Әлеуметтік жұмыстың мақсатты дайындау технологиясы


әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті
әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы
ДӘРІСТЕР МАЗМҰНЫ
Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары
Мамандық: «6В11401-әлеуметтік жұмыс»
Кредит саны:5
Алматы, 2022
«Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары» пәні бойынша қысқаша дәрістер
Дәріс 1. Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір бөлігі ретінде
Мақсаты: Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары пәнінің зерттеу объектісі мен пәнін айқындау.
Мазмұны: ХХ ғ. аяғында барша адамзат алдында, адамдардың өмір сүруіне қауіп төндіретін, дағдарысты құбылыстардың күрделі әлеуметтік мәселелері орын алды. Қатты толғандырғаны ретінде экономикалық және экологиялық жағдай, жер бетінде адам саны өсімінің әркелкілігі, кедейшілік, жұмыссыздық, аурулардың көбейуін атауға болды. Осындай қауіпті тенденциялардан демографтар мен денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері ХХІ ғ. ер адамдар мен балалар саны азаятындығын, халықтың көп бөлігін қарттар, жесір әйелдер, күрделі ауру адамдар құрайтындығын айтады. Мемлекеттік статистика агенттігінің мәліметіне сүйенетін болсақ, 1990 жылдан бері, өзінің табиғи өсімімен емес, яғни жүрек ауруларынан қайтыс болған жұмысқа қабілетті ер адамдардың саны екі есеге дейін көбейген. Қазіргі уақытта ер адамдардың өмір ұзақтығы орта есеппен 63, 5 жас, әйелдерде - 73, 2 жас мөлшерін көрсетуде.
Елдегі орын алып отырған саяси және әлеуметтік-экономикалық төңкерістер қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың өсуіне, байлар мен кедейлер табысының арасындағы елеулі айырмашылықтарын, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен әлеуметтік қысымның жоғарылауы мәселелеріне алып келеді. Мұндай жағдайларда халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қызмет көрсету жеткіліксіз болып саналады.
Сондықтан да, әлеуметтік жұмыс жүйесі қайта жаңартуды, реформалауды талап етті. Бұл дегеніміз әлеуметтік қызмет мамандарын қайта дайындықтан өткізу, олардың кәсібилігін жоғарылату және іс жүзінде әлеуметтік жұмыстың қазіргі тиімді технологияларын қолдану болып табылады.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір бөлігі ретінде
Кез-келген қызмет көрсету саласында технологияны игеру, оны тәжірибеде қолдану кәсіби маманға қойылатын талап болып табылады. Сондықтан да, әлеуметтік қызмет саласында жоғары кәсіби білімді маманды дайындау бағдарламасы, әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістерін негізгі оқу пәндерінің бірі ретінде қарастырады.
«Әлеуметтік технология», «әлеуметтік жұмыс технологиясы», «әдіс», «әлеуметтік жұмыстың әдістері» ұғымдарына және олардың өзара байланысына тоқталып өтейік.
Технология (грек тілінен techne - өнер, шеберлік, logos - оқу, үйрену) - өңдеу құралдары мен тәсілдері туралы және объектіні сапалы қайта қалыптастырудағы білім жүйесі болып табылады.
Алғашқыда технологияның анықтамасы тек қана өндірістік саладағы іс-әрекеттерге, яғни табиғи өнімді игеруге бағытталған болды. Ал қазіргі уақытта технология ұғымының мағыналық кеңістігі айтарлықтай кеңейді және мазмұны да зерттеу объектісіне әлеуметтік процестер технологиясын қосу арқылы толықты.
Материалдық өндіріс саласында технология ұғымы көпжылдық қалыптасқан дәстүрге байланысты теоретиктер мен практиктер тарапынан ешқандай күдік, сенімсіздік тудырған жоқ, ал әлеуметтік саланы технологизациялау, «әлеуметтік технология» ұғымы қоғамда көп уақытқа дейін қолдау тапқан жоқ. 70-ші жылдардың ортасында да әлеуметтік саланы технологизациялау мүмкіндігінің өзі біршама күдік туғызды.
«Әлеуметтік технология» ұғымын алғашқы рет толығымен қарастырған еңбек 1976 ж болгар ғалымы Николь Стефановтың «Қоғамдық ғылымдар мен әлеуметтік технологиялар» монографиясы болды. Автордың айтуы бойынша әлеуметтік процестер технологизациясы - адамды, іс-әрекеттер құрылымымен, яғни әлеуметтік технологиялардың мәні білімді, тәжірибемен адамның дағдыларын, әлеуметтік қатынастары мен процестерін қайта қалыптастырумен түсіндіріледі деді.
Н. Стефановтың тұжырымдауынан кейін қоғамтанушылар әлеуметтік саланы технологизациялау мәселесін белсенді түрде зерттеуге кірісті.
70-ші жылдың екінші жартысынан бастап, қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік технологиялармен байланысты мәселелерді ғылыми зерттеу белсенді түрде жалғасуда. Әлеуметтік технология мәселесін ғылыми зерттеу оның мәнін анықтау болып табылады.
Осылайша, әлеуметтік технологияның күрделілігін зерттеудің әртүрлі бағыттары әлеуметтік технологияның мәнін анықтайтын көптеген анықтамалар берді. Олардың ішінде әлеуметтік технология: «басқару, реттеу тәсілі және әлеуметтік процесті жоспарлау» ретінде, «өндіріс процесін қамтамасыз ету үшін және іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік жобалаудың соңғы өнімі» ретінде, «қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістер, тәсілдердің жиынтығы» ретінде, қойылған мақсатқа жету құралы және қоғамдық мәселені шешуге бағытталған тәсілдерін сипаттайтын әлеуметтанулық категория ретінде сияқты тұжырымдарды айтуға болады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сүрақтар
- «Әлеуметтік технология» және «әлеуметтік жұмыс технологиясына» анықтама беріңіз
- Әлеуметтік жұмыс технологиясын дайындаудың негізгі кезеңдері қандай?
- «Әлеуметтік жұмыс технологиясы» пәнінің міндеттері?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Технологии социальной работы в различных сферах жизнедеятельности. Учебное пособие // Под. ред. П. Д. Павленка. - М. : ИНФРА-М, 2017.
2. Холостова Е. И., Кононов Л. И. Технология социальной работы: Учебник для бакалавров. Издательство: Дашков и К, 2016 г. -478 стр.
3. Абдирайымова, Г. С. Социальная работа с молодежью. - Алматы, 2013
4. Сарыбаева И. С. Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары: Оқу құралы. Қазақ университеті, Алматы 2013ж.
5. Сарыбаева И. С. Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары: Оқу құралы. Қазақ университеті, Алматы 2018ж.
Дәріс 2. Әлеуметтік технологиялар типологиясы
Мақсаты: Студент мақсатты жобалау және оның әлеуметтік жұмыс технологиясындағы орны мен рөлін айқындай білуі, сонымен бірге оның қолданылу ерекшелігін меңгеруі тиіс.
Мазмұны: Әлеуметтік жұмыс технологиясы - бұл нәтижесінде белгілі-бір әлеуметтік мақсатқа жететін және әсер ету объектісі пайда болатын іс-әрекет алгоритмі. Бұл іс-әрекет бір реттік әсер ету актісі болып табылмайды, керісінше әлеуметтік жұмыстағы жаңа міндеттерді шешу барысында циклді түрде қайталанып отырады, сонымен қатар, мазмұны, формасы және әдістерінің өзгеруімен сипатталатын процесс. Мұндай циклдің мазмұны міндеттердің пайда болуынан бастап оны толық шешкенге дейінгі жиынтық технологиялық процесті құрайды.
2. 1 Технологиялық процестің мәні мен құрылымы
Процесс - бұл ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен зерттеу пәнінің өзгеруі. Әлеуметтік жұмыста сыртқы фактор ретінде клиенттің өмір сүру ортасы мен әлеуметтік жағдайы қарастырылады, ал ішкі фактор ретінде адамдардың немесе адамдар топтарының адамгершілік-психологиялық, физиологиялық және физикалық ресурстары қарастырылады.
Әлеуметтік жұмыс маманының клиенттің мүддесіне сай ішкі және сыртқы факторларға мақсатты бағытталған ықпалы, олардың белсенділігі әлеуметтік жұмыс технологиясының басты қызметі болып табылады. Әлеуметтік қызметкер ақпаратты талдауда, тұлғалақ (немесе топтың) мәселелерді шешудің бірнеше жолдарын дайындау және дайындалған жоспарды тәжірибеде жүзеге асыруға қатысады, яғни клиенттің тіршілік әрекетіндегі ықпал ету технологиясын жасап шығарушы және белсенді қатысушы болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс технологиясына процесс ретінде белгілі-бір уақытқа қатысты ұзақтық, мақсат пен міндетті анықтаудан бастап, оны тәжірибеде шешкенге дейінгі уақыт аралығы тән. Бұл ұзақтық әлеуметтік жұмыс ұйымдастырушыларының және олардың клиентпен өзара әрекеттерінің аяқталған циклін білдіреді. Ортақ мақсаттағы іс-әрекеттің мазмұнының тұрақты, қайталанып, тізбекті ауысуы - технологиялық процестің мәнімен сипатталады.
Біріншіден, технологиялық процестің негізін іс-әрекет алгоритмі (операция) құрайды.
Алгоритм - белгілі-бір мәліметтер бойынша операцияның қалай және қандай кезектілігі арқылы міндеттердің нақты шешімін білдіретін бағдарлама. Бұл термин латын сөзінен «algorithmi» шығады. Орта ғасырда Еуропада кеңінен тараған трактат, ІХ жүзжылдықта хорезм математигінің аты латын тілінде аль-Хорезм деп аталды.
Ол кезеңде алгоритм термині есептеу өнері жүйесінде қолданылды. Ал қазіргі уақытта бұл термин электронды есептеу техникасында кеңінен қолданылады және де әлеуметтік-экономикалық зерттеулерде де жиі қолданылып жүр.
Қазіргі кезеңде «алгоритм» ұғымы сандармен жүргізілетін операциялармен шектелмейді, және логикалық операцияларды, сонымен бірге басқарушылық шешімдерді қабылдауда, мақсат пен міндетті анықтауда, ақпаратты өңдеуде және тағы да басқаларда қолданылады.
Бұл терминнің әлеуметтік жұмыстағы қолданылуы, әлеуметтік жұмыс объектісінің қайта қалыптасуына ықпалдылығымен түсіндіріледі.
Екіншіден, технологиялық процестің маңызды компоненті операция болып табылады.
Операция - бұл саналы түрде мақсатқа жетуге бағытталған қарапайым іс-әрекет. Жалпы мақсатқа біріккен операциялар жиынтығы, технологиялық процесс процедурасын құрайды.
Операцияның маңызды сипаттамасы қойылған мақсатқа оның нәтижесінің сай болу деңгейі болып табылады. Бәрімізге белгілі, іс-әрекеттің нәтижесіне әлеуметтік ортаның ерекшелігіне сай әртүрлі бақыланбайтын факторлар әсер етуі мүмкін. Олардың ішінде, экономикалық жағдайды, әлеуметтік-экономикалық құбылысты, сонымен бірге, тұлға немесе әлеуметтік топ ерекшеліктеріне тән субъективті факторларды атауға болады. Сондықтан да, әрбір операцияның осы технологиялық циклдің нәтижесі, әлеуметтік сала маманының кәсіби сауаттылығына, әлеуметтік қызметті қажет ететін клиент жағдайына әсер ете алу қабілетіне тәуелді.
Үшіншіден, технологиялық процестің маңызды компоненттерінің бірі инструментарий болып табылады.
Инструментарий - тұлғаға немесе әлеуметтік қауымдастыққа ықпал ету арқылы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін құрал. Адам өзінің іс-әрекеттерін жүзеге асыру барысында қоршаған ортамен өзара байланысқа түсе отырып, тұлға ретінде дамиды және қалыптасады, өмір сүреді. Сондықтан да, әлеуметтік жұмыс клиентті қайта қалыптастырушы, танымдық, құндылықты-бағытталған, коммуникативті іс-әрекеттерге тарту, бұл тұлғаға әсер етудің маңызды құралын пайдалану болып табылады. Мұндай міндеттерді шешу үшін әлеуметтік қызмет маманы көмекші құралдардың толық кешенін және ақпараттық, ұйымдастырушылық-әдістемелік және процедуралық сипаттағы тәсілдерді қолданады.
Егер олар нақты технологиялар үшін жалпы маңызды, әдіснамалық сипатқа ие болса, технологиялық процеске кіретін процедуралар мен операциялар оның құрылымдық элементі рөлін атқарады. Нақты технологияларда жеке процедуралар өзіндік технологияға айналуы немесе жеке мәндерге ие технологияларға бөлініп кетуі мүмкін. Мысалы, нақты жағдайдағы клиентпен әлеуметтік жұмыста өзіндік сипатқа ие болатын, толық және жалпыландырылған әлеуметтік технологиялық процестегі мақсатты жобалау поцедурасында операциялардың бірі диагностика болып табылады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- Әлеуметтік жұмыстағы технологиялық процестің негізгі құрылымдық элементтерін атаңыз
- Алторитм терминіне анықтама беріңіз. Бұл терминнің әлеуметтік жұмыста қолданылуының ерекшелігі қандай?
- «Операция» және «процедура» дегеніміз не?
- Әлеуметтік мәселелерді шешудің кезеңдерін атаңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Технологии социальной работы в различных сферах жизнедеятельности. Учебное пособие // Под. ред. П. Д. Павленка. - М. : ИНФРА-М, 2017.
2. Холостова Е. И., Кононов Л. И. Технология социальной работы: Учебник для бакалавров. Издательство: Дашков и К, 2016 г. -478 стр.
3. Абдирайымова, Г. С. Социальная работа с молодежью. - Алматы, 2013
4. Сарыбаева И. С. Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары: Оқу құралы. Қазақ университеті, Алматы 2013ж.
5. Сарыбаева И. С. Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары: Оқу құралы. Қазақ университеті, Алматы 2018ж.
Дәріс 3. Әлеуметтік диагностика: мақсаты, кезеңдері және жүргізу тәсілдері.
Мақсаты: студент әлеуметтік жұмыстағы бейімделу процесі және оны реттеудің әдістері туралы ақпаратты толыққанды игеруп, оны тәжірибе жүзінде қолдану дағдысына ие болуы тиіс.
Мазмұны:
Әлеуметтік технологияның негізгі міндеті арнайы құралдардың көмегімен әртүрлі қауымдастықтардағы әлеуметтік процестерді реттеу болып табылады. Әлеуметтік процестердің және технологиялардың жан-жақтылығы мен оны реттеу, әлеуметтік қызметтің кең аспектілерімен және әлеуметтік қызмет көрсетумен, атқаратын қызметімен, сипатымен және нәтижелерімен ерекшеленумен негізделеді.
Әрбір әлеуметтік әрекеттің түрі үшін жаңа технология құрылады. Әлеуметтік қызметтің әртүрлі салаларына жататын әлеуметтік технологиялар, олар медициналық қызмет көрсету, зейнеткерлік қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, білім жүйесі және әлеуметтік қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да, әмбебап технология болмайды, технологияның көптүрлілігі болады.
- Әлеуметтік технологиялардың көптүрлілігі
Кез-келген белгілі-бір әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған әлеуметтік технология нақты түрлендіруге ие болады. Бұл оны жүзеге асырудағы нақты жағдайларымен, яғни материалдық, саяси, қаржылық және кадрлар ресурстармен, тарихи жағдаймен, дәстүрмен және т. б. байланысты болады. Осы жоғарыда аталғандардың барлығы әлеуметтік технологияның мазмұнын анықтайды және технологиялық процеске қойылатын жалпы талаптардың пайда болуына алып келеді. Кез-келген процесті технологизациялау үшін келесі жағдайлар болуы керек: біріншіден, процесс нақты бөлімдерге бөлуге көмектесетін белгілі-бір күрделілік құрылымға ие болуы тиіс; екіншіден, әлеуметтік қызметкердің қызметінің іс-әрекетін жүзеге асыруға септігін тигізетін құралдары болуы тиіс.
Әлеуметтік технология әлеуметтік қажеттіліктерге жауап ретінде көрінеді, сондықтан да жаңа технологияларды қалыптастыру объективті және заңдылық процесі деп атауға болады.
Әлеуметтік технологияны жүзеге асыру барысында ықпал ету процесі өзгеруі мүмкін және өз кезегінде жаңа технологияларды әрқашанда ізденіс үстінде болу мүмкіндігін анықтайды. Әртүрлі жағдайдағы объектіге әлеуметтік ықпал ету оның жағдайы мен қойылған мақсатқа қарай жаңа технологияларды қолдану мен дайындауды талап етеді.
Кез-келген әлеуметтік технология адресті түрде қолданылады. Ол әлеуметтік іс-әрекеттің субъектілері мен объектілерінің ерекшеліктерін назарға алмай енгізілмейді және жобаланбайды. Белгілі-бір әлеуметтік мәселені шешу үшін әлеуметтік технологиялар «жиынтығын» дайындап, енгізу қажет. Мысал ретінде халыққа медициналық қызмет көрсетуді айтуға болады, себебі медициналық орындар арнайы қызметтеріне қарай әртүрлі болады. Бұл медициналық орындардың мемлекеттік және муниципалдық жүйесі, қаржыландыру тұрғысынан, бұл жедел-жәрдем беру технологиясы, медициналық қалпына келтіру, әртүрлі ауруларды емдеу және олардың алдын-алуы сияқты болып бөлінеді.
Одан басқа айта кететін болсақ, медициналық көмек көрсетудің әртүрлілігі, ол әрбір науқас адам, яғни бұл оның денсаулығына байланысты мәселені шешуге бағытталған жеке бір технология.
Тағы да бір нақтырақ айтатын болсақ, оны келесі мысалдан көруге болады. Мүгедек балалары бар отбасыларын әлеуметтік қорғау үшін, оның объективті және субъективті алғышарттары мен жағдайын анықтау қажет. Себебі, осы алғышарттар мен жағдайларсыз мәселені шешу мүмкін емес. Егер мүгедек балалары бар отбасын алатын болсақ, онда олардың әрқайсысының жағдайы әртүрлі болуы мүмкін, яғни баланың науқастылығы, оның жасы, баспанамен қамтамасыз етілгендік деңгейі, материалдық жағдайы, отбасының толықтығы немесе толық еместігі, психологиялық климаты, туысқандарының көмегі және т. б.
Бұл отбасылардың барлығында мәселе ортақ - ол мүгедек баланың болуы, бірақ әрқасысында жағдай әртүрлі, сондықтан да мұндай отбасылармен жұмыс процесі де бірдей болмайды. Біреуінде психотерапияны, біреуінде медициналық әлеуметтік қайта қалпына келтіру, ал енді бірінде материалдық көмек көрсету қажет болып отыр.
Осылайша, әрбір нақты отбасылардың мәселелерін шешуде қолданылатын технологиялардың мәні зор болып табылады.
Әлеуметтік технологиялардың әртүрлілігін білдіретін келесі фактор, ол әлеуметтік технологияны орындау мен дайындау барысында мамандардың игеруге тиіс кәсібилік, квалификация деңгейі, тәжірибесі мен басқа да сапалары болып табылады.
Сонымен, әлеуметтік технологиялардың әртүрлілігі келесілермен түсіндіріледі:
- әлеуметтік қатынастың кеңдігімен және әлеуметтік іс-әрекеттің түрлерімен;
- әлеуметтік технология объектісінің күрделі, жүйесі сипатымен;
- әлеуметтік іс-әрекетте қолданылатын құралдар, әдістер мен формалардың әртүрлілігімен;
- әлеуметтік технологияларды орындаушылар мен дайындаушылардың кәсібилік деңгейінің әртүрлілігімен.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- Типологияның мәні мен мазмұнына тоқталыңыз?
- Әлеуметтік технологиялар классификацияларын атаңыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Технологии социальной работы в различных сферах жизнедеятельности. Учебное пособие // Под. ред. П. Д. Павленка. - М. : ИНФРА-М, 2017.
2. Холостова Е. И., Кононов Л. И. Технология социальной работы: Учебник для бакалавров. Издательство: Дашков и К, 2016 г. -478 стр.
3. Абдирайымова, Г. С. Социальная работа с молодежью. - Алматы, 2013
4. Сарыбаева И. С. Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары: Оқу құралы. Қазақ университеті, Алматы 2013ж.
5. Сарыбаева И. С. Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары: Оқу құралы. Қазақ университеті, Алматы 2018ж.
Дәріс 4. Әлеуметтік терапия және оны жүзеге асыру әдістері
Мақсаты: студент әлеуметтік жұмыста қолданылатын терапевтік ықпал ету әдістері мен негізгі формалары туралы ақпаратты толығымен игеруі тиіс.
Мазмұны: Әлеуметтік жұмыс - бұл жан-жақты кәсіби қызмет. Оны ұйымдастырушылық-ресмилік белгілеріне қарай әлсіз құрылымдалған әлеуметтік мәселелер мен оның күрделі шешімдерін жүзеге асыруда қолданылатын әдістер мен тәсілдер, процедуралар жүйесіне жатқызуға болады. Алайда, процедуралар мен операцияларды игеру, технологияны меңгерген деген сөз емес. Әлеуметтік жұмыс технологиясы мәселені шешу шеберлігімен тығыз байланысты. Бұл жағдай оны шығармашылық деңгейге дейін жоғарылатады.
Әлеуметтік жұмыстың мақсатты дайындау технологиясы
Әлеуметтік жұмыс технологиясы процесс ретінде келесілерді қамтиды: дайындық, кезеңі, мақсатты жобалау, ақпаратты жинау мен талдау, іс-әрекет бағдарламасын дайындау, бағдарламаны жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер. Айта кету керек, мұнда мәселе толығымен шешілгенге дейін циклдер қайталанып отырады.
Басқа процедураларға қарағанда негізгісі болып мақсатты жобалау табылады. Мақсатты жобалау: Мақасатты жобалау - қоғамдық ғылымдарда кеңінен қолданылатын ұғым.
Біріншіден, мақсатты жобалау бұл болашақтағы нақты іс-әрекет нәтижесін көрсететін, мақсатты анықтау мен талдау процесі. Осыған байланысты мақсатты жобалау әдістемелік және әдіснамалық қызметтерді де атқарады:
- «мақсат - жету құралы - нақты іс-әрекет түрінің нәтижесі» жүйесінде интегратор қызметін атқарады;
- іс-әрекет детерминациясының барлық факторларын белсенді іске қосуды білдіреді: қажеттіліктер, қызығушылықтар, стимулдар, мотивтер.
Мақсатты жобалаудың орталық мәселесі мақсатты нақтылау және оған жетудің тиімді құралын анықтау тағы басқаларды қамтиды. Жету құралы анықтамаған мақсат - бұл ойша құрылған жоба, арман ғана болып қалады.
Екіншіден, мақсатты жоба іс-әрекеттің нәтижесіне қойылатын негізгі талаптар мен тәртіпті анықтайтын алгоритмді білдіреді. Мақсат - іс-әрекет нәтижесін нақты көрсететін ұғым. Мақсатты нақтылауда келесілерді назарға алу қажет:
- мақсат негізделген болуы және ықпал ету обьектісінің даму заңдылықтарының талаптарын көрсетуі тиіс;
- мақсат түсінікті және жете алу мүмкіндігінің болуы;
- негізгі мақсат жоғарғы тәртіп мақсатымен сәйкес және байланысты болуы тиіс.
Мақсат адамдар арқылы құрылады, сондықтан да олар субьективтілік элементі болады. Маңыздысы мақсатты жобалау процесінде субьективті жағы басым болуы қажет.
Мақсатты құрудың негізгі кезеңдері:
- обьектінің жағдайы мен қажетті сипаттамасын бөліп көрсету және оларды нақты іс-әрекеттің мақсатты құрылымына енгізу;
- нақты іс-әрекеттің түрлерімен пайда болатын, мүмкін жағдайларды анықтау;
- мақсатты, обьективті түрде нәтижеге жете алмайтын іс-әрекеттерден шектеумен түсіндіріледі.
Мақсаттардың бірнеше типтерін бөлуге болады: нақты және абстрактілі; стратегиялық және тактикалық; индивидуалды, топтық, қоғамдық; іс-әрекет субьектісімен қойылған.
Нақты мақсат - тәуелсіз іс-әрекет өнімінің идеалды бейнесі.
Абстрактілі мақсат - бұл жетістікке жету үшін адамдардың іс-әрекеті жүзеге асырылатын белгілі-бір идеал туралы жалпы түсінік.
Стратегиялық және тактикалық мақсат - уақытша факторлармен олардың жүзеге асыруымен анықталып, негізделеді және біртұтас немесе бөліктер ретінде салыстырылады.
Іс-әрекет субьектісі арқылы қойылатын мақсат, оның жеке белсенділігінің ішкі дамуы, шығармашылық қатынасы мен тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауы нәтижесінде пайда болады.
Мақсатты жоспарлау әлеуметтік іс-әрекетті ұйымдастыру мен оны жүзеге асыруда маңызды орынға ие болады. Әлеуметтік жұмыс технологиясы - субьектінің обьектіге әлеуметтік ықпалының мақсатты бағытталған процесі болып табылады.
Әлеуметтік жұмыста мақсатты жоспарлауды оның әдістемелік және ұйымдастырылуы тұрғысынан қарастырған жөн.
Мақсатты жоспарлаудың әдістемеліқ аспектісі әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарын анықтаудағы жалпы және нақты міндеттермен қамтамасыз етуімен анықталады. Мақсатты жоспарлаудың ұйымдастырушылық аспектісі берілген мәселенің шешу құралдары мен нақты жолдарын жүзеге асырумен айқындалады.
Әлеуметтік жұмыс технологиясында мақсатты жоспарлауды селекция процесі ретінде көруге болады: белгілі-бір нәтижені алу барысында мүмкін нәрсені мүмкін еместен, заңдылықты аяқ асты пайда болатын нәрседен бөлу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz