Үш айқас туралы толғау
Үш айқас туралы толғау
Біз соғысты көргеміз жоқ. Ол жөнінде жазуға хақымыз да жоқ шығар.
Бірақ оның алдындағы үрейлі түйсік деңгейінде, қан арқылы жадымызда.
Расында барша адамзат тарихы – соғыс пен бейбітшіліктің, өмір мен өлімнің,
жарық пен қараңғылық күресінің бітпес шежіресі іспетті. Тарихшылар соңғы
бес жарым мың жылдың ішінде жердің түкпір-түкпірінде 15 мыңға жуық ірілі-
ұсақты соғыс өртінің тұтанғанын айтады. Соның салдарынан 3,5 миллиардтан
астам адам көз жұмған екен. Алайда соның бірде-біреуі ауқымы мен адам
шығыны, рухани һәм әлеуметтік-экономикалық салдары жағынан екінші
дүниежүзілік соғыспен теңесе алмайды. ХХ ғасырдың ең бір қанды қасірет,
ауыр нәубетті кезеңі қайсы десек, ол екінші жаһан соғы дер едік. Себебі,
оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысып, соғыс майданына 61 мемлекет
тартылды. Ол елдердің арасында кешегі көп ұлттан тұратын полиэтносты
зертхана Кеңес Одағы атты алпауыт елдің орны алабөтен еді.
Сол тұстағы КСРО үшін бұл Ұлы Отан соғысы болды. Тәкаппар уақыттың көш
керуені жылжыған сайын әлем жұртшылығы бұл соғыс туралы әрқилы пікір айтып,
өз қал-қадерінше саралайды. Біреулері жақтайды, біреулері даттайды
дегендей. Кім қалай десе де Кеңестер Одағы бақайшағына дейін қаруланған
фашистік Германияны тізе бүктіріп, тек өздерін ғана емес, бүкіл әлемді
құлдық бұғаудан құтқарып қалды. Соғыстың қанды қасабында ресми санақ
бойынша 50 миллион адам опат болды. Бір адамның өлімі – қасірет болса,
миллиондаған адамның өлімі – статистика деген нақыл бар. Қолдағы бар санақ
мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан жұршылығы 1418 күн мен түнге созылған
аласапыранда 600 мыңнан астам боздағынан айырылыпты. Оның 153 мыңы қазақ
ұлтының өкілдері. Адам шығыны жөнінен Қазақстан соғыс өртінің ошағына
айналған Ресей, Украина, Белоруссия секілді елдерден кейін тұрады. Біле
білсек, бұл өте қайғылы арифметика. Санақ мәліметтер толыққанды берілген
десек, шындықты белден басқанымыз болар. Қу медиенде аң-құсқа жем болып,
беймәлім жерге көмілген боздақтар қанша?! Бір Аллаға аян!
Мыңдаған арысымыз мезгілсіз опат болған сұрапыл сойқан хақында,
Қазақстан жауынгерлерінің ондағы көрсеткен ерлігі жөнінде бір кітап сөресін
толтырарлық дүние жазылған болар. Дей тұрғанмен, Отан деген ұғымға бір
кездердегі Кеңес Одағын ортақтастырсақ та, бүгінгі Қазақстанға Ұлы Отан
соғысының ешқандай қатысы жоқтай, мұрын шүйіре шыр айналатындардың да
табылатынын жасыра алмаймыз.
Туған елден жырақта, от пен оқтың ортасында өмір мен өлім арпалысында
фашистік жендеттерді бір адым ілгері аттатпай, оқ тескен кеудесімен жат
жердің топырағын құшып, мәңгілік тосқауыл боп қалған қазақстандық
боздақтардың Отан үшін! деп өлгенін қалай ұмытармыз. Қанды қырғынның қызу
жолын кешіп келген, тәні түгіл жаны жаралы жауынгерлер, көптеген бауырлар
қорымында жатқан аруақтардың үзілмес рухы ұмытыла қояр ма екен... Әрине
ұмытылмайды.
Ұлы Отан соғысы деген атауға ие болып, қасіретті һәм қаралы
тарихымызға айналып, санамызға сіңген қанды майданның аяқталғанына 62 жыл
толды. Бүгінгі бейбіт күніміздің сән-салтанаты сол соғыс жылдары мезгілсіз
жоғалған жастың, қыршын үзілген ғұмырдың ерлігінің нәтижесі екендігі әмбеге
мәлім.
Орайы келіп тұрғанда төл әдебиеттануымыздың еңбек торысы атанған
ғалым, сарабдал сынның сардары, кәнігі аудармашы, көрнекті жазушы Белгібай
Шалабаевтың сол соғыстан небір қиян-кескі ұрыстарды бастан кешірген
оқиғаларды ортаға сала кетсек дейміз. Белгібай Шалабаевтың есімі ол күндері
де, бұл күндері бүтін елімізге жақсы таныс. Әсіресе, әдебиет сүйер қауымның
құлағына тосын естіле қоймас. Еңбек торысы атанған ол ұлы жазушы Ғабит
Мүсіреповтің бір кездері сүйіспеншілікпен атап көрсеткен Алыптар тобының
ізін өкшелеп басқан отандық әдебиеттанудың іргетасын қаласқан Бейсембай
Кенжебаев, Мұхамеджан Қаратаев, Есмағамбет Ысмайылов, Айқын Нұрқатов,
Темірғали Нұртазин тәрізді сонау 30-шы жылдардан бастап әдебиетке аса бір
құштарлықпен белсене араласып, бар білімі мен тума талантын жастарды
тәрбиелеу мен әдебиетті сүбелі дамытуға қалтқысыз арнауды мақсат етті.
Белағаңның алғашқы ғылыми қыруар қызметі, қадау-қадау зерттеу қадамдары
кешегі сұм соғыстың нағыз жан беріп, жан алысқан 40-шы жылдардың басына дөп
келіпті. Ол жөнінде жазушы Үш айқас атты естелігінде былайша ағынан
жарылыпты: Ойыма өткен жолым елестегендей: есіме түскені әкем өліп, жетім
қалып, балалар үйінде тәрбиеленгендігім, алдымен пионер, комсомол болып,
онан кейін институт, аспирантура, КазПИ мен КазГУ, оларда қазақ әдебиеті
тарихынан сабақ бергенім, өлең, очерк, фельетон, повесть, әңгіме, әдеби
сын, диссертация жазғаным. Бірақ оны қорғағам жоқ, себебі Отанға қауіп
төнді. Майданға аттану керек болды.
Иә, солай, жауды жеңуге безенген жалғыз мен бе, барлық совет халқы еді
ғой. Халқымыздың бейқұт өңірі, бейбіт өмірі үшін шыбындай жанын шүберекке
түйіп, қасықтай қанын төгуге әзір болған Белағаң отыз жасында қаламын
қаруға айырбастап, Отанын гитлершілдерден қорғауға аттанады. Одан бұрын
1937 жылы Ленинградтағы философия, әдебиет және тарих институтының (ИФЛИ)
әдебиет және лингвистика бөлімі аспирантурасын ойдағыдай тәмандағасын,
Алматыға қайта оралып, Қазақтың коммунистік журналистика институтының және
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті
кафедраларының меңгерушісі, Абай атындағы педегогикалық институтының
филология факультетінің деканы болып, болашақ журналист, тілші,
әдебиетшілерге қазақ кеңес әдебиеті тарихынан тартымды, тыңғылықты
лекциялар оқиды. Кейін соғыс бітісімен университетпен қайта қауышып,
филология ғылымының докторы, профессоры жазушы, журналист, педагог
кадрларын даярлауда пәрменді үлес қосып, мол септігін тигізеді.
1942 жылы партия қатарына өтеді. Қан майданда саяси жетекші, батальон
комиссары, полк үгітшісі, дивизия партия комиссиясының мүшесі ретінде туған
жердің азаттығы үшін от пен өрттің арасында өлімге бас тігіп жауынгерлік
өмір кешті. Белағаңның осындай бір батыр тұлғасы 1944 жылы 30 мамырда
Казахстанская правда газетінде жарияланған қос орденді капитан
В.Белуниннің – Учёный-воин атты очеркінде аса бір жүрекжарды құрметпен
сомдалған. Сонау Ржевтен, Оршаның Белорус майданына дейінгі өлім жолында
талай фашистің көзін жойып, Батыс майданының 33-армиясына қатысты, 742-
атқыштар полкының құрамында жауға қарсы шабуылға қатысып, жауды бекіністен
қуып шығарады.
Фашистерді өкшелей қуып келеміз. Совет жауынгерлерінің тегеуіріне
шыдай алмаған гитлершілдер қалың қарағайлы ну орманға қарай жөңкіле қашуда.
“Алға, партия солдаттары! Жойыңдар фашист құзғындарын!” деп, жауынгерлерге
командир Белгібай Шалабаев ұран тастады. Өз командирінің айбынды дауысынан
қуат, жігер алған жауынгерлер қашып бара жатқан жауды жаңбырдай жауған
қалың оқ астына алды. Орманға жетпей-ақ фашистердің күл-талқаны шықты”.
Капитан В.Белунин мұнан әрі қарай өжет командир Белгібай Шалабаевтың
жауынгерлік тар жол, тайғақ кешуін толық баяндай түседі.
Сөз қисыны келгенде Белағаңның өз шәкірттерінің бірі бүгінде айтулы
ақын, ұшқыр публицист-журналист Қорғанбек Аманжоловтың Белағаң жөніндегі
мына бір қызылықты оқиғасын тарата айтуды жөн көрдік.
Батальон жауынгерлермен тұңғыш танысқалы келген комиссар Б.Шалабаев
жауынгерлердің алдына шығып өзін таныстырып өтеді. Әңгіме барысында: “Аты-
жөнім: Белгібай Шалабаев, Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Далба (№5
ауыл – А.Қ.) елді-мекенінің тумасымын. Жоғары білімді Алматыда алып,
Ленинград аспирантурасында жетілдірдім, соғыс аяқталғасын диссертация
қорғайтын жайым бар. Жасым отызда, ұлтым қазақ” ,– деп бітірді.
Жауынгерлердің дені орыс пен белорустар болса керек. Жолдас Б. Шалабаевтың
соңғы “резюмесіне” түсінбей аң-таң қалыпты.
– Ұлтыңыз кім?, – дедіңіз.
– Ұлтым – қазақ,– деп үш дүркін қайталайды.
– Қазақ?! Ол қай ұлт? – дегенді түсінсем бұйырмастың сыңайын танытқан
орыстардың сұрақтары жан-жақтан естіледі.
Міне қызық, кигіз туырлықты қазекеңнің кім екенін білмеген мұндай
қайрандардың таңдай қақтыру, Белағаңның үш ұйықтаса түсіне де кірмейтін,
мүлдем ақылға сыймайтын ғажап парадокс жағдайға соқтырса неғайбыл. Не дерін
білмей қалды. Біраздан соң намыстанып:
– Сіздер Абайды білесіздер ме? – деп өзі сұрай бастайды.
– Жоқ, білмейміз.
– Ал, Ыбырай, Шоқан Уәлихановтар жөнінде естулеріңіз бар ма?
– Өкінішке орай, олардың да бірінші рет естіп тұрмыз.
Мынау шатақ болды ғой, енді кімді сұрасам екен?.. деп, тағы бір сәт
үнсіз қалды. Дәл осы мезетте Жамбылдың “Ленинградтық өрендерім” өлеңі еске
түседі. Жамбылдың бұл өлеңін бәрі біледі ғой, білмеуі мүмкін емес. Енді
таптым:
– Жамбылды білетін шығарсыңдар? – деп соңғы күдерін үзбей қайта
сұрайды.
– Әрине, білеміз. Оның “Ленинградтық өрендерін” көбіміз жатқа да
айтамыз.
– Бәрекелді! Олай болса міне, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz