Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие берудің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Экономикалық білім берудің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Мектептегі экономикалық тәрбие мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ...
1.3 «Экономика негіздері» пәнін үйрену процесі кезінде экономикалық тәрбие беру әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Орта мектепте экономиканы оқыту барысында оқушыларға экономикалық тәрбие беру мәселелері ... ... ... ... ... .
2. 2 Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру бойынша тапсырмаларды қолдану технологиясы ... ... ... ...
2.3 «Экономика негіздері» пәнін оқытуда оқушыларға экономикалық тәрбие беру негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 Экономика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4 Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5 Еңбек қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдбиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие берудің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .

1.3 Экономика негіздері пәнін үйрену процесі кезінде экономикалық тәрбие беру әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..

2.3 Экономика негіздері пәнін оқытуда оқушыларға экономикалық тәрбие беру негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Экономика ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4 Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5 Еңбек қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдбиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалған:
ҚР Конституциясы.
ҚР білім туралы заңы.
ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі экономикалық білім беру стандарты, Алматы, 2000, РБК, 38 б.
Қазақстан Республикасы жалпыға білім беретін мектептерде оқушыларға экономикалық білім беру тұжырымдамасы Қазақстан мұғалімі, 2001. №2 , 14-17 б.
ҚР еңбек туралы заңы.
ҚР еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңы.
ҚР еңбек қауіпсіздігінің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама.
ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңы.
ҚР экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы.
Анықтамалар
Экономикалық тәрбие - адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ыңыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған.
Әдіснама - адамның танымдық және практикалық қызметінің әдістері мен тәсілдері туралы ілім.
Тұжырымдама - кез-келген құбылысты ұғынып түсінуді белгілі тәсілі, оны жарыққа шығарудың басшы идеясы, белгілі бір ойдың негізі, әр түрлі көз қарастағы жетекші идеялардың нақты негізі.
Тиімділік деп - кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады.
Тиімділікті арттыру- бұл бір эффекті бірлігіне (өндіріс көлемі, өнім бірлігіне деген және т.б.) шығынды қысқартуға қол жеткізу.
Пайда - тауарды сатудан немесе қызмет көрсетуден түскен табыстың оған жіберген шығындардан алынып тастаған бөлігін көрсетеді.
Шекті табыс - бұл қосымша тауар бірілігін сатқандағы алынатын, қосымша табыс.
Шекті өнімділік - бұл қосылған өнім, осы өндіріс факторының бір бірлігіне ұлғайған кезде алынады.
Шекті пайдалылық - тауар немесе қызметтің бір қосымша пайдалылығы.
Еңбек қорғау - еңбек процесі кезінде өндірістік жарақаттануды жою немесе төмендету адамның жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын сақтап қалу еңбек процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық, гигиеналық, техникалық және емдік-профилактикалық шаралардың жиынтығы.
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы;
АҚШ - Америка Құрама Штаты;
HBS - Harvard Business School;
ОТҮ - оқу тәрбие үрдісі;
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы;
ЮНЕСКО - Организация Объединенных Наций по вопросам образования, науки и культуры (англ. United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization, UNESCO);
МЕСТ - Мемлекеттік стандарт;
ЕҚСЖ - еңбек қорғаудың стандарттар жүйесі;
СНиП - санитарные нормы и принципы;
ОПГ - порошкообразный герметичный огнетушитель
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Мамандар мектеп тәжірибесінде экономикалық білім дағдыларды ұжымдағы экономикалық білім мен тәрбие беру ісінің жиынтығы деп қарап, оны отбасында шаруашылық-тұрмыстық, қоғамдық пайдалы істегі, күнделікті қарым-қатынастағы жұмыстардың тәжірибелік нәтижесі, олардың рухани экономикалық сұраныстарын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет деп түсінуге болады.
Тәрбие жұмысы тәжірибесі мен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет деген ұғым жиі кездеседі.
Экономикалық білім, басқа білім түрлері сияқты, белгілі бір білім жүйесін игеру, экономикалық есептеуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, өндірістегі іс-әрекет экономикасын талдауда меңгеріледі.
Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ыңыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған.
Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерге экономикалық қызмет, қоғамымыздық экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру[1, 19-б.].
Ауыл мектебін, жалпы ауыл мәдениетін көтеру үшін мемлекет тарапынан көптеген іс-шаралардың жоспарланып жүзеге асырылуы - біз қарастырып отырған мәселенің әлеуметтік маңыздылығының айғағы. Атап айтқанда, Үкіметіміздің 2003 жылғы 4 ақпандағы № 128 қаулысымен Ауыл мектебі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, 2009 жылдан бастап Дипломмен ауылға бағдарламасы іске асырыла бастады. Бұл ресми құжаттар қазақ елінің қазығы болған ауыл үшін де, жастар үшін де ұтымды ұсыныс екені анық. Өйткені бұл бағдарламаларды іске асырыуда тек ауыл ғана емес, мемлекеттің де, ұлтымыздың да ұтары көп.
Сонымен қатар бүгінгі таңда ауыл мектептерінде болып жатқан инновациялық процестер экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және өзге де аса маңызды мәселелерді шешу қажеттілігіне бағытталып, ауыл оқушыларын білім беріп тәрбиелеуде, олардың ой-өрісін дамытуда және мәдениетін қалыптастыруда жаңа мүмкіндіктер беруде.
Ауыл, мектеп тақырыбы әрқашан да тек қоғам қайраткерлері мен ағартушылардың іс-әрекеттерінің нысаны болып қана қоймай, ғылым саласында да көкейкесті мәселе ретінде ғалымдардың назарынан тыс қалмаған емес.
Педагогика теориясы мен тарихында экономикалық білім беру мен тәрбиелеу мәселелері көптеген зерттеулерге негіз болып келеді. Олардың шешімі П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б. ғалым-педагогтардың еңбектерінен бастау алған.
Экономикалық тәрбиенің философиялық аспектілері ұлы ғұламаларымыз А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаевтардың еңбектерінде көрініс тауып, В.А.Ядов, И.Б.Иткин сияқты Ресей ғалымдардың еңбектерінде орын алған.
Ал экономикалық білім беру мен тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негіздері А.Ф.Аменд, Б.П.Шемякин, А.Е.Эпштейн, А.Т.Шпак, И.А.Сасова т.б. ғалымдардың еңбектерінде атап өтіледі.
Ауыл мектебі оқушыларының экономикалық тәрбиесі мәселелері А.С.Нисимчук, Н.М.Атоев еңбектерінде орын алған.
Соңғы кезде мектеп білім алушыларына экономикалық білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне арналған қазақстандық ғалым-педагогтардың да зерттеулері кең өріс алып келеді. Экономикалық тәрбие мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін С.С.Сатыбалдин, Е.М.Арын, Қ.Ж.Аганина, А.А.Саипов; ал экономикалық тәрбиенің экологиялық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық мәселелерін Қ.А.Сарбасова; ғылыми-әдістемелік жүйесін К.З.Хамитова, М.Анарбаев, Э.И.Қалиева, т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттеп, ғылыми түрде негіздеген. Еңбекке баулу үдерісі кезінде оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие беру мәселесіне Б.Абдикаримов, Г.Т.Хайруллин, Б.К.Момынбаев және т.б.; ал экономикалық мәдениеттілікті қалыптастыру мәселесіне Ш.М.Жарылғапов, Р.С.Амандосова, Р.С.Уталиева; ауыл мектебі оқушыларының экономикалық тәрбиесі мәселелері Ж.А.Жунисбекова, А.Б.Остаева сияқты ғалымдардың еңбектері арналған.
Зерттеу нысаны - жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сыныптарындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні - Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру.
Зерттеудің мақсаты Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру шарттарын анықтап, теориялық тұрғыда негіздеу және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру мүмкіндіктері қолданылса, онда оқушылардың экономикалық білімі жетіледі, өйткені экономикалық тәрбие беру оқушылардың білім мазмұнын тиімді меңгеріп, олардың құзыреттілігінің артуына ықпал етеді.
Зерттеу міндеттері:
- Экономикалық білім беруге жалпы сипаттама еріледі;
- Мектептегі экономикалық тәрбие мақсаты мен міндеттері қарастырылады;
- Экономика негіздері пәнін үйрену процесі кезінде экономикалық тәрбие беру әдістемесіне шолу жасалды;
- Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру бойынша тапсырмаларды қолдану технологиясы анықталды;
- Экономика негіздері пәнін оқытуда оқушыларға экономикалық тәрбие беру негіздері анықталды.
Зерттеудiң әдiснамалық және теориялық негiздерi: таным теориясы, іс-әрекет теориясы, құбылыстардың өзара байланысы және жеке адамның таным субъектісі ретінде дамуы туралы философиялық тұжырымдар мен теориялары, біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы, экономиканың даму заңдылықтары, мектеп білім алушыларына экономикалық білім беру әдіснамасы мен теориясы.
Зерттеудiң көздерi: зерттеліп жатқан мәселе бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері, педагогика ғылымының тұжырымдамалары, білім беру мен тәрбие мәселелері жөнінде нормативті құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы, Қазақстан-2030 стратегиясы, Жалпы білім беретін мектептерде экономикалық білім беру тұжырымдамасының жобасы, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушыларымен тәжірибелік-педагогикалық жұмыс қорытындылары.
Зерттеудiң әдiстерi: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау, экономикалық білім беру бағдарламаларын, жеке әдістемелік құралдарды талдау, синтездеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, тестілеу, педагогикалық модельдеу, математикалық-статистикалық өңдеу, т.б.
Зерттеудің негізгі базасы: Шұбарағаш орта мектебі
Диплом құрылымы: диплом кіріспеден, бес тараудан, зерттеудің тұжырымдамасы келтірілген қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1 Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1 Экономикалық білім берудің жалпы сипаттамасы
Нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты экономикалық білімге деген сұраныс күшейді. Экономикалық білім тек экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндерге, ғылыми - экономистерге немесе экономика пәні оқытушыларына ғана керек емес, сонымен қатар экономикалық білім күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр.
Экономикалық білім беру мәселесінің ғылыми-теориялық негізде зерттелуі қоғамдық қажеттілік болып табылады. Себебі, бүгінгі таңдағы білім берудің аса маңызды міндеттерінің бірі - оқу жоспарларын, бағдарламаларды, оқулықтарды, көрнекі құралдарды әлеуметтік - экономикалық және ғылыми - техникалық прогрестің талаптарымен сәйкестендіру болып отыр. Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында білім мазмұнын жаңарту мен жетілдірудің орны бөлек.
Білім мазмұны әлеуметтік-мәдени феномен ретінде жинақталған әлеуметтік тәжірибе бөлігін қамтитын интегративті жүйені белгілейді. Өз кезегінде білімнің нақты мазмұны арқылы қоғамның әлеуметтік прогресін қамтамасыз ететін мәдениет сабақтастығы жүзеге асырылады. Осыған байланысты адамзат дамуының барлық сатыларында білім мазмұнын қалыптастыру мәселелері қоғам өмірінің әлеуметтік- мәнді жақтары болып табылады.
Болашақ мамандарды қоғамдық өмірге дайындау - қоғам дамуының белгілі сатысындағы мемлекеттік қажеттілігіне байланысты, оның орындалуы экономикалық күш - қуаты мен саясатына тәуелді. Сондықтан да бүгінгі таңдағы білім мазмұнының жаңаруына, өзгеруіне, жетілуіне байланысты, экономикалық білім мазмұнын анықтаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ең алдымен экономикалық пәндерді оқытуда мамандардың экономикалық ойлау, адамгершілік және іскерлік, үнемшілдік, қоғамдық белсенділік, шешім қабылдау, шығармашылық мәдениетке даярлау, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру міндеті тұр[5, 157 -б.].
Экономикалық білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің ХХІ ғасыр басындағы өзекті мәселе. Экономикалық білім мәселелері өз бастауын ежелгі грек ойшылдары Ксенофонт, Платон, Аристотельдерден алып, экономист-классиктер: Адам Смит, Д. Рикардо, К. Маркс, Р.Оуэн, К. Сен-симон, Ш. Шурье, Дж. М. Кейнс, қазіргі белгілі ғалымдар В. Андрианов, У.Ж. Алиев, Е.М. Арын, В.П. Даринский, С. Савичев, И.А. Сасова, С.С. Сатыбалдиндердің ғылыми-теориялық еңбектерінде жалғасын тапқан.
Зерттелген еңбектерге талдау жасай келе, экономикалық білім мен тәрбие беруге қатысты ғылыми еңбектерді бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Экономикалық білім беру мәселесінің педагогика ғылымында зерттелу бағыттары келесі суретте көрсетілген.
Экономикалық білім мен тәрбие берудің педагогика ғылымында зерттелуі
Авторлар
Бағыттары
А.Е. Эпштейн, В.Любимов, А.Т. Шпак, И.А. Сасова, Л.Л. Любимов, С. Равичев, М.П. Мельникова, Т.Е. Сергеева, Қ.Ж. Аганина
Экономикалық білім мен тәрбие берудің теориялық -әдіснамалық аспектілері
Ю.К. Васильева, В. Симонов, А.А. Саипов, Э. Калиева, Ш.А. Сайыпназаров, Р. Садвокасова, М. Анарбаев, А. Дәулетқұлова.
Жеке пәндерді оқыту процесінде
М.А. Малышева, И.В. Первин, Б. Әбдікәрімов, Б.К. Момынбаев, К.А. Дүйсембаев, Ә. Мүсілімов, С.Е. Шишов, Э.А. Ушуров.
Еңбекке баулу және өндірістік еңбек үрдісінде
А.С. Нисемчук, Н.М. Атабаев, В.А. Товстик, Л.К. Керимов т.б.
Жанұяда және сабақтан тыс жұмыстарда
М.Ш. Кадирова, Х.Р. Матекубов, О.А. Малиновская, С.А. Репин, А.К. Ахметов т.б.
Экономикалық бағдар беру барысында
И.В. Липсиц, Л.Л. любимов, Р. Равичев, С.С. Сатубалдин, С.М. Мусабеков, Қ.Ж. Аганина
Арнайы экономикалық білім беру барысында
1 Сурет - Экономикалық білім берудің зерттелу бағыттары.
Экономиканың оқу пәні ретінде мына қағидалар негізінде құрылуы тиіс:
- гуманитарлылық (экономикалық ойлаудың білімнен басымдылығы);
- объективтілік (ақиқаттың эмоциялардан басымдылығы);
- идеологиядан тыс болуы (экономикалық білім саяси дәлел бола алмайды);
- этникалық ерекшеліктер (дүниежүзілік тәжірибе мен ұлттық ерекшеліктердің үйлесімділігі);
- психологиялық сәйкестік (психиканың жас ерекшеліктерін есепке алу);
- өзектендіру (теория мен тәжірибенің байланысына негізделуі);
- интегративтілік (жалпы мектептегі оқу пәндерімен байланыс).
Осы қағидалардың барлығының үйлесуі экономиканы оқытуды қызық әрі уақтылы негізгі оқу пәніне айналдыруға мүмкіндік береді[13, 56 - б.].
Қазіргі нарық заманының талабына сай кәсіптік білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат болашақ мамандарға экономикалық білім бере отырып, олардың терең экономикалық ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде болашақ мамандар қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен жаңа қатынастарды қалыптастыруы керектігін ұғынуы тиіс. Демек, қоғамның дамып өркендеуі болашақ мамандардың экономикалық мәселелер төңірегінде болып жатқан барлық өзгерістерге мән беруін талап етеді.
Экономикалық ұғымдардың шығу тегінің негізінде практика, яғни, адамның әрекеті жатыр. Адамның тұрақты жасампаздық әрекеті нәтижесінде, оның табиғатты өз пайдасына қызмет жасауға мәжбүр етудің ұдайы ұмтылысынан экономикалық ұғымдар қалыптасады. Сондықтан генезистік базис принципі негізгі экономикалық ұғымдарды оқып - үйренуге жүзеге асуы қажет.
Экономикалық білім беру тұжырымдамасының принциптері:
- жүйелілік - экономикалық шыңдықтың ғылыми түсініктері туралы, олардың шынайы табиғаты туралы, қарапайым практикалық дағдылардан күрделіліге қарай өтуі туралы әдеттегі білімдердің дамуы;
- білім мен өздігінен білім алудың үйлесімі, оқушылардың практикада алған білімдерін қабылдауға деген талпынысын дамыту,
- интеграция - экономикалық білім элементтерінің басқа оқу пәндерімен синтезі;
- айқындық - экономикалық теорияның әртүрлі бағыттарымен танысу, оқушыларды адамгершілік құндылықтарға бейімдеу;
- үздіксіздік - оқытудың барлық деңгейінде экономикалық білім беру жүйесін қамту.
Экономиканы оқыту үшін қажетті экономикалық ақпарат көздерін анықтай отырып, ақпаратты жеткізу, дайындау жұмыстың қолайлығы, көрнекілік, түсініктілік тәсілдері бойынша оларға (кітаптар, бейне (видио), аудио, компьютерлер, теледидар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) және түрлі формада (сөйлеу, жазбаша мәтін, дыбыстық және бейнеқатар, график, сызба, сурет, фотография) берілетін ақпараттарға әркез талап қою қажет.
Экономиканың мәні, мағынасы жайлы түсінік қалыптастырып, экономикадағы адам ролі, оның қажеттіліктері мен еңбегінің мәнін анықтау, экономиканың негізгі мәселелерін шешу арқылы адамға тигізетін пайдасын оқып біледі. Сонымен қатар тауар мен қызмет көрсету өндірісіне қажетті қорларды, адам мен қоршаған ортаның біртұтастығын түсініп, қорларға ұқыпты қарау қажеттілігін қалыптастыру мақсаты тұр. Экономикалық жүйелер ұғымымен танысып, нарықтың құрылымын танып, біліп үйренеді. Макро және микроэкономика ұғымдарының мағынасын ашып, кәсіпкерлік ұғымына анықтама береді. Ақша, бюджет, қаржы жүйесімен және олардың ролімен танысады. Оқушылар қоғамдағы жалпы және ұлттық табыстың түрлерімен танысып, табыс көздерін ажырата білуге үйренеді. Халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі өмірдегі мәнін түсіне білуге баулиды. Бұл сатыда оқыту өзара байланысты үш жүйеден тұрады[10, 90-б.].
Экономикалық білім беру
Экономикалық тәрбие беру
Экономикалық ойлауды қалыптастыру
2 Сурет - Экономикалық оқытудың үш жүйесі
Бұл жүйемен оқыту алдыңғы курстардағы білім мен біліктілікті тереңдетуге, басты экономикалық заңдылықтарды жаңа сапалық деңгейде қайталауға, оқушылардың жас деңгейіне байланысты экономикалық тапсырмаларды күрделендіре беруге негізделген.
Ал 10-11 сыныптарда экономикалық процестер мен азаматтардың іс - әрекеттері, оның нарықтық экономика жағдайындағы түрлері туралы білімі тереңдей түседі. Кәсіби білім алу сатысында қоғамымыздың экономикасының нарық қатынастарына көшуіне қатысты жүйелі сұрақтары оқытылып, нарықтың әлеуметтік - экономикалық - табиғаты және оның пайда болу тарихы туралы білім беріледі.
Экономикалық білім берудің бастауы - үнем мен ұқыптылық.Ал оны ұйымдастырудың жолдары мыналар.
Біріншіден - мұғалімдер оқушыларға жіне ата - аналарға үнем мен ұқыптылықты үйретулері керек.Мәселен сатып алынатын нан 22,25,20 теңге оны 20 теңгеден алса, күнделікті киімді ұқыптап кисе, және т.б.
Екіншіден - мектептің педагогикалық ұжымы барлық ата - аналарға үнем мен ұқыптылық жөнінде бірыңғай талап қойса (Оқушылардың бірыңғай киінуі, оқу - жазу журналдарын үнемі пайдалану.)
Үшіншіден - тәрбие жұмысының барысында, сынып тәрбие сағаттарында үнем мен ұқыптылық жөнінде, әсіресе оқушы, ұқыпты ата - ана жөнінде айтып, жақсы тәжірибелерін ортаға салса.
Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінде экономикалық білім берудің қазіргі кезеңдегі жағдайына төмендегіше сипаттама беруге болады. Орта мектептегі Экономика Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жеке пән болып есептелмейді. Экономикалық білім негіздеріндегі алғашқы түсініктер математика, экономикалық география, қоғамтану, еңбекке баулу дүние тану сияқты пәндер мазмұнының құрамына енеді. Оқушылардың танымдық көзқарасын қалыптастыруда қоғамдық пәндер арасында Экономика топ бастаушылар қатарынан орын алатынын тәжірибе көрсетіп отыр және ол мектеп оқушыларын экономикалық дайындаудың сұраныс талаптарының өсуіне жауап береді. Осыған байланысты республиканың көптеген мектептері жаңашыл-ұстаздарының тәжірибесіне сүйене отырып, базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігінде қарастырылған сағаттар саны есебінен орта және мүмкіндігіне қарай бастауыш сатылардан бастап экономиканы оқыту жолға қойылуда .
Іс тәжірибедегі экономикалық бағдарламалар оқушылардың іскерлік қарым-қатынас, іскерлік жетістіктері мен т.б. біліктіліктерді меңгертуге көмектесетін клубтық және үйірмелік сабақтар арқылы сонымен қатар, бизнес пен кәсіпкерлік және экономикалық білім негіздері бойынша факультативтік курстар арқылы да іске асырылуда.
Ал, 1997-1998 жылдан бастап Павлодар, Қарағанды облыстарындағы мектептерде эксперимент түрінде бастауыш мектептерге экономика пәні бойынша оқулықтар мен жұмыс дәптерлері Павлодар облыстық білім саласы қызметкерлерінің білімін көтеру және қайта даярлау институты базасындағы экономика кафедрасы мамандарының тікелей араласуымен енгізіле бастады. Павлодарлық ізденушілердің бастамасын әрі қарай жалғастырып, 5-11 сыныптарға арнап оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар дайындаудың дидактикалық талаптарын зерттеу және оларды жасауға дайындық жұмыстары жүргізіле бастады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі мектептерде экономикалық білім беру ісіне үлкен көңіл бөлуде. 2000 жылдың 24 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы мектептерінде Экономика білімдерінің негіздері курсын оқыту туралы №155 бұйрығын іске асыру мақсатында оқушыларға экономикалық білім берудегі көптеген істер қолға алынды. Солардың бірі Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясында академик, экономика ғылымдарының докторы, профессор, С.Сатыбалдиннің басшылығымен, диссертанттың тікелей қатысуымен, авторлар тобы дайындаған, 5-11 сыныптарға арналған Экономикалық білім негіздері төл оқулығы жарық көріп, республика мектептерінде сынақтан өтіп, Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 914 бұйрығына және 2003 жылдың 24 желтоқсандағы № 814 бұйрығына сәйкес пайдаланылуда[9, 96-б. ].
Соңғы уақыттарда экономикалық білім мазмұнын анықтау, білімге қойылатын талаптарды нақтылау мәселелерімен қоса, экономика пәні мұғалімдерін даярлауға да ерекше мән берілуде. Экономика пәні мұғалімдерін даярлау - оқушыларға экономикалық білім берудің қажетті алғышарты.
Тұтас педагогикалық процесте оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие берудегі мұғалімнің даярлығын біз қалай түсінеміз? Болашақ мұғалімдерді экономикалық біліммен қаруландыру - жоғарғы мектептің біртұтас педагогикалық процесінің құрамдас бір тармағы. Экономикалық әрекеттерге дайындық мұғалімнің жеке тұлғасының әлеуметтік және кәсіби позициясы ретінде көрінеді. Студенттердің оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие берудегі ұйымдастырушылық дайындықтары деп нарықтық экономикалық саясатта жүзеге асырылатын экономикалық әрекеттердің мазмұны, формасы менқұралы жөніндегі білімдеріне негізделген үздіксіз әрекеттер жүйесін түсінеміз. Дайындық мұғалімнің оқушыға экономикалық білім мен тәрбие берудегі негізгі педагогикалық және кәсіби-экономикалық білімі, іскерлігі мен дағдысының өзіндік, сандық және сапалық ерекшеліктерін білдіреді. Мұндай әрекеттерді ұйымдастырудағы мұғалімнің дайындықтарының деңгейі сәйкес критерийлер қатарымен анықталады. Сондықтан, студенттердің оқушыларға экономикалық білім берудегі дайындықтарының көрсеткіштері ретінде А.К.Ахметовтың ұсынған студенттердің кәсіби-экономикалық бағдарын қалыптастырудың үш деңгейлік қатарын алдық.
Дайындық ұғымының мәні мұғалімнің жоғары саналылығын, істі ұйымдастырушылығын, экономикалық саясатының мәнін терең түсіне білушілігі және оны өз іс-әрекетінде қолдана білу іскерлігінің кәсіби-экономикалық бағдарының болуы[8, 124-б.].
Қазіргі кезде экономика пәні мұғалімдерін дайындаудың бағыттары:
oo жоғарғы білімді педагогтарды арнайы курстарда дайындау арқылы.
oo жоғарғы білімді экономистерді, арнайы курстарда дайындық арқылы.
oo экономика пәні мұғалімдерін, арнайы мамандық беру негізінде, педагогикалық жоғарғы оқу орындарында дайындау .
1.2 Мектептегі экономикалық тәрбие мақсаты міндеттері

Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғымды пайдаланбағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, Еңбегі қаттының ембегі тәтті, Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі, Еңбек - түбі береке, Үнемшілдік-сараңдық емес, Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның, Сараң дүниенің малын жыйса да тоймайды деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс- тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады. Мәселен, Мал өсірсең - қой өсір, өнімі оның көл-көсір деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса, ешкінің өсімталдығы мен оның да пайдасы көп екендігін: Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи деп нақты ұғымды кеңестер береді.
Тіпті, қазақ отбасы балаға ертегі арқылы да экономикалық тәрбие бере білген. Оған: Мақта қыз бен мысық, Ақылды қыз бен тазша, т.с.с. ертегілер мен халық арасында кең тараған. Қожанасыр туралы әзіл әңгімелерден де экономикалық құбылыстар мен оларды шешудің тиімді жолдарын аңғарамыз.
Жеті Жарғы заңының бір бабы құн төлеуге арналуы және судың да сұрауы бар деген ата-бабаларымызды кім экономикадан хабарсыз болды дер екен.
Сол кезеңдегі қазақ теңгелерінің дүниеге келуі оның тек қана сауда айналымы үшін ғана емес, өзінің экономикасын жүргізу жолдарын ерте меңгергендігін де дәлелдейді.
Қазақ халқы экономиканың жана - табыс табу мәнін балаға түсіндіре отырып, оның таза жолмен келгені дұрыс екендігін де ескертіп отырған. Табысқа қабілеттілер, еңбекқорлар ғана жететінін, табыс табу, пайда табудан да үлкен өнер екенін жақсы түсінген. Мәселен, Артық олжа- басқа еңбек, Оңай олжа - тұрмас қолға, Шығын шықпай , кіріс кірмейді, - дейді халық[5, 157-б.].
Қорыта келгенде, қазақ отбасында экономикалық тәрбие берудің мәні баланы жасынан еңбекті бағалауға, уақытты ұтымды пайдалануға, үнемшілікке, сараңдыққа салынбауға, ұқыптылыққа, ақша, қаражатқа дұрыс көзқарас қалыптастыру, олардың қалай келетінін немесе табысты да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу деуге толық негіз бар.
Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерге экономикалық қызмет, қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру.
Мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
- Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.
:: Басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т.б. қасиеттерді дағдыландыру.
:: Экономикалық есеп, талдаужасау дағдыларына үйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.
Жас жеткіншектерге экономикалық тәрбие берудің белгілі жүйесі:
:: Экономикалық тәрбие мектепте оқу пәндерін, ғылым негізгісін оқып үйренуде сонымен қатар, оқушылардың қызығуына қарай енгізілген факультативтік сабақтарда беріледі;
:: Еңбек сабағы процесінде;
:: Экономикалық тәрбие қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек барысында іске асады;
:: Экономикалық тәрбие сыныптан және мектептен тыс сабақтарда беріледі;
:: Экономикалық тәрбие отбасында қалыптасады.
Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті экономикаға пайда келтіретіндей етіп ұйымдастыру үшін жоспарлау, еңбекті нормалау, оны механикаландыру, пайдасы мен нәтижесін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың экономика саласында жұмыс істеуі, олардың өз еңбегінің сипатын талдауы арқылы бала экономикалық мәселені түсінуге көмектесетін тәжірибе жинайды, адамгершілігін қалыптастырады, экономикаға деген сенімін арттырады. Қоғамға пайда келтіретін жұмыс істегенде оқушылар бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасқа түсіп, еңбек құралдарын, жиһаздарды күтіп ұстайды. Сонымен, экономиканы тану, іс-әрекет, қарым-қатынас оқушылардың экономикалық санасын қалыптастыратын механизмдер.
Экономикалық санаға нарықтық экономиканың негізгі заңдары туралы білімдер енеді. Олар: өндірістің тиімділігін көтеру, оның бөліктерін қайта құру, өндірістегі қатынастарды жетілдіру, басқару жүйесін және шаруашылықты жүргізу әдістерін жетілдіру. Экономика - тұтас құбылыс, сондықтан барлық халық шрауашылығының тиімділігі (пайдасы) оның әрбір өндірістік бөлігінің тиімділігіне байланысты.
Экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру үшін белгілі бір циклдар бойынша әңгіме өткізуге болады: "Тұрмыстағы экономика", "Біздің айналадағы экономика". Экономика туралы ауызша журнал шығару, радиодан хабар ұйымдастыру, мерекелер, кештер, экскурсиялар, экономика мен халық шаруашылығы саласындағы өзгерістер туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтеді.
Мектеп радиоторабы арқылы экономикалық білімдерді жүйелі түрде насихаттауға болады. "Зауытқа кірер жерде", "Құнттылықты сақтап тұрған күзетшілермен кездесу" сияқты хабарлар жалпы мүлікті ұқыпты ұстаудың маңызын ашады.
Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай еңбектің жаңа түрлері мен әдістерін тез білуге мүмкіндік беретін біліктіліктермен қаруландыру.
Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша ауыл шаруашылығында жүргізетін тәжірибесінде тұқымның ең жақсы сорттарын пайдаланып тыңайтқыштарды дұрыс қолдануға, өсімдіктерді қоректендіруге, нәтижені көруге үйренеді. Оқушылар өндірістік бригадада ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибе жүргізеді. Республикамыздың әр түрлі аймақтарында топырақтың құрамы және ауа райы ескеріліп, тәжірибе жасау үшін берілген учаскеде мәдени өсімдіктер өсіріледі.
Өсімдіктерді өсіріп, мол өнім алу үшін агротехникалық ережелерді жақсы білу керек. Әсіресе еске алатын басты нерсе -дақылдар егілетін жердің топырағындағы өсімдікке керекті қоректі заттардың мөлшерін агрохимиялық зертханада анықтау. Содан кейін бір гектар жерге өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін әр түрлі тыңайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйеніп, топырақты қоректендіреді.
Химия сабақтарында оқушылар зертхана жабдықтарын, аспаптарды, реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі материалдарды, жылу энергиясын, суды үнемді жұмсауға үйренеді, эксперимент жасайды. Экономикалық тәрбиеде оқушылар ұлттың кіріс, қаржы, еңбекақы, пайда, өзіндік құн, акция, бизнес нарық, ақша, т.б. ұғымдарды меңгереді. Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттардың бірі. Қоғам өмірінде материалдық заттардың жасалу негізін, қоғам өмірінің құпия сырларын, қоғамды қайта құруға әсер ететін жағдайларды, адамның шешуші рөлін ұғындыру да экономикалық тәрбиенің міндеті.
Қоғамдық циклдағы пәндер негізі экономикалық ұғымдарды меңгертеді. Оқушылар экономикалық базистің өндірістік қатынастар жиынтығынан тұратынын, өндіргіш күштерді, олардың орналасқан жерін, әр түрлі экономикалық жүйені, оларда қандай меншік түрлері бар екенін, материалдық игіліктерді бөлу тәсілдерін біледі. Ғылыми-жаратылыс сабақтары оқушыларға өндірісте қолданылып жатқан ғылым мен техника жетістіктерін көрсетеді, олардың еңбек өнімділігін арттырғаны туралы айтады. Өндірісті дамыту міндеттерін шешуге оқушылардың информатика және есептегіш машина негіздерін оқуы, компьютерді үйренуі тікелей әсер етеді[7, 37-б.].
Өнімді еңбек жасөспірімді, қыздар мен жігіттерді еңбекті ұйымдастыруда кездесетін мәселелермен, жоспарлаумен, технология талаптарын саңтаумен, өнім сапасына, өндіріс тиімділігіне, оны жетілдіруге қойылатын талаптармен таныстырады. Еліміздің экономикалық дамуын жалпылай оқу да маңызды.
Мектепте оқу пәндерін өтуде экономикалық тәрбие жұмысын жан-жақты жүргізуге болады.
Бастауыш сыныптарда біздің экономикамыздық негізгі түсініктері енгізіледі.
Жоғары сыныптарда мектеп оқушыларының мамандық таңдауға даярлығын қалыптастыруды аяңтау керек, қоғам үшін, оиі үшін ең тиімді еңбек жолын бастауға тиіс. Қала мектептерінде жоғары сынып оқушылары үшін еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру, жоспарлау негіздері, өндірісті ұйымдастыру мен экономика мәселелері бойынша оқушылардың экономикалық түсініктерін қалыптастыру мақсатында оқушыларды еңбекке даярлау бағдарламасының бәрінде де өндіріс туралы негізгі мәліметтер, қазіргі өндірісте еңбекті ұйымдастыру негіздері, өндірісті жоспарлау экономикасы және ұйымдастыру негіздері тақырыптары қамтылады.
Ауыл мектебінің жоғары сыныптарында еңбек сабағы бағдарламасында Ауыл шаруашылығы экономикасы және оны ұйымдастыру тақырыбы енгізіледі.
Экономикалық тәрбиенің негізі отбасында, балалар бақшасында, мектепте қалыптасады. Ол ата-аналардың, мұғалімдердің, жұртшылықтың бірлесе күш салуымен іске асады. Мектепте экономикалық тәрбие бүкіл оқу-тәрбие процесінің негізінде іске асырылады.
4. Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер:
:: Жаттықтыру. Әр түрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, электрқуатын, суды, газды үнемді пайдалану, т.б.
:: Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативте, үйелмендік мердігерлікте немесе үйелмендік шығармашылық қожалықтарында, мектептерде шағын мал, құс фермаларында қолдануға болады. Тәжірибелік және эксперимент жұмыстарының мақсаты - оқушыларды өнімді бағалай білуге, бизнес, ақша мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
:: Экономикаға байланысты есептер шығару - еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.
:: Сандық материалдарды талдау әдісі - саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау.
:: Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
:: Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту.
Қазіргі кезде болып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек. Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтың экономикаға байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектептің педагогикалық ұжымдарының төл ісі.
Оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды меңгерту. Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру[11, 131-б.].
Мектептегі экономикалық тәрбие міндеттері төмендегідей:
1. Қоғамның нарықтық экономика заңдары мен заңдылықтары, меншіктің түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылықтары жөнінде білімдер игерту.
2. Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясатын, өндірісті жедел қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешудің жолдары мен әдістерін жақсы білетін, өзінің оқу-өндірістік іс-әрекетінде жоғары нәтижеге жетуге қабілетті, өз ісіне ие бола алатын, өзіне және қоғам игілігіне ұқыпты қатынас жасайтын тұлғаны қалыптастыру.
3. Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай, еңбектің жаңа, алдыңғы қатарлы түрлері мен әдістерін тез игеруге мүмкіндік беретін біліктермен қаруландыру.
Оқушылардың ең алғашқы экономикалық білімі әр түрлі пәндер бойынша сабақтарда қалыптасады. Сондай-ақ сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда оқушыларға меншік түрлері, тұтынымға сай игілікті жасау бағыттары, еңбек және өндірістік тәртіп, жалақы сияқты ұғымдар қалыптасады.
ҚР Тәрбиенің кешенді бағдарламасында оқушылармен жүргізілетін экономикалық тәрбиелік жұмыстардың тиімділігінің көрсеткіштеріне төмендегілер жатқызылады:
- оқушылардың негізгі экономикалық ұғымдарды, ҚР түбегейлі экономикалық реформаларын біліп, түсінуі;
- еңбекті экономикалық өлшемдер тұрғысынан ұйымдастыра білуі;
- жеке және қоғамдық байлыққа аялы қатынас жасауы;
- адамгершіліктік-еңбек борышын саналы сезінуі және халық шаруашылығы күйі мен дамуына қоғам алдындағы жауапкершілігін ұғуы т.б.
1.3 Экономика негіздері пәнін үйрену процесі кезінде экономикалық тәрбие беру әдістемесі
Экономика пәнін оқыту әдістемесі - экономиканы ұғынудың заңдылықтарын, оның қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылымның бір саласы. Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту барысында мұғалім дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі теориялық қағидаларына сүйенеді.
Бүгінде біз алған экономикалық білімнің қажеттілігін әрбір басқан қадам сайын, дүкенге барғанда немесе телидидарды қосқанда, газет бетіндегі мақала авторының көпшілік оқырмандар үшін көбіне түсінікті бола бермейтін арнайы экономикалық терминдерді өте жиі қолданатындығын айтпағанның өзінде де байқаймыз.
Экономикалық бағыттағы пәнді оқу оқушы мүддесінің аясын кеңейтуі керек, оны қоғамның экономикалық өміріндегі оқиғаларына қызықтырып әкетуі тиіс. Cіз экономиканы оқи бастағанда біздің елдің экономикалық дамуына қызыға бастадыңыз ба ? деген сауалға оқушылардың 78,6 % мақұлдап жауап берген, 28,4 % қызығатын болған , тек 50,2 % ғана кейбір құбылыстарға қызығушылық танытады. Алайда оқушылардың 22,4 % - ы бұл өздерін әзірше қызықтырмайтынын айтады.

oo жүйелілік - экономикалық шыңдықтың ғылыми түсініктері туралы, олардың шынайы табиғаты туралы, қарапайым практикалық дағдылардан күрделіліге қарай өтуі туралы әдеттегі білімдердің дамуы;
oo білім мен өздігінен білім алудың үйлесімі, оқушылардың практикада алған білімдерін қабылдауға деген талпынысын дамыту,
oo интеграция - экономикалық білім элементтерінің басқа оқу пәндерімен синтезі;
oo айқындық - экономикалық теорияның әртүрлі бағыттарымен танысу, оқушыларды адамгершілік құндылықтарға бейімдеу;
oo үздіксіздік - оқытудың барлық деңгейінде экономикалық білім беру жүйесін қамту.

Білімнің кез келген жүйесінің басты мақсаты жеке тұлғаны дамыту болып табылады. В.Клафкиге сүйене отырып, пән дидактикасыны әрекетінің бес дәстүрлі саласын анықтауға болады. Пән дидактикасы педагогикалық зерттеу саласы ретіндегі төмендегідей шаралармен айналысады:
1) ұйымдастырудың мақсатын және мазмұнын, формаларын анықтаумен және сәйкес пән бойынша сабақ жүргізу;
2) оқытудың өтетін және мүмкін процестерін талдау;
3) қоғамдық жағдайларды және оқушыларға пәннің әсерін, сонымен қатар оның мектеп оқу бағдарламасындағы орнын талдау және рефлексиялау;
4) мектеп пәнінің жағдайын және одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талдау және ркфлексиялау;
5) мектеп пәні мен осы пәнге сүйенетін тиісті ғылыми пәндердің арасындағы өзара байланысты анықтау[12,40-б.].
Экономика бойынша оқыту тұжырымдамасын дайындау барысында, Х.Каминскийдің пікірінше, рөлдік ойындар, нақты оқиғаларды зерттеу, жобалар, кәсіпорынды зерттеу, сценарийлер, іскерлік ойындар тәрізді іс-әрекет түрлері ерекше рөл атқарады, себебі экономика және еңбек әлемінің кешенділігі процестер мен құбылыстарды түсінуге мүмкіндік беретін әдістердің жиынтығын қолдануды ұсынады. Ғалым экономика сабағында іс -әрекеттің келесі түрдегі негізгі формаларын атап көрсетеді.
1.Әңгімелесу және баяндама
Әңгімелесу коммуникацияның көне формаларының бірі болып табылады, адамдар бір-біріне бірдеңелерді хабарлайды, бір нәрселер туралы пікірлерін жинақтайды, бір нәрселерді үйренеді және үйретеді.Талдау мен түсінік экономика саласында барлық әрекетті құрайды. Сондықтан әңгімелесу - экономика сабағында ажырамас әдістемелік тәсіл. Мұғалім оқушының жеке тұлғасын дамыту үшін оны игеруі керек.Ол осылайша оқушыларды экономика мен еңбек талаптарына дайындайды.Әңгімелесу яғни ауызша коммуникация - оқудың барлық әдістерінің негізгі элементі және кез келген әдісті қолданудың алғы шарты.
2.Нақты жағдайды үйрену
Нақты жағдайларды зерттеу әдісі өзінің бастауын Бостондағы Harvard Business School-дан (HBS) алады. Бұл жоғары оқу орнының оқытушылары заң қызметкерлерінің казиустикалық тәжірибесіне сүйеніп, дәстүрлі лекциялардан бас тартты. Олардың орнына оқыту негізіне экономикалық тәжірибеден алынған нақты ситуациялар бойынша пікірталастар алынуда. Сол уақыттан бастап HBS нақты ситуацияларды зерттеу бойынша аса бай материал жинақтады және бұл әдісті оқытудың жеке тұжырымдамасына дейін дамытты. Нақты жағдайды зерттеу әдісі әдебиетте Гарвард әдісі аталуы осыдан. Германияда бұл әдіс, әсіресе, менеджерлерді дайындауда, сондай-ақ жоғары оқу орындарының экономикалық факультеттерінде таралған. Мектептегі сабақтарды тәжірибедегі нақты жағдайларды зерттеуге жақындатуға ұмтылыс жалпы білім беретін мектептерде, жекелей алғанда, еңбек, қоғамтану, тарих және география бойынша сабақтарда гарвард әдісін қолданудың артуынан байқалады. Әдістің негізгі құрылымы оқушылардың практикада және құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста алатын тәжірибесіне арқа сүйейді. Олар қандай да бір нақты жағдайды талқылайды, оны шешудің баламаларын іздестіреді, шешімнің өзіндік нұсқасын ұсынады, ол шешімді негіздейді, бұдан соң оны практикада қабылданған шешіммен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz