Топырақ үлгілерін алу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
КЕАҚ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ 631. 445. 56. 452. 8 (574. 53) Қолтаңба құқығында
Агробиология факультеті
ЕРКІН АҚБОТА НҰРЛАНҚЫЗЫ
Түркістан облысы Көксу ауылдық округы топырақтарының агрохимиялық көрсеткіштерін мониторингілеу және олардың құнарлылығын арттыру
7М08102 - Топырақтану және агрохимия білім беру бағдарламасы бойынша
ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алуға ұсынылған магистрлік диссертация
Алматы, 2020
МАЗМҰНЫ
бет
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл магистрлік диссертацияда келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалынған:
МемСТ 2. 105 - 95 Құрылымдаушы құжаттамалардың бірыңғай жүйесі. Мәтінді құжаттарға жалпы талаптар
МемСТ 2. 11 - 68 Құрылымдаушы құжаттамалардың бірыңғай жүйесі. Ережелерді бақылау.
МемСТ 6. 38 - 90 Құжаттамаларды бірыңғайлау жүйесі. Құжаттамаларды ұйымдастырушы-бөлу жүйесі. Құжаттарды рәсімдеу талаптары
МемСТ 7. 32 - 2001 Ғылыми-зерттеу жұмыстар туралы есеп. Құрылымы және ресімдеу ережелері
МемСТ 7. 1 - 2003 Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттау. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері
МемСТ 27593 - 88 Топырақтар. Терминдер және анықтаулар
МемСТ 28168 - 89 Топырақтар. Топырақ үлгілерін алу
МемСТ 26205-91. Топырақ құрамындағы жылжымалы фосфор мен жылжымалы калий қосылыстарын Мачигин әдісімен ЦИНАО нұсқасы бойынша анықтау.
МемСТ 26204-91. Топырақ құрамындағы жылжымалы фосфор мен жылжымалы калий қосылыстарын Чириков әдісімен ЦИНАО нұсқасы бойынша анықтау.
МемСТ 26423-85. Топырақ құрамындағы тұзды сүзіндіні дайындау және оны рН ЦИНАО нұсқасы бойынша анықтау.
МемСТ 26213-91. Топырақ құрамындағы органикалық заттарды Тюрин әдісімен ЦИНАО нұсқасы бойынша анықтау.
Топырақ құрамындағы сілтілі ыдырайтын азотты Корнфилд әдісі бойынша анықтау (ЦИНАО нұсқасы) - Агрохимия бойынша практикум, ред. Минеева В. Г. ММУ, 2001ж.
МемСТ 26490-85. Топырақ құрамындағы жылжымалы күкіртті ЦИНАО нұсқасы бойынша анықтау.
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
Магистрлік диссертацияда келесі анықтамалар, белгілер және қысқартулар қолданылған.
Топырақ - тірі және өлі организмдер мен табиғи сулардың тау жыныстарының беткі қабатына, әр климат пен жер бедері жағдайында, тигізетін әсерлері нәтижесінде түзілген, дербес тарихи жаратылысы, органикалық-минералдық дене.
Мониторинг -биологиялық сипатты объектілер (денелер, мысалы топырақ) мен құбылыстарды барлау; Мысалы: антропотекті (адам) әсерінен өзгерген табиғи орта күйін техникалық құралдармен байқау және оның болашағын болжау жұмыстарды қамтиды.
Гумус -өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары және олардың тіршілік азық-түлігі ыдырауы нәтижесінде топырақта түзілетін жоғары молекулалық азотты органикалық зат - қарашірінді.
Топырақ үлгілері - топырақ кескінінің әрбір генетикалық қабаттарынан немесе оның ортаңғы бөлігінен зертханалық талдауға алынған топырақ үгіндісі.
Топырақ қимасы - жер бетінен тереңдеген сайынкезек-кезек орналасқан генетикалық қабаттар жиынтығы.
Топырақтың су сүзіндісінің иондық құрамы -топырақтың қатты фазасынан дистилденген сумен ерітіндіге шығарылған иондар мөлшері.
Топырақтың гранулометриялық құрамы - топырақтағы механикалық элементтердің абсолютті құрғақ топырақ салмағына шағылған процентпен анықталатын салыстырмалы мөлшері.
Агрохимиялық картограмма - 1:10 000 масштабты топырақ картасын негізге ала отырып, топырақтағы қоректік заттардың түрінжәне мөлшерін көрсететін танаптыңкартасы.
Агроценоз - агрономиялық ценоз, белгілі территория егістігін құрайтын а. ш. дақылдарының жиынтығы; мағынасы тұрғысынан алғанда өсімдіктің өніп-өсу жағдайын және егістік жердің өнімділігін (немесе топырақта органикалық заттың түзілуін, құнарлылығын) талдау.
Топырақты талдау - топырақтың құрамы мен қасиеттерін, ондағы органикалық, минералдық заттар мөлшерін, физикалық, химиялық әдістермен анықтау.
Азот, фосфор және калий тыңайтқыштары - өсімдіктердің азотпен, фосформен және калиймен қоректенуіне қажетті құрамында аталған элементтер қоры бар органикалық және минералдық заттар.
Гидролизденетін азот - топырақты немесе гуминды заттарды 25% H 2 SO 4 немесе 6н HCl-мен өңдегенде, автоклавта қыздырғанда ерітіндіге өтетін азот қосылыстары.
Грунт сулары - құрғақ жердің жоғарғы қабатында су өткізбейтін шөгінді жыныстар үстінде шоғырланған сулар. Деңгейі жауын-шашын мөлшеріне қарай жыл бойы өзгеріп отырады, ылдиға қарай қозғалады.
Дефляция - желдің топырақ пен борпылдақ тау жыныстары түйірлерін үрлеп шығу процессі. Нәтижесінде топырақ өзінің гумус қабатынан айырылып, құнарлылығы төмендейді.
Топырақтардың сортаңдануы - негізінен шөл және шөлейт аймақтарда топырақтарда суға еритін минералдық тұздардың жиналу процесі.
Топырақтардың морфо-генетикалық белгілері - топырақтардың кескін құрылысында генетикалық қабаттардың түсі, ылғалдылығы, нығыздалуы, түйіртпектілігі, гранулометриялық құрамы, кірмелері, жаңа жарандылары.
Ақкөздер - топырақта өтіп жататын әртүрлі химиялық, алмасты құбылыстарда жаралып, көбінесе саңырауқұлақтар шырмауығы (шілтері), борпылдақ шоғырлар және ақ дақ тәрізді топырақ қабатының бетіндегі карбонат тұздар көрінісі.
Топырақтарды жақсарту - әртүрлі әдістермен топырақтың қасиеттерінжақсарту арқылы олардыңқұнарлылығын арттыру.
ҚРСТ - Қазақстан Республикасының стандарттары
C:N - көміртегі мен азоттың қатынасы
А жыр - А жыртылыс қабаты
ССШ - солтүстік және солтүстік-шығыс бағыттар
- ауа температурасын өлшейтін шама, градус цельсия
мб - атмосфералық қысымды өлшейтін шама, миллибар
м/сек - желдің жылдамдығын өлшейтін шама, метр секунд
РЕФЕРАТ
ТОПЫРАҚ, АГРОХИМИЯ, МОНИТОРИНГ, ТЫҢАЙТҚЫШ, ҚҰНАРЛЫЛЫҚ, КАРТОГРАММА, ТОПТАСТЫРУ, АГРОЦЕНОЗ
Магистрлік диссертация 79 беттен, 19 кестеден, 22 суреттен, 55 қолданылған әдебиеттер көздерінен тұрады.
Зерттеу обьектілері - Түркістан облысы Шардара ауданы, Көксу ауылдық округының суармалы шалғынды сұр топырақтардың құнарлылық элементтері.
Зерттеудің мақсаты - Түркістан облысы Шардара ауданы, Көксу ауылдық округының суармалы шалғынды сұр топырақтардың құнарлылық элементтеріне агрохимиялық мониторинг жүргізу және олардың құнарлылығын арттыру шараларын жасау.
Зерттеу әдістері - теориялық зерттеу әдістері (анализ және синтез), жаратылыстану ғылымдарының эмпирикалық әдістері (бақылау, сипаттау, өлшеу) аналитикалық және графо-аналитикалық әдістер.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей зерттеу міндеттері қойылды:
- ауылдық округ территориясына рекогносцировкалық тексеру жүргізу және далалық зерртеу жүргізу үшін қалыпты учаскелерді таңдау;
- алдын ала таңдалған учаскелерде кескін қазу және шалғынды сұр топырақтардың генетикалық қабаттарының морфологиялық белгілерін сипаттауды жүргізу, топырақтың толық номенклатуралық атауын анықтау;
- гумустың және макро- мен микроэлементтердің мөлшеріне топырақтарға зертханалық талдау жүргізу;
- топырақтарды қайсы бір қоректік элементтердің мөлшеріне байланысты оларды қамтамасыз етілуі бойынша топтастыруды жүргізу;
- ауылдық округтағы зерттелінген танаптардағы шалғынды сұр топырақтардың макроэлементтермен қамтамасыз етілу картограммасын құрастыру;
-алынған зерттеу нәтижелері негізінде ауылдық округ шеңберінде орналасқан тәжірибе учаскелеріндегі шалғынды сұр топырақтардың құнарлылығын арттыру шараларын жасау.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Жоғарыда аталған ауылдық округтың суармалы топырақтарында жыл сайын ауылшаруашылық жұмыстардың барлық түрлері дерлік жүргізіледі. Бірақта мәдени өсімдіктермен қоректік элементтер шығымы қажетті мөлшерде тыңайтқыштардың берілуімен толықтырылмайды. Сол себепті шалғынды сұр топырақтарды және тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, сонымен қатар зерттелінген топырақтардың құнарлылығын арттыру үшін агрохимиялық мониторинг жүргізу қажет. Зерттеу нәтижелері бірінші кезекте ауылдық округте қызмет ететін шаруашылық субъектілері үшін қажет болады.
Зерттеу материалдары бойынша жарияланған мақала:
1. Еркін А. Н., Наушабаев А. Х., Сейткали Н. Түркістан облысы Көксу ауылдық округы топырақтарын агрохимиялық мониторингілеу//Зерттеулер, нәтижелер. №1(85) . 2020. С. 294-300.
2. Еркін А. Н., Наушабаев А. Х. Шардара ауданы Көксу ауылдық округының шалғынды-сұр топырақтары және олардың құнарлылығы//Қазақстанның жоғарғы мектебі. №3. 2020. С. 214-217.
РЕФЕРАТ
ПОЧВА, АГРОХИМИЯ, МОНИТОРИНГ, УДОБРЕНИЕ, ПЛОДОРОДИЕ, КАРТОГРАММА, ГРУППИРОВКА, АГРОЦЕНОЗ
Магистрская диссертация состоит из 79страниц, 19таблиц, 22рисунков, 55использованных источников.
Обьекты исследований - элементы плодородия орошаемых лугово-сероземных почв Коксуского сельского округа, Шардаринского района Туркестанской области.
Цель исследований - проведение агрохимического мониторингаэлементов плодородия орошаемых лугово-сероземных почв Коксуского сельского округа, Шардаринского района Туркестанской области и разработать приемы повышения их плодородия.
Методика исследований - методика теоретического исследования (анализ и синтез), эмпирический метод естественных наук (контроль, характеристика, измерение) и аналитические и графо-аналитические методы.
Для достижения цели выработаны следующие основные задачи:
- проведение рекогносцировочного обследования территории сельского округа и выбор типичных участков для проведения полевых исследований;
- закладка разреза на заранее выбранных участках и проведение описаний морфологических признаков генетических горизонтов лугово-сероземных почв, определение полного номенклатурного названия почв;
- проведение лабораторных анализов почв на содержание гумуса и макро- и микроэлементов;
- проведение группировки почв по обеспеченности тем или иными питательными элементами в зависимости от их содержания;
- составление картограмм обеспеченности макроэлементами лугово-сероземных почв изучаемых полей сельского округа;
- на основании полученных результатов разработка приемов повышения плодородия лугово-сероземных почв опытных участков, находящиеся в пределах сельского округа.
Теоретическая и практическая значимость работы. На орошаемых почвахвышеотмеченного сельского округа ежегодно проводяться практически все виды сельскохозяйственных работ. Но вынос элементов питания культурной растительностью не компенсируется внесением достаточного количества удобрений. Поэтому для эффективного использования лугово-сероземных почв и удобрений, а также повышения плодородия изучаемых почв необходимо проведение агрохимического мониторинга. Результаты исследований в первую очередь будут полезны для хозяйствующих субъектов, трудящихся в сельском округе.
Опубликованные работы по материалом исследований:
1. Еркін А. Н., Наушабаев А. Х., Сейткали Н. Түркістан облысы Көксу ауылдық округы топырақтарын агрохимиялық мониторингілеу//Исследования, результаты. №1(85) . 2020. С. 294-300.
2. Еркін А. Н., Наушабаев А. Х. Шардара ауданы Көксу ауылдық округының шалғынды-сұр топырақтары және олардың құнарлылығы//Высшая школа Казахстана. №3. 2020. С. 214-217.
ESSAY
SOIL, AGROCHEMISTRY, MONITORING, FERTILIZER, FERTILITY, CARTOGRAPHY, GROUPING, AGROCENOSIS
The master's thesis consists of 79pages, 19 tables, 22 figures, 55 sources used.
Objects of research - fertility elements of irrigated meadow-sierozem soils of the Koksu rural district, Shardara area of Turkestan region.
The purpose of the research is to conduct agrochemical monitoring of fertility elements of irrigated meadow-gray-earth soils of the Koksu rural district, Shardara area of Turkestan region and to develop methods for increasing their fertility.
Research methods - theoretical research methods (analysis and synthesis), the empirical method of the natural sciences (control, characterization, measurement) and analytical and graph-analytical methods.
To achieve the goal, the following main tasks have been developed:
- conducting reconnaissance survey of the territory of the rural district and the selection of typical sites for field research;
- laying a section on pre-selected sites and carrying out descriptions of the morphological characteristics of the genetic horizons of meadow sierozem soils, determining the full nomenclature name of soils;
- laboratory analysis of soils for the content of humus and macro- and microelements;
- grouping of soils according to the availability of certain nutrients depending on their content;
- compilation of cartograms of macroelement supply of meadow sierozem soils of the studied fields of the rural district;
- on the basis of the results obtained, the development of methods for increasing the fertility of meadow-sierozem soils of the experimental plots located within the rural district.
Theoretical and practical significance of the work. Almost all types of agricultural work are carried out annually on irrigated soils of the aforementioned rural district. But the removal of nutrients by cultural vegetation is not offset by the application of a sufficient amount of fertilizer. Therefore, for the effective use of meadow-sierozem soils and fertilizers, as well as increasing the fertility of the studied soils, it is necessary to conduct agrochemical monitoring. The research results will primarily be useful for business entities working in the rural district.
Published works on research material:
1. Erkin A. N., Naushabaev A. K., Seytkali N. Agrochemical monitoring of soils Koksu rural district Turkistan region// Research, Results. No. 1 (85) . 2020. pp. 294-300.
2. Erkin A. N., Naushabaev A. K. Meadow-sierozem soils of Koksu rural district Shardara area and their fertility// Higher School of Kazakhstan. Number 3. 2020. pp. 214-217.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Түркістан облысында құрғақ климаттық жағдайда ауылшаруашылығы жүргізіліп жатқандығы белгілі. Онда жалпы ауылшаруашылығында пайдаланылатын жерлерден (10122, 3 мың га) егістік жерлер ауданы 939, 6 мың га құрайды. Оның 466, 5 мың га суарылатын жерлер [1] . Бұл өңірде мақта және көкөніс дақылдары өсіріледі. Бірақта соңғы кезде мақта монодақылын өсіру және ғылымы негіздері сақталмаған мақта-жоңышқа ауыспалы егістіктерді, агротехникалық және мелиоративтік шараларды сақтамау, қажетті мөлшерде тыңайтқыштарды қолданбау салдарынан суармалы сұр топырақтардың құнарлылығы төмендеген [2] . Органикалық, минералды тыңайтқыштарды пайдалану мөлшерінің төмендеуі салдарынантопырақ құнарлығының төмендеуі әлі де жалғасуда, сонымен қатар сортаң жерлерді кешенді түрде ғаныштау бойынша жүргізілетін жұмыстардың тоқтатылуы, топырақта болатын жер беті эрозиясының артуына алып келеді. Құрамында құнарлы заттары аз жер телімдері ауданының өсу жағдайы жалғасуда. Топыраққа үнемі органикалық және минералды тыңайтқыштарды қажетті деңгейінде қолданбау, ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігіне кері әсерін тигізеді.
Топырақ құнарлығының төмендеуіне, жерді тиімді пайдалануға, техникалық дәнді дақылдарды өндіруге, эрозияға қарсы агротехникалық, агрохимиялық іс-шаралар, кешенді зерттеулер жүргізіледі. Аталған мәселелерді шешу үшінбірінші кезекте үнемі жаңартылған ақпарат қажет екендігі белгілі. Ауылшаруашылығына арналған жерлердің топырақ құнарлылығын бағалау үшін Қазақстан Республикасының жерлерінде ірі көлемді агрохимиялық зерттеулер жүйелі түрде жүргізіліп келе жатыр. Мұндай жұмыстар тек қана топырақ процесстерінің бағыттарын және қарқындылығын анықтап қана қоймай, сонымен қатар дақылдардың қоректік элементтерге деген қажеттілігін есепке ала отырып, олардың өнімділігін және сапасынарттыруды қамтамасыз етеді және топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған шараларды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар алынған материалдар ғылыми- негізделген қажеттіліктерді анықтау және ауылшаруашылығы өндірісіне минералды тыңайтқыштарды бөлу үшін қажет.
Шардара ауданында таралған шалғынды сұр топырақтар егіншілікте қарқынды пайдаланылатындықтан, олардың құнарлылық ерекшеліктерін зерттеу қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оның 51, 2 мың га. топырақтары әртүрлі дәрежеде тұзданған [3] . Бүгінгі күні бұл өңірде де жер телімдерін тиімді пайдаланудың ең маңызды мәселесі топырақ құнарлылығын арттыру болып табылады.
Жаңалығы.
Зерттеу жұмыстары нәтижесінде Түркістан облысы Көксу ауылдық округы топырақтарының агрохимиялық көрсеткіштерін мониторингілеу және олардың құнарлылығын арттырудың жолдары анықталады.
Зерттеудің мақсаты және негізгі міндеттері.
Зерттеудің мақсаты - Түркістан облысы Көксу ауылдық округы топырақтарының агрохимиялық көрсеткіштерін мониторингілеу арқылы олардың құнарлылығын арттыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің негізгі міндеттері:
- ауылдық округ территориясына рекогносцировкалық тексеру жүргізу және далалық зерртеу жүргізу үшін қалыпты учаскелерді таңдау;
- алдын ала таңдалған учаскелерде кескін қазу және шалғынды сұр топырақтардың генетикалық қабаттарының морфологиялық белгілерін сипаттауды жүргізу, топырақтың толық номенклатуралық атауын анықтау;
- гумустың және макро- мен микроэлементтердің мөлшеріне топырақтарға зертханалық талдау жүргізу;
- топырақтарды қайсы бір қоректік элементтердің мөлшеріне байланысты оларды қамтамасыз етілуі бойынша топтастыруды жүргізу;
- ауылдық округтағы зерттелінген танаптардағы шалғынды сұр топырақтардың макроэлементтермен қамтамасыз етілу картограммасын құрастыру;
-алынған зерттеу нәтижелері негізінде ауылдық округ шеңберінде орналасқан тәжірибе учаскелеріндегі шалғынды сұр топырақтардың құнарлылығын арттыру шараларын жасау.
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Түркістан облысының топырақ жамылғысына ең бірінші зерттеулер ХХ ғасырдың басында көшпелі басқармасының топырақтанушылары Неуструевпен, Глинкамен және Никольскиймен жүргізілген.
Неуструев С. С 1908жылдың жазында бұрынғы Сыр-дария облысының Шымкент уезінің топырақтарына маршрутты зерттеулер жүргізген. Ол қазіргі Түркістан облысының барлық орталық және шығыс бөліктерін зерттеген. Онымен сол территорияның бірінші топырақ картасы жасалды [4] Онда таудың шалғынды топырақтары, қара және қараға ұқсас топырақтар, қара - қоңыр және ашық қара - қоңыр топырақтар, сұр (құмайтты және кебірленгендерін есептегенде) және әртүрлі саздау топырақтар көрсетілген. Бірақта осы ғылымның ең үлкен жетістігі оның бірінші рет мұнда сұр топырақтарды ерекше тип ретінде сипаттаған (бұрын сұр топырақтар эолды - лөсті немесе атмосфералық шаңды топырақтар, тіпті геологиялық түзіліс ретінде қарастырылған) . Неуструев бойынша сұр топырақтар негізінен лөстерде және басқа да бос жыныстарда көктемде өсетін, жазда қурайтын өзінше өсімдіктер астында дамиды. Осы уақыттан бастап Қазақстанның тәуелсіздік алғанына дейінгі уақыттарда көптеген әйгілі кеңестің топырақтанушылары қазіргі Түркістан облысының топырақтарына зерттеулер жүргізді. Сол зерттеулердің тарихына шолу, нақтырақ айтқанда олар 1960 жылдарға дейін арнайы әдебиеттерде жақсы келтірілген [5] .
М. К. Вяткин (1960) Оңтүстік Қазақстан облысының ашық, калыпты және күңгірт сұр, тақырлы - сұр топырақтарды қысқаша сипаттаған [6] .
Е. В. Лобова (1960) Кеңес мемлекеттері негізгі шөлді аудандарының, Бетпақдала және Қызылқұмның табиғи-тарихи жағдайларын жан-жақты сипаттаған. Шөлді аймақ топырақтарының негізгі генетикалық қасиеттерін анықтаған. Ол үш топырақ типін бөлген: шөлдің сұр-күрең, шайылған сұр-күрең және тақырлар [7] . Лобова шөлдің сұр-күрең топырақтар типін, одан солтүстікке карай орналаскан күрең топырақтардан және сұр топырақтардан ажыратқан.
Лобова (1965) өзінің біршама кейінгі жұмыстарында ертеде құрастырылған (1960) шөлді топырақтардың жіктелуін біршама жетілдірген [8] . Ол алдындағыдай үшеу емес 4 топырақ типін ажыратады: сұр-күрең шөлді (типшелері - қалыпты, аз карбонатты немесе шығыс-қазақстандық және аридті немесе орталық-азиялық), қарапайым шөлді, құмды шөлді, тақырлар (типшелері қалыпты, хакты және шөлденген) . Топырақтүзуші жыныстардың және реликтті белгілеріне байланысты типтер мен типшелер тектерге және түршелерге бөлінеді.
А. Б. Курмангалиев (1961) әдебиеттердегі мәліметтер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі топырақтарын қысқаша сипаттаған [9] .
Ж. Сеитбеков (1961, 1962, 1963) бірқатар жұмыстарында Шымкент облысының ауылшаруашылық тәжірибе станция және Сайрам ауданы Ленин атындағы колхоздың суармалы сұр топырақтарының агрономиялық және агрохимиялық қасиеттерін сипаттайды[10-11] .
Ассинг Н. А. (1962) Қаратау тау алды жазықтығының кәдімгі сұр топырақтарының топырақ-мелиоративтік жағдайларын зерттеген [12] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz