Батыс Европадағы феодализмнің жалпы сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Батыс Европада ІХ -ХІ ғ. бекітілген қоғамдық құрылысты траихшылар, феодалдық деп атайды. «Феодализм», «феодал», «феодалдық» сөздері шыққан феод сөзі - бұл иеліктегі жер атауы, оны мырза - сеньор (лат. «жоғарғы» ) өз вассалына - бағынушысына, осы феодтағы шаруашылықты бақылайтын қызмет атқарушы, көбіне рыцарьлық, яғни толық қаруланған және салт аттыларға беруі.

Франктер кезінен бері белгілі болғандай, басшы немесе басқа да басқарушы адам әскердің күшіне сүйену үшін, ол шаруалар қоныстанған жерлерді беру керек болды. Берудің шарты ретінде жауынгерлер сеньорларға ант беретін болды. Вассалды тәуелділікке түсетін адам өз қолын сеньор қолына қойып, анттың белгілі түрін айтып, осыдан соң бірін -бірі сүйді. Сеньор мен вассал арасында өзіндік арқа сүйерлік және көмек туралы ауызша келісім жасайды: вассал мырзаға сенімді қызмет етеді, ал ол өз кезегінде вассалға көмек көрсетіп, басшылық етуге ант етеді. Бұл келісім, куәгерлердің көзінше және ол кезде сенгендей Құдай куәгерінде жасалып, бұзуға болмайды деп есептелді. Бірақ тәжірибеде бұл келісім бұзылды, ондай кезде вассал бұтақтарды сындырып, төрт жаққа тастады, бұл сеньормен байланыс үзілді дегенді білдіреді [1] .

Вассалдарға феодалдар қажет болды, сонымен бірге қуатты да ақсүйек билеушілердің де керегі көп болды, сеньорлардың қуаттылығы сенімді вассалдық және жауынгер санына байланысты болды. Байлық - жер немесе ақша - өз бетінше феодалдық қоғамда ештеңені шеше алмады: олар тек вассалдарға тарату үшін ғана керек болды. Көпес бір сеньордан әлдеқайда бай болуы мүмкін, бірақ текті мырзаның қоғамдық және құқықтық орны, тексіз және халық байланысына қарағанда жоғары болды.

Егер көпестер мен саудагерлер өз істерін кеңейту үшін байлық жинағысы келсе, бай сеньорлар және олардың вассалдары өз олжаларын басқа мақсатқа іздеді, мысалы, өздері сияқты мырзалармен отырыстарда болу немесе өздерінің достары мен жақындарына сыйлық беру әдісімен олардың көмегіне ие болу . Олардың көзқарасы бойынша батылдық ол жинау емес, керісінше, тару немесе шашу болды. Ондай процесс өзінің жомарттығы мен жеке кеңпейілділігін көрсету үшін жария түрде жасалды. Ортағасырлардағы шежірелер жеке мырзалардың ғажайып дарақылықтарын жазады: бір сеньор қонақтарының көзінше қымбат әскери жылқылардан тұрған ат қорасын өртеп жіберді, ал басқасы егістікті алтын монеталармен шашуға бұйрық берді. Осындай жағдайлар көп бола берген жоқ, бірақ бұл шаруашылық мырзалардың даңқтарын жоғарлатып, оларды қарапайым ұсақ адамдардан жоғары дәрежеге қойып отырды [2] .

Батыс Европадағы феодализмнің жалпы сипаттамасы

Феодалдық қоғам аристократиялық болды, онда құрмет және билікті ақсүйек тегінен шыққан адамдар қолданады, олар ерекше басқаларға дарымаған тәртіпке ие болады. Феодалдық қоғам - заңдық, таптық қоршаулармен қоршалған қоғам құқықтық теңдіктен алыс қоғам. Адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, өзіне билеуші, мырза іздеуге мәжбүр болды. Францияның кейбір аудандарында «Сеньорсыз жер жоқ» деген ұстаным жүріп, өз жеке иелігі бар адамда оны феодқа айналдыруға тырысты - бұл жағдайда ол қуатты аристократияның қол астында болды.

Бұл қоғамда толығымен еркін адамдар болған жоқ, себебі кез-келген адам белгілі мырзаға тәуелді болды. Басқа сөзбен, жеке еркіндік тәуелділікпен тіркесті. Бұл тәуелділік қатаң және әр күн сайын сезілетіндей болуы мүмкін. Англияда тәуелді шаруа анықтамасы мынандай болды: «Ол кеште отырып, оның билеушісі таңертең нені бұйрық ететінін білмейді. » Бірақ вассалдық сеньорға тәуелділігі таза номиналды бола алатын: мысалы, ол жылына бір рет иесіне сыйлық жасауға міндетті болып, бұл оның басшысына адалдығын көрсетті [1] .

Вассалдар сеньор басшылық еткен одақ құрды. Бұндай одақ өз қызығушылықтарын қорғаған жеке тұйық топты құрды. Егер сеньорлардың үстінде одан да жоғары мырза басшылық етсе де, ол сеньорлардың өз вассалдарымен қарым-қатынасына араласпады. «Менің вассалдығымның вассалы -менің вассалым емес» деген феодалдық құқықтық ұстанымы болған. Бұл корольдардық, графтар мен герцогтардың сеньоры бола тұра, олардың вассалдарына бұйыра алмады (іс жүзінде бұл ұстаным жиі бұзылып отырды) . Корольдік билік орталықтандыру үшін жеткілікті беки алмағанда, осы феодалдық қоғамның даму кезеінде корольдар өздерінің жеке вассалдарын құруды ойлады.

Феодалдық қоғамда жеке еркіндік қатынасты түрде. Еркіндікке және үстемдікке ие адамдар, ол олармен қатар шектеулі, толық емес еркіндігі, бар адамдар да болды. Өздерінің құқық қабілеттілігінің бөлігін сақтап, шаруалар мырзаларға ауыр тәуелділікте болды.

Шаруалар феодалдық иерархияның негізін қалап, өздері ресми түрде оған кірмеді. Олардың есебінде мырзалар өмір сүрді. Бірақ шаруалар вассал болған жоқ, олар қызметшілер болып, билеушілермен келісімге отырған жоқ. Шаруашылықтың қарулы және әскери көршімен тоналуын болдырмау үшін қарапайым адамдарға белгілі бір қуатты ақсүйек мырзадан немесе монастырьдан қорғауды сұрады. Шаруалардың билеушісі олардың жерін иемденіп алды, олардың өзін жалпыға қызмет етуге ( мал бағу, орман және жазықтықты қарауға ) пайдаланып, олардан ауыл алаңындағы мырза бөлігіне (домене) борщина төлеуге міндеттеді. Шаруалардың феодалға тәуелділігі оның оған жеке бағынуында болды. Ірі жер иеленуші оны жеке поместтік сотында соттады; шаруа өз мырзасын кетуге және оның келісімінсіз, пошлина төлеусіз басқа жерге көшуге құқығы болмады (бірақ, кейде шаруалар өз мырзаларынан орманға қашып та отырды) : тәуелді шаруа басқа жерден қызды әйелдікке алуға құқығы болмады [3] .

Осы барлық еркіндіктің шектеулері көп уақыт бойы шауалардың ұяттарын туғызбады. Себебі ауылды жерде (қалаққа қарағанда) еркіндік түсінігі орнай қоймады. Алымдар мен салықтар ауыр болғанымен қатар, шаруалардың өз жұмысы көп болды да, оған тағы билеушілердің шаруасында да еңбек ету керек болды. Бірақ бұл бағыну мен алымдардың мөлшері жыл сайын, тіпті ғасырлар сайын өзгерген жоқ. Оларды дәстүр реттеді - ортағасыр қоғамындағы қуатты күш, онымен шаруалар да, ірі жер иеленушілер де санасулары керек болды. Кез келген жаңалықты күмәнмен қабылдайтын.

ХІҮ -ХҮІ ғ. мырзалар дәстүрді бұза бастағанда шаруалардан алым-салық мөлшерін арттырғанда, жергілікті халық оны бұрынғы ережелерінің бұзылуы деп қабылдап, қуатты көтерілістер мен қозғалыстармен жауап берді. Ал әзірше, өз шаруашылығын қорғау мақсатында шаруалар билеушілерінің жанында болуды керек етті.

Әрине, өз -өзімен шаруалар жағдайы ортағасырлық Европада оңай болған жоқ. Олар төмендетілді және көптеген құқықтардан айырылды, мұны мырзалар қолданды және де қапа тұрған салыстырғанда әлдеқайда ұтылды. Шаруа -барлығын тамақтандырушы. Бұны шіркеу жазушылары жазған, олар дәл осы шаруалар о дүниеде азатшылыққа ие болады деді, себебі олар нанды өздерінің қара тердің арқасында алады. Бірақ кезбе жазушылар оларды түк білмейтін жұмысшылар деп айтып, оларды адам ретінде есептемеді, рыцарьлар шаруалардан жиіркеніп, оларды библей патриархы Нойдың ұятсыз және қуылған ұлы - Хамның тұқымы деп білді.

Осының бәріне қарамастан ортағасырлық Батыстың шаруаларын «крепосткой» деп айту дұрыс емес. Ресейдегі ХҮІ-ХІХ ғ. крепостной ол -нағыз құл. Ол барлық жағдайынан құқықсыз - жеке меншік, заң. Басшысы оны кез келген жұмысқа қояды, жазалайды, жерімен бірге немесе бөлек сатады және сатып алады. Оның еш пікірі жоқ, таяқ арқылы жұмыс істейді. Оның жеке меншіктік құқықтары жоқ.

Орта ғасырдағы Батыс шардасы мырзаға тәуелдігіне қарамастан, құқықсыз болған жоқ, құқық жүйесінен шығарылмаған. Егер ол алымды уақытында дұрыс беріп отырса, мырза оған оның ата-бабалары еңбектенген жерді қолдануына қарсылық білдіре алмайды [5] .

Феодалдық құрылыстың пайда болуы

Феодалдық құрылыс Европада Ұлы қоныс аудару кезеңінен соң, кейіпті римдік қоғамдық қатынастардың варварлардікі, әсіресе германдықтардың өзара байланысының нәтижесіне байланысты. Біз білетіндей, Рим мемлекеті соңғы жүз жыл ішінде әлсізденді, және шаруашылықтық өмірі, сонымен бірге шынайы билік көбіні ірі жер иеленушілікке көп көңіл бөлді. варварлық жаулап алудан кейін бұл жерлердің көбі германдық көсемдер, корольдер және олардың әскерлерінің меншігіне ауысты. Әскери молнаттар, әскери қоршалғандар енді қоғамдық өмірде үстемдік рөл атқарды. Германдық әскерлердыі құрылысы осы әскерден соң олардың басшыларынан кейін жер иеленуінен жаңа бейнеге ие болды олармен римдік ақсүйектер мен шіркеу және монастырьлердің жер жеке меншіктері тең дәрежеде болды.

Осы өзгерістердің нәтижесінде шаруаның біраз бөлігі жоғары тап өкілдері мен шіркеудің жоғарғы қоғамына жеке және жердік тәуелділікте болды. Билік күшке, құрметке және жерге ие адамның қолында болды. Бұл мырзалар шешімін жасады, оларға елдің қорғанысы мен онда құқық және реттің қадағалануы тәуелді болды, олармен бірге шешім немесе заң қабылдау кезінде король де есептесетін болды. [1]

Батыс Еуропада феодалдық қатынастардың даму жолдары.

Феодалдық қатынастардың пайда болуы, ірі феодалдық жер иеленудің қалыптасып, ерікті ұсақ өндірушілердің феодалды-тәуелді шаруаларға айналуы, саяси мекемелерінің және феодалды қоғамның идеологияларының пайда болуы - Батыс Еуропадағы феодалдық қоғамдық - экономикалық формацияның түзілу процесі осындай. Бірақ әр түрлі елдерде бұл процесте өзінің ерекшеліктері болды, ол берілген елдердің тарихи даму шарттарымен байланысты [2] .

Батыс Еуропа аудандарының қатарында фелделдық қатынастар әр жақты өзара қатынас және құрылған германдық ру-тайпалық қатынастың синтезі және кейінгі римдік құл иеленушілік қоғамның құлауының нәтижесінде дамыды. Карл Маркс және Ф. Энгельстің айтқандары бойынша феодализм Германиядан дайын күйде Батыс Еуропаға ауыстырылтады. Германдықтарда рулық құрылыстың ыдырау кезеңінде пайда болған феодализм бастамалары, қазіргі феодализмге тек жаулап алудан кейін - өндірістік күштердің әсеріне байланысты жаулап алынған елдердегі дамыды.

Осылайша варварлық германдық королдіктерде жай ғана кейінгі римдік және германдық қоғамдық қатынастардың механикалық қосылуы болған жоқ, ал синтез орны болды, жаңа сапалы феодалдық қатынастар қалыптасты. айтып кеткендей бұндай қатынастардың элементтері кейінгі рим қоғамында да, германдық ру тайпалық ыдыраған қоғамда да пайда болған. Бірақ феодализмнің пайда болу және даму синтезіне байланысты герман тайпаларында тездетіп, құлдыраған рим қоғамына мүмкін болды.

Феодалдық қатынастың бұндай жолы Вестготтың, Бургундық, Франктік, Вандалдық және Остготтық корольдіктер үшін сипатты болды. Соңғы екі қандықта оның өмір сүруінің аздығына байланысты нәтижесі онша байқалмайды.

Бұл өзара қатынас немесе толық емес немесе маңыздылығы аз болған елдерде бұл феодолизация процессі өзгеше болды - лангобард хандығы немесе мүлде болған жоқ, - англосаксондық хандар, Германияның барлық ішкі аудандары. Бұл бұрінғі рим провинцияларында өмір сүрген герман тайпаларына да, римдік тәртіптер әсері әлсіз және берік болмаған провинцияға да байланысты [4] .

Феодализация процесінің лангобардтар, англосакстерде және сакстердегі ерекшеліктері.

Германдық және римдік қатынастардың өзара байланыстар болмаған немесе толық түрде болмаған Батыс Европа елдерінде феодализация процесі өте баяу жүрді. Бұл герман тайпалары басып алған елдердің қоғамдық даму дәрежесіне де байланысты болды. Лангобардтарда, англдерде, сакстерде, юттерде және фриздерде V-VI ғасырда вестготтар немесе остготтарға қарағанда әлдеқайда берік болды, және германдықтарға қарағанда қоғамдық дамуы да әлдеқайда төмен дәрежеде болды. Сондықтан, осындай тайпалар римдік және германдық қоғамдық өзара қарым-қатынас одан әлсіз болып, тек ұзақ уақыт өткеннен соң ғана көріне бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс европа елдеріндегі ғылыми білімнің жинақталуы
IX-XI ғасырлардағы Франция, Германия, Италия X-XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері
Ерте орта ғасырлардағы Жапония
ХІІІ ғасырдағы Англияның саяси дамуы
ХІ – ХҮ ғасырлардағы діннің халыққа әсері
Соңғы орта ғасырлардағы Еуропа (жаңа тарихтың ерте кезеңі), (ХҮІ-ХҮІI ғ. бірінші жартысы)
Скандинавиялықтардың алғашқы орта ғасырлардағы қоғамдық құрылысы
ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ пәнінің Оқу әдістемелік кешені
Жалпы тарихтан дәрістер
Крест жорықтарының сипаты мен алғашқы крест жорықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz