Күздік бидай - әлеуеті зор дақыл


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

КЕАҚ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 631. 445. 56. 452. 8 (574. 53) Қолтаңба құқығында

Агробиология факультеті

БИМҰРЗА ЖАНИЯ ПЕРНЕБЕКҚЫЗЫ

Қазақстанның оңтүстік сұр топырағында күздік бидай дақылының өнімділігіне минералдық тыңайтқыштардың тиімділігі

7М08102 - Топырақтану және агрохимия білім беру бағдарламасы бойынша

ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алуға ұсынылған магистрлік диссертация

Ғылыми жетекшісі
Ауылшаруашылығы ғылымдары кандидаты, профессор Балғабаев А. М.
Ғылыми жетекшісі: Рецензент
:
Ауылшаруашылығы ғылымдары кандидаты, профессор Балғабаев А. М.:

Алматы, 2022

МАЗМҰНЫ

бет

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
:
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: РЕФЕРАТ . . .
:
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: КІРІСПЕ . . .
:
: 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Әдебиетке шолу . . .
:
: 2.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .:

Зерттеу жүргізген аймақтың топырақ - климаттық жағдайы

. . .

:
: 2. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Климат . . .
:
: 2. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Жер бедері және геологиялық құрылысы . . .
:
: 2. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Беттік және жер асты сулары . . .
:
: 2. 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Өсімдік жамылғысы . . .
:
: 2. 5
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Топырақ жамылғылары . . .
:
: 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Зерттеу жүргізудің мақсаты мен әдістемесі . . .
:
: 3. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Егістік жердің топырағына агрохимиялық зерттеу жұмысын жүргізу әдістемесі . . .
:
: 3. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Агрохимиялық картограмма жасау әдістемесі . . .
:
: 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . .
:
: 4. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Зерттеу өңіріндегі шалғынды сұр топырақтың қалыптасуы, кескін құрылысы, құрамы және қасиеттері . . .
:
: 4. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Егістік жердегі шалғынды сұр топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері . . .
:
: 4. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Топырақ құрамындағы химиялық элементтерді мөлшерлеріне байланысты топтарға бөлу . . .
:
: 4. 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Суармалы шалғынды сұр топырақтардың құнарлылығын арттыру . . .
:
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Қорытынды . . .
:
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Әдебиеттер тізімі . . .
:
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Қосымша . . .
:


НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл магистрлік диссертацияда келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалынған:

МемСТ 2. 105 - 95 Құрылымдаушы құжаттамалардың бірыңғай жүйесі. Мәтінді құжаттарға жалпы талаптар

МемСТ 2. 11 - 68 Құрылымдаушы құжаттамалардың бірыңғай жүйесі. Ережелерді бақылау.

МемСТ 6. 38 - 90 Құжаттамаларды бірыңғайлау жүйесі. Құжаттамаларды ұйымдастырушы-бөлу жүйесі. Құжаттарды рәсімдеу талаптары

МемСТ 7. 32 - 2001 Ғылыми-зерттеу жұмыстар туралы есеп. Құрылымы және ресімдеу ережелері

МемСТ 7. 1 - 2003 Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттау. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері

МемСТ 27593 - 88 Топырақтар. Терминдер және анықтаулар

МемСТ 28168 - 89 Топырақтар. Топырақ үлгілерін алу

МемСТ 26205-91. Топырақ құрамындағы жылжымалы фосфор мен жылжымалы калий қосылыстарын Мачигин әдісімен ЦИНАО нұсқасы бойынша анықтау.

МемСТ 26204-91. Топырақ құрамындағы жылжымалы фосфор мен жылжымалы калий қосылыстарын Чириков әдісімен ЦИНАО нұсқасы бойынша анықтау.

МемСТ 26423-85. Топырақ құрамындағы тұзды сүзіндіні дайындау және оны рН ЦИНАО нұсқасы бойынша анықтау.

МемСТ 26213-91. Топырақ құрамындағы органикалық заттарды Тюрин әдісімен ЦИНАО нұсқасы бойынша анықтау.

Топырақ құрамындағы сілтілі ыдырайтын азотты Корнфилд әдісі бойынша анықтау (ЦИНАО нұсқасы) - Агрохимия бойынша практикум, ред. Минеева В. Г. ММУ, 2001ж.

МемСТ 26490-85. Топырақ құрамындағы жылжымалы күкіртті ЦИНАО нұсқасы бойынша анықтау.

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР

Магистрлік диссертацияда келесі анықтамалар, белгілер және қысқартулар қолданылған.

Топырақ - тірі және өлі организмдер мен табиғи сулардың тау жыныстарының беткі қабатына, әр климат пен жер бедері жағдайында, тигізетін әсерлері нәтижесінде түзілген, дербес тарихи жаратылысы, органикалық-минералдық дене.

Мониторинг -биологиялық сипатты объектілер (денелер, мысалы топырақ) мен құбылыстарды барлау; Мысалы: антропотекті (адам) әсерінен өзгерген табиғи орта күйін техникалық құралдармен байқау және оның болашағын болжау жұмыстарды қамтиды.

Гумус -өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары және олардың тіршілік азық-түлігі ыдырауы нәтижесінде топырақта түзілетін жоғары молекулалық азотты органикалық зат - қарашірінді.

Топырақ үлгілері - топырақ кескінінің әрбір генетикалық қабаттарынан немесе оның ортаңғы бөлігінен зертханалық талдауға алынған топырақ үгіндісі.

Топырақ қимасы - жер бетінен тереңдеген сайын кезек-кезек орналасқан генетикалық қабаттар жиынтығы.

Топырақтың су сүзіндісінің иондық құрамы - топырақтың қатты фазасынан дистилденген сумен ерітіндіге шығарылған иондар мөлшері.

Топырақтың гранулометриялық құрамы - топырақтағы механикалық элементтердің абсолютті құрғақ топырақ салмағына шағылған процентпен анықталатын салыстырмалы мөлшері.

Агрохимиялық картограмма - 1:10 000 масштабты топырақ картасын негізге ала отырып, топырақтағы қоректік заттардың түрін және мөлшерін көрсететін танаптың картасы.

Агроценоз - агрономиялық ценоз, белгілі территория егістігін құрайтын а. ш. дақылдарының жиынтығы; мағынасы тұрғысынан алғанда өсімдіктің өніп-өсу жағдайын және егістік жердің өнімділігін (немесе топырақта органикалық заттың түзілуін, құнарлылығын) талдау.

Топырақты талдау - топырақтың құрамы мен қасиеттерін, ондағы органикалық, минералдық заттар мөлшерін, физикалық, химиялық әдістермен анықтау.

Азот, фосфор және калий тыңайтқыштары - өсімдіктердің азотпен, фосформен және калиймен қоректенуіне қажетті құрамында аталған элементтер қоры бар органикалық және минералдық заттар.

Гидролизденетін азот - топырақты немесе гуминды заттарды 25% H 2 SO 4 немесе 6н HCl-мен өңдегенде, автоклавта қыздырғанда ерітіндіге өтетін азот қосылыстары.

Грунт сулары - құрғақ жердің жоғарғы қабатында су өткізбейтін шөгінді жыныстар үстінде шоғырланған сулар. Деңгейі жауын-шашын мөлшеріне қарай жыл бойы өзгеріп отырады, ылдиға қарай қозғалады.

Дефляция - желдің топырақ пен борпылдақ тау жыныстары түйірлерін үрлеп шығу процессі. Нәтижесінде топырақ өзінің гумус қабатынан айырылып, құнарлылығы төмендейді.

Топырақтардың сортаңдануы - негізінен шөл және шөлейт аймақтарда топырақтарда суға еритін минералдық тұздардың жиналу процесі.

Топырақтардың морфо-генетикалық белгілері - топырақтардың кескін құрылысында генетикалық қабаттардың түсі, ылғалдылығы, нығыздалуы, түйіртпектілігі, гранулометриялық құрамы, кірмелері, жаңа жарандылары.

Ақкөздер - топырақта өтіп жататын әртүрлі химиялық, алмасты құбылыстарда жаралып, көбінесе саңырауқұлақтар шырмауығы (шілтері), борпылдақ шоғырлар және ақ дақ тәрізді топырақ қабатының бетіндегі карбонат тұздар көрінісі.

Топырақтарды жақсарту - әртүрлі әдістермен топырақтың қасиеттерін жақсарту арқылы олардың құнарлылығын арттыру.

ҚРСТ - Қазақстан Республикасының стандарттары

C:N - көміртегі мен азоттың қатынасы

А жыр - А жыртылыс қабаты

ССШ - солтүстік және солтүстік-шығыс бағыттар

- ауа температурасын өлшейтін шама, градус цельсия

мб - атмосфералық қысымды өлшейтін шама, миллибар

м/сек - желдің жылдамдығын өлшейтін шама, метр секунд

РЕФЕРАТ

ТОПЫРАҚ, АГРОХИМИЯ, МОНИТОРИНГ, ТЫҢАЙТҚЫШ, ҚҰНАРЛЫЛЫҚ, КАРТОГРАММА, ТОПТАСТЫРУ, АГРОЦЕНОЗ

Магистрлік диссертация 79 беттен, 19 кестеден, 22 суреттен, 55 қолданылған әдебиеттер көздерінен тұрады.

Зерттеу обьектілері - Түркістан облысы Шардара ауданы, Көксу ауылдық округының суармалы шалғынды сұр топырақтардың құнарлылық элементтері.

Зерттеудің мақсаты - Түркістан облысы Шардара ауданы, Көксу ауылдық округының суармалы шалғынды сұр топырақтардың құнарлылық элементтеріне агрохимиялық мониторинг жүргізу және олардың құнарлылығын арттыру шараларын жасау.

Зерттеу әдістері - теориялық зерттеу әдістері (анализ және синтез), жаратылыстану ғылымдарының эмпирикалық әдістері (бақылау, сипаттау, өлшеу) аналитикалық және графо-аналитикалық әдістер.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей зерттеу міндеттері қойылды:

- ауылдық округ территориясына рекогносцировкалық тексеру жүргізу және далалық зерртеу жүргізу үшін қалыпты учаскелерді таңдау;

- алдын ала таңдалған учаскелерде кескін қазу және шалғынды сұр топырақтардың генетикалық қабаттарының морфологиялық белгілерін сипаттауды жүргізу, топырақтың толық номенклатуралық атауын анықтау;

- гумустың және макро- мен микроэлементтердің мөлшеріне топырақтарға зертханалық талдау жүргізу;

- топырақтарды қайсы бір қоректік элементтердің мөлшеріне байланысты оларды қамтамасыз етілуі бойынша топтастыруды жүргізу;

- ауылдық округтағы зерттелінген танаптардағы шалғынды сұр топырақтардың макроэлементтермен қамтамасыз етілу картограммасын құрастыру;

-алынған зерттеу нәтижелері негізінде ауылдық округ шеңберінде орналасқан тәжірибе учаскелеріндегі шалғынды сұр топырақтардың құнарлылығын арттыру шараларын жасау.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Жоғарыда аталған ауылдық округтың суармалы топырақтарында жыл сайын ауылшаруашылық жұмыстардың барлық түрлері дерлік жүргізіледі. Бірақта мәдени өсімдіктермен қоректік элементтер шығымы қажетті мөлшерде тыңайтқыштардың берілуімен толықтырылмайды. Сол себепті шалғынды сұр топырақтарды және тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, сонымен қатар зерттелінген топырақтардың құнарлылығын арттыру үшін агрохимиялық мониторинг жүргізу қажет. Зерттеу нәтижелері бірінші кезекте ауылдық округте қызмет ететін шаруашылық субъектілері үшін қажет болады.

Зерттеу материалдары бойынша жарияланған мақала:

1. Еркін А. Н., Наушабаев А. Х., Сейткали Н. Түркістан облысы Көксу ауылдық округы топырақтарын агрохимиялық мониторингілеу//Зерттеулер, нәтижелер. №1(85) . 2020. С. 294-300.

2. Еркін А. Н., Наушабаев А. Х. Шардара ауданы Көксу ауылдық округының шалғынды-сұр топырақтары және олардың құнарлылығы//Қазақстанның жоғарғы мектебі. №3. 2020. С. 214-217.

РЕФЕРАТ

ПОЧВА, АГРОХИМИЯ, МОНИТОРИНГ, УДОБРЕНИЕ, ПЛОДОРОДИЕ, КАРТОГРАММА, ГРУППИРОВКА, АГРОЦЕНОЗ

Магистрская диссертация состоит из 79страниц, 19таблиц, 22рисунков, 55 использованных источников.

Обьекты исследований - элементы плодородия орошаемых лугово-сероземных почв Коксуского сельского округа, Шардаринского района Туркестанской области.

Цель исследований - проведение агрохимического мониторингаэлементов плодородия орошаемых лугово-сероземных почв Коксуского сельского округа, Шардаринского района Туркестанской области и разработать приемы повышения их плодородия.

Методика исследований - методика теоретического исследования (анализ и синтез), эмпирический метод естественных наук (контроль, характеристика, измерение) и аналитические и графо-аналитические методы.

Для достижения цели выработаны следующие основные задачи:

- проведение рекогносцировочного обследования территории сельского округа и выбор типичных участков для проведения полевых исследований;

- закладка разреза на заранее выбранных участках и проведение описаний морфологических признаков генетических горизонтов лугово-сероземных почв, определение полного номенклатурного названия почв;

- проведение лабораторных анализов почв на содержание гумуса и макро- и микроэлементов;

- проведение группировки почв по обеспеченности тем или иными питательными элементами в зависимости от их содержания;

- составление картограмм обеспеченности макроэлементами лугово-сероземных почв изучаемых полей сельского округа;

- на основании полученных результатов разработка приемов повышения плодородия лугово-сероземных почв опытных участков, находящиеся в пределах сельского округа.

Теоретическая и практическая значимость работы. На орошаемых почвах вышеотмеченного сельского округа ежегодно проводяться практически все виды сельскохозяйственных работ. Но вынос элементов питания культурной растительностью не компенсируется внесением достаточного количества удобрений. Поэтому для эффективного использования лугово-сероземных почв и удобрений, а также повышения плодородия изучаемых почв необходимо проведение агрохимического мониторинга. Результаты исследований в первую очередь будут полезны для хозяйствующих субъектов, трудящихся в сельском округе.

Опубликованные работы по материалом исследований:

1. Еркін А. Н., Наушабаев А. Х., Сейткали Н. Түркістан облысы Көксу ауылдық округы топырақтарын агрохимиялық мониторингілеу//Исследования, результаты. №1(85) . 2020. С. 294-300.

2. Еркін А. Н., Наушабаев А. Х. Шардара ауданы Көксу ауылдық округының шалғынды-сұр топырақтары және олардың құнарлылығы//Высшая школа Казахстана. №3. 2020. С. 214-217.

ESSAY

SOIL, AGROCHEMISTRY, MONITORING, FERTILIZER, FERTILITY, CARTOGRAPHY, GROUPING, AGROCENOSIS

The master's thesis consists of 79 pages, 19 tables, 22 figures, 55 sources used.

Objects of research - fertility elements of irrigated meadow-sierozem soils of the Koksu rural district, Shardara area of Turkestan region.

The purpose of the research is to conduct agrochemical monitoring of fertility elements of irrigated meadow-gray-earth soils of the Koksu rural district, Shardara area of Turkestan region and to develop methods for increasing their fertility.

Research methods - theoretical research methods (analysis and synthesis), the empirical method of the natural sciences (control, characterization, measurement) and analytical and graph-analytical methods.

To achieve the goal, the following main tasks have been developed:

- conducting reconnaissance survey of the territory of the rural district and the selection of typical sites for field research;

- laying a section on pre-selected sites and carrying out descriptions of the morphological characteristics of the genetic horizons of meadow sierozem soils, determining the full nomenclature name of soils;

- laboratory analysis of soils for the content of humus and macro- and microelements;

- grouping of soils according to the availability of certain nutrients depending on their content;

- compilation of cartograms of macroelement supply of meadow sierozem soils of the studied fields of the rural district;

- on the basis of the results obtained, the development of methods for increasing the fertility of meadow-sierozem soils of the experimental plots located within the rural district.

Theoretical and practical significance of the work. Almost all types of agricultural work are carried out annually on irrigated soils of the aforementioned rural district. But the removal of nutrients by cultural vegetation is not offset by the application of a sufficient amount of fertilizer. Therefore, for the effective use of meadow-sierozem soils and fertilizers, as well as increasing the fertility of the studied soils, it is necessary to conduct agrochemical monitoring. The research results will primarily be useful for business entities working in the rural district.

Published works on research material:

1. Erkin A. N., Naushabaev A. K., Seytkali N. Agrochemical monitoring of soils Koksu rural district Turkistan region// Research, Results. No. 1 (85) . 2020. pp. 294-300.

2. Erkin A. N., Naushabaev A. K. Meadow-sierozem soils of Koksu rural district Shardara area and their fertility// Higher School of Kazakhstan. Number 3. 2020. pp. 214-217.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Күздік бидайдың Қазақстанның оңтүстік - шығыс өңірінде орны ерекше. Күздік бидайдан жоғары өнім алу үшін тыңайтқыш қолдану жүйесін ғылыми тұрғыдан жүргізу керек және оның өнімділігін арттыруда жауын - шашын мен ауа температурасының әсері зор.

Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірінде суармалы жерлерден күздік бидайдан мол өнім алу үшін келесідей көптеген шараларды жүзеге асыру керек, олар: ауыспалы егістер, жаңа сорттар, себу, суару мен түрлі тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану және т. б.

Күздік бидайды бір жерге егіле беруі, ауыспалы егістердің болмауы, оны мезгілінде егілмеуі, суаруды жүйелі өткізбеуі, тыңайтқыштарды қолданбау осы дақылдың бір гектарынан түсімі кемиді және оның сапасы төмендейді. Осыған байланысты күздік бидай өсімдіктері түрлі ауруларға шалдығады, зиянкестермен зақымданады, бұл да бидайдың шығымдылығына және дәннің сапа көрсеткіштеріне әсерін тигізеді. Соңғы жылдары күздік бидай өнімділігі бір гектарынан 20 ц аспады. Бұл ауыл шаруашылық өндірісінің күрт төмендеуіне байланысты болды және үлкен ғылыми орталықтар және шаруа қожалықтары қаржылық көмексіз қалып, экономикалық жағдайлары нашарлап кетуінен болды. Осы жағдайлардың салдарынан бидайдың суармалы егіс көлемі қысқарылып, маусымдық және дымқылдық суару қиындады және арнайы жұмыстарды жүргізетін техниканың жоқтығы әсер етті. Осындай түрлі қиыншылықтар пайда болуына байланысты ғылымда жаңа жобалар туындады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағдайында Мексиканың жаңа тәсілі - жалға себу технологиясы сыналды. Астық дақылдарын өсіруге жаңа технологияны өндіріске кеңінен енгізу - бидай өнімін арттырудың қайнар көзі болып табылады. Астық дақылдар егісіне тыңайту жүйесін тиімді пайдалану - бұл күздік бидайды қоректік элементтермен қамтамасыз етіп қана қоймай, өсімдіктердің дамуының белгілі бір кезеңдерінде дақылдың мүшелері түзілу процестерін қалыптастыру үшін бағытталған тыңайтқыштардың әсерін ғылыми негізінде жүргізу тиіс. Бұл процестерге күздік бидайдың жапырақ алаңының қолайлы деңгейде түзілуі, өнім беру қабілеті жоғары қосымша бидайда масақты сабақтың қалыптасуы, масақтардың қалыпты дамуы және масақтың құрамдас бөліктерінің көп болуы әсер етеді. Күздік бидайдың дән түзілу кезеңінде сабақтар мен жапырақтардан фотосинтез нәтижесінде түзілген органикалық заттардың дәнге қарқынды жылжуы негізінде іске асуы маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Зерттеу мақсаты. Зерттеу жұмысының мақсаты - күздік бидай дақылының өнімділігін арттыру және сапасын жақсартуда экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану.

Зерттеу міндеттері:

- минералдық тыңайтқыштардың күздік бидай дақылының өсуі мен дамуына әсерін зерттеу;

- минералдық тыңайтқыштардың күздік бидай өнімділігі мен сапасына әсерін зерттеу.

Әдебиетке шолу

Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында бірінші қатарда тұрған негiзгi мiндетi - ауыл шаруашылығында өсірілетін дақылдарынан мол, әрi сапалы өнiм алып қана қоймай, топырақтардың құнарлылығын сақтау мен арттыру болып табылады.

Іле тау аралық ойыстық топырақ жамылғысын, жалпы Қазақстан топырақтарын зерттеу 1907 жылы басталды. Осы кезде теміржол құрылысының сызық бойымен маршрутты топырақ зерттеулерін жүргізді. Олар ертеректе зерттелмеген өзгеше Жетісу жазықтығының топырақтарын сипаттап, соңғыларына ашық-күрең топырақтар атауын берді.

Осыдан кейін Азиялық Ресейдің отарлық аудандарында топырақтарды және өсімдіктерді зерттеу бойынша қоныс аудару басқармасының жұмыс істеу кезеңі басталады. Ол 1908 жылдан бастап 1914 жылға дейін жалғасқан және оны бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс тоқтатқан. Жетісу облысында топырақ экспедициясының таптырмайтын жетекшісі болды (1910, 1913 жж) [1] .

Сол кезде жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне келетін болсақ, талантты топырақтанушының өте көлемді жұмысын атап кеткен жөн. Зерттеулер Іле өзенін және оның құйылымын реттеудің бірінші жобасына байланысты жүргізілді және Қытай шекарасынан Шарын өзеніне дейінгі аумақты қамтыды. Жұмыста бірінші рет Іле ойысы үшін қалың ғанышты қабаты бар топырақтар сипатталды. Олар тау алды аймақтың жоғарғы (қара-қоңыр) және төменгі (сұр) жағында кездескен [2] .

Жетісуда 1915-1917 жж. аралығында топырақ- ботаникалық экспедиция жұмыс істеді [1] .

Революциядан кейін зерттеулер ең бастысы орталық Азия мемуниверситетінің экспедициясымен жүргізілді.

Бізді қызықтырған ауданның 1928 жылы бойынша барлық зерттеу тарихы монографияда толық баяндалған. Онда мінсіз әдебиеттер тізімі (505 атау) келтірілген. Бұл бізгеаталған кезде жүргізілген зерттеу нәтижелеріне тоқталмауға мүмкіндік береді [3] .

Зерттеулердің жаңа этапы 1928 жылдан басталады. Бұл кезде СССР ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мен индустрияландыру және ірі совхоздарды ұйымдастыру социалистік ауыл шаруашылығының күнделікті проблемаларын шешу үшін топырақтануды максималды пайдалануды қажет етті.

Осы уақытта Іле ойысында кейбір орталық шаруашылық және жобалық ұйымдардың экспедициялары жұмыс істеді.

1938 жылдан бастап Қазақстанда топырақ зерттеулерін Каз Фан топырақтану секторы жүргізеді. Кейіннен (1946 жылы) ҚазССР Ф А

топырақтану институтына және КИЗ агротопырақтану бөліміне озгертіліп қайта құрылды.

1944 жылдан бастап 1950 жылға дейін Алматы және бұрынғы Талдықорған облыстарының әртүрлі топырақ карталары құрастырылады.

1950 жылдан Іле Алатауының суармалы тау алды белдеуінің топырақтарын жетік зерттеу басталды.

1953 және 1954 жж. бұл зерттеулер Қаскелен және Жамбыл 1955 жылы -және басқада аудандарға таралды [4] .

Осы кезеңде АШМ ҚазССР орталық кешенді экспедициясының топырақ - ботаникалық түсірілімдері айтарлықтай аудандарда жүргізілді.

Сөйтіп, қазіргі уақытта Іле ойысы топырақтарының қасиеттері мен географиялық таралуы туралы жеткілікті толық мәліметтер жинақталған. Бірақ ойыстың әртүрлі бөлігі әртүрлі деңгейде зерттелген. Басылымға шыққан жұмыстарда кейбір жинақтаулар жасалған [5] .

Топырақ жамылғысының негізгі ерекшеліктері.

Іле ойысының топырақ жамылғысы әртүрлі жасты механикалық және петрогрфиялық құрамы әртүрлі жарандылармен көрсетілген. Олар беттік сулардың ағыны мен сулы қабаттардың жақын жатуына байланысты әртүрлі беттік және ызалық ылғалдану жағдайында болады.

Осымен қатар, барлық осы алуан түрлілік жалпы заңдылықтарға бағынады. Ол ойыс аралығында айқын байқалатын топырақ - биоклиматтық аймақтардың болуы мен сипатталады. Әдетте ендік және тіктік аймақтылық деп ажыратады. Оны кезінде табиғаттың аймақтары туралы ілімнің негізін қалаушы анықтаған. Бірақ тауалды мен тауалды жазықтықтары ерекше аймақтық типіне ие болатынын мойындаған жөн. Себебі ол жазықтықтың не ендік аймақ, не таудың тіктік аймақ немесе белдеу ұғымдарына сәйкес келмейді. Тау алды аймақтарының ауысымдығы төңіректің абсолюттік биіктігінің өзгеруі мен ғана емес, тауға жақындығымен және қасындағы тау жүйесінің сипатымен сипатталады.

Іле ойысы ерекше биоклиматтық жағдайда жатыр. Оның төменгі бөліктері қалыпты шөп ауданына жақындайды, ал жоғарғысы ( сол жақ жағалауы аралығында) жартылай дала аймағына кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай өсіру
Жеміс дақылдарының зиянкестері
Астық тұқымдастарына сипаттама
Қазақстанда арпа селекциясының қалыптасуы
Күздік арпаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын нарықтық экономика жағдайында дамытудың географиялық мәселелері
Мал азықтық дақылдарының жалпы теориялық зерттеулері
Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңыздылығы
Жүгері будандарының өнімділігін арттыру
Басқа сапа көрсеткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz