Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясаты



1 Ақша.несие саясаттың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1 Ақша.несие саясатының түсінігі мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Ақша.несие саясаттың құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.3 Ұлттық банктің міндеттері мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

2 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің 2007.2011ж.ж.
ақша.несие саясатына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.1 Ұлттық банктің ақша.несие саясатының бағыттары ... ... ... ... ... ... ...29
2.2 Ұлттық банктің ақша эмиссиясы мен ақша айналысын реттеудегі орны...37
2.3 Екінші деңгейлі банктердің ақша.несие қызметін реттеу мен
қадағалау жағдайына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52

3 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің ақша.несие: мәселелері
мен даму болашағын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
3.1 Ақша.несие саясатының болашақтағы бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... .58
3.2 Қазақстан Республикасының 2012 жылға арналған ақша.кредит саясаты...60
3.3 Ұлттық банктің банк ресурстарын қалыптастыру
шараларының перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де құрып,
жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің
құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге
бағытталады.
Мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Ол - нарықтық
экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін
білдіреді. Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық
Банкімен елдің банктік пайыздық ставкаларын, валюта курсын, төлем
қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы
көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін. ҚР Ұлттық
банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін,
ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан
бірінші деңгейлі банк болып есептеледі.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын
дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы
сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен
қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы
біліктілігіне негізделеді.
Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың дамуына, нарықтың барлық
субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық, институционалды,
ұйымдастырушылық және құқықтық ортаны қалыптастыруда. Ақша-несие жүйесінде
мемлекет мынадай рольдер атқара алады: несие беруші, қарыз алушы және
кепіл.
Ақша-несие саясатының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына әсер етеді.
Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын
реттейді. Сонымен қатар қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру,
бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың
нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға,
сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму
кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша-несие
жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр,
нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.
Еліміздің ақша-несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу
принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің
ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы
зор.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі- Қазақстан Республикасындағы монетарлық
саясаттың ерекшеліктері, болашағы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы
шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды,
үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған
тауарды шығарған кәсіпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді,
яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере
отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс. Сондықтан да, Қазақстан
Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктерін тереңірек зерттеу,
нарықтық макроэкономикалық принциптері бойынша құрылымын анықтау, оның
тиімді және тиімсіз жақтарын қарастыру ұсынылған жұмыстың негізгі мақсаты
болып табылады.
Жұмыстың міндеттеріне келесілер жатады:
- ақша-несие саясатының түсінігін мен ерекшеліктерін қарастыру;
- ақша-несие саясаттың құралдарын қарастыру;
- Ұлттық банктің міндеттерін мен қызметін сипаттау;
- Ұлттық банктің ақша-несие саясатының бағыттарын зерттеу;
- Ұлттық банктің ақша-несие саясатының бағыттарын қарастыру;
- Ұлттық банктің ақша эмиссиясы мен ақша айналысын реттеудегі орнын ашу;
- Екінші деңгейлі банктердің ақша-несие қызметін реттеу мен қадағалау
жағдайын талдау
- ақша-несие саясатының болашақтағы бағыттарын қарастыру;
- Ұлттық банктің банк ресурстарын қалыптастыру шараларының
перспективаларын қарастыру.
Жұмыстың құрылымы. кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ақша-несие саясаттың теориялық негіздері

1.1 Ақша-несие саясатының түсінігі мен ерекшеліктері

Ақша-несие саясат- бұл экономикадағы ақша массасының өзгеруін
қарастыратын саясат болып табылады. Бұл саясаттың негізгі нарықтағы ақшаға
сұраныс пен ұсыныс механизмдерінің қызметінде жатыр. Ақшаға сұраныс пен
ұсыныстың классикалық және кейнсиандық концепцияларын қарастырайық.
Ақша сұраныс (өтімділікке сұраныс)- бұл белгіленген мөлшердегі ақша
қаражаттарға қажеттілігін айтамыз. Оның анықталуы төлемдік құралдарының
көлемімен және де халықтың мен фирмалардың қолма-қол ақша және чектер
негізінде ұстау қажеттілігімен сипатталады.
Ақшаға сұраныстың пайда болуы оның ерекшеліктерінің болуымен және де
олардың ақша нарығындағы табиғи болуымен байланысты.
Ақшаға сұраныстың болуын екі жақты ақша-несие (классикалық) және
кейнсиандық концепцияларының түсіндірмесі бар [1,25б].
Классикалық концепциясында ақшаға сұранысты ақшаның сандық теориясының
айырбасының тепе-теңдігінің негізінде анықталады:

МV=PY
(1)

мұндағы:
М- айналымдағы ақшаның көлемі;
V- ақшаның айналымдағы жылдамдығы;
Р-бағалардың деңгейінің (бағалардың индексі);
Y-шығарылым көлемі.
Сонымен бірге айналымдағы жылдамдығы тұрақты есептеме болып табылады,
өйткені экономикадағы келісім-шарттардың тұрақты құрылымымен байланысты деп
есептелген болатын. Ол әрине уақыт өткен сайын өзгереді(жаңа банктік
технологиялардың енгізуімен, мысалы кредиттік карточкалардың пайда болуымен
байланысты). Бірақ айырбастын тепе-теңдігі келесідей орын алады:

МV=PY
(2)

Осының негізінде М ақшасына сұраныс ЖІӨ динамикасымен (PY) анықталады:

М+РYV
(3)

Егер мысалы ЖІӨ 3% өсетін болса, онда осы деңгейіне ақшаға сұраныстың
көлемі сәйкес болады.Яғни ақшаға сұраныстың жалпы функция тұрақты болып
табылады.
Ал ақшаға ұсыныс монитаристердің пікірінше, тұрақты болмайды, өйткені ол
мемлекеттің үкіметінің шешімдеріне тәуелді болады. Сонымен бірге
классикалық теориясына сәйкес нақты ЖІӨ-ң экономиканың өндіріс
факторларының өзгеруіне ғана байланысты өзгереді [2,12б].
Ал ұзақ мерзім кезеңінде ЖІӨ өзгеруінің мүмкіндігі жоғары болады. Яғни
ұзақ мерзім кезеңінде ақшаға ұсыныстың өзгеруі бағалардың өзгеруіне әсер
етеді, ал өндірістің мен жұмысбастылық деңгейіне ешқандай ықпалын
тигізбейтін болады.
Бұл құбылыс экономикалық теорияда ақшаның нейтральдігі деген атауын
алған болатын. Сондықтан монетаристердің пікірінше мемлекет ақша
қаражаттарының массасын нақты ЖІӨ-ң орташа деңгейінде ұстау керек. Сол
уақытта ғана ақшаның ұсынысы олардың сұранысына сәйкес болып, экономикадағы
бағалардың деңгейі тұрақты болады.
Ақшаның сандық теориясының шегінде сұраныстың екі себептері анықталды.
Бірінші себеп халықтың мен кәсіпорындардың ақшаға сұранысы оның төлем
құралы, яғни келісімдерге қызмет етуші құралы болып табылатындығымен
анықталады. Осы мақсаттағы ақшаға қажеттілікті келісім жағынан ақшаға
сұраныс деп атайды.
Келісімдерді жүзеге асыру үшін қажетті ақшаның көлемі келісіге тәуелді
болады:
1. Нарықтағы тауарлардың массасының көлеміне;
2. Тауарлар мен қызметтердің сатылу бағасының деңгейіне;
3. Ұлттық табыс;
4. Ақшаның айналымның жылдамдығы.
Бірақ сонымен бірге табыстың деңгейі мұнда негізгі факторы болып
табылады.

М= F(Ү)
(4)

мұндағы:
М- ақшаға трансакциондық сұраныс;
Y-жалпы (ұлттық) табыс.
Ақшаға сұраныстың екінші сеғбебі қауіпсіздіктің себебімен сұраныс
атауына ие болған. Оның пайда болуы адамдардың қызметі кезінде күтпеген
төлемдердің болуымен байланысты. Ал бұл жағдайда төлем жасау үшін ақшаның
белгілі мөлшері болуы қажет. Осы ақшаның көлемі күтпеген жағдайдағы
шығындардың көлеміне тәуелді болады, ал осы шығындардың көлемі ұлттық
табысқа пропорционалды болады:

М= F(Ү)
(5)

мұндағы:
М-қауіпсіздік себебі бойынша ақшаға сұраныс.
Жоғарыда аталғандарын қоса, Джон Кейнстің еңбегінің бірі ақша
қаражаттарын сақтауының үшінші себеі-спекулятивті болып табылады. Осы
себепті атақты экономист ақшаның баламалы құнының бар болуымен
байланыстырған болатын [3,117б].
Ақшаның баламалы құны деп ақшаны өтімділігі төмен, бірақ табыстылығы
жоғары қаржылық активтерге айырбастамау салдарынан алынбаған пайыздар
түріндегі ақшаның массасын айтамыз.
Активтер жағынан сұраныс немесе спекулятивті сұраныс М, пайыз
мөлшерлемесінің деңгейіне тәуелді болады және бұл тәуелділіктің кері
байланысы бар. Ақша мен несие саясаты 1 графикте көрсетілген.

P Несие
саясаты Sb

S

Sa
Ob
Pb
2b
O
Po

Oa
2a

Pa

D

1b
1a

Q

Qb Qo
Qa Ақша

Саясаты

1 сурет Ақша несие саясаты

Пайыздық мөлшерлемесінің төмендеуі кезінде ақшаға спекулятивті сұранысы
өсіп, ал пайыздық мөлшерлемесінің өсуінен керісінше сұраныс қысқарады.
Ақшаның ұсынысын экономикада мемлекет жүзеге асырады. Ақша ұсынысы С
және D қолма-қол ақша қаражаттарын қосады.

М=С+D
(6)

Қолма-қол ақшаның шығарылуы келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1. Халықтан, кәсіпорындардан, мемлекеттен бағалы қағаздарды қолма-қол
ақшаның шығарылуы келесі қызметтерді іске асыру;
2. Мемлекетке және коммерциялық несиелерді банкноталармен беру.
Экономикаға қома-қол ақшалары түсіп, келесі бағыттар бойынша бөлінеді:
1. Ақшаның бір бөлігі үй шаруашылығының мен кәсіпоырн кассаларында
шоғырланады;
2. Коммерциялық банктердің депозиттеріне түседі.
Яғни қолма-қол ақшаларды Ұлттық банк шығаратын болса, ал депозиттерді
коммерциялық банктер құрастырады [4,74б].
Коммерциялық банктерге түскен қолма-қол ақша несиеге беріліп, оның
нәтижесінде экономикадағы ақшаның көлемі ұлғаяды. Несиенің қайтаруы кезінде
субъектілердің қолында шоғырланған ақшаның көлемі азаяды. Яғни
коммерциялық банктер де ақша массасын құрылуын және қысқаруын жүзеге
асырады.
Бірақ Ұлттық банктің ақшаны ұлғайтудың шектеулігі болмаса, коммерциялық
банктердің несие беру көлемі шектеулі болып табылады.
Коммерциялық банктер өзінде шоттарды аша отырып, салымшы өзінің
салымдарын кез-келген уақытында қайтарып алуын ескеруі керек. Сондықтан
коммерциялық банктер міндетті болып табылатын, пайыздық емес салымдары
түрінде Ұлттық банкте ақша қаражаттарды сақтайды. Яғни Ұлттық банк қолма-
қол ақшаларды ғана шығармай сонымен бірге міндетті резервтерді R, яғни ақша
базасын Н құрастырады:

Н=С+R
(7)

Қорыта келгенде, мемлекет ақша-несие саясатты Ұлттық және коммерциялық
банктер арқылы жүзеге асырады [5,38б].
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының жүргізілуі 1993 жылдан
бастап жүзеге асырылуы басталған болатын. Бұл саясаттың жүргізілуінің
басталуы негізінен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылуымен
байланысты болды.
Бұл саясаттың басты мақсаты инфляциялық процесті тоқтату болып
табылатын. Яғни ақша-несие саясат нақты әкімшілік-әміршілдік жүйеден
нарықтық экономикаға өту кезеңінде қалыптасқан еді.
Теңгенің тарихын белгілі бір кезеңдерге бөлсек, 1993-1996 жылдар
инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және қаржы рыноктарының
қалыптасуымен ерекшеленеді.
1991 жылдың аяғында ІЖӨ-нің 8,2 пайызға төмендеуіне қарамастан, осы
кезеңнің соңында инфляцияның деңгейін 60,3 пайызға төмендетуге қол
жеткізіл­ді. 1993 жылы қарашада теңгенің енгізілу кезеңіне қарай еліміздің
банк жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын.
Екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, барлық мамандандырылған банктер
акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банкке Орталық банктің
бірқатар өкілеттіліктері берілді.
Бұл өз валютамызға көшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын
жүргізуді едәуір жеңілдетті. 1993-1996 жылдары банк секторын сауықтыру
жөніндегі шаралардың нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен
101-ге дейін қысқарды. [6,3б].
1997-1999 жылдары экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізілді және банк
жүйесін жедел түрде реформалау шаралары қарастырылды.
Экономиканы реформалауды жалғастыру нәтижесінде ІЖӨ-нің 2,7 пайызға
өсуін, инфляция деңгейінің 17,8-ге төмендеуін және нақты жалақы индексінің
13,1-ге жоғарылауын айта кету қажет. Банк секторын шоғырландыру және
сауықтыру шаралары екінші деңгейдегі банктер санының 55-ке азаюына ықпал
етті.
1998 жылдан бастап нарықтық қатынастар негізінде құрылған үш деңгейлі
зейнетақы жүйесі енгізілді. 2000 жыл экономиканың тұрақты өсуі, қаржы
секторын қарқынды дамыту және қаржы секторының халықаралық стандарттарға
көше бастауымен ерекшеленді.
Қазақстанның Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының жанама құралдарын
пайдалана отырып, ақша базасының деңгейiн реттеу жолымен инфляцияның төмен
қарқынын ұстауға бағытталған тәуелсiз ақша-кредит саясатын жүргiзедi. 1998
жылға дейін бюджеттегі тапшылықты Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
қарастырған еді.
Қазіргі уақытта құрылып отырған кредиттеудің үш деңгейлі жүйесі елдің
түрлі аймақтарында адамдардың неғұрлым басым көпшілігіне және ұйымдарға
қаржылық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ол екінші деңгейдегі
банктерден, банктік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұрады. Бүгінгі күні шағын
кәсіпкерлікті қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік беретін микрокредиттік
ұйымдарды дамыту ерекше маңызды. [6,4б].
Қаржылық қызмет көрсетуді аймақтық қамтуды кеңейтуге сондай-ақ пошта-
жинақ жүйесі де ықпал етті.
Халықтың әлеуметтік проблемаларын шешу үшін Қазақстанда 2001 жылдан
бастап ипотекалық кредиттеудің екі деңгейлі жүйесі енгізілді. Оның бірінші
деңгейі банктер және ипотекалық кредиттер беретін банктік емес ұйымдар, ал
жоғары деңгейі – басты міндеті қайталама рынокта ипотекалық кредиттеуді
жүзеге асыратын банктерді қайта қаржыландыру болып табылатын Қазақстан
Ипотекалық компаниясы.
Ең қысқа мерзімде құрылған және 1998 жылдан жұмыс істеп келе жатқан
жинақтаушы зейнетақы жүйесі халықты әлеуметтік қорғауға барынша үлес
қосуда. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшыларының саны 2005 жылғы қаңтарда
6 миллион адам болды. Бұл — экономикалық белсенді халықтың 80 пайызы.
Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қорлары ірі институттық
инвесторларға жатады. Зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 540,8 млрд.
теңге. Бұл ІЖӨ-нің 8 пайызын құрайды. Барлық инвестицияланған зейнетақы
активтері отандық компаниялардың бағалы қағаздарына және банктік
депозиттерге орналастырылады.
Ақиқаты сол, Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен
салыстырғанда әлдеқайда дамыған, айқын және мемлекеттің араласуынан
қорғалған. Қаржы секторын дамытудың жемісті болуы елдің кредиттік рейтингін
жоғарылатады [6,5б].
Ел экономикасының стратегиялық даму көрсеткіштеріне болжам жасала
отырып, 2006-2007 жылдары теңгені еркін айырбасқа жіберу туралы мемлекеттік
бағдарлама бекітілді. Осыған орай теңге барлық экономикалық кеңістіктерге
АҚШ доллары сияқты еркін айырбасталатын валютаға айналады.
Қаржы рыногының ең дамыған сегменті мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы
болып табылады. Қазіргі жағдайда айналымда 58 мемлекеттік облигациялардың
эмиссиясы қызмет істейді және олардың номиналдық бағасы 116,9 миллиард
теңге, немесе ІЖӨ-нің 3 пайызын құрап отыр.
Сақтандыру рыногы дамып келе жатыр, дегенмен оның деңгейі экономика
қажеттілігін өтей алмай отыр. 32 сақтандыру компаниясының сақтандыру
қызметін іске асыру лицензиясы бар, соның ішінде 7-еуі шет ел
компанияларының қатысуымен жұмыс істейді, ал 1-еуі адам өмірін
сақтандырумен айналысады.
Сақтандыру компанияларының жиынтық активтері 24,4 миллиард теңге,
жиынтық меншік капиталы 7,8 миллиард теңге болып отыр.
Қаржы рыногының инфрақұрылымына мыналар кіреді: төлем жүйелері,
Қазақстан қор биржасы, Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы, Бағалы
қағаздардың орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасы, Теңге сарайы,
құндылықтарды сақтау орталығы.
Қазақстанның төлем жүйесінің негізі – банкаралық ақша аудару жүйесі және
автоматтандырылған бөлшек төлемдер жүйесі болып табылады. Ел банктерінің
шығарған пластикалық карточкалары 1,8 миллион данаға жетті, яғни
экономикалық белсенді халықтың төрттен бірінің төлем карточкалары бар.
Ұлттық банкаралық төлем карточкалар жүйесін құру бағдарламасы қабылданды
және ол халыққа қызмет көрсетуде электрондық ақша қолдану арқылы біркелкі
төлем кеңістігін құруға жағдай жасайды. Осындай межелі нәтижеге жеткізген
қаржы секторындағы реформалар мемлекеттік саясаттың дұрыстығын айғақтайды.
Ақша-несие саясатының қазіргі әлсіз жақтарына тоқталып кетейік. Қаржы
жүйесi дамуының жеткiлiксiз деңгейде болуы, ол экономиканы монетаризациялау
деңгейiнiң салыстырмалы түрде төмен болуынан және қолма-қол ақша айналымы
үлесiнiң жоғары болуынан көрiнедi.
Экономиканың шикiзаттық бағытта болуы салдарынан экспорттық валюта
түсiмiнiң көлемi шикiзаттың әлемдiк бағасының конъюнктурасына тым тәуелдi
және өте-мөте тұрақсыз, ал бұл төлемдiк баланс жағдайына және ұлттық валюта
бағамының тұрақтылығына тiкелей ықпал етедi.
Экономиканың долларлануының айтарлықтай деңгейде сақталуы ақша-кредит
саясатының тиiмдiлiгiн төмендетедi, банк жүйесiнiң және экономиканың нақты
секторының әлсiздiгiн арттырады, мемлекеттiң кiрiсiн азайтады.
Банк секторының тұрақты дамуына қарамастан, кредиттеу көлемi
экономиканың нақты секторының кредиттерге, әсiресе өндiрiстi техникалық
қайта жабдықтау мақсаттарына арналған қажеттiгiн әлi де қанағаттандырмайды.
[7]

1.2 Ақша-несие саясаттың құралдары

Ақша-несие саясаттың құралдарына келесілер жатады:
1. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің өзгертуі;
2. Міндетті резервтер нормасын өзгерту;
3. Шетел және ұлттық валютасымен ашық нарықтағы операциялары.
Ақша-несие саясаттың құралдары 1 суретте көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаттың маңызды
құралдарының бірі- міндетті резервтер нормасын реттеу болып табылады. Бұл
операциялар- қаржылық нарығындағы жағдайына және инфляция деңгейінің
өзгеруіне байланысты жүргізіледі.

2 сурет Ақша-несие саясаттың құралдары

Қазіргі кездегі міндетті резервтер –барлық несиелік мекемелер үшін
міндетті, қолма-қол ақша түріндегі банк кассасында немесе Ұлттық банкте
депозит түрінде сақталатын өтімділігі ең жоғары активтер болып табылады.
Резервтік міндеттемелердің нормативі - Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілермен белгіленген минималды резервтердің абсалютті немесе
қатысты пассивті (депозит) немесе активті (несиелік салымдар)
операцияларына қатынасы болып табылады [10,52б].
Міндетті резервтердің саясаты. Міндетті минималды резервтер екі
функциясын атқарады. Біріншіден олар өтімділігі жоғары активтер болып
табылғанымен коммерциялық банктердегі депозитке салымдары бойынша
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Экономикалық жағдайына тәуелділігін Ұлттық банк минималды деңгейде
сақтап қалу мақсатында, міндетті резервтер нормасын коммерциялық банктер
үшін өзгертеді.
Екіншіден, міндетті резервтер елдегі ақша массасының көлемін реттеудің
Ұлттық банктің құралы болып табылады.
Міндетті резервтердің нормасын өзгере отырып, Ұлттық банк коммерциялық
банктердің активті операцияларыдын көлемін, яғни несиелік операцияларын
реттейді. Сонымен бірге Ұлттық банк бұл жағдайда депозиттердің эмиссиясын
жүзеге асыра алады.
Несиелік институттар несиелік операцияларын Ұлттық банктегі міндетті
резервтер нормасы бекітілген деңгейінен көп болған жағдайда кеңейте
алады.Айналымдағы ақша массасының көлемі тұтыну қажеттілігінен асатын
болса, бұл жағдайда Ұлттық банк міндетті резервтер нормасын артырып, ақша
массасын азайтады.
Міндетті резервтер нормасы несиелік институттардың рентабельдігіне әсер
етеді. Мысалы, егер міндетті резервтер нормасы өсетін болса, несиелік
институттардың алынбаған табысы өсетін болады.
Сондықтан экономистердің пікірінше, ол инфляцияға қарсы тиімді құралы
болып табылады. Бірақ кейбір арнайы банктер коммерциялық банктерге
қарағанда, қаражатарының көлемі үлкенірек болады және олардың несиелік
операциялары кең таралып, оның реттелуін жүзеге асыру мүмкін емес болады.
Аталған жай бұл әдістің негізгі кемшілігі болып табылады [10,167б].
Соңғы оң-жиырма жыл бұл әдісті қолдану арқылы реттеу қысқаруда.
Коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру. Қайта қаржыландыру термині
Ұлттық банктің коммерциялық банктерге ақшамен қамтамасыз етуін қарастырады.
Ұлттық банк коммерциялық банктерге несиелерді бере алады. Сонымен бірге ол
бағалы қағаздарды қайта есепке ала алады.
1992-1995 жылдары қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жағымсыз
болған еді, яғни оның деңгейі инфляция деңгейіне қарағанда төмен болатын.
Орташа шамамен 1993 жылы бұл көрсеткіш 195%, ал 1994 жылы 130% тен
болатын. Қаржылық тұрақтандыру кезінде 1994-1996 жылдары қайта қаржыландыру
мөлшерлемесінің реттелуі оны оң жағына жақындату мақсатында жүргізілген
болатын.
Ұлттық банкпен қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің көтеру кезінде
коммерциялық банктер өзінің жоғалтуларды жабу мақсатында берілетін несие
бойынша пайыздарды өсіретін болады. Яғни қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің
өсуі нәтижесінде берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерінің
өсуіне әкеледі. Ал ол Ұлттық банктің ақша-несие саясатындағы негізгі
мақсаты болып табылады.
Қорытынды жасай отырып келесі маңызды мәселелерді байқауымызға болады.
1. Ұлттық банктегі несиені алудың қиындалуы, коммерциялықбанктердің
өтімділігіне әсер етеді;
2. Мөлшерлеменің өзгеруі коммерциялық банктердің несиенің арзандалуына
және қымбатталуына әкеледі.
Бұл әдістің кемшілігі оның коммерциялық банктерді ғана реттеуін жүзеге
асыруында көрінеді.
Сонымен бірге қайта қаржыландыру және редисконтау мөлшермелерін
қойылуымен қатар, Ұлттық банк ломбард және бағалы қағаздарды залог ретінде
салу бойынша мөлшермелерді қойылуын жүзеге асырады. Бұл бағалы қағаздардың
құны және өтімділігі тексеріледі [12,7б].
Ашық нарықтағы операциялар. Бірте-бірте аталған екі әдістері өзінің
мағынасын жоғалтып, ақша-несие саясаттың негізгі құралы ретінде Ұлттық
банктің интервенциялары алға шыққан болатын. Кейін бұл операцияларды ашық
нарықтағы операциялар деп аталып кеткен еді. Бұл әдістің негізі банктік
жүйедегі бағалы қағаздарды сату-сатып алу болып табылады. Коммерциялық
банктердің бағалы қағаздарын сатып алу, олардың ресурстардың көлемін
ұлғайтып, несие беру мүмкіндіктерін артырады. Ұлттық банк бұл әдіске бірті-
бірте өзгерістерді енгізеді. Бұл операциялардың алғашқы қолданылуы
Америкада,Канадада, Ұлыбританияда бағалы қағаздар нарығының дамуымен
байланысты жүргізілген болатын. Кейін бұл әдіс Батыс Еуропада кең тараған
еді. Бағалы қағаздармен нарықтық операцияларды Ұлттық банк тікелей және
қайтарымды болып жүргізе алады. Тікелей операциялар- жай сату-сатып алу
операцияларын қарастырады [13,74б].
Қайтарымды- қайта жүзеге асатын келісімін қарастыратын, бағалы
қағаздарды сату-сатып алу операцияларын көздейді. Қайтарымды операциялардың
созылыңқылығы бұл әдістің маңыздылығына айналуда. Мысалы, дамыған елдердегі
коммерциялық банктердің қайтарымды операциялардың нарықтағы үлесі 82-99,6 %
алады.
Ұлттық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қайта сату-сатып
алуын белгілі мерзімде аукционда сатуын немесе сатып алуын ұсынады.
Қорыта келгенде, бұл әдіс жоғарыда аталған екі әдістеріне қарағанда
басқаша болып табылады. Оның негізгі айырмашылығы- бағалы қағаздар нарығы
арқылы ауқымды реттелуінде жатыр [13, 89б].
Өткен бөлімдерде қымбат (ретрекциондық) және арзан ақшаның саясаты атап
кеткен болатын. Бұл бөлімде бұл саясаттың жүзеге асыру механизмі толығымен
қаралатын болады. Егер экономика жұмыссыздықпен және бағалардың
төмендеуімен ерекшелінетін болса, онда ақшаның ұсынысын арттыру керек. Бұл
мақсатқа жету үшін арзан ақшаның саясаты қолданылатын болады. Бұл
саясаттың шараларына тоқталйық.
Біріншіден, Ұлттық банк ашық нарықтағы бағалы қағаздарды халықтан сатып
алуы қажет.
Екіншіден, есептік мөлшерлемесін төмендетуі керек.
Үшіншіден, резервтік аударымдар бойынша нормаларын төмендету.
Аталған шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер жүйесінің резервтері
төмендейтін болады. Коммерциялық банктердің шектен тыс резервтері осы
банктердің несие беру арқылы ақша ұсынысының өсуінің негізі болып
табылғанымен, мемлекеттегі ақша ұсынысы өсетіндігі туралы болжам жасауға
болады.
Ақша ұсынысының өсуі пайыздық мөлшерлемесін төмендетіп, инвестициялардың
мен таза ұлттық өнімнің өсуіне әкелетін болады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл
саясаттың негізгі мақсаты- несиенің арзандалуын жүзеге асыру болып
табылады. Осының нәтижесінде жалпы шығыстар өсіп, жұмысбастылық артатын
болады.
Егер де, экономикадағы жалпы шығындар көлемі шектен тыс болып,
инфляциялық процестерді туғызатын болса, онда Ұлттық банк ақша ұсынысын
азайту керек. Бұл мәселені шешу үшін коммерциялық бантердің резервтерін
төмендету керек.
Осы шараларды жүзеге асырылуына тоқталайық. Ұлттық банк мемлекеттік
облигацияларын ашық нарықта коммерциялық банктердің резервтерін төмендету
мақсатымен сататын болады.
Кейін резервтік нормасын жоғарлату керек. Яғни бұл операциялардың
нәтижесінде коммерциялық банктердің резервтері азайып, төмендейтін болады.
Сонымен бірге Ұлттық банк есеп мөлшерлемесін көтеріп, коммерциялық
банктердің резервтерін арттыруға жол бермеу мақсатында жүзеге асады [14,
119б].
Жоғарыда аталған шаралардың жиынтығын қымбат ақшаның саясаты деп атайды.
Бұл саясаттың өткізілуінің нәтижесінде коммерциялық банктердің резервтері
төмендеп, заңға сәйкес болуы үшін несиелерді беруді тоқтатуға бет бұрады.
Осыдан ақша ұсынысы да азайып, пайыздық мөлшерлемесі көтерілуінің
нәтижесінде инвестициялардың төмендеуіне әкеліп, жалпы шығындар азаятын
болады. Яғни бұл саясаттың негізгі мақсаты ақша ұсынысын азайту және шектен
тыс инфляцияға жол бермеу болып табылады. Осы саясаттың артықшылықтары мен
кемшіліктеріне тоқталайық.
Бұл саясат жылдам және әртүрлі әсер етуші құралдарды қолданудың
мүмкіндігінің бар болуы, оның тимді жағын сипаттайды. Ұлттық банк және де
ақша – несие қатынастарын реттейтін органдары күн сайын бағалы қағаздарды
сату-және сатып алу туралы шешімдер қабылдай алады. Яғни ақша ұсынысына мен
пайыздық мөлшерлемесіне әсер ете алады.
Бұл саясаттың екінші тиімді жағына саяси қысымның болмауын айтуға
болады. Кемшіліктеріне тоқталсақ, бұл саясат коммерциялық банктердің несие
бере алмауына әкеліп, ақша ұсынысын азайтатын болады.
Ал арзан ақшаның саясаты коммерциялық банктердің резервтерін өсіре
отырып, олармен несие берілуі жүзеге асатыны үшін кепілдеме бере алмайды,
яғни нәтижесінде ақшаның ұсынысының көлемі ұлғаймауы мүмкін.
Бұл жағдайды циклдік асимметриясы деген атауына ие болған.
Екінші кемшілігіне, ақшаның айналымдығының азайып қалуын айтуға болады
[14,121б].
Өз кезегінде кез-келген нарықтың механизімі- тепе-теңдікті іздеу болып
табылады. Ақша нарығының тепе-теңдігін қысқа және ұзақ мерзімдегі тепе-
теңдік болып екіге бөлінеді. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті 2 графикте
көруге болады.
Қысқа мерзімдегі тепе-теңдік. Бірінші кезекте М деңгейінде Ұлттық
банкпен қадағалау арқылы тұрақты түрде тұрған ұсынысты қарастыруымыз керек.
Ал бағалардың деңгейі тұрақты болады.
Ақшаға сұраныс белгіленген табыс үшін пайыздық мөлшерлемесінің азаятын
функциясы ретінде сипатталады. Тепе-теңдіктің нүктесінде ақшаға сұраныс
ұсынысқа тең болады. Бұл жердегі пайыздық мөлшерлеме ақша нарығындағы тепе-
тендікті қамтамасыз етеді.
P

S
O
P0

S1

P1
O1

D

Q0
Q1 Q

3 сурет Ақша нарығындағы тепе-теңдік

мұндағы:
Q – ақша көлемі;
P – қарыздық құралдардың құны (несие бойынша пайыздық мөлшерлеме);
S, Sa, Sb – ақша ұсынысы;
D – ақшаға сұраныс.
Экономикалық агенттер пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты
өзінің активтерінің құрылымын өзгертеді. Егер де ақшаға ұсыныс сұраныстан
көп болған кезде, жинақталған қолма-қол ақшаларды үй шаруашылығы иелері
және кәсіпорындар оны басқа қаржылық құралдарға: акциялар, облигация,
жылдам депозитерге салатын болады [8,31б].
Пайыздық мөлшерлемесінің мен ақша массаларының ауытқулары ақша
нарығындағы өзгерістермен: табыстың, ақша ұсыныстың деңгейімен байланысты
болады.
Мысалы, табыстың деңгейінің өсуі ақшаға сұранысты арттырады, ал ақшаға
ұсыныстың төмендеуі пайыздық мөлшерлемесінің өсуіне әкеледі. Егер де бұл
жағдайды тереңірек қарастырсақ, жалпы табыстың өсуі нәтижесінде ақшаға
сұраныс артып, пайыздық мөлшерлемесі жоғары болуымен сипатталатын, ақша
нарығының жаңа жай-күйіне айналады. Яғни табыстың өсуімен пайыздық
мөлшерлемесі де артады. Егер осы екі факторды графикте көрсетсек, онда
Хансен моделін көруге болады.
Бұл модель маңызды тәуекелділігін көрсетеді. Ол ақша нарығындағы тепе-
теңдікке жету үшін келісіні сақтауын қажет етеді- осы жағдайдағы ақшаның
ұсынысы кезінде табыстың өсуімен, пайыздық мөлшерлеме де артуы қажет. Бірақ
бұл жағдайда ақшаны сақтау құны артып, ал облигациялардың бағамы төмендетін
болады [9,39б].
Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік. Жоғарыда айтылған барлық құбылыстар қысқа
мерзімде ғана бола алады. Яғни ақша ұсынысының көлемінің өзгеруі
нәтижесінде пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруін әкелуі.
Ұзақ мерзімде нарық күтпеген уақытында өзгеруі мүмкін. Оған басты себеп
бұл пайыздық мөлшерлемелердің ақшаның сұранысымен байланысының жоғалып
кетуін айтуға болады. Бұл жағдайда егер мемлекет қысқа мерзім ішінде
ұсынысты қатаң бақыланатын болса да, инфляциялық қауіп-қатерді өте алмайды.
Әр кездегі ақшаның келуі табыстың және жұмысбастылықтың өсуіне әкеліп,
жинақталмай, тұтыну көлемін арттыратын болады. Осындай қорытынды Пигу. А
эффектісінен (нақты кассалық қалдықтар эффектісі) жасауға болады. Бұл
эффектісі бойынша ақша қалдықтарының нақты құнының өзгеруінен, жиынтық
сұраныстың өзгеруіне әкелетін болады.
Егер де экономикадағы бағалар созылыңқы болса, онда үй шаруашылығының
қолма-қол жинақталымдарының нақты құнының өсуіне алып келеді. Бұл өсім
сатып алу қабілеттіліктерінің ақша жинақталымдарын арттырып, тұтынуды
ынталандырады [9,45б].
Дағдарыс кезінде бағалардың төмендеуінің салдарынан, Пигу эффектісі
бойынша сол кезеңде осы дағдарыспен байланысты тұтынудың төмендеуін жабады.
Сонымен егер экономика толық жұмысбастылыққа жағдайында болса, табыстың
өсуімен байланысты тұтынушылық сұраныстың артуын қамтамасыз етуі
орындалмайтын болады. Өйткені өндіріс толық қуатымен жұмыс істейтін болады.
Бұл жағдайда бағалардың өсуі нақты ақша қалдықтары бастапқы деңгейіне
қалпына келгенде дейін жүзеге асатын болады.
Қорыта келгенде, ұзақ мерзімде ақша нарығындағы ақшаға сұраныс пайыздық
мөлшерлемелердің өзгеруіне тәуелді болмайды. Сондықтан ақша нарығындағы
ұзақ мерзімді тепе-теңдігінің, экономикалық ғылымда М. Фридманның ақшалай
(ақша-несие ) ережесі деп аталған теңдігі, пайыздық мөлшерлемелерді
қарастырмайды:

М=Y+P
(8)

мұндағы:
М- ақша ұсынысының өсуінің ұзақ мерзімді екпіні;
Y- ұлттық табыстың өсуінің ұзақ мерзімді екпіні;
Р- болжанған инфляцияның екпіні.
Яғни ұзақ мерзімді ақша-несие саясаттың мақсаты инфляциялық процесті
тұрақтандыру болып табылады. Ал ағымдағы инфляция болжанатын инфляцияға
айналады. Нәтижесінде қысқа мерзімді ақша-несие саясат көздейтін, пайыздық
мөлшермелердің реттелуі ұзақ мерзімді ақша-несие саясаттың стратегиясының
шегінде орындалуы ғана мүмкін [9,215б].
Қорыта келгенде, ақша-несие саясаттың түсінігі мен мәні ашылып, оның
құрылу кезеңдері сипатталған болатын. Сонымен бірге ақша нарығындағы тепе-
теңдігінің ерекшеліктері сипатталды.

1.3 Ұлттық банктің міндеттері мен қызметі

Орталық банктер бүкiл елдiң несие жүйесiн бақылаушы әрi реттеушi бас
органның ролiн атқара отырып, ерекшк орынға ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттiк органы болып табылады. Олардың басшылық ролi мемлекет берген
үлкен өкiлеттiктермен анықталады.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең
өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн
қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде
экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе-
теңдiк саясатын жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы Заңы бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Орталық банкi және
республикамыздағы банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады.
Ұлттық банк - ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан
тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне – банк
iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және
бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан
Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай
мiндеттер жүктеледi:
- мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
- төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
- валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы
тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:
- ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды
ұйымдастырады;
- ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
- несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып
алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа
ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң
экономикалық саясатын жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы Заңға сәйкес
мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
- Қазақстан Ұлттық банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары
Қазақстанның Ұлттық банкi:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi,
банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр
эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстан
Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар
болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер
алады.
- Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады
және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
- банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi
бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға
кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және
шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша
Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
Банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды:
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды
тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесiлi
тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты мөлшерi көрсетiледi; кассалық
операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және
заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсыруы бойынша
олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық
клиринг; сейфтiк операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды,
монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас
операцияларын ұйымдастыру; чек кiтапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну)
және растау мен ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген жағдайларда қаржы
рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлетті
мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлетті орган) банк операцияларының
жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі
туралы қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін
айқындайды:
- қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге
асырады.
- Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру
тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен
ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн
төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге
асырады, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк
ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең
төменгi талаптарын белгiлейдi; Банк операцияларын жүзеге асырған кезде
электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;
Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды
жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге
құқылы:
1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын
ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар
жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және
қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға:
банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық
клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар
бередi;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау
жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ
қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын
ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең
төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;
4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын
ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында
мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;
Банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен
белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру
мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi
түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ
олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады:
1) барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепкe алу және
операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелерi жөніндегі нормативтік
құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық
Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке
алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен буxгалтерлік
есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
2) операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды барлық
қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның
қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады;
Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу
жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк
стандарттарымен реттелмеген және ол арға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша
бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк
ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi:
1) уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде
онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын,
мерзімдерін белгілейді;
2) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша барлық қаржы ұйымдарының және
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда олардың
аффилиирленген тұлғалары қаржылық есептiлiгінің халықаралық стандарттарға
сәйкес келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ табыс ету мерзiмдерi мен
тәртiбін белгілейдi;
3) валюталық реттеу мен бақылау мәселелерi бойынша есептiлiк тәртiбiн,
нысандарын және табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;
4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде
орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкілеттi органдармен келiсiм бойынша
белгiлейдi;
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі:
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен
аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген
болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары
бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы;
- Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына
жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi
болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға құқылы;
- қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және
инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды,
тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен
тиындардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;
- Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын
жасайды және оны үнемi жариялап отырады;
- елдің есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және
жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа
мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамды бағаларын әзiрлеуге
қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi және мемлекеттiк кепiлдiктерi
жоқ мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге
асырады;
- ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны
алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын
құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;
- мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және
қайта даярлауға қатысады;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай қазынашылық шотына
қызмет көрсетедi және сонымен бірге келесі қызметтерді атқарады:
1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың
қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және
заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;
2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес
вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;
3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi
арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен
басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
4) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің
немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару
туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге
асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа
басылымдарында жарияланады;
5) банк шоттарының режимiн белгiлейдi;
6) ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерiн белгiлейдi және
олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша
сандық шектеулердi белгiлейдi;
8) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн
және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметті тиiстi лицензиялар алмай-
ақ жүзеге асырады;
9) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық
заңдарын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және
санкциялар қолданады;
10) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдарға банк қызметi, ақшаны есепке алу, оның төлемдерi мен
аударымдарын, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша
нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға өз құзыретi шегiнде
банктік және валюталық заңдарда белгіленген тәртiппен ықпал ету шараларын
және санкциялар қолданады;
11) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық
монеталарды сату бағасын белгілейдi;
12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу
тәртiбiн белгiлейдi;
Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар
жүргiзедi:
- Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан
аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және
басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
- өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты
эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
- мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп
есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып
алады және сатады;
- депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады,
бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға
қабылдайды;
- туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
- қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан
тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
- чек жазып бередi және вексельдер бередi;
- банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан
мәмілелерді жүзеге асырады.
Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi:
1) Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел
валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет
ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның
iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;

2) резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында
валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
3) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан
Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн
айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық
операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті
лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау,
айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау
пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата
тұрады;
5) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын
белгiлейдi;
6) Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
7) мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес
Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға
мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң
тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
8) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және
валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және
валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
9) халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы -
валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
10) жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық
ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
11) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк
валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
12) Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау
жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да
функцияларды орындауға құқылы.
Сондай-ақ ҚР-ның заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтердi атқарады.
ҚР-ның Ұлттық банкi банктердiң банкi ретiнде ең басты мақсаты
экономиканы төлем құралдарымен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету және
елдiң барлық несие жүйесiнiң қызмет етуiне жағдай жасау, есеп айырысу
жүйесiн қалпына келтiру, банк қызметiн реттеу болып табылады. Ол басқа
қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейдi және өз қызметiнде пайданы табу
мақсатын көздемейдi. Оның клиенттерi – коммерциялық банктер және басқа да
несиелiк мекемелер болып табылады. Осыдан келiп, Ұлттық банкiнi банктердiң
банкi деп атайды.
Ұлттық банк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы Орталық банктің ақша-несие саясаты, құралдары және оны реттеу
Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыру
Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Банк жүйесі туралы
Ақша-несие саясаты жайлы мәлімет
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Государственный кредит в Республике Казахстан
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Пәндер