Ф. Кенэнің экономикалық көзқарастары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ф.Кенэнің экономикалық көзқарастары

Физиократтар мектебінің негізін салушы Ф.Кенэ 1694 жылы Версаль
қаласының маңында кедей шаруа отбасында дүниеге келді. Жас кезінен бастап
медицинамен әуестенеді, кейін осы сала бойынша білім алып шығады. Латын,
грек тілдерін таза меңгереді. Мамандығы дәрігер бола тұра Кенэ философиямен
де шүғылданады. Табиғат заңдарын зерттей отырып ол айырбастың тек табиғатта
емес қоғамда да баламалылық (эквивалентті) принципі негізінде болатынын
байқайды. Оның осы идеясы экономикалық зерттеулерінде көп септігін
тигізеді.
Кенэ экономист ретінде жас шамасы 60-қа жақындағанда қалыптасты.
Дидроның көмегімен Энциклопедияны шығаруға қатынасуы Кенэнің өмірінде
елеулі роль атқарды. Энциклопедия үшін ол 1756-1757 жж. сол кездегі ауыл
шаруашылығының жағдайы туралы "Фермерлер", "Дән", "Тұрғындар", "Салықтар"
сияқты бірнеше мақалалар жариялайды. Кенэ бұл мақалаларында ауыл
шаруашылығы өндірісін жүргізу мен ұйымдастыру тәсілдерін қайта құруға,
әлсіз натуралды шаруашылықтан нарыққа бағдарланған ірі фермерлік
шаруашылыққа көшу қажеттілігін көрсетеді. Өндіріс шығындары мен еңбек
шығындары үлт байлығын көбейте және жаңарта алғанда ғана мемлекет үшін
тиімді",-дейді Кенэ.
Кенэ алғашқы рет "таза өнімді" есептеудің жолын және ол өнімнің ауыл
шаруашылығында өндірілетінін көрсетті. Ол өндіріс
шығындарын есептей отырып өндірілген өнімнің құны мен басқа да шығындардың
айырмасы таза өнім екендігін анықтады. Сонымен бірге ол таза өнімді
иеленуші класстан табыс салығын алу туралы идеяны үсынушы. Ағылшынның
классикалық буржуазиялық саяси экономиясынан айырмашылығы Кенэ ең бірінші
кезекте өнеркәсіп өндірісін, соның ішінде ауыл шаруашылығын талдады әрі бұл
саланы өнімді саланың жалғыз түріне жатқызды. Меркантилистерден
айырмашылығы ол ақшаны байлық көзіне жатқызбады, оны айырбастың делдалы
ретінде түсінді. Ақшаның қорланып қорға айналуына қарсы болды, капиталдың
алғашқы қорлануы, сауда мен сауда капиталының ролін, ірі капиталдың
қалыптасуы мен өнеркәсіп мануфактурасының мәнісін түсіне алмады. Ол қоғам
байлығын көбейтудің тиімді әдісін материалдық өндіріспен байланыстырды,
соның ішінде тек қана осы ауыл шаруашылығы өндірісі жасайды деген пікірді
ұстады.
Кенэ меркантилистердің саясатына қарсы "Тұрғындар", "Сауда турапы"
шығармаларында сауданы сынайды, ол үшін жүргізіліп отырған тонаушылық соғыс
саясатына қарсы шығады. Мұның орнына олар айырбас тепе-теңділігінің идеясын
ұсынады. "Нарықтық бағаны құрайтын негізгі себептер тауарлардың сиректігі
немесе артықшылығы, сатушылар мен сатып алушылардың азды-кепті
бәсекелестігі",-дейді Кенэ. Әрине Кенэ құн заңының негізі мен маңызы туралы
түсінікке жақын келмегенімен, олардың айырбас тепе-теңділігі туралы идеясы
бүкіл физиократтық жүйенің ажырамас бөлігіне айналды.
Физиократтардың теориялық ілімінің негізінде "табиғи тәртіптілік"
жатыр. "Табиғи тәртіп орнататын нақты заңдар адамзат үшін пайдалы, олар
адамның табиғи құқығын дәл анықтайды, олар мәңгі әрі тұрақты, бұлардан
басқа қандай заңдар болуы мүмкін" -дейді Ф.Кенэ. Ол сонымен қатар
"Адамдардың табиғи құқығы шамамен адамның өзінің пайдалануына жарайтын
заттарына деген құқығымен-анықталуы мүмкін" деген пікірді де айтады.Бұдан
туындайтыны физиократтар қоғамды тірі организм, ал экономикалық өмірді ішкі
заңдылықтарға толы табиғи процесс түрінде қарастырды.
Физиократтардың экономикалық теориясында маңызды орындардың бірін
"таза өнім" немесе "қосымша өнім" туралы ілім алады. Меркантилистерден
олардың айырмашылығы "таза өнімнің " айналыс саласында емес, материалдық
өндіріс
саласында жасалатындығына көз жеткізіп, оның экономикалық талдануын осы
салаға көшіру арқылы капиталистік өндірісті
талдаудың негізін салды. Бұл туралы Кенэ сауда бар болғаны
заттардың алмасуы, ол ешуақытта байлық көзі бола алмайды" дей
отырып, егін шаруашылығындағы жоғары еңбек өнімділігін негіздейді. Қосымша
құнды тудыратын еңбек қана өнімді еңбек
бола алады деген дұрыс шешімге келеді. Бұл физиократтардың
саяси экономиядағы алғаш рет еңбек өнімділігінің белгілерін
анықтаудағы зор еңбектерін көрсетеді. Физиократтардың
пікірлерінің мұндай нәтижеден кейін Маркс "капиталистік
табыстың алғашқы көзін табуға ұмтылды" деп жоғары
бағалайды.
Өзінің "Салықтар" деген мақаласында Кенэ "таза өнім бұл ұлттың
табысын құрайтын жыл сайын жасалынатын байлық, ол жер иелерінен алынатын
пайдадан барлық шығын түрін алып тастағанда қалатын өнімді білдіреді"
-дейді. Осылайша физиократтар "таза өнім" тек егін шаруашылығында жасалады
деп есептейді. Өкініштісі, Кенэ өнеркәсіп саласын нәтиже бермейтін салаға
жатқызды. "Өнеркәсіптегі еңбекпен жасалынатын байлық жер арқылы алынатын
табыстардың көмегімен жасалынады, өздігінен ол байлық еш нәтиже бермейді"
деген пікірді ұстанды. Кенэ өнеркәсіпті шикізаттарды жаңа түрге
түрлендіруші ғана сала, жұмысшы өнім өндірмей тек өзінің өмір сүруіне
қажетті ақы алады деп түсінді.
Физиократтардың капитал ілімі туралы көзқарастарының ғылыми маңызы
бар. Меркантилистерден айырмашылығы ол капиталдың ақшалай түріне емес,
заттық нысанына көңіл бөлді.

Ф.Кенэнің Экономикалық кестесі

Барлық қоғамнық капиталдың айналымы мен ұдайы өндіріс процессін
талдау үшін Кенэ капиталдың құрамына жіктеу жасады. Өндіріс пен өнім
өткізілімінің тұрақты қайталануын білдіретін ұдайы өндіріс ұғымын ол саяси
экономияға алғаш рет енгізді. Осы ұдайы өндіріс процесінің сипаттамасын ол
өзінің Экономикалық кесте (1758) еңбегінде көрсетті. Түрлі математикалық
есептеулерді пайдалана отырып, ол Францияның ауыл шаруашылығында
өндірілген жалпы және таза өнімнің натуралдық және ақшалай нысандағы
айналымын көрсете білді.
Экономикалық кестеде қоғам үш негізгі топтарды біріктіретін тұтас
бір организм түрінде қарастырылады. Қоғамның топтық құрылымының сипатталуы
Кенэ үшін айналым процесіарқылы жиынтық өнімнің осы үш топ арасында
бөлінетіндігіне байланысты қажет болды. Ұлт,- деп жазды Кенэ,-
азаматтардың үш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері туралы
Ф. Кенэнің экономикалық кестесі
Экономика ілімдерінің тарихы
Экономикалық теорияның негізгі даму бағыттарына шолу
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері
Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері. ҚР жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
М.О.Әуезовтің тарихи көзқарастары
Экономикалық теорияның даму тарихы
Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар
Паразитті кенелер түрлерінің сипаттамасы
Пәндер