Үстеме шығындар есебінің негізі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Үстеме шығындар есебінің негізі.

1. Шығындар есебінің жалпы сипаттамасы.

2. Үстемелі шығындардың есебі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

1. Шығындар есебінің жалпы сипаттамасы.

Шығын - тауарға және жұмысқа төленетін ақша.

« Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субьектінің балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар » - бұл Г. М. Лисович пен И. Ю. Ткаченконың шығынға берген түсініктемелері. Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның басқалай да трактовкасы ( түсіндірулері ) кездеседі. Мәселен, проффессор Ч. Т. Хорнгерн, Дж. Фостер келесідей түрде тұжырымдайды: « Шығындар - тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар ( ақшалар ) ». Тура осындай мазмұндағы анықтаманы кейінірек проф. А. Д. Шеремет және басқа да авторлар берді. Бұл ұғымдардан «шығындар» тұжырымдамасының абстрактілі екені көрінеді. Сондықтан да осы күнге дейін экономикалық әдебиеттерде шығынның анықтамасы бойынша көзқарастардың біртұтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде ұқсастығына байланысты «шығындар», «шығыстар», «жұмсалған қаражат» бірдей деп теңдестіріледі және «өндіріс шығындары» немесе «өндіріске жұмсалған шығын» терминдері бір мағынада қолданылады. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға байланысты түрлі мәеге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы ғана емес. Шығын факторы - шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады.

Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек. Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз - шешімдердің типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу обьектілерін таңдау. Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса, кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоұ екенін ескеруі тиіс. Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады.

  1. Құрамы бойынша:

Нақтылай.

Жоспарлы немесе болжамды.

  1. Өндірістің көлеміне байланысты:

Ауыспалы.

Тұрақты, т. б.

  1. Орташаландыру дәрежесі бойынша:

Жалпы.

Орташа.

  1. Басқару тәсілдері бойынша:

Өндірістік.

Коммерциялық.

Әкімшілік.

  1. Өзіндік құнға кіргізу әдісі бойынша:

Тікелей.

Жанама.

6. Пайда түскен кезеңге шығындарды реттеу және жинақтау.

Өнімге.

Кезеңге.

«Шығындар» ұғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты активтердің азаюы ( материалдар, ақшалай қаражаттар ) немесе міндеттемелердің артуы ( кретиторлық қарыз ) енеді. «Шығындар» мен «шығыстар» ұғымдарын толығымен ұқсас деуге болмайды. Қаржы саласындағы стандарттары бойынша «Шығыстар» - есепті кезеңде активтерді пайдалану немесе есептен шығару жағдайында табыстың азаюы, сондай-ақ капиталдың кемуіне әкелетін және соған сәйкес қосымша міндеттемелердің пайда болуы.

«Шығындардың» мәнін жеткілікті түсіну үшін, оны үш жақты қарастыру керек. Біріншіден, шығындар анықталады.

Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу жайын (мақсатын) салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақшалай (кейде натуралды не материалды емес) көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. «Шығындарды» есепте көрсету соңғы өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде «өздерін түрліше алып жүреді», ал жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын - пропорционалды, прогрессивті немесе дегрессивті түрде көрінеді. «Шығынның» мұндай әрекетін көре тұра шетелдік әдебиеттерде, теориялық еңбектерде «шығынның әрекеті (қылығы) » деген термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы (қарқыны) туралы айту қабылданғанмен, «шығынның әрекеті (қылығы) » термині тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін өте ауқымды ұғым болып табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің деңгейлеріне тәуелді «шығындардың әрекеті (қылығы) » қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды роль атқарады. Сондықтан шығынға қарап бюджетті жоспарлағанда келесідей мәселелер туады:

  • Келесі жылға өндірістік қызметтің қандай түрін жоспарлау керек?
  • Сатылатын тауарлардың көлемінің өсуіне байланысты сату бағасын азайту керек пе?
  • Өнімді сатумен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қандай нысанда болуы керек: комиссиондық сыйақы, жалақы немесе олардың комбинациялары?
  • Өнім шығарудың мөлшерін арттыру үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алу керек пе?

Мұндай құбылыстарды (обьектілерді) ұғыну үшін осы немесе басқа белгілері бойынша шығындарды топтастыру жүргізіледі. Объектілерді жіктеу (классификациялау) белгілері көп болған сайын оның зерттелу деңгейі де жоғары болады. Бұл өз кезегінде объектінің басқарушылық деңгейін арттырады.

Есептік ақпараттарды жіктеу схемасының көптігіне байланысты эталон ретінде олардың қандай да бір түрін бөліп алу қиындық туғызады, өйткені классификациялау схемасы ақпараттың арналымына (мақсатына) тәуелді. Сондықтан шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізде жіктеудің үлкен мағыналық мәні бар. (1-кесте)

1. Кесте.

Топтастырылатын белгілеріне байланысты жасалатын шығындар жіктемесі ( классификациясы ) .

Жіктеу белгілері
Шығын түрлері
№: 1
Жіктеу белгілері: Мазмұны (айналымы) бойынша
Шығын түрлері: Негізгі және үстеме
№: 2
Жіктеу белгілері: Өнімнің өзіндік құнына енгізу (қосылу) әдісі бойынша
Шығын түрлері: Тікелей және жанама
№: 3
Жіктеу белгілері: Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатысы бойынша
Шығын түрлері: Айнымалы және тұрақты

Осылардан басқа бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру үшін басқарушы есебінде реттелетін және реттелмейтін шығындар тобы да ажыратылып көрсетіледі.

2. Үстемелі шығындардың есебі

Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастарымен байланысты шыңыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.

Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:

  • кешендік сипаты - шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады.
  • екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір буйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.
Қатар р/с
Шығындар баптарының атауы
Қатар р/с: А. Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша
Қатар р/с: 1
Шығындар баптарының атауы: Өндіріс жабдықтары мен көлік (танспорт) құралдарының амортизациясы
Қатар р/с: 2
Шығындар баптарының атауы: Жөндеу қорына қаржы бөлу немесе өндіріс жабдықтары мен көлік құралдарын жөндеу жөніндегі шығындар
Қатар р/с: 3
Шығындар баптарының атауы: Жабдықтар мен көлік құралдарын пайдалану жөніндегі шығындар
Қатар р/с: 4
Шығындар баптарының атауы: Аспаптар мен ыңғайластырылған құрылғыларды (тетіктерді) жөндеу және қалпына келтіру
Қатар р/с: 5
Шығындар баптарының атауы: Құрал-жабдықтармен байланысты басқа да шығыстар
Қатар р/с: Б. Үстеме шығыстары
Қатар р/с: 6
Шығындар баптарының атауы: Өндірісті шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен қамтамасз ету бойынша шығындары
Қатар р/с: 7
Шығындар баптарының атауы: Цех аппараттарын ұстау, еңбек ақыдан аударылатын аударымда қоса алғанда
Қатар р/с: 8
Шығындар баптарының атауы: Ғимараттардың, қондырғылардың, және басқа да мүліктердің амотризациясы
Қатар р/с: 9
Шығындар баптарының атауы: Ғимараттардың, қондырғылардың жөндеу қорына аударымдар жасау немесе оларды жөндеу бойынша шығындары
Қатар р/с: 10
Шығындар баптарының атауы: Ғимараттарды, қондырғыларды, инвентарларды күтіп ұстау шығындары
Қатар р/с: 11
Шығындар баптарының атауы: Сынақтар, тәжірибелер, зерттеулер жүргізу жөніндегі шығындар
Қатар р/с: 12
Шығындар баптарының атауы: Рационализаторлық пен өнертапқыштық жөніндегі шығындар
Қатар р/с: 13
Шығындар баптарының атауы: Цехтар қызметкерлерінің еңбегңн қорғау: қауіпсіздік техникасының құралдарын күтіп ұстау, пайдалану және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындарды; желдеткіш күтіп ұстау және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындары; санитарлық тұрмыстық құрылғыларды күтіп ұстауға арналған шығындары; арнаулы киім мен бейтараптандырушы (нейтралиттеуші) құрылғыларға арналған шығындарды; еңбекті қорғау жөніндегі басқа да шығындарды
Қатар р/с: 14
Шығындар баптарының атауы: Басқа да үстеме шығындары (өндіріс құралдары үшін жалға ақы төлеу іс сапар шығыстары, берілген кепілдіктер үшін қызмет көрсету шығындары және өнім өндіру бойынша құрал-жабдықтарды жөндеу)
Қатар р/с: 15
Шығындар баптарының атауы: Өнімсіз шығындардың барлығы, оның ішінде: ішкі өндірістік себептері бойынша тоқтап қалудан болған шығындарды, цехтарда сақтау кезінде материалдық игіліктердің бүлінуінен болған шығындарды; табиғи кему нормаларының шегінде материалдық игіліктердің жетіспеуінен және аяқталмаған өндірістен болған шығындары; басқада өнімсіз шығындарды

*Техника және т. б. ерекшеліктеріне қарап, үстеме шығыстарына өзгерістер енгізлуі мүмкін.

Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес көрініс табады:

  • өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады. ;
  • тікелей материал шығыстарына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;
  • өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттың салмағына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) тартылады
  • цех құнына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, қара металлургияда немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп ( пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) тартылады
  • алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффиценттері бойынша таратылады;
  • басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс сағатына және т. б. )

93 - «Үстеме шығындар» бөлімшесі мынадай шоттардан тұрады:

930 - «Үстеме шығындар» онда транзиттік әрі бір элементтік шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;

931 - «Материалдар» - үстеме шығындардағы материалдардың барлық түрлерін есепке алу үшін арналған;

932 - «Қызметкерлердің еңбегін еңбек ақы төлеу» - жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақының есепке алуға арналған;

933 - «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар» - 932-шотында есептелген еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке аударуға арналған;

934 - «Негізгі құралдардың жөндеу» - өндіріс қызметінде пайдаланылатын негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;

935 - «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» - өндіріс қызметінде пайдаланылатын материалдық емес активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;

936 - «Тұрғын - үй қызметі» - тұрғын-үй қызметінің барысында тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы ұйымдардан да көрсетілуі мүмкін;

937 - «Жал ақысы» - өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;

938 - «Басқа да» - әлеуметтік сфераға (аясына) негізгі және көмекші өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.

Үстеме шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі келесі номенклатуралық бап үлгілері бойынша жүреді.

Төменде 93- «Үстеме шығындар» бөлімшесінің шоттары бойынша жасалатын шоттардың корреспенденциясы келтірілген

р/с

Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы, теңге
Шоттар корреспонденциясы
Дебет
Кредит
№р/с:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: А. Негізгі және көмекші өндірістердің үстеме шығындарын есепке алу
Сомасы, теңге:
Шоттар корреспонденциясы:
№р/с: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Негізгі және көмекші цехтарының жалпы цехтық мұқтаждықтарына босаылған материалдар
Сомасы, теңге: 142
Шоттар корреспонденциясы: 931
201-206-208
№р/с: 2
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Цех қызметкерлерінің жалақысы есептелінді
Сомасы, теңге: 3
Шоттар корреспонденциясы: 932
681
№р/с: 3
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Еңбек ақыдан әлеуметтік салық есептелген (3-(10%жиынтық зейнетақы қорынаміндетті жарнасы) х21%
Сомасы, теңге: 56700
Шоттар корреспонденциясы: 933
634 «Әлеуметтік салық» субшоты
№р/с: 4
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Сыртқы ұйымдардың көмегімен негізгі құралдарды жөндеумен байланысты шығыстарды есептен шығарылды
Сомасы, теңге: 1206000
Шоттар корреспонденциясы: 934
671
№р/с: 5
Шаруашылық операцияларының мазмұны: өндірістік ағылымдардағы негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептелінеді
Сомасы, теңге: 1129360
Шоттар корреспонденциясы: 935
131-134
№р/с: 6
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Сыртқы ұйымдардың тұрғы-үйге көрсеткен қызметінің құнын есептеген шығарылды
Сомасы, теңге: 232000
Шоттар корреспонденциясы: 936
671
№р/с: 7
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Негізгі құралдардың ағымдағы жалғаға берілген жалға ақысының сомасы көрсетілді, ағымдағы кезеңге қатысты
Сомасы, теңге: 112000
Шоттар корреспонденциясы: 937
687, 342
№р/с: 8
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Сақтандырылған мүліктері бойынша сақтандыру төлемі есептелінеді
Сомасы, теңге: 178
Шоттар корреспонденциясы: 938
651
№р/с:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Жиыны
Сомасы, теңге: 6236060
Шоттар корреспонденциясы:
№р/с:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Б. Шығымдауды жинақтаушы (шолушы) шотқа есептен шығу (930)
Сомасы, теңге:
Шоттар корреспонденциясы:
№р/с: 9
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Жинақтаушы (шолушы) шотқа есептен шығарылды

  • материалдық шығындары
  • еңбек ақы шығындары
  • еңбек ақыдан аударылған аударымдары
  • жөндеуге кеткен шығындары
  • тұрғын үй қызметіне кеткен шығындар
  • жалға бойынша жасалған шығындары
  • сақтандыру бойынша есептелінген шығындары
Сомасы, теңге:

142

3

56700

1206000

129360

232000

112000

178

Шоттар корреспонденциясы:

930

930

930

930

930

930

930

930

931

932

933

934

935

936

937

938

№р/с:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Жиыны
Сомасы, теңге: 6236060
Шоттар корреспонденциясы:
№р/с:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: В. Үстеме шығыстарын тарату
Сомасы, теңге:
Шоттар корреспонденциясы:
№р/с: 10
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Негізгі өндіріс
Сомасы, теңге: 4098448
Шоттар корреспонденциясы: 900
930
№р/с: 11
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Көмекші өндіріс
Сомасы, теңге: 2131635
Шоттар корреспонденциясы: 920
930
№р/с: 12
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Ақауды жөндеу бойынша кеткен шығындары
Сомасы, теңге: 5977
Шоттар корреспонденциясы: 950
930
№р/с:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Жиыны
Сомасы, теңге: 6236060
Шоттар корреспонденциясы:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның шығыны және оның формалары
Кәсіпорынның қызметіндегі шығындар және оны азайту жолдарын жетілдіру
Негізгі өндіріс шығындарының есебі
Дайын өнімнің есебі
Шығындар
Зиянсындық нүктесі
Өндіріс шығындарының түрлері және оларды есепке алу әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Шығындар есебінің негізі
Өндірістік және үстеме шығындар есебі
Негізгі өндіріс шығындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz