Франция жөніндегі мәлімет
Кіріспе
(Франция жөніндегі қысқаша мәлімет )
Елдің ресми атауы – Франция, Француз республикасы.
Рәміздері: Францияның мемлекеттік туы тігінен орналасқан көк, ақ және
қызыл жолақтардан тұрады. Көк түс - Париж қаласының жебелеушісі Әулие
Мартинийді бейнелейді. Қызыл түс – ошақтар мен жүректердің жалыны. Ақ түс –
Францияның халық батыры - Жанна д, Аркті бейнелейді. Тудың қазіргі түрі
1794 жылы қабылданған.
Франция республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы элипс түрінде
бейнеленген. Ортасында билік пен республиканың белгісі ретінде дикторлық
буда бейнеленген. Лентада еркіндік, бостандық, бірлік деген сөздер
жазылып, билік пен данқтың белгісі емен және оливка бұтақтарымен қоршалған.
Елтаңбаның бейнесін қоршаған шынжыр – құрмет пен ізеттіліктің бейнесі.
Элипстің төменгі жағында Құрметті Легион ордені белгіленген.
Францияның әнұраны Марсельеза Ұлы Француз ревалюциясының ең атақты
өлеңі. Марсельеза алдымен революционерлердің, содан соң бүкіл елдің әніне
айналды. Марсельеза алғашында Рейн армиясының әскери маршы деп аталды.
Маршты 1792 жылдың 25 сәуірінде әскери инженер Жозеф Руже, д Лиль жазды.
Марш француздың революциялық үкіметі Богем және Венгрия корольдігіне
соғыс ашқаннан соң бірнеше күннен кейін жазылған. 1793 жылдың 24
қарашасында конвент Марсельезаны Францияның Мемлекеттік әнұраны ретінде
қабылдады. 1848 жылғы оқиғадан соң революциялық толқын бүкіл Еуропаға
тарады, Марсельза бүкіл дүние жүзіндегі азаттық үшін күрес әніне айналды:
Италияға, Польшаға, Венгрияға да тарады. Ән Париж коммунасы кезінде 1871
жылы ұрыс майданында шырқалды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Вишидің
үстемдігі тұсында айтуға тыйым салынды, бірақ 1944 жылы Францияның әнұраны
болып қайта жарияланды.
Географиялық орналасқан жері: Батыс Еуропада орналасқан. Батысы мен
солтүстігін Атлант мұхиты шаяды және Ла-Манш бұғазы орналасқан,
оңтүстігінде Жерорта теңізімен шектеседі. Солтүстігінде – Бельгия және
Люксембургпен, шығысында - Германия, Швейцария; Италиямен, Оңтүстігінде –
Монако, Андорра және Испаниямен шектеседі.
Мемлекет көлемі – 547026 шаршы км.
Әкімшілік-территориялық бөлімі: Француз Республикасының құрамында 22
аймақ (Бретань, Бургундия, Прованс т.б.) және 96 департамент, 4 теңіз
артындағы департаменті(Гваделупа, Мартиника, Гвиана,Реюньон), 4 теңіз
артындағы территоиялар ( Француз Полинезиясы, Француз Антарктида, Оңтүстік
жерлер, Уоллис пен Футуна, Жаңа Каледония аралдары), сонымен қатар ерекше
статусы бар территориялық құрылымдар (Микелон, Сен-Пьер және Майот
аралдары). Оның көбіне өзендер мен таулардың есімдері берілген.
Департаменттер коммуналардан тұрады, олардың саны 37,7 мыңға жуық. (39-б)
Франция құрамына: Корсика аралы, Бискай шығанағы мен Жерорта
теңізінің ұсақ аралдары кіреді. Францияның Америка, Африка және Океанарияда
иеліктері бар. Олардың жалпы көлемі-127 мың км2 , ал халқы-шамамен 1,5 млн
адам. Теңіздің ар жағындағы маңызды департаменттер мен территориялар:
Гвиана(Француздық), Француздық Полинезия, Жаңа Каледония, Реюньон,
Мартиника және Гваделупа аралдары.
Тарихи мәлімет: Франция – Батыс Еуропа территориясындағы ең көне
мемлкеттердің бірі. V ғасырдың соңғы ширегінде қазіргі Францияның
территориясын патшалық құрған франктер жаулап алды. Ол мемлекет шекарасын
Батыс және Орталық Еуропаға дейін кеңейткен Ұлы Карл тұсында гүлденді.
Карлдың өлімінен соң империя бірнеше мемлекетке ыдырады, оның біреуі
Франция болды. 1337 жылдан 1453 жылға дейін созылған Жүзжылдық соғыс
басталды. 1789 жылғы Ұлы Француз революциясы нәтижесінде монархия орын
алды. 1789-1791 жылдардан бүгінгі күнге дейін Францияда 5 республика болып,
16 конституция қабылданған. 1792 жылы Франция республика болып жарияланды.
Дегенмен республика көпке бармады, оны басында Наполеон Бонапарт тұрған
империя ауыстырды. Наполеонның жеңілісінен кейін Францияда 1848 жылы ел
қайтадан республика атанғанша конституциялық монархия (1815 жылы) орнады.
Екінші Республика 1852 жылға дейін өмір сүрді. 1802 жылдан 1814 жылға дейін
Францияда Наполеон Бонапарттың империясы, 1814-1830 жылдары – Бурбоновтың
революцияға дейінгі династия монархиясы, кейін Луи-Филипп монархиясы болды.
1852-1875 жылдары Луи-Наполеонның ІІ империясы (ІІ республиканың алғашқы
президенті Наполеон Бонапарттың інісі). Бәрінен төртінші республика көп
өмір сүрді. 1871 жылы Францияда республикалық басқару орнатылды. 1946 жылғы
соғыстан кейінгі конституция Францияда парламенттік республиканы орнатты.
Франция БҰҰ мен бұл ұйымның көптеген маманданған агенттіктерінің, ОБСЕ, ЕС,
НАТО (North Atlantic Treaty Organization)1949 жылы кірді), Экономикалық
Бірлестік пен Даму Ұйымының мүшесі болып табылады2.[61-62бб.] 1958 жылы
көктемде елде үкіметтің үздіксіз ауысуынан пайда болған өткір саяси кризис
болды, халық билікке сенуден қалды. Бұл жағдайда үкімет басшысы болып
Францияның ұлттық батыры, ІІ дүниежүзілік соғыстың қолбасшысы генерал Шарль
де Голль тағайындалды. Оған Францияның жаңа конституциясының жобасын жасап,
референдумға шығаруға тапсырыс берілді. Сол 1958 жылы референдум қабылдаған
бұл конституцияда биліктің, соның ішінде республика президентінің рөлі
артқан. Шарль де Голль билігі тұсында ел еуропалық саясаттағы көшбасшылықты
иеленді.
1968-1974 жылдарда елді Жорж Помпиду, 1974-1981 жылдарда Валери
Жискар д , Эстен, 1981-1995 жылдарда Франсуа Миттеран басқарған, ал 1995
жылдың 17 мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін Францияның президенті Жак
Ширак.
Халқы: шамамен 58,6 млн адам, соның ішінде 93% - француздар, қала
халқы 75%. Тығыздығы 108,3 адамкм2. Орташа өмір сүру деңгейі 77 жыл.
Ресми тілі: француз. Бретаниде – бретондық, Пиренейде – бак және
каталандық, Провансте – провансалдық, Фландрияда – фламандтық, Эльзас пен
Лотарингияда – неміс диалектері.
Астанасы: Париж (9 миллион 645 мың адам).
Уақыты: Астана уақытынан 5 сағат кем.
Табиғи жағдайы: Францияның батыс және солтүстік аудандары – жазықтар
мен аласа таулар, орталығы мен шығысында – орташа таулар, оңтүстік-
батысында – Пиреней, оңтүстік-шығысында – Альпі (Франция мен Батыс
Еуропаның биік нүктесі – Монблан, 4807 м). Ірі өзендері: Сена, Рона,
Луара, Гаронна, шығысында – Рейн ағысының бөлігі. Францияда 200-дей өзен
бар. Ормандар территориясының 24%-ін алады.
Кен байлықтары: мұнай, табиғи газ, көмір, темір, мыс, алюминий,
вольфрам, және Францияда ең көп АЭС бар.
Климаты: Францияда климаттың үш түрі байқалады: батысында – мұхиттық,
оңтүстігінде - жерорта теңіздік, елдің орталығы мен шығысында -
континентальді, Жерорта теңізінің жағасы – субтропикалық,. Қаңтардың орташа
температурасы +30С, шілденікі +200С. Ал Көгілдір жағалауда қаңтардың орташа
температурасы – 2-100С, ал шілденікі - -17-290С. Жауын-шашынның жылдық
мөлшері – 600-1000 мм, тауларда – 2000-нан астам мм.
Париждің орташа температуралары (0С)
қаңтар ақпан
АСТРАВЕЛ. www.astravel.com
ИННА-ТУР. www.inna.com
EVOLUTION VOYAGES. -
ЛАНТА-ТУР ВОЯЖ. www.lantatur.com
МОНДО-ТУРС-MONDO-TOURS. www.mondotours.com
ФРАНЦУЗ ҮЙІ. www.francetravel.com
CGTT VOYAGES. www.cgtt.com
FRANCE TOURS+ www.francetours.com
JAMES COOK. www.jamescook.com
KMP GROUP. www.kmp.com
PAC GROUP. www.pac.com
ALT-VOYAGE. www.alt-voyage.com
ТРАНСАЭРО ТУРС ОРТАЛЫҚ. www.transaerotours.com
Бұл туритік фирмалар Париждік бағдарламалардың түрлі нұсқаларын және
де провинцияларға саяхаттар бағдарламаларын, ескі қалалар мен ескі
қорғандарда болып, Францияның мақтан тұтатын тамаша тағам түрлері мен
шараптарын тату мүмкіндіктерін ұсынады.
Париж отельдері
RESIDOR SAS HOSPITALLY ОТЕЛІ.
Булон орманынан қашық емес жерде 2005 жылы Radisson SAS Boulogne-
Paris 4* отелі ашылды. Бұл қонақ үйдің ішкі ауласында жүзім ағашы (!), ал
қасында мейрамхананың ашық террасасы орналасқан. Қонақ үйде 170 нөмір,
соның ішінде 9 сьют, фитнес-орталық және мейрамхана бар. Бүкіл нөмірлерде –
плазмалы теледидар, интернет желісі бар. Жалпы көлемі 500 м2 болатын 5
конференц-зал әр түрлі іскерлік шараларды өткізу мүмкіндігін қамтамасыз
етеді. Ғимарат жобасын тапсырыс берушінің қалауы бойынша өзгерте алады.
Отельді бұрын Radisson SAS Nice Hotel директоры болған Фабриче
Кастеллорициос басқарды.[№18, 34-б.]
CHАTEAU DE BAGNOLS ОТЕЛІ
Орналасқан орны: ХІІІ ғасырда негізі қаланған Chаteau de Bagnols
Францияның оңтүстік-шығысында Божоле провинциясының дәл жүрегіндегі
ормандар, жасыл төбелер мен көп жылдық жүзім ағаштары арасында бой
көтерген. Қамалдан 28 км қашықтықта орналасқан. 1987 жылдан бері Chаteau
de Bagnols Hamlym ханымның меншігіне жатады, оның басшылығымен жақында
қамалдың толық және өте күрделі реконструкциясы аяқталды, ал 2003 жылдың
қазанында Chаteau de Bagnols Rocco Forte Hotels люкс класты бесжұлдызды
отельдер қатарына кірді. Қамалдың ішкі жинақылықтары салтанатты нәрселермен
істелген: көгілдір және ақ, геральдылық фарфор (Лимождағы көне француз
фабрикаларының бірінде шығарылған); Эльзастан ХҮІІІ ғасырға жататын қолмен
жасалған әйнек; Солтүстік Ирландиядан салфеткалар мен дастархандар; Лионнан
орындықтарға жібек жабынды. Қамалда жеке және ресми қыбылдаулар мен
конференциялар өткізілетін жер мен жайлы, әрі керемет демалыс атмосферасы
жақсы үйлеседі. Chateau de Bagnols Әлемнің Кіші Жетекші Отельдері
(The Leading Small Hotels of the World) Ассоциациясының мүшесі болып
табылады.
Отельде 8 нөмір-люксті (олардың 6-уы қамалдың өзінде және ІІ-
резиденциясында орналасқан) қосқанда 21 нөмір.
Отельде: Жалпы 200 адам сиятын 5 конференц-зал бар.
Мейрамханалары: Salles des Gardes және Le Cuvage.
AROTEL ОТЕЛІ. Отель 1985 жылы салынған. Орналасқан орны: қазіргі
заманға сай ғимарат Латиндік кварталдан қашық емес жерде, Монпарнас
мұнарасының қасында орналасқан.
Нөмірлері: ванналық бөлме, теледидар, телефон, тоңазытқыш, сейф.
Тамақтану: Таңғы ас – континентальді.
Территориясында: Лифт, конференц-зал, автотұрақ.
ABXANDRINE ОТЕЛІ
Орналасқан орны: Париждің 8 аймағы 10, rue de Moscou, Liege метросы.
Тел.: 01.43.87.62.21, факс: 01.44.70.91.05.
Отельде: Таңғы ас ішуге арналған бөлме, лифт. 35 нөмір, оның
әрқайсысында ванналық бөлме, тікелей телефон, спутникалық бағдарламалары
бар теледидар, мини-бар, фен.
ABOTEL BEAUGENCY ОТЕЛІ
Орналасқан орны: Champ de Mars-қа жуық. Маңында Orsay және Invalides
мұражайлары, Эйфель мұнарасы, сауда орталықтары, мейрамханалар және ашық
кафелер бар. Келесі жайлылықтар мен қызмет көрсетулер ұсынылады: оқу залы,
факс, телефон, нөмірлерде түсті теледидар.
Нөмірлерде: мини-бар, радио, автоматтық телефондық байланыс, сейф,
фен, спутникалық ТV.
Отельде: бар, кафе, мейрамхана, конференц-зал, оқу залы, лифт,
валюта айырбастау, нөмірлерде 24 сағаттық қызмет көрсету, кір жуу,
микрофон.
MARTINEZ 4* LUXE ОТЕЛІ
Орналасқан жері: Бүкіләлемге танымал отель Круазет бульварында, Антиб
бутиктер көнесінен бірнеше қадам жерде, Ницца халықаралық әуежайынан 25 км
жерде орналасқан. Martinez Францияның үздік отельдері қатарына қосылды.
Мұнда шоу-бизнес жұлдыздары тоқтағанды сүйеді.
Жерар Депардье, Рэй Чарльз, Шон Коннери, Летисия Каста, Джуди Фостер,
Мерайа Кэри және басқа да көптеген атақты адамдар отель қонақтары болды.
Отель көпшіліктің ең соңғы сұранысын қанағаттандыра алады. Қонақтарда
ар-деко стилінде жасалған нөмірлер, Жерорта теңізі мен француз ас үйінің
үздік тағамдарын ұсынатын мейрамхана, әсем Givenchy SPA –орталығы күтуде.
Нөмірлер саны: Suite категориясындағы 15 нөмірді қосқанда, 415
нөмір. Ең салтанатты нөмірлер отельдің 7-ші қабатында орналасқан.
Нөмірлерде: кафе, спутникалық ТV, телефон, мини-бар, сейф, дыбыс
жібермейтін әйнектер
Penthouse executive city view room (80м2): Отельдің 7-ші қабатында
орналасқан 11 нөмір (мұнда SPA және фитнес-орталықтар бар). Нөмірде ашық
терраса, плазмалы панельді теледидар, DVD-плейер, hi-fi аудио жүйесі, фен,
халаттар, ванна және бөлек душтық кабина
Penthouse prestige sea view 1-bedroom suite 718, 731 (350м2): Отельдің
жоғарғы 7-ші қабатында орналасқан 2 нөмір. Нөмір жатын бөлме, асхана,
қонақтық үй, гардероб және ванналық бөлмеден құралады. Нөмірлердің
біреуінде кабинет бар, екіншісінде – толықтай жабдықталған ас үй. Нөмірде
ашық терраса, плазмалы панельді теледидар, DVD және СD-плейер, интернет
желісіне шығатын компьютер, факс, фен, халаттар, джакузи, душтық кабина.
Нөмір қонақтарының иелілігіне спорттық машина ұсынылады.
Penthouse prestige sea view 1-bedroom suite 720, 729 (150м2): Отельдің

қонақтық үй, гардероб және ванналық бөлмеден құралады. Нөмірде ашық
терраса, плазмалы панельді теледидар, DVD және СD-плейер, интернет желісіне
шығатын компьютер, сауна, фен, халаттар, джакузи, душтық кабина. Нөмір
қонақтарының иелілігіне спорттық машина ұсынылады.
WASHINGTON OPERA ОТЕЛІ.
Орналасқан орны: 50, rue de Richelieu, Paris, tel.:01.42.96.68.06.
Fax: 01.40.15.01.12.
Palais Royal Musee du Louvre метросы.
Отель Париждің дәл ортасында орналасқан. Мадам де Помпадурдың бұрынғы
үйі. Отель ХV Людовик стилімен істелген әдемі фасадымен ерекшеленеді.
Отельдің қарама-қарсы жағы Пале Руаяльге қарайды. 2000 жылы толықтай
жаңартылған. 36 нөмірі, соның ішінде junior suite типтес нөмірлері бар.
Нөмірлері: кондиционер, телефон, спутникалық TV, радио, мини-бар,
сейф, фені бар ванналық бөлме.
Көрсетілетін қызметтер: таңғы асқа арналған зал, бар, демалыс үшін
каминді салон, Пале Руаяль бағына қарайтын терраса. Тапсырыс бойынша
нөмірлерде қызмет ету, химиялық тазалау.
ACADIA OPERA 3* ОТЕЛІ.
Халық көп Опера ауданы мен үлкен бульварлар және дүкендердің арасында
қазіргі заманғы Акдея Опера отелі орналасқан. Отель жайлы,
кондиционерленген 36 нөмірлер мен жылы қабылдау ұсынады.
Отельде: интернет желісіне шығу; Кондиционерлер; Автоматтық оятқыш
(будильник); Шылым шекпейтіндерге арналған бөлме; Жеке сейф; Мини-бар;
Бөлмелерді тазалау; Спутникалық ТV;
Машина қою (парковка): Chauchat-Drouot 200м.
Метро: Grands Boulevards; Gadet
AGENCE DU ROC BLANC ОТЕЛІ.
Орналасқан орны:Апартаменттері 3 орталықта орналасқан - Val Claret,
Lavachet және Le Lac – негізгі көтергіш станцияларының жанында.
Апартаменттерде: ваннадуш, әжетхана, толықтай жабдықталған ас үй,
қылқима, қосымша төлемге теледидар, резиденцияда – бар, мейрамхана, шаңғыға
арналған бөлме, жаттығу залы, балалар мини-клубы, телефон, маңында автобус
аялдамасы.
Home Club резиденциясының апатаменттерінде – ваннадуш,
әжетхана, толықтай жабдықталған ас үй, қылқима, қосымша төлемге теледидар.
Rond Poind des pistes резиденциясының апартаменттерінде - ваннадуш,

Апартаменттерде 1 бөлмелі студиода 2-4 адам, 2 бөлмелі
апартаменттерде – 4-6 немесе 5-6 адам, 3 бөлмеліде – 7-8 адам, 4 бөлмеліде
– 8-10 адам, 5 бөлмеліде – 10-12 адам, 6 бөлмеліде – 13 адам тұра алады.
Home Club (Le Lavachet) резиденциясында – бар, мейрамхана,
шаңғыға арнарған бөлме, телефон.
Val Glaret-те – бар, мейрамхана, шаңғыға арнарған бөлме, телефон,
жаттығу залы, балалар мини-клубы, маңында автобус аялдамасы.
ALBERT 1 4*ОТЕЛІ
Суреттемесі және орналасқан орны: 1903 жылы тұрғызылған ең
фешенебельді отельдердің бірі, Монблан тауының етегіндегі Шамони
орталығынан 5 м-лік жерде орналасқан. Отельдің атмосферасы мен сервистің
жоғары деңгйі сөгіс тұтынушыны да селқос қалдырмайды.
Отельде 2 ғимарат (Albert 1er отелі және Les Fermes du
Kameauапартаменттері), оның біреуі жай нөмірлерге орналастыру, келесісінде
– комфортабельде апартаменттерде, жанұяға арналған сьюттерде, камин және
қылқималары бар бөлмелерде орналастыру.
Отельдегі нөмірлер мен апартаменттер үйдің жайлылығы мен ыңғайлылығын
елестететін әсем қара ағашпен істелген. La Maison Carrier отельдің
мейрамханасы сізді қызмет көрсетудің жоғары класымен, жергілікті
шараптардың әр алуан таңдауымен, француз ұлттық ас үй тағамдарының кең
ассоритименттерімен керемет таң қалдырады. Отель жыл бойы ашық.
Саны мен категориялары: Standard 15 нөмірі, Suite 12 нөмірі
Нөмірлерде: спутникалық ТV, телефон, ванна, камин, қылқима.
Отельде: мейрамхана, бар; ашық және жабық бассейн, сауна, джакузи,
массаж залы, солярий, жаттығу залы, машина қою, гараж, гольф.
AMBASSADEUR 4* ОТЕЛІ
Орналасқан орны: отельшағын қарағай тоғайының маңында, Жуан ле Пен
қаласының жүрегінде орналасқан.
Ambassadeur Жерорта теңізінің керемет, құмды жағалауынан 200 метр
қашықтықта орналасқан.
Нөмірлер саны: 204 нөмір
Нөмірлері: түсті теледидар; радио; қалалық телефон; интернет желісіне
қосулу мүмкіндігі; душ және ванная; фен; мини-бар; қылқима; тоңазытқыш;
магниттік кілттер; жылыту.
Отельде: мейрамхана, бар, терраса, конференц-зал, джакузи, сауна,
гольфке арналған алаң, теннис корты, автотұрақ, ресепшнге сейф, лифт,
бақсаяжай, ашық бассейн, валюта айырбастау, факс, ксерокс, дансингтүнгі
клуб, оқу залы
LE CHABICHOU 4* ОТЕЛІ
Орналасқан жері: Отель курорт орталығына жақын тұр. Le Chabichou
отелінің стилі – қазіргі заманға сай жайлылықтың таудағы жанұялық дәстүрі
қонақ үйдің қайталанбас атмосферасымен үйлесімі. Түгелдей ашық ағаштан
салынған отельдің сырты да альпілік шалені еске түсіреді. Нөмір
әшекейіндегі жылы реңдер тыныштық пен жайлылық береді.
Отельдің мақтанышы – Куршевельдегі ең үздіктің бірі атанған
мейрамханасы. Классикалық жергілікті тағамдар мен қазіргі заманға сай
фрацуз ас үйі ең сөгіс гурман татымына да сай келеді. Қаласаңыз, сіз де
аспаздық өнердің құпияларын үйренесіз. Мейрамхананың шеф-аспазшысы Мишель
Рошди отель қонақтарына мастер-кластар ұйымдастырады.
Нөмірлері: спутникалық TV, телефон, интернет желісіне шығу, мини-бар,
сейф, фен, ванна.
Classic room (15 м2): 2 адамға саналған стандартты нөмірлер.
Superior room (25 м2): стандарттан гөрі кеңдеу. 3 адамға саналған.
Chalet (60 м2): отельдің ең кең нөмірлері. 4 адам сыяды.
Отельде: мейрамхана, бар, фитнес-орталық, сауна, түрік моншасы,
массаж, шаңғы мен аяқ-киміді жалға алу, шаңғы дүкені, сувенирлер дүкені,
конференц-зал.
HOTEL DE CRILLON. Тарихыұлы Келісім Алаңының тарихымен тығыз
байланысты аңызды сарай. Place de la Concorde, Отель де Криийон ХVІІІ
ғасыр архитектурасының шедеврі болып табылады. Hotel de Crillon отелі жеке
иелікте орналасқан Париждің жалғыз сарайы болап қалды. Оны шампан
дайындаумен атағы шыққан Taittinger жанұясы басқарады.
HOTEL MEURICE. Meurice отелі люкс класты бутиктердің ортасында,
Париждің қақ ортасында, тарихи ауданда орналасқан. Hotel Meurice-ді
корольдер отелі деп жиі атайды, өйткені ол өзінің танымал тұрушыларының
тізімін мақтаныш ете алады. Мұнда дәуірдің ең танымал адамдары тоқтаған.
Монархтар мен корольдер. Президенттер мен императорлар. Танымал
саясаткерлер мен ұлы әртістер.
HOTEL LE BRISTOL PARIS. Hotel Le Bristol Paris – бұл нағыз француз
өмір сүруін жүзеге асыру. Әлемнің үздіктері болып атанған танымал
отельдер классификациясында Le Bristol Францияның үздік отелі және
Париждің үздік отелі ретінде заңды түрде І орынды иеленді.
HOTEL RITZ. Ritz Paris өзінің пайда болысымен француз Art de Vivre
өмірінің стилінің белгісін ұстануда. Париждік Рицедегі ең жағымды нәрсе –
сізді қорғашан әрқашан аударылатын көңіл. Саяхат кезінде Рицеде қала
отырып, сіз өзңізді ешқашан бөтен жердемін деп сезінбейсіз.
HOTEL PLAZA ATHENEE. Ең ғажайып PLAZA ATHENEE париждік отелі өз
қонақтарын жақсы сервистің жайлы демалуымен үйлесімділігінен рахат алуға
шақырады. Бүгінгі күні бұл отель Париждегі өз тұтынушыларына өз нөмірінің
стилін таңдауға мүмкіндік беретін дара отель: ХVІ Людовиктің классикалық
стилі мен қазіргі заманғы арт-деко стилі.
HOTEL FOUR SEASONS GEORGE V. 1928 жылы тұрғызылған отель салтанатты
жинақылығы мен көптеген техникалық жаңашылдарымен (новинка) өзіне прессаның
көңілін бірден аудартты. Сотбис аукционды үйінің мамандардың ойынша,
отель интьерін әшекейлеп тұрған өнер туындылары саны жағынан Gеorge V
париждік отельдердің қатарынан өзіне теңдесі жоқ.
HOTEL NEGRESCO 5* ОТЕЛІ (Негреско 5* Отелі) Ниццаның ең престижді
ауданының бірі - Promenade des Anglais-те орналасқан. Negresco отелі
әлемнің ең салтанатты және эксклюзивті отельдерінің бірі болып табылады.
Отельдің нөмірлері, залдары мен дәліздері өнердің нағыз нәрселерімен, ескі
жиһаздармен және мүсіндермен әшекейленген. Келушілерга көрсетілетін
қызметтерде іскерлік куездесулер мен конференциялар өткізу үшін бүкіл құрал-
жабдықтар бар. Сонымен қоса отельде өз жағажайы, жақын жерде – теннис корты
мен гольфке арналған дала бар.
Мейрамханалар
Дәстүрлі француз ас үйінің тағамдарын ұсынатын әйгілі, престижді
мейрамханалар әлемнің әр түкпірінен көптеген келушілерді тартады, баға
деңгейі оларда айтарлықтай жоғары. Әйгілі француз мейрамханаларымен бірге
haute cuisine француз бүкіләлемдік даңқын Париждің қымбат емес жайлы
мейрамханалары да ұстайды. Бүкіл алуандылығымен теңіз байлықтарын татып
көруді қалайтын гурмандарға балықты мейрамханаларды бөлек атап өткен жөн.
Restaurant журналы әлемнің үздік 50 мейрамханаларының тізімін басып
шығарды, олар бүкіл әлемнің мейрамханаларының иелері, аспаздық критиктер
мен шеф-аспаздардың дауысының нәтижесінде құрылған. Француз
мейрамханаларынан кіргендері: L’Atelier de Joel Robuchon (Париж), Pierre
Gagnaire (Париж), Guy Savoy (Париж), Michel Bras, Laguiole (Франция) және
Louis XV (Монако патшалығы).
Париждің мейрамханалары бұрынғы кезден бері өзіне планетаның әр
түкпірінен келген туристерді тартты, тек осы керемет қаланың
мейрамханаларында ғажайып француз ас үйінен дәм татып, нағыз француз
шараптарын дұрыс бағалауға болады. Франция әрқашан өзінің ас үйі және
шарабымен әйгілі болды. Аспаздық бойынша бірнеше томды кітаптар жазылған.
Францудың бүкіл тағамын татып көруге адам өмірі жеткіліксіз болар.
CAFE DE LA JATTE – ең әйгілі мейрамханалардың бірі, Париж маңындағы
Жатт аралындағы ескі қойма ғимаратында орналасқан жарнамашылар мен
журналистердің сүйікті мейрамханасы. Залдары галереясымен екі деңгейде.
Төбеге алып динозавр ілінген. Мәзір күн сайын ауысады: тіскебасарға не
суши, не фуа гра, десертке не тирамиса, не крем карамель. Көңілді қара
терілі даяшылар (офицанттар) жүрмейді, олар жүріп билейді. Егер сіз Парижде
өз сүйген қызыңыздың туған күнінде болсаңыз, ол қызбен Café de la Jatte-ке
барыңыз. Сіз жарқыраған шамшырақтары бар сыйлықты тортқа алдын ала тапсырыс
берсеңіз, онда ерекше әсер қалдырасыз, өйткені оны бүкіл зал бойымен
әкеліп, туған күн иесінің алдына қояды.
LE GRAND VEFOUR. Париждің ең көне мейрамханасына (1780 жыл) мұражай
ретінде де кіруге болады. Интерьері Директория кезеңіндегі: қабырға мен
төбеде живопись, алтын, хрусталды люстралар. Мейрамханада Наполеон, Гюго,
Кокто, Сартр болған. Мәзірде – ет деликатестері, жасыл фасолден жасалған
сорпа-пюре, сыр ассортиі. Егер сізге түскі ас қымбат болып көрінсе, онда
пирожныймен жемісті шай ішіңіз.
HOTEL BPISTOL. Мейрамхана Париждегі ең биік тығыздығы 1м2 бутиктей
көшеде орналасқан. Жақын көршілері: Chloe, Gianni Versage және Louis
Feraud. 19-округтегі бистро арқасында танымал болған шеф-аспазшы Эрик
Фрешон өзін жоғары ас үйде сынағысы келді. Мәзірде – rillettes паштеті,
теңіз байлықтары, ризотто, шоколадты мусс және т.б.тәттілер.
LA TOUR d’XARGENT Париж Құдай-анасы Соборы мен Сенаға қарайтын
Париждің аңыз мейрамханаларының бірі. Көптеген кинотүсірулердің арқасында
және мейрамхананың фирмалық (1890 жылдан)– етшапқыштан өткен үйректің етті
жерлері бар соуспен берілетін үйрек (Caneton Tour d’Xargent ), аяқтары мен
кеудесі тағамдарымен де танымал. Бүкіл үйрек нөмірленеді, әр келуші тағам
соңында оның үйрегінің нөмірі көрсетілген грамота ала алады.
LUCAS-CARTON Ас үйі қымбат және жақсы. Фирмалық тағамы – a la
vanille омары.
JOEL ROBUCHON Мейрамхана бірнеше жылдар бойы Парижде жетекші
орындардың бірін алуда.
Балық мейрамханалары:
CHARLOT ROS DES COQUILLAGES. Charlot Ros des Coquillages
мейрамханасын тек Art Deco стиліндегі қызықты интерьер ғана емес, мәзірі –
атақты марсельді тағам – Bouillabaiss балық сорпасы да ерекшелендіреді.
FLO. Бұл мейрамханаға театрдан соң кірген сәнді, яғни кешкі сағат 11-
ден соң. Үстелді телефонмен болжамдап тапсырыс берген жөн, әйтпесе орын
болмауы да мүмкін. Кейде тапсырыс берген үстеліңізге де жарты сағаттан
бастап кезекте тұрасыз.
GOUMARD-PRUNIER. Goumard-Prunier мейрамханасы Ла-Манштың жағасында
орналасқан Нормандиядан әкелінген экзотикалық және ұлттық теңіз
байлықтарын ұсынады. Тамыздан ақпанға дейін шаян береді.
LE BAR A HUITRES. Le Bar a Huitres – теңіз үйрегі, теңіз жуасы,
моллюска, теңіз кірпілері секілді теңіз деликатестерінің алып әр
алуандылығын ұсынатын балықты мейрамханалар жүйесі. Сіз өз-өзіңізге тағам
құра аласыз.
LE DIVELLES. Le Divellec-те Атлант мұхитының суы шаятын француз
провинцияларының бірі – Бретаниядан әкелінген жаңа теңіз деликатестерін
табуға болады.
Керемет ас үйлері бар қымбат емес жайлы мейрамханалар:
LA COUPE CHOU. Ғажайып интерьері жарық жанатын каминмен жарық болып
тұр. Тасты қабырғалары ағашпен әшекейленген. Бірнеше ғасыр бұрын сақал
қырушылар пышақ орнына өздерінің ұстарасын қолданған Шаштараз бөлмесі бар.
Мәзірге шабдалыдағы үйрек және ақ шоколад ұсынады.
LA TAVERNE SAINT-GERMAIN. Сыраның 300-ден астам түрлері сатылатын
таверна.
Мәзірде тойымды, әрі тәтті тағамдар: әр түрлі сорттары мен дайындауы бар
ет; жұмыртқа және қоспалармен араластырылған салаттың қытырлақ жапырағы бар
лососьтің шикі еті.
LE CAVEAU FRANSOIS VILLON. Оның стилі 15-ғасырға сай. Тасты қабырға,
ашық емес жарық, жайлы жаңдай және ортағасырлық аты аңызға айналған ақын
Франсуа Вийонаның есімінің күші.
Мәзірде: акация балы мен үйректің бұрышталған бауыры, херес, моллюска майы
бар балық филесі.
LE VIGNERON FROMAGER. Мейрамхана мәзірінің мақтанышы – сырлардың таң
қалдырар әр алуан түрлілігі. Десертке жаңа жемістен жасалған өте дәмді
сорпаға тапсырыс беруге болады. Жағымды, жылы атмосфера.
NOS ANCETRES LES GAULOIS. Мейрамхананың атауы Біздің бабамыз
галлалар деп аударылады. Мұнда көне кезең Париж Лютеция болғандағы
дәстүрін ұстанады – үстелге тағам мен сусынды шектеусіз көлемде беру. Бұл
мейрамхана Гаргантюра және Пантагрюэль тәбеттерін де көтерер еді. Әр
үстелде көкөніске (редис, бұрыш, қызанақ, жуа және т.б.) толы кәрзеңке,
сонымен қатар салаттар, шұжық, піскен ет, сырдың жүздеген түрлері,
шараптардың әр алуандылығы.
Курорттары.
ШАМОНИ-CHAMONIX.
Қаланың архитектуралық кескіні 1924 жылы Олимпиадалық ойындардағысынан
еш өзгермеген. Монблан тауының етегінде орныққан бұл әлемдік альпинизм
астанасы шаңғышылар үшін зор мүмкіндік ашады. Үлкен биіктікте орналасуы
көктемгі уақытта да тегіс қар жамылғысына кепілдік береді. Курорттың
биіктігі 1035-1460 м. Онда 49 көтергіш (1050-3840 м), 74 таулы-шаңғылы
трасса (152 км), 45 км жазықтықты трасса бар.
Табиғат қысқы демалысты сүйетіндер үшін шынайы жұмақ бұрышын сыйлады:
2 соңғы жүзжылдық бойына өз қонақтарын таңқалдыратын және ортасында өзі
аттас Шамони қаласы (Chamonix “Best of the Aips” бірлігіне кіреді)
орналасқан аңғарды жан-жағынан көркем баурайлар қоршайды. 1924 жылы алған
Олимпиадалық ойын өткен кезден бері тау шаңғысының тарихы Шамони курортымен
тек мұнда Батыс Еуропаның ең биік шыңы – Монблан (Mont Blanc, 4810м)
орналасқандықтан емес, сондай-ақ трассаның ғажайып әр алуандылығы да үшін
байланысты болды. Aiguille de Midi шыңынан қарағандағы түр ұмытылмас,
дегенмен бұл зонада біреудің сырғанауға тәуекел етуі екі талай. Шамонидің
ғажайыптылығы – мұнда таулы-шаңғылы трассаның биік таулы (оның 90%-ы 2000 м-
ден астам биіктікте орналасқан) болып келуі. Aiguille de Midi көтергішімен
көтеріліп, тек Францияның ғана емес, тау жотасынан өткенде Курмайор курорты
ашылғаннан соң Италияның да баурайларында сырғанау мүмкіндігі туады.
Шамони – бұл таулармен құмарта қызығатындардың кездесу жері, бірақ
тау-шаңғы, альпинизм, тауға шығудан басқа бұл курорт сізге теннис корттары,
гольф далаларын, және көптеген ойын-сауық түрлері: казино, кинотеатр,
дискотека, мейрамхана және барды ұсынады.
Трассаға мінездеме:
Кәсіпқойлар үшін: Шамониде ең қиын және қауіпті қара трассалар – Гран-
Монте (Grand Montets), Пуант-де-Вю (Painte de Vue) және Пулон (Pylones)
трассалары орналасқан. Әйгілі 24 км-лік Вале-Бланш (Vallee Blanche)
құламасын ертіп жүрусіз өту ұсынылмайды – ол мұздықтың қауіпті зоналарымен
өтеді.
Орташа деңгей үшін: керемет қиын емес орманды құламалар Ле-Тур (Le
Tour) және Лез-Уш (Les Houches) аудандарында қызыл және көк трассалар. Егер
сізге осы аз көрінсе, Шамони-Курмайор жалпы ски-пасын қолданып, Aiguille de
Midi арқылы жүре отырып, Италияға баруға болады.
Бастауыштар үшін: алдымен жаңаларды (новичок) қиындықпен байланысты
сырғанау зонасы абыржытады, бірақ шаңғы киген бойда-ақ бұл сезім бірден
кетеді. Өйткені бастауыштарға арналған сырғанау аудандары басқа
баурайлардан бөлектелген, сізге қатты жылдамдықпен ұшып келе жатқан
кәсіпқойлар кесел келтірмейді. Алғашында Ла-Вормэн (La Vormaine), Ле-Шозале
(Les Chosalets), Ле-Планар (Les Planards) және Ле-Савой (LesSavoy)
трассаларын қолданаңыз.
Шамониде 3 балалар мини-клубы жұмыс істейді: Panda-Club (6 айдан 3
жасқа дейін), Panda-Ski (3-12), Hatte-Garderie (18 айдан 6 жасқа дейін).
Балалар үшін арнайы дайындалған трассалар бар – Le Savoy, Les Planards
орталығында, Les Chosalets-те Les Grands Montets етегінде, Le Tour-дегі La
Vormaine-де. Балаларды трассамен және одан тыс мұз айдынында үйретіп,
жарыстар өткізіледі.
Шамониде бар мен мейрамхана көп, соның ішінде түнгі, 4 дискотека,
видеобар. Қала ортасындағы казино (француз және ағылшын рулеткалары, блэк-
джэк) 22.00-03.00 жұмыс жасайды. Күн сайын 12.00-03.00 сағат аралықтарында
74 ойын автоматтары жұмыс жасайды.
Сонымен қоса, Шамониде альпілік мұражай, кітапхана, кинотеатр, бридж-
клуб бар. Әр апта сайын Анси, Женева және Межевке экскурсия жүргізіледі.
Қаламен ат күймесімен (конная коляска) серуен жүргізіледі.
КУРШЕВЕЛЬДЕГІ ДЕМАЛЫС.
Куршевель (1946 жылы ашылды) - әлемнің ең престижді және элетарлы
таулы-шаңғылы курорттарының бірі. Көптеген ҮІР-тұлғалар (соның ішінде
Монако патшалығының ханзадасы) қысқы демалыс үшін осы орынды таңдайды.
Куршевель – бұл қысқы ертегі және оған түсу – спорттың таулы түрлерімен
шұғылданатын әр адамның арманы. Көтергіштер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz