Францияның салық жүйесінің өзіндік ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Франция – бірден-бір жоғары дамыған аграрлы-индустриалды мемлекет.
Жалпы ішкі өнімді жан басына шаққанда Франция әлем бойынша қазіргі таңда 4-
орында. Экономикалық өсім жылына шамамен алғанда 3 - 2,6%.

Францияның салық жүйесінің бір ерекшелігі ол осы елде ең алғаш яғни,
1954 жылы қосылған құн салығы енгізілнедігі болып табылады. Қазіргі таңда
Францияның салықтар мен алымдарды алу мен жиыстыруда салық жүйесінің
механизмдер жоғары дағыман. Салық ставкалары әр жыл сайын елдің
экономикалық және әлеуметтік-саяси бағдарламаларына сәйкес өзгертіліп,
жаңартылып отырады. Франция мемлекетінің салық жүйесінің өзіндік бір
ерекшелігі ретінде мыналарды айтуға болады, олар: салықтың әлеуметтік
бағытталуы, жанама салықтардың ролінің жоғары болуы, табыс салығының ерекше
маңызы, терреториялық аспектілердің назарға алынуы, салық жүйесінің
қолайлығы бір мезгілде қаталдығы, көптеген жеңілдіктер мен шегерімдердің
болуы, халықаралық салықтық қатнаста ашықтығы. Францияның салық жүйесінің
өзге елдерден бір ерекшелігі ол – әлеуметтік бағытқа жұмсалатын қорларға
ақша қаражаттардың көптеп түсуі.

Францияның салық жүйесі көптеген жылдар бойы үздіксіз даму үстінде.
Салықтар мен алымдар ел бюджетінің 90% құрайды. Алымдар біріңғай қызмет
негізінде жиналады. Негізгі салық түрлері: жанама, тікелей, гербтік
алымдар. Жанама салықтардың маңызы үлкен, жанама салықтың шамамен алғанда
50% қосылған құн салығы болып табылады. Салықты түсетін қайнар көзіне
байланысты Францияда жергілікті салықтар және орталық бюджетке түсетін
салықтар деп бөліп қарастыру орын алған.

Негізгі федералдық салықтар: қосылған құн салығы, жеке тұлғалардан
алынатын табыс салығы, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, мұнай
өнімдерінен алынатын баж, акциздер (жай өнімдерден басқа акциздің қатарына:
сіреңке, минералды су, әуе транспорттарының қызметі жатады), меншікке
салынатын салық, кедендік баж, құнды қағаздарға салынатын табыс салығы және
тағы да басқа салық заңдарында көрсетілген салықтар мен алымдар жатады.

Негізгі жергілікті салықтар: туристтерден алынатын алым, отбасына
салынатын салық (ол үш түрлі салықтан тұрады: тұрғын үйден, жерден, үйлер
мен ғимараттар тұрған жерден алынатын салықтар), белгілі бір мамандықтан
алынатын салық, территорияны, аумақты тазалауға байланысты алынатын салық,
жергілікті халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге (коммуникация) байланысты
алынатын салықтар, ғимараттарды сатудан алынатын салық. Жалпы салық
ауыртпашылығының 30% осы жергілікті салықтарға түседі жіне де бюджеттің 40%
осы жергілікті салықтардан құралады.

Францияның салық жұйесінің өзіндік ерекшелігі

1) Экономиканың қарқынды өсуіне жоғары ықпал етуі;

2) Әлеуметтік бағытталуы;

3) Территориялық аспектілердің есепке алынуы;

Салық салуға байланысты барлық өкілеттік Парламенттің қолында (Ұлттық
Ассамблея). Салық ставкасын Парламнет анықтайды, ол жыл сайын белгіленіп
отырады. Франция салық жүйесінің ерекшелігі ол заң жағынан өте қатал болыу
және де сонымен қатар икемді болып келуі болып табылады. Салықты қолдану
бірнеше жылдар бойы тұрақты болып келеді. Салық жүйесі бір тұтас жүйе
негізінде құралған сонымен қатар екі жақты салық салудың қорғалу
механизмдері қарастырылған. Жергілікті органдар осыған байланысты бірқатар
өкілеттіктерге ие бірақ, оларды жүзеге асыру үшін бірқатар шарттар бар.
Бірнеше жылдар бойы салық ставкаларының төмендеуі көрініс тапқан оның басты
себебі салықтық жеңілдіктер мен шегерімдердің қысқаруы болып табылады. Елде
салық салуды ұйыдастыруды салықтық органдар жүзеге асырады. Салық органдары
Экономика, қаржы және бюджет министрлігінің құрамына кіреді. Оны Бас
салықтық басқарма басқарады. Оның құрамына бағынышты 80 000 қызметкер
кіреді. Олар салық орталығында шоғырландырылған. (олар 830) және 16
ақпараттық орталықта. Салықтық орталықтар салық базасын есептейді,
салықтады жинайды, салықтардың бірқалыпты және дұрыс төленуін бақыладй.
Салықты алу декларация негізінде жүргізіледі. Декларацияның дұрыс
көрсетілуі қатаң тексеріледі. Екі түрлі бақылау бар:

1) Құжаттардың негізінде;

2) Түпкілікті бақылау. Бұл бақылауды инспектор жүзеге асырады яғни,
декларация дұрыс болмаған жағадйда орын алады;

Егер декларацияда белгілі бір сәйкессіздіктер орын алғанда яғни,
белгілі бір табыстарды жасырушылық орын алғанда жауапкершілікке тартудың
өте қаталдығы қарастырылған.

Жауапкершіліктің түрлері:

1) Толтыру жағынан қате кеткенде салық толық көлемде алынады және
айына 0,75 %, жылына 9% айыппұл салынады;

2) Егер кеткен қате қасақна орын алса салық екі есе өндіріледі;

3) Ерекше құқық бұзушылық орын алған жағдайда түрмеге қамау да
қарастырылған;

Салық салу мемлекеттік бухгалтерлік есеп жүйесіне арқа сүйейді, ол
міндетті болып табылады.

Қосылған құн салығы

Қосылған құн салығы барлық салықтық түсімнің 45% құрайды. Ол жиі
төленетін төлем негізінде алынады. Қосылған құн салығынығ төрт түрлі салық
ставкасы бар:

1) Барлық көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың қалыпты ставкасы
– 18,6%

2) Әшекей бұйымдар, көліктер алкагольдік өнімдер мен темекі
ставкасы – 33,33%

3) Мәдени өнімдердің қысқартылған ставкасы – 7%

4) Бірінші қажеттіліктердегі тауарлар мен қызметтер (тамақ
өнімдері, дәрі-дәрмек, тұрғын үй, көлік) ставкасы – 5,5%

Қазіргі кезде салық ставкасының төмендеуі байқалуда оның себебі екі
түрлі салық ставкасын енгізуге байланысты 18,6% және 5,5%.

Франция заңдарында қосылған құн салығынан босатылудың екі түрі
қарастырылған:

Түпкілікті яғни бұл жерде үш түрлі қызмет қосылған құн салығынан
босатылады:

1) Медицина және медициналық қызмет көрсету.

2) Білім беру;

3) Қоғамдық және әлеуметтік қызметтерге байланысты, сонымен қатар
сақтандыру қызметі, латорея, казино қосылған құн салығын
төлеуден босатылады.

Сонымен қатар қосылған құн салығы мен табыс салығы арасында салықты
таңдау қарастырылған:

1) Пайда табу мақсатында бөлмелерді жалға беру;

2) Қаржы және банктік қызмет;

3) Әдеби, спорттық, артистік қызметтер, муниципалдық шаруашылық.

Қазіргі таңда францияда қосылған құн салығын төлеушілер шамамен 5
миллион адам болып табылады. Есеп жүргізу кәсіпорындардың өздері жүргізеді.
Кішігірім ұйымдар қосылған құн салығын декларация негізінде бір жылдың
ішінде төлеуді жүзеге асырады. Қосылған құн салығы әр ай сайын декларация
негізінде енгізіледі. Кәсіпорындар салықтық орталықтарға декларация және
чек көрсету арқылы салықты төлейді. Тауар айналысының ерекшеліктеріне
байланысты төлем кварталдық және жылдық болуы мүмкін. Экспортқа байлансты
қосылған құн салығының компенсациясы ай сайын жүргізіледі. Қалған
қызметтердің барлығы квартал сайын есеп жүргізеді. Егер кәсіпорының тауар
айналымы 90 000 евро болса онда қосылған құн салығы төленеді. Кәсіпорындар
төлемді тұрақты түрде жүзеге асырады. Егер қосылған құн салығының соммасы
1350 евродан кем болса қосылған құн салығы алынбайды. Ұсақ қолөнермен
айналысатындарға жеңілдіктер қарастырыылған. Сонымен бірге инвестицияны
жүзеге асыратын кәсіпорындар да жеңілдіктерге ие. Жалпы франциядағы
қосылған құн салығы өте икемді келеді. Ол көптеген жеңілдіктер мен
шегерімдерің орын алуымен ерекшеленеді. Көптеген берілетін жеңілдіктерге
қарамастан қосылған құн салығы бюджетің 45% құрайды.

Табыс салығы

Бұл салық бюджетке келіп түсетін қаржының 20% құрайды. Бұл тарихи
ерекшелікке байланысты, яғни үкіметтің әлеуметтік саясатын жүргізуіне
байланысты: қоғамдық қорлардың жоғары дамымауына байланысты отбасын қолдау
мақсатында, жағдайы төмендерге көмек көрсету. Табыс салығына жүктелген
функциялар ол халықтың жиған табыстары мен салымдарын қолдау, жылжымайтын
мүлік, бағалы қағаздарды сатып алу. Бұның бәрі төлем жүргізудің қиын
жүйесін және де жеңілдіктер мен шегерімдерді қолдану болып табылады. 25
миллион салық төлеушілердің ішінен тек таза 15 миллион (52%) ғана табыс
салығын толық көлемде төлейді. Табыс салығын төлеушілер болып жеке тұлғалар
сонымен қатар, акционерлік қоғам болып табылмайтын кәсіпорындар мен
кооперативтер. Жалпы табыс салығы барлығына бірдей көрсеткіш бойынша
алынады, бірақ соған қарамастан бұл салық түрі салық төлеушінің әлеуметтік,
экономикалық, отбасылық және де жасына байланысты белгілі бір тұрғыда
өзгерек болуы да мүмкін. Прогрессия ставкасы табысқа байланысты 0-56,8%
болады. Әр жыл сайын бұл прогрессия елдегі инфляциялық жағдайға байланысты
өзгеріп отырады. Францияда табыс салығын барлық табыс табатын адамдар
төлейді, мейлі ол сол елдің ішінде болсын не болмаса басқа мемлекетте
болсада. Бір ерекшелігіне келетін болсақ табыс салығы жеке тұлғадан емес
отбасынан алынады. Егер салық төлеуші әлі отбасын құрмаған болса, бәрібір
салық үшін ол бір адамнан тұратын отбасы болып табылады. Табыс салығы
кәмелет жасқа толған яғни 18 жасқа толған кезден бастап төленеді. Табыс
салығы жыл сайын салық төлеушінің табыс ететін декларациясы негізінде
жүргізіледі. Көріп отырғанымыздай бұл салықтың мемлекетке түсуін аздатады
себебі, салық төлеуші тек жылына бір рет декларация табыс етеді және тағы
бір қиыншылығы декларациядағы табыс көзін тексеру жүргізілуінде. Сонымен
қарат бір жыл ішінде табыс көзі азайып кеткенде де киындық туындайды.

Салық төлеушінің табысы 7 категорияға бөлінеді:

1) Жалданбалы қызметке төленетін төлем;

2) Жерлерден түсетін табыс (жерді немесе үйді жалға беру);

3) Айналым капиталынан түсетін табыс (дивиденттер мен
проценттер);

4) Алып сатудан түсетін табыс (ғимараттар, құнды қағаздар);

5) Акционерлік қоғам болып табылмайтын кәсіпорындар мен
ұйымдардан түсетін табыс;

6) Комерциялық емес таыс;

7) Ауыл шаруашылықтан түсетін табыс;

Жоғарыда көрсетілген жеті категорияға есеп жүргізудің өзіндік
ерекшеліктері бар. Жалпы барлығына ортақ санақ жүргізу бұл барлық
өндірістік шығындарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
Францияның салық жүйесіне сипаттама
Қаржылық жоспарлау жайлы
Тауларда климат қатаңырақ
Шет мемлекеттердің заңды тұлғаларға салық салу
Корпоративтік жинақтық табыс салығы
Бюджет шығындарының ішіндегі үлесі
Франциядағы қаржы дағдарысы
Францияның мемлекеттік бюджеті
Францияның мемлекеттік жоспарлау органы
Пәндер