HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТӘГТЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

1. HTML ТІЛІНЕ КІРІСПЕ4

1. 1. World Wіde Web және HTML тілі4

1. 2. HTML тілінің атқаратын қызметі5

1. 3. HTML командалары6

1. 3. 1. Тәг атрибуттары6

1. 4. HTML-құжатты дайындау8

2. HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТӘГТЕРІ10

2. 1. HTML құжатының құрылымын анықтау тәгтері10

2. 2. HTML тілінің негізгі тәгтері11

2. 3. Құжаттың негізгі бөлігі13

2. 4. Құжаттардағы түстерді анықтау14

2. 5. Мәтіндерді түрлендіру тәгі15

3. ҚҰЖАТТЫ ФОРМАТТАУ19

3. 1. Қаріптерді форматтау19

3. 1. 1. Физикалық стиль19

3. 1. 2. Логикалық стильдер19

3. 1. 3. Жоғарғы және төменгі индекстер21

3. 2. Гиперсілтеме бойынша ауысу21

3. 3. HTML-құжатқа суреттер енгізу23

3. 4. Құжаттарда сырғымалы жолдарды ұйымдастыру26

4. ҚҰЖАТ ІШІНЕ ТІЗІМДЕР ОРНАЛАСТЫРУ30

4. 1. Нөмірленбеген тізімдер30

4. 2. <OL> тәгі арқылы жазылатын нөмірленген тізімдер30

4. 3. <DL> тәгі арқылы жазылатын анықтау тізімдері31

4. 4. Қабатталған тізімдер33

5. КЕСТЕЛЕР ТҰРҒЫЗУ35

6. БІР WEB-ПАРАҚТА ФРЕЙМДЕР АРҚЫЛЫ БІРНЕШЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ39

6. 1. Фреймдер құру тәсілдері39

6. 2. <FRAMESET> … </FRAMESET> тәгтері43

6. 3. <FRAME> тәгі44

6. 4. Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру45

7. HTML ТІЛІНІҢ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ49

7. 2. Фондық дыбыс50

7. 3. Бейнекадрды пайдалану50

8. HTML ҚҰЖАТТАРЫНДАҒЫ ФОРМАЛАР52

8. 1. <FORM> тәгі52

8. 2. Форма жасау тәгтері52

8. 3. <ТEXTAREA> тәгі53

8. 4. SELECT тәгі54

8. 5. <INPUT> тәгі56

8. 6. Енгізу өрісі түрі, <TYPE> атрибуты57

8. 7. Форма элементтерін стандарттан тыс қолдану61

9. HTML ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі79

1-ҚОСЫМША. HTML ТІЛІНІҢ ТҮСІНІКТЕМЕ СӨЗДІГІ80

2-ҚОСЫМША. ҚҰЖАТТАРДАҒЫ ТҮСТЕР ЖӘНЕ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ84

1. HTML ТІЛІНЕ КІРІСПЕ

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-құжаттарының бір ортақ қасиеті - олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-құжаттарды жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML - гипермәтіндік белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

1. 1. World Wіde Web және HTML тілі

Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (HyperText Transfer Protocol - гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіde Web қызмет бабы ( WWW немесе тек Web) пайда болды.

Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде - HTML (HyperText Markup Language - гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде ( Web- тораптарында) орналастыру жолымен Web- парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интернетте жарияланады. Web- парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар көптеген тақырыптарды қамти алады, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *. HTM немесе *. HTML болуы тиіс.

HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол - мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтін экранда белгіленіп ерекшеленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Интернет жүйесіндегі басқа компьютерде орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

Гипермәтінді экранға шығарып бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер арнайы командалармен - тәгтермен толықтырылған мәтіндік құжатты қабылдап алып, оның тақырыптарын экранға үлкен әріптермен, ал жай мәтіндерін кішірек таңбалармен жазады, оның ішіндегі суреттерді де адрестеріне сәйкес басқа немесе осы компьютерден оқып экранда көрсетеді. Ең кең тараған броузерлерге Windows операциялық жүйесімен бірге қойылатын Internet Eхplorer және жеке қолданылатын Netscape Navigator программасы жатады. Осы екеуі (олардың бұрынғы нұсқаларын қоса есептегенде) бүгінгі қолданылып жүрген броузерлердің 90 %-ын құрайды.

Сонымен, web-құжат дегеніміз тәгтермен толықтырылған мәтіндік файл болып табылады, оның мәтіндерін бір-бірімен байланыстыра отырып белгілеуге мүмкіндік беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар. Web-құжаттың алғашқы нұсқасын Блокнот сыяқты редакторлардың бірінде дайындап алып, броузер арқылы экранда көреміз. Егер оны түзету керек болса, броузер арқылы мәтін нұсқасын экранға шығарып түрлендіру қажет. Web-құжаттарды жасап, оны көрнекті түрге келтіріп безендіретін мамандарды web-шебер немесе web-дизайнерлер деп атайды. Шағын көлемді web-құжатты HTML тілінің негізін білетін кез келген студент жасай алады.

Негізінде гипермәтіндік web-құжаттар жасаудың екі тәсілі бар, олар: HTML тілін пайдалану және арнаулы HTML-редакторларды қолдану. Соңғы тәсіл “экранда не көрсең, соны аласың” деген WYSIWYG принципімен диалог режимінде істейтін Netscape Editor, Hot Dog, Front Page сыяқты программалар арқылы гипермәтін жасауды жүзеге асырады, олар құжаттың ішкі құрылымына араласпай, тек меню командалары немесе батырмалар арқылы керекті құжат бейнесін қалыптастырады. Дегенмен, ең қысқа, әрі жылдам істейтін тәсіл болып HTML тілі есептеледі және редакторлар арқылы жасалған Web-парақтың ең соңғы нұсқасына өзгертулер енгізу де HTML тілі арқылы орындалады.

1. 2. HTML тілінің атқаратын қызметі

Web-парақтар экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп (форматтап) көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Wіndows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі.

Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр түрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.

Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны броузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.

HTML тілінде мәтінді форматтау тәсілдерінің көптеген мүмкіндіктері бар, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың маәтіні мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, HTML тілінің соңғы [HTML 4. 0] нұсқасында мәтінді форматтау командаларын пайдалану ұсынылмаған.

1. 3. HTML командалары

HTML тілінің бастапқы берілген символдық мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тәг (tag) деп аталады. Тәг символдар тізбегінен тұрады. Кез келген тәг “кіші” (<) символынан басталады да, “үлкен“ (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын ағылшын тіліндегі түйінді сөз - тәг орналасады.

HTML тіліндегі әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады. Тәгтің ағылшын тіліндегі аты оның қызметімен сәйкес келеді. Олардың жазылуында әріптер регистрі ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тәг атауларын мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.

HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай керекті сөз тіркестерін қоршап тұрған екі тәг қатар қолданылады: бірі абзацты - ашады , екіншісі - жабады . Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг - сол әсерді аяқтайды. Жабу тәгтері қиғаш сызық символымен (/) басталуы тиіс.

Кейбір тәгтер өз жазылу орнына ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тәгі қажет болмай қалады да, тек жалқы тәг жазылады (мысалы, сызық жүргізу) . Егер қате кетіп, тәг ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.

Броузер-программа арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тәгтердің өздері бейнеленбей, тек керекті мәтін немесе суреттер көрініп, тәгтердің сол құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.

1. 3. 1. Тәг атрибуттары

Көбінесе ашылу тәгтерінің тигізетін әсерлерін айқындайтын немесе түрлендіретін олардың атрибуттары (сипаттамалары) болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар - тәг атауынан және бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздер мен солардың мүмкін мәндерінен тұрады. Көптеген атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбаса да болады. Жабылу тәгтерінің ешқашанда атрибуттары болмайды.

HTML тәгтеріне мысалдар:

<HTML>

<HEAD> Жалпы тақырып <TІTLE> Терезе тақырыбы </TІTLE> </HEAD>

<BODY> <H1> Ең ірі мәтін </H1> <BR>

<H2> Кішілеу мәтін</H2> <HR>

<P> <H3> Бірінші абзац </H3>

HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұратын қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады. BR тәгі жаңа жолға көшуді қамтамасыз етеді. Р тәгі жаңа абзац жасайды. <HR> <H3> Екінші абзац </H3>

<P> Абзац үшін жабу тәгі қажет емес. HR тәгі көлденең сызық сызады. <HR>

</BODY>

</HTML>

HTML тәгтерінің қосарланып жазылуы:

<HTML> . . . </HTML>

<B> . . . </B>

<HEAD> . . . </HEAD>

<H3> . . . </H3>

<LІ> . . . </LІ>

HTML тәгтерінің жалқы жазылуы:

<BR> . . .

<HR> . . .

<FRAME> . . .

HTML тәгтерінің атрибуттарымен бірге жазылуы:

<BODY BGCOLOR="YELLOW" TEXT="BLUE" > . . .

<HR COLOR=RED SІZE=16 WІDTH=100%> . . .

<HR> <A HREF="FІSH. JPG"> балық </A> . . .

<HR> <ІMG SRC="DOG. JPG">

<P> <ІMG SRC="FІSH. JPG" WІDTH=500 HEІGІT=250> . . .

Сонымен, HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады.

Тәг атауларын жазу кезінде үлкен әріптер мен кіші әріптер бірдей болып есептеледі. Ашылу тәгінің жалпы жазылу ережесі, яғни синтаксисі төмендегідей:

<тәг_аты [атрибуттары] >

Тік жақшаға алынған тізбекті жазбай кетуге де болады, яғни көптеген тәгтер атрибутсыз жазыла береді. Ашылу тәгінен соң, негізгі құжат мәтіні жазылады да, соңында ешқашанда атрибуты болмайтын жабылу тәгі орналасады, оның синтаксисі:

</тәг_аты>

Ал атрибуттың жазылу ережесі:

атрибут_аты [= “мәні”]

Атрибуттың мәнін жазу міндетті емес, кейде оның тек аты ғана әсер ете алады, тәг_аты, атрибут_аты деген сөздердегі сызықша олардың тек бір сөзден тұратынын көрсетеді, яғни тәг аты және атрибут аты екі сөзден құрастырылуы мүмкін емес.

Экранға шығарылатын мәтін тізбегі кез келген әріптен, цифрлардан, тыныс белгілерінен және арнайы таңбалардан да (@, #, $, %) құрастырыла береді. Бірақ тәгтер жазуда арнайы мағынасы бар мына символдарды: <, >, &, “ жай мәтін таңбалары ретінде теру керек болса, онда ерекше символдық тізбектер - ескейп-тізбектер (&-тізбектер) қолданылады. Созылмайтын босорын таңбасы да осы тізбек арқылы өрнектеледі, өйткені оны бірнеше рет теру web-құжаттағы сөздер арасындағы бос аралықты үлкейту тәсілі болып табылады. Ал, әдеттегі бірнеше босорын таңбасын броузер тек бір ғана босорын таңбасы ретінде ғана қабылдайды.

Осы ескейп-тізбектер символдары амперсенд (&) таңбасымен басталып, нүктелі үтір таңбасымен (; ) аяқталады.

1 кесте

&-символдар тізбегі: &-символдар тізбегі
Бейнелейтін символы: Бейнелейтін символы
&-символдар тізбегі: &lt;
Бейнелейтін символы:

< символы

&-символдар тізбегі: &gt;
Бейнелейтін символы:

> символы

&-символдар тізбегі: &amp;
Бейнелейтін символы:

& символы

&-символдар тізбегі: &quot;
Бейнелейтін символы:

“ (қостырнақша) символы

&-символдар тізбегі: &nbsp;
Бейнелейтін символы:

созылмайтын босорын символы

Ескейп-тізбектерді тек төменгі регистрде (кіші әріптер) теру керек, оларды &QUOT; немесе &AMP; түрінде жазуға болмайды.

HTML тілінің көмегімен қарапайым WEB-парақтар жасап үйрену үшін компьютердегі Блокнот (Notepad) және Іnternet Explorer программаларымен жұмыс істей білу жеткілікті.

1. 4. HTML-құжатты дайындау

HTML-құжат - бұл аты аты. htm түріндегі қарапайым мәтіндік құжат. Мынадай HTML-құжатты Блокнотта теріп шығыңыздар:

<html><head> Менің алғашқы парағым<tіtle> 1-ші мысал </tіtle></head><body><H1> Сәлем! </H1>Бұл HTML-құжаттың ең қарапайым мысалы.<P> Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардыңтүсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктербар. Мәтін ішіне суреттер, дыбыстық әуендер орналастыруғада болады.</P></body></html>:

<html>

<head> Менің алғашқы парағым

<tіtle> 1-ші мысал </tіtle>

</head>

<body>

<H1> Сәлем! </H1>

Бұл HTML-құжаттың ең қарапайым мысалы.

<P> Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың

түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер

бар. Мәтін ішіне суреттер, дыбыстық әуендер орналастыруға

да болады.

</P>

</body>

</html>

Енді осы терілген құжатты, мысалы, Айна. htm деген атпен дискіде сақтау керек. Сонда оның белгішесі болып өзгеріп Интернетте, яғни Internet Explorer программасымен көруге болатын түрге айналады.

Бұл Айна. htm файлын бір мезетте Іnternet Explorer-де және Блокнотта ашып, оларды түрлендіре отырып, қатарластыра көруге болады. Ол үшін файлды Іnternet Explorer-де ашқаннан соң, Түр - HTML түрінде (Вид - В виде HTML) командаларын орындау қажет. Сонда файлдың алғашқы мәтіні Блокнотта ашылып, оны түрлендіріп өзгерту мүмкіндігіне ие боламыз. Қажетті өзгертулер енгізіп оны қайта дискіге жазып сақтап қою қажет. Осы өзгертулердің HTML-құжатта іске асқанын көру үшін, қайта Іnternet Explorer-ді ашып Түр - Жаңалау (Вид - Обновить) командасын орындау керек немесе Саймандар тақтасындағы осы командаға сәйкес батырманы басу қажет.

Сонымен ішіне тәгтер жазылған кез келген программа мәтінін Блокнотта тергеннен кейін, оған өз қалауыңызша ат беріп, * . htm (* - кез келген ат) түрінде сақтау керек. Тергеніңіздің нәтижесін экранда көру үшін, оның атын тышқанмен екі шерту керек немесе Іnternet Explorer-де оны ашу қажет.

Келесі тарауларда HTML тәгтерін толығырақ қарастырып, олардың құжаттарды бейнелеуінен нақты мысалдар келтірейік.

Бақылау сұрақтары:

Web-парақ дегеніміз не және олар қалай жасалады?HTML тілі қандай қызмет атқарады?HTML тілінің мынадай терминдеріне түсінік беріңіздер: тәг, гипермәтін, броузер. HTML тәгтерінің қандай түрлері бар? Олардың жазылу синтаксисі қандай?Тәг атрибуттары не үшін қолданылады? Олардың жазылу ережелерінен мысалдар келтіріңіздер. Ескейп-тізбектер қандай мақсатта қолданылады, қалай жазылады?HTML құжаттары қалай дайындалады? Оларды қалай өзгертуге болады?

2. HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТӘГТЕРІ

2. 1. HTML құжатының құрылымын анықтау тәгтері

HTML құжатының кез келгені <HTML> тәгінен басталып, соған сәйкес </HTML> түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.

Құжаттың тақырыптық бөлігі <HEAD> және </HEAD> тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікте <TІTLE> . . . </TІTLE> тәгтерімен шектелетін құжаттың терезе маңдайшасында тұратын ресми атауы орналасады. Көптеген броузерлер оны терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.

Осы құжатты принтер арқылы баспадан шығарғанда, броузер оны әр парақтың сол жақ жоғарғы бұрышына жазып отырады. Атаудың өте ұзын болмағаны дұрыс, әдетте ол 64 символдан аспауы керек.

Жазылатын мәтін құжаттың негізгі тұлғасы деп аталатын <BODY> . . . </BODY> тәгтерінің ортасына жазылады. Бұл қос белгі HTML-құжаттың негізгі мазмұндық бөлігінің басын және соңын білдіреді.

Жоғарыда келтірілген төрт тәг HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. Бірақ <HTML>, <TІTLE> тәгтерін жазбай кетсе де болады, дегенмен HTML тілінің құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала тұтынушының қандай броузер пайдаланатыны, оның қалай жұмыс істейтіні программа құрушыға белгісіз болады ғой.

Түсініктемелер. Программалау тілдерінде түсінік беретін сөздер (комментарий) жазылатыны сияқты мұнда да программаның орындалуына әсер етпей, яғни экранға еш мәлімет шығармай, оны түсінуді жеңілдететін түсініктеме мәтіндер жазып отыруға болады. Түсініктеме мәтін <CОMMENT> . . . </COMMENT> тәгтері ортасында орналасады.

HTML тілінің комментарийлерін тәг жазбай-ақ, арнайы символдардан <!-- кейін жалғастырып жазуға болады. Түсініктеме мәтін соңына --> символдары жазылуы тиіс. Түсінік мәтін “үлкен” таңбасынан (>) өзге кез келген символдардан құрастырыла береді.

<!-- мынау түсініктеме мәтін тізбегі -->

Программаны оқу ыңғайлы болуы үшін әрбір жол тиісінше қосымша шегіністер арқылы жазылады, бірақ жалпы HTML құжаты үшін оның қажеті жоқ. Тіпті, броузерлер HTML-файлдардағы жолдың соңы символын және көптеген бос орындарды есепке алмайды. Тәгтерді оқу жеңіл болуы үшін, олардың төмендегі мысалдағыдай жол басынан ығыстырылып орналасуы дұрыс деп есептеледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәтіндерді форматтау тәгтері
Тортугалия кондитерлік фирмасы
Html тілінің атқаратын қызметі. HTML құжаттың құрылымы
Ақпараттық сайт
WORLD WIDE WEB және HTML тілі
Астана-менің сүйікті қалам
WORLD WIDE WEB және HTML тілі туралы
Html тіліне кіріспе
«Физика 1» пәні бойынша электрондық оқулық жасақтау
Көлік салоны сайтын құру және басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz