Френсис Фукуяма Тарихтың аяқталғаны ма


Френсис Фукуяма1
Тарихтың аяқталғаны ма?
Соңғы онжылдықта немесе соның төңірегінде орын алып жатқан оқиғаларды көре отырып, бүкіл әлемдік тарихта әлде бір іргелі нәрсе болып жатыр ма деген түйсіктерден арылу қиын. Өткен жылы қырғи қабақ соғыстың аяқталғандығы және «бейбітшіліктің» орнай бастағанын жариялаған мақалалар пайда болды. Бұл мәліметтердің көпшілігінде, негізінен маңыздыны кездейсоқтықтан ажыратып алатын концепциялар жоқ; олардың барлығы үстірт. Егер, кенеттен Горбачев мырза Кремльден қуылған болса, ал жаңа бір аятолла 1000 жылдық патшалықтың орнауын хабарласа, бұл коментаторлар қайтадан қақтығыстар дәуірінің қайта жаңғыруы туралы жаңалықтарын ала жүгірер еді.
Алайда, ағымдағы оқиғаларға байланыстлық пен реттілік енгізген процесс іргелі сипатта деген түсінік өсіп келеді. Біздің көзі алдымызда жиырмасыншы ғасырда әлем идеологиялық пароксизм озбырлығына оранды, сол кездерде либерализмге алғаш абсолютизммен, сосын большевизммен және фашизммен, ақырында бізді ядролық соғыс апокалипсисіне итермелейтін қауіп төндірген жаңа марксизммен күресуіне тура келді. Бірақ алғашқыда батыстық либеральды демократияның жеңісіне соншама сенімді болған бұл ғасыр, ақыр соңында неден бастаса соған, яғни таяуда болжамдалып жүрген «идеологияның соңына» немесе капитализм мен социализмнің конвергениясына емес, экономикалық және саяси либерализмнің даусыз жеңісіне қайтыр оралды .
Бәрінен бұрын батыстың жеңісі, батыстық идеяның салтанатты шеруі күмән тудырмайды, өйткені либерализмнің ешқандай өміршең альтернативасы қалмады. Соңғы онжылдықтарда ірі коммунистік мемлекеттердің интеллектуальды атмосферасы өзгерді, оларда маңызды реформалар басталды. Бұл феномен жоғарғы саясат шеңберінен шықты, оны кең таралған батыстық тұтынушылық мәдениеттің көптеген түрлерінен байқауға болады: бұлар - қазіргі Қытайды жаулап алған шаруашылық базарлар мен түрлі-түсті теледидарлар; өткен жылы Мәскеуде ашылған кооперативті ресторандар мен киім-кешек дүкендері; Токио сөрелеріндегі жапондық әуенге үйлестірілген Бетховен және Прага да, Рангун мен Тегеранда да бірдей шабытпен қабылданатын рок-музыка.
Мүмкін, біз куә болып отырған нәрсе, бұл жай ғана қырғи қабақ соғыстың соңы немесе кезекті соғыстан кейінгі кезең емес, тарихтың тарих ретіндегі соңы, адамзаттың идеологиялық эволюциясының және басқарудың түпкілікті формасы ретіндегі батыстық либеральды демократияның аяқталуы. Бірақ бұл болашақта ешқандайда оқиғалар болмайды және «Форин Аффераның» жыл сайынғы халықаралық қатынастарға шолуы қаңырап бос қалады дегенді білдірмейді, өйткені әзірге либерализм тек идея, сана сферасында ғана жеңіске жетті, нақты, материалдық әлемдегі жеңістің ауылы әлі де алыста. Алайда түптеп келгенде, дәл осы идеальды әлем материальды әлемді айқындайды деп санауға байыпты негіз бар. Неліктен бұл солай болғандығын түсіну үшін алдымен тарихта орын алып отырған өзгерістер табиғатымен тығыз байланысты кейбір теориялық сұрақтарды қарастырып алған жөн.
І
Тарихтың соңы туралы түсініктерді қайталанбайтын түсініктер деп санауға болмайды. Оның ең танымал насихатшысы - К. Маркс. Ол материалды күштердің өзара байланысымен анықталатын тарихи дамудың мақсаттық сипаты бар және бұл даму барлық қайшылықтарды шешетін коммунистік утопияға жетумен аяқталады деп санады. Басталуы, ортасы және соңы бар диалектикалық үрдіс ретіндегі тарихтың бұл концепциясын Маркс өзінің ұлы неміс ізашары Георг Вильгельм Фридрих Гегельден қабылдады.
Бұл жақсы ма әлде жаман ба, соған қарамастан гегельдік тарихилықтың көптеген жақтары бүгінгі интеллектуальдық қорға енді. Мысалы, адамзат санасы әлеуметтік ұйымдасудың ру-тайпалық, құлиеленушілік, теократтық және соңында демократиялық-эгалитарлық сияқты нақты формаларына сәйкес келетін бірнеше кезеңдерден өтетіндігі сияқты түсініктер. Гегель философтардың ішінде бірінші болып жаңа әлеуметтік ғылым тілінде сөйлей бастады: ол үшін адам - нақты тарихи және әлеуметтік ортаның өнімі. Ал «табиғи құқық» теоретиктері үшін адам ана немесе мына «табиғи» атрибуттардың жиынтығы болып табылды. Табиғи ортаны игеру және оны ғылым мен техниканың көмегімен өзгерту бұл - марксшілдік емес, дәл осы гегельдік идея. Тарихи релятивизмі tout court * релятивизміне айналған кейінгі тарихшылардан Гегельдің ерекшелігі, ол қоғам мен мемлекеттің саналы формасы түпкілікті орныққан әлде бір абсолютті сәтінде тарих шарықтау шегіне жетеді деп санады.
Өкінішке орай, Гегельді қазір Маркстің ізашары деп біледі және оған марксизм призмасы арқылы қарайды; оның еңбектерін тікелей оқуға біздің арамыздағылардың тек біразы ғана маңдай терін төкті. Дегенмен, Францияда Гегельді марксшіл-интерпретаторлардан құтқарып, оны идеялары қазіргі заман үшін маңызы бар философ ретінде қайта жаңдандыруға талпыныстар жасалуда. Гегельді түсіндіруші франсуз зерттеушілерінің ішіндегі ірілерінің бірі - керемет орыс эмигранты Александр Кожев екені күмән туғызбайды. Ол 30-шы жылдары париждік Ecole Pratique des Hautes Edutes*-те бірнеше семинарлар өткізген. Құрама Штаттарда онша танымал емес Кожев, еуропа құрлығының интеллектуальді өміріне үлкен өзгерістер енгізді. Оның студенттерің арасынан болашақ жарқын тұлғалар - солшыл Жан Поль Сартр және оңшыл Раймон Арон шықты; нақ осы Кожев арқылы соғыстан кейінгі экзистенциализм өзінің көптеген категорияларынан Гегельден қабылдады.
Кожев 1806 ж. тарихты аяқталуға жақын деп жариялаған, «Рух феноменологиясы» кезеңіндегі Гегельді жандандырғысы келді. Өйткені сол кезде-ақ, Пруссия монархиясының Наполеоннан жеңілуінен Гегель Француз революциясының мұраттарының жеңісін және бостандық пен теңдік принциптерін өмірге енгізген мемлекеттің универсалдануының туындап келе жатқанын көрген болатын. Кожев Гегельдің дұрыстығын дәйектейді**. Йендегі шайқас тарихтың соңын білдірді, ол кезде адамзат авангардының (бұл термин марксшілдерге жақсы таныс) көмегімен Француз революциясының принциптері шындыққа айналды. 1806 ж. кейін көптеген жұмыстар - құлдық пен құлсатушылықты жою, жұмысшыларға, әйелдерге, негрлерге, басқа да аз нәсілдерге және т. б. сайлау құқығын беру сияқтылар күтіп тұрса да, либеральды-демократиялық мемлекет принциптерінің өзі әлі күнге дейін жақсартыла қойған жоқ. Біздің ғасырымыздағы екі дүниежүзілік соғыс және олардың ізін ала орын алған революциялық төңкерістер аталған принциптердің кеңінен таратылуына көмегін тигізді, соның нәтижесінде провинция өркениет форпостының деңгейіне дейін көтерілді, ал Еуропа мен Солтүстік Американың соған сай қоғамы либерализм принциптерін орындау үшін өркениет авангардына айналды.
Тарихының соңында пайда болған мемлекет- либеральды, өйткені заңдар жүйесі арқылы адамның бостандыққа деген ажырамас құқықтарын таниды және қорғайды, ол сонымен қатар демократиялы, өйткені өз азаматтарының келісімімен орнайды. Өзі «жалпыадамзаттық мемлекет» деп атаған мемлекет Кожевтің ойынша соғыстан кейінгі жылдары Батыс Еуропада елдерінде, осы бір тойынып, босаңсыған, өзіне өзі көңілі толған, тек өзіндерін ғана ойлайтын, ең зор және батыл жобалары Ортақ нарық** (Соғыстан кейінгі «американдық өмір» салтын Кожев тарихтың ақырының басқа бір нұсқасы деп санады және Кеңестер Одағы да соған бара жатыр деп болжады) болып табылатын табансыз мемлекеттерде нақты өмірлік көрінісін тапты. Бірақ ол басқаша да болар ма еді? Себебі қақтығыстарға толы адамзат тарихы «қарама-қайшылықтарға» негізделеді ғой: ежелгі адамдардың өзін мойындатуға ұмтылуы, қожайын мен құлдың диалектикасы, табиғатты өзгертіп, оны игеру, жалпыға бірдей құқық үшін күрес және пролетариат пен капиталист арасындағы дихотомия бәрі осында. Жалпыадамзаттық мемлекетте барлық қайшылықтар шешілген және барлық қажеттіліктер қанағаттандырылған. Күрес болмаса, күрделі қақтығыстар да болмайды, сондықтан генералдар мен мемлекет басшыларының қажеті жоқ; сонда бар қалғаны экономикалық әрекет. Кожев өз өмірінде де өз ілімін басшылыққа алғанын айтып өткен жөн. Ол философтар үшін ешқандай жұмыс қалған жоқ, өйткені (дұрыс түсінілген) Гегель абсалютті білімге қол жеткізді деп білген Кожев соғыстан кейін ұстаздықтан кетіп 1968 ж. қайтыс болғанға дейін ЕЭС-те шенеунік қызметінде болды.
Оның замандастары үшін Кожевтің айтқан тарихтың соңы туралы пікірлері дүниежүзілік соғыс пен жаңа басталған қырғи қабақ соғыс зардаптарынан туындаған француз интеллектуалының эксцентристік солипсизімі сияқты болып көрінеді. Бірақ, Кожев сонда да тарих аяқталды деген пікірінен қалайша таймады? Мұны түсіну үшін біз осы тұжырым мен Гегель идеализмінің арасындағы байланысты ұғынып алуға тиіспіз.
ІІ
Гегель үшін тарихтағы болып жатқан қайшылықтар бәрінен бұрын американ саясаткерлерінің сайлау алдындағы беретін тривиальды уәделері мағынасындағы емес, дүниені кеңінен байланыстыратын суреттемесі сияқты, басқаша идеология деп атауға болатын адам санасы сферасында, яғни идеялар*** деңгейінде орын алады. Осы мағынадағы идеология, біз әдетте сонымен байланыстыратын, саяси доктриналарға келіп сайсайды. Ол сонымен қатар кез-келген қоғамның негізінде жатқан дінді, мәдениетті және рухани құндылықтары қамтиды.
Гегельдің идеальдылық пен реальдылық, материалды өмір қарым-қатынастарыа деген көзқарасы өте күрделі. * (Гегель үшін идеалдылық пен материалдықдүние дихотомиясы - сағым ғана және ақыр аяғында өзін танушы субъект оны шешеді; оның жүйесінде материалдық дүние рухтың бір аспектісі ғана) . Ол үшін шынайы өмір философия профессорларының идеологиялық ойларына бағынбайды; бірақ онда идеалды өмір «материалды» өмірге тәуелсіз өмір сүреді деп айтуға болмайды. Йендегі шайқас сияқты материалдық оқиға профессор Гегельді уақытша өз арнасынан шығарып тастады. Бірақ егер Гегельдің жазғандарын немесе оның ойларын материалдық дүниеден атылған оқ қиып кете алса да, өз кезегінде шақпақты басқан саусақты Француз революциясын рухтандырған бостандық пен теңдік идеялары қозғалысқа келтірген еді.
Гегель үшін материалдық өмірдегі адамның барлық жүріс-тұрысы, яғни адамзаттың барлық тарихы сананың алдыңғы жағдайында ұяланған. Бұған ұқсас идеяны кейінірек іскер адамдардың көзқарастары қайтыс болған экономистердің идеялары мен алдыңғы буынның академиялық қағаз шимаулауларының қоспасынан тұрады деген Джон Мейнар Жейнс айтқан болатын. Бұл сананың жаңа саяси білімдерден айырмашылығы ол жеткілікті ойластырылмаған; ол дін, қарапайым мәдени немесе моральдық ғұрыптар формасын қабылдай алады. Ақыр соңында сананың бұл сферасы қажетті түрде материалдық дүниеде көрініс табады, тіпті сол материалдық дүниені өзінің үлгісіне сай, өзіне ұқсатып жаратады. Сана - бұл салдар емес, себеп және ол материалдық өмірге тәуелсіз дами алмайды, сондықтан бізді қоршаған шым-шытырман жағдайлардың нақты астары идеология болып табылады.
Кейінгі ойшылдарда Гегель идеализмі аянышты сипатқа ие бола бастады. Бүкіл сана сферасын дінді өнерді, философияның өзін де толығымен өндірістің материалдық тәсілі айқындайтын қондырмаға таңған Маркс реалдық пен идеалдықтың қарама-қатынасын бастан аяқ төңкеріп түсірді. Марксизмнің тағы бір өкінішті мұрасы, біз саяси және тарихи құбылыстарды материалдық немесе утилитарлыұ тұрғыдан түсіндіруге бейім тұрамыз, біз идеялардың өзіндік күшіне сене алмаймыз. Осыған Пол Кеннедидің кең тараған «Ұлы державлардың өсуі мен құлауы» (Kennedy P. «The Rise and Fall of the Great Powers») туралы кітабы соңғы мысал бола алады. Онда ұлы державалардың құлауы - экономикалық кернеудің шектен шығуымен түсіндіріледі. Әрине, онда шындықтың ұшқыны бар: экономикасы өзін өзі әрең-пәрең қамтамасыз етіп тұрған империяның қабілеті шексіз емес. Дегенмен, қоғам өзінің ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнімінің) 3 немесе 7 пайызын қорғанысқа немесе тұтыну қажеттілігіне жұмсай ма деген сұрақ осы қоғамның саяси басымдылықтарының сұрағы, ал соңғылары сана саласында анықталады.
Қазіргі заман ойындағы материалистік бағыт марксизмді қолдайтын солшылдарға ғана емес, сонымен қатар көптеген аты шулы антимарксшілдерге де тән. Мысалы оң жақта идеология мен мәдениеттің маңызын мойындамайтын және адамды парасатты, шын мәнінде, ең көп кіріс алуға ұмтылған индивид ретінде қарастыратын «Уолл-стрит джорнэл» журналының материалистік детерминизм мектебі орналасқан. Экономика туралы оқулықтар материалдық ынталандыруы қозғалысқа келтіретін осындай адам типін экономикалық өмірге негізіз етіп алады*. (Қазіргі экономистер адамның жүріс-тұрысы әрқашан тек ең көп кіріс алуға ұмтылумен айқындалмайтынын мойындай отырып, оның бойында әртүрлі игіліктер түріндегі (дем алу, секс немесе философиялық ойдан ләззат алу) «пайда» табу қабілетінің бар екендігін де ескереді. Енді кірістің орнын пайданың басқаны, иделизм көзқарасының тағы да бір дәлелі) Осындай материалистік көзқарастардың күмәнділігін нақтылы мысал келтіру арқылы көрсетейік.
Марк Вебер өзінің танымал «Протестанттық этика және капитализм рухы» кітабын протестанттар мен католиктердің экономикалық өмірінің айырмашылықтарын көрсетуден бастайды. Бұл айырмашылықтарды «протестанты славно вкушают, католики мирно почивают» деген мақал қортындылайды. Вебер кез келген экономикалық теорияға сәйкес адам максималды пайдаға ұмтылаған саналы жан, ал бағаның өсуі еңбек өнімділігін арттыруға тиіс дейді. Алайда, көптеген дәстүрлі шаруалар қауымында бұл кері әсер береді, яғни еңбек өнімділігін төмендетеді, баға жоғарылағанда, күніне 2, 5 марка пайда табуға үйренген шаруа, аз жұмыс істеп-ақ сол ақшаны табуға болатындығын көреді және де солай жасайды. Пайданының орнына демалысты таңдау, афиналық саудагердің ұайымсыз өмірін таңдамай спартандық гоплиттің әскери өмірін таңдау немесе тіпті, ақсүйектің дәстүрлі уақыт өткізуінің орнына капитализмнің бастапқы кезеңіндегі аскеттік өмір пайдасына шешуді әлде бір материалдық күшттердің ісімен түсіндіру мүмкін емес, таңдау сана сферасында, идеологияда орын алады. Вебердің жұмыстарының негізгі тақырыптары - материалдық өндіріс тәсілінің - Маркстегідей «базис» емес, керісінше тамырын дін мен мәдениеттен алған «қондырма» екенін дәлелдеу. Егер біз, қазіргі капитализм мен кіріс желісін түсінгіміз келсе, Вебер бойынша, олардың сана сферасындағы алғышарттарын зерттеуіміз керек.
Қазіргі әлем экономикалық дамудың материалистік теориясының барлық кемшіліктерін ашады. «Уолл-Стрит джорнэл» журналының материалистік мектебі нарықтық экономиканың өміршеңдігінің дәлелдері ретінде соңғы онжылдықтардағы Азияның таң қаларлық экономикалық табыстарын көрсетуді ұнатады. Әрине, еркін нарық пен тұрақты саяси жүйе - экономикалық өсудің күмәнсіз алғы шарты. Исламнан айырмашылығы қиыр шығыстық қоғамның мәдени мұрасы, еңбек этикасы, отбасылық өмірі, ұқыптылығы, діні экономикалық әрекет формаларына ешқандай шектеу қоймайды және адамдарға терең сіңген моралдық қасиеттердің экономикалық әркетті түсіндірудегі маңызы аз емес. *2 Бірақ дегенмен материализмның интелектуальдық әсері осы заманғы ең байсалды деген экономикалық дамудың теориясы сана мен мәдениетті нақты ескермейтіндігінен, экономиканың, шын мәніндегі, осы бір аналық аясын көре білмейтіндігінен байқалады.
Экономикалық әрекеттің санамен және мәдениетпен шартталатынын түсінбеу кең таралған қателіктерге: табиғатынан идеалды болып табылатын құбылыстарды материалдық себептермен түсіндіруге алып келеді. Мысалы, Қытай реформасы, сондай-ақ соңғы кездердегі Кеңес Одағындағындағы реформалар да, әдетте, материалдылықтың идеалдылықтан басым түсуі ретінде, идеологиялық ынталандырулардың материалдықты ауыстыра алмағандығын және табысты мақсатқа жету үшін жеке бас пайдасының төменгі формаларына сүйену керек екендігін мойындау ретінде түсіндіріліп жүр. Бірақ социалистік экономиканың терең кемшіліктері бұдан отыз, қырық жыл бұрын-ақ бәрімізге белгілі болған еді. Не себепті социалистік елдер орталықтандырылған жоспарлау жүйесінен тек 80-жылдары ғана бас тарта бастады? Мұның жауабын «католиктік» кедейліктен пен қауіпсіз тіршіліктен бас тартып, «протестанттық» игілік пен тәуекелге бас тігуді таңдаған солардың элитасы мен көшбасшыларының санасынан іздеген дұрыс. **3 Бұл реформа қарсаңында тұрған елдердің материалдық жағдайының шарасыз салдарынан туындамаған еді. Бірақ керісінше, өзгеріс бір идеяның екіншісін жеңуінің нәтижесінде өмірге келді. ***4
Барлық гегельяндар сияқты Кожев үшін де тарих қойнауындағы терең процестер адам санасында немесе идея саласында орын алған оқиғалармен шартталады, өйткені қанша дегенмен дәл осы сана ғана әлемді өз үлгісі мен жобасына сәйкес өзерте алады. 1806 жылғы тарихтың соңы туралы тезис адамның идеологиялық эволюциясы Француздық және Американдық революциялардың мұратымен аяқталғанын білдірді, қандай да бір режимдер нақты өмірде оны толық жүзеге асыра алмаса да, бұл мұраттардың теориялық ақиқаттығы абсолютті және оларды одан әрі жақсарту мүмкін емес. Сондықтан Кожевты соғыстан кейінгі еуропалық ұрпақ санасының әмбебапты болмағаны мазасыздандырмады; егер идеологиялық даму шынымен аяталса, онда жалпы адамзаттық мемлекет ерте ме, кеш пе бәрі бір жеңіп шығуы тиіс.
Шынын айтқанда, менің бұл жерде Гегелдің радикальді идеалистік көзқарасын егжей тегжейлі қорғауға орным да, әлім де жоқ. Мәселе оның жүйесі қаншалықты дұрыс дегенде емес, біз жиі дұрыс деп қарастыратын материалистік түсіндірулердің Гегель жүйесі тұрғысынан күмәнді екендігінің айқын көрінуінде болып тұр. Істің мәні материалдық факторлардың рөлін жоққа шығаруда емес. Идеалистердің көзқарасы тұрғысынан алғанда, адамзат қоғамы еркін таңдалып алынған кез келген принцип бойынша және бұл принциптердің материалдық дүниемен үйлесуіне тәуелсіз құрыла береді. Сөз қасиетті сыйырлар немесе Қасиетті Үштік туралы болып отырғанына қарамастан, шындығында адамдар рух саласындағы идея үшін кез келген материалдық қиындықтарды жеңіп шығуға қабілетті екенін дәлелдеген. *5
Бірақ адамның материалдық әлемді түйсінуі тарихта өз орны бар осы әлемді саналы ұғынуымен байланысты болғандықтан, материалдық әлем нақты бір сана қалпының өміршеңдігіне әсер етуі әбден мүмкін. Атап айтқанда, дамыған либеральдық экономикадағы материалдық молшылық және оның негізіндегі тұтыну мәдениетінің шексіз көптүрлілігі шамасы, саясат саласындағы либерализмге нәр беріп, қолдап отыратын тәрізді. Материалистік детерминизмге сәйкес, либеральдық экономика сөзсіз либеральдық саясатты туындатады. Мен болсам керісінше, экономика мен саясат оларға дейін дербес сана қалпының болатынын ескереді, соның арқасында ғана олардың болуы мүмкін деп есептеймін. Либерализмге оңтайлы жағдай туғызатын сананың қалпы, егер ол жоғарыда ескерілген молшылықпен қамтамасыз етілсе тарих соңында тұрақталады. Біз жалпы адамзаттық мемлекет - еркін сауда - экономика саласындағы бейнетаспа мен дыбыс таспаны үйлестіретін саясат саласындағы либеральдық демократия деп қортындылаған болар едік.
ІІІ
Шындығында біз тарихтың соңына келдік пе? Басқаша айтқанда, қазіргі либерализм шеше алмайтын, бірақ әлде бір альтернативті саяси-экономикалық құрылғы аумағында шешіле алатын тағы қандай да бір іргелі «қайшылықтар» бар ма? Біз идеалистік алғышарттардан бастағандықтан жауапты идеология мен сана саласынан іздегеніміз дұрыс. Біз либерализмге қарсы тап берулердің барлығын, соның ішінде қандай да бір нақұрыстық мессиялардан бастау алғандарын да талдамаймыз. Біздің тек маңызды әлеуметтік және саяси күштер мен қозғалыстарда көрініс тапқандары және дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі болып табылатындары ғана қызықтырады. Албания мен Буркина-Фасо тұрғындарының ойларына не келіп, не кететіні маңызды емес, тек барлық адамзатқа ортақ идеологиялық ая деп атауға болатыны ғана маңызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz