ФИРМА ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ФИРМА ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Орындаған:

Қабылдаған:

АСТАНА 200

ФИРМА ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Фирма алғашында кәсіпкерліктің тірегі, нарықтық экономиканың өнімі болып табылады. Кейін экономикалық даму мен ғылыми-техникалық прогрестің келесі сатыларында оның функциялары кеңейеді, маңызы жоғарылады. Сол себептен фирма теориясына үлкен мән берiледi. Экономика ғылымында фирма табиғатын қарастыруда екi теория белгiлi: технологиялық және институционалдық, әрқайсысы фирма анықтамасын өзiнше тұжырымдайды. қазiргi экономикадағы нарықтық қатынастарда қызмет атқарып жатқан фирмалар түрлi көрсеткiштер бойынша классификацияланады, оларды бiр- бiрiнен ажырату маңызды болып табылады.

Фирма туралы жалпы түсінік және оны технологиялық, институционалдық теориялар тұрғысынан қарастыру

Алғашқыда «фирма» термині (итальян тілінен firma-қойылған қол) комерсанттың «саудалық атын» білдірді. Қазірде ол- бизнестің ұйымдастырушылық құрылымы, тек қана заңды емес, сонымен нақты экономикалық дербестігі бар барлық экономика салаларындағы кәсіпкерлік бірлігі [1, 74б. ] .

Теория мен тәжірибеде «кәсіпорын» мен «фирма» түсініктері жиі теңестіріледі. Бұл түсініктер ұқсас, бірақ олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: кәсіпорын- бұл бір профильді, бір ғана өнім шығаратын өндіріс бойынша арнайы функцияларды орындайтын мекеме, фирма- көппрофильді өндіріс, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Мысалы, Италия фирмасы «Фиат» тек қана автомобиль шығарып қоймайды, теңіз кемелерін және т. б. шығарады.

Экономикалық ғылымның түрлі мектептері фирманың анықтамаын түрліше айтады. Фирма табиғатын қарастыруда экономикалық теорияда екі әдістеме белгілі: технологиялық және институционалдық.

Фирманы зерттеуде технологиялық әдістеме микроэкономикалық процестерге неоклассикалық көзқарастар негізінде қалыптасты. Экономикалық әдебиеттерде бұл әдістеме көбіне функционалдық болып кездеседі. Ол кез келген уақытта қолда бар өндіріс фактоларының барлық мүмкін комбинациялары және техника және технология дамуының берілген деңгейі болғанда өнім шығарылымының максималды көлемін көрсететін көрсететін функцияны анықтауға мүмкіндік бар екендігін білдіреді. Оның көмегімен біз бөлек ресурстардың қандай қатынасында өндірістің оптималды көлемін алуға болатындығын анықтай аламыз. Технологиялық әдістеме шеңберінде оптималды мөлшер немесе фирма шегін анықтау мәселесі басты болып табылады [2, 191б. ] .

Осы дәстүрлі экономикалық теория фирманы өндірістік-технологиялық жүйе, адамдар мен машиналардың бірігуі ретінде анықтайды. Неоклассикалық фирманы «қара жәшікпен» саыстырады, кейін оған түрлі ресурстар қатынастары мен технологияны салады да, қақпағын жабады. Шамалы уақыттан соң одан дайын өнім, өндірілген игіліктер шығарылады. Бірақ технологиялық әдістеме «жәшіктің» қайдан пайда болғанын және оның ішінде не болғанын түсіндірмейді.

Қазір фирманы анықтауда институционалдық әдістеменің мәні өсуде. Ол бойынша фирманы зерттеудің басты мәселесі пайданы максималдау жағдайлары емес, фирманың пайда болу феноменін, оның әрі қарай даму заңдылықтарын және нәтижесінде өлуін түсіндіру болып табылады. фирманы қандай да бір берілген ретінде қарастырмайды, олар оның пайда болу механизмін түсінгісі келеді. Нарық бар болса, фирманың керегі не? Ресурстар иелері неге өндіріс факторларын басқа иеленушілерден сатып ала отырып тәуелсіз тауарөндірушілер ретінде қызмет етпейді?

Фирманың қызмет ету процестерімен байланыстысұрақтарды зерттеудің институционалдық дәстүрі өз бастауын Р. Коуздың «Фирма табиғаты» (1937ж. ) атты классикалық мақаласынан алады.

Неоинституциализм өсімі Р. Коуз өз таңдауын трансакциондық шығындар фаторының пайдасына жасады, яғни контракттар, келісімдер. Трансакциондық шығындар- бұл келісімдерді жүргізудің шығындары: ақпараттық, тауарлар мен қызметтердің сапасын өлшеудің шығындары, контракт жүргізу шарттарын әзірлеуге жұмсалған шығындар, келісім бойынша міндеттерді орындауға жауапкершіліктен бас тартудың шығындары, т. б. Трансакция шығындары ешқашан нөлдік болмайды, себебі нақты өмірде меншік қатынастары белгілі бір мөлшерде өндіріске әсер етеді.

Осыдан шыға отырып, Р. Коуз фирманы өзара тиімді келісімдер жиынтығы ретінде айтуды ұсынды. Келісімдік қатынастар жиынтығы ретіндегі фирма анықтамасы фирманың пайда болуы, ең алдымен, нарықтық механизм шығындарының бар екендігімен байланысты екендігін түсінуге мүмкіндік береді. Ұйым құру және кәсіпкерге ресурстарды басқару құқығын беру жолымен кейбір нарықтық механизм шығындарында үнемдеуге болады. Кәсіпкер өз қызметін шағындау шығындармен орындайды, себебі ол өндіріс факторларын өзі ығыстыратын нарықтық трансакциялармен салыстырғанда неғұрлым төмен бағалармен алады. Егер ол сәтсіздікке ұшыраса, онда кез келген уақытта еркін нарыққа орала алады. Фирманың неоинституционалдық жаңашылдығы еңбек бөлінісінің тиімділігімен қатар кәсіпорын ішінде фирма дамуының шекарасы анықталатындығында. Кәсіпкердің фирмадғы билігінің шектері шарттық келісіммен орнатылады. Шартта шекаралар жазылады, оның шеңберінде тауарлар мен қызметтерді жабдықтаушының қызметі ұйғарылады, жабдықтаушының іс-әрекетері бөлектеніп кейін сатып алушымен анықталады. Осы жағдайда қысқамерзімді шарттар болмағаны жақсы. Ресурстарды басқару кәсіпкерге тәуелді болғандағы осындай арақатынастар жүйесін Р. Коуз фирма деп атайды. Фирма нарыққа деген альтернативалар жүйесі сияқты. Фирма ішіндегі қатынастар нарықтықсигналдармен емес (сұраныс және ұсыныс), иерархиялық жүйеден шығатын командалармен реттеледі. Фирманың қажетті көлемі нарықты пайдаланудың шекті шығындары мен әкімшілік бақылауды қолданудың шекті шығындарының теңесу нүктесі арқылы анықталады. Осы шекараға дейін фирма пайдалы боады, ал содан кейін нарық пайдалы. Трансакциондық шығындар құрылымы фирмада еркін нарықтағымен салыстырғанда өзгеше болғандықтан, нарық әлсіз болғанда еңбекті ұйымдастыру мәселесін фирма шешеді.

Фирманың реурстар иелері арасындағы екіжақты ұзақмерзімді келісімдер жүйесі ретіндегі сипаттамасы фирманың оптималды көлемін де анықтауға мүмкіндік жасайды. Фирма кәсіпкер қосымша трансакцияларды ұйымдастыруына сай өсе береді және кәсіпкер келісімдерді ұйымдастыру жұмысын доғарғанда фирма өз көлемін кішірейтеді.

Неоинституционализм өкілдерінің фирмаға көзқарасы оның түсінігіне экономикалық, құқықтық және ұйымастырушылық батауларды біріктіреді.

Сонымен, фирманың классикалық анықтамасында басты назар өндірістік функцияға сәйкес фирманың мінез-құлқына аударылады, бұл функция өндіріс факторларының шығындары мен өнімнің максималды мүмкін шығарылымы арасындағы технологиялық тәуелділікті бейнелейді. Ал фирманың неоинституционалдық сипттамасы басты назарға көптүрлі фирма формаларының өмір сүруі мен өзара әрекеттесуін, олардың өсуінің шегін, жұмысшыларды ынталандыру, ұйымдастыру мәселелерін шешудің мүмкін варианттарын, бақылауды, жоспарлауды және т. б. түсіндіруді қояды.

Фирма ішінде күрделі ұжымдық басқарушылық қызмет жүзеге асырылады. Басқару процесінде нақты мақсаттар мен функциялардың өзара бағынушылығы мен теңесуі сақталынады, ол өндірістік процеске қатысушылардың кейбір ережелерге (шектеулерге) қатаң бағынушылығын ұйғарады. Осы жерде фирманың тағы бір анықтамасын берген жөн, фирма─ ұжымдық сиптың шаруашылық бірлігі. Оның қызметтің барлық жағын қамтамасыз ететін келісімдерді жасауға толық құқығы бар [3, 248б. ] .

Фирманың классификациясы

Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Жоғарыдағы бөлімде қарастырғандай, біз фирма деп бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды атадық. Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда. Олады жіктеу үшін әртүрлі көрсеткіштер қолданылады, негізгілері меншік формасына сәйкес, фирма көлемі, интеграциялану дәрежесі бойынша және капиталдың тистілігі бойынша.

Меншік формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпорындардың 3 түрін атап кетуге болады:

-индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;

-серіктестік немесе партнерлік;

-корпорация (акционерлік қоғам) .

Жеке кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін фирма. Бұндай фирманың иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкершілігінде шек болмайды. Жеке кәсіпкерліктің негізгі кемшілігі─ капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсысы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға бомайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді.

Серіктестік дегеніміз екі немесе одан да көп адам иелік ететін фирма. Оның иелері фирма қызметін бірігіп жүзеге асырады, ал әрқайсысының пайдадағы үлесі оның капиталдағы үлесіне пропорционалды. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүміндігі болады. Кемшіліктері:

-шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;

-фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетік түсінбеуі;

-фирма табыстары мен шығындарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы.

Корпорация ─ бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығынан тұратын фирма. Корпорацияның экономикалық табиғаты және оның ұйымдастырушылық құрылымы өте күрделі және көпқырлы. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушы, ал корпорацияның өзі─акционерлік қоғам деп аталады. Корпорция табыстарына корпорация салығы салынады. Ациялардағы үлестеріне сәйке белгіленетін корпорация қарыздары үшін корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Артықшылықтары:

-акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;

-акционерлер құқықтарының мүліктік құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа ационерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық құқығын жоғалтпай басқару құқығына қатыспауға болады;

-басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификацияланған мамандарды шақыра алады;

-копорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.

Копорацияның кемшіліктеріне мыналарды жатқызамыз:

-акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты салық салынуы:біріншісі─корпорация пайдасының бөлігі, екіншісі─ акция ұстаушы табысының бөлігі;

-экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы;

-меншіктену мен баылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ынталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады [4, 124б. ] .

Осы заманда экономикада фирмалар меншік формасына тәуелсіз көлеміне қарай шағын, орта және ірі болып бөлінеді. Бұл жіктеулер көбіне жұмысшылар саны мен саланың бағытына сәйкес жүргізіледі (кесте 1) . Әрбір елде бұл фирма түрлерін анықтаудың критерийлері түрліше болып келеді.

Шағын фирмалар қазіргі кезде көптеген мемлекеттерде шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Олар өзінің құрылуына көп қажры талап етпейді. Олар нарық конъюнктура толқуларын жедел сезініп, өзінің қызметін соған сай қайта құрып, бейімделеді.

Шағын фирманың типтік формасына фрачайзинг(franchaise-жеңілдік) пен вечурлік (venture-бел байлау, тәуекел ету) фирма жатады.

Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатаы. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контракт жасайды. Бұладың баға жағынан тауары жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері боады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контракттар екі жаққа да пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, ал ірі фирмалар өнімдерін өтізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.

Венчурлік фирма ─ бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік фирмалар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәукелділікті тілейді: жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе, күйіп кету мүмкіндігі мол.

Орташа фирмалардың экономикадағы рөлі соншалықты маңызды емес. Бұлар ірі фирмалармен де, шағын фирмаларман де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін, не мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса ғана жағдайы болуы мүмкін. [4, 125б. ]

Ірі фирмалар тұрақты болып табылады. Оның нарықтағы монопольдік болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүміндік береді. Ірі фирмаға нарықта болатын толқулар өте қатты әсерін тигізбейді, себебі оның қызметі көбіне көптеген салалар мен тіпті мемлекеттер бойынша диверсификацияланады. Бұл нарық субъектілерінің шағын және орташа фирмалардан басты артықшылығы масштаб эффектісін пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Алайда фирма ауқымы өскен сайын оны басқару мен нарықтық өзгерулерін сезіну жылдамдығы төмендеуге бағыт алады. Осылайша, «Титаник синдромы» бойынша ірі фирма нарықтық жағдайлардың өзгерулерінің «айсбергінен» уақытында айналып өте алмауынан гигант бола тұра бата бастайды. Ірі фирмаларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп тұрады, себебі олар ұлттық экономиканың алдыңғы қатарлы позицияларды ұстаушы болып саналады [2, 206б. ] .

Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграцияланған болып бөлінеді. Тік интеграция деп деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғарғы сатысына дейін (мысалы, мұнай өндіруден бастап одан шығарылған өнімдерді сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлетігін айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Бағалар және қаржылардың өзара байланысы
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Маркетингтің туризм индустриясында маңыздылығы
Жоспарлау мен бақылау үшін шығын классификациясы
Квалиметрия дайын өнім сапасын сандық бағалау әдісі ретінде
Ақауларды жөндеуге шығындар
Кәсіпкерлік тәуекелділік
Экономикалық-математикалық модельдеу классификациясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖУМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz