ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙДЫҢ ФОЛЬКЛОРДАҒЫ КӨРІНІСІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙДЫҢ ФОЛЬКЛОРДАҒЫ КӨРІНІСІ

Фольклор туындыларындағы танымдық түсінікті анықтау үшін зерттеліп отырған философиялық ойдың фольклордағы көрінісінің төл ерекшелігін және оқиғалардың тарихилығын сабақтастыра зерделеуде барып айқындалады. Зерттеудің негізгі мақсаты халықтың философиялық ойлау жүйесінің ерекшеліктерін тарихи негіздерін, құрылымы мен шығармашылық арақатынасы жайын ашып көрсету қажет болғандықтан болса да, фольклорлық мұраларға дерек көзі ретінде ықылас қойылды.

Фольклор туындыларындағы философиялық ойдың көрінісі мифтік әпсаналармен тарихи оқиғаларға байланысты аңыз-әңгімелерді саралауда анықталады. Аңыз-әңгімелер мен тарихи әпсаналардың тегін түстеп, өмір тіршілікпен астасып жатқан сыр-сипатын аңғарып пайымдаулар арқылы жасауға болады. Жалпы фольклор туралы ғылыми-зерттеу еңбектерін есте үстай отырып, оның ішінде ертегілер мен тарихи аңыз-әңгімелерге ден қою арқылы философиялық ойдың төл сипатын саралап тануға болады.

Фольклор туындыларында ертегілер мен тарихи аңыз-әңгімелер туралы ой қорытып, ғылыми тұжырым жасаған В. С. Гусев (Эстетика фольклора. Л., - 1967. 114-117 с. ), С. Н. Абзелов (Проблемы международной систематизации преданий и легенд. // Русский фольклор), А. Н. Веселовский (Историческая поэтика. М., 1989), В. П. Аникин (Возникновение жанров в фольклоре. // Русский фольклор. М., 1966) т. б. еңбектерін атап айтуға болады. Бұл ғалымдар фольклор туындыларының төл сипатын анықтап саралауға айтарлықтай үлес қосты.

Қазақ фольклорының тарихи танымдық, идеялық көркемдік ерекшеліктеріне қатысты уақытында Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, Ә. Диваев қатарлы ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Оның ішінде фольклорлық мұраларды филологиялық зерттеулер жасап, жинақтаған кешенді тұжырымдар жасап қалдырған С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұбанов, Е. Ысмайылов еңбектерінің кезеңдік мәні ерекше.

Осы аталған ғалым-зерттеушілердің қай-қайсысы болмасын, халықтың өмір сүру тіршілігінде фольклордың айрықша рөлі болғанын, мәдени-рухани тағдырына ықпал еткенін зерделей отырып, іргелі зерттеулер жүргізгенін атап көрсетуге болады. Бұл зерттеулер филологиялық аспектіде қаралғанымен, біз зерттеп отырған фольклордағы философиялық ойлау жүйесі туралы оның табиғатын танып түсінуге көмектесе алатыны ескеріледі.

Халық даналығы туралы ой-тұжырымдарды фольклорлық мұраларға сүйене отырып жасаған көптеген ғалым-зерттеушілер. Мысалы, Ш. Уәлиханов фольклор жайында «Тарихи аңыздарды» ерекше атап өтсе, Г. Н. Потанин шежірелік әңгімелерді /1/ тарихи өмірдің айғағы ретінде айтып, ерекшелігін танытуды қарастырады.

Фольклордағы «Тарихи адамдар жайындағы аңыздар» деп мән берген М. Әуезов /2/ ауызша фольклордың әдемі айшығы деп «көркем әңгімеге» ерекше ықылас көрсетеді.

Фольклордағы ежелгі таным-түсініктердің көрінісі мәселен мәдени таным-түсініктеріне айналу жолы халық аңыз-әңгімеге, ертегілердегі (ішкі астарлы) ойлау жүйесіне талдау жасаумен пайымдауға болады.

Аңыз-әңгіме, ертегі, әпсана, миф тағы да сол сияқты дүниелер қара сөзбен баяндалатын, белгілі бір оқиғаны жеткізу мақсатында шығарылған фольклорлық туындылар екені белгілі.

Фольклорлық туындылар үлгілерін зерттеуде көптеген философ ғалымдар елеулі де іргелі ғылыми тұжырымдар жасап, бірқатар көңілге қонымды және соны түйіндер мен ой қорытындыларын жұртшылық назарына ұсынуда. Осы тұрғыдан алғанда, Қ. Аманжол т. б. ғалымдар жасаған зерттеулер ерекше назар аудартады. Қазақ философиясының қыр-сырын зерттеп, ойлау жүйесінің тереңдігін, оның ішкі мәні мен астарлы ой құбылысының ерекшелігін көптеген еңбектердегі пайымдаулар мен тұжырымдар арқылы танимыз. Қазақ ертегілері, жыр, аңыз-әңгімелер мен мақал-мәтелдерінің сыйымдылығы мен астарының күрделілігі кімді болса да тәнті етеді. Айтылғанда қазақ мақал-мәтелдері, ертегі-жырлары қарапайым болып көрінгенімен, өте нәзік, күрделі ойдың жүйесін аңғартады. Бірінші жағынан алғанда кәдімгі ұқсас тілдік құбылыс екенін көрсетсе, екінші жағынан алғанда логикалық бірліктер ой қорытындыларын, үшіншіден алғанда астарлы ойдың көркем бейнесі жарқын, нақты болып келуінде. Осындай себептермен философ-ойшылдардың сөздері айтылу құбылысындағы ойдың мәнін танытуы арқылы халықтың танымдық қабілетінің өзіндік ерекшелігін көрсете алған. Халықтың ойлау жүйесінің үлгілері өте ерте замандағы тіршілік тынысынан тұрмысқа орайласудан әдет-ғұрыптарымен байланысуынан, мысалы, «Тегін адам таз болмас», «Ерді кебек ішінде таны» т. б. Яғни, түп тамырын алғашқы қауымдық құрылыс кезінде болған құбылыс ретінде танытады. Айтылған қарапайым сөздің құпиясы өте ертеде жасөспірім баланы сынап, оны дәріптеу үшін, басты шарт жеткіншек ұлдың шыңдалу сәтінен басталатын түрлі қиындықтарға кездесіп, оны ақылмен, абыроймен өткеріп шығуына байланысты, көптеген жырларда, аңыз-әңгіме, ертегілерде айтылатындай ер жетіп, батыр болудың бастапқы сатыларында тұрған ұлды елдің тануы үшін басты шарт өзі де, өзге де сенетіндей дәрежедегі инициациядан (кәмелеттік сынау) өтуі. Мұндай кәмелеттік сынақ олардың орасан зор қиындықтарға дұшар болып, естерінен танарлықтай жағдайда болуымен, амал-айла, әдіс-тәсілдермен мұраттарына жетуі. Сол кездегі дәуір талабына сай халық қалыптастырған этикет-талаптарына лайықты іс-әрекеттер жасау сияқты салттардың болғанын танытады. Оны кез келген фольклор туындыларынан байқауға болады. Мысалы, халықтың ең көне эпос-жырының бірі дүниеге келгеніне кемінде мың жарым жылдан астам уақыт өткен «Қозы Көрпеш - Баян Сұлуды» айтуға болады. Жырдың көптеген нұсқалары бар, барлығында да Қозы Көрпештің, Баян Сұлудың ауылына тазша бала кейпіне еніп, өзінің кім екенін білдірмеудің амалын жасағанын көрсетеді. «Тегін адам таз болмас» - сөзінің ішкі мәні сол кездегі қажеттіліктен туған таным-түсініктің нышаны. Көптеген ғалымдардың зерттеулерінде дамудың өзіндік көрінісі сияқты, ертеде қалыңдығының еліне барған күйеу жігіт міндетті түрде кепеш киіп, тазға ұқсап, өзінің өңін білдірмей бару, салты болғанын айтады. Осыған орай халықтың арасына тараған сөз тіркестерінің өзіндік құпиясы, астарлы мәні осыны ұғындырады. Сол сияқты Алпамыс жырында да, өзін танытпау үшін диуананың киімін киіп келуі, яғни «Ерді кебенек ішінде таны» - кебенек кебін емес, аман болса оралар, келер деген мәнді білдіріп тұрғаны анық, әрі ердің ісіне, қабілетіне қарап бағалау керек деген сияқты ойдың нышаны, өсиет ретінде танылып тұр. «Ерді кебенек ішінде тану» кісінің кісілігін байлығы мен билігіне қарап емес, діліне, рухани тазалығы мен биік санасына қарап бағамдау. Ертедегі Түркілердің ділі мен дүниетанымы бойынша адалдық, батырлық, кісілік басты қасиеттер болып саналып, алтыннан адамды, сансыз байлықтан азаматтықты жоғары санау да «Ерді кебенек ішінде тану» сөз тіркесінің мән мазмұнын аша түседі.

Халық фольклорында өмір тіршілік, адамдар қарым-қатынасы жайлы түсініктер бірте-бірте терең ұғымды қалыптастыра келе, бүкіл халықтың ойлау жүйесінің өзіндік ерекшелігін орнықтырған. Халық өзінің қарапайым ойлауы негізінде, күрделі, астарлы ойдың негізін қалыптастырған. Яғни, барлық фольклорлық туындыларды алып қарасақ, онда философиялық ойлау негізінде қалыптасқан дүниетаным үрдісінің нақтылы жүйесі барлығын танытады. Яғни, өмір сүрген қоғамына орай халықтық ой-сана қалыптасып, өзіндік таным-түсінігіне негіз болғанын аңғартады. Фольклор туындыларында өмірдің барлық жағына қатысты құбылыстар туралы айтылып, философиялық ойдың негізінде ұғымдары, таным-түсініктері орнықтырылған.

Көптеген батырлар жырында халықтың тыныс-тіршілігіндегі күні бүгінге дейін айтылатын дүниетанымдық таным-түсініктер, ұлттық ойлау жүйесінің қалыптасуында ерекше рөл атқарғандығын көрсетеді. Батырлар жырындағы кейіпкерлер шынайы суреттеліп, тәрбиелік, тағылымдық сипатымен ой салып жігерлендіреді, рухын шыңдайды. Адамгершілік, әділдік сияқты танымы терең түсініктерді ұғындыруымен батырларының бейнелері арқылы патриотизм, ұлтжандылық сезімін оятып, халықтың арман-мүддесіне лайықты болмысын анықтап жатады.

Кез келген фольклорлық туындылардың мазмұнында халықтың мүддесіне орайласқан дүниетаным өзегі, түсінік қалыптары мен этикалық ғұрыптарының көрінісі суреттелінеді. Дүниетаным түсініктері, этикалық ғұрыптары болса да сол кезең қалыптастырған сананың көрінісі ретінде космогониялық ұғымдармен тығыз байланыста болғанын аңғартады. Мысалы, қағандарын «Тәңірден болған» немесе «Тәңірі сүйген» деген сияқты ұғымдармен орайласып, олардың үстемдікке басымдығын танытады. Кесек мінсіз бейнелер фольклор туындыларында жасалынған түйін терең философиялық тұжырымдар. Фольклор туындыларында халық арман-аңсарының тіршілік тағдырының көрінісі ретінде барлығы ақиқат деген ойды пайымдатады.

Ғарыштық таным-түсініктің тірегі - Тәңірге деген сенім. Ғарыштық таным-түсінік халықтың арман-аңсарының орындалуына, тіршілігіне, өзінің ықылас-ниетінен туған ойдың көрінісімен байланысты келеді. Тәңірінің мейір шапағатына немесе қаһарына ұшырау, өзінің тіршіліктегі іс-әрекетімен орайласқан ішкі дүние құбылысы ниетіне лайықты деп сену қалыптасқан. Мысалы, «Ханыңды таста, бағындың, бағынғаның үшін (басқаға) тәңірі (сені) өлімші етті, түркі халқы қырылды, әлсіреді, жойылды, түркі-сір халқы жерінде тіршілік қалмады» /3/.

ХХ ғасырда халық ауыз әдебиеті мұрасын жинау, зерттеу саласында көптеген іс-шаралар жүргізілді. Фольклордың таңдаулы нұсқалары қарапайым әңгіме, ертегі деңгейінен көтеріліп, халық даналығы деген танымды танытты. Өмір шындығын, философиялық ойлау жүйесінің дәрежесін, танымдық, көркемдік қызметін, дәстүрлілігін танытумен, қазақ философиялық танымының кемелділігін анықтады. Халық даналығы ретінде фольклор туындылары өзінің өміршеңдігімен халық саналылығының таңдаулы үлгілері ретінде назар аудартты.

Фольклорлық туындылар тұрмыс-тіршілік негізіндегі пайда болған дүниелер ретінде философиялық ойдың түрлі даму сатысындағы түсініктерден тұратынын көрсетеді. Әлеуметтік, материалдық, рухани сарын-мотивтерді көрсете отырып, олардың қарама-қайшылықтары негізінде қалыптасқан ойдың даму сатысының желісін пайымдатады. Эпос, жыр, ертегідегі батырлардың іс-әрекеті, олардың мұратына жетуі халық мүддесіне орай өрбіп, сол заман салтындағы қалыпты шарттарды ұғындыра жеткізеді. Яғни, әлеуметтік, тұрмыстық қатынастар тікелей көрсетіліп, белгілі бір көркемдік ой заңдылықтарына сәйкес беріліп отырғанын анықтайды. Тіптен қазіргі кездегі біздің түсінігімізге оғаштау көрінетін қайсыбір ұғымдар көне дүние адамдарының наным-сеніміне, танымына лайық туған ойдың нышаны екендігін де пайымдатады.

Өте ертеден қалыптасқан таным-түсініктер әлеуметтік тіршілік негізінде қалыптасып, халықтық дүниетанымдық көзқарасының іргетасы тереңде жатқанын көрсетеді. Халықтардың өзіндік дүниетанымын танытатын түсініктер жүйесі оның қалыптасу сатылары әлі де даму үстінде болады деуге болады. Мұндай даму жүйесінің дәл мына ғасырда деп айтылатын тарихы жоқ, барлығы да халықтық тіршілік-тынысымен орайласып жатқан құбылыс.

Халықтық таным-түсініктердің мазмұны өте күрделі ойлау жүйесінің айғағы. Сондықтан да қарапайым халықтың санасында қалыптасқан таным-түсінік, дүниені рухани игеру жолындағы өзіндік болмысы. Осының барлығы халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері философиялық ойлау жүйесінің қарабайыр диалектикалық дамуының көрінісі. Адам болса да дүниені танудың диалектикалық жүйесімен дамудың философиялық ойлау дәстүріне дейінгі қалыптасқан халықтық таным-түсініктің, оның рухани болмыс-бітімінің негізгі өзегі. Сондықтан да фольклордағы философиялық ойдың тұрпайы көрінісі халық дүниетанымындағы тіршілік-тынысындағы өмірлік тәжірибеге лайықты туындаған деп тұжырымдауға болады.

Фольклордағы халық қалыптастырған таным-түсініктер негізі: табиғат, өмір, қоғам жайлы болған. Халық өзінің болмыстық тегінен басталып өрістейтін таным-түсінігін өзінің күнделікті тұрмыс-тіршілігіне лайықты қарапайым да күрделі құбылыстарға дейін орнықтырады. Фольклор туындыларының кез келгеніне зерделей қарайтын болсаңыз, барлығында да адамға, өмірдегі табиғатқа, тіршілікке негізделген дүниелік көзқарастары айтылып отырады. Өз кезеңдеріне лайықты халықтың таным-түсінігі қалыптасқанын, онда жаратылыс адам, тіршілік сияқты өмірінің барлық қыр-сырына лайықты құбылыстар жайлы айтылып, өзіндік ой-сана анықталған. Өзіндік ой-сана көріністері философияның негізгі ұғымдары болып саналған сұлулық, бақыт, батырлық т. б. сол сияқты түсінікпен қалыптасып отырғанын танытады. Мұның барлығы философиялық туындылар ретінде халық арасына кең тараған аңыз-әңгіме, әпсана мен жыр, эпостарда айқын көрінеді. Мұндай фольклорлық туындылар халықтың рухани болмысында ұлттық дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасуына ерекше орын алғандығын көрсетеді. Халық шығармашылығының өзегі ретінде ертеден қалыптасып орныққан мұндай дүниелер халықтың тәрбиешісі ретінде терең ойға жетелеп, тәрбиелейді.

Кез келген фольклорлық туындылардың негізінен үш түрлі ерекшелік қасиетін тануға болады. Ол - фольклорлық таным, фольклорлық ақпарат және тәрбиелік қызметтері. Себебі, өмірдің суреттері мен ондағы тыныс-тіршілікті шынайы бейнелеу арқылы адам дүниесінің мақсатты нысанын айқындай отырып, оның мән-мағынасын ұғындыру арқылы ақпараттық дерегі көрсетіледі де, таным-түсінік берумен, тәрбиелік мәнділігін анықтайды. Яғни, белгілі бір кезеңдегі оқиға желісі бойынша айтылатын аңыз-әңгіме немесе жырда тіршілік-тынысына байланысты оқиға суреттелінеді, оны баяндау барысында көркемдік тәсіл арқылы оқиға баяндалып, ондағы қиялды ойдың өрбуімен шынайы суреттер желісі көрініс табады. Әрине, мұның барлығы фольклорлық дүние табиғатына сай лайықты айтылады. Аңыз-әңгімеде, жырда сол кезеңге лайықты таным-түсінік бойынша дерек беруімен, батырдың немесе білгілі бір кейіпкердің іс-әрекетінен негіз алатын мінез-құлықтары, жер-су атаулары, табиғат көріністері, жан-жануарлардың ерекшелігі туралы айтылып халықтың ойлау жүйесі негізінде анықтап танытады. Мұның барлығын фольклорлық туындының бітім-қасиетін, оның әлеуметтік ортасын тануға лайықты дерек көздері деуге әбден болады.

Аңыз-әңгімелерде, әпсана, батырлық жырларында кездесетін адамгершілік, ерлік, сүйіспеншілік, әділдік сияқты түсініктер философиялық таным негізінде ұғындырылып жетіліп отырған. Өз кезінде М. Горькийдің «Миф пен эпоста бүкіл елдің, халықтың бірлескен ой-санасы, шығармашылық қызметі бар» - дегені айтылған ойымыздың дұрыстығын дәлелдей түседі.

Фольклорлық туындылар халықтың ең көне ой-санасының негізінде көрініс тапқан таным-түсініктерінің үлгісі. Фольклорлық таным-түсініктер халық санасының ерекшелігін көрсетуімен өзі тіршілік еткен дүние сырларын ұғынуға, танып білуге, оның құпия сырларын аңдауымен оның құдіретін, қуатын сездіреді. Қазақ халқының белгілі ғалым академигі Ә. Марғұлан да «Халық шығармашылығын туғызудағы негізгі мотивтер арқылы берілетін түрлі таным-түсініктер ойлау жүйесінің өз кезеңіне тән көрінісі, дәрежесі» деп түсіндіреді /4/.

Фольклорлық туындыларда ерекше әсер ететін әрі бүгінге дейін өзіндік мәнге ие болған таным-түсініктердің бірі - адам өзін табиғаттың ажырамас бір бөлігі ретінде көрсетуімен, оның тылсым күштеріне қарсы өзіндік түсінік қалыптастырып, оған қарсы тұрудың амал-айласын жетілдіруі. Табиғаттың құпия сырлары дүниенің тылсым қуатын танып-түсінудің оған деген қарым-қатынасының ерекшелігін танытумен, яғни табиғаттың тылсым дүниесі құпиясы мол киелі деген сияқты түсінікті қалыптастырады. Фольклорлық туындыларда айтылғандай халықты құпиясы мол дүние туралы таным-түсініктерінің негізгі өзегіне айналған. Мысалы, табиғат пен адам тұтастығының көрінісі - тотемдік түсініктер, яғни адам мен дүниенің шығу тегіне лайықты биологиялық сипаты.

Қазақ халқында күні бүгінге дейін қасқырдың атын атамай «ит-құс», «бөрі» деп айтады, себебі қасқырды пір тұту, өзінің тегін қасқырмен байланыстыру, оны құпия күш, киелі санау сақталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұғымындағы түс жору
Жанр байлығына келгенде, қазақ фольклоры жазба әдебиетке жете қабыл
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ш.Құдайбердіұлы шығармаларындағы адамгершілік мәселесі
Мифтік ұғымдар және әдебиет
М.Дулатов поэзиясындағы фольклорлық дәстүр
Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы
Мифология және қазақ мифтері
Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы
Ауыз әдебиетінің бала қиялын дамытуда алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz