Бизнес - жоспар және оның маркетинг бағдарламасымен байланысы


КІРІСПЕ
Фирма- нарықтық қатынастардың негізгі субъектісі болып саналады. Оның іс- әрекеті, тәсілдері және мінез- құлық дәлелдері (себептері) шешуші түрде отандық экоомиканың барлық бет бейнесін анықтайды. Экономиканы басқарудың әкімшілдік әміршілдік жүйесінен нарықтық жүйеге өту экономиканың құрылымды өзгеруіне жағдай туғызады. Нәтижесінде тапшы экономиканың дәстүрлі кәсіпорны өмір суруін сақтап қалуды мақсат тұта
отырып, бірте-бірте өтпелі кезеңдік болып қайта құратын трансформация құбылысы жүзеге асады. Мұндай кәсіпорынның негізгі мақсаты нарық қажетін қанағаттандыру жолымен пайдалар көлемін өсіру.
Сонымен, «Фирма» түсінігіне нені жатқызуға болады; фирма бұл қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде оңашаланған құқықтық формақа сәйкес үлгіде тіркелген қазіргі заманғынарық шаруашылығының бірлігі. Бұл құқықтық нормалар азаматтық құқық нормаларына сәйкес жасалған. ҚР құқықтық жүйесіне сәйкес, фирмалардың келесі негізгі түрлері мәлім; жеке кәсіпкер, шаруашылық серіктестіктер, өндіріс коперативтері, акционерлік қоғам. Шаруашылық серіктестіктер өзара толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерге бөлінеді.
Осы фирмалардың әрқайсысы бірқатар ерекшеліктерге ие.
Жеке кәсіпкерлер бұл экономика саласында қызметтің алуан түрлерін дербес жүзеге асыратын жеке тұлға. Бәрінен бұрын олар жеке дара кәсіпорындардың ұйымдастырушылары болып қатысады, өзінің атынан келісімді дербес жасайды және барлық міндеттемелер бойынша өзінің мүлкімен толық жауапкершілікті көтереді.
Серіктестіктерді ұйымдастыру капиталды біріктірумен қатар, фирмалардың қызметіне кәсіпкерлердің белсенді қатысуын және оның міндеттемелері бойынша өзінің мүліктік жауапкершілікті орындауларын талап етеді. Серіктестіктерге толық серіктестік және жауапкершілігі шектеулі серіктестік жатады.
Қоғамды құру кезінде кәсіпкерлердің тек капиталдары бірігеді, олардың жеке бастары іс жүргізуге қатыспайды. Фирмадағы басқару жұмысын салымшылармен тағайындалатын кәсіби менеджерлер жүзеге асырады. Фирма банкротқа ұшыраған жағдайда, салымшылар әрине, өздерінің салымдарымен тәуекелге барады. Бірақ, сонымен бір мезгілде мүліктік жауапкершілік алдын ала бөлініп көрсетіледі, бұл кәсіпкерлік тәуекелге барудың мөлшерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді. Мұндай бірлестіктерге жауапкершілігі шектеулі қоғамдары, акционерлік қоғамдары және корпорацияларды жатқызуға болады.
Командиттік серіктестік бұл серіктестіктің іс әрекетіне жетекшілік ететін және фирмалардың міндеттемелері бойынша өзінің салымымен, сол сияқты өзінің мүлкімен шектеулі жауапкершілік көтеретін екі немесе одан да көп кәсіпкерлердің шарттық бірлестіктері. Басқалар (командиттер) серіктестікті тікелей басқаруға қатыспайды, тек өздерінің салымдарымен қатысады.
Негізінен бұл нысанды шағын және орта кәсіпкерлер таңдайды.
Жоғарыда келтірілген фирмалардың жіктелуімен қатар, құқықтық ұйымдастыру белгілері бойынша басқа да жіктеулер бар.
Шаруашылық қызметінің түрлері және жасалатын операциялардың сипаты бойынша фирмалар; өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, агроөнеркәсіптік, сауда, көлік, сақтандыру, консалтингтік, лизингтік, инжинерліктік және басқаларға бөлінеді.
Мұндай жіктеу негізінде өндіріс немесе сатып алу сату объектісі, нақтылай айтқанда, материалдық заттық пішіндегі тауар, шығармашылық қызмет нәтижелері жатады.
Фирма меншіктік сипаты бойынша; мемлекеттік, жекеменшік және аралас болып бөлінеді.
Фирма капиталының үлесіне байланысты: ұлттық, аралас және халықаралыққа бөлінеді. Бүгінгі күні Қазақстанда аралас (бірлескен) кәсіпорындар, яғни шетел капиталы қатысқан фирмалар маңызды рөл атқара бастады.
Тәжірибеде фирмаларды жасалатын операциялардың көлемі бойынша ірі, орта және шағынға бөлу кеңінен қолданылады.
Нарыққа табысты өту және белсенді бәсекелестік ортаны қалыптастыру көп жағдайда шағын және орта кәсіпорындарға байланысты. Бұл кәсіпорындар ірі кәсіпорындардан ұтқырлық, икемділік, қозғалғыштық, сұранымдардың және тұтынушылардың артық көрушілігінің өзгеруіне тез түрдегі кері әсер сияқты сипаттарымен өзгешелінеді, осы айтылған жағдайлар республикада нарықтық қатынастарды қалыптастыру үшін аса маңызды болып саналады. Қазіргі уақытта шағын жәнеа орта кәсіпорындар Қазақстандағы шаруашылық субъектілері жалпы санының ін құрайды.
Бизнес - жоспар және оның маркетинг бағдарламасымен байланысы
Бизнес - жоспар фирманың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыратын маңызды құрал болып саналады.
Бизнес - жоспар қазақстандық кәсіпкерлердің басым көпшілігі үшін принципті жаңа құжат. Ол кәсіпкерлік бастамалардың маңызды аспектілері мен сипаттарын неғұрлым толық көрсетуші және ресімделген инвестициялық ұсыныстарды білдіруші кешенді құжат болып саналады.
Бизнес - жоспарды әзірлеудің біртұтасстандарты жоқ.
Тұтастай түрдегі бизнес - жоспар несие алудың құралы болып саналады, дегенмен оның әзірлемелері басқа мақсаттарға:
- Бизнес мақсатын анықтауға;
- Стратегия мен тактиканы айқындауға көмек көрсетуге ;
- Қызмет нәтижелерін бағалай білу жүйесін жасауға;
- Бизнестің мықты және осал жақтарын бағалауға қызмететуі мүмкін.
Бизнес - жоспарды жасау бойынша көптеген айқындамалар бар, бірақ олардың барлығы шамамен алғанда бірдей бөлімдерден тұрады.
Бизнес - жоспардың үлгі - құрылымы мен сызбасы келесі түрде көрінеді:
Кіріспе (аннотация) .
Жобаның мақсаты мен мәні (түйін) .
I бөлім. Компанияға сипаттама және ағымдағы қызмет.
II бөлім. Әлді және әлсіз тұстарды талдау.
III бөлім. Өнімдер мен қызметтерге сипаттама.
IV бөлім. Нарыққа талдау жасау және маркетингтік стратегия.
V бөлім. Өндірістік жоспар. Жобаны жүзеге асырудың кестесі.
VI бөлім. Өндірістік жоспар. Жобаны жүзеге асырудың кестесі.
VII бөлім. Ұйымдастыру жоспары.
VIII бөлім. Тәуекелдерді талдау.
IX бөлім. Қорытынды және түйін жасау.
Қосымша және құжаттама.
Аннотация (пікір білдіру) қысқа, әрі мазмұнды болуы тиіс, онымен бірінші танысып шыққан адам: кім, не, неменеге, қашан, қайда, қалай, қанша деген сұрақтарға жауап ала алуы керек.
Түйіннің (резюме) аннотациядан (пікір білдіруден) өзгешілігі, ол неғұрлым мазмұнды және өзіне бизнес - жоспардың әрбір бөлімі бойынша қысқа қорытындылар жасалады. Түйін келесі ақпараттардан тұрады:
- Кәсіпорынды, оның өзіндік белгілерін сипаттау;
- Басқару қызметкерлерінің біліктіліктері туралы қысқаша мәліметтер;
- Нарықтағы және салалардағы жағдайды сипаттау;
- Кәсіпорын өнімднері мен қызметтерінің басымдылығы;
- Компаниялардың ресурстары және оның ағымдағы қаржылық жағдайы;
- Техникалық жоспар (алға қойылған мақсаттарға қалай қол жеткізіледі) ;
- Инвестицияларға деген қажеттілік;
- Жоба тиімділігінің негізгі экономикалық көрсеткіштері;
- Тәуекелдерге бару.
I Компанияларға сипаттама. Аталмыш бөлімінің негізгі мақсаты - бизнестің шешуші сипаттарын дәл анықтау және келесі сұрақтарға жауап беру болып табылады;
- Қызмет тегі (өндіріс, сауда, қызмет көрсету) ;
- өз клиенттеріне қандай және қалай қызмет көрсетеді;
- Ол қайда орналасқан;
- Бизнестің таралу ауқымы қандай (өз аумағында, өз елінде, халықаралық ауқымдарда) .
Бұл бөлім инвесторды бизнес - жоспарды ұсынушы кәсіпорынның сенімділігі мен оның болашағына иландыра білуі тиіс. Ол мынадай ақпараттардан тұруы қажет;
- Кәсіпорын туралы мәлімет;
- Кәсіпорын тарихы;
- Кәсіпорын қызметінің қаржылық - экономикалық көрсеткіштері;
- Кәсіпорын құрылымы;
- Кадр құрылымы;
- Кәсіпорын дамуының болашағы;
- Аймақты дамытудағы кәсіпорынның үлесі.
II. Мықты және әлсіз тұстарды талдау. Бұл бөлім сіздің өз күшіңізді, сондай-ақ компанияның кемшіліктерін қаншалықты шынайы бағалайтындығыңызды көрсетуі тиіс.
Мысалы:
Әлді жақтары Әлсіз жақтары
Арналары;
Бюджет алдындағы міндеттеме;
Қатаң бақылау;
Басқару қызметкерлері
Біліктілігінің жоғары деңгейі;
Жұмыс орындарын ұйымдастыру;
III. Өнімдер мен қызметтерге сипаттама. Кез келген кәсіпкерлік жобаның тұтынушыға ұсынылатындығына және пайда әкелушілігіне негізделетіні белгілі. Бұл бөлім келесі көрсеткіштерден тұруы мүмкін:
- өнімдердің (қызметтердің) атауы;
- тағайындалуы және қолдану саласы;
- экспорттың мүмкіндігі;
- қысқаша сипаттама және негізгі мінездемелері;
- бәсеке қабілеттілігі;
- сапа сертификатының болуы;
- Қауіпсіздік және экология;
- Тауарларды жеткізу және орау (буып-түю) ;
- Кепілдік және сервис.
IV. Нарыққа талдау жасау және маркетингтік стратегия. Бұл бөлім негізінен келесі негізгі бөліктерден құралады:
- Сұранымды анықтау және нарық мүмкіндіктері;
- өнімді тұтынушыларға сипаттамасы;
- өндіріс технологиясының сипаттамасы;
- өндіріс жайларындағы (орындарындағы) қажеттілік;
- жабдықтарға қажеттілік;
- шикізатқа қажеттілік;
- қызмет көрсету және сервис;
- жұмыстарды орындаудың күнтізбелік жоспары.
V. Өндірістік жоспар келесі позициялардан (ұстанымдардан) тұрады:
- орналасқан орыны және жер;
- өндіріс технологиясының сипаттамасы;
- өндіріс жайларындағы (орындарындағы) қажеттілік;
- жабдықтарға VI VII VIII IX X
Экономикалық субъектілердің қызметінің табысты болуы үшін дұрыс таңдалған қысқа, орта және қзақ мерзімді мақсаттары маңызды орын алады. Бұл мәселенің маңыздылығын баса атаай отырып, сенеканың «Қай айлаққа жүзетінін білмегенге қуалай соққан жел де жоқ» деген сөздерін келтіруге болады.
Менеджменттің негізін салушылардың бірі Г. Эмерсонның «Өнімділіктің он екі қағидасы» атты еңбегінде ең басты өағида ретінде нақты қойылған мақсаттар аталады.
Атақты американдық қалым И. Ансоффтың: «Мақсаттар - фирманың жұмысын бағыттап оның нәтижесін қадағалап отыруға мүмкіндік береді басқару шешімін қабылдау тәртібі » деген сөзімен келісуге тура келеді.
Фирмалардың негізгі мақсаты - пайда табу. Болашақтағы жұмысты белгілей отырып, қанша, қандай көлемде пайда табуға болатындығын есептеп шығару қажет. Фирмада басқа да мақсаттар көзделеді: әлеуметтік мақсаттар - тауарларымен атқарылатын қызметтерді көбейту, экономикалық жағдайларды жақсарту, жаңа мәдени мұралар қалыптастыру, ғылыми - техникалық ағартушылық потенциалды ұлғайту, іскерлік және халықаралық қарым - қатынасты нығайту; кәсіпкердің статусын көтеру, кәсіпкердің экономикалық потенциалын дамытып, нығайту; басқа да арнайы мақсаттар - шетелдермен қарым - қатынас жасау; әр түрлі ассоциациялар мүше болып кіру; кәсіпкерліктің ерекше мақсаты - әр түрлі қайырымдылық жұмыстар көрсету.
Көптеген фирмалардың мақсаттары ресурстарды оңтайлы пайдалануға бағытталған экономикалық және қызметкерлердің қажеттіліктерін жауап беретін әлеуметтік мәселелерден тұрады.
Мақсаттар фирманың өз мақсатына жетуін қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz