Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы


Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы барысында ірі корпорациялар мен азаматтар өздерінің қаржылық операцияларын жүзеге асыру үшін мейлінше аз іс-әрекеттер жасағысы келеді. Сондықтан коммерциялық банктерде қазіргі банктік операциялар мен қызметтердің жаңа түрлері әзірленіп, енгізілуде. Қазіргі жағдайда коммерциялық банктер уақытпен бірге жүруі, және, клиенттерге есептесудің электрондық жүйесіне байланысты жетілдірілген банктік қызметтерді көрсетуі қажет. Бүгінгі таңда әмбебап банктер банк қызметтерінің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтап қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады, соның бірі интернет желісі ақылы жүргізілетін қызмет түрлерін дамыту қажеттілігі. Қазіргі таңда инновациялық банк өнімдері мен қызметінің даму үдерісі интернет-банкинг жүйесі болып табылады Интернет-банкинг - бұл банк қызметкерлері мен клиенттер арасындағы тікелей қарым-қатынассыз банктік қызметті банк мекемесінде емес, үйде, жұмыста, кітапханада, клиентке ыңғайлы жерде ұсыну жүйесі. Бүгінгі күні интернет-банкинг электрондық коммерцияның ең динамикалық және перспективалық сегменті болып табылады. Бұл электрондық технологияның арнайы аппараттық - бағдарлама кешені көмегімен интернет желісі арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету.
Қазіргі банк жүйесі - бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағыттауымен анықталады. Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру, қызмет ауқымын кеңейту, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді енгізуге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Банк саласында инновацияны пайдалану аумағы айтарлықтай кең - қызмет көрсету технологиясын жетілдіруден бастап сипаты бойынша да, мазмұны бойынша да жаңа банктік қызметтер мен өнімердің пайда болуына дейін. Инновациялар банктерге клиенттер үшін неғұрлым қолайлы және тартымды қызметтерді көрсетуге, барлық бағыттар бойынша банктік қызметтерді жетілдіруге мүмкіндік береді. Банктік инновациялардың аса маңызды мақсаттарына келесілерді жатқызуға болады: банк рентабельділігін жоғарылату, жаңа нарық сегменттерін игеруге, жаңа банктік өнім түрлерін жасау және енгізу, клиенттерге ұсынылатын қызметтердің сапасы мен нәтижелілігін қамтамасыз ету, қолда бар қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын пайдалануды оңтайландыру, бағдарламалық және компьютерлік қамтамасыздандырудың сапасын арттыру. Қай жағдайда да болмасын банктің инновациялық қызметінің мазмұны болып оның болашақ мерзімде банктік қызметтер нарығындағы орнын нығайтуға ұмтылуы болып табылады. Ғылым мен техниканың даму сатысында көптеген облыстарда жаңа техникалық мүмкіндіктер туындады. Оның көмегімен ақшалай есептеуді және өзара есеп беруді ақшаның көмегінсіз есептеуге болады.
Екінші деңгейлі банктер экономикадағы орнын сақтап қалу мақсатында және клиенттік базасының артуына байланысты дәстүрлі банктік қызмет көрсетулерден басқа, қосымша, жаңашыл қызмет түрлерін, яғни, инновациялық банктік өнімдерін ұсынады. Коммерциялық банктер бұл заманда электрондық есептеу жүйесімен байланысты барлық дамыған жағдайларды жасауға міндетті. Бұл жоғары технологиялық банктік өнімі және коммерциялық банктердің табыс әкелу құралы ретінде қарастырылады. Біздің түсінігіміз бойынша қаржы инновациялары - қаржы нарығы құралдарының, сондай-ақ банк құралдарының дамуында байқалатын ұзақ мерзімді процесс. Банк инновациялары - аса маңызды ауыспалылардың, адам капиталының, нарық жағдайының, реттеу және банк қызметкерлерінің корпоративтік мәдениет жүйесінің функциясы. Инновациялық құралдарды іздестіру мен енгізу макроортадағы, нарық жағдайындағы өзгерістермен, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен байланысты.
Жалпы Қазақсатан Республикасының аумағындағы коммерциялық банктер инновацияға жақын және жаңашыл банктердің қатарында. Шет ел аумағында болған отандастарымыздан алынған сауалнама менің осындай қорытынды жасауыма алып келді. Дегенмен АҚШ және Ресей секілді алпауыт мемлекеттердің аумағында орналасқан коммерциялық банктерден елімізге алып келуге болатын және Қазақстан экономикасына үлес қосатын коммерциялық банктердің қызметін байқадым. Ізденіс барысында коммерциялық банктердің қызметтер қатарына шет ел және отандық акциялар мен облигацияларға брокерлік қызметін енгізуіне болатынына және бұл инновациялық өзгеріс болатынын байқадым. Барлығымыз білетіндей ҚР аумағында брокерлік кызмет көрсету төмен деңгейде. Сондықтан ел аумағында алпауыт акционерлер және инвесторлар саусақпен санарлық қана.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz