Бәйдібек аудандық бюджетке түсетін түсімдер
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
6
1
Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімінің жалпы мінездемесі, мекеме ішінде бөлінуі,ұйымдастырылу құрылымы
7
1.1
Аудандық бюджетті жоспарлау
10
1.2
Аудандық бюджеттің түсімдері және шығыстары
13
2
"Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі және қызметінің ұйымдастырылуы
19
3
Дербес тапсырма:Нарық жағдайындағы қаржының экономикалық ролі.
22
4
СҒЗЖ тапсырмасы:Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдерін талдау.
29
Қорытынды
36
Пайдаланылған әдебиеттер
37
Кіріспе
Мен, Сапыбек Мадина Ануарбекқызы өндірістік тәжірибемді Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімінде өттім. Тәжірибенің өту аралығы 06.06.2022. - 25.06.2022. Ел боламын десең - бесігіңді түзе демекші мен өзім өскен ауданның қаржылық экономикалық өмірінің тыныс тіршілігімен таныса отырып,университет қабырғасында студент ретінде алған білімімді іс жүзінде жүзеге асыру менің берілген практикалық уақыт аралығындағы басты мақсатым болды.
Бұл практикалық есепте мақсаттарға жету үшін:
Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімінің жалпы мінездемесі, мекеме ішінде бөлінуі,ұйымдастырылу құрылымын;
"Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі және қызметінің ұйымдастырылуын;
Дербес тапсырма:Нарық жағдайындағы қаржының экономикалық ролін;
СҒЗЖ тапсырмасы:Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдерін талдадым.
Өндірістік практикадан өту барыснда, "Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тарихы,жұмыс жасау тәртібі және қызметімен таныстым.
Әуелі өндірістік практикасының жұмыс жоспары кестесінде күнделікті танысатын жұмыстың жоспарын құрып,күнделікті орындайтын тапсырмаларды алдым.
Әрбір ауданда экономика және қаржы бағыты жұмыс жасайды. Бәйдібек облысында экономика және қаржы бөлімі өз жұмысын 1994 жылы Бәйдібек атауы Алғабас болып тұрғанда Алғабас аудандық қаржы бөлімі болып Алғабас ауылдық округінде жұмысын бастаған. 1996жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің жарлығымен Алғабас атауыны өзгертілуіне байланысты 2004 жылы Қазақстан Республикасының жарлығы бойынша Бәйдібек ауданы экономика және қаржы бөлімі болып атауы өзгертілді .Орталық бас ғимараты Шаян аулдық округінде орналасқан. Қазіргі уақытта бөлім басшысының қызметін Ж.Азизханов атқарып отыр.
"Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі қалалық бюджетті атқару, қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру, қала бюджетінің атқарылуы бойынша есеп-қисап жасау, берілген бюджеттік кредиттердің есебін жүргізу, мониторингін жүргізу және қайтаруды жүзеге асырады.
1 Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімінің жалпы мінездемесі, мекеме ішінде бөлінуі,ұйымдастырылу құрылымы
"Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, өз құзыреті шегінде стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және аудандық бюджетті атқару, бухгалтерлік, бюджеттік есепті және аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу, шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау, Бәйдібек ауданы аумағында коммуналдық меншікті басқару саласындағы функцияларды жүзеге асырады.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі
Бөлімнің қызметін қаржыландыру Бәйдібек ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс [1].
Бөлімнің миссиясы: стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқару, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асыру, аудандық бюджетті орындауын қамтамасыз ету, аудандық коммуналдық меншікті тиімді басқаруды жүзеге асыру.
Бөлімнің міндеттері:
1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жасау;
2) кірістер мен шығыстарды экономикалық дәлелді жоспарлау негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі қаржы жылы аудандық (жергілікті) бюджеттің жобасын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам, экономикалық талдау жасау және реформалар барысын бағалау;
4) аудандық бюджетті атқару;
5) бюджеттік есепке алуды жүргізу және аудандық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есептілікті құрастыру;
6) аудандық коммуналдық меншікті басқару.
Бөлімнің функциялары:
1) Бәйдібек ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын және бюджет параметрлерінің болжамын әзірлеуді ұйымдастырады және өз құзіреті шегінде аудандық даму бағдарламаларын әзірлеуге және қамтамасыз етуге қатысады;
2) алдағы жоспарлық кезеңде бюджетке түсетін қаражаттар түсімдерінің көлемін анықтайды;
3) аудандық бюджет комиссиясына ағымдағы, сол сияқты алдағы жоспарланып отырған кезеңде жекелеген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттігі туралы ақпаратты жібереді;
4) жергілікті бюджет бойынша қолма-қол ақша ресурстарына талдау және болжам жасайды;
5) даму бюджетінің игерілуінің, инвестициялық жобалардың барысына мониторинг жүргізеді;
6) коммуналдық мүлікті басқаруға талдау және бағалауды жүзеге асырады;
7) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
8) бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
9) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін айқындау және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін атқару жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
10) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын құрастырады, бекітеді және жүргізеді;
11) бюджет қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттердің тіркелуін, олардың есепке алынуы мен мониторингін жүзеге асырады;
12) жүйелі жинақтау және бюджетті атқару көрсеткіштерін талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
13) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарын келіседі;
14) бюджеттік ақшамен басқарады;
15) аудан бюджетінің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді;
16) аудандық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аудан әкімдігі резервінен қаражатты бөлу туралы өтініштерді қарайды;
18) бюджеттік ақшамен басқару бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметі тиімділігінің жыл сайынғы бағалауын іске асырады;
19) мемлекеттік органдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруының мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
21) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады;
22) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
23) аудандық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік мүліктердің тізілімін белгіленген тәртіпте жүргізеді;
24) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектіні бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
25) аудандық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
26) аудандық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға, мемлекеттік заңды тұлғаларға береді;
27) сенімгерлікпен басқарушының аудандық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
28) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
29) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
30) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
31) аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асырады;
32) жергілікті бюджет есебінен ұстап-күтілетін мемлекеттік мекемелердің мүлігін шығынға жазуын келіседі;
33) иесіз мүліктердің, объектілерді анықтау және ретке келтіру есебін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
34) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Мекеме ұйымдастырылу жағынан үшке бөлінеді:
oo Бюджетті жоспарлау бөлімі;
oo Нақтылау(болжау) бөлімі;
oo Есеп бөлімі [2].
1.1 Аудандық бюджетті жоспарлау
Бюджеттің жоспарлы түрде жасалуы, қаралуын, бекітілуі және атқарылуы барысын, басқарудың әрбір деңгейінде бюджеттік ресурстардың көлемін, құралу көздерін, нысаналы мақсатқа пайдаланылуын анықтауға мүмкіндік беретін қаржы жоспарлауының құрамдас бөлігі. Бюджеттік жоспарлауда бюджеттік ресурстарды аудандық әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарынан туындайтын мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жұмылдыру жолдары жоспарланады.Жоспар тізіліп болған соң Бюджеттік бағдарлама жасалады. Бюджеттік бағдарламаны жоспарлау әне бекіту қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптар 6 қосымшадан құралады [3].
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IVҚазақстан Республикасы Бюджет Кодексі; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №453-1 Мемлекеттік қызмет туралы Заңы; ҚР Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1284 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы №1118 Бюджет қаражатынан қаржылындырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы Қаулысы негізіңде бекітіледі [4].
Бюджет бекітілмес бұрын ауданның әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі көрсеткіштері жіті тексеріледі және сол бойынша бюджет бекітіледі (кесте-1).
Кесте-1. Бәйдібек ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
2020 ж.
2021 ж.
Айырмасы
Жалпы өңірлік өнім, млн. теңге
44249,4
47139,4
2890
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге
1562,8
1320,5
-242
Ауылшаруашылық өнімінің
көлемі, млн.теңге
26821,2
28035,5
1214
Құрылыс жұмыстарының көлемі, млн.теңге
13272,2
14616,2
1344
Сауда мен қызметтер млн.теңге
2593,2
2648,6
55,4
Негізгі капиталға бағытталған
инвестиция, млн. теңге
10118,3
14505,9
4388
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ
813,7
865,1
51,4
Ескертпе:https:www.gov.kzmemleke tentitiesturkestan-baidibek-audan y?lang=kk
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштеріне халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, ауылшаруашылық өнімінің көлемі,жалпы өңірлік өнім,сауда мен қызметтер,құрылыс жұмыстарының көлемі,негізгі капиталға бағытталған инвестициялар жатады екен.
Ал әлеуметтік көрсеткіштер ретінде негізгі есептеулер:
oo Ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері;
oo Айлық есептік көрсеткіш;
oo Ең төменгі және орташа айлық номиналды жалақы мөлшері;
oo Ең төменгі зейнетақы мөлшері;
oo Жұмыссыздық деңгейі есептеледі (кесте-2).
Кесте-2. Бәйдібек ауданының негізгі әлеуметтік көрсеткіштері
Көрсеткіштер
2020 ж.
2021 ж.
Айырмасы
Ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері
32668
34302
1634
Айлық есептік көрсеткіш
2778
2917
139
Ең төменгі және орташа айлық номиналды жалақы мөлшері
42500
42500
0
Ең төменгі зейнетақы мөлшері
40441
43272
2831
Жұмыссыздық деңгейі
5,2
5,3
0,1

Кестелерде көрсетілген көрсеткіштерді негізге ала отырып Бәдібек ауданына жалпы нормативтік актілер бойынша,және жерглікті аудандық маслихаттың сессиясында бекітілген бюджет талқыға салынады. Бұл мемлекеттік бюджетке өтінім жібермес бұрын жүзеге асырылады. Мемлекетік бюджеттен келіп түскен қаржыны бекітілген бюджеттік жоспар бойынша салаларға бөледі [5].
Мемлекеттік бюджет -- мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады. Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды [6].
Ескере кететін жайт, бюджеттік түсімдерде әрқашан түсімдер және шығыстар ескеріліп отырады. Бекітілген бюджет онымен қоса бюджет тапшылығы, бюджет тапшылығын қаржыландыруды талап етеді (сурет 1).
Бекітілген бюджет
Шығыстар
13 899,7 млн. Теңге
Түсімдер
13 899,7 млн. Теңге
Бюджет тапшылығын қаржыландыру 237,8 млн. тг
Бюджет тапшылығы -237,8 млн.тг
Қарыздарды өтеу 93,0 млн.тг

Сурет 1. Бәйдібек ауданының бекітілген бюджеті.
1.2 Аудандық бюджеттің түсімдері және шығыстары
Ауданық бюджеттің кірстері және шығыстары алдын-ала 12 айға жоспарланады.Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 18-3,18-4 баптарына сүйене отырып жоспарланған. Бәйдібек аудандық бюджетке түсетін түсімдер
1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін - тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
1-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша алынатын жеке табыс салығы;
1-2) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;
2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
4) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы;
тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын қоспағанда, көлік құралдары салығы;
5) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);
6-1) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
7) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
8) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
9) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;
10) сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;
1-1. Бірыңғай жер салығы облыстық маңызы бар қала бюджетіне түсетін салықтық түсім болып табылады.
2. Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
4-1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;
4-2) шетелдіктер үшін туристік жарналар;
5) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
3. аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.
4. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарыздарын өтеуден түсетін түсімдер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің есебіне жатқызылады.
52-1.бап Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер
1. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

қалған жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;
2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
3-1) бірыңғай жер салығы;
4сыртқы (көрнекі) жарнаманы:
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде;
елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы (кесте-3).
Кесте-3.Бәйдібек ауданының 2022-2024 жылдарға бюджет түсімдері
Түсімдер
2022 жыл
2023 жыл
2024 жыл
Салықтық түсімдер
1 034 940
1 247 381
1 304 390
Салықтық емес түсiмдер
9 184
9 063
9 470
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
3 235
3 381
3 533
Трансферттердің түсімдері
12 852 327
10 590 911
10 590 911
Барлығы
13899686
11850736
11908304

2022 ЖЫЛҒА БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ
Салықтан тыс түсімдер
9,2 млн.тг
Салық түсімдері
1 034,9 млн.тг
Кірістердің барлығы
13 899,7 млн. теңге
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер
3,2 млн.тг
Трансферт түсімдері
12 852,3 млн.тг
Жыл басындағы басы бос қалдық, бюджеттік кредиттер және бюджеттiк кредиттердi өтеу 423,8 млн.теңге

Сурет 2.Бәйдібек ауданының 2022 жылға бюджеттің кірістері.
Бұл суретте Бәйдібек ауданының 2022 жылға бюджеттің кірістері көрсетілген.Суретте түсіндірілгендегідей кірістердің барлығы:
Салық түсімдерінен;
Салықтан тыс түсімдерден;
Трансферт түсімдерінен;
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерінен;
Жыл басындағы басы бос қалдық, бюджеттік кредиттер және бюджеттiк кредиттердi өтеуден түскен қаржылардан құралған болып саналады [7].
Бюджеттік шығыстар
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады [8].
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады. Өзіндік ерекшелік бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайды. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы құрылымын бюджеттік жоспарлауды уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.(кесте-4)
Кесте-4.2022 жылға бюджет шығыстарының бағыттары
Шығындар
2022 жыл
2023 жыл
2024 жыл
Жалпы сипаттағы мемлекеттік
қызметтерге
1 072 744
819 322
819 619
Қорғаныс
23 574
21 083
21 083
Әлеуметтiк көмек және
әлеуметтiк қамсыздандыру
1 143 071
553 919
558 919
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
1 638 263
1 791 791
1 703 301
Мәдениет, спорт, туризм және
ақпараттық кеңістiк
534 098
403 816
404 343
Отын-энергетика кешенi
және жер қойнауын пайдалану
115 759
356 396
496 591
Ауыл, су, орман, балық
шаруашылығы, ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар, жер қатынастары
93 634
90 309
90 309
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі
37 282
34 554
34 563
Көлiк және коммуникация
171 299
159 343
159 343
Басқалар
478 689
20 000
20 000
Борышқа қызмет көрсету
120
120
150
Трансферттер
8 591 153
7 600 083
7 600 083
Барлығы
13 899 686
11 850 736
11 908 304

Бұл бөлімде Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімінің жалпы мінездемесі, мекеме ішінде бөлінуі,ұйымдастырылу құрылымы, аудандық бюджетті жоспарлау туралы, аудандық бюджеттің түсімдері және шығыстары жөнінде айтыла отырып толық талқыланды.Ал келесі бөлімде мекеменің қызметі және қызметінің ұйымдастырылуы туралы айтылатын болады.
2 "Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі және қызметінің ұйымдастырылуы
1.Бөлімді басқару бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
2. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3.Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
6) Бәйдібек ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған ауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
4. Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды [9].
"Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі қалалық бюджетті атқару, қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру, қала бюджетінің атқарылуы бойынша есеп-қисап жасау, берілген бюджеттік кредиттердің есебін жүргізу, мониторингін жүргізу және қайтаруды жүзеге асырады [10].
Бөлімнің негізгі қызметіне жатады:
әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жасау;
кірістер мен шығыстарды экономикалық дәлелді жоспарлау негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі қаржы жылы аудандық (жергілікті) бюджеттің жобасын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;
ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам, экономикалық талдау жасау және реформалар барысын бағалау;
бюджеттік есепке алуды жүргізу және аудандық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есептілікті құрастыру;
аудандық коммуналдық меншікті басқару.
Бәйдібек ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын және бюджет параметрлерінің болжамын әзірлеуді ұйымдастырады және өз құзіреті шегінде аудандық даму бағдарламаларын әзірлеуге және қамтамасыз етуге қатысады;
алдағы жоспарлық кезеңде бюджетке түсетін қаражаттар түсімдерінің көлемін анықтайды;
аудандық бюджет комиссиясына ағымдағы, сол сияқты алдағы жоспарланып отырған кезеңде жекелеген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттігі туралы ақпаратты жібереді;
жергілікті бюджет бойынша қолма-қол ақша ресурстарына талдау және болжам жасайды;
даму бюджетінің игерілуінің, инвестициялық жобалардың барысына мониторинг жүргізеді;
коммуналдық мүлікті басқаруға талдау және бағалауды жүзеге асырады;
аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін айқындау және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін атқару жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын құрастырады, бекітеді және жүргізеді;
бюджет қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттердің тіркелуін, олардың есепке алынуы мен мониторингін жүзеге асырады;
жүйелі жинақтау және бюджетті атқару көрсеткіштерін талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарын келіседі;
аудандық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді;
бюджеттік ақшамен басқару бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметі тиімділігінің жыл сайынғы бағалауын іске асырады;
мемлекеттік органдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруының мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
аудандық коммуналдық мүлікті басқарады;
аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
аудандық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік мүліктердің тізілімін белгіленген тәртіпте жүргізеді;
аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектіні бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
аудандық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
сенімгерлікпен басқарушының аудандық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асырады;
жергілікті бюджет есебінен ұстап-күтілетін мемлекеттік мекемелердің мүлігін шығынға жазуын келіседі;
иесіз мүліктердің, объектілерді анықтау және ретке келтіру есебін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады [11].
Бұл бөлімде "Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі және қызметінің ұйымдастырылуы туралы сипатталды.Мекеменің ішкі ережелері,жұмыс жасау принциптері айтылды.
Келесі бөлім дербес тапырма. Нарық жағдайындағы қаржының экономикалық ролі туралы толығымен айтатын боламын.
3 Дербес тапсырма:Нарық жағдайындағы қаржының экономикалық ролі
Алдымен нарық жағдайындағы қаржының экономикалық ролін анықтамас бұрын қаржы ұғымын түсініп алайық.
Тарихи тұрғыдан алғанда, алғашқы қаржылық қатынастар қоғамның таптарға бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен пайда болды. Құлдық пен феодализм жағдайында Қаржы мемлекеттің ақшалай кірістерін қалыптастыруда шамалы рөл атқарды, өйткені бұл формацияларда табиғи қатынастар басым болды. Сол кездегі мемлекет кірісінің негізгі түрлері жаулап алынған халықтарға құрмет пен тонау, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz