектіге қол сұғады (меншік және адамның денсаулығы) . Кінәнің екі бірдей нысаны арқылы жасалынған қылмыс деп кінәлінің қылмыстық іс-әрекетті қасақана жасауы бірақ одан түсетін зардаптарға абайсыздықпен қарауын айтамыз.
Қылмыс құрамын олардың құрылымына қарай бөлудің тәжірбиелік маңызы зор.
Осы құрылымына байланысты қылмыс құрамы материалды, формалды, қысқартылған қылмыс құрамы болып үшке бөлінеді:
Жасалынған қылмыстық іс-әрекеттің салдарынан заңда көрсетілген белгілері бір зардаптың түсуін қажет ететін қылмыс құрамы, материалды қылмыс құрамы деп аталады. Демек, мұндай қылмыс құрамы қылмыстының іс-әрекетті жасалған кезде емес, содан белгілі бір зардап түскен уақытта аяқталған болып табылады. Мысалы: қызмет әкімшілігін теріс пайдалану.
Формалды қылмыс құрамы деп, жасалынған қылмыстық іс-әрекеттен, әрекетсіздіктен белгілі бір зардаптың түсуін қажет етпейтін құрамды айтамыз.
Мұндай құрамдағы қылмыстар белгілі бір зардаптық түскен-түскенін қажет етпей-ақ жасалынған қылмыстық іс-әрекет болса болғаны аяқталған қылмыс болып табылады. Мысалы: пара беру. Пара қандай түрде берілсе де оның келтірілген зардаптарына қарамай-ақ ол аяқталған болып табылады.
Кейде заң шығарушы қылмыстық аяқталу кезеңінен қылмыстық іс-әрекеттің алдын ала жасалу сатыларының біріне ауыстырады. Мұндай қылмыс құрамының құрылымы қысқартылған қылмыс құрамы деп аталады. Мысалы: Бандитизм. (237) . Заң бойынша бұл қылмыс аяқталған болып банда ұйыымдасқан кезең болып есептеледі:
Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Қылмысты дәрежелеу деп қылмыс жасаған адамның әрекетін немесе әрекетсіздігін қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің, кейбір жағдайда жалпы бөлімінің нормалары бойынша толық құрамының белгілерін анықтау болып табылады.
Жасалынған қылмыстың шынайы жағдайларын дәл және толығымен анықтау - бұл қылмыспен дұрыс дәрежелеудің негізгі талабы.
Қылмыстық іс-әрекетті дұрыс дәрежелеу қылмыстық құқық қағидаларын сонымен қатар заңдылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, ол қылмысты дұрыс дәрежелеу әділділік қағидасын бұзады, демек, кінәлінің жауаптылығы дұрыс көздемейді.
Әділділік, жазаның мақсаты тек қылмысты дұрыс дәрежелеуге ғана нәтижеге жетеді. Қылмысты дәрежелегенде қателесу ауыр зардаптарға әкелеп соғады (негізгісіз ауыр жаза тағайындау ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру) .
Мысалы: кінәлі адам өзінің жеке бас араздықтарына байланысты бір адамға жеңіл түрде дене жарақатын салды, ал оның істеген іс-әрекетін бұзақалық үшін қате дәрежелеген болсақ, онда кінәлі адамға үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалады, ал денсаулыққа қасақана жеңіл түрде зиян келтіргені үшін бір жылға дейін мерзімге түзеу жұмыстарына не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
Қылмысты дұрыс дәрежелеу қылмысты жасаған адамның құқықтарының сақталуына кепілдік береді.
Қылмысты дұрыс дәрежелеу дегеніміз - бұл қоғамға қауіпті іс-әрекетті қамтитын қылмыстық заңды толық қолдану және қылмысқа дұрыс қылмыстық - құқықтық баға беру.
Қайсібір әрекеті дұрыс дәрежелеу үшін ең алдымен кінәлінің істеген әрекетімен толық және түрлі жағынан танысуға қажетті болатын барлық шын мәніндегі жағдайларды, кінәләнің кім екенімен және қылмыс істеген уақытындағы жағдайлармен толық танысу керек, өйткені қылмысты дәрежелеудің өзі кінәлінің істеген қоғамға қауіпті әрекеттерінің сипатына, кінәлінің жеке басына, оның қылмысты істегені үшін қылмыстық жауапқа тартылып отырған әрекетінің қандай жағдайда істелуіне байланысты. Қылмыстық әрекетті дәрежелеудің маңызы ерекше. Қандайда болмасын қылмыстық іс-әрекетке сәйкес қылмыс құрамын анықтау дәрежелеу жолымен жүзеге асады, онда соңғысы қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға, кінә тағу үшін, сотқа беру, жаза тағайындау, я болмаса қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату үшін құқықтық негіз болады. Барлық жағдайларда қылмысты дұрыс дәрежелеу дегеніміз соттардың, прокурорлық, тергеу және алдын ала анықтау органдарының жұмыстарының заңдылығын сақтау болып табылады.
Қылмыс объектісі туралы түсінік және оның мәні
Қылмысты іс-әрекет жасаушының қиянаты бағытталған, қылмыстың салдарынан зиян шеккен немесе шегуі мүмкін нәрсе қылмыс объектісі болып табылады.
Қылмыс объектісінің заңды тізімі ҚР Қылмыстық кодексінің 2- бабының 1-ші бөлігінде көрсетілген. Олар адам мен азаматтық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп, қоршаған орта. ҚР-н конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделері және бейбітшілік пен азамат қауіпсіздігі.
Кеңестік заң әдебиеттерінде қылмыс объектісі, әдетте, қылмысты қиянаттан қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастар ретінде айқындалып келді. Ал қоғамдық қатынастар ретінде біз адамдар арасындағы бірлесіп атқарған әрекетті немесе өзара араласудың нәтижесінде пайда болған, құқықтың және моральдық нормалармен бекітілген қатынастарды түсініп келдік. Көпшілік жағдайларда қылмыс объектісін кейбір қоғамдық қатынастар ретінде пайымдау орынды да, мысалы, бұған ұрлау, тонау немесе басқа да бөтеннің мүлкін талан-таражға салу кезіндегі меншікке қатынастың қылмыс объектісі деп танылуын жатқызуға болады.
Бұл жағдайда, шынында да қылмыс объектісі ретінде ұрланатын мүліктің тікелей өзі емес оған ешқандай келтірілмеуі де мүмкін, меншік құқығынан туындайтын қатынастар танылады.
Кейбір жағдайларда қылмыс объектісін қоғамдық қатынастар ретінде тұжырымдайтын бұл теория «іске аспай» қалды, бұл әсіресе, жеке адамдарға қарсы жасалатын қылмыстарға, соның ішінде кісі өлтіруге өте қытысты, адамның маңыздылығы туралы оны «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» деген марксистік тұрғыдан түсініп келгендіктен, кеңестік қылмыстық заң ғылымында кісі өлтіру объектісі адам өмірінің өзі емес, тек қана қоғамдық қатынастар жиынтығы деген түсінік орын алып келеді. Р. Нерингтің құқық жөніндегі анықтамасына сүйене отырып, неміс криминалисті Ф. Лист қылмыс объектісін құқық пен қорғалған өмірлік мүдде деп түйіндеген. Революцияға дейінгі Ресейдің қылмыстық құқық ғылымының ең ірі өкілі Н. С. Таганцев та бұл көзқарасқа жақын тұрған. Оның анықтауынша, қылмыс нормамен қорғалатын өмір мүддесіне қиянат жасайтын іс-әрекет және ол мүдденің белгілі бір елде, белгілі бір кезеңде маңызды деп саналатындығы соншалықты, тіпті мемлекеттің өзі қиянат жасаушыны жазамен қорқытады. Қылмыстық объектіні анықтау барысында оны қылмыскер арқылы қылмыстық-құқықтық норманың бұзылуы деп қана қарастыратын тар нормативті тұрғыны өзгертуге де Таганцевтің еңбегі зор. Қылмыстық объектіні мұндай тұрғыдан қарастыру классикалық қылмыстық құқық көлемінде өткен ғасырдың орта шенінде ойлап шығарылған нормативті теорияға тән.
Кейбір мүдделерді қылмыс объектілерінің қатарына қосуымыз бұл мүдделердің тек қана қылмыстық құқықтық қорғаудың объектілері екендігінен емес. Бірдей объектілер құқықтың әр түрлі саласының нормаларымен қорғалатындығы жиі кездеседі. Мысалы: меншіктік қатынастар ең алдымен азаматтық-құқықтық нормалары арқылы қорғалып, реттеліп отырады. Ал бұл объектілерге аса қауіпті қиянат төнгенде ұрлау, тонау, алаяқтық жасау, шабуыл жасап тонау, қорқытып алушылық немесе басқа әдіспен мүлікті талан-таражға салу оларды қылмыстық-құқық өз қорғауына алады.
Меншікке қарсы бағытталған қиянат аса қауіпті болмаған жағдайда ол азаматтық құқықтың нормаларымен қорғалады. Мысалы: (Қарыз ақшаны қайтару) . Белгілі бір мүдделерді қылмыстық құқықтармен қорғалатындардың қатарына жатқызу бұл мүдделерге жасалған қиянаттың кез келген түрі қылмыстық жазаға тартылады деген сөз емес. Олардың қатарына, қылмыстық заңда қарастырылғандай, бұл объектілерге жасалған ең қауіпті қиянаттар ғана жатады.
Қазақстан Республикасының жаңадан шыққан Қылмыстық кодексінде қылмыстық-құқықтық қорғау объектілерінің иерархиясы мен олардың салыстырмалы құндылығы бағалауда өзгерістер бар екендігін айтып өту керек. Қазақ КСР-нің 1959 ж. Қылмыстық кодексінде ең басты мәселе ретінде алдымен мемлекет мүддесі, тек содан кейін ғана жеке бастың мүддесі мен қоғамдық мүдделер қарастырылатын.
Адам бостандығы мен негізгі құқықтары ешбір ескертілмеген, мемлекеттік билік органдарының тарапынан жеке бастың барлық мүдделеріне, қоғам өміріндегі барлық өзгерістерге түгелдей дерлік бақылау орнатылған.
Қылмыс объектілерін анықтаудың қылмыстық іс-әрекетті саралаудағы маңызы үлкен.
Жасалынған қылмыс объектісін дұрыс анықтау қылмыстық іс-әрекетті дұрыс саралауға мүмкіндік береді.
Қылмыс объектілерінің түрлері
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісінің ролі мен маңызына терең талдау жасау үшін, қылмыс объектілерін, әдетте, жалпы, тектік және тікелей деп ажыратуға болады. Қылмыстың жалпы объектісі ретінде қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң арқылы қорғалатын мүдделер жиынтығы айтылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-ші бабы 1-ші бөлігіне сәйкес бұл адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы және бейбітшілік пен азамат қауіпсіздігі. Бұл объектілердің ерекшелігі сол, кез келген қылмыс, бір жағынан, тек осы объектілерге қиянат көрсету мүмкін, ал екінші жағынан - қылмыстың кез келгені бұл объектілердің біреуіне ғана қиянат көрсете алады, себебі жалпы объект дегеніміздің өзі қылмыстық заңмен қорғалатын объектілердің жиынтығы.
Объектіге қол сұғушылықты одан әрі айқындау қылмыстардың меншік және тікелей объектілері бойынша іске асырлады.
Тектік объект - бұл жалпы объекттің бөлігі. Ол бұрынғы қылмыстардың тобы қиянат жасайтын бір текті мүдделердің тобын құрайды. Тектік объект Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің жүйесін құрастыруда маңызы зор. Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің құрылыс жүйесі негізіне қылмыстардың меншік объектісі қойылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz