Электротехника сабағында ойын элементтерін қолдану


І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү. Қорытынды

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 3 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 200 теңге




ЭЛЕКТРОТЕХНИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ

Аленова А.Ж, №1 Ақтөбе кәсіптік лицейінің арнайы пән оқытушысы

Қазіргі заманғы педагогика тұлғаға бағытталған білім беруге негізделген. Сабақта ойын элементтерін қолдану арқылы, оқушылардың бойында білімге қызығушылықты оятуға қол жеткізуге болады. Бұл жағдайда педагогтың міндеті дайын білімді берумен ғана шектелмейді, ол білім алушыларды жаңа білімді өз бетімен іздеуге және жаңа білік пен дағдыларды меңгеруге жетелейді.
Заманға лайықты мамандарды дайындауда интерактивті технологияларды қолдана отырып, мұғалім оқушыға түрлі мәселелерді өз бетінше жобалау дағдыларын қалыптастыруға, дәстүрлі емес шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Яғни дәстүрлі емес сабақ құрылымы оқушылардың өз мүмкіндіктерін ашуына жол ашады.
Өткен тақырыпты тексергенде және жаңа тақырыпты бекіткенде ойын элементтерін қолдану оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытады. Ойын тапсырмалары өтілген бірнеше тақырыпты қамтитындай етіп құрастырылады, яки білім берудегі бірізділік пен салаластық сақталуы тиіс. Сабақты ойын түрінде тексеру оқушылардың белсенділігін арттырып, қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Оның үстіне білімдерін тексеру жарыс (ойын) сипатында болатындықтан, әр оқушының сабаққа еркін араласуына, ойын ашық жеткізуіне мүмкіндік береді.
Төменде ойын элементтерін қолданып электротехника пәнінен өткізген сабақ жоспарымның бірін ұсынып отырмын.
Тақырыбы: Айнымалы токтың электр тізбегі.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес
Сабақ типі: ойын-сабақ
Сабақта қолданылатын интерактивті әдіс-тәсілдер: слайдтармен жұмыс, ойын элементтері - тапсырмаларды орындау, сөзжұмбақ шешу.
Сабақта қолданылатын техникалық жабдықтар және көрнекіліктер: интерактивті тақта, тапсырма бетшелері, үлестірмелі карталар, бағалау бетшесі.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылардың қатысын тексеру; сабақ бөлмесінің, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
2) Оқушыларды 3 топқа бөлу; тапсырма бетшелерін, үлестірмелі карталарды тарату; интерактивті тақтадан бағалау тәртібін көрсету.
ІІ. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру
1.Топ атын қорғау
Әр топ өз атауын қорғайды, яғни осы бөлшектер туралы білетіндерін айтады.
5 ұпаймен бағаланады.
2. Кім жылдам?
Үш топқа - Электрон, Заряд Ион - ойын шарты түсіндіріледі.

Электрлік шамалар
Белгіленуі
Өлшем бірлігі
Ұпай
Қуат

Ток күші т.б

3. Орнына қой
Тақтадағы ережелердің түсіп қалған сөзін тауып, көп нүктенің орнына қою. Мысалы, Өткізгіштің екі ұштарыныңың арасындағы потенциалдар айырмасы ... деп аталады. Белгіленуі - U, өлшем бірлігі - Вольт. Көп нүктенің орнына кернеу сөзі қойылады.Мұндай сұрақтарды бір-екіден әр топқа дайындау керек. 3 ұпаймен бағаланады.

4. Есепті шығар
Үш топқа да күрделілік деңгейі бірдей бір есептен беріледі.
Мысалы, R1 = 4 Ом, R2 = 100 Ом, R3 = 15 Ом, U= 100В, t = 10сағ.
Табу керек: R - ? I1 - ? P - ? W ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану
«Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері»
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану
Бастауыш класс математика сабағында ойын технологиясын қолдану
Математика сабағында ойын технологиясының пайдалануы
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы тілдік құзіреттілікті дамыту
Шетел тілдерін үйренуде ойын элементтерін пайдалану
Ойын технологиясын қолдану ерекшеліктерін анықтау;
Білм беруде ойын технологиясын қолдану
СТО стратегияларының элементтерін сабақ барысында қолдану
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь