Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШТА БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: « Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі»

6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Орындаған : МДОТ ж/23 тобы студенті Адайбай А. Б.

Тексерген: аға-оқытушы, магистр Хабиева Д. Г.

Орал, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І Балабақшаларда балалардың тілін дамыту жұмыстарының теориялық негіздері

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту . . . 5

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде тіл дамыту жұмысын басқа пәндермен сабақтастыра жүргізу . . . 11

ІІ Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың әдістемелік жолдары

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда орындалатын оқытуды ұйымдастыру түрлері мен жұмыс тәртібі . . . 15

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда суретпен жүргізілетін жұмыс . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 25

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған «Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекетік бағдарламасы» мектепке дейінгі білім беру деңгейінде тілдерді дамыту және алдағы қолданудың әдістемелік қорын жетілдіруге бағытталған шамалар кешенін өткізуді, сондай-ақ мемлекеттік тілді үйрету мен қолдану саласындағы жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу бойынша практикалық шаралар кешенін іске асыруды, көптілділікті сақтауды болжайды.

Елбасымыздың балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту бағытында жұмыстарды енгізу керек» деп анық көрсеткен.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тәуелсіз еліміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті ұрпағымыздың игерген біліміне, іскерлігіне, сөйлеу тілі мен сөйлеу мәдениетіне, ойлау қабілетіне байланысты. Қазақстан Республикасында 2011-2020 жж аралығында Білім беруді дамыту Мемлекеттік Бағдарламасында ерекше білімді қажет етеін балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлінген. Бала дамуының жалпы қолайсыздығы арнайы балабақшаларда баланың тәжірибелік қабілетін ескере отырып, арнайы дайындықтармен қатар, түзету-педагогикалық жұмыстың түрлерін қоса жүргізу қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін қоршаған дүние көзқарастарын қалыптастыра отырып, болашақтағы алған білімінің жоғарғы деңгейде қалыптасуының бір кепілі-сөйлеу тілінің, яғни сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін игеру [1] .

Балабақашағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту олардың қоршаған ортадағы тұлғалармен қарым-қатынасын шектейді, ал ол болса танымдық жетілуіне жағымсыз әсерін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің дамымауы бар балалардың сөздік қорын дамыту ғылымның көкейкесті мәселесінің бірі. Дегенмен, балабақшаларда оқыту жүйесінің жалпы негіздері жасалған. Бірақ, олар ары қарай зерттеуді, нақтылауды қамтамасыздандыратын қосымша әдіс-тәсілдерді қажет етеді.

Балалардың сөздік қорын дамыту үшін қолдануға арналған мәліметтер мен материалдар арнайы әдебиетте жеткіліксіз түрде берілген. Яғни, осы ғылыми зерттеу жұмысы аса маңызды болып отыр. Осыдан келесідей қарама-қайшылық туындайды:

Білім беру жүйесінде бүгінгі ғаламдану жағдайында әлеуметтік өмірге бейімделген, қарым-қатынас жасай алатын тұлғаны даярлау қажеттілігі мен бұл жұмысты жүргізудің теориясы мен әдістемесінің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылық. Осы қарама-қайшылықты шешу жолдарын іздестіру біздің зерттеу тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі » деп таңдауымызға негіз болды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың теориялық және эксперименттік әдіс-тәсілдерінің тиімділігін тексеру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Жүргізілетін тіл дамыту жұмысының көлемін, мазмұнын, жүйесін анықтау;

-Озат мұғалімдер тәжірибелерін зерттеп, қолданып жүрген тиімді әдіс - тәсілдерді саралап, жинақтау;

- сөйлеуді дамыту кезеңінде тіл дамыту жұмыстары жүргізілудің ғылыми негізделген әдіс-тәсілдер жүйесін жасап, оны тәжірибеде қолдану;

Курстық жұмыстың нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалар

Курстық жұмыстың пәні : мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі.

Курстық жұмыстың болжамы: Егер мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмыстарын кезеңдерге бөле отырып жүйелі жүргізетін болса, оны іске асыруда тиімді әдіс-тәсілдер қолданса, онда баланың дамуына оң ықпал ететін тілдікк дағдылар жоғары деңгейде қалыптасады, өйткені баланың тілін дамыту мазмұны мен әдістемесі ғылыми-теориялық тұрғыда негізделіп жасалды.

Курстық жұмыстың әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық, педагогикалық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат іс-тәжірибелерді жинақтау, психологиялық эксперимент жүргізу, сауалнама жүргізу, әңгіме, эксперимент нәтижелерін математикалық өңдеу және қорытындылау, арнайы ойындар, жаттығулар өткізу және оны талдау.

І Балабақшаларда балалардың тілін дамыту жұмыстарының теориялық негіздері

1. 1 Мектепке дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту

Тіл - ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез - құлқының белгілері бейнеледі.

Тіл мәдениетін меңгеру - адамның сәби шағынан іске асатын, келе - келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады.

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»: «Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру», - делінеді.

Бағдарламаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған.

Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңыз ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы - ауыз әдебиетінің орны ерекше.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту - тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармашылығының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», - деген болатын.

Қазіргі уақытта педагогика даму үстінде. Педагог тәрбие және оқыту барысындағы өзінің іс - әрекетінің нәтижелерін әрбір баланың қалай дамып келе жатқандығынан, қабілетінен, қызығушылығынан байқайды. Тілдің дамуы тек мазмұны ғана емес, сонымен қатар, образдық, эмоционалдық жақтарын да меңгеруді қажет етеді. Тілдік көркемдік жағынан дамыту үшін баланың тек қарапайым әңгімелескенде ғана емес, басқа да ортада - өзге адамдардың арасында да өз эмоцмясын, сезімін, көзқарасы мен ойын ашық айта білуіне жағдай жасау керек. Бұған баланы ерте жасынан үйрету керек. Тіл-қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы, қоғамдағы өндірістің, ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім.

Тілдің қоғамдағы алатын орны Ж. Аймауытов «ана тілі халық брлып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі десе, А. Байтұрсынов: өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу тиістіміз» дейді. Баланың мектепке дейінгі кезі-оның жеке қасиеттерінің қалыптысып, дамитын кезеңі, сондықтан бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет. Бұған ата-аналар да ерте бастан көңіл бөлген жөн. Тілдің дамуы тек мазмұны ғана емес, сонымен қатар, образдық, эмоционалдық жақтарында меңгеруді қажет етеді. Тілді көркемдік жағынан дамыту үшін баланың тек қарапайым әңгімелескенде ғана емес, басқа да ортада-өзге адамдардың арасында да өз эмоциясын, сезімін, көзқарасы мен ойын ашық айта білуіне жағдай жасау керек. Бұған баланы ерте жасынан үйрету керек. Баланың сөздік қорының молайып жетілуі, оның физиологиялық дамуына есту, сөйлеу мүшелерінің байланысты психологиялық процестері де ой қызметі, сезім, қабылдау, зейін, қиял, еліктеу жақтарының дамуына әсер етеді. Үш жастағы балаларға сөз ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөйлем мүшелерін жетілдіру, сөзді, сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс естіп тыңдай білуге үйрету, «Сөз», «Дыбыс» деген ұғымды меңгерту, сөздік қорын әрі қарай дамыту.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда төрт негізігі мақсаттар қарастырылады.

  1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.

1. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа диалог түрінде жауап беруге үйрету.

2. Заттың атын ойыншық, гүл, ағаш, т. б сөздерді.

3. Заттың сынын, сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.

4. Заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді әрі қарай кеңейту жүрді, жүгірді, келді, қияды, екті, септі т. б. меңгерту.

5. Үстеу сөздерді қасында, үстінде, асты, астында, жоғарыда, төменде, т. б. қосып айтуға үйрету.

  1. Сөз дыбыстарын дұрыс айтқызу.

Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату.

  1. Байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Күнделікті сабақта естіген, білгенін ойын, серуен, кезінде көрген-түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша, сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету.

Балабақшада тәрбиелеу бағдарламасы педагогтың алдына мынадай мақсаттарды қояды.

-Балалардың көрген естіген дүниелері туралы ой қорыта отырып, көрген білгенің дұрыс та нақты айта білуге үйрету, әрі әңгімелеу үстінде оқиғаның неден басталғанын, оның өріс алуын, әрі қандай қортынды алғанын тізбектей, бас-аяғын ауыстырып алмай, айтып жеткізе білуге үйрету;

-Оларды әңгімелеу кезінде дұрыс сөздер мен сөз тіркестерін табуға көмектесу, атаулар, іс-әрекеттер мен заттық сапасы дәл айтылған уақытында баланы қошеметтеу;

  1. Суреттеу тілін дамыту, қызықты да еліктіре айтуға үйрету.

-Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері.

Баламен әңгімелесу, күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату, кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу, көрген-білгені туралы әңгімелеп бкруді үйретіп отыру, сөздік тапсырмалар орындату, түсіегені туралы оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.

Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшілігі оларда еліктеу, қиялдау басым болады. Сол себепті айналадағы құбылыс пен ересектердің іс-әрекеті балалардың бақылауынан мүлт кетпейді. Бақылаған заттардың елеусіз ерекшелігінедейін бірден байқап, тез қабылдайды. Олай болса, әрбір ата-ана баланың осындай даму ерекшелігін ескеруге тиісті.

-Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйретукерек.

1. Баланың бақылау кезінде көргендері жайлы өзіне айтқызу.

2. Оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын сұрап, әңгіме желісін бұзбай айта білуге үйрету.

3. Белгілі грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, сөйлей білуге үйрету, ішінде, үстінде, астында, жанында, артында, ортасында, шетінде деген сөздерді сөйлем ішінде айтқызып отыру. Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүние танымын кеңейітіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үнінен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады.

Балаларға оқылатын шығармалар олардың ой-өрісіне, дүние танымына әсер етерліктей болу үшін мына мәселелер мұқият ескерілу керек:

1. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттап айтуға таңдалған материалдардың олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы.

2. Арнайы жинақталған муретті кітапшалар, әңгіме-ертегілердің, мақал-мәтелдердің, баланың өмірден алған әсерін, білім-дағдыларын, түрлі әдет-дағдыларын айқындай түсіндіріп, тереңдете, кеңейте түсірелік дәрежеде болғаны жөн.

3. Айналадағы балаға танымал дүние, табиғаттың тамаша көріністерін, жыл маусымдарына қарай құбыла түрленетін ғажайып өзгерістерін, табиғат пен адам арасындағы заңды байланыстарды балаға айқара ашып, көркем де түсінікті түрде суреттеп беретін, баланы сезімталдыққа, эстетикалық талғампаздыққа баулитын, оның зейін, қабылдау, таным әрекетін қалыптастыратындай болуы қажет. Бар жақсысын баласынан аямаған халық баланы сылаумен өсіре отырып,

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы, «Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап».

Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау деген сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі балалардың белсенділігі және олардың іс - әрекеті болып табылады.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма -жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл - ойы өсіп жетіледі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.

Балалар саусағын ойната отырып тілін дамыту.

Саусақ ойыны - бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең- тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстар және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың қозғалыс - қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып есінде ақтайтын болады. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайына әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі». Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың шымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойын да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес»

В. А. Сухомлинский

Ойын - баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Ойынның түрлері:

- Дидактикалық;

- Қимылды;

- Шығармашылық құрастыру;

- Драматизм-ойындары;

- Рөлдік-мағыналық.

Дидактикалық ойындар. Бұл ойынды белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендер ұйымдастырады. Дидактикалық ойындардың міндеті - балалардың бағытталған және ортақ іс- әрекетін ұйымдастыру. Бұл ойын барысында бала еш мәжбүрсіз, байқамай қажетті білімдерді алады. Балалар ойын тапсырмаларына қызыға көңіл бөледі. Табу, айту, атау, ойын тапсырмасын сапалы шешуге көңіл бөледі: сұлбаны әдемі құрастыру, суретті дұрыс таңдау.

Қимылды ойындар. Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларда қимыл бұзылысы жиі кездеседі: қимылдың епсіздігі жинақылық емес ебедейсіз, әр түрлі қимыл икемсіздігі. Сол үшін қимылды ойындардың алатын орны ерекше. Балалар қажет қимылды шыңдайды, ұжымдық ойындар ойнауды үйренді. Олар үшін дыбысталған қимылды ойындардың маңызы зор, логопедияда бұл ойындар логопедиялық ритмика деген атаумен таныс. Бұл ойындар алада дұрыс тыныс өлең мен дыбыстауды, қимылды сөзбен ұштастыруды тәрбиелеуге әсер етеді.

Шығармашылық ойындар. Бұл ойында балалар өз ойын қиялын, қоршаған әлемнен алған әсерін өз білімі мен тәжірибесін көрсете алады. Шығармашылық ойынның бір түрі құрылыс заттарымен ойнау. Бұл ойынға баланың кеңістікте бағдарлануына көлем мен сан, сапа туралы түсінігін дамытуға әсер етеді.

Құрылыс ойындарында кубиктер, қораптар, баулар, құм, сазбалшық, т. б. қолданылуы мүмкін және де құрылыс ойындарын сондай-ақ түзету мақсатында да қолданады: баланың байсалды мінезіне, сабаққа өзгерту енгізу үшін. Құрылыс ойындарын бірінші логопедиялық сабақтарда ғана қолдануға болады. Бұл баланың сөйлеуімен байланысты. Жеке заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді.

Драммалық ойындары өте қызықты өтеді. Бұл кезде балалар сүйікті ертегілерін айтады, ертегі кейіпкерлерін салады, диалог жүргізеді. Егер қажетті киімдер мен бетперделер дайындалса ойын одан әрі қызығырақ болады. Драммалық ойыны бала бақша қуыршақтары мен де жүргізіледі. Бұл ойын бала дұрыс сөйлеуге үйренгеннен кейін ғана ойнатылады. Ойынды өткізу үшін жақсы дайындалу керек. Алдымен балаларға ертегіні оқиды, сұрақтар қояды, қимылдарды бейнелейді. Осыдан кейін ғана барып ойынға кірісуге болады.

Мағыналық-рөлдік ойындарда баланың өмір туралы түсінігі кеңейеді. Мағыналық - рөлдік ойындардың тақырыбы әртүрлі әрі балаға жақын болуы керек. Логикалық сабақтарда рөлдік ойындар бала еркін сұрақтарға жауап бере алғанда ғана ойнатылады.

Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын саусақ ойындар арқылы жетілдіруге болады.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы, «Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап».

Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі балалардың белсенділігі және олардың іс - әрекеті болып табылады.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма -жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл - ойы өсіп жетіледі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде тіл дамыту жұмысын басқа пәндермен сабақтастыра жүргізу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу әрекетінің орталығы
Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған жаттығулар
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекілік арқылы тілін дамытудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуді дамытуда ойындарды қолдану және коммуникативті құзіреттілігін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz