Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
СОӨЖ
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие.

Орындаған: Мамадалиева М.С УВПМНО2022

Кіріспе

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4. Отбасы тәрбиесі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Тарих толқынында атты еңбегінде: Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр, деген еді. Ал Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз - түркілердің Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы деп жариялаған болатын. Аталған идея Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол жаңа Жолдауында да жаңа қырынан толықтырыла түсті. Бұл идеяны үлкен жауапкершілікпен дереу іске асырудың түпқазығы отандастарымыздың бойындағы адамгершілік, туған елге сүйіспеншілігі десек, объективті тұжырым болар деп ойлаймын. Қай заманда да әр адамның санасындағы аса мазмұнды және құрметті мәртебеге ие ұстаным - ол отансүйгіштік (патриоттық) сезім (іс-әрекет) болып келгені ақиқат. Бұл туралы әлемдік және төл тарихымыздың әр бетінен негізді дерек табылады. Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Елбасы осы мәселені тұрақты көтеріп келеді. Ал патриот болу деген ел азаматының адамгершілік және саяси қағидаты, туған жерге, елге сүйіспеншілігі, қажет болса, мемлекеттік міндеткерлікті жеке мүддеден жоғары қоюды талап ететін әлеуметтік сезімі ретінде танылған. Туған елінің құндылықтарын, әсіресе, тілі мен мәдениетін әрдайым құрметпен жоғары ұстап, ол құндылықтарды басқа ұлттар мен ұлыстарға, мемлекеттерге тарату да отансүйгіштіктің белгісі. Отансүйгіштіктің тарихи негізін ғасырлар бойы жинақталған адами тәжірибе соның ішінде ұлт, ұлыс, жалпы этностың артықшылықтары қалайтынын, қажет болса, жанын салып отанды қорғау екенін көне тарих дәлелдеуде. Патриоттық ұстаным ол жеке тұлғаның отанына, азаматтылығына, мәдениеті мен тіліне, ұлттық дәстүріне эмоциялық күйзелісінің айрықша түрі деп анықтауға толық келеді. Әлемдік тәжірибе мен бұл орайдағы теориялық тұжырымдар аясында патриоттық сезім этнос пен ұлттық мемлекеттің қалыптасу жағдайында қоғамдық сананың маңызды құрамдас бөлігіне айналуы негізінде жалпыұлттық тынысты сипаттайды. Әлемге танылған ғылыми мектептердің саяси-зерттеушілік тұжырымдары бойынша адамзат тарихында патриоттық ұстаным бірнеше түрге жіктеліп сипатталған. Солардың бірінші қатарында полистік патриоттық ұстаным - тарихтағы белгілі полистік-қала мемлекеттері; екінші қатарында им - периялық патриоттық ұстаным, яғни им - - периялық мемлекет пен оның билік жүйе - сін қолдап-қорғау; үшіншісі - этностық пат - риот - тық ұстаным негізінде әдетте ұлт, этнос, ру, ата-тек құндылықтарына әрдайым зор сүйіс - пен - шілікпен қарап қорғау; ал келесісі - мемле - кеттік патриоттық ұстаным, яғни мемлекет саясатын айрықша жауапкершілікпен қолдау; сусындық патриоттық сезім (уақытша қолдау, күнкөрістік сезім) - халық пен мемлекетті жеке басқа пайдалы мақсатта қолдау. Әлемдік құнды қазыналар жинақтарында патриот, патриоттық ұстаным жөнінде жан-жақты негізделген арнайы тұжырымды анықтамалар жинақталған. ХХ ғасырда жарық көрген әдебиет мен ғылыми шығармаларда патриоттық туралы анықтама негізіне латындық, гректік түйіндер алынған. Сөз жоқ, сол жинақтардағы тұжырым түйіндерді негізге алу міндетті, неге десеңіз, олар - теңіз беті тәріздес ғасырлар бойғы шығармашылар, зерттеушілер, адами руханиятының тұжырымдары. Ол қазақтың даласы іспетті. Бұл далада көл де бар, асқарына көз жетпес шың да бар. Ызғарлы да шуақты қойнауында Менделеев кестесіне енген элементтердің басым көпшілігі орын тапқан Батыс Қазақстан өңірі, сирағын Cырға, құлашын Алтай мен Атырауға созған Сарыарқасы тағы бар. Қазақтың патриоттық ұстанымы әрқайсымызға бұрын-соңды көрмеген тұмса табиғаттай елестейді. Жаңа бір әлем, жаңа бір ашылмаған арал сияқты таңғалдырады. Бұған сенбесеңіз, жоғары баяндалған патриот түрлерін ой елегінен өткізіп, түйінін барлаңыз. Сонау бала шағымыздан құлағымызға құйылып қалған туған жерге, Отанға, ұлтқа деген ойымызға, іс-қимылымызға иіген сайын, шығармашылық табиғатына үңілген сайын күрделі және аса жауапты шыңға айнала береді. Шынайы патриоттық сезім арқылы бой алатын ұстаным халық жадындағы құндылықтармен дәлелденуі тиіс. Бұл орайда, аяулы ұлтымыздың тарихи иіндері және жарқын да батыл тұлғалары бас кейіпкері болғаны жөн. Осы мәселелер айқындалмай жатса, отансүйгіштің қабағы түксиіп, буырқанып, жан-жағын орап нөсерлей жөнелетіні айқын. Жай нөсерлемейді. Ащы шындығын нақты дерек-дәйекке негіздеп, мәселені тереңнен толғап нөсерлейді. Бұл - шынайы патриоттың табиғатына тән қасиет. Сондықтан да, әр тұлға кейде туған жерінің тауларындай асқақ, биік, сонымен бірге, қатулы көрінеді. Нағыз патриот адам жайшылықта дос-жаранға ашық-жарқын, абайламай сөйлейтін аңғал мінезі кең даланың жон арқасын жібітер жайма-шуақ жазға ұқсайды. Шынайы патриотшыл тұлға ұзақ сапар шегіп елінен жырақтаса, аңқасы кеуіп, сағынышқа толы жүрекпен туған топырағын иіскемейінше мауқы басылмайтын сияқты болып көрінеді. Патриоттық сезімді жоғары қоятын адам ой-өрісі мен іс-әрекеті бойынша өзін ұзаққа сілтейтін тарландай көрінетін болар деп есептеймін. Сол арқылы ол қолдайтындарды батыл шешімге, әділеттің ақ жібін аттамауға, шығармашылық оймен батыл іс-әрекетке, айбынды ерлікке жетелейді. Мұндай қасиеттер дүниеге келген кезден айналадағы құбылыстардан сусындап қалыптасуы шарт. Бала кезден қазақтың жыр-дастандарымен сусындап, далалық салт-дәстүрдің сарқытын қанып ішкен шығармашылық әлемінде де өзіндік даралық, көркемдік ірілікті таңдап білу арқылы келуі мүмкін, яғни отан, ұлтсүйгіштік сипатты меңгеріп, ойлау жүйесі қалыптасқан ұлттың өсетінін адамзат тарихы анық дәлелдеп келеді. Біздің пайымдауымызша бүгінгі күрделі тіршіліктегі, 7 миллиардтан астам адам мекендеген 220-ға жуық мемлекеттен құралған, сан-қилы хикаялы әлемнің қандай да бір этносы болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ болар. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілдес халықтардай Отанын, жерін, суын, табиғатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патриотизмге тәрбиелеу мәселесі
Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу тарихы мен даму жолдары
Жас ұрпақты әскери патриотизмге тәрбиелеу
Қазақстан мен Ресейдегі патриотизмнің қалыптасуы
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тенденциялары
Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізі
Патриоттық тәрбие беру
ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Пәндер