Францияның экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Францияның экономикасы басқа да өнеркәсібі дамыған
капиталистік елдер сияқты еркін сауда мен кәсіпкерлік принциптеріне
негізделген. Қазіргі кезде Франция нарықтық шаруашылық механизмі жағдайында
өмір сүріп жатыр, дегенімен бағаның еркін қалыптасу деңгейі объективті
экономикалық заңдармен мемлекеттік реттеуге негізделеді.
Францияда бағаның еркін қалыптасу қағидаларының қызмет етуіне
қарамастан, мемлекет кейбір тауарлар мен қызметтердің бағасына тікелей
ықпал ете алады. Мысалы: ауылшаруашылық өнімдеріне, газ, электр энергиясы,
көлік және тасымал қызметтеріне. Бәсеке жағдайында да бағаларды қадағалай
алады.
Францияда 30 жылдай (1947-1986 ж) мемлекеттік баға реттеу дирживизм
(ЭМР-дің) саясатының негізгі бөлігі болып келеді. Франциялық бағаны
реттеудің жүйесінің іргетасы 1945 жылдың 9 маусымдағы заңның шықанда
қаланды.
Соғыстан кейінгі жылдары Францияның эконмикалық жағдайы күрт нашарлап
кетті. Франктың сатып алынуының төмендеуі бағаға деген бақылаудың
жүргізілуіне мәжбүр етті. Қаңтар мен ақпан айларының ішінде мемлекет
көптеген тауарларға деген бағаны 10-ға төмендетті.
1947 жылдың соңында бағаны көтеруге бақылау саясаты, яғни
кәсіпкерлерге бағаны керекті дәрежеге дейін көтеруге құқық берілді. Бірақ
оны қажет болған жағдайда тоқтату үшін алдын-ала мемлекеттік органдарға
хабарлау керектігі туралы келісімге келді. Дегенмен, 1948 жылы тауарларға
деген бағалар толық немесе жартылай тәуелсіздікке ие болды.
Келесі сегіз жылдың ішінде үкімет бағаға тосқауыл қоятын 6 заң
шығарды. 1960-1962 жылдар аралығында өндірістік тауарлардың бағаларына
толықтай либерализациялау жүргізлді.
70 жылдары Франция үкіметі бағаға тосқауыл қою жөніндегі шараларды
кеңейте түсті. 1975 жылдың екінші жартысынан бастап мемлекеттік және жеке
сектордың барлық тауарларының бағалары толық мемлекеттің қарамағына өтіп,
сәуірден 1976 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта мемлекеттік сектордың
тауарларының бағасы белгілі пайызға дейін көтеріліп отырды. Сонымен қатар
мемлекетпен кәсіпкерліктер арасында, соңғыларының өз өнімдеріне бағаны
көтеруге деген құқықтарының шектеулігі туралы шарттар жасалып отырды.
70 жылдардың ортасында мемлекет экономиканың барлық секторларына
түсетін пайданы шектеу саясатын жүргізді. Осы саясатқа байланысты жеке
сектордағы жұмысшылардың жалақылары мемлекеттік сектордағы жұмысшылардың
жалақысынан төмен болуы туралы шарттар жасалды.
70 жылдарды ортасынан бастап Францияның экономикалық жағдайы мұнайға
деген әлемдік бағаның 4 есеге өсуімен сонымен қатар мұнаймен қамтылу кеміп,
ал бағасының өсуіне байланысты күрт нашарлап кетті. Ішкі бағалардың өсуі
халықтың наразылығына әкеп соқтырды. Ал кәсіпкерлер өз кезегінде пайданы
сақтап қалу мақсатында өз өнімдеріне бағаны бірнеше рет көтеріп, баға-
еңбекақы тактикасын ұстана бастады.
Осы уақытта бағаға қатаң бақылаудың, оған тосқауыл қою принципін
пайдаланудың, өндіріс көлемін тоқтататындығы, нарықты төзімділігіне,
мобильділігі мен тауарлар мен қызметтің ағынына кедергі жасайтындығы анық
байқала бастады.
Мемлекеттің қойған шектеулерінің әсерінен кәсіперлер өздері басқаратын
нарықтардағы бағаларын көтере алмай үлкен шығындарға ұшырап жатып,
инвестицияларды көбейтіп өндірісті қайта жандандыруға қаражаттары болмады.
Француз экономистерінің ойынша, бағаға қойылған тосқауылдардың басты
кемшілігі – инвестициялаудың қиындығы мен бюрократизацияның өсуі болды.
Айта кететін болсақ, бағаны реттеудің жанама экономикалық әдістерін
қолданған елдермен салыстырғанда Францияның инфляция жағдайы едәуір жоғары
болды.
Бағаға бақылаудың тағы бір кері әсері- импорт көлемінің өсуі болып
табылды. Себебі кейбір тауарларды Францияда шығарғаннан шет елдерден сатып
алу тиімді болды. Франция кәсіпорындарының бәсекелестік қабілеті де
төмендеп кетті. Оның себебі, ТНК филиалдары Франция нарығын жаулап алу үшін
өз өнімдерін төмендетілген бағамен сата бастады.
1973 жылы Франция үкіметі өндірістік тауарлардың бағаларын
либерализациялады. Бірақ бұл бағдарлама үлкен сақтықпен жүргізілді. Бірінші
кезекте өндірістің келесі салалары таңдап алынды: халықаралық бәсеке
жағдайы жоғары салалар (сағат және шарикоподшипникалық өндірісі); баға
ауытқуы білінбейтін салалар (тамақ өнеркәсібі); әлеуметтік қамтылуы бар
тұрақты нарықтар (фарцевтиялық өндіріс).
Дегенмен, 30 жылдай бағаға қатал бақылау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет шығындарының ішіндегі үлесі
Шет елде Экономиканы мемлекеттік реттеу. Франция
Францияның мемлекеттік бюджеті
Францияның мемлекеттік жоспарлау органы
Мемлекеттік жоспарлау
Франциядағы қаржы дағдарысы
Франция дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
Экономиканы реттеу құралдары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қажыларын басқару
Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
Пәндер