Шымкент каласынын каржы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
6
: 1
Кіріспе: «Шымкент қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекеменің даму тарихы және ұйымдастыру құрылымы
6: 9
: 2
Кіріспе: «Шымкент қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекеменің қызметтің ұйымдастырылуы
6: 12
: 3
Кіріспе: Дербес тапсырма:Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесінің қазіргі жағдайы
6: 15
: 4
Кіріспе: СҒЗЖ тапсырмасы:Қаржылық механизмнің экономикалық мәні және мазмұны
6: 20
: 5
Кіріспе: Қорытынды
6:
: 6
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер
6:
:
Кіріспе:
6:

Мазмұны

Кіріспе

Қаржыны басқару ұғымы. Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржылық қызметке де тән нәрсе. Қаржыны басқару - бұл қаржыға және шектес экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Бұл ретте белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару қаржылық механизм арқылы оның әдістері, тұтқалары, ынталандырмалары мен санкциялары көмегімен жүзеге асырылады. Сөйтіп, қаржыны басқару - бұл тиісті қаржылық саясатқа жетудің мақсаты; қаржылық механизм бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржылық саясат - қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.

Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретінде басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістер, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

Мен, Исахова Алуа, өндірістік практикамды «Шымкент қаласының Қаржы басқармасы» 06. 06. 2022 - 25. 06. 2022 жыл күндері аралығында өттім.

Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржылық тұрақтылық пен қаржылық тәуелсіздік болып табылады.

Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

басқарудағы демократизм;

қаржылық мәселелерге саяси тәсілдеме;

басқаруда экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;

басқарудың ғылымилығы;

орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудын келісімдігі;

басқарудағы жауапкершілік;

шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.

Қаржылық қатынастардың әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді айырады: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.

Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржылық үдерісті оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау үдерісінде басқару шешімдері қаржылық ақпаратқа талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақикат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақтылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделген.

Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл - жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлар арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бөліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т. б.

Ұйымдастыру - басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржылық ақпараттың жоғары нәтижелігін, басқару жұмыскерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.

Қаржылық реттеу - бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржылық ресурстарды икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; бұл резервтік (сақтық) қорлар, жоспардан тыс қаржылық ресурстар, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынаспен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.

Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау үдерісінде де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржылық үдерістерді (операцияларды) жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржылық құқықтың нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржылық аппараттың қызметін қамтиды. Бақылау қаржылық ресурстарды пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлық көрсеткіштермен салыстыруға, қаржылық ресурстарды өсірудің резервтерін айқындауға, шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

1 «Шымкент қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекеменің даму тарихы және ұйымдастыру құрылымы

«Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қала бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру және қаланың коммуналдық мүлкін басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қаланың коммуналдық мүлікін басқару. 1. «Шымкент каласынын каржы басқармасы» мемлекеттік мекемесi қала бюджетінің енгiзiлген езгертулер мен толыктырулар, тіркелд бюджетинин аткарылуын ұйымдастыру және каланын коммуналдык мүлкiн баскару салаларында басшылыкты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасынын мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жок.

3. «Шымкент каласынын каржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасынын Конституциясына және заңдарына, Қазакстан Республикасынын Президентi мен Үкіметінің актілерiне, өзге де нормативтік кұкықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Шымкент каласының каржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы занды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ак Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылык органдарында шоттары болады.

5. «Шымкент каласынын каржы баскармасы» мемлекеттік мекемесi азаматтық-құқықтык катынастарға өз атынан түседі.

6. «Шымкент каласынын каржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтык кұкыктык катынастардың тарапы болуга кукыгы бар.

7. «Шымкент каласының каржы баскармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заннамада белгіленген тәртiппен «Шымкент каласынын каржы баскармасы» мемлекеттiк мекемесінің басшысынын бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген баска да актілермен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. «Шымкент каласынын каржы баскармасы» мемлекеттік мекемесінің лыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. кұрылымы мен штат санынын

9. Заңды тұлғанын орналаскан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент каласы, Қаратау ауданы, Nursultan Nazarbaev дангылы №10, индексі 160023. 10. Мемлекеттiк органнын толык атауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі. «Шымкент каласынын каржы

11. Осы Ереже «Шымкент каласынын каржы басқармасы» мемлекеттік мекемесiнiн кұрылтай құжаты болып табылады.

12. «Шымкент каласынын каржы баскармасы» мемлекеттік мекемесiнiң кызметiн каржыландыру кала бюджетінен жүзеге асырылады.

13. «Шымкент каласының каржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілермен «Шымкент каласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттык катынастарға түсуге тыйым салынады. Егер заңнамамен өзге де карастырылмаған болса, «Шымкент каласының каржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалык актілермен кiрiстер әкелетiн кызметтi жүзеге асыру кұкығы берілсе, онда осындай кызметтен алынган кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

Қорытындылай келе Шымкент қаласының бюджетіне түскен түсімдерді кестеге түсірдім. Кесте-1

Кесте 1 - 2022 жылғы 1 қаңтарға Шымкент қаласының бюджетіне түсімдер

Атауы
2021 жылға арналған жоспар
2021 жылға Факт
Жоспардан тыс
Жоспардан тыс
Атауы: Түсімдер
2021 жылға арналған жоспар: 499 694, 9
2021 жылға Факт: 504 383, 3
Жоспардан тыс: 4 688, 4
Жоспардан тыс: 100, 9
Атауы: Меншікті кірістер
2021 жылға арналған жоспар: 169 982, 7
2021 жылға Факт: 174 491, 5
Жоспардан тыс: 4 508, 8
Жоспардан тыс: 102, 7
Атауы: Салықтық түсімдер
2021 жылға арналған жоспар: 142 490, 3
2021 жылға Факт: 147 093, 0
Жоспардан тыс: 4 602, 7
Жоспардан тыс: 103, 2
Атауы: Корпоративтік табыс салығы
2021 жылға арналған жоспар: 17 086, 4
2021 жылға Факт: 18 854, 0
Жоспардан тыс: 1 767, 6
Жоспардан тыс: 110, 3
Атауы: Жеке табыс салығы
2021 жылға арналған жоспар: 30 312, 1
2021 жылға Факт: 31 611, 6
Жоспардан тыс: 1 299, 5
Жоспардан тыс: 104, 3
Атауы: Әлеуметтік салық
2021 жылға арналған жоспар: 23 307, 9
2021 жылға Факт: 23 862, 0
Жоспардан тыс: 347, 1
Жоспардан тыс: 101, 6
Атауы: Меншікке салынатын салықтар
2021 жылға арналған жоспар: 8 299, 7
2021 жылға Факт: 8 461, 1
Жоспардан тыс: 161, 4
Жоспардан тыс: 101, 9
Атауы: Жер салығы
2021 жылға арналған жоспар: 906, 8
2021 жылға Факт: 963, 2
Жоспардан тыс: 56, 4
Жоспардан тыс: 106, 2
Атауы: Көлік құралдарына салынатын салық
2021 жылға арналған жоспар: 4 032, 9
2021 жылға Факт: 4 260, 2
Жоспардан тыс: 227, 3
Жоспардан тыс: 105, 6
Атауы: Бірыңғай жер салығы
2021 жылға арналған жоспар: 2, 9
2021 жылға Факт: 3, 2
Жоспардан тыс: 0, 3
Жоспардан тыс: 111, 2
Атауы: Акциздер
2021 жылға арналған жоспар: 54 572, 8
2021 жылға Факт: 55 210, 5
Жоспардан тыс: 637, 7
Жоспардан тыс: 101, 2
Атауы: Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер
2021 жылға арналған жоспар: 1 359, 6
2021 жылға Факт: 1 396, 5
Жоспардан тыс: 36, 8
Жоспардан тыс: 102, 7
Атауы: Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті
2021 жылға арналған жоспар: 1 772, 1
2021 жылға Факт: 1 896, 7
Жоспардан тыс: 124, 6
Жоспардан тыс: 107, 0
Атауы: Ойын бизнесі салығы
2021 жылға арналған жоспар: 5, 2
2021 жылға Факт: 5, 8
Жоспардан тыс: 0, 5
Жоспардан тыс: 110, 2
Атауы: Басқа салықтар
2021 жылға арналған жоспар: 0, 3
2021 жылға Факт: 0, 3
Жоспардан тыс: 0, 0
Жоспардан тыс: 100, 5
Атауы: Мемлекеттік баж
2021 жылға арналған жоспар: 831, 6
2021 жылға Факт: 748, 2
Жоспардан тыс: -83, 4
Жоспардан тыс: 90, 0
Атауы: Ескертпе - https://www. gov. kz/memleket/entities/shymkent-karzhy?lang=kk

Кесте 2 - 2022 жылғы 1 қаңтарға Шымкент қаласының бюджетіне түсімдер жалғасы

Атауы
2021 жылға арналған жоспар
2021 жылға Факт
Жоспардан тыс
Жоспардан тыс
Атауы: Салықтық емес түсімдер
2021 жылға арналған жоспар: 3 655, 9
2021 жылға Факт: 4 251, 1
Жоспардан тыс: 595, 2
Жоспардан тыс: 167, 3
Атауы: Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері
2021 жылға арналған жоспар: 15, 8
2021 жылға Факт: 15, 8
Жоспардан тыс: 0, 0
Жоспардан тыс: 15, 8
Атауы: Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер
2021 жылға арналған жоспар: 263, 5
2021 жылға Факт: 263, 5
Жоспардан тыс: 0, 0
Жоспардан тыс: 263, 5
Атауы: Мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер
2021 жылға арналған жоспар: 0, 7
2021 жылға Факт: 0, 7
Жоспардан тыс: 0, 0
Жоспардан тыс: 0, 7
Атауы: Мемлекеттік меншіктегі қатысу үлесіне кірістер
2021 жылға арналған жоспар: 442, 2
2021 жылға Факт: 451, 9
Жоспардан тыс: 9, 7
Жоспардан тыс: 442, 2
Атауы: Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар
2021 жылға арналған жоспар: 2, 2
2021 жылға Факт: 2, 2
Жоспардан тыс: 0, 0
Жоспардан тыс: 2, 2
Атауы: Мемлекеттік меншіктен түсетін басқа да кірістер
2021 жылға арналған жоспар: 5, 2
2021 жылға Факт: 5, 2
Жоспардан тыс: 0, 0
Жоспардан тыс: 5, 2
Атауы: Мемлекеттік сатып алуды өткізуден түскен кірістер
2021 жылға арналған жоспар: 1, 3
2021 жылға Факт: 1, 4
Жоспардан тыс: 0, 1
Жоспардан тыс: 1, 3
Атауы: Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
2021 жылға арналған жоспар: 2 044, 2
2021 жылға Факт: 2 617, 4
Жоспардан тыс: 573, 2
Жоспардан тыс: 2 044, 2
Атауы: Басқа да салықтық емес түсімдер
2021 жылға арналған жоспар: 15, 8
2021 жылға Факт: 15, 8
Жоспардан тыс: 0, 0
Жоспардан тыс: 15, 8
Атауы: Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
2021 жылға арналған жоспар: 23 836, 4
2021 жылға Факт: 23 147, 4
Жоспардан тыс: -689, 1
Жоспардан тыс: 97, 1
Атауы: Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату
2021 жылға арналған жоспар: 22 060, 2
2021 жылға Факт: 21 259, 3
Жоспардан тыс: -800, 3
Жоспардан тыс: 69, 4
Атауы: Жерді сату
2021 жылға арналған жоспар: 1 591, 1
2021 жылға Факт: 1 675, 3
Жоспардан тыс: 84, 3
Жоспардан тыс: 105, 3
Атауы: Материалдық емес активтерді сату
2021 жылға арналған жоспар: 185, 2
2021 жылға Факт: 212, 7
Жоспардан тыс: 27, 5
Жоспардан тыс: 114, 8
Атауы: Трансферттердің түсімдері
2021 жылға арналған жоспар: 283 947, 9
2021 жылға Факт: 283 947, 9
Жоспардан тыс: 0, 0
Жоспардан тыс: 100, 0
Атауы: Бюджеттік кредиттерді өтеу
2021 жылға арналған жоспар: 0, 0
2021 жылға Факт: 82, 2
Жоспардан тыс: 82, 2
Жоспардан тыс: 0, 0
Атауы: Қарыздар түсімі
2021 жылға арналған жоспар: 33 944, 8
2021 жылға Факт: 34 124, 2
Жоспардан тыс: 179, 4
Жоспардан тыс: 100, 5
Атауы: Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары
2021 жылға арналған жоспар: 10 726, 2
2021 жылға Факт: 10 726, 2
Жоспардан тыс: 0, 0
Жоспардан тыс: 100, 0
Атауы: Ескертпе - https://www. gov. kz/memleket/entities/shymkent-karzhy?lang=kk

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы

Қала аумағының көлемі 1, 2 мың шаршы км. құрайды.

2021 жылдың 1 шілдеге қала халқы 1 096, 6 мың адамды құрады. Қала қалалық маңызы бар 4 ауданнан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар - 67, 5%, өзбектер - 17, 7%, орыстар - 8, 9%, басқалары - 5, 9%. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 416, 6 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 106, 2%.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2021 жылы жалпы құны 50, 4 млрд. теңгеге 21 жоба жүзеге асырылып, 1 299 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 3% - ға артып, 21, 6 млрд. теңгені құрады.

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 69, 5 мың бірлікті немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 97, 9% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 162, 9 млрд. теңгені немесе 22, 8% артық. Құрылыс жұмыстарының көлемі 61, 0 млрд. теңгені құрады (114, 6%), 323, 5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 107, 9%. Инвестиция және құрылыс жұмыстарының өсімі «ПКОП» ЖШС-н қайта құру, «Hevel Kaзахстан» ЖШС-мен күн электрстанциясының, жол айрығы, тұрғын үй құрылысы, жеке және бюджет есебінен асырылып жатқан инвестициялық жобалар, «Жұмыспен қамту жол картасын» іске асыру есебінен болды. Бөлшек сауда көлемі 240, 0 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 109, 9%. Жұмыссыздық деңгейі 5, 1% құрады (2021ж. 2 тоқсаны) . Жұмыс күшінен өз бетінше жұмыспен қамтылған халық 29, 3% құрады (127, 4 мың адам) . Орташа айлық жалақы 2021 жылдың 2 тоқсанына 23, 7% - ға артып, 203, 1 мың теңгені құрады. Инфляция 2021 жылдың шілде айын 2020 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 105, 4% құрады, оның ішінде азық - түлік тауарларына - 107, 5%, азық - түлік емес тауарларына - 104, 4% және ақылы қызметтерге -103, 7%. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы. Сапалы сумен қамтамасыз ету 95, 6%, газбен жабдықтау 92, 2%, электрмен қамтамасыз ету 95%, кәріз желілері 52, 3%, жылумен жабдықтау 100% құрайды.

2 «Шымкент қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекеменің қызметтің ұйымдастырылуы

Шымкент каласынын каржы баскармасы» мемлекеттiк мекемесіне басшылыкты “Шымкент каласынын каржы баскармасы» мемлекеттiк мекемесiне жуктелген мiндеттердiн орындалуына жане онын функцияларын жузеге асыруга дербес жауапты болатын бiрiншi басшысы жүзеге асырады

“Шымкент каласының қаржы басқармасы”мемлекеттік мекемесiнiн бірінші басшысын Шымкент каласының әкiмі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. «Шымкент қаласының қаржы басқармасы”мемлекеттiк мекемесі бірінші басшысының Казакстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және кызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

«Шымкент каласынын каржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiгi:

1) мемлекеттiк мекеменiн жумыс жоспарларын бекiтедi;

2) мемлекеттік мекеменiн атынан әрекет етедi;

3) сенімхаттар бередi;

4) залнамамен белгiленген тәртiпте мемлекеттік мекеменiң қызметкерлерін көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза береді;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығады, қызметтік құжаттарға қол қояды

6) мемлекеттік мекеменiн iшкi енбек тәртiбiн бекiтедi;

7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының “Қазақстан Речпубликасының мемлекеттiк қызметі туралы» Занынын сакталуын бакылауды жузеге асырады;

8) азаматтарды жеке кабылдауды жүзеге асырады;

9) Казақстан Республикасының заннамалык актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

10) сыбайлас жемқорлыққа карсы iс-қимыл заңнамасының орындауына дербес жауапты болады.

“Шымкент каласының қаржы баскармасы» мемлекеттік мекемесiнiң басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн колданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлга орындайды.

Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн колданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

"Қала бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру" бағытының негізгі атқаратын қызметтері:

облыстық мәслихат сессиясының шешімімен бюджетті нақтылау кезінде қаржыландыру жоспарына және бюджеттік өтінімдерге уақытылы өзгерістер енгізу және жылдық қаржыландыру жоспарына қосымша есептермен Бюджеттік өтінімді жасау;

шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыруды және ұсынуды ұйымдастыру;

қаланың жергілікті бюджетінің орындалуы бойынша бюджеттік есепке алуды жүргізу;

тұрғын үй құрылысына бөлінген бюджеттік кредиттердің есебін және мониторингін жүзеге асыру;

мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй салу үшін бағалы қағаздар бойынша мониторинг жүргізу;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауды жүзеге асыру;

мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің мониторингін жүргізу;

орталық мемлекеттік органдардың және қала әкімі аппаратының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс жүргізу;

жиынтық тоқсан сайынғы және жылдық есептерді ұсыну;

орталық мемлекеттік органдардың және қала әкімі аппаратының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс жүргізу;

жиынтық тоқсан сайынғы және жылдық есептерді ұсыну;

мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын игермеуі бойынша ақпарат жинау;

әлеуметтік сала қызметін үйлестіру;

жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша желілерге, штаттарға, контингенттерге талдау жүргізу.

"Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы қаланың коммуналдық мүлкін басқару" бағытының негізгі атқаратын қызметтері:

қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

Шымкент қаласының коммуналдық заңды тұлғаларын құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуға, оларды құруға, қайта ұйымдастыруға, таратуға, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығаруға қарайды және келісім береді;

мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген коммуналдық мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) Шымкент қаласының әкімдігіне тиесілі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің Қаржы-шаруашылық қызметіне талдауды жүзеге асыру;

акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) Шымкент қаласының әкімдігіне тиесілі коммуналдық заңды тұлғалардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есептілігін Мемлекеттік мүлік тізіліміне тапсыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Мен бұл бөлімде «Шымкент қаласының Қаржы басқармасынын» басшысының өкілеттілігімен сондай атқаратын қызметтерімен таныстым.

3 Дербес тапсырма: Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесінің қазіргі жағдайы

Қаржы жүйесі-бұл қаржылық қатынастардың жиынтығы. Өзінің табиғаты бойынша қаржылық қатынастар таратушы болып табылады, ал құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Субъектілер әлеуметтік өндірісте қандай рөл атқаратынына байланысты мақсатты ақша қорларын қалыптастырады: оның тікелей қатысушылары бола ма, сақтандыру қорғанысын ұйымдастырады ма немесе мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады ма. Бұл қаржылық қатынастарды жіктеудің алғашқы объективті критерийі ретінде әлеуметтік өндірістегі субъектінің рөлі.

Қазіргі жағдайда мемлекеттің барлық елдердегі рөлі мен маңызы артып келеді, нәтижесінде оны ұстауға қоғамның шығындары артады. Қазіргі нарықтық экономика тәжірибесі көрсеткендей, бұл үрдістің негізгі себебі қоғамдағы мемлекет функциялары мазмұнының өзгеруі болып табылады.

Егер мемлекеттің құрылуының себебі адамның еңбек бөлінісіне деген ұмтылысы болса, онда мемлекеттің басты міндеті ол бастапқыда құрылған: ол ең тиімді еңбек бөлінісін қамтамасыз етуі керек. Ол сауданы жүзеге асыру шығындарының төмен үлесімен ыңғайлы және тиімді еңбек бөлінісін қамтамасыз ететін жүйені құруы керек. Сауданы жүзеге асыру шығындарының үлесі айналым шығындары деп аталады. Айналым шығындарына тауар өндірілген сәттен бастап тұтынылғанға дейін пайда болатын барлық өндірістік емес кірістерді қосуға болады.

Еңбек бөлінісін қамтамасыз ететін жүйені іске асырудың ең танымал және тиімді нысаны - ақша арқылы тауар алмасу жүйесі-қаржы жүйесі.

Қаржы жүйесі тек ақша емес. Оған сауда - саттықпен байланысты қатынастардың барлық кешені кіреді-бұл банктер, эмиссия схемасы және ақшаны көбейту механизмі (несие жүйесі), оған сауда желілері және тағы басқалар кіруі мүмкін: өндіріс субъектілері арасындағы оварлы айналымға ықпал ететін барлық нәрсе.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі маманының автоматтандырылған жұмыс орнын құру
«НҰРЛЫ КӨШ» – «СОРЛЫ КӨШке» айналды ма?
Туған өлкемнің проблемалары
Шымкент қаласында топырақтың ауыр материалдармен ластану дәрежесі
Ауыл шаруашылығы салаларын дамыту үшін инфрақұрылымның рөлі жайында
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тарихи қалалардың қалыптасуы мен дамуының экономикалық-географиялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында әлеуметтік сала мәнінің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу және экономикадағы рөлін анықтау
Шымкент қаласының атмосфералық ауасының ластануы
Балалар футбол клубын ашу
Үкімет басқару құрылымы жане оның қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz