Қазақ тіліндегі сөз байланысының синтаксисі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қолжазба құқында

БАКИРОВА ШОЛПАН ӘБДІКЕРІМҚЫЗЫ

Қазақ тіліндегі сөз байланысының синтаксисі

10.02.02 – қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:
Филология ғылымдарының докторы,
профессор Шалабай Б.

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010ж.
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ. СИНТЕТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
1.1 Сөздердің байланысу тәсілдерінің тілбіліміндегі
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2 Сөздердің синтетикалық тәсілдер арқылы байланысуы
... ... ... ... ... ... ... .23
1.3 Сөздердің септік жалғаулары арқылы
байланысуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 25
1.4 Сөздердің тәуелдік, жіктік және көптік жалғаулары арқылы
байланысуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
1.5 Қазақ тіліндегі кейбір жұрнақтардың сөз бен сөзді байланыстыруға
қатысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

2 СӨЗДЕРДІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СИНТЕТИКА-АНАЛИТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ
БАЙЛАНЫСУЫ
2.1 Сөздердің орын тәртібі арқылы
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...71
2.2 Көмекші сөздердің сөз бен сөзді
байланыстыруы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .80
2.3 Сөздердің септік жалғауы мен көмекші есімдер арқылы байланысуы ... ..91
2.4 Сөздердің септік жалғаулары мен шылаулар арқылы байланысуы ... ... .102
2.5 Сөздердің көмекші етістіктер мен септік жалғаулары арқылы
байланысуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .111

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 117

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 221

Синтакситің тіл біліміндегі өзге салаларына қарағанда біршама кешендеу
зерттелген салаларының бірі сөз тіркестері. Жалпы тіл білімінде өзге
салалар туралы теориялық мәселелер дәлелденіп, орныққан кезде, сөз
тіркестері туралы пікірлер енді-енді ғана айтыла бастаған еді. Мәселен, сөз
тіркестері жайында сөз ең алғаш рет ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
айтыла бастаса, орыс тіл білімінде сөз тіркестері, сөз және ондағы сөздерді
байланыстырушы амал-тәсілдер туралы орнықты пікірлер ХХ ғасырдың орта
шенінде айтыла басатады. Ал қазақ тілінің зерттеу еңбектеріндегі сөз
тіркестерінің арасындағы байланысу тәсілдері туралы ең алғашқы тұжырымдар
ХХ ғасырдың екінші жартысына тиесілі. Осыған қарамастан бүгінгі таңда сөз
тіркестері, ондағы байланысу түрлері, тәсілдері, сөз тіркестерінің
құрамындағы компоненттер жайында келелі зерттеу еңбектері, ғылыми
тұжырымдар мен дәлелдемелер жетерлік. Десекте бұл аталмыш саланың барлық
мәселелері толықтай дерлік қарастырылып, зерттеліп болды деген сөз емес.
Ғылым көптеген жылдар барысында жетілдіріліп, дамып отырады деп
санайтын болсақ, тіл білімінің де салалары тілдегі сөздік қор, сөздік
құрамның және де тілдің граматикалық ерекшеліктеріне сай толығып,
жетілдіріліп отыратыны анық. Біздің зерттеу еңбегімізде қарастырылатын
негзгі мәселе осы сөз тіркестеріндегі компоненттердің байланысу тәсілдері
жайында болмақ.
Тіптен, тіліміздегі септік жалғауларының өз ішінде де ара-қатынас біркелкі
деуге келмейді. Олардың ішіндегі ілік септігі негізінен есімді сөз
тіркестерін жасаса, ал барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері
көбіне етістікті тіркестерді жасауға қатысатындығы қазақ тілін зерттеу
еңбектерінде айтылған. Біздіңше септік жалғауларының сөз бен сөзді
байланыстырудағы ерекшелігі мұнымен ғана шектелмейді. Мәселен, бір ғана
ілік септігінің қосымшасын алып қарастырып көрейік.
Бұл оарайда сөз байланысының ерекшелігімен қатар сөйлеушінің сөз
қолданысы да ескеріліу керек сияқты. Алайда мұндай тілдік фактілердің бар
екендігін біз жоққа шығара алмаймыз. Ілік септігінің бұлайша түсірілуі
барлық жағдайларда қол емес, мысалдардан байқап отырғанымыздай, сөз
тіркестерінің бағыныңқы компоненттері бірінші жақ, көпше түрдегі
есімдіктерден болған.
Тәуелдік жалғауының бұлайша түсіріліп айтылуы тілдегі үш жаққа бірдей
тиесілі емес. Олар тек І және ІІ жақтың көпше түрлерінде ғана ұшырасады.
Сондай-ақ тәуелдіктердің түсірілуі айтушының сөйлеу ыңғайына, сөз
тіркесінің тәуелдік жалғауын қабылдайтын басыңқы сыңары қай сөз табынан
жасалғандығына да байланысты. Матасу формасындағы сөз тіркестерінің
тәуелдік жаклғауынсыз айтылатын компоненттері әдетте тек зат есімдер
болады. Зат есімдердің орнына қолданылатын басқа есімдерде, етістіктерде
мұндай жағдай ұшыраспайды.
Жоғарыда айтылған мәселелер сөз бен сөздің өзара байланысу тәсілдерін
тереңірек зерттеуге негіз болады деп есептейміз біз өз зерттеуімізде сөз
тіркестерінің байланысу тәсілдерін жан-жақты ашып көрсетуге тырыстық.
1. Cөздердің интонация арқылы байланысуы

Қазақ тіліндегі интонацияның обьектісі сөйлем болып келе тұрса да, сөз
бен сөзді байланыстыруға қатысы бар. Жалпы интонация туралы А.И.Пешковский,
Л.В.Щерба, А.Б.Шапиров, Богородский т.б. ғалымдар зерттеу жасаған. Қазақ
тілінде Қ.Жұбанов. М.Балақаев, Т.Қордабаев, Нұрмақанова, Базарбаева т.б.
еңбектерінен аталмыш мәселе туралы ізденістерді көруге болады.
Тілдік материалдар негізінде айтылатын ойымыз түсінікті болу үшін әр
сөйлемді, сөйлемдегі жекелеген сөздерді, сөз тіркестерін тиісті әуенмен,
ырғақты үнмен мәнерлеп айтып, сазына келтіре сөйлейміз. Сөйлемдегі бірқатар
сөздер өзара синтаксистік бірлігіне қарап тіркескенде олар айтылу жағынан
ритмикалық топ құрап, кейбір сөздерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тіліндегі жай және құрмалас сөйлемдер
Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселесі
С. аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Т.ҚОРДАБАЕВ және ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕСІ
Сөз таптарын топтастыру
Сөйлем мен сөз тіркесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі
Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
Етістікті сөз тіркесінің байланысуы
Сөздердің аналитикалық тәсілдер арқылы байланысы
Пәндер