Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру

І тарау. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық негіздері

1. 1. Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері

1. 2. Ауыл мектебі оқушыларын рухани адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары.

1. 3. Білім мазмұнының рухани адамгершілік құндылықтармен ықпалдастығы.

ІІ тарау. Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастырушы тәжірибелік эксперимент жұмыстар.

2. 1. Тәрбие процесінде жоғары сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдары.

2. 2. Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастырушы тәжірибелік эксперимент жұмыстар.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты білім мен тәрбие беру жүйесінде де мол өзгерістер туындап отыр. «2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» ұсынылып, «Мәдени мұра» бағдарламасы талқыланып жатқан тұста, мектептің тұтас педагогикалық процесіндегі тәрбиеге жаңа көзқараспен қарау қажеттілігі туындады.

Сондықтан да XXI ғасырдың басында жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр.

Өйткені жаңа ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы шиеленісе түсті. Бұл бір жағынан, барша саланың ғаламдануы, ал екінші жағынан рухани азғындаудың бас көтеріп, үдеу үрдісімен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда республикамызда күннен күнге нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық пен тастанды балалар санының көбеюі, Қазақстан сәбилерінің жер жүзіне таралып қолды болуына, жалпы тәрбие процесінің күрделенгендігін байқатты.

Жеке тұлға мен қоғам құндылықтарының жандануы адам өмірінің негізгі тамыры болып саналатын адамгершілік, ұқыптылық, ар мен намыс, парыз бен жауапкершілік, игілікті іс сияқты жалпы адамзаттық құндылықтар болып саналатын, адамгершілік құндылықтарды бүгінгі ұрпақтың бойына қалыптастыру тәрбие процесінің өзекті мәселелері болып отыр.

Осы ретте, жеткіншек жас ұрпақтың бойында адамгершілікке бағытталған жүйе қалыптастыруды, тәрбие жұмысын ұтымды жоспарлай білуді және жаңа технологиялық негіздерді оңтайлы ұйымдастыруды жүзеге асыру, тәрбие процесін жаңа ғылыми педагогикалық тұрғыда зерттелуін де талап етеді.

Демек, қоғамдық, әлеуметтік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын, яғни жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарының жоғары болуын қамтамасыз етіп, азамат тәрбиелеудің жаңа бағыттарын ойластырудың қажеттігі туындады.

Мектеп оқушыларында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселесі барлық кезеңдерде де өзектілігін жоймай, педагогика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес. Оның өнегелі үлгілерін өскелең ұрпақ тәрбиесіне пайдалану қажеттілігі мен теориялық-педагогикалық негіздері Аристотель, Сократ, Платоннан басталып, бұны алыс және жақын шетел педагогтары Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко, Б. С. Гершунский, В. М. Гинецинский, И. П. Подласый, М. Ф. Харламов, Н. Е. Щуркова, т. б. жалғастырып; психологтар В. Франкл, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Ж. Ы. Намазбаева, Қ. Б. Жарықбаев, т. б. ғылыми-теориялық тұрғыдан тереңдетті.

Қазақ даласының ойшылдары әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, ғұлама ағартушылар Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы педагог ағартушылар тобы М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров ұлттық адамгершілік құндылықтардың негізін салған; философтар мен мәдениет танушылар Ә. Нысанбаев, Д. Кішібеков, Ғ. Есім, Т. Ғабитов, т. б. ары қарай жалғастырды. Адамгершілік тәрбиесінің тарихи даму жолдарын зерттеген педагогтар Т. Т. Тәжібаев, А. И. Сембаев, Қ. Б. Бержанова, Г. А. Уманов, А. П. Сейтешев, халықтық педагогиканың негізін зерттеген

Сонымен зерттеу барысында бүгінгі қоғам сұранысының талабына сай тәрбие процесіндегі жеткіншектер бойындағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыда шешу қажеттілігімен, мектеп тәжірибесінің өз дәрежесінде болмауы арасындағы қарама-қайшылықтар бар екендігі айқын көрінеді.

Зерттеу нысанасы: Жалпы білім беретін ауыл мектептерінің тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: жеткіншек оқушыларды сыныптан тыс тәрбие іс шаралары негізінде рухани адамгершілікке тәрбиелеу жүйесі.

Зерттеудің мақсаты: Ауыл мектебінің жеткіншек оқушыларын рухани адамггершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Егер:

-рухани адамгершілік тәрбиесінің ғылыми мазмұны теориялық тұрғыдан негізделсе;

-жеткіншек оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеудің моделі құрылып, критерийлері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалып, шарттары анықталса;

-бағдарламалар мен тәжірибелік эксперименттен өткізіп, мектеп практикасына кешенді негізделсе;

-Рухани құндылыққа толы халықтық педагогика материалын сбақтан тыс жұмыстарда пайдалану ұдайы қарастырылса, онда ауыл мектептеріндегі жеткіншек оқушылардың рухани адамгершілік тәрбиесі туралы теориялық білімдері кеңейіп, бойында ізгі қасиеттер сіңірілген жеке тұлға қалыптасуына ықпал етеді және іс-әрекеттерінде көрініс тауып, нәтижесі адами қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туады.

Зерттеу әдiстерi:

  1. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.
  2. Педагогикалық бақылау.
  3. Педагогикалық эксперимент.
  4. Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.
  5. Сұрақ-жауап, салыстыру әдiстерi.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының конституциясы, білім туралы заңдары, Үкіметтің білім беру саласына арналған қаулы қараулары мен бағдарламалары, кешенді тәрбие бағдарламасы, этномәдени білім беру концепциясы және басқа құжаттар мен ресми материалдар, оқу әдістемелік құралдар, автордың жеке басына тән іс әрекет тәжірибесі мен философ, психолог, педагог, тарихшы, әлеуметтанушылардың дүниетанымы, білім, даму негіздері жөніндегі ғылыми шығармалары, озат педагогтардың іс-тәжірибелері.

І тарау. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық негіздері

1. 1. Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың жедел дамуы нәтиже берумен қатар әртүрлі қателерді тудырып отырғаны да белгілі. Жастарымыз адамгершілік қасиеттерден гөрі материалдық пайданы алғашқы орынға қоюда. Сондықтан бүгінгі заман талабына сай мектептер алдына жаңаша міндеттер қойылуда. Сол міндеттердің бірі ауыл мектебі жеткіншектерін рухани адамгершілікке тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі. Біздің бүгінгі таңдағы жастарды тәрбиелеудегі мақсат міндетіміз - өз жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, парасатты, ата-бабаның әдет-ғұрпы мен салт дәстүрін бойына сіңірген, әлемдік өзгерістерге бейім, өз ойын еркін жеткізе алатын дарынды, білімді де, салауатты және рухани адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру.

Ауыл мектебі рухани байлығымыздың бастауы және ошағы өйткені, жас ұрпағымыз өз тілін, ділін құрметтеп және өткен рухани байлығымыздың нәрімен осында сусындап, келешекте ұлтымыздың тәлім тәрбиесін дамытып жалғастыратын, ұлт тілегін орындайтын болашақ ел иелері, ауылдан шығатынына сенімдіміз. Ауыл мектебі туралы ғалымдар М. П. Гурьянова, Л. Ф. Стирлин мен Е. С. Зайцева, Ғ. Жалғасбай, Ә. Сәдуақасұлы және т. б. «Ауыл мектебі-оқушыға білім беретін орын ғана емес, ауылдың мәдени өміріне қан жүгіртетін, рухани өсуіне ықпал ететін ордасы» және «бұл ауыл аумағында орналасқан жалпы білім беру, ұйымдар түрлерінің жиынтығы, олардың территориялық орналасуы, әлеуметтік ортасы, ұлттық құрылымы әр түрлі, оқушылардың білім және еңбек дайындығының ерекше міндетін орындауға және балалардың білім талаптарын қанағаттандыруға тырысады» -деп ауыл мектебінің оқу тәрбие үрдісінің қалалық ортадан ерекше менталитет артықшылығы, халықтық тұрмысы мен өндірісі, қызметтің шартталған ортасында өтетінін түсіндіреді. Ауыл мектебі дегеніміз - жас ұрпақтың ой өрісін жан жақты дамытып, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және халықтық педагогиканың негізінде мол мұраларын пайдалана отырып, рухани адамгершілікке тәрбиелеу орталығы. Мұнда жеткіншектердің рухани адамгершілік тұрғыдан дамуы - жан дүниесінің байып, рухани өсуі, қабілеті мен дарынының анықталып, кең өрістеуі, парапсаттылық ойы мен адамгершілік көзқарастарының қалыптасуына жағдай жасалады.

Өткен ғасырдағы педагогика тарихына көз жібертсек әл-Фараби, Ибн Сина, Фердауси, Ж. Баласағұн, шетел педагогтары Я. А. Коменский, И. Г. Песталоции, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Л. Н. толстой, Отандық педагог ағартушылары Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов. Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды ойшыл ғалымдардың еңбектерінде рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мен дамытудың мәні мен маңызы сипатталған. Тарихи дамуға көз жібертсек адам тәрбиесінде рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда халықтық педагогика мұрасы шешуші орын алған. Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының барысында халық ауыз әдебиетінің шығармашылығын тірек етіп, жан жақты дамыған рухани адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден ақ зор мән берген. Мәселен қазақ халқының мақал мәтелдері, нақыл сөздері, ырым тыйымдары жай ғана айтылған ұйқас сөздер ғана емес, олардың бәрінің тәрбиелік, рухани адамгершілік мәні болған. Яғни рухани адамгершілік қасиеттердің маңызы өте жоғары бағаланған.

М. Шаханов, «мүмкіндігі мен еркіндігін рухани байланысулармен бірге тұзақтап пайдалы істерге жұмылдыруға жұмсаған адам-өзіне, ұрпағына, ұлтына, адамзатқа, өркениетке пайдалы. Ал, еркіндігін тыймаған, мүмкіндігін мағынасыз бағытта сарқып біткен, рухани ізденіп дамуға еріншек те енжар, өзінің тоғышар өмірі, топас тұрпатына өзі разы, шектеулі шерменделер - өзі үшін де, өзгелер үшін де, қоғам үшін де қауіпті» деп рухани адамгершілік құндылықсыз өмір мәнісі болмайтынын түсіндіреді. Ал жеткіншектерді рухани адмгершілікке тәрбиелеудің қажеттігін ғалым Ж. Р. Бәшірованың пайымдауынша «құндылық дүниесі - жеке тұлғаның дүние танымына негізделген іс-әрекеті мен тұрмыс тіршілігін сипаттайтын, өмірлік ұстанымының беріктілігін анықтайтын адамзатқа, қоғамға, идеологияға, саясатқа, имандылыққа, білімге, ғылымға, өнерге қатысты өзі терең түсініп қабылдаған, ішкі және сыртқы әсерлерге байланысты адам бойында қалыптасқан, биік мақсат көздеген ізгі қасиеттердің өмір сүру барысындағы көрінісі» деп жеткіншектердің құндылық дүниесінің дамып қалыптасуына құндылықтардың оның бағасының зор екендігін айтады. Мектептегі рухани тәрбиенің мәні, негізінен шындықты өтіріктен, жақсылықты жамандықтан ажыратып, ар ұжданды қалыптастыруда. Руханилық жайлы философтар, тарихшылар да жоғары құнды идеялар айтқан. Аталған ойшылдардың рух, руханилық, рухани адамгершілікке байланысты ой пікірлеріне сүйене отырып, ауыл мектебі жеткіншектерін рухани адамгершіліке тәрбиелеу ұғымына анықтама беруге болады. Рух-сүйіспеншілікте қайырымдылықта, әділеттілікте, шығармашылықта, еркіндікте, борышта және жауапкершілікте, қарым қатынаста көрініс табады. Руханилық адам санасы мен сезімінің, сенімі мен сапасының, білім мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ауыл мектеп жеткіншектерін рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз- олардың өмірдегі өз орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсінуі және өзін өзі үздіксіз, жетілдіруі мен рухани дамуын қасиеттерін қалыптастыру.

Рухани адамгершілік қадір-қасиеттер мен сапаларды ауыл мектеп жеткіншектерінің бойына дарыту үшін біріншіден, олардың ой-санасын көтеру, екіншіден, адамгершілік тұрғыдан сезімталдығын тәрбиелеу және дамыту, үшіншіден, оқушының бойына жағымды мінез құлықтың дағдылары мен іс әрекетті меңгерту мұғалімдер мен ата-аналардың үздіксіз атқаратын ісі. Рухани адамгершілік тәрбие адамгершілік сапаның сыртқы көрінісі емес, тәрбиеде оқушының жан рух дүниесінің өрлеуі, ішкі дүниесінің дамуы, яғни жеткіншек өміріне белгілі бір бағыт беретін бастауы. Бұл бағыт кеңес дәуірінде тәрбие өзегінен ығыстырылып келген еді. Бүкіл оқу тәрбие үрдісі тар ауқымда білім, білік, дағды негізінде жан, рух, нұр, руханилық деген ұғымдардан оқушыларды ада еткен болатын. Қазіргі тәрбие процесінің ерекшелігі, оқушы пікірі мен жан дүниесінің қажеттілігін ескеру және оны жұмыс барысында пайдалануда.

ТМД елдері мен өз еліміздің ұрпақ тәрбиесіне бұрыннан өзгерістер әкелген педагог ғалымдардың рухани қасиеттер жайлы еңбектері де өмірге келіп, тәжірибеге енуде: Ш. Амонашвили, И. А. Ильин, Н. Е. Щуркова т. б. Мәселен, И. А. Ильин « оқушылардың рухани дүниесін дамытпай, білім беру қажетсіз дүние. Мұғалімнің зерттеу объектісі - оқушының жеке жан дүниесін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып, рухани адамгершілікке оқыта отырып тәрбиелегенде ғана, олардың өздігінен жетілуіне мүмкіндік жасалады»-деп түйіндейді. Демек терең, тиянақты білім алу үшін оқушылардың рухани дүниесі үнемі дамып отыру керек екендігін түсінеміз.

Отандық ғалымдардың зерттеулерінде негізінен рухани - адамгершілік құндылықтарға назар аударылған, зерттеуші Б. Игенбаева кандидаттық диссертациясында бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағында рухани адамгершілігін дамытудың әдістерін ұсынған, А. Қаплиева болса, рухани адамгершілік құндылықтар арқылы оқушыларды салауатты өмір салтына даярлауды қарастырған.

Жеткіншектерді рухани адамгершілікке тәрбиелеу барысында ұстаздар тарапынан жүргізілген педагогикалық ықпалдардың нәтижесі әрқандай болады. Өйткені жеткіншек ықпалдарды үнемі қабылдай бермейді, себебі оның ішкі қажеттілігін қанағаттандырса ғана нәтижелі болмақ. Сыртқы көріністер адамның ішкі жан дүниесінің тікелей орындауынан болады. Тұлғаның ішкі жағдайы, сыртқы әсерлерге көбірек тәуелді деген түсінік қалыптасады. Олай болса жеке тәрбиелеу, рухани адамгершілікке тәрбиелеудің жолы, жеткіншек ішкі дүниесіне қалай әсер еткеніне байланысты ьолмақ. Ауыл мектебі жеткіншектерінің мінез құлықтарындағы жағымсыз қылықтарды жою, рухани адамгершілікк тәрбиелеу үшін, олардың ұнамды психикалық күйін, яғни қуанышын пайдалана отырып, мектептегі қызықты да, тартымды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстырып, олардың пікірлерімен де бөлісіп отыруы тиіс. Осы сәтте жеткіншектердің мініз құлқындағы кейбір теріс қылығын өзіне сендіріп, бұл қасиеттің дұрыс еместігіне көзін жеткізіп, одан бойын аулақ ұстауға ақыл кеңес берілуі керек. Бұл тұрғыда, ауыл мектебінің мұғалімі де сыныптағы тәрбие жұмысын осы бағытта ұстап, оқушының өз уақытының көп бөлігін ұжымда өткізетіндігін есепке ала отырып, іс-шараларды іске асыруы тиіс. Сондықтан ауыл мектебінің сынып жетекшісі өз жұмысының жоспарын оқушылар жан дүниесінде терең мағыналы із қалдыратындай, білімдерін қоғамдық өмірде қолдана отыратындай, оқу тәрбие процесінде белсенділік пен шеберліктерін толық көрсететіндей, әрбір іс әрекеттен олардың рухани-адамгершілік қасиеттері көрініп отыратындай құрастырғаны абзал. Әсіресе рухани жұтаң оқушыларға әр түрлі жағдаяттар туғызу арқылы сыныпта оның беделін көтеруге мүмкіндік беру, ұжымдық шығармашылық істерге тарта отырып, оның қабілетін жақсы жағынан көрсете білуіне жәрдемдесу, олардың мектеп ұжымына қайта оралуына әсер ететін бақытты сәттер болып табылуына өзіндік үлес қосқаны құптарлық.

Адамгершілік оның ішінде рухани адамгершілікті жастарымыздың бойына сіңіру қаншалықты маңызды екендігі жөнінде ғалымдарымыз өз зерттеулерінде айтып, ол туралы құнды-құнды ой пікірлерін қалдырды.

Қазақ халқының арғы тарихымен байланысты жеткен жазбаша деректердегі А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов еңбектеріндегі оқу, білім, адамгершілік, тәлімдік ой пікірлер және жазықсыз жапа шеккен зиялылар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Досмұхамбетов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов халықтық тәрбиенің ұлттық негіздері жөніндегі ой-пікірлері мектеп жасындағы балалар өмірінде ойынның атқаратын мәні жөніндегі Н. Құлжанованың аса құнды еңбектері бар.

Алып ойдың кеніші - Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Үзлаг Әл-Фараби (870-950) дүние жүзілік ғылыммен, даналық болжамдарымен ықпал еткен ұлы ғалым. «Ақылдың мәні туралы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», « Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында» т. б. еңбектерінің тағылымы мол. Әділдік, инабаттылық, мейірім, жомарттық - адамгершілік көрсеткіші екендігі әр саладан баяндалған. Тәрбие мәселесінде адамгершілікті бірінші орынға қойды.

Адамды бақытқа жеткізетін даналық жол - қайырымдылық, имандылық, адамгершілік екендігін әр жақты дәлелдеді. Ал оған жетудің кілті тәләм тәрбие, адмның өзін өзі тежей білуі екендігін айтып: « . . . адамгершілікке негізделген татулық, жарасымдылық, келісе білушілік бақытқа жеткізеді. »

Бұл игі қасиеттерді бойға дарыту - бала дүниеге келген кезден бастап жүйелі түрде жүргізілуін ұлы ұстаз қайырымды қала басшысына тән мінез құлықтар арқылы меңзей отырып, адамгершілік әдептің ізгі сипаттарын белгілеп берген болатын. Тәрбие арқылы жүзеге асуға тиісті асқақ арманға толы бабамыздың педагогикалық толғанысы осыдан он бір ғасыр бұрын айтылғанымен де, күні бүгінге дейін өзінің қадір қасиетін жоймаған, қайта уақыт озған сайын жаңарып жасара беретін пайымдаулар. Егемендікке қолы жаңа ғана жеткен еліміздің болашақ иегерлерінің бойына ұлы ұстаз нұсқаған адамгершілік әдістерінің мейірім шапағаттарын балбөбектердің сәбилік шағынан бастап дарытуға ниеттенсек, басшылыққа алсақ ісіміз табысты болары хақ. Әрине дана ойшыл бабаларымыз ұсынған тәлім-тәрбиелік пайымдауларын бала ойыны арқылы жүргізілсін деп айтпағанымен де сәбилік шақтағы тәлім, үйрету, тиісті әдет дағдыларын меңгертіп машықтандырудың тиімді жолы - ойын екені баршаға аян. Қазақ халқының көне тарихындағы аты әлемге мәшхүр болған ойшылдарының тәрбие жөніндегі даналық ойларын шола қарағанда ХІ ғасырдың ұлы мұрасы, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» («Құдатғу білік») еңбегінің орны ерекше. Өзі өмір сүрген уақыт деңгейінен Жүсіп Баласағұн «Құтты білікте» (1069 жылы жазылған ) адамгершілік қасиеттерін сипаттап, өнегелі тәлімдерді келер ұрпаққа бағыштаған. Бұл дастан 72 тараудан тұратын 6600 тармақ болса, онда - Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат деп аталатын бейнелік есімдер арқылы аталып отырған төрт қасиет суреттелген. Дастандағы кейіпкерлер кеңесінде өмір сүрудің ережелері, мінез-құлық, ақыл-ой, адамгершілік әдептерінің озық үлгілері, дидиактикалық таным түсініктер суреттелген. Ізгілікке жетелейтін ғибраттар айтылған:

Тәрбиеші ал ізгілікті көшелі,

Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі . . .

Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер.

Бастауы көне ғасырда жатқан адагершілік танымда тәрбиенің ізгілік жолы отбасынан басталатындығын Жүсіп Баласағұн дөп басып, дәл суреттеген:

Ақ сүтпенен бірге енеді жақсылық,

Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып . . .

Іште біткен қылық парыз мойнына

Бірге кетер қара жердің қойнына

Ғасырлар қойнауында жатқан жазбаша жеткен мұраларымыз жөнінде сөз еткенде ХІІ ғасырда өмір сүрген Қожа Ахмет Иассауиді (1094-1167) айта аламыз. Оның үстіне бүкіл әлем халқы 1500 жылдық мерей тойын тойлады. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет кесенесі - дүние жүзіндегі таңдаулы мәдени ескерткіштердің бірі. Қожа Ахметтің «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») әдебиеттің алтын қорына қосылатын туынды болуымен бірге, тәлім тәрбиелік пайымдауларының да мәні зор. Сопылық жолға берік бекіген бабамыз ұстанған тәрбиелік қағидасы құдай жолына берілуге негізделген әділеттілікті тұтыну. Ойшыл ұстаздың тәрбие жөнінде берер ақылы ешкімге қиянат жасама, зәбір көрсетпе, дүниеқұмарлық пен баққұмарлыққа салынба, жоқ жітік пен кем-кетіктерге шын ниетіңмен жәрдемдес. Тәрбие арқылы бойға сіңірілген өмір сүрудің басты ережесі қанағат пен рақымшылдық, тағдырға тағзым етіп, басқа түскенге көне білу, үлкеннің сөзін, білікті ғұламаны және ұстаз ақылын екі етпей ұғыну қағидалары. Бұлардың бәрі жұртшылыққа өнеге ретінде дәріптелді:

Ақ дәптерге даналық сөзді жаздым . . .

Несібіңе берілген қанағат қыл . . .

Әуелде ақыл -ойдан кенде болдым,

Біртіңдеп білім алып жөнге келдім.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигізер әсері туралы ой-пікірлердің қалыптасуына Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев сынды халқымыздың ойшылдары, ағартушылары мен өнер қайраткерлерінің қосқан үлесі зор болды.

Ыбырай Алтынсарин халық педагогикасында адамгершілікті, үлкенді сыйлауға, өнерге үйретуге уағыздаған негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны басқа халықтардың озат ой пікірлерімен толықтырып дамытты. Ол елін надандыққа қамап отырған феодалдық-патриархалдық, кертартпа отаршылдық саясатты сынай отырып, туған халқының келешегіне зор сеніммен қарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық құндылықтар негізінде жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Өркениет және ұлттық тәрбие
ОҚУШЫЛАРҒА ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесі
Дене шынықтырудың міндеттері
Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметінің ерекшілігі
Ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Еңбек тәрбиесінің мақсат-міндеттері және оның оқушы тұлғасының дамуына ықпалы
Салт - дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz