Медицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы:Медициналық микробиология және оның медицинадағы рөлі. Микробиологиялық және вирусологиялық зертханалардың жұмысын ұйымдастару және оның ережесі.

Орындаған: Нисан. Н

Тобы:ЖМҚА-05-21

Қабылдаған: Төлегенова. Б

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімдерМедицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі. Микробтология, вирусология және иммунологияның олардың тарихи дамуындағы мақсаттар мен міндеттері.

1. 3 Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу жабдықтары мен ережелері.

2. 1Бактериялық және вирустық инфекциялардың микробтологиялық диогностикасы әдістері.

2. 2Бактериоскопиялық зерттеу әдісі туралы түсінік және оның маңызы.

2. 3 Бактериоскопиялық зерттеу әдісін зетханалық диогностикада қолдану.

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер
  1. Кіріспе

Микробиология - жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.

Микроорганизмдердің басым көпшілігі -бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды да зерттейді. Өйткені бұл организмдердің сыртқы пішіні, құрылысы өте’ ұксас, әрі сол ортаға тигізетін биохимиялық әсері жағынан да бірлестікте болады.

Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Ал, ферменттер мен витаминдерді зерттеуде микробиология биохимия пәнімен де ұштасып жатады. Табиғатты тірі организмдер мейлінше алуан түрлі болады. Сыртқы пішеніне және тіршілік жағдайларына қарай мокроорганизмдер бірнеше топқа бөлінеді. Кейбіреудері ауыл шаруашылығында, медицинада баға жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері жануарлармен мен өсімдікерге және адамдарға орасан зор зиянын тигізеді. Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып айран, түрлі жеміс жидектерден шарап квас және сол сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болған. Сонымен қатар адам баласы олардың зиянды, бүлдіруші, зақымдаушы әрекеттеріне қарсы күрескен. Мысалы Қытайда, Индияда және Кавказда шешек ауруына қарсы адамдарға арнаулы препараттар егетін болған. Жұкпалы аурулармен сырқаттанған адамдар бөлектеніп жеке күтілген. Ал тамақ заттарын бүлініп кетпес үшін тұздау, ашыту, қайнату, салқындату, кептіру арқылы сақтанған.

  1. Негізгі бөлімдер

1. 1 Медицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі.

Микробиология - микроағзалардың құрылымын, тіршілігін және экологиясын зерттейтін ғылым. Микробиология микромирдің барлық өкілдерін зерттейді (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайым вирустар) . Микробиология биологиялық іргелі ғылым болып табылады. Микроорганизмдерді зерттеу үшін ол басқа ғылымдардың, ең алдымен физика, биология, биоорганикалық химия, молекулалық биология, генетика, цитология, иммунология әдістерін қолданады. Медициналық микробиология, вирусология және иммунология мақсаты-патогенді организмдердің құрылымы мен қасиеттерін зерттеу, олардың табиғи және әлеуметтік ортаның белгілі жағдайларында адам организмімен өзара қарым-қатынасы, микробиологиялық диагностика әдістерін жетілдіру, жаңа, неғұрлым тиімді емдік және алдын алу препараттарын әзірлеу, жұқпалы ауруларды жою және алдын алу сияқты маңызды рөл атқарып жатыр. Медициналық микробтологияны қазіргі таңда медициналық ЖОО студенттеріне оқытып жатыр. Бұл пән клиникалық пәндерден бұрын оқытылады, ол медик сиудентті жұқпалы аурулар, тері-венерологиялық аурулары, хирургия, геникология, урология ауруларға диагноз қою және емдеуімен байланысты арнайы пәндерді зерделеуге дайындайды. Ол адам үшін патогенді микроорганиздерді(вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, ринкетсиялар, хламириялар, микоплармалар, қарапайымдыларларды) зерттейді.

1. 2 Микробиология, вирусология және иммунологияның олардың тарихи дамуындағы мақсаттар мен міндеттері .

Микробиологияның бірінші даму кезеңінде нақты ауру қоздырғыштарының ашылуы болған жоқ. Дегенмен адамзат тіршілік ете бастағаннан жұқпалы аурулардан адамдардың сүйектерінде осы індеттер процесінің із қалдырғаны дәлелдейді. Археологиялық мәліметтер ерте заманғы суреттер, жазулар, мүсіншілер бойынша тұрғындардың, кейде бүкүл бір елдің белгісіз «жабысқақ» аурулардан қырылғаны анықталған. Осындай індеттердің себебін түсінбеген. Адамдар құдайдан қорғаныс іздеумен қатар, өздерін өздері қорғап, өлімнен құтылу жолдарын іздеген. Олар көп ойланған және байқап отырған. Алғашқы рет жұқпалы аурулардың не себепті болатынын қандай халықтар түсіндіре бастағанын дәл айту қиын. Дегенмен, көне дүниенің әйгілі дәрігері Гиппократ жаңа дәуірге дейінгі IV-ғасырда жұқпалы аурулардың себепкері «миазмалар» деп жорамалдағаны белгілі, яғни ауаны, суды, топырақты ластайтын жұқпалы булар адам организміне түсіп, ауру қоздырады деп есептеген. Мыңжылдықтың басында өмір сүрген атақты ғалым Әбу Әли Ибн-сина-Авиценна жұқпалы аурулардың пайда болуы қоршаған ортадағы көзге көрінбитін тірі жәндіктердің адам ағзасына енуімен байланысты деп есептеген.

Падуан университетінің профессоры Д. Фракастро өзінше пайымдап, адамдарда және қоршаған ортада көзге көрінбейтын ерекше белсенді «тірі контагиялар» бар, олар тұрмыстық заттар және ауа арқылы, және де тікелей жанасқан науқастан дені сау адамдарға беріліп, жұқпалы аурулар қоздырады деген қорытындыға келген.

Ерте заманғы ғалымдардың тамаша жорамалдарын голлондиялық табиғаттанушы Антони ван Левенгук XVII ғасырда ғана дәлелдеді, оны микрооргонизмдерді алғаш ашқан зерттеуші деп есептейді. Ол өз қолымен дайындаған 50-300 есе үлкейтетін аспаптың көмегімен 1686 жылы алғашқы рет

«анималькулюстерді» «тірі хайуандарды» тапты. Оларды жауын суында, шөп тұндырмасында, тіс өңезінде, сілекейде, нәжісте тауып, алғашқы рет қарапайымдылардың, балдырлардың, ашытқы саңырауқұлақтардың және бактериялардың сипаттамасын берді, олардың керемет көп түрлі болатынын анықтады. Левенгуктың замандастары оның жаңалығына таң қалды. Сонымен өте ұсақ тірі организмдер ашылды, бірақ оларға микроорганизмдер деген ат берілмеді, олардың классификациясы жасалмады, биологиялық қасиеттері зерттелмеді, олардың жұқпалы аурулар қоздырудағы себепші фактор ретіндергі рөлі дәлелденбеді. Көптеген сұрақтарға микроскоптар жетілдіріп, әр түрлі зерттеу әдістерінің енгізілу нәтижесінде 1, 5-2 ғасырдан кейін ғана жауап алынды. Сонымен 1, 5-2 ғасыр бойы бактериялар мен саңырауқұлақтардың негізгі түрлері ашулып сипатталды. Морфологиялық жаңалықтар бірінен соң бірі ашылып жатты.

Осымен қатар микробтардың таза дақылдарын бөліп алу, олардың қасиеттерін зеттеу, түрлерін ажыратып анықтау мүмкіндіктерінің әдістемелері жинақталды. Бұл адамдар мен жануарлардың негізгі жұқпалы ауруларының қоздырғыштары ашылған ең жарқын физиологиялық кезең болды. Микробиология қызықты байқаудан практикалық маңызы бар жетекші саласының біріне айналды. Медициналық микробиологияның, иммунологияның, биотехнологияның шын мәнінде негізін қалаушы Луи Пастер болды, оның еңбектері микробтологияның негізін қалады. Ол алғаш рет ашыту және шіріту процесін микрооргонизмдер қоздыратынын, тірі организмнің өзінше пайда болуының мүмкін еместігін, микробтардың аэробты тыныс алуынан басқа анаэробты жағдайда да тыныс алу болатынын дәлелдеді. Л. Пастер асептика, антисептика, залалсыздандыру тәсілдерінің дамуына әсер етті. Микробиологияның дамуына және оның бір саласы иммунология ғылымының қалыптасуында Ресей ғалымы И. И. Мечниковтың еңбегі ерекше. Ол көптеген ағзалар жасушаларының фагоцитарлық белсенділігі болатынын, бөгде заттарды, соның ішінде микроорганизмдерді қорытып организмді індеттен қорғайтынын дәлелдеді. Ол қабыну реакциясының механизмін ашты. Осындай байқаулардың нәтижесінде имунитеттің жасушалық теориясын негізін жасады, сол үшін 1908 жылы Нобель сыйлығын алды.

  1. Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу жабдықтары мен ережелері.

Қоршаған ортамыздағы барлық микроорганизмдерді зерттеу ғылымы олардың биологиялық қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі бағыттарға бөлініп кетеді. Адам денсаулығына тікелей қатысты патогенді және шартты патогенді бактерияларды медициналық микробиология зерттейді, ал жалпы микробиология осы ғылыми бағыттардың барлығына ортақ микробиологиялық зерттеу әдістерін қамтиды.

Микробиологиялық зертханалардың жабдықталуы. Зертханалар бірқатар құралдармен және қондырғылармен жабдықталуы тиіс.

1. Микроскопияға арналған құралдар: қосалқы бөлшектері қарастырылған (жарықтандырғыш, фазалы-қонтрасты қондырғы, күнгірт-жазықтық конденсор т. б. ) биологиялық иммерсиялық микроскоп, люминесцентті микроскоп.

2. Термостаттар мен мұздатқыштар

3. Қоректік орталарды, ерітінділерді және т. б. дайындауға арналған жабдықтар: дистильденген су алуға арналған аппарат (дистилятор), техникалық және аналитикалық таразылар, рН-метрлер, сүзуге арналған аппаратура, су моншалары, центрифугалар.

3. Микробтармен іс-шара жасауға арналған құралдар жиынтығы: бактериологиялық құрықтар, шпательдер, инелер, пинцеттер және т. б.

4. Зертханалықыдыстар: шыны түтікшелер, колбалар, Петри табақшалары, матрацтар, флакондар, ампулалар, пастерлік және деңгейленген тамызғыштар т. б., мақталы-дәкелік тығындар жасауға арналған аппарат.

5. Зертхана құрал-жыбдықтарын стерильдеуге арналған қондырғылар мен аппараттар.

Ірі диагностикалық кешендерде автоматтанған талдамаштар мен алынған ақпаратты бағалайтын компьютерленген жүйелер болады.

Зертханаларда микроскопиялық препараттарды бояуға арналған орындар бөлінген, онда арнайы бояғыш ерітінділер, спирттер, қышқылдар, сүзгіш қағаздар және т. б. болады. Әрбір жұмыс орны газды оттықпен немесе спирттік оттықпен және дезинфекциялаушы ерітіндісі бар ыдыспен жабдықталған. Зертхана күнделікті жұмыс үшін қажетті қоректік орталармен, химиялық реактивтермен, диагностикалық препараттармен, және басқа да материалдармен қамтамасыз етілуі керек.

Ірі зертханаларда микроорганизмдерді көп мөлшерде өсіруге, серологиялық реакциялар жасауға арналған термостаттық бөлмелер болады.

Дақылдарды өсіру мен сақтауда, зертханалық ыдыстарды стерильдеуде және басқа да мақсаттарда мынадай қондырғылар қолданады;

Термостат - Ішкі температурасы қажетті өлшемде бірқалыпты сақталып тұратын аппарат. Микробиологиялық зертханаларда микроорганизмдерді өсіріп-өндіру үшін қолданады. Мысалы, көптеген патогенді бактериялардың көбеюі үшін аса қолайлы температура 37°С. Термостаттар сулық және ауалық болып бөлінеді.

Микроанаэростат- Анаэробты микроорганизмдерді оттегісіз жағдайда өсіруге арналған аппарат.

СО2-инкубатор. Бірқалыпты температура мен белгілі бір газды құрамы бар атмосфераны жасауға аралған аппарат.

Тоңазытқыштар- Микробиологиялық зертханаларда микроорганизм дақылдарын, қоректік орталарды, қанды, вакциналарды, сарысулар мен басқа да биологиялық белсенді препараттарды +4°С шамасында сақтау үшін қолданады. 0°С-тан төмен температурада сақталатын препараттар үшінм -20°С немесе -75°С-ты ұстап тұратын төменгі температуралы тоңазытқыштар қолданады.

Центрифугалар- Белгілі-бір сұйықтықтардағы микроорганизмдерді, эритроциттерді және басқа жасушаларды тұндыруға және біртекті емес сұйықтықтарды бөлектеуге (эмульсиялар, суспензиялар) арналған аппарат. Зертханаларда жұмыс істеу режимі әртүрлі центрифугалар қолданылады.

Құрғату-стерильдеу шкафы (Пастер пеші) . Зертханалық шыны ыдыстарды және басқа да жоғары ыстыққа төзімді материалдар мен аспаптарды құрғақ ауамен стерильдеуге арналған қондырғы.

Булы стерилизатор (Автоклав) - Қайнаған су буы мен қысымның көмегімен стерильдеу. Автоклавты ағымды бумен стерильдеу мақсатында да пайдалануға болады. Ол үшін автоклавтың қақпағын ашық күйде қалдырып, іске қосады, сонда ол Кох аппаратының қызметін атқарады. Микробиологиялық зертханаларда автоклавтардың әртүрлі модельдері қолданылады (тік, көлденең, стационарлы, тасымалды) .

Вивари - ақ тышқандарды, ақ егеуқұйрықтарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарын және басқа зертханалық жануарларды күтуге арналған бөлме. Жануарлар ғылыми-зерттеу жұмыстарында және сабақ өткізу ұшін қолданылады.

Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі:

1) Микробиологиялық зертханаға міндетті түрде халатпен кіргізіледі.

2) Бұл жерге бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады.

3) Белгілі бір орында жұмыс істеп, тек қана бекітілген құрал-жабдықтарды қолдану керек.

4) Жұмыс кезінде тазалық сақтаған жөн.

5) Ауруды жұқтырмау үшін үзіліс уақыттарында темекі шегуге, тамақтануға болмайды.

6) Үстелдің үстінде тек қана тапсырманы орындауға арналған құрал-жабдықтардың ғана болуы шарт.

7) Сабақтың соңында жұмыс орны мен жабдықтарды ретке келтіру қажет.

8) Бір спирт шамын екінші біреуінің көмегімен тұтандырмаған абзал, ол үшін шырпы мен шақпақты қолданған жөн.

9) Электр жүйесінің сымдарына, түйіспе бөліктеріне металл немесе басқа заттарды жанастыруға болмайды.

10) Оқытушының немесе зертхана қызметшілерінің рұқсатынсыз электр құралдарын тоққа қоспау керек.

11) Химиялық және басқа да реактивтермен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет

12) Зертханадан шығар алдында қолды сабынмен жуады.

2. 1 Бактериялық және вирустық инфекциялардың микробиологиялық диогностикасы әдістері.

Микробиологиялық зерттеу әдістері:

1. Микроскопиялық

2. Биологиялық

3. Микробиологиялық

4. Иммунологиялық

1. Микроскопиялық - қарапайым паразиттер биоматериалдың боялған үлгілерін микроскоппен зеттеу арқылы анықталады. Көптеген потогендер үшін ең қарапайым және сенімді әдіс.

2. Биологиялық - сезімтал лабораториялық жануарлардың микроорганизмдерге сезімталдығына негізделген. Ол үшін жануарлардың жасын, салмағын, түрін ескере отырып микробтың таза дақылымен немесе алынған зерттелінетін материалдың өзімен жарақаттайды. Бұл тәсілде, жасанды қоректік ортада өспейтін патогенді микроорганизмнің таза дақылын бөліп алуға және оның патогенділігі мен вируленттілік дәрежесін анықтауға болады. Нақты айтқанда бөлінген таза дақылды физиологиялық түрде дені сау жануарға эксперимент жүргізу.

3. Микробиологиялық - өте тиімді, ақпараттылығы өте жоғары тәсіл. Микроорганизмнің таза дақылын бөліп алу. Оның морфологиялық, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттеріне байланысты идентификациялау Микроорганизмнің таза дақылын бөліп алып, оның патогенділігін лабораториялық жануарлар арқылы, немесе қоректік орта арқылы токсин түзілуін, зерттеу арқылы, сонымен қатар антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға және фаготипирлеуге болады.

4. Иммунологиялық - Иммунология латынша (immunitas -иммунитет, бірдемеден босану ) иммун жүйесі туралы ғылым. Иммуногенетикалық әдіс - қан тобын, қан ұлпасындағы ақуыздар мен ферменттердің сарысуларын зерттеу үшін қолданылатын серологиялық әдіс, иммуноэлектрофорез және т. б. негізделген. Оның көмегімен иммунологиялық сәйкессіздікті, иммунодефицитті алуға, егіздердің мозаицизмін анықтауға болады.

2. 2 Бактериоскопиялық зерттеу әдісі туралы түсінік және оның маңызы.

2. 3 Бактериоскопиялық зерттеу әдісін зетханалық диогностикада қолдану.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық микробиологияның тарихи дамуындағы микробиология, вирусология және иммунологияның алатын орны
Микробиологияның даму кезеңдері
Иммунологиялық кезең
Медицина жетістіктеріндегі, дәрігердің тәжірибесінде медициналық микробиологияның қосқан үлесі
Микробиология пәні және тапсырмалары. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері. Бактериальды клетканың морфологиясы, қүрылысы және химиялық қүрамы
Медицина жетістіктеріндегі медициналық микробиологияның қосқан үлесі. тарихи даму барысында микробиология, вирусология және иммунологияның мақсаттары және міндеттері
Микробиология ғылым ретінде қалыптасуы
Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезендері. Отандық ғалымдардың еңбектері
Микробиология туралы түсінік
Жеке клиникалық микробиологияның мақсаттары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz