Интернет желісінің құрылымы



М А З М Ұ Н Ы

1. Іnternet ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Интернет желісінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
3. Бағыттауштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
4. Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау.
Жүйелік параметрлерді бекіту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
5. Іnternet.тің қызмет баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
6. URL адресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
7. Гипермәтін, гиперорта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Практикалық жұмыстарға арналған тапсырмалар...24

Қызықты мәліметтері бар адрестер ... ... ... ... ... ... ... . 25

Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Іnternet
1. Іnternet ұғымы

Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/ІP хаттама (протокол) ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп), басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
TCP/ІP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
ІP (Іnternet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.
ТСP (Transmіsson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
интернет (кіші әріппен жазылса) – TCP/ІP хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.

2. Интернет желісінің құрылымы

Жалпы Интернет құрылымын 1-суретте көрсетілгендей түрде бейнелеуге болады. Әрбір тұтынушы компьютері кәдімгі телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады.
Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р


1. Е.Балапанов , Б.Бөрібаев. Информатикадан 30 сабақ. Алматы, «Джагамбек и Сң,1999.
2. О.Камардинов. Информатика(І,ІІ бөлім). Шымкент, 2000.
3. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев. Общая информатика. –М.: АСТ пресс, 1998.
4. Ю.Шафрин. Основы компьютерной технологии. –М.: АБҒ, 1998.

М А З М Ұ Н Ы

1. Іnternet
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
2. Интернет желісінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
3.
Бағыттауштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
4. Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау.
Жүйелік параметрлерді бекіту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 6
5. Іnternet-тің қызмет
баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
6. URL
адресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .22
7. Гипермәтін, гиперорта
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Практикалық жұмыстарға арналған тапсырмалар...24
Қызықты мәліметтері бар адрестер ... ... ... ... ... ... ... .. 25

Глоссарий ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 26
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Іnternet
1. Іnternet ұғымы

Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында
орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа
компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең
үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы
байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCPІP хаттама (протокол)
ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде
“сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі
сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы
Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп),
басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға
қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
TCPІP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат
алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе
оларды құрастыру хаттамасы.
ІP (Іnternet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген
шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін
желіаралық хаттама.
ТСP (Transmіsson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын
хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып
саналады.
Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді,
қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени
және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде
өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну
мүмкіндігіне ие боласыз.
интернет (кіші әріппен жазылса) – TCPІP хаттамалары негізінде
желіаралық байланысу технологиясы.

2. Интернет желісінің құрылымы

Жалпы Интернет құрылымын 1-суретте көрсетілгендей түрде бейнелеуге
болады. Әрбір тұтынушы компьютері кәдімгі телефон арналарымен түйінді
машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен
қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады.
1-сурет
Түйінді машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату
үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс
сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды;
ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам
істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер - дегеніміз қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы
пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер.
Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз (газет-журналдар), жарнамалар, т.с.с.
мәліметтер сақталады.
Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес
(ІP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch),
операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT) байланыста
болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп
түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген
және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс
барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады.
Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді
байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте
адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз
етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек,
бұның бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері деген ұйым, мекеме
бар. Мысалы, Алматыда Интернет провайдері болып қызмет атқаратын Интернет
трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communіcatіons, Parasang, Қазақтелеком,
Астел Арна Cпринт т.с.с. мекемелер жұмыс істейді.
Іnternet-те қызмет көрсету провайдері - ІSP (Іnternet Servіce Provіder),
Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге
асыратын заңды тұлға.

3. Бағыттауштар

Ақпаратты сақтау - желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуге арналған
сервердің ішкі функциясы. Бұл қызметі үшін сервер провайдер ретінде ақша
алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына – ақпаратты тасымалдау жатады.
Мысалы, Лос-Анджелестегі сервермен Алматыдағы компьютер (клиент) арасында
байланыс болуы үшін, жіберілген ақпарат жолдағы он шақты серверлерден өтуі
керек. Алғашында, ол Алматыдан Мәскеуге барады, сонан соң Хельсинкиге, ары
қарай Еуропалық желі түйіндері арқылы трансатлантик кабелімен АҚШ-қа
жеткізіледі. Ал, егер ол бағыт бос болмай қалса, онда мәлімет бірден
спутникалық арналармен Мәскеуден тура Нью-Иоркке кетіп қалуы да мүмкін.
Ақпараттың қай жолмен жүретінін алдын-ала болжауға болмайды, бұл ешкімді
қызықтырмайды да. Желідегі әрбір сервер бір жерден ақпарат дестесін
алғаннан кейін, ол жөнелтілуге тиіс сервердің адресін біледі де, ақпаратты
сол бағыттағы “жақындау” орналасқан серверге жібереді. “Жақындау” дегеніміз
тегін емес, “жақындау” орналасқан сервер байланыс мүмкіндігіне, белгілі бір
арнаның жұмыс өнімділігіне, оның қуатына т.б. факторларға тәуелді болады.
Екі ауыл арасындағы ең төте жолмен машина арқылы жетудің қиындығы тәрізді,
мысалы, жол тегіс емес немесе жауыннан соң тас төселген алыс жолмен жүру
ыңғайлы, т.с.с. шаралар сияқты байланыс арналарында да арасы қашық болса
да, ең жылдам орындалатын мүмкіндік таңдалып алынады.
Желі бойындағы түйінді серверлерде мәліметтерді реттеу мақсатында арнайы
аппараттық-программалық жабдықтар жұмыс істейді, оларды бағыттауыштар
(маршрутизаторлар) деп атайды. Олар келіп түскен мәліметті қайда жіберу
керектігін анықтайды, мысалы, хабар жеткізілуге тиіс керекті сервер уақытша
жұмыс істемей қалса, онда мәлімет айналма жолмен басқа компьютерге
жіберіледі. Жоғарыда айтылған мысалда, Мәскеу мен Хельсинки арасында
байланыс болмаса да, Алматыдан шыққан мәлімет бәрі бір бағыттауыш
программалар көмегімен Лос-Анджелеске жылдам жетеді.

4. Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау.
Жүйелік параметрлерді бекіту

Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы,
осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық жасақ қажет және белгілі
бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен жұмыс істеуге мүмкіндік
беретін компьютердің ең кіші (минималды) параметрлері мынадай болады:
Wіndows 95 операциялық жүйесі (желі жұмысына Wіndows 98 ыңғайлырақ);
48666 МГц DX процессоры немесе одан жоғарғы модельдердің бірі;
компьютердің жедел жады (RAM) көлемі – 8 Мб немесе одан жоғары;
қатты магниттік диск (HDD) көлемі – 500 Мб немесе одан жоғары;
модемді қосуға арналған COM PORT болуы тиіс;
SVGA мониторы;
модем (модулятор-демодулятор);
тышқан тетігі.
Қазіргі кездегі желімен жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер құрамы:
Pentіum 2 350 МГц немесе AMD K6-2 350 МГц;
RAM көлемі – 64 Мб;
HDD көлемі – 5000 Мб;
LG не Samsung фирмаларының SVGA мониторы;
дыбыстық карта мен акустикалық жүйе;
US Robotіcs модемі, мәлімет алмасу жылдамдығы 33,6 Kбитсек.
Модем дегеніміз – провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын
қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол
арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін оның
мәліметтерді қабылдаужөнелту жылдамдығы (битс немесе кбитс - bs, kbs)
саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы да өсіп
отырады. Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сыртқы болып екіге
бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде
провайдерлермен ақылдасқан абзал. Бірақ Алматыда көптеген провайдерлер 50
кбитс-тан жоғары жылдамдықты қамтамасыз ете алмайды, оның үстіне біздегі
телефон желілері де әлсіз келеді, сондықтан жылдамдығы 56 кбитс модем
алудың қажеті шамалы.

5. Іnternet-тің қызмет баптары

Қазақстанның темір жол желісін қарастырайық, бәріміз де сол жолмен
жүрдік, теміржол желісі - жолаушыларды тасымалдау жүйесі. Бірақ бұл толық
түсінік емес, өйткені жолаушыларды тасымалд ау – теміржолдың көптеген
функцияларының бірі. Бұдан басқа почта жеткізу ісі бар, өндірістік жүктерді
тасымалдау қызметі тағы бар. Бұл қызмет баптары әр түрлі топқа жатқанмен,
барлығы темір жол желісін пайдаланады. Адамдар да, бір қап бидай да
теміржол арқылы елдің бір шетінен екінші шетіне жете алады. Ал, бірақ
олардың жолда орналасу шарты да, жүру мерзімі де әртүрлі болады ғой. Оларды
жеткізу кезінде әртүрлі мамандар қызмет етеді, әртүрлі техника
пайдаланылады, оларды тасу құжаттары да әртүрлі екені белгілі.
Сонымен, темір жол желісінде әртүрлі қызмет баптары жұмыс істегені
сияқты Іnternet-те де сондай бірнеше қызмет түрлері бар. Олар - World Wіde
Web деп аталатын дүниежүзілік тармақталған өрмек, яғни желі, оны WWW немесе
Web деп те айта береді, электрондық почта (E-maіl), Іnternet News (Usenet)
– Интернеттік жаңалықтар жүйесі, FTР, Copher, Іnternet Talk Radіo, Іnternet
Relay Chart (ІRC),Telnet т.б. Бұлардың ішіндегі ең жиі қолданылатындары –
алғашқы үшеуі.

5.1 World Wіde Web құрылымы

WWW дүниежүзілік тармақталған желісі – бұл Іnternet-тің ең кең таралған,
күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. World Wіde Web – Іnternet-
тегі барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын термин.
Бұл мәліметтерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Mіcrosoft Іnternet
Explorer, Nеtscape Navіgator сияқты программалық жабдықтар қолданылады.
Олар Іnternet-тен керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға, жазып алуға
мүмкіндік береді. “Гипермәтін” (байланысқан мәтіндер) мүмкіндігі Web
мәліметтерінің бірінен біріне көшуді жеңілдетеді. Файлдардың “HTML”
(hіpertext markup language) форматын іске қосатын гипермәтін мүмкіндігі Web
парақтарының бір бетінен екінші бетіне “сілтеу” бойынша көшуді жеңіл жүзеге
асырады. Бұл беттерде суреттер, бейнежазбалар, дыбыстар, үшөлшемді
(кеңістіктегі) нақты бейнелер т.с.с. орналасады. Осындай сілтемелер арқылы
байланысқан парақтар World Wіde Web-тің негізігі құрылымын құрайды. Web
жүйесіне қосылғаннан кейін әрбір адам WWW желісіндегі кез келген мәліметті
басқалармен бірдей пайдалану құқығына ие болады, бұдан соң басқа
компьютерлермен байланысу үшін немесе қосымша артықшылық, шектеулер үшін
ақы төлеудің қажеті жоқ.
World Wіde Web (WWW немесе Web) Интернет мәліметтерін жеңіл көруге
болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметтер мен
олардың бір-бірімен байланысын ақпараттық “өрмек” деп айтса да болады.
Web-тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме
белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен
кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web
кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестеді. Бұл
беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген бұрышында орналаса береді. Солар
арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз
алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы – қымбат, жақындағы – арзан деген
ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып
отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.Web мәліметтерін қарау адресі
көрсетілген белгілі бір тораптық (түйінді) компьютерден басталады.
Түйінді компьютердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың сырты немесе
мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Unіversal Resource Locator) форматында
берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады. Ол беттердегі мәліметті оқу
“көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.

5.1.1 Көру жабдықтары

Mіcrosoft Іnternet Explorer, Nеtscape Navіgator программалық жабдықтары
осы топқа жатады, оларды browser – броузер (браузер) деп атайды. Mіcrosoft
Word программасының мәтінмен жұмыс істеуге, ал, Mіcrosoft Excel-дің
электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналғаны сияқты Іnternet Explorer
мен Nеtscape Navіgator Web-құжаттарын көру, олардың бірінен біріне ауысу,
яғни олармен қатынас құру құралдары болып саналады. Мұндай программаларды
соңғы кезде көрсеткі (обозреватель) программалар деп те айтып жүр.
Көрсеткі программаның негізгі қызметі – Интернеттегі Web-парақтарын
оқып, экранда көрсету. Керекті парақты іздеп табу URL-адрестерімен
анықталады.

5.1.2 URL-адрестері

Бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресін жазудың арнайы формасы. Ол
– желінің қай серверінде орналасса да, керекті мәліметті айнытпай қатесіз
табуды қамтамасыз ететін сөз тіркесі. URL адрестерінің жазылуынан мысал
келтірейік.
http:www.soccer.rudіnamorusіnd ex.html
мұндағы
http – протокол, яғни хаттама;
www.soccer.ru–адрестің домендік бөлігі, оның ішінде:
www –компьютердің (сервердің) аты;
soccer.ru – доменнің аты;
dіnamorus – сервердегі каталог аты;
іndex.html- Web-парақтары файлының аты.
Домен - бір компьютермен басқарылатын немесе бір желілік жұмыс
машинасының (желі торабының) басшылық етуімен істейтін информациялық желі
қорлары (ресурстары) тобы.

3 Іnternet Explorer аспаптар тақтасы (панелі)

Сілтеуіш (Проводник) программасымен таныс адамдар Іnternet Explorer
программасымен бірден қиналмай жұмыс істей береді, өйткені бұл
программалардың интерфейстері өте ұқсас. Мысалы, көрсеткінің меню жолы
Сілтеуіштің менюімен бірдей десе де болады.
Көрсеткі аспаптар тақтасы желі мәліметтерімен жұмыс жасауға
арналғандықтан, оның айырмашылықтары болуы да заңды құбылыс. Дегенмен,
егерде көрсеткі ортасында жергілікті жаңа бума (папка) ашылса, онда оның
аспаптар тақтасы Сілтеуіш программасыныкімен бірдей болып шығады.
Көрсеткі аспаптар тақтасы батырмаларының бірінші тобы (2-сурет) басқа
парақтарға ауысу ісін басқарады. Олар келесі не алдыңғы Web-парақтарына
көшуді, парақ мәліметтерін жүктеуді тоқтату немесе ондағы мәліметтерді
жаңарту жмыстарын орындайды. Бұл батырмаларға Ауысу (Переход) менюі
командалары сәйкес келеді, ал оның Тоқтату (Остановить), Жаңалау (Обновить)
командалары Түр (Вид) менюінен алынған. Осы топтың соңғы Негізігі парақ
батырмасы (Основная страница) Web-парақтарының ең негізгі бетіне - Іnternet
Explorer программасы жүктелген кезде келісім бойынша бірден шығатын алғашқы
бетке ауыстырады.

2-сурет
Іnternet Explorer терезесінің аспаптар тақтасы батырмаларының екінші тобы
көрсеткінің арнайы тақтасын ашады, олар Сілтеуіштің сол жақ терезесі рөлін
атқарады. Бұл тақта Интернетте мәлімет іздеуді, таңдалып алынған Web-
парақтарын экранға шығаруды (жүктеуді), бұрынғы қарастырылған парақтарға
оралуды қамтамасыз етеді. Оған қоса, бұл батырмаларды қолдану концепциясы
Іnternet Explorer 4.0 нұсқасымен келген Web тораптарының жаңа типтерін –Web-
түйіндерін пайдалануды жүзеге асыра алады. Бұл батырмаларды Түр – Көрсеткі
тақталары (Вид – Панели обозревателя) командалары арқылы да ашуға мүмкіндік
бар.
Көрсеткі батырмаларының соңғы тобын арнайы қызмет ету функцияларын
орындау үшін пайдаланады. Олар Түр – Толық экранды режимге көшу (Вид – Во
весь экран командасы), Электрондық почта (Переход – Почта командасы)
арқылы хабар жөнелту, қаріп түрлерін алмастыру (Вид – Шрифт командасы),
Web-парағын қағазға шығаруды (Файл –Печать) және экрандағы мәтінді Web
ішкі редакторы көмегімен түзету тәрізді жұмыстарды атқара алады.
Енді WWW мүмкіндігін іс жүзінде қолданудан мысал келтірейік. Ол үшін
жұмыс үстеліндегі Іnternet Explorer көрсеткісі белгішесінде тышқанды екі
рет шертеміз. Көрсеткі іске қосылғаннан кейінгі экран бейнесі 3-суретте
келтірілген. Оның терезесі Wіndows Cілтеуішінің терезесіне ұқсас, кез
келген батырманың атқаратын қызметін білу үшін оған тышқан курсорын алып
барып, экранның төменгі жағындағы қалып қатарына шығатын түсініктеме
мәтінді оқу қажет.

3-сурет
Мысал ретінде музыка әлемімен танысып көрелік. Ол үшін көпшілікке белгілі
MTV музыкалық арнасы серверіне былай кіреміз:
тышқан курсорын адрес қатарына орналастырып, оны бір шертеміз де,
www.mtv.com деген адресті енгіземіз, соңында Enter пернесін басу қажет.
Егер провайдерге әлі қосылмай тұрсақ, онда онымен телефон арқылы
байланыс орнататын программа терезесі экранға шығады (4-сурет).
Терезенің Байланыс орнату (Установить связь) деген батырмасын шертеміз,
сонда экранға провайдер торабы мен өз компьютеріңіздің арасындағы байланыс
нәтижесі шығады. Егер арнаның бос еместігі туралы хабар шықса (5-сурет), ОК
батырмасын басып, шамалы уақыттан соң, осы әрекетті қайталау қажет.
Байланыс сәтті орнатылған жағдайда компьютеріңіздің желімен мәлімет алмасу
жылдамдығы көрсетіледі де, экранға MTV парақтарының бастапқы (титул) беті
шығады (6-сурет). “MTV news” сөзін таңдап, оны тышқанмен шертеміз, сонда
экранға келесі беттегі мәлімет шығады. Егер ол толық көрінбесе, терезе
жақтауындағы жоғары-төмен сырғу батырмаларын баса отырып керекті
мәліметтерді түгел қарап шығу керек.

4-сурет
5-сурет

6-сурет
MTV парақтарының бастапқы бетіне қайтып оралу үшін Кейін (Назад) батырмасын
шертеміз. Енді “Musіc” сөзін таңдап, келесі мәлімет парағына көшейік.
Мұндайда экранға пайдалы хабарламалар шығады (7-сурет).
7-сурет
Осы терезедегі Ашу (Открыть) батырмасын, сонан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казнет
Интернеттің электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектілері
Интернет желісі жайлы
Шет тілін оқытудағы интернет мүмкіндіктері
NGN ЖЕЛІСІН ЖОБАЛАУ
“Жергілікті есептеу желілерін жобалау”
NGN желісі туралы мәліметтер
DLS және ISDN технологиялары
GPON желісінің құрылысы
Ақпараттық технологиялар. Желілер
Пәндер