Қазақтың атақты биі - Төле би



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ТӨЛЕ БИ
(1663-1756)
Төле би Әлібекұлы XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі
Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулие ата маңындағы Жайсаң
жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастай араб, парсы тілдерін жақсы
білген. Шығыстың аңыз әңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған. Әке
тәрбиесінің арқасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр-
тапқырлығымен, әділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір
дауына араласып, кесіп шешім айтып отырған. Шешендік дәстүрінде жаңа талап
жас баланың аты әйгілі билерден барып бата алатыны болады. Сол жүйемен Төле
би атақты Әнет Бабаға барып сәлем беріпті. Жүзге келген қарт би ел бірлігі,
ынтымақ жайында сөз айтып отырса керек. Сонда жас Төле: "Қалай еткенде
бірлік болады, оның мәні қандай болмақ?" – деп сұрапты. Бұған би бір топ
буылған шыбықты ұсынып, осыны сындырып көрші десе керек. Жас Төле оны олай
бір, бұлай бір иіп сындыра алмапты. Мұны көрген қарт би: "Енді сол шыбықты
біртіндеп сындыршы", — десе, ол бұл жеке шыбықтарды оп-оңай быртылдатып
сындырып беріпті. Әнет Баба жас баладан: "Бұдан не түсіндің?", – деп
сұрағанда, Төле: "Мұның мәнісі, ынтымағы, бірлігі бар елді жау да, дау да
ала алмайды. Онсыз тірлік жоқ!", - депті. Сонда Әнет Баба: "Дәл таптың,
балам! Ел билеу үшін, ең алдымен, ауызбірлік, ынтымақ қажет! Бақ қайда
барасың – ынтымаққа барамын дегеннің мәнісі осы – депті.
Төле араласып шешімін тапқан әр алуан даулардың ішінен жер, су,
жайылым жөніндегілері де елеулі орын алып келген. Отбасының берекесі, ердің
ырысы, жақсы болса, елдің басшысы деп әйелдің орнын өте жоғары бағалаған
Төле би алдына келген қыз-жігіттердің тағдырына жеңіл қарамай, олардың
бақытты болуларына жағдай жасап отырған. Шындықты танытып, әділдікке қол
жеткізуде Төле бидің әр түрлі амал-тәсілдерді қолдана білгенін анық
байқауға болады. Бірде Төле бимен іргелес отырған Жантау мен Жантас
ауылының екі жігіті шабындыққа таласып, бір-бірін кіріспейтіндей болып
араздасады. Мұны естіген Төле екі жігітті шақыртады. Екеуі екі жақтан
келіп, Төленің үйі жанындағы бір қазыққа аттарын байлап, үйге кіріп биге
сәлем береді. Би ләм-мим демей екеуін ертіп сыртқа шықса, екеуінің аттары
бір-бірін қасысып тұр екен. Сонда би: "Апырым-ау, мынау екеуінің татуын-
ай", – депті. Бидің бұл сөзін естіген екі жігіт бір ауыз сөзге келместен
сол жерде қол алысып татуласып кетіпті.
Бидің тұспалдап жеткізіп айтайын деген ойын жігіттер дұрыс ұғады.
Халық әңгімелерінде Төленің білгір-көрегендігі, әулиелігі туралы көп
айтылады. "Қарлығаш әулие" атану оқиғасының өзі – соның дәлелі. Төле бидің
өмір туралы қорытқан ой-түйіндері мен нұсқалы сөздері өз төңірегіндегілерге
айтқан өсиеті іспетті болып келеді.
Бұл сөздердің терең мазмұндылығы мен халқының ынтымақ-бірлігін ойлап,
алдағыны көрегендікпен болжай білгені анық көрінеді.
Төле би атынан айтылатын толғаулар да аз емес:
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың.
Екінші – жиғаның,
Үшінші – ырысыңның тұрағы... –

деп, мақал-мәтел үлгісінде қисыңдырып берілген сөз түйіні, ұлағатты ой
жиынтығы толық байқалады.
Шапқыншылық кезіңде сыр бойының қалаларының біразы жоңғарлардың қол
астында қалады. Ел басшылары жиналып, қалай құтқарудың жолын қарастырады.
Сонда Қарабек батыр: "Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ", – деген пікір
айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі,
Жаудан бұққан немені,
Ортасынан қуса игі, – деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді.
Содаң соң айналасындағыларға қарап:
Уа, көсіле шабар жерің бар,
Ту көтерген ерің бар,
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Арылмайтын сорың бар...
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Еркек болып туды деп,
Мына сені кім айтар? – деп толғайды.
Өзінің шешеңдік пен шебер жеткізе білген сөзінің қуатты күшімен,
көрегендік танытқан даналығымен халықтың ойынан шығады. Төленің осы төрелік
сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктіреді деседі.
"Біз үш жүзден көңіліңізді сұрай келдік. Ардақты еліңізге қандай өсиет-
өнеге айтып қалдырасыз" – дегендерге, Төле би:
Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,
Руға бөлінгендердің құруға асыққаны.
Атаға бөлінгендер адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
Хан азса, халқын сатады.
Халық азса, хандыққа таласады!... –деп жауап береді.

ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ
(1659-1765 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) - қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке,
Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан
мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған Билер кеңесінің
мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, Жеті жарғы аталатын заңдар
кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының
Қаракесек руынан.
Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек
кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол
ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің
арқасында бала биден дана биге айналып, қара қылды қақ жарған Қаз дауысты
Қазыбек би, алты алаштың ардағы деген атаққа ие болады. Содан болар
Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау
үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге
осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ
хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады. Жоңғар
басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек
би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың
қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады.
Сондай ақ ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық
мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер
болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған. Елдестірмек
елшіден, жауластырмақ жаушыдан деп, ол елшілік қызметті де мінсіз атқарған
тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке атшы болып
барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылады.
XVIII ғасырдың алпысыншы жылдарында Чиң империясы Қазыбекті өз
жақтарына тарту мақсатымен оған елші жіберіп, мол сыйлықтар тартады. Бірақ
ол Қытайдың қол астына қарауға қарсы болады. Сөйте тұрып, Абылайды Чиң
империясымен тығыз қарым қатынас жасауға шақырады.
Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында
жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған
Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен
жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген. Әбілқайырды өлтіріп, ел
бірлігіне сызат түсуіне себепші болған Бараққа: Сылтауратып сытыла
алмайсың, не өліп тынасың, не жөніңмен жеңіп құтыласың, екінің бірі, Барақ
деуі,ақыр соңында оны мойындатып: Уа, би аға! Айттың сен, көндім кебіңе
деуге мәжбүр етуі тек Қазыбектей айбыны ай жасырған текті бидің қолынан
ғана келсе керек.
Шоқан Уәлихановтың XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар деген
еңбегінде: Абылай ханнан үш жүздің батырларының ішінен кімді ерекше
құрметтейсіз деп сұрағанда, ол: Бізге дейінгі ерлерден екі кісіге
таңқалуға болады. Оның бірі 90 туысын Қалдан Сереннің тұтқынынан құтқарған
қаракесек Қазыбек те, екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған
уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданға өзі барып, сұрап алды. Соңғысы
өзінің аулында отырып, жауын қорқытып алды деп жазады. Бұл заманында
ақылымен қатарынан озған дана биіне ел басшысының берген нақ та әділ бағасы
еді.
Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы
жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді
тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір
архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан заңдарының
жинағын" өндеуге қатысқан. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандар
тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласып жүрген Қазыбек би ішкі және
сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол — жоңғар басқыншыларына
қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII ғасырдың 40-жыддары
Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақnа, оны тұтқыннан босатып алуға
белсене атсалысты. XVIII ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз
жағына шығару мақсатымен елшілерімен бірге көптеген бағалы сыйлықтар
жіберген. Бірақ Қазыбек би Қытай жағына мүлде қарсы болған. Ол Абылайды
Цинь империясымен қарым-қатынас жасамауға шақырған.
Қазақтың тұтас бір елдігін көксеп, жарғақ құлағы жастыққа тимей,
өле-өлгенше ұзақ та нәтижелі өмір кешкен аты шулы шешен биіміз Қаз дауысты
Қазыбек. Қазақтың үш жүзін бір хандыққа қаратып, оның орта жүзінің тізгінін
берік ұстаған беделді биі, әділ қазы, асқан талант иесі. Тәуке ханның
беделін беркітіп, халқының бірлігін нығайту, қаптаған қалың жоңғарға қарсы
ерлік күрес ашып, ер жүрек қазақ ұлдарын ел мүддесін, ұлтының ар-намысын
қорғауға үндеп өткен дана басшы, салиқалы сөз, салмақты мінез танытып,
жастайынан ақыл-парасатымен жоғарыдан көрінген, өзіндік жол-жосық
бастаулары бар ұшқыр ойлы, жаны таза кемеңгер. Шешімсіз дау қалдырмай, қиын
түйіннің жігін тауып, бойындағы сөз маржанын жеріне жеткізе, сезіндіре
серігілте сөйлеп, күмәнсіз сендіре білген қызыл тілдің шебері, айтыс-
тартыста озып шыққан жүйелі сөздің жүйрігі, тайынбай, тайсалмай, шындықты,
әділетті жақтаған абзал азамат. Халқымыздың басына қайғылы күн туып,
берекесі кеткен ауыр заманында ел жұртын сақтап қалу үшін өмірін сарп еткен
ардагер асқан ақыл иесі. Қара түнек қаптаған қазақ аспанына өмір сәулесін
шашқан жарық жұлдызы.Жоңғардың басым кезінде, оның аузынан от шашқан
қонтайшыларынан жасқанбай, ешбір қатерден қорықпай, өзіне төнген найзаның
бетін қайтарар қаһарлы тапқыр, алғыр, батыл қимылдарын, өжет сөздерін қоя
білген ер жүрек адам. Қонтайшылардың үш рет тонап кеткен елінің есесін ол
осы бір қасиетті істері арқылы түгел қайтарған екен. Қара күшке қасқайып
қарсы барып жеңіске жеткен.
Қазыбектің:
"Алтын ұяң — отаның қымбат, Қүт береке — атаң қымбат,
Мейірімді анаң қымбат,
Асқар тауың, — әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат"— деген сөздері қазақ жастарының ғасырлар бойы
өнегелі өсиет ретінде естерінде сақталып келеді сақтала бермек.

Қазыбек биден қалған сөздерден
ҚАЗЫБЕКТІҢ ҚАЛМАҚ ХАНЫНА ҮШ РЕТ ЕЛШІ
“Құба қалмақ заманы” деп атанған заманда қалмақ пен қазақтың ел шабысқан
дауларын бітістіруде Қазыбек үш рет билік айтқан екен. Оның бірі әлгі
Қазыбек “Телқоңыр” дейтін тайға мініп, өзге билерге атқосшы боп барғанда
айтқан билігі.
Екінші билігінің тарихы мынадай: Қазыбек аты әйгілі боп тұрған шағында
өзіне қараған елін қалмақтың тіке шабуылынан аулағырақ қонысқа ірге тептіру
үшін Сарыарқаның жерін шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан есіткен қалмақ
Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады.
Ханның қолы малмен қоса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның
ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің
тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханның тікелей тапсырмасы
болған деседі. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан Қазыбек шабылған
елін көрген соң, өзі басшы болып қалмаққа екінші екінші рет жол тартыпты.
Он төрт жасар бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып бетін
қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып – Қоңтажы хан бітім керегін алып қалу
мақсатымен әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті
қайтармау екен. “Тірі емес” деп балаға құн төлеу ниетін білдіреді. Сонда
Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
- Жұмыр басты, екі аяқты адамымның өзін қайыр, төрт аяқты айдынды
бозымның көзін қайыр. Ерім үшін құн алмай өлісемін, бозымның көзі жоқ
болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте тапап аламын
дегенде, Қоңтажы:
- Қазыбек би, ерің үшін құн алмай өлісемін дегеніңді жөн делік. Ал,
бозыңның төлеуін екі есе қып аламын дегеніңе жол болсын!- депті. Сонда
Қазыбек:
- Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың
топтың ішінде оның жарық еткен айбыны Қоңтажыдай ханды да сескендіреді.
Төлеуі толық болса – ендігәрі есте жүреді, - дейді. Сонымен Қазыбек бұл
жолы да шапқыншылыққа түскен балалармен қоса малдың көзі барының көзін,
көзі жоғының толық төлеуін алып қайтады.
Үшінші билігі: осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға
көшіріп, бұл жерді ата мекендік қоңыс етеді. Бірақ әлі де ол қоңысқа көшіп
болмаған елдің соңғы бөлегін Қоңтажы тағы шаптырып алады. Қазыбекке
шабылған елден хабаршы келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би
бұл жолы Қоңтажының алдына серт қойып, мұндай шабыншылық ендігәрі
қайталамайтындай етуге немесе бір жола бітіспеске кетуге беттеп аттанады.
Қоңтажының ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің
қайда бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтажы ханға елшілікпен
бара жатқанын айтыпты. Қыз оған:
- Елші болсаң, қазақтың Қазыбегі боларсың, есебің бітсе мені де еске
аларсың, - депті. Қазыбек Қоңтажының ордасына түсіп:
- О хан, сен ел шабуды қоймадың, мен елшілікке келуден танбадым, -
дейді. Қоңтажы бұған:
- Қазыбек би, дұрыс айтасың, сенің қаршадай 14 жасар күніңде айтқан
сөздеріңді есітіп: “Шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді”, - деп
ойладым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп “ерімнің
өзі қайтпай тұрып, бітім етпеймін” дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап
кетпедің. Содан кейін менен іргеңді аулақ салып әрі көштің. Сені қайта бір
келтіру үшін мен артта қалған еліңді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы
сенімен достасуға құмармын. “Даудың артын қыз бітейді, судың артын шым
бітейді, судың артын шым бітейді”, - деуші еді.
- Саған беретін қызым жоқ, қыз берсең алайын, - дейді. Хан Қазыбектен
“ұлың нешеу еді” деп сұрайды.
Қазыбек:
- Бір жарым ұлым бар, - деп жауап береді. Хан бұған таңданып:
- Бір жарымы қалай? Сенде дығырдай бес ұл бар деп еститін едім, -
дейді.
Хан оған:
- Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты Бекболат, соны бүтінге
есептедім. Ал мал мен қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім
жоқ, - деп Қоңтажыға қарапты. Қоңтажа өз қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды
өтініпті. Сонымен қазақ пен қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі.
Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала
келіп: “Осыны тәрбиеле”, - деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты.
ҚАЗЫБЕК ПЕН ҚОҢТАЖЫ
Қалмақтың ханы Қоңтажы қазақ елін үш рет шауып алғанда, малдан бөлек , сол
шабылғанның ішінде бірталай ұл мен қыз да кетіпті. Соны сұрап қазақ елші
жіберсе, Қоңтажы ешбір есе бермепті, сондықтан қазақ билері боп бас қосып:
“Қалмақта шынымен-ақ

ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме? Қол жинап, бір шайқассақ
қайтеді?” – деп Абылайдың алдына келіпті. Сонда Абылай: “Біз әлі де тілі
өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберіп, оған есе бермесе
сонсын шайқасайық!” - дейді. Осыған жиналған халық бәтуа қылып, сөз
байласады. Бұл жымысты Қаракесек Келдібек биге жүктейді. Келдібек өзі бара
алмай, өзіндей кісі таба алмай, ақыры Қазыбек деген үлкен баласын ұзақ
жолға жіберіп сынамақшы болып оның үйіне келсе, Қазыбек үйде жоқ екен, оны
желі басынан табады. Балам жөн айтуды, жол айтуды біле екен деп сынайды.
- Балам, сен кімнің баласысың, - жөніңді айтшы! – дейді.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың немересі боламын, - дейді
баласы.
- Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретіп жүргенің жақсы ма, жоқ,
жақсылардың қасына еріп ел танып, сөз танығаның жақсы ма?
- Балалық дәуір де тәтті екен, оны да тастағым келмей тұр, бірақ
жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз таныған теріс болмас, -
дейді Қазыбек.
- Олай болса, балам, үйге қайтшы!- дейді әкесі. Қасына он кісі ертіп,
астына “Телқоңыр” дейтін тайды ерттетіп беріп Келдібек баласын ханға
жібереді.
“Телқоңырды” мін деуінде де себеп бар екен. Бір күні Келдібек жылқысын
қаптатып келе жатып, қара жал, құла қулықтың іші жер сызып, жылқыға ере
алмай, ептеп басып келе жатқанын байқайды: “Мынаның ішінде тас бар ма,
тұлпар бар ма? Бір құлынды мұнша неге ауырлайды жануар!” – дейді.
Күндердің күнінде бие құлындап, құлын биенің мойнына, сауырына артылып
ойнап жүреді. Келдібек:
- Бұған бір қулықтың сүті не болады дейсің, екі биенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы Төле бидің ролі
Қазақтың алқа билері
Тәуке хан тұсындағы заңдар жинағы және басқару ерекшелігі
Би-шешендер
ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ (1657-1756 жж.)
ҚАЗАҚ БИЛЕРІ. Тауке ханның басқару кезінде
Қазақ халқының үш биі
Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі
Төле би және оның заманы
Төле би Әлібекұлы өмірібаяны
Пәндер