Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының зерттеу әдістері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының зерттеу әдістері.

Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе (эксперимент), функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.

Бақылау әдісі - сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланды. Бірақ оны лабораториялық және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса, ол бала организміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И. П. Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі "тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды". Дегенмен, балалардың миының қызметін зерттеген кезде бұл әдіс басқа зерттеу әдістерімен бірге организмнің жас ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.

Табиғи тәжірибе -байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты (табиғи) жағдайда қолданады) Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтаған кезде анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.

Лабораториялық тәжірибенің табиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығы бар. Мұнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы ғалым белгілі бір қызмёт өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.

Жасқа сай физиология ғылымында лабораториялық тәжірибе әдісінің бірі болып саналатын функциялық жуктеме немесе сынау әдісі кеңінен тарады. Бұл әдіс бойынша, бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген функциялық жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды. Мұндайда физиологиялық көрсеткіш ретінде сол мүшенің қызметі алынады. Бала организмін зерттейтін физиологиялық тәжірибеде тынысты кідірту, температуралық әсер ету, дененің кеңістіктегі орынын өзгерту т. с. с. функциялық сынаулар қолданылады. Ең көп қолданылатындары мөлшерленген дене жөне ой еңбегі. Мысалы, зерттеуші баланың тыныштықтағы қалыпты жағдайында жүрегінің соғу жиілігін анықтайды, содан кейін бала 100 м жер жүгіріп өткен соң оның жүрегінің соғу жиілігін тағы да тексереді. Сөйтіп балаға берілген осы жүктемеге бейімделу сипатын бағалайды. Дене қызметінде жүктемені дәлірек анықтау ретіндеор геометрия яғни эргометр аспабын қолдану арқылы, жүктеменің мөлшерін дәл анықтау әдісін пайдаланады. Ой еңбегінің сынағы ретінде шектелген уақыт ішінде арифметикалық есепті шығару әдісі қолданылады. Шүл жағдайда зерттелушінің белгілі бір жұмыс қабілеті (айталық ; жүрегінің соғу жиілігі) есеп шығаруға дейін, шығарып жатқан кезде және есепті шығарып болғаннан кейін анықталады.

Жасқа байланысты физиологияның барлық зерттеу өдістері мен амалдары балалар мен жас өспірімдердің организмінің қызметтерін жынысына, жасына сай топталған өр жастағы бірнеше топ балалардың функциялық ерекшеліктерін орта шамамен зерттеуге бағытталған. (Мысалы, әртүрлі жастағы ер балалар мен қыз балалардың жүрегінің соғу жиілігін анықтау) . Бүл әдіс әркімнің жеке басының даму ерекшеліктерін орташа көрсеткішпен салыстыру мүмкіндігін береді.

Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі телеметрия- радиотехникалық беріліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен қашық жерде түрып анықтау мүмкіндігі. Бұл әдісті қолдану балалар мен жас өспірімдердің организміндегі мүшелердің қызметін табиғи жағдайда (ойын, оқу, еңбекпен шүғылданып жатқан кезде) зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіспен алынған мәліметтер өсіп жатқан жастарды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды орын алды.

Қазіргі кезде бала организмін зерттегенде күрделі оптикалық, радиотехникалық және электрондық аспаптарды кең қолданады. Бұл аспаптар бір сәтте ондаған түрлі қызметтерді қатарынан өлшеуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жастардың өсуін антропометрия (дененің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі) арқылы анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын, кеуде шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғанда және тыныштық кезінде) және баланың басының шеңберін сантиметрлік лентамен, дене салмағын таңертең, ұйқысынан тұрған соң (бойын жеңілдеткеннен кейін), тамаққа дейін, арнайы медициналық таразымен өлшейді.

Жасқа байланысты физиологияның әдістерінің нәтижелерін электрондық-есеп аспаптарымен және математикалық статистика әдістерімен есептеп шығарады.

Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы түрлі жағдайлардың (түрлі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы
Гигиеналық факторлар
Өсу мен даму антропометриясы
Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасының дамуы
Дене бітімі дамуының көрсеткіштері
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні, міндеттері, мақсаттары, зерттеу әдістері
Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының пәні
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz