Мұнай мен газдың пайда болу тарихы және физикалық қасиеті
Кіріспе 3
1 Мұнай және газ туралы жалпы түсініктеме және олардың сипаттамалары
6
1.1 Мұнайдың пайда болуы жайлы жалпы түсінік 6
1.2 Мұнай және газдың халық шаруашылығындағы маңызы 7
1.3 Шөгінді тау жыныстары . мұнай және газдың табиғи қоймалары 8
1.4 Мұнай және газ кеніштері 12
1.5 Жер қойнауының мұнай және газ қабаттар қысымы мен температурасы
15
2 Мұнай және газ қасиеттері 17
2.1 Мұнай қасиеттері 18
2.2 Газ қасиеттері 22
Қолданылған әдебиеттер 26

Мазмұны
Кіріспе
3
1
Мұнай және газ туралы жалпы түсініктеме және олардың сипаттамалары
6
1.1
Мұнайдың пайда болуы жайлы жалпы түсінік
6
1.2
Мұнай және газдың халық шаруашылығындағы маңызы
7
1.3
Шөгінді тау жыныстары - мұнай және газдың табиғи қоймалары
8
1.4
Мұнай және газ кеніштері
12
1.5
Жер қойнауының мұнай және газ қабаттар қысымы мен температурасы
15
2
Мұнай және газ қасиеттері
17
2.1
Мұнай қасиеттері
18
2.2
Газ қасиеттері
22
Қолданылған әдебиеттер
26
Кіріспе
Мұнай грек халқының нафта деген сөзінен шыққан нафта жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай мен газ, көздерінің терең орналасқан қабаттарымен адам баласына жұмбақ болып келді. Кейбір ойпаттарды жер қойнауын жарып шығып атқылап , кейде бұлақ болып ағып жататын қарамай немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда құдірет күші деп танылады.
Ерте дәуірлерде адам баласы Терістік Италия мемлекетінде жер қойнауын жарып шығып , қайнар болып ағып жатқан мұнайды тастан жасалған ыдыстарға құйып, қараңғы мезгілдерде жарық ретінде ппайдалануды білген. Геродот өзінің шығармаларында Тигр мен Ефрат өзендерінің бойында көптеген мұнай көздерінің болғандығын, жиналған мұнайдан пайда болған асфалтті Вавилон қаласында құрылыс материалдары есебінде қолданылғалы туралы айтады [4].
Плутарх Александрдың өмірі туралы шығармасында мәңгі бақи лаулап жанып тұратын көгілдір жалын туралы әсірілеп жазған. Византия мемлекетінің жауынгерлері өздерінің дұшпандарына қарсы соғыстарда тарқатылған кендерді ағаш басына орап , оны мұнайға малып алып тұратын , жау кемелеріне лақтыру арқылы жеңіске жетіп оотырған. Бұл оқиға Грек оты деген атпен қалды .
Француздар Пенсильванияның терістік батыс жағын жаулар алғаннан кейін жергілікті халықтардың мұнайды дәрі - дәрмек есебінде пайдаланатынын сезіп, сол кездегі ағашпен шегенделген тайыз құдықтардың мұнайын өз еліне тасыған.
Америкадағы Тринидад аралында да көптеген мұнай және газ көздері анықталды. Олардың арасындағы ең маңыздысы - 1497 жылы Колумбаның үшінші сапарында ашқан асфальткөлі. Оның көлемі 45,6гектар, ал тереңдігі мезгілге дейін анықталған емес.
Өшпес оттың Апшерон түбегінде және Дағыстан жерінде орын алғандығы мәлім. Отқа табынушылықты білдіретін халықтар, оның ішінде әсіресе , Индия халқы , Баку қаласының мадалар оңындағы әрдайым жанып тұратын газ ошақтарын дәріптеп , олардың үстіне орнатып , әдейі дін ұясына айналдырған. VII ғасыр шамасында салынған дін ордаларында Грек жауынгерлерібұзып құлатты. Бірақ Парсы Аравия жаулап алғаннан соң отқа табынушылық білдіретін Парсы халқы Баку маңына қоныс аударып , құлаған ордаларды қалпына келтірді.
Апшерон түбегіндегі Сурахана маңында салынған ордалардың бірі біздің заманымызға дйін бұзылмай жеткен. Бұл маңда халықтар 19-ғасырдың 70-жылдарына дейін отқа табынушылады көптеп кездестіруге болатыны тарихта қалған. Қазіргі кезде ол ордалар құлап , тек орны жатыр. Апшерон түбегінің қиыр шығысында да мұнай жер қойнауының жарықтарынан шығып, битумға айналған көптеген аумақтардың болғандығы анықталды. Битумды көптеген аумақтардың болғандығы анықталды. Битумды Персия халқы жанармай ретінде пайдалану үшін теңіз арқылы өз еліне кеме- қайықтарға тиеп жжіберіп отырған. Каспий теңізінің ішіндегі Артем аралында да мұнай көздерінің болғандығы ертеден - ақ белгілі болды. Бірақ , бұл кен байлық, теңіз ортасында болғандықтан, оны халық дұрыс пайдалана алмады. Мұнай және газ бұлақтары Кубань облысы мен Тамань түбегінде де кездескен. Жер қабаттарын өз күшімен жарып шыққандай , әдейі күшпен лаулап жанған газ көздері Түрікмен , Қазақстан , Шығыс Мексика , Қытай т.б. көптеген елдерде болғандығы тарихтан мәлім.
Мұнай және газ көздерінің пайда болуы тек қана жер қабаттарының жарықтарымен байланысты деп айтуға болмайды. Соңғы кездерде Баку қаласының маңы т.б. жерлердегі мұнай және газ көздері балшық вулканизм құбылыстарымен байланысты екені айқындалып отыр. Алғашқы кездерде бұл кендердің көзін тәжірибесі мол адамдар ғана табатын болады. Жергілікті халық мұндай адамдарды ізші деп атаған. Ол адамдар , әсіресе , Апшерон түбегін қоныстанған халық арасында көптеп кездесетін. Бірақ олар бабадан атаға , атадан балаға қалған бұл кәсіптерін елге жария ете бермей, сыр ғып ұстаған, көп жылдар бойы мұнай өндіретін құдықтар осылардың қолында болған. Құдықтар тек қана солардың сілтеуімен табылып және аршылып қазылып келген [2].
17-ғасырдың бас кезінен бастап көптеген мұнай алаңдары жалпы бұқара халыққа мәлім бола бастады . Мысалы, Ресейдегі Ведомость атты газеті 1703 жылы бірінші нөмірінде былай деп жариялады: Қазақ қаласынан алынған хабар бойынша Соқу өзенінің бойында көптеген мұнай көздерінің бар екендігі анықталды. Ал , бұдан кейінгі кездерде 1865 жылғы тау-кен ғылымы санақ жинағында былай деп жазылады: Петроль иә болмаса мұнай Ресейдің көптеген аймақтарында табылып жатыр. Мұнай бұлақтары Архангельск губерниясының Шенкер уезінде , Царицин губерниясында, Ухта өзенінің бойында, Еділ өзенінің бойындағы Қазан, Симбирск, Самар губернияларында, Керчь және Тамань түбектерінде, Кубань бойында, Байқал көлі мен Сібірде , әсіресе , көптеген мұнай бұлақтары Кавказдағы губерниялық Баку қаласының маңында барлығы анықталды. Өнеркәсіп орындары көбейіп, өндірісте түрлі машиналар мен механизмдер саны өсуімен байланысты мұнай мұқтаждығы сезіле бастады. Бұл жағдай мұнай саласындағы кәсіпшіліктердің ұлғайтылуын талап етті. Осыған байланысты мұнай алаңдарын барлау және оардан мұнай өндіру әдістеріне сай мұнай ғылым саласы керек болды.
Алғашқы кезде Россия көлемінде мұнай туралы ғылым саласын жолға қойған атақты ғалым химик Д.И.Менделеев болды. Д.И.Менделеев көптеген ғылым салаларымен айналысумен қатар, мұнайдың химиялық қасиеттерін зерттеп , күрделі жаңалықтар ашты. Ол өзінің 1877 жылғы жазған терістік Америка Штатындағы Пенсильвания және Кавказдағы мұнай өнеркәсіптері атты еңбегінде ... мұнай саласындағы ең басты міндет - оның жер қойнауында қалай орналасып жатқанын ғылыми жолмен тиянақты түрде зерттей білу деді. Бұл әңгіме іс жүзінде орындалмаған жағдайда мұнай барлау , жаңа алаңдар ашып , оның қорын көбейтіп өндіру жұмыстарының қиынға соғатынын Д.И.Менделеев айқын көрсете білді. Д.И.Менделеев мұнай өндіру және одан алынатын қосымша өнімдерін , айыру кәсіпшіліктерінде кездесетін кедергілерді жете әшкерелей отырып , оларға қарсы үзілді - кесілді күрес ашты. Мұнай мәселесін өндірістік талапқа сай көтеру үшін ең алдымен Россияда орын алып келген , бір қожадан екінші қожаға мұнай сату, яғни Откуп деп аталатын жүйені жою керектігін дәлелдейді. Осыған байланысты 1872 ж патша үкіметі Откуп жүйесін жойды [5].
Алғашқы рет Баку маңындағы табиғи мұнай кендерінің геологиялық жағдайын 1827ж Н.И.Воскобойников жазды. Г.В.Абих 1861 ж бұл ауданның геологиялық картасын жасады. 1882 ж Россия аумағындағы мұнай, газ және басқа да кен байлықтарын ғылыми жағдайда зерттейтін Геологиялық Комитет құрылды. Патша үкіметінің бұл Комитетке бөлген қаржысы өте мардымсыз болғандықтан , оның құрамына аздаған , санаулы ғана мамандар тартылып , геологиялық зерттеу жұмыстары өте шағын көлемде жүргізілді. Осымен қатар зерттелген ұлан - байтақ Россия көлемінде геологиялық барлау жұмыстарымен айналысатын Геологиялық Комитет мүшелерінің саны 50 адамнан аса алмады. Осыған қарамастан, бұл Комитеттің жүргізген жер қойнауының зерттеу жұмыстары, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары сатыда әрі жемісті болды. Жаңадан көптеген мұнай және газ алаңдары ашылып , барлау жұмыстары арнайы жоспармен сапалы түрге келе бастады. Бұл табыс негізінен Геологилық Комитеттің мүшелері әрі ұйымдастырушылары атақты геологтар И.М.Губкин, Д.В. Голубядников , Н.И.Андрусов, Н.И.Ушейкин, А.П. Карпинский, Ф.Н. Чернишев , С.Н.Никитин т.б . нақты ұйымдастыру жұмысының нәтижесі еді .
Академик И.М.Губкиннің мұнай жөніндегі ғылыми- зерттеу жұмыстары , әсіресе Қазан төңкерісінен кейін кең өріс алды. И.М.Губкин барлау жұмыстарын жоспарлы,ғылыми түрде ұйымдастырды, әсіресе , Азербайжан Республикасына ,Ухта, Еділ бойына, Түрікпен, Қазақстан, Өзбекстан, Грузия , Екінші Баку аудандарында , т.б. жерлерде мәңгі есте сақталатындай еңбек қалдырды. И.М.Губкин жер қойнауының жаратылыс заңдарын жете зерттеумен байланысты мұнай және газ алаңдарынан балшықты вулканизм құбылысымен байланыстылығын дәлелдеді. Бұл жөнінде көптеген еңбектер жазып, арнайы теориясын ойлап шығарды. Өзінің Еділ және Каспий бассейнінің мұнайы атты еңбегінде алғашқы рет мұнай кендері тек тұз күмбездерінің шет жағалауларында орналасқан жаңа мұнай алаңдарының ашылуы арқылы дәлелденіп , жүзеге асты. Егеменді Тәуелсіз Одақтас мемлекеттердің мұнай өнеркәсіптік тарихы академик И.М.Губкиннің есімімен тығыз байланысты. Ол мұнай саласындағы ең маңызда божаулардың қожасы, мұнай өнеркәсібінің ақсақал қолбасшысы болып саналады [1].
1 Мұнай мен газ туралы жалпы түсініктеме және олардың сипаттамалары
0.1 Мұнайдың пайда болуы жөнінде жалпы түсінік
Мұнайдың неден жаратылып, алғашқы пайда болуы дұрыс зерттеліп, шешілген болса оның қандай табиғи жағдайлармен байланысты басқа қабаттарға көшіп, шоғырланатын жерлерін білу онша қиынға түспеген болар еді. Бұл жағдайда мұнай жатақтарын іздестіру, барлау жұмыстары да қысқа мерзімде әрі экономикалық тиімді жағдайда орындалған болар еді. Бірақ осы күнге дейін мұнайдың жаратылу тарихы және орналасуы әлі де түбегейлі зерттеліп біткен жоқ [1].
Мұнайдың, ал ертеректе оны тас майы деп атаған, болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз - сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы - мұнайдың негізі..., - деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.
Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары - академиктер Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді [3].
Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды - ацетилен, этилен және т.б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр көмірсулар қоспасына айналады.
Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға ұқсас сұйық - жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады, сондықтан Д.И. Менделев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды. Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда кездесетініне көз жетті.
Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.
Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы - академик Н.Д. Зелинский бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді [2].
Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай - бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы - бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді.
Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады [5].
0.2 Мұнай және газдың халық шаруашылығындағы маңызы
Мұнайдың шаруашылықтағы маңызын халық ерте кездерден-ақ жоғары бағалаған. Оны жер майы, асыл май, тау майы деп құрметпен атаған.
Қазіргі дәуірде және одан алынатын әр түрлі құнды өнімдерді қолданбайтын өндіріс немесе ауыл шаруашылығы салалары кемде-кем.
Бензин, керосин, тағы сол сияқты сан түрлі жанар және жағар майлардың мұнай айыру зауыттарында жоғары температураларда қыздыру т.б. әдістері арқылы алынатыны бәрімізге мәлім. Бұл өнімдер болмаған жағдайда жер үстінде жүретін, суда жүзетін, ауада ұшатын сан алуан механизмдер мен машиналардың қозғалысы я болмаса ғарыш кемелерінің ғарышқа самғауы мүмкін емес еді.
Мұнайдың химия өнеркәсібі мен Отан қорғау мақсатындағы маңызы әркімге де белгілі [4].
Мұнай қуатты және арзан отындардың қатарына жатады. Тас көмірмен салыстырғанда оның қызуы әлдеқайда артық. Мысалы, 1 тонна мұнай 1,3 тонна антроциттің, 3 тонна қоңыр көмірдің, 3,3 тонна шымтезектің мұнай тектес газдың да қуатынан күшті. Газ күлінен резина, машиналардың дөңгелектері, пластмасса т.б. көптеген өмірге керек заттар шығарылады.
Мұнай және одан алынатын өнімдер техникада ғана емес, сонымен бірге басқа өнеркәсіп салаларында да кңінен қолданылады. Мысалы, бензин басқа еріткіш ретінде сүйектен тағамға керекті майларды айырып алуға да жұмсалады. Сонымен қатар мұнайдан түрлі машина-механизм, аппарат майлары, лигроин, газойл, парафин, вазелин, битум, мазут т.б. алынады. Лигроин жеңіл, ал газойл ауыр дизелдерде отын есебінде, парафин-майлы қышқылдар мен спирттерді айыруда және элетротехникада оқшаулатқыш материалдар, құрылыста су өткізбейтін жабдықтар мен жанар май шам есебінде пайдаланылады. Парафиннің өзінен техникалық құнды түрлі майлар шығады. Олар жан-жануарлардан алынатын тағамға қолданылатын майлардың орнына жүреді.
Көптеген иіс сулардың түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар осы мұнайдан дайындалады. Мұнай тектес газдардан алынатын шайырлардан пластикалық масса, жасанды дәрі-дәрмектер, фотография пленкалары және қысымға шыдамды, сынбайтын әйнектер т.б. жасалады.
Медицинада аурулардың кейбір түрін емдейтін құнды әрі қымбат дәрі-дәрмектер осы мұнайдан бөлініп шығарылған ақ майдан жасалады.
Қазіргі уақытта мұнай құрамынан 1000-нан астам халық шаруашылығына қажет заттар алынып отыр.
Мұнай мен газдан алынатын сан алуан түрлі химиялық т.б. заттардың шегіне адам баласы әлі де болса жете қойды деп айтуға болмайды, оның шегі жоқ екені шындық. Ғылым мен техниканың бұдан былай да дами түсуіне байланысты мұнай мен газдан алынатын пайдалы заттардың саны да арта беретіні сөзсіз [2].
0.3 Шөгінді тау жыныстары - мұнай мен газдың табиғи қоймалары
Жер қыртысы екі түрлі тау жыныстарынан тұрады. Оның бірі - ақтарылған, екіншісі шөгінді (тұнба) тау жыныстары. Ақтарылған тау жыныстары жердің алғашқы жаратылған кезінде балқып, одан кейін суынып, қатайған масса болып есептеледі. Ал жер қыртысында немесе оның бет жағында әр түрлі температура, қысым немесе судың әсетімен байланысты тау жыныстары бір жерден екінші жерге жылжып, одан соң сынып, қатайып, үгіліп, ұнтақталып ұсақ құмға, құмтасқа т.б. түрлерге айналатыны белгілі. Бұл үгілген тау жыныстарына судың, жаңбырдың, теңіздің түбіне шөккен шөгінді құрамына қарап әр түрлі жыныстарын (құм, құмтас, әктас, т.б.) бойына сіңірген. Бұл жыныстарды шөгінді тау жыныстары деп атайды [3].
Мұнай мен газ тек қана шөгінді тау жыныстарының арасында жаратылып, көшіп-қону арқылы олардың қуыстарында ғана орналасады. Сонымен шөгінді тау жыныстары арасындағы мұнай, газ, су орналасатын қуыстарды, қасқаша жыныс кеуектілігі деп атайды.
0.3.1 Кеуектілік
Кеуектілік ұсақ, ірі, өте ірі қуыс (кеуек, қуыс, жарықшақтық т.б.) түрлерінде кездеседі. Шөгінді тау жыныстарының кеуектілік мөлшері үлкен, қуысы кең болып кездесуі де мүмкін. Мысалы, құмнаың кеуектілігі - 6-40% , саздікі -6-50%, құмтастікі -3,5-29%, әктастікі -20-23% шамасында. Бұл көрсеткіш шөгінді жыныстардың бірқатар аумағын сұйықтық пен газдың алып жатуының мүмкіндігін дәлелдейді.
Кеуіектілік деп шөгінді тау жыныстарының мұнай, с және газды өз бойына сіңіру қасиетін айтады.
Тау жыныстарының арасындағы барлық қуыстардың аумағын ақиқаттық немесе теориялық кеуектілік деп атайды. Жыныс арасындағы қуыстарды қосқандағы қосынды көлемін, алынған жыныстың сыртқы аумағына қатынасын кеуектілік коэффиценті деп атайды. Ол былай табылады:
kn=VnV (1)
kn - жыныстық кеуектілік коэффиценті; Vn- жыныстың (үлгінің) қуыс көлемі; V- сол жыныстың (үлгінің) аумағы.
Кеуектіліктің пайыздық мағынасын табу үшін 1.1 формула арқылы табылған мағынаны 100-ге көбейту керек:
kn=VnV100% (2)
мұндағы: kn- жыныстың кеуектілік пайызы.
Кеуектілік мөлшері жыныс құрамындағы түйіршіктердің тұлғасына (пішініне) олардың орналасу қаолпына, цемент материалдарының құрамына, геологиялық, литологиялық, геохимиялық, т.б. жағдайларға тәуелді. Егер де тау жыныстарын құрастырған жыныс түйіршіктерінің мөлшерлері бірдей болса, онда бұл жыныстардың кеуектілігі тек қана сол түйіршіктердің қалыптасып орналасуымен байланысты болған болар еді. Бұл жағдайда түйіршіктердің үлкен-кішілігінің кеуектілікке әсері тимейді.
Көп жағдайларда тау жыныстарының арасы бір-бірімен қосыла бермейді. Осымен байланысты өзара бірімен-бірі қосылған қуыыстардың көлемін тиімді кеуектілік деп атайды. Жалпы алғанда тау жыныстарының ашық кеуектілік қуыстары суға, мұнайға немесе газға қанық келеді. Ал, бір-біріне қатысы жоқ кеуектілік басқа заттармен толтырылады. Тау жыныстарының суға, мұнайға және газға қаныққан барлық қуыстарының қуыстарының көлемінің (V1), сол жыныстың барлық қуыстарының көлеміне (Vn) қатынасын қанығу коэффициенті деп атайды:
kн=V1Vn100% (3)
Осы себептерден түрлі-түрлі жыныстардың кеуектік коэффициенті де бір сыпыра өзгеріп отырады. Әлбетте тау жыныстарындағы барлық қуыс-кеуектер бір-бірімен тұтаспайды. Жыныс арасындағы өзара жаолғасқан қуыстардың көлемін эффективтік (тиімді) кеуектілік деп атайды.
Тау жыныстарының ашық кеуектілігі әдетте суға, мұнайға не газға толады, ал сол аймақтағы жеке тұйық кеніштерде басқадай заттар болуы мүмкін.
Жыныс ішіндегі суға, мұнайға, газға қаныққан қуыстарының көлемінің (V1) жыныстағы барлық қуыстардың жалпы көлеміне (Vn) қатынасын қанығу коэффициенті kн дейді.
Қуыс-кеуектердің мұнайға, суға, газға қанығуы және олардың қуыс каналдарымен жылжуы, қуыстың аумағына байланысты. Көлденеңі ірілеуі қуысқа сұйық оңай кіреді де ол тарту күшінің әсерінен кеуектің саңылауларымен әжептәуір жылжиды. Майда кеуектер сұйықтың енуі үшін күшті қысым керек болғандықтан суықтың кеуектік жылжуы қиынға түседі.
Қысымның кемуінен жыныстың өзіне сұйық пен газды өткізу қабілетін оның өткізгіштігі дейді. Жыныстар жақсы да, шамалы да өткізгіш, бірақ та абсолютті өткізбейтін жыныстар болмайды [2].
0.3.2 Өткізгіштік
Шөгінді тау жыныстарының өз бойыныан қысыммен сұйық (мұнай, су) пен газ өткізу қасиетін өткізгіштік деп атайды. Өткізгіштік - тау жыныстарының коллекторлық сипаттамаларының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Өткізгіштік жыныс ішіндегі сұйықтың көлемін сипаттамайды; ол тек қана сұйық пен газдың кеуектік саңылауын бойлап жылжу қабілетін көрсетеді.
Тау жыныстарын сипаттау және бағалау жайында кейде бір-біріне қатынасы шамалы екі ұғымды - өткізгіштік пен кеуекті - шатастырып қала берсе, бірдей қылып теңестіріп отырады. Кеуектік жыныстар ішіндегі кемік-қуыстардың аумағын көрсетеді, ал өткізгіштікке келсек, ол мұнай мен газдың бір бөгетте кездесіп, соның жанындағы өзінше бір торға ілігеді де жинала бастайды.
Өткізгіштік коэффициенті арқылы мұнай-газ орналасқан қабаттардың өзінен сұйық пен газды өткізу қабілетін білуге болады:
kн=QμLFP1-P2 (4)
мұнда, kн - өткізгіштік коэффициенті;
Q - үлгіден өтетін сұйықтың шығымы см3сек;
μ - сұйықтың тұтқырлығы, ст3;
L - үлгі тастың ұзындығы, см;
F - үлгі тастың кесін ауданы, см2;
P1-P2 - үлгінің басы мен аяғының қысым айырмашылығы, атм.
Шөгінді тау жыныстарының өткізгіштігін өлшеу үшін Дарси (д) немесе оның мыңнан бір бөлігі миллидарси (мд) өлшем бірлігі қолданылады.
Дарси ауданы 1см2, қалыңдығы 1 см. Үлгі тас арқылы сүзілу кезіңде қысым 1кгсм2, қалыңдығы тұтқырлығы 1см3 сұйықтық шығыны 1см3сек болатын кеуектілік жыныстың өткізгіштігіе көрсететін шама (1 Дарси =1,02*10-12 м2= 1 мкм2).
Жыныс аралығындағы сұйықты (газды) өткізу мүмкіндігі жалпы (абсолюттік), тиімді (фазалық) және салыстырмалы өткізгіштерді өзара салыстыру арқылы анықтауға болады.
Жалпы (абсолюттік) өткізгіштік құрамының табиғи пайда болу орталығы және оның физикалық сипаттамасын көрсетеді.
Салыстырмалы өткізгіштік тиімді өткізгіштік мөлшерін жыныстың жалпы өткізгіштік мөлшеріне бөлу арқылы табылады.
Кен қорын иегу процесінде тиімді және салыстырмалы өткізгіштер ылғи да өзгеріске ұшырайды. Мұнай қорын алғаш игеру кезінде жыныс арқылы өседі, ал мұнай үшін тиімді өткізгіштік кемиді де газ көлемі өсе бастайды. Қабаттан су шыға бастағанда, мұнай үшін тиімді өткізгіштік мөлшері азая береді [4].
1.3.3 Коллекторлар
Сұйық пен газды өзінен өткізе алатын және олар үшін қойма ьола алатын кеуекті және жарықшақты тау жыныстарын коллектор деп атайды.
Жер қойнауында мұнай, газ және су орналасқаны коллекторлардың үстіңгі және астыңғы жағы сұйық пен газды өткізбейтін жынысытармен қоршалған қоймаларды табиғи резервуарлар деп атайды.
Жер қойнауында табиғи резервуарлардың бірнеше түрлері кездеседі (1 сурет). Олардың ішінде әсіресе жиі кездесетіні үсті мен асты өзінен сұйық пен газды өткізбейтін жыныстармен қоршалып келетін қабат тәріздес (1-сурет, а).
б
в
а
1-сурет. Табиғи резервуардың түрлері
Қалыңдығы едәуір кеуекті жыныстардан құралған бірнеше қабаттан тұратын, асты мен үстіңгі жақтары сұйықтық пен газды өткізбейтін жыныстардан құралған табиғи қоймаларды массивтік резервуарлар деп атайды. Көп жағдайларда мұндай резервуардардың астыңғы жағында тек қана ортақ - мұнай-су шекаралығы болады. Осындай резервуарлардың қатарына жабыны мен табаны сазбен қоршалған жарықшақ қалың әктастан тұратын қабаттар жатады (1-сурет, б).
Жер қойнауында жан-жағы литологиялық өткізбейтін тау жыныстарымен қоршалған кеуекті және өткізгіш резервуарлар да кездеседі. Мұны литологиялық шектеулі резервуарлар деп атайды (1-сурет, в) [2].
1.4 Мұнай және газ кеніштері
Табиғи резервуарлар көбінесе суға қаныкқан болады. Жер қойнауында пайда болған мұнай мен газ алғашқы қонысынанкөшу (миграция) арқылы коллекторлы резервуарларға кездескеннен кейін, өздерінің тығыздығына сәйкес судан өтіп, жоғары -- су бетіне көтерілуге тырысады. Осыған байланысты резервуар ішінде су (астында), мұнай (ортасында), газ (жоғарыда) орналасады.
Мұнай-газ шоғырларын өз бойына жинап, қоршап сақтауға қабілеті бар тау жыныстарының жиынтығын мұнай және газ ұстағышы (тұтқыш) деп атайды.
Мұнай-газ ұстағыштары резервуардың бөлімшесі іспетті. Табиғатта мұнай-газ ұстағыштарының бірнеше түрлері кездеседі. Олардың негізгілерінің қатарына дөңбек күмбезді және литологиялық шектелген ұстағыштар жатады (2-сурет).
1.4.1 Дөңбек күмбез кеніштері антиклиналдық иілімдерде пайда болып, жабыны мен табаны өз бойынан сұйықтық пен газды өткізбейтін тау жыныстарынан құралады. Бұл жағдайда мұнай мен газ дөңбек күмбез ққрылымның жоғарғы жағындағы ұстағышқа тап болып, сол жерге жиналып, құрылымның тұлғасына сай орнығады (2-сурет, а).
Мұнай мен газдың шоғырлануына үстағыштың пішіні тек қана антиклинал болуы шарт емес. Кей жағдайларда мұнай мен газға қаныққан қабаттар өткізгіштік қабілеті жоқ тау жыныстарымен қоршалуы да мүмкін ғой. Мұндай ұстағыштарды литологиялық экрандалған ұстағыштар деп атайды (2-сурет,б). Ұстағыштардың кейбір түрлері жердің тектоникалық жарықтарымен байланысты болуы да мүмкін. Мұндай мұнай-газ жатақтарын тектоникалық кедергілі ұстағыштар деп атайды (2-сурет, в).
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz