Жастарды отбасын құруға даярлау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

Мөж ; Жастарды отбасын құруға даярлау.

Тексеруші: Жұмабекова. Қ. Б.

Орындаған: Бименов. Қ. Т.

Алматы 2007

Жаңа заман мен қазіргі заман тарихына көз салған адам - әлемнің көптеген елдері индустриалды қоғамға жаппай аяқ басқанын көрер еді. Ал сол қоғамда ертеден қалыптасқан адамгершілік, ар-ождан құндылықтары екінші орынға ысырылып, бірінші кезекте жаңалық тапқыштардың техникалық жаңалықтары мен өнеркәсібі тұрды. Индустриалды дәуірдің озық үлгідегі жаңалықтары Батыс пен Шығыстың, Еуропа мен Азияның арасын етене жақындатып, бір-бірімен араластырып жіберді. Соның нәтижесінде, жаппай ақпараттану дәуірі басталып, жаһандану үрдісі қалыптасты. Ал жаһанданудың басты принципі - қоғамның түрлі саласында әлемдік ортақ құндылықтар қалыптасу керек деген қағидадан тұрады. Жаһандануды әркім әртүрлі түсінеді. Біреулер «Жаһандану - адамзаттың жарқын болашағы» - деп тамсанса, енді біреулер «Жаһандану - әлемдегі дағдарыстың басы» - деп байбалам салады. Мұны көбінесе, дамыған елдердің ғалымдары колдағанмен, технологиясы дамымаған елдердің ғалымдары хош көрмейді. Себебі, жаһанданудың негізгі белгілері-белгілі бір дәрежеде саяси экономикалық даму байқалғанымен әлемде сан түрлі ұлттық ерекшеліктер жойылып, оның орнына адамдарды топас, миғұлаға айналдыратын «көпшілік мәдениет» немесе батыс мәдениеті үстемдік құра бастайды. Осы кезде постиндустриалды қоғамда, посткеңестік мемлекеттерде тұратын халықтар өз тарихына кайта жүгінуге мәжбүр болады. Солардың бірі - қазақ халқы. Себебі, тұрмыс-тіршілігінің бүкіл болмысы мен өмірінің тірегі - адалдық пен адамгершілік принциптерінен тұратын ұлтқа субмәдениеттер, яғни анти әлеуметтік мәдени ағымдар мен бұқаралық мәдениеттер түрпідей тиді. Мұндай шектен шыққан батыстық еркіндік пен түрлі идеологиялық, экстремистік ағымдардың біздің елге ықпалы болашақта да күшейе түсу қаупі бар. Өмір сүрудің, дүниені танудың, жүріс-тұрыстың небір жат үлгілері өзге елдерден адамдар арқылы да, ақпарат көздерімен де демократиялық еркіндікті желеу етіп, кедергісіз келіп жатыр.
Жаһанданудың мұндай мәдени экспансиясына төтеп беретіндей қазақ жастарының рухани һәм мәдени потенциялы әзірге әлсіз. Кеңестік модернизациядан кейін қазақ халқының кейінгі ұрпағы маргиналданып, өркениетгік тамырынан алшақтады. Осы арада қоғамда жастардың бойындағы құндылықтарды сақтап қалу проблемасы туды. Себебі, қазақ баласының бойынан осы дәстүрлі құндылық деп аталатын ұлы қасиеттер көше бастады. Оған - саудаға сүйенген, тек алдау арқылы пайда табуды көздеген капиталистердің адам бойындағы ақылға көнбейтін көрсеқызарлық деген күшті қасиеттерді жақсы пайдалануы себеп болды.
Яғни, адамды кызықтырып, ақшамен арбап, ерсі қылықтар жасауға дағдыландырды. «Халық», «Ұлт», «Отан» деген ұғымдарды ұмыттыру үшін, Батыс отарлаушылары адамгершілік кағидалары мен ұлттық мәдениетгі жоюға ұмтылды.

Өйткені, халық жаңағы қызылды-жасылды қызыққа алданбай, ғасырлардан бері қалыптасқан өз руханияты мен ұлтшылдығы оянып кетсе, теспей соруға көнбей, технология мен ғылымды игеріп, бірлігін нығайтып, күшейіп кетеді деп сескенеді.
Сондықтан олар ұлттың есін жиғызбай, адами қасиетке жат, корсеқызарлықты қоздыра беретін ұстамсыз мәдениетті үсті-үстіне тықпалай бермекші. Жаһанданудың ең қауіпті сипаты осы. Бұл дертке шалдыққан адам - ұят, инабат деген қасиеттерді ұмытады.

Ондай адам өз ұлтының ғасырлардан бері келе жатқан рухани мұраларына қызықпайтын болады. Өйткені оны сол «тәрбиеші БАҚ» өзінің субмәдени қаңсығымен қарық қылады. Біздің жоғарыда келтіргеніміз - жаһанданудың батыстық, секуляризацияланған зайырлы ықпалы. Ал оның мұнан өзге - шығыстық, дәлірек айтсақ, араби ықпалы бар.

Ықпалдың бұл түрі - теологиялық принциптің сыртқы формасына қатып қалып,
оның теориялық философиясына мән бермей, догмалық түрдегі фундаментализмге негізделеді. Жаһанданудың мұндай ықпалына ұшыраған адам - Батыстық ықпалға ұшыраған адамға қарағанда, анағұрлым қауіптірек. Себебі, мұндай адам- мемлекетті ұстап тұрған күллі ұстанымдарды жоққа шығарады. Ол төмендегідей жағдайда көрініс табады.

Мемлекет - белгілі бір этностың тарихына, бірлігіне сүйеніп құрылады. Егер, этностың бірлігі бұзылса, мемлекеттің де тұтастығы бұзылады. Араб елдерінен келетін ислам - сол елдердің саяси-әлеуметтік құрылымынан шыққандықтан, «Конституция, зайырлы мемлекет деген дұрыс емес, елдің бәрі шариғатпен жүріп тұруы керек, » - деген идеяны насихаттайды.

Яғни олардың айтуынша, конституция, зайырлы мемлекет деген болмай, халифат құрылып, елдің бәрі шариғатпен өмір сүруі тиіс екен. Ал, олай бола қалған жағддйда, халифаттың орталығы, міндетті түрде, Араб түбегінде болады. Осылайша олар бірінші кезекте ұлт санасындағы ең қымбат дүние - мемлекеттік модельді жояды.

Ұлттың өз тұтастығын сақтауының екінші кепілі - тіл. Кез-келген есті адам рухани ізденісте болады. Осы кезде ол ана тілінде оқымаса, рухани қоректі өзі оқыған өзге тілден алатын болады. Яғни, орыс, ағылшын, түрік, араб тілдерінде білім алған балалар сол тілдерді ана тілі - қазақ тілінен жоғары қоятын болады.

Ұлттың өз қалпын сақтап, бірлігін нығайтатын үшінші және ең басты ұстын -әдет-ғұрып, салт-дәстүр болатын болса, идеологиялық жаһанданудың батыстық жөне шығыстық үлгісіне шалдыққандар -қазақтың бүкіл дәстүрлерін жоққа шығарады. Олардың айтуынша, ұлттық мәдениеттің өзегі болып саналатын салт-дәстүрі-керітартпа, консерваторлық мәдениетгің үлгісі, артта қалушылықтың белгісі екен.

Тағы біреулерінің айтуынша, бата қылуға, шелпек пісіруге, құран-қатым түсіруге, тұмар тағуға болмайды екен. Әл-Фараби, А. Йүгінеки, Қ. А. Яссауи, М. Қашғарилардан бастап, кешегі Абай, Шәкәрім аталарымызға дейінгі ұлыларымыздың өсиеттерін орындау, айтқан амалдарын қылу - үлкен қылмыс. Мұның бәрі - «құдайға серік қосу» екен. Осылардың құтылмай, өткенін түгел мансұқ кылмай, қазақ таза дін ұстай алмайды екен-міс.

Төртінші ұстын - фольклор, яғни тарихи жады. Халықтың тарихты еске сақтау формасы - фольклор. Егер, біреуді тарихи жадыдан жерітсе, өз халқының күллі тарихи мұрасынан безіп, нағыз мәңгүртке айналады. Бұған- арабтық идеологияның салқыны тиген қазақ жастарының өз идеяларын қабылдамаған ата-ана, туған-туыстарынан тірілей жеруі дәлел. Жалпы алғанда, ұлттық мемлекет - ұлттық идентификация арқылы сақталады.

Ұлт өзінің билік құқығын, дәлірек айтсақ, егемендігін белгілі бір билік орындарына
делегитимдейді, яғни тапсырады. Ал егер, ұлттық тұтастық бұзылып, халифат құрып, шариғатпен жүріп-тұруды жақтайтындар мен мен қазақы болмысты жақтайтын ұлтшылдар бөлініп, ұлт екіге жарылса, ұлтаралық қақтығыстар туады. Ұлттық идентификацияның бұзылуы деген осы.

Қорыта келгенде, бүкіл ойды былай түюге болады. Жаһандануды шартты түрде саяси-экономикалық және идеологиялық жаһандану деп, екіге бөлетін болсақ, біз осының алғашқысын қабылдап, кейінгісін ысыруға тиіспіз.

Себебі, идеологиялық жаһанданудың қай-қайсысы болса да (батыстық субмәдениеттер мен діни фундаментализм), ұлтымыздың менталитетіне жат. Өйткені, мұның екеуі де ұлттық мемлекеттің ең негізгі төрт ұстынын құлатуға бейім. Енді бізге осы екеуінің арасынан «алтын ортасын» тауып, өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай алып өту міндеті тұр. Ол үшін не істеуіміз керек?

Мысалы, сіз құдай қосып, қалаған «құсыңызды» қолыңызға қондырып, отбасылы болдыңыз делік. Жарыңыздың құрсағы алтын болып, бір жылдың ішінде шекесі торсықтай ұл тауып берді. Содан соң, ұлыңыз ер жете келе, оны елге, жұртқа пайдасы тиетін азамат етіп тәрбиелеу проблемасы туады.

Сол кезде сапалы ұрпақ тәрбиелеудің мынадай жүйесін қолданып көріңіз.

1) Балаңыз дүниеге келгенде, оны бесікке бөлеп, бесік жырымен тербетіңіз.

2) Балаңыз 2-3 жасқа келіп, тілі шыққан кезде тілашар, санамақ, жаңылтпаш жаттатып, оның дүние танымын арттыру үшін, үнемі ертегі айтып беріңіз.

3) 4-5 жасында жұмбақ шешкізіп, ой-өрісін өсіру керек.

4) 6-7 жасқа келіп, қаріп таныған уағынан бастап, батырлық жырлар мен қисса-дастандар жаттатыңыз. Бұл жырлар мен қисса-дастандар өскелең ұрпақ санасында елдік, патриоттық сананы нығайтып, халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының мол қайнарынан сусынддтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарында студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық негіздерін анықтау, студенттерді отбасылық өмірге дайындау әдістемесін жасау
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ БОЛАШАҚ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ел басымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына Жолдауы
Жастарды отбасылық өмірге даярлау
Отбасы тәрбиесінің басымдылығын мойындау
Отбасылық дәрігерлік амбулатория туралы ереже
Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау
Жастардың отбасылық өмірге дайындық мәселесін зерттеу
Жұмыспен қамту кеңістігіндегі мемлекеттік жастар саясатының теориялық негіздері
Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz