Инновациялық технологиялардың арнайы пән сабақтарында қолданылуы


Жаңа технологияны пайдаланып сабақ сапасын арттыру жолдары
Аленова А. Ж. №1 Ақтөбе кәсіптік лицейінің арнайы пән оқытушысы
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім»
К. Ушинский
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты маман болу мүмкін емес. Оған қоса жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіби, адамгершілік және басқа қабілеттерін дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Бүгінгі күні білім беруде 50-ден астам педагогикалық технология қолданылатыны белгілі. Ғылым мен техниканың жедел қарқынмен дамуы кәсіптік білім беретін оқу орнындағы оқу үрдісіне де өз әсерін тигізуде. Өйткені, кәсіптік білім ұяларына заман талаптарына сай, жаңа технологиямен, жаңа техникамен жұмыс істей алатын білімді де білікті жұмысшы маман дайындау талабы қойылып отыр. Осы талапты орындау барысында менің алдыма қойған міндетім - жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың логикалық ойлауын дамыту; белсенді жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақ сапасын арттыруда озық технологиялардың қайсысын таңдау, қайсысын қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Ескеретін тағы бір нәрсе - оқушының белсенділігін арттыру да мұғалімнің кәсіби педагогикалық іс-әрекетінің, іскерлігінің жемісі болатыны анық.
Оқушы - Күн, қалғандары оны айналып жүрген ғаламшарлар деген көзқарасты еске алсақ, осы Күннің жарқырауы үшін қалғандары толық мәнді іске қосылуы тиіс.
Арнайы пән сабақтарының сапасын арттыру мақсатында мен де өз тәжірибемде озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін үнемі пайдаланамын. Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізе отырып, осы мақсатымның жүзеге асып келе жатырғанына қуанамын. Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту», «Проблемалық оқыту», Лысенкованың «Тірек схемалары», Джими Л «Сыни тұрғысынан ойлау» және т. б технологиялардың қай-қайсысы да оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыратынына көзім жеткен. Оның үстіне арнайы пән сабақтары пәнаралық байланысты қажет етеді. Соған орай, жаңаша оқыту оқушының жан-жақты білімін көрсетуіне мүмкіндік береді.
Тірек схемалар арқылы кілт сөздерді табу, схема бойынша түсінік айту оқушы логикасын дамытады. СТО - дың «Қызығушылықты ояту», «Кубизм», «Топтастыру», «Ой қозғау» т. б. стратегиялары оқушының ойын жүйелеуге, ойын қорытуға, проблемалық мәселелерді өз бетінше шешуге жол ашады.
Мысалы, «Алюминий сымдарды жалғау әдістері» атты сабағымда «Бес жол өлең» стратегиясын қолдандым. Топты 2 топқа бөліп тапсырма бердім:
Не? Жауап: 1-топ Сым
Қандай? Алюминий
Не істейді? Престейді
Немен? Преспен, гильзамен
Нәтиже: Жалғайды
Оқушылар топпен жауап іздеді. екі топта өз жауаптарын салыстырып, бәсекелесіп оқуға ынталанды.
Ал «Кабельдік желілер» тақырыбын өткенде сабақты бекіту кезеңінде «Кубизм» стратегиясын қолданып, оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендерін тексердім.
Суреттеңіз А әрпі қандай мағына береді?
Сипаттаңыз Оқшаулағыштары
Салыстырыңыз Кабель мен сым
Қарсыласыңыз не қолдаңыз Кабель қимасы 16мм 2 үлкен болса секторлы
Пішінде болады
Дәлелдеңіз Кабель конструкциясы кернеуге байланысты
Ұсыныс жасаңыз Кабельдің электрлік қасиетін арттыру үшін не
істеу керек?
Сабақ сапасын жақсартуда интерактивті тақта мүмкіндіктерін және электронды оқулықтарды пайдаланудың ролі зор. Слайдтар, бейнекөріністер арқылы тақырыпты меңгерту мұғалімге жеңілдікберсе, ал оқушыға есте сақтауға мүмкіндік береді.
Кез келген озық технологияның түпкі нәтижесі - құзыретті жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған білім беру. Нанотехнология заманында өз орнын таба алатын болашақ жан-жақты жұмысшы дайындау үшін дайын білімді берумен шектелу аздық етеді. Біз, ұстаздар оқушының өз бетімен ізденуіне, білім алуына түрткі болуға тиіспіз. Мен өз тәжірибемде оқушыны ізденіске жетелеу үшін көбіне тақырыпты түсіндірер алдында Не білемін? Не білгің келеді? деп мақсат қойғызамын. Сабақты түсіндіру барысында проблемалық сұрақтар қойып, оқушыны ойландыруға тырысамын. Соңында Не білдің?деп өз бетінше тапқан жауабын тыңдасаңыз, оқушының өзіне риза болған кейпін көресіз. Үй жұмысы ретінде проблемалық тапсырмалар, жағдаяттардан мысалдар беруге болады.
Жалпы білім беретін пәндерден үлгерімі төмен болсса да, кәсіпке бағдарланып, мамандыққа бейімделген кейбір оқушылар арнайы технология сабағына ерекше ықыласты боп келеді. Сондай оқушылардың және барлық білім алушылардың шырағын жағатын - озық технологияны шебер меңгерген мұғалім. Осы орайда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мына сөзін де келтіре кеткенді жөн көрдім: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - үгінгі оқушылар, мұғалідер оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады».
Бұл сөз мұғалімдерге артылған үлкен жауапкершілік. Яғни, тәуелсіз еліміздің болашақ жұмысшыларының жан-жақты боп қалыптасуына белгілі дәрежеде сіз бен біз жауаптымыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz