Ежелгі тас ғасыры
Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат
қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен
басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық
және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.
Қазақстанның тас дәуірі мына кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді:
1. Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.
а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың
жыл.
ә) Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.
б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.
в) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д.Ю-мыңжылдық.
2. Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) -
б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.
3. Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай
археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық
белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен
неолит - голоценге жатады.
Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп
аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық
анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар
аралығында орын алады.
Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының
бастапқы уақыты. Палеолит дәуіріндеп адамдардың қоғамдық ұйымдары өте
күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда
болды. Ол ерте ашелъге сәйкес келеде. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа
әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары
қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі
палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше,
прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып,
неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.
Олдувайлық мәдениет- бұл Homo habilis деп аталған ертедегі адамның
(іскер адам) өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен
(шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерін бәрін қосқаннан да
асып түседі.
Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал
құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чопингтер болған.
Ағылшын тілінде чоппер және чопинг шабатын құрал, балта, кесу
механизмі дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен
жұмыр тасы немесе домалак тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған,
кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген,
дөрекілеу келген кескіш сайман. Чоппингте - соған ұқсас, бірақ екі беті де
өңделген дөрекі құрал. Жаңқалар деп негізінен тастарды өңдегенде алынатын
қалдық түрлерін айтады, бірақ еңбек және аңшылық құралдары және кесуші тас
бұйымдар солардан жасалады деу қате болады. Дайын бұйымдарды (құралдарды)
жасау үшін тасты қашауға шой балға пайдаланылды.
Олдувайлық дәуірде адамдарға от әлі таныс емес еді.
Ашельдік мәдениет 3 кезеңге бөлінеді: ерте, орта және соңғы ашель.
Ерте ашельдік тұрақтарда, олдувайлық ескерткіштер сияқты, чопперлер,
чопингтер т.б. кездесіп отырған. Бірақ бұл жерде жаңа, өзгеше құрал - қол
шапқышы пайда бола бастаған.
Палеолит жәйлі әдебиеттерде қол шапқыш терминінің орнына екі беті де
өңделгең құралды білдіретін бифас термині жиі қолданылып жүр. Бірақ
бифас термині қол шапқыштан гөрі кеңірек ұғым. Олар орта, кейінгі
ашельге және мустьеге тән және сонда кездеседі, сонымен қатар, шабуға емес,
кесуге, қыруға арналған және сүңгінің үштығы есебінде қолданылды. Одан
басқа осы кездері тас бүйымдарды шабатын құрал - кливер пайда болады.
Шапқыш сияқты, ол да екі жағынан да қашалған құралға, яғни бифасқа жатады.
Палеолит туралы әдебиеттерде кливерлерді кейде көлденең жүзді шапқыш,
кескіш деп те атаған.
Дегенмен, ерте ашельдің тас артефактарының негізгі бөлігін әртүрлі
кескіш, қырғыш, тескіш т.б. құралдар бола алатын жаңқалар құрады. Бұл
кезеңнің адамдары аңшылықпен, терімшілікпен айналысты. Балық аулау мен
теңіз моллюскаларын жинаумен де айналысу тәжрибесі жинақталды, енді от та
таныс бола бастады. Ерте ашельдің жасы 700-300 мың жыл.
Орта және соңғы ашелдегі (б.зд. 300-150 мың ж.) тас жинақтарда алдыңғы
дәуірдегі барлық еңбек және аңшылық құралдар сақталды, бірақ оларды
жасаудың жаңа прогрестік белгілері пайда бола бастады. Бұл алдымен
жіңішкере бастаған шапқыштардан білініп тұрды. Анығырақ техникалық прогресс
әсіресе, леваллуалық тас өңдеу техникасында және леваллуалық нуклеус,
жаңқалар жөне пластинкаларда байқалып отырды. Леваллуалық техниканың
мағынасы неде? Бұл кезде кейін құралдарға айналатын жаңқалар мен
пластиналарды сындырып алуды бастамас бұрын, әуелі нуклеустарды барлық
жағынан алдын-ала мүқият қашап алатын болды Бұл техниканың негізгі
өзгешелігі осында еді.
Ертедегі палеолит үшін леваллуа техникасының таралуы ірі техникалык
төңкеріс болды. Орта және соңғы ашель тас жинақтарында өткен дәуірде-ақ
пайда болған майда құралдар - қырғыш, жонғыш, бұрғы т.б. болды. Бұл
кезеңнің ескерткіштерінде тас шоқпарлар, найзалар т.б. кездеседі.
Соңғы ашель дәуірі көптеген зерттеушілер орта палеолит деп белгілеген
мустьемен ауысты. Қазақстан үшін мустье 150-120 - 40-35 мың жылдар
аралығында өтті. Ашельдің соңында және мустьелік дәуірге кешкенде адамның
физикалық құрылысында түбірлі өзгерістер болған деп есептеледі. Осы кезде
ежелгі "Ноmo erеktus" ("тiк жүрген адам") архантроптары палеоантроптарға
айналған. Бұл - ғылымда белгілі мустьелік неандарталь адамдарының уақыты.
Ашелден мустьеге ауысар кезінде адамдардың құрылысында ғана емес, оның
тас өңдеу техникасында, өмір сүру жағдайында, шаруашылығында да өзгерістер
болған. Леваллуалық техника тас бұйымдарды жасау барысында басым бола
бастады. Ұзақ уақыттар бойы мустьелік дәуірде тас құралдарының тек қана үш
түрі - мустьелік үшкір ұшты құрал, мустьелік қырғыш және соңғы ашельдік
түрдегі екі беті де өңделген кішкене шаппа болды деп жалпы мойындалып
келді. Бірақ ғалымдардың көп жылдар бойғы зерттеулері мустьеде бірнеше
ондаған түрлі бұйымдардың болғанын дәлелдейді, олардың ішінде
негізгілерінен ойықты және тісті құралдар, қырғыш, кескіш, жарықшық және
басқалары бар.
Алғашқы аң аулау шаруашылығы мустьеде жоғары деңгейге жете бастады,
оның терімшілікке қарағандағы маңызы анағұрлым артты. Аң аулау
шаруашылығындағы прогресті тұрақтарда табылған жануарлардың сүйектерінің
көптігінен көруге болады. Сонымен қатар, осы кезде қүс және балық аулау
кәсіптерінен де тәжірибе жинақталды.
Мустьелік дәуірде мекендеу сипаты да өзгерді. Адамдар бұрынғыдай
өздерінің қоныстарын ашық аспан астында, өзен бойында жайғастыруды
жалғастыра отырып, сонымен қатар, жиірек жартас астына, үңгірге қарай ауыса
бастады.
Сонғы палеолит (40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық). Бұл адамның жер
шарындағы климаттық аймақтарда кеңінен орналасу және нәсілдердің, нәсіл
топтарының қалыптасу уақыты болды.
Ойлауға қабілетті адамның пайда болуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі
адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің әрі қарай дамуы
арасында тура байланыстың болуы әбден мүмкін. Бұл құбылыс қоғамдық қарым-
қатынастың ілгері дамуымен, рулық қоғам қалыптасу үдерісімен, адамдар
ұжымындагы қогамдық ұйымның алғашқы айырықша формасы - рулықтың (алғашқы
туыстық рудың) пайда болуымен тығыз байланысты. Туыстық ұйым барлық жерде
аналык жүйелі және аналык тарапты болған, ал әйел қоғамда жоғары орында
тұрған деп пайымдалады. Осылайша аналық ру, өзара қандық туыстық
байланыспен және анасы бойынша есептелетін туыстық арқылы бірігетін
адамдардың экзогамдық тобын құрды. Әйелдердің қоғамдық өмірдегі жоғарғы
жағдайы отбасындағы қауымдық шаруашылыктың ерекшеліктерінен, әйелдердің
ұрпақ жалғастыратын ролінен келіп шыққан еді.
Ертедегі адамдардың идеологиялық танымдарындағы ошақтың ұйтқысы, оның
басшысы ғана емес берекелі сақтаушысы да болған әйелдерге табыну ғұрпы
кездейсоқ құбылыс емес.
Соңғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz