Француз Республикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Француз Республикасы-Батыс Европадағы ең ірі капиталистік мемлекеттердің бірі. Жерінің аумағы жөнінен шетелдік Европада 1-орын алады. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында Белгиямен, Германиямен, шығысында Швейцария, Италиямен, оңтүстік-батысында Испаниямен шектеседі. Солтүстік-батысын Па-де-Кале және Ла-Манш бұғаздары, батысын Атлант мұхитының Бискай шығанағы, оңтүстігін Жерорта теңізі шаяды. Оңтүстігіндегі Корсика, жерортатеңіздік және Бискай шығанағындағы бірқатар шағын аралдар Францияға қарайды. Жері 551, 6 мың шаршы- шақырым. Халқы 57 млн. адам. Астанасы - Париж қаласы. Францияда орталық иеліктерінің жалпы жері 155, 5 мың шаршы- шақырым, халқы 1, 7 млн. адам болды. Франция өзінің жер бедері жөнінен жазық және биіктігі орташа таулы елдер қатарына жатады. Жағасы онша тілімделмеген, ірі түбектер елдің солтүстік-батысында ғана кездеседі. Жазық өңірлер Франция териториясының 60%-ін алып жатыр; биік таулы бөлігнің үлесі 5% - тен астам. Маңызды жазық өңірі - Солтүстік Француз ойпаты; бұның құрамына Париж алабы, Гаронна ойпаты кіреді, елдің оңтүстік - шығысында Рона ойпаты қалыптасқан. Жоғарыда Рейн ойпатының біраз бөлігі Франция жерінде. Ойпатты жазықтары негізінен аллювилік жыныстардан түзілген. Орталық және Оңтүстік Францияны Орталық Француз массиві алып жатыр. Бұл - Европағы герциндік массивтер ішіндегі, өзінің биіктігі және ауданы жөнінен ең маңыздысы; орталық жағы неоген және төрттік вулканизмнен байланысты магмалық жыныстардан түзілген. Францияның ең биік жері - Монблан шыңы (биіктігі 4807 метр) осында. Биік таулы бұл өңір шыңдакрын мұздықтар ( Мер-де-Глас, Блан) мен көп жылдық қар жамылғысы жапқан. Францияның қиыр оңт. - бат. Шетін Пиреней таулы жүйесінің солт. беткейшлері (ені 30-40 км, биіктігі 3298 метрге дейін) қамтиді. Негізгі территориядан тысқары жатқан Корсика аралы кристалдық тау жүйелерінен тұрады. Ең көтеріңкі жері- Мон-Сенто тауы, 2710 м. Франция жер қойнауы темір рудасы, боксит, калий және тас тұздары, Эльзастың тектоникалық ойытарынан, тас тұзы Лотарингия және Юра өңірінен, көмір Солтүстік Франциядан, Лотарингия және Орталық массив қойнауынан, мұнай мен табиғи газ Пиреней бөктерінен, Эльзастан табылды. Минералды бұлақтар Орталық массивтың вулканды өңірлерінде көп кездеседі.

Франция жерінде теңіздік қоңыржай климат бірте-бірте континенттік және жерортатеңіздік климатқа ауысады. Теңіздік қоңыржай климат негізінен Атлант мұхиты жағалауында (Аквитания, Бретань, Нормандия, Ла-Манш маңы) басым қалыптасқан. Бұл өңірдің жазы бұлтты, қоңыр салқын болады; шілдеде +16+18 С. Жауын шашыны 600-800 мм (қыратты жерлерінде 1200 мм-ге жуық) . Елдің орталық жағына қарай (Лотарингия, Эльзас, орталық массивтің солтүстік бөлігі) континенттік климаттық құбылыстары басым байқала бастайды. Қысы суықтау (қаңтардың орташа температурасы 1 С, кейде аяз -20С-қа дейін төмендейді) ; жазы жылы, ыстықтау, шілденің орташа температурасы 17-19 С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 550-750 мм, көбі жазда жауады. Жерортатеңіздік климат Францияның жерортатеңіздік жағалауы мен Корсика аралын қамтиды; шілденің орташа температурасы 23-24 С, қаңтарда 4-8 С. Жылдық жауын-шашын 600-800 мм. Францияда таулы климаттың екі түрі байқалады: биіктігі орташа таулар климаты (Орталық массив, Вогез, Юраны қамтиды) және биік таулық немесе альпілік климат (Альпі, Пирененй жүйелерінде) . Алғашқысы қамтитын өңірлердің жазы қоңыр салқын, қысы суық; жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000-2000 мм, шілденің орташа температурасы 11-16 С, қаңтарда - 5 С-қа дейін. Альпіде және Пиренейде қаңтардың -5 С- тық изотермасы 1500-2000м биіктіктен өтеді, жоғарылаған сайын салқындай түседі. Жауын-шашын мөлшері 2000-2500 мм. Франция жерінің өзен торы өте жиі. Өзендері негізінен таулардан басталады және орта төмен ағыстарында жазық өңірлермен ағады. Ірі өзендері - Луара, Рона, Сона, Сена, Гаронна. Рейн өзенінің орта ағысы да Франция жерінде. Жазық бөлігіндегі көптеген өзендер жаңбыр суымен қоректенеді. Биіктігі орташа таулық өзендерінің деңгейі әсіресе көктемде және күзде көтеріледі. Альпілік өзендер суы жаздағы мұздықтар мен қар шоғыры еру кезінде көбейеді. Жерортатеңіздік өзендері қысқа келеді. Бұлардың көпшілігі Орталық массивтің оңтүстік беткейлерінен, Теңіз маңы Альпісінен, Пиренейдің шығыс жағынан басталады. Жаңбыр суымен қоректенеді, қыс маусымында деңгейлері көиеріледі. Францияның таулық өңірлеріндегі өзендері су энергия қорына өте бай. Жалпы гидроэнергия ресурсы 8, 9 млн квт; бұның 50процентке жуығы Рона, Орталық массив және Пиреней алабының үлесіне тиеді. Солтүстік және Батыс Франциядағы жазықтық өзендер кеме жүзуге қолайлы, көбі каналдар арқылы көрші су жолдарымен байланысқан. Ірі аумақты көлдері көп емес; Мұздықтан қоректенетін шағын көлдер кездеседі. Франция жері топырақ жамылғысы жөнінен ормандық қоңыр топырақты және субтропиктік қызыл қоңыр топырақтық зоналарда орналасқан. Париж алабында құнарлы ормандық қоңыр, Арморикан массивінде, Вогез, Орталық массивтің көпшілік бөлігінде орманның күлгіндеу қоңыр және шым күлгін, Юрада, Аквитанияда шым карбонатты, шіріңді - карбонатты, күлгін батпақты, Орталық массивтің вулкандық аймақтарында гумусты қою қоңыр, Гаронна алабында, Рона өзенінің төменгі ағысы бойында шөгінді аллювийлік топырақ қабаттары қалыптасқан. Таулы өңірінде топырақ жамылығысы таралуының вертикалдық заңдылығы сақталады: Альпінің 1200-1400 м дейінгі бөлігінде таулық орманның қоңыр топырағы, 1700-1800 м дейінгі беткейлерінде таудың күлгін, одан жоғарғы жағында таудың шалғындық топырақ қабаттары тараған.

Өсімдік жамылғысы жөнінен Франция территориясы қоңыржай белдеудің жалпақ жапырақты орманды зонасы мен субтропикті белдеудің мәңгі жасыл орманды-бұталы зонасына кіреді. Территориясының 20 процентке жуығы орман, негізінен Альпі, Юра, Вогез, Пиреней өңірлерінде. Шамшат және емен үлесі басым; бұлардан басқа қайын, шырша, самырсын тағы басқа ағаш түрлері өседі. Тауда өсімдік жамылғысы биіктікке байланысты қалыптасқан. Биіктігі орташа тауларда орманды алқап барлық беткейлерінде және шыңдарында өседі. Альпінің жоғарғы жағында субальпілік өсімдіктер тараған. Франңияның жерортатеңіздік жағалауында мәңгі жасыл емен және қарағай аралас алқап өседі. Жануарлар дүниесі онша сақталмаған. Ормандық түрлер басым тараған. Орманның тағы мысығы, түлкі, борсық, бұғы, елік, тауешкі тағы басқа мекендейді. Құр, қарабауыр шіл, кезқұйрық, қаршыға, қызылқаз тағы басқа құстар; өзендерінде шортан, алабұға, көксерке, форель, шектес су айдындарында сардин, треска, камбала тағы басқа балықтар кездеседі. Жануарлар дүниесін сақтау және жойылып бара жатқан түрлерді көбейту үшін екі ірі ұлттық қорық ұйымдастырылған; бұлар 410 кв. км жерді алып жатыр.

Халқының 90 проценттен астамы француздар. Олардан басқа эльзастықтар (Эльзаста), бретаньдықтар (Бретань түбегінде), фламаньдықтар (солтүстігінде), баскілер және каталондықтар (Испаниямен шектес аймақтарда), корсикалықтар (Корсика аралында) тұрады. 3 млн-нан астам иммигранттар - италияндар, испандар, алжирліктер, поляктар қоныстанған. Мемлекет тілі - француз тілі. Діни нанымға иланышулардың 80 проценті католиктер, қалғандары - протестанттар, иудаистер, мұсылмандар. Халықтың орташа тығыздығы 1 кв. км-ге 94, 3 адамнан. Әсіресе Рона өзенінің аңғарында халық өте жиі қоныстанған. Қала халқы 70 процент. Ірі қалалары - Париж, Марсель, Лион, Тулуза, Ницца, Бордо, Нант, Страсбур, Орлеан.

Жалпы еңбек етушілердің 30 %- ті құрылыста және қоғамдық мекемелерде, 25%- тейі ауыл шаруашылығында, 5% - тен астамы транспорт пен байланыс орындарында, 15 %-і саудада, қалғаны мемлекеттік аппратта және тұрмыстық қызмет көрсететін орындарда істейді.

Экономикасы. Франция экономикасының негізгі саласы - өнеркәсіп. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Франция өнеркәсібінде энергетика, мұнай айыру, мұнай-химия, автомобиль, авиация-космотық өндіріс, атом өнеркәсібі сияқты салалар жедел қарқынмен дамыды. Франция отын-энергетика қорға онша бай емес. Қажет отынның 40проценттен астамын шеттен әкеледі. Энергетика балансындағы көмірдің үлесі 17 процент, мұнай өнімдері 61, 5%, газ үлесі 11%, қалған 10, 4 проценті су және атом энергия қорына тиеді. Мұнай Францияға Таяу Шығыс елдерінен және Алжирден тасылады; сондықтан да ірі мұнай айыру заводтары ірі портты қалаларда орналасқан. Францияның қара металлургиясы темір рудасымен толық қамтамасыз етілген. Кокстенетін көмір жеткіліксіз (Германиядан әкелінеді) . Басты қара металлургиялық ауданы - Лотарингия; Франция темір рудасының 95 проценті, шойынның 70 проценті және болаттың 63 проценті осында алынады. Алюминий өндірісінен басқа түсті металлургия салалары шетелдерден әкелінетін шикізатқа негізделген. Боксит негізінен Оңтүстік Франциядағы Вар өңірінен өңдіріледі. Машина жасау Франция өнеркәсібінің басты салаларының бірі. Әсіресе транспорттық машиналар (самолет, кеме, автомобиль турлері), электротехника, қару-жарақ өнеркәсіптері басым дамыған. Автомобильдерді жасау кәсіпорындары Париж, Лион, Сошо-Монбельяр, Страсбур қалаларында, кеме - Сен-Назер, Марсель, Дюнкерк, Бордо, Нант, самолет - Париж және Тулуза қалаларында шоғырланған. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін тез қарқыемен дамыған өнеркәсіп салалрының бірі - химия өнеркәсібі; басты өнімдері пластмасса, азот тыңайтқышы, калий тұздары, суперфосфат, күкірт қышықылы, жасанды талқыш, синтетикалық талқыш. Ірі орталықтары - Праиж, Лион. Жеңіл өнеркәсібі арасында мата тоқудың үлесі басым, кәсіборындары Солтүстік аудандарында (негізінен жүн мата; орталықтары Лилль, Рубе, Туркуен), Вогез және Эльзаста (мақта мата; Мюлуз, Эпиналь), Лионда (жібек мата) орналасқан. Париж дүние жүзінде киім модасын қалыптастырушы - бас қала саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елдердің сыртқы саясаты
Франция экономикасы
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН - ФРАНЦУЗ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қатынастар
Үндіқытай елдері
Франция жері
Екінші дүниежүзілік соғыс. Соғыс алдындағы келіссөздер мен фактілер
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы
ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Екінші дүниежүзілік соғыс (1938 – 1945)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz