Ұзақ мерзімді салымдарды өтеу мерзімдері есебінің тәртібі


КІРІСПЕ
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады. Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талп ету салымы бойынша банктердің операциялары. Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:
- депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік операция -лар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;
- депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз етуі қажет;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының өтімділігінің жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше анзар аударған жөн;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияларға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек;
- депозиттерді тартуға әсер ететін банк қызметтерді дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн.
Ұзақ мерзімді салымдарды өтеу мерзімдері есебінің тәртібі
Салымшы депозиттік шотты ашпас бұрын, банк пен салымшы депозитті ашуға қатысты екі серіктес құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Банк салымшы арасындағы келісім - салымшы жарна енгізіп, банк өз кезегінде оған шот ашып, енгізілген сома туралы белгі қойылатын арнайы кітапшаны жүргізуіне негізделеді. Бұл кітапша клиентке жазба жасалған соң беріледі. Заңды түрде мұндай шартты қатынас қарызды білдіреді, ол бойынша клиент - кредитор , ал банк - дебитор болып табылады. Келісім жинақ шотына депозит салынған соң күшіне енеді.
Депозиттер тарту банк үшін маңызды міндет, сондай-ақ депозиттік операциялардың дұрыс бухгалтерлік есебін ұйымдастыру маңызды. Салым операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудағы міндет әр салым бойынша ақша қаржыларының дәл есебін қамтамасыз ету және банк мекемесінің қызметін басқару үшін қажетті ақпаратты алу. Бұл міндетті орындауға депозиттік операциялардың тиісті синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі. Аналитикалық есептің мәні нақты салымшы депозиттері, ал синтетикалық есептің мәні - депозиттердің анықталған түріне жататын депозиттер. Депозиттік салымдардың есебі үшін қолданылатын шоттар:
2211 - Клиенттердің талап ету бойынша салымдары;
2215 - Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары;
2217 - Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары;
2219 - Клиенттердің шартты салымдары;
2221 - Клиенттердің арнайы салымдары;
- Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың кепілдік салымдары;
2223 - Клиенттердің кепілдік-салымдары.
Барлық көрсетілген шоттар пассивті: кредиттік сальдо банктің клиент алдындағы берешегін білдіреді: айналым дебет бойынша бұрын қабылданған депозит сомасында берешекті өтеу және пайыздарды қосу; кредит бойынша пайыздарды есептеу және жаңадан қабылданған салымдар.
Депозиттерді кіріс құжаттары негізінде, қолма-қол ақша негізінде тарту кезінде шоттар корреспонденциясы құрылады:
Дт 1001 «Кассадағы нақты ақша»
Кт 2217 «Ұзақ мерзімді салым»
Депозиттор - заңды тұлғалардан ұзақ мерзімді салым қабылдау кезінде:
Дт 2203 «Клиенттердің есеп айырысу шоты»
Кт 2217 «Ұзақ мерзімді салым»
Басқа банктер қызмет көрсететін клиенттерден депозиттер тарту кезінде, тиісті ақша қаржылары корреспонденттік шоттар арқылы түседі. Бұл кезде келесі жазба жасалады:
Дт 1051 - 1052 «Корреспонденттік шоттар»
Кт 2211 - 2229 «Тартылған салымдар»
Депозиттер бойынша тартылған қаржыларды қайтару кезінде кері бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 2217 «Ұзақ мерзімді салым»
Кт 1001 «Кассадағы нақты ақша»
2203 «Клиенттердің ағымды шоттары»
1051 - 1052 «Корреспонденттік шоттар»
Банк тартылған ұзақ мерзімді салымды қайтармаған жағдайда мерзімі өткен депозиттер қатарына жатқызады және оған келесі өткізбе жасалады:
Дт 2217 «Ұзақ мерзімді салым»
Кт 2224 - 2226 «Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз»
Мерзімі өткен салымдар сомасын қайтарған кезде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:
Дт 2224 - 2226, 2226 «Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз»
Кт 1001 «Кассадағы нақты ақша»
2203 «Клиенттердің ағымды шоттары»
1051 - 1052 «Корреспонденттік шоттар».
Қарыздық пайыз - ақша қаражаттарын қарыздвқ құн үшін қарыз алуғашыға, сондай-ақ, ақша қаржыларын ақша, несие және қаржы нарықтарында орластырушы делдал-кредиторға (банкке) уақытша пайдалануға беруін білдіреді. Банктік пайыз өлшемі уақытша бос ақша қаржыларын орналастыружәне кіріс алу тәуекелдігімен байланысты, ақша және несие ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстар пайдп болатын сандық шек теуге ие.
Банк тартылған ақша қаражаттарына пайыздарды берешек қалдына есептеп, есептеу әдісіне сәйкес банк шығындарына жатқызады. Есептеу әдісіне, ағымды айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей, ағымды айда қосылған пайыздар, тартылған ақша қаржылары бойынша оның шығындарына жатқызылады. Пайыздарды есептеу келесі тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
- жай пайыздар формуласымен;
күрделі пайыздар формуласымен.
Банктердің тартылған қаржылары бойынша мына формулалар қолданылады:
- Жай пайыз формуласы:
S = P x ( 1 + I x t / K)
Мұнда:
I - жылдық пайыздық мөлшерлеме;
t - тартылған ақша қаржылары бойынша пайыз қосылатын күн саны;
K - күнтізбелік жылдағы күн саны;
P - тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы;
S - қайтарылуға жататын ақша қаржыларының бастапқы сомасы және оған қосылған пайыздарға тең.
- Күрделі пайыз формуласы:
S = P x ( 1 + I x j / K ) x n
Мұнда:
I - жылдық пайыздық мөлшерлеме;
j - банк қосылған пайыздарды капиталдандыруды жүргізетін кезеңдегі күнтізбелік күн саны;
K - күнтізбелік жылдағы күн саны;
n - ақша қаржыларынтартудың жалпы мерзімі ағымында қосылған пайыздарды капиталдандыру бойынша операциялар саны;
P - тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы;
S - қайтарылуға жататын ақша қаржыларының сомасы, тартылған ақша қаржылардың бастапқы сомасы және оған қосылған пайыздарға тең.
Банктің тартылған салымдары келесі топтарға бөлінеді:
- стандартты;
- күмәнді (1, 11, 111) ;
- үмітсіз.
Провизияның көлемін есептеу үшін «Депозиттер жіктемесі және ҚР-ң екінші деңгейлі банктерінің олар бойынша провизия құруы» кестесінде қолданады.
Депозиттер бойынша пайыздар есептеу келесі шоттарда жүргізіледі:
2720 «Клиенттердің талап ету салымдары бойынша есептелген шығыстар» 2721 «Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар»
Банктің сыйақы төлеуге байланысты бесінші сынып шоттарында есептеледі:
5211 «Клиенттердің талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
5215 «Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
5217 «Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
5219 «Клиенттердің шартты салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
5221 «Клиенттердің арнайы салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
5223 «Клиенттердің салым-кепілдіктері бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
5224 «Клиенттердің талап ету салымдары бойынша банктің мерзімі өткен берешегіне сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
5226 «Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша банктің мерзімі өткен берешегіне сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
Депозиттер бойынша сыйақыны есептеу кезінде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:
Дт 5221 - 5223 «Клиенттердің тартылған салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
Кт 2720 - 2721 «Клиенттердің салымдары бойынша есептелген шығындар»
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz