Имам Муслимнің хадис ғылымындағы орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Имам Муслимнің хадис ғылымындағы орны.
Ìàçì½íû
Êiðiñïå
Õàäèñ ñ¼çiíiң ìàғûíàñû
Õàäèñ ïåí ñ¾ííеò
Õàäèñòi æåòêiçóäåãi ñàõàáàëàðäûº àéûðìàøûëûқòàðû
Õàäèñòi æàçûï òiðêåó
Ðаóèëàðäûң òàáàқàëàðû
Òàáèғèíäåð äәóiði
Òàáàғà òàáèғèíäåð íåìåñå ìóòàòàáèғèíäåð
Õàäèñ ñàíàäû íåìåñå èñíàäû
Ìóòàóàòèð
әë-Аõàä õàáàðëàð
Ñàõèõ õàäèñ
Õàäèñòiң ñàõèõòûқ äәðåæåëåði
Õàñàí (ê¼ðêåì, ñ½ëó, әäåìi-äåãåí ìàғûíàäà)
Õàñàí õàäèñiíiң ¾êiìi
Ñàõèõ ëèғàéðè¿è
Õàñàí ëèғàéðè¿è
Ìàðäóä õàáàð
Ìóðñàë
Ғ½ëàìàëàð ìóðñàë õàäèñòåð æ¼íiíäå ¾ø ïiêiðäå
Ñàõàáàíûң ìóðñàëû
Ìóғанíәí õàäèñòi àðàá òіëiíäå ( “Әнíә”)
Ðàóèғà êiíә òàғу
Èìàì Ìóñëèì ìóõàääèñ ðåòiíäå æәíå èìàì Ìóñëèì èáí Õóææàæäûң ¼ìiðáàÿíû
È. Ìóñëèìíiң áiëiìäi òàëàï етудегі ñàÿõàòû
È. Ìóñëèìíiң ғàëûìäàð àðàñûíäàғû ìàқòàíûøû ìåí îðíû
È. Ìóñëèìäi æàқòàғàí ғàëûìäàð
È. Ìóñëèìíiң ñàõèõûíà ìàқòàó àéòқàí ғàëûìäàð
È. Ìóñëèì ñàõèõ õàäèñòåðäiң áàðëûғûí æèíàìàғàíäûғû
È. Ìóñëèìíiң æàçғàí åңáåãi
È. Ìóñëèìíiң êiòàáûíà ñàðàïòàìà æàñàғàí ғàëûìäàð
қîðûòûíäû
Ïайдаланған әäåáèåòòåð òiçiìi

ЖОСПАР
Кіріспе
1-Тарау.

1. Хадис туралы түсінік және хадистің дербес ғылым ретінде қалыптасуы.
2. Сахабалардың хадис жинауымен хадис ғылымына деген көзқарастары.
3. Мухаддистердің Расуліміздің хадистерін тіркеуге алу жолындағы еткен
еңбектері.

II Тарау. Имам Муслим Мухаддис ретінде.

1. Имам Муслимнің өмірі мен ғылыми даму кезеңдері.
2. Имам Муслимнің хадис жинау тәсілдері мен жеке ерекшеліктері.
3. Имам Муслимнің Сахих кітабы бойынша сараптама.

Қорытынды

Сілтемелер

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мазмұны

Кіріспе
Ислам дiнi өзiнiң шариғи заңдарын Құран Кәрiмнiң аяттары мен сүннетке
негiздейтiнi белгiлi нәрсе, алайда көбiнесе теологтар (дiнтанушы) хадис
сөзiн сүннеттен айыра алмайды. Хадис ғылымы не, ол қашан пайда болды және
оның мұсылман қоғамы үшiн қаншалық ќажеттiгi болды деген сұрақтар күн
тәртiбiнде тұр. Бiрақ бұл салада сүбелi еңбектер өзге тiлдерде болмаса
қазақ тiлiнде жоќ. Осы хадис ғылымына көңiл бөлiп қазiргi күнге дейiн
шариғат үкiмi Құран Кәрiмнен кеиiнгi екiншi орында тұрады. Яғни
Пайғамбарымыз (САУ) – ның хадистерi де бiздер үшiн ең қажеттi нәрсе.
Сол үшін де көп ғалымдар пайғамбарымыз (САУ) – ның айтып кеткен
хадистері жоқ болып кетуінен қорқып, сол дәуірдегі сахабилердің, олардан
кейінгі табиғиндердің кездерінде де хадисті жинақтан оны күні бүгінгі күнге
дейін кітап болып шығарылуда.
Осы хадис ғылымың ең алғаш еңбек етіп жазғандар Қази Әбу мухаммад
Хасан ибн Әбдірахман ибн Халлад Ромхурмузи (360 һижри жылы қайтыс болған)
сонан кейін Хаким Нисабури (405 һ ж қ б) қалам төлғаған. Алайда оның
жазғандары реттелмеген болатын. Осыдан кеійн Әбу Нуғайм асбаһани (430 һ ж.
қ. б) Хакимнің Маърифату улум әл-Хадис атты кітабынан түсіп қалғандарып
толықтырды. Онан кейін атақты Әбу Бәкір Хатиб Бағдади (435 һ ж қ б) Әл –
Кифая фи илми риуая деген кітабын жазды. Ибн Салах Лақабымен мешһур Әбу
әмір Осман Ибн Әбдірахман (634 һ ж. қ. б) Муқаддима Ибн салах атты
кітабына Тақриб ән – науауа атты Мухтасар (түсініктеме) жазды. Имам
Науауадің тақрибіне 911 һижрида қайтыс болған Жалалиддин суюти Тадриб әр
– Роуи атымен шарт – түсініктеме жазды.
Кейіннен Хафиз Ибн Хажар Асқалаш (852 һ ж) Нухба әл – Фикәр атты өте
пайдалы мухтасар еңбегін жазды. Һижри жылы қайтыс болған Омар ибн Мухаммад
Байқуни 34 бәиттен туратын хадис ғылымына мухтасар өлең жазды.
Пайғамбарымыз (САУ) – ның хадистері қазіргі біздің күнімізде шариғи
үкімдерге қуран Кәрімнен кейінгі Әәлеп ретінде қужат ететін нәрсеміз.
Же де осы біздің пайғамбарымыз (САУ) – ның хадисін ислам ғалымдары жызып
оны кітап қылып жинақтап, мұсылмандар үшін қураннан кейінгі негізгі кітап
етіп жазған.
Қәзіргі кезде мусылмандардың әр бір мәселеге дәлел іздеуде қуранға
сүйенеді. Ал егер қураннан таппса, пайғамбарымыз Мухаммад (САУ) – ның сахих
хадисін жинақтаған ең атақты Мухаддисшілердің кітабына қарап оны дәлел
етеді.
Міне пайғамбарымыз (САУ) – ның сахих хадисін жинаған ең атақты Имам
Бухари мен Имам муслимнің сахих кітаптары. Қураннан кейінгі енгізгі
мусылмандардың сүйенетін кітабы болып қалған.

ХАДИСТАНУ
Бисмилләһир-рахманир-рахим.
Әлхәмду лилләһи Раббил-ъаламин, уас-салату уәссәләму
ъалә ашрафил-мурсалин.
Ислам діні өзінің шарғи зандарын Кұраны Кәримнің аяттары мен суннәтке
негіздейтіні белгілі нәрсе, алайда көбінесе теологтар (дінтанушы) "хадис"
сөзін суннәттен айыра алмайды. Хадис гылымы не, ол қашан пайда болды және
оның мусылман коғамы үшін қаппіалық қажеттігі болды деген сурақтар күн
тәртібінде тұр. Бірақ бұл салада сүбелі еңбектер өзге тілдерде болмаса
қазақ тілінде жоқ. Өткен жылы "40 хадис қазақша сөйлейді" деген атпен бір
кітапша шығардық, қудайға шукір. Ол кітапты оқырмандар жылы қабылдаған
сияқты, енді хадистің ғылыми негіздслуі, оның пән ретінде қалыптасуы
біздің оқырман үшін қараңғы. Осы нұқсанның орнын жабу үпін қаламға қол
создық, Аллаһ тағала игі ниетке жеткізсін!

Хадис ғылымы
1. Алғаш рет осы ғылым саласында қалам тартқан ғалым Қази Әбу Мухаммад
Хасан Ибн Әбдірахман ибн Халлад Ромһурмузи (360 һижри жылы қайтыс
болған).
2. Онан кейін Хаким Нисабури (405 Һ.ж.қ.б.) қалам толғаған, алайда оның
жазғандары реттелмеген болатьш.
3. Осыдан кейін Әбу Нұғайм Асбаһани (430 һ.ж.қ.б.) Хакимнің "Маърифату
улум әл-хадис" атгы " кітабынан тусіп қалғандарын толықтырды.
4. Онан кейін атақты Әбу Бәкір Хатиб Бағдади (436 һ.ж.қ.б.) "Әл-Кифая фи
илми риуая" кітабын жазды.
5. "Ибн Солах" лақабымен мәшһур Әбу Әмір Осман ибн Әбдірахман (643 һ.ж.)
"Муқоддима Ибн Солах" атты кітапты жазды.
6. Белгілі ғулама Мухиддин Ниуауи (676 һ.ж.) Ибн Солахтың "Улум әл-хадис"
кітабына "Тақриб ән-Нау;ауи" атты "мухтасар" (түсініктеме) жазды.
7. Имам Науауидің "Тақрибіне" 911 һижрада қайтыс болғап Жалалиддин Суюоти
"Тәдриб әр-Роуи' атымен шарх -түсініктеме жазды.
8. Соң Хафиз Ибн Хажар Асқалани (852 һ.ж.) "Нухба әл-Фикәр" атты өте
пайдалы "мухтасар" еңбегін жазды.
9. 1080 һижра жылы қайтыс болған Омар ибн Мухаммад Байқуни 34 бәйттен
түратын хадис ғылымына "мухтасар" өлең жазды.
"Хадис" сөзінің мағынасы:
"Хадистін" сөздік мағынасы "жаңа" дегенге келеді. кейде
оны "сөз" мәнінде де қолданады. Ауыл молдалары өзара мәселе таласып
немесе қарама-қарсы пікірмен келісе алмай қалса дәлел ретінде
аят, не хадис келтіруді талап етеді. Әрине, ауылдың аты
ауыл, "хадис " сөзінің айтылуьн өздерінің қазақы тілдеріне бейімдеп
"әдіс" деуі де мүмкін. Осыдан "әдіс" сөзі де бастау алды ма деген ойға
барасың. Шарғи қолданылуында "Пайгамбарымызды істегеністері,
төрліктері, шарғи түсіндірмелері, айтқан сөздерін шарғи тілде хадис" деп
атайды.
Енді "хадис" сөзіне былай деп түсініктеме бере аламыз:
"Аллаһ тағаланың уахиімен ІІайгамбарымыздың аузынан шыққан, Күранға
кірмеген, ғибадат немесе теберік үшін оқылмайтып, оны оқығаны
үшін сауап жазылмайтын, айтылған сөздер, істелген істер мен төреліктерінің
жинағын хадис дейміз".
Хадис пен сүннәт
Хадис ғылымы пәп ретінде белгісіз еді, алайда Расуліміз: "Маған Аллаһ
тағала Қүранды берді және сол катарлы тағы бір дәулетті де берді — деген
сөздері бар, оған қоса Жаббар Ие: "Расулуллаһ нені әкелсе, оны кабыл
етіңіздер, неден тиған болса тиылыңыздар" — дейді.
"Хашр"
суресі: 7-аят.
Ендеше, сахабалар Расулімізден Ұлы Қүдірет мьна аятпен
нені меңзеп түр деп сүраулары табиғи. Оның, үстіне хадисте "тағы
бір дәулетті берді" деп ашық айтып тұр, оның хадис екендігіне
ешкім таласпайды. Пайғамбарымыздың заманында шариғат заңдары
тек қана Құран аяттарына негізделетін, уахи еніп түрған шақта
сахабалар аяттардан нені түсінбей қалса сұрап алатын. Нәби (соллаллоһу
ъаләйһи уәсәлләм) оларға аяттарды түсіндіріп, келіспей қалған
жағдайларында төрелігін айтатын. Бірақ Ол кісі арабтардың дені
сауатсыздығынан Құраны Кәримнің аяттарын бәнденің сөзіне араластырып
алуларынан қорқатын, сол үшін Өзінің сөздерін жаздырмайтын. Былай
дегені де бар:
"Менің бар айтқандарымды жаза бермендер, кім менен Құраннан басканы
жазған болса, өшіріп тастасын2.
Бүл Ол кісінің аятқа деген осыншалық мән беруі еді, соң Құран
аяттарына бәнденің сөзі еніп кетпесін дегендік. Ол кісіге басқа дін
иелерінің иләһи (құдайы) кітаптарына жасаған қиянат істерінің салдары
неге соқтырғаны белгілі еді. Инжил бір кезде 27 нүсқаға жетіп, оның
христиан дүниесіне тігізген зияны адам төзгісіз дәрежеге жеткен.
Христиан патриархаты, епископтары бас қосып, аталмыш инжилдерден
қазіргі айналымдағы төртеуін ғана қалдырып, өзгелерінің күшін
жойды. Алайда бұл инжилдердегі қарама-айшылықтардың соншалық
көптігінен әлі де анық қайсысы сенімдірек екендігін христиан ғалымдары дәп
басып айта алмады. Осы себепті арменияда жүргенде Пайғамбарымыздың сахабасы
Хузайфа ибн Яман (розиаллоху анху) мұсылмандардың Құран аяттарын оқу
жөнінде таласып жатқандарын көріп тұра Мадинаға тартты. Халифалық
орталығында оның хабарын өте ауыр көрді, өйткені сахабалар Расуліміздің
заманынан бері Қуран аяттары жөнінде таласпайтын. Халифа мына хабарды
естігеннен кейін сахабалардан Зейд ибн Сәбит Әл-Банани бастаған топ құрып,
Құраны Кәримді бұрынғы жеті қираат орнына құрайш қираатына көшірті. Онан
бірнеше нұсқа жасатып, жанына барған жерінде жұртты Құран оқуға үйрететін
екі қаридан қоса беріп, уәләйаттарға арнаулыәскери күзетпен таратты.3
Осыдан кейін халифалардың назары хадиске тусе бастап еді, алайда
әуелгі кезде аяттарды өз дәрежесінде түсінетін сахабалар молдығынан хадисті
жинақтауды лайық көрмеген. Әбу Бакр сыддық хадистерді жинап тұрып өртеп
жіберген, ал Омар Фарұқ халифа болғанда сахабаларға хадисті жинау жөнінде
кеңесті, бірақ бір пікірге тұрақтай алмай бір ай ойлана жүріп, бір күні
көпке шығып былай деді:
Мен сіздерге расулуміздің сүннәттерін жинау жөнінде ақылдасып едім,
кейін мен бұрынғы кітабилердің (христиандар мен яхудилер) өздеріне
түсірілген кітаптарына қосымша кітаптар жазып, сол кітаптарды бас салып
оқуға кірісіп, Құдайдың кітабын ысырып тастағандарын есіме алдым. Аллах
тағаланың кітабын уаллохи, басқа нәрсемен шатастырмаймын4!
Омар Фарұқтың мына сөзі кейбір сахабалардың хадисті жинақтауға қарсы
болуы – көпшілік Құранды оқып, мағыналарын зерделеу орнына басқа
кітаптармен алданып кетер деген қауіп болғандығын айғақтады. Сол себепті
хазіреті Али хадис айтқан кісіге ант ішкізген, ал Омар Фаруқ хадис айтудан
Әбу Муса Ашғариді тыйған. Ол белгілі сахабалардан Абдулла ибн Масғуд, Әбу
Дарда және Әбу Зәрр Ғифариді хадисті көп айтасындар деп жауып тастаған
кездері де болды5.
Дегенмен Расулуміз дүние салумен хадисті жинақтаушы сахабалар көбейе
бастады. Шарғи өмірдің заңдары осыны талап етті. Алайда сахабалар хадис
айтатын болса, алдыларына Құранды қойып. Аллах Тағаланың кітабы арамызда
күә болсын, біз бір ауыз да жалған сөз айта алмаймыз деп, табиғиндердің
назарын осы үрдіске қаратып, соң хадис айтатын. Бұл серттесіп жатқандай,
зәредей алдамауға келіскендей әсер ететін.6
Десе де, Пайғамбарымыздың заманында кейбір сахабалар хадисті жазатын
да еді, бірақ ол Расулумуздің өзінен руқсатпен болатын. Белгілі сахаба Әбу
Һурайра р. а. былай дейді:
Ешкім менен хадисті артық білмейтін еді, алайда Абдулла ибн Ас
жазатын, мен жазбайтынмын. Сол үшін ол менен артық білуі мүмкін.
Оның жазуы басқа сахабалардың назарын өзіне тартты. Олар сен
Расулімізден барлық нәрсені жазасың. Кейде ол кісі жазатын да, жазбайтында
сөздерді айтуы мүмкін ғой!? десті.
Осыдан кейін ол Расулімізге тікелсй осы мәселені қойды. Сонда
Ол кісі С.Ғ.С:
"Жаза бер, уәллоһи, меніц аузымнан тек хақтық шығады деп рұқсат
еткен.7
Ендеше Абдулла ибн Әмірдің жазуы - Расуліміздің оған бергем жеке
руқсаты, өйткені жұрттың бәрі ол сияқты қатесіз жаза білуіне кепілдік жоқ
еді. Ол сурианша да, еврейше де еркін жазып, оқи беретін. Басқа сахабаларда
бірді-екілі болмаса бұлай сауат деңгейі байқалмайтын.8
Енді "сүннәт" сөзіне келейік. Суннәт те хадис сияқты, алайда "суннәт"
сахабалар заманында кунделікті тұрмыс жол-жоралғысы, әдет-ғурпы, салт-
санасы.
Имам Муслимнің риуаяты арқылы келген бір хадисте: "Кім бір жаксы сүннетті
бастаса..." дейді, яғни "жақсы әдетті бастап, мұрындық болса" демек. Олай
болса "суннәт " бір жол, бірақ ол сахабалар за.маныида белгілі.
Пайға.мбарымыз сол одстгі сахабаларымен бірге жасаған. үстанғап ғүрып
түріидс болуьі керек. Демек, хадис риуаят, ал сүннәт хадистің өмірде
шынымеи ұсталғапдығының айғақтық дәлелі. Хадис сүннәтке кереғар болып шықса
сүннәт үстем болады. Біз мына риуаятқа назар салайық. Әбдірахман ибн
Мәһдиден біреу Суфиан Сәури, Имам Аузағи және Имам Малик туралы сұрады.
Сонда ол:
"Суфиан Сәури хадис гылымында имам, суннәтте ол имам емес, Имам Аузаги
сүннәтпен имам, хадисте имам емес, ал Имам Малик бул екі ғылымың екеуінде
де имам"- деген.9
Сахабалардың хадисті жината сіңірген едбектері олардын сапарларынан да
белгілі, өйткені Омар Фаруқтан кейін сахабалар Мәдинеден жан-жақтарга
таралды. Жер-жерде хадиске деген талап күшейе түсті. Сахабалар кей жағдайда
өздері естімеген хадистерді өзгелерден сурауг, ұмытылған жерлерін нақтырақ
білуге зәру болды. Сол үшін олар бір-бірлерін іздеп сапар шекті, ол жолдың
олар үшін жакын-үзақтығы есепке кірмейтін.
Жабир Ибн Абдулла р.а. Шамдағы Абдулла ибн Әкиске бір-ақ ауыз хадисті
есту үіпін бір ай жүріп барды, өтхені Жабир ол хадисті Расуліміздем
естімеген болатын. Әбу Аюб Әл-Ансори Мысырдағы Уқба ибн Амирге іздеп барып:
"Сен бізге Расулулаһтан естігеи мусылман адамның намазда алдына
"сэтр " (бөгет) қоюы жөніндег хадисін айтып берші, өйткені сол хадисті
естіген сен мен менен басқа жер бетінде жан калған жоқ " - деді.
Ол айтып болған соң Әбу Аюб түйесіне мінді, түпесінің ерін алмадай
Мәдинеге қайтып оралды10.
Мұндап хадис үшін жолсапарлар өте көп, ал табиғиндер (сахабалардың
соңдарынан еріп, ілімдерін алғандар, яғни "ерушілер") тұсында мұндай
сапарлар тіпті көп. Табиғиндер Куфадан Абдулла ибн Масғудтан хадисті
естісе, оның анығына жету үшін Мәдинеге, Омар Фаруқтың алдына келетін.
Имам Науауи осы үшін:"Хадистің ашық-қанығына жету үшін жолсапарлар
мустәхәб болып қалды " дейді.11 Хатиб Убайдулла ибн Әдиден риуаят етеді.
Әди айтады:
"Мен Әли ибн Абу Тәліппен бір хадис айтқандығын естідім. Ол өліп
кетсе, мен сол хадисті басқа ешкімнен ести алмай қаламын ба деп қорықтым.
Соң ң оны іздеп Ираққа келдім"12.
Бұл әрекеттердің бәрі де жекелей білімге ьнталы жандар жасаған игі
қадамдар болатын, олар өз табиғаттарында жат алу қабылеттеріне қатты
сүйенгендіктерінен жазуды оншалық қажет етпейтін. Кейбіреулер шінара жазса
да, көпшілігі жат алумел қанағаттанатын еді. Кейін Үмәййә әулетінің
әділетті халифасы Омар ибн Әбдул-Әзиз тұсында бұл іске мемлекеттік маңыз
берілді.
Хадисті жеткізудегі сахабалардың айырмашылыктары Сахабалар жат алуда
бәрі біркелкі емес еді, оның үстіне, кейбіреулері “алтын дәуірді
(Пайғамбарымыздың заманы) толық көріп, бірге жасап өткізгенімен хадис
айтудан айбынатын. Саиб ибн Язид айтады:
"Мен Әбу Сағид Худриге (Пайғамбарымыздың сахабасы) қосылып,
Меккеден Мәдінеге сапар шектім. Оның осынша жолда бір рет хадис айтқанын
көрмедім ".
Абдулла ибн Зүбәйр әкесінен:
- Пәленше, туленшелер айтып жүргендей сіз Расулімізден хадис
айтқаныңызды көрмеймін ғой? - деп сүрады. Сонда Зубәйр р.а. былай деп жауап
берді: "Мен Папгамбарымыздың өле-өлгенше былай деп
айтқандарын көп естідім: "Кім менің атымнан жалған сөз айтса, дозақтан
орнын әзірлей берсін!".
Бұл хадис Имам Бухариден, ал Имам Мүслимде: "менің атымнан жалған
айту басқалардың атынан жалған айткандай жай нәрсе емес. Кім менің
атымнан жалган сөз айтса, дозақтап орнын әзірлей берсін!" - дейді.
Осы себепті де кей сахабалардан бір де бір хадис риуаят етілмеген.
Кейбіреулері хадисті молынан жаттаған, өзгелерге карағанда кебірек сұхбатта
болды, яғни Пайғамбарымызбен бірге жүрді, дегенмен хадис нақылына еш қадам
баспады. Мысалы, Әбу һурайра 5374 хадис нақыл етіп, онан хадпс алушылардың
саны 800-ден асқан. Ол кісі:
"мен екі қап хадис жаттап, оның бірінің ғана аузын шештім, егер
екіншісін де босатсам, мына кесіліп кетер еді" деп алқымын ұстаған, өйткені
бір рет ол кісіні "Кімнің сонғы демдегі айткан сөзі "Ләә иләһә
иллалаһ" болса, сол бәнде "жәннеті' болады деген Пайғамбарымыздың
хадисін айтқандығы үшін Хазіреті Омар Мәдинеден жер аударып жіберген
деген нақл да бар. Ондағы Омар Фаруқтың ойы "жұрт өлерімде
кәлимә айтамын, соң жәннәті боламын" арқа сүйеп кетеді дегендік болатын.
Хадисті бұл кісіден артық жат алған сахаба жоқ. Абдулла ибн Омар
2630, Анас ибн Малик 2286, Абдулла ибн Аббас 1660, Жабир ибн Абдулла
1540, Әбу Сағид Худри (Малик ибн Саад) 1170, соң Айша анамыз 2210 хадис
накыл еткен. Осы кісілерден басқа ешбір сахаба мыңнан асырып хадис
қалдырған емес.13
Сахабалардан Омар Фаруқ, Эли Муртаза, Иби Масғуд, Ибн Омар, Ибп Аббас,
Зәйд ибн Сәбит және Айша анамыз пәтуә берумен көбірек танылған. Бұлардың
ішінде Имам Ахмад ибн Ханбалдың нақылына қарағанда ең көп пәтуә бергені Ибн
Аббас р.а. Ибн Хазм айтады:
"Егер олардың пәтуәларын жинаса үлкеп бір том кітап болар еді".
Расуліміздің сахабаларының ішінде "Абдулла" атымен танымал болғандары
төрт кісі: Ибн Аббас, Ибн Омар, Ибн Зүбәйр және Ибн Әмір ибн Ас. Ал Абдулла
ибн Масғуд ертерек қайтыс болып кетті. Ибн Солах "Абдуллалар" 220 сахаба
болған десе, Имам Ирақи 300 шамасына жеткен дейді.14

Хадисті жазып тіркеу

Сахабалардың үлкендері дүниеден өтіп жатты, барған сайын олардың саны
кеми түсті. Осыдан кейін жас сахабалар жайлап хадистерді тіркеуге ала
бастады. Имам Хасан ибн Әли өзінің ұлдары мен туыстарының балаларына:
"Үйреніңдер, өйткені сендер бугін елдің жастарысыңдар, ертең үлкені
боласыңдар. Жаттамасаңдар жазып үйге қойыңдар"-дейтін еді.15
Айша анамыз өзінің жиені Уруа ибн Зүбәйрге былай деді:
"Ей ұлым (ол кісі Расуліміздің әйелі болган соң күллі момындардың
анасы есептеліп, бәріне де "ұлым" деп сөйлеуіне болатын еді), сен менен
хадисті естіп алып, барып жазады деп естідім".
- Мен сізден бір жағдайда естимін, соң басқа біреуден өзгешесін
естімін — деді ол.
- Мағынасында айырмашалық байқала ма? — деді анамыз.
- Жоқ.
- Олай болса оқасы жоқ.
Хазіреті Анас р.а. өзінің ұлдарьна: "Ей балам, гылымды жазып
тіркеңдер" дейтін, де айтып жаздыратын еді. Оған: білім талабымен келген
кісілер көбейгенде бір қүшақ етіп жазып қойғандарын әкеліп тастады:
"Мен мына хадистерді Пайгамбарымыздан естігенмен, сон оны жазып
қойып едім" — деген.16
Табиғидерден Әбу Зурғаға (р.а.) біреу сұрақ қойды:
- Пайгамбарымыздың хадисі 4000 деп айтылмай ма?
- Олай деушілердің көмейлеріне тас тығылсын! Бұл дені сау кісінің сөзі
емес. Расулуллаһ С.Ғ.С. қайтыс болғанда 114 мың сахабасы тірі еді — деді
Әбу Зурға р.а.17
Бұл жалпы айтылған сан болғандықтан сахабалар дәл осынша еді деп
айтуға тұрарлықтай белгілі нақты дерек жоқ. Имам Ирақидің жазуларына
қарағанда түрлі деректерді таразылай келе, сахабалар саны 10 мың шамасы
еді деген де риуаят бар, алайда Мәдине қаласы халифаттың орталығы болып
түрған туста қала түрғындары көп өсіп кеткен болатын. Егер солардың бәрі
мүсылман болса соларлың бәрі де сахаба есептелуі қажет. Онда Әбу Зурғаның
айтқандары шындыққа жақын болып шығады.

Роуилардың табакалары

Хадисті риуаят етушілерді "роуи" немесе "мухаддис" деп атайды. Хадис
айтылған жерде оны кі.м айтты, естіген кім, оның өзі қаишалық сенімді адам
болған деген мың сурақ көкеймізді тесіп тұрады. Сол үшін Ислам ғұламалары
роуиларды буын-буынға бөледі, оны "табақа" деп атайды. Хадисті алғаш рет
естіген адам қайтсе де сахаба, ол Нәби С.Ғ.С. не десе, не туралы сөйлеген
болса немесе бірер істі істеген болса сол жерде қатынасқан және көрген жан.
Демек, роуилардың алғашқы табақасы - сахабалар. Ислам ғүламалары һижраның
110 жылын сахабалар дәуірінің соңы деп есептейді, өйткені осы жылы Меккеде
Әбу Туфайл Амир ибн Уәсилә Әл-Ләйси р.а. дүние салды.18
Бірақ біреу Пайғамбарымызды көріп, сол заманда Исламға
кірмей кейінен дінді қабылдаған болса, оны сахабаға жатқызбайды.
Мысалы, Кәаб Ахбар сондай кісі еді, бірақ табиғиндерге жатады,
өйткені Омар Фаруқ заманында дінге кірді. Қазақтар "Ойсыл-Қара" деп
атайтьш йемендік бақташы Пайғамбарымызды сырттай, көрмей және Ол
кісітің діні басталғанын біліп дінді қабылдаган жан. Оны Расуліміз С.Ғ.С.
"табигиндердің ұлығы Уайс дейтін кісі" деген. Бүл хадис Имам Мүслимнің
Омар Фаруқтан нақыл еткен риуаятында тілге алынады. Ол дінге
кіргенімен Пайғамбарымызды көруге тағдыры болмаған, бірақ Расуліміз
сахабаларымен оған арнайы силық жіберген, Өзінен кейін оған
жеткізуді аманат етіп қалдырған.
Хафиз Ибн Хажар (рохматуллоһ ъаләйһи) - айтады: "Сахаба деп
Расулуллаһ С.Ғ.С.- мен момын болып ұшырасқан, діннен таймай өлген
жанды айтамыз ".
Аз ба. көп пе Пайғамбарымызбен сүхбаттас болған, бірер хадис нақыл
еткен немесе хадис риуаят етпеген, Ол кісімен бірге бірер ғазауатқа шыққан,
не шықпаған, көрген немесе көзі зағиптығынан көрмеген болса да сахаба
қатарына кіреді. Кітәби қауымдардан (христиан немесе яһудалер) біреулер
пайғамбарлық келмей тұрып, Ол кісіні көріп, иман келтірген болса да сахаба
санына кірмейді, өйткені ол кезде Аллаһ тағала пайғамбарлық жібермеген
мезгіл.19
Сахабаның сахаба екендігін бес түрлі жолмен анықтайды:
1. Тауатур (сахабалығына ешкім таласа алмайтын дәрежедегі жандар);
"айрықша ондық-"(Пайғамбарымыз-оларды "жәннәті" деп хабарлап кеткен он
сахаба), төрт халифа, Саад ибн Әбу Уаққос, Сағид ибн Зәйд, Талха ибн
Убайдулла, Зубәйр ибн Аууам, Әбу Үбәйдә Амир ибн Жаррах және т.б.
2. Шуһрәт (яғти сахабалығы мәшһур жандар); Зомам ибн Саалаба, Укаша
ибн Мухсин, Имам Хусейн т.т.
3. Сахабалыгы белгілі адамның "пәленше сахаба" деп куәлік беруі.
Мысалы, Әбу Муса Ашғари р.а. айткан: "Расуліміздеп қандай сөз
естісек, нені де болса білсек, жанымызда Хамхама бірге болатын". Яғни, бұл
сөзден Хамхама сахаба деп білу мүмкін.
4. Табиғиндердің бірінен "пәленше сахаба болған"деген сөздің нақыл
етілуі.
5. Расуліміздің заманында жасаған және сөзі шынайы, зәредсй күдіксіз
кісі ''мен сахабамын" деп хабарласа, оны да сахабаға санайды20.
Сахабаларды табақаға бөлу мәселесінде ғұламалар түрліше пікірлер айтқан.
Жалпы былай бөлу мумкін:
1. Меккеде мұсылман болғандар;
2. "Дар Надуа" мушелері ('Дар Надуа"- жиналыс үйі). яғни, ' Хазіреті
Омар Исламға кірген соң бірқатар мусылмаңдарды қурайшылардың
мәжілісіне күшпен қатыстырған. Сол кезде ерте дінге кіріп
үлгерген кейбір сахабалар Омар Фаруқтың арқасында осы мәртебеге ие болған:
3. Пайғамбарлықтың 5-ші жылы Хабаш (Эфиоп) еліне һижрат еткен, қоныс
аударғандар;
4. Алғашқы "Ақабада" (Меккенің сыртында, таулы "Ақаба" атты жерде
мәдинеліктердің Пайғамбарымызыбен алғаш рет ұшырасып, дінге
меккеліктерден жасырын кіргендері;
5. "Екінші Ақабаның" (келер жылы мәдинеліктерден қаж маусымында келіп
дінге кірген, екінші топ) қатынасушылары. Олардың көшілігі ансорилар
(мәдинелік мұсылмандар осылай аталған), барлығы 70 кісі, олардың жандарында
екі әйел болды;
6. Пайғамбарымыз һижратпен Мәдинеге келіп, Құбада (Мәдиненің
сыртындағы қоныс, қазір қаламен тұтасып кеткен) түрғанда соңынан қуа һижрат
ете келгендер;
7. " Бәдір шайқасының" қатынасушылары;
8. Бәдір мен "Худайбиа оқиғасы" (Меккеде құрайшылар мен Пайғамбарымыз
алғаш рет келіссөз өткізген оқиғасы. Мусылмандар Меккеге бейбіт мақсатпен -
қажылық ырымын жасаймыз деп барғанда құрайшылар Каабаға кіргізбей қойған.
Сонау көне замандардан қажылыққа келгендерге бөгет болмайтын) аралығында
Һижрат еткендер;
9. "Байғаты Ризуанның қатынасшылары" (Хүдайбиада тұрғанда мұсылмандар
Меккеге кіре алмай, Хазіреті Осман елшілікке кеткен-ді. Кейін оны "өлтірді
деген қауесет тарап, оған мұсылмандар ызаланыл, "енді Меккеге қылыштен
кіреміз?" деп салтанатты түрде ант берді. Пайғамбарымыз сол антты бір
ағаштың түбінде тұрып қабылдаған еді. Сол үшін аят енді. Сол аят енген және
Аллаһ тағаланың разылығы енген ағаш деп, оны жұрт "шажарайы ризуан" деп,
сонда болған сахабалар да Аллаһ тағаланың разылығьна ие болды);
10. Мекке "фатх" болмай, яғли ашылмай һижрат еткен сахабалар; '
11. Мекке ашылған соң ділге кіргсн сахабалар;
12. Мекке фатхы күні. '''Хижжаты Уадаъ" аталған "қоштасу қажылығы"
күнінде (Расуліміз Меккеге қажылыққа келіп, "мен сіздерді келер жылы коре
алмайтын шығармын" деген, шыньшда Ол кісі содан кейін қайтыс болған)
Пайғамбарымызды жас балалар да көрген. Олар сол кезде саналы болсьн-
болмасын сахаба есебіне енеді.21
Сахабалардың үлкен-кішісі болып, кейінгі бүліктерге араласса
да бәрі де өділ, өйтхені Аллаһ тағала аяты кәримәда:
"Адамзат үпіін .шығарылған ең қайырлы үммәт (діндарлар) болдындар" -
дейді.
"Әлі Имрай' суресі: 143-аят.
Аят "ең қайырлы үммәт болдындар" деп тұр, ол сахабалар атына айтылған
иләһи мадақ, себебі олар қалай болған күнде де дінге қиялат еткел жоқ,
шариғат жолынан зәредей қия баспады. Кей жағдайларда болғал дау-шар саяси
ыждағатта қателесуден туындаған, ол сахабалардтың бәнде екендіктерінің
белгісі, бәндегс қателесу тәп ләрсе. Пайғамбарымыз С.Ғ.С:
"Заманның жақсысы — менің заманым, соң оларға жақын түрғандары, сосын
оларға жақын тұрғандары, одан кейін жалған айту басталады — деген.
Хадис екі "шайх" — Имам Бухари мен Мүслим нақьшы. Ол кісі "менің
заманым" деген заманы — сахабалар заманы, олардан кейінгі жақсысы
деп отырғаны - табиғиндер дәуірі, онан кейінгі мадақталгалдар "табага
табигиндер ' янгі табиғиндерге ергендер. Ислам осы үш дәуірде
жасағандарды толық мадақтайды, тек өзі онсыз да танымал, шариғатқа таза
бола алмаған, хадис риуаяттарын сеніп алуға болмайтыл жандар бұл есепке
кірмейді, әрине.
Әбу Зурға Рази айтады:
"Егер, біреу сахабалардан бірінің атына лайықсы ақсыз сөздер аптып
жатса, опы "кәпір" деп бие бер. Өйткені, Расуліміз хақ, Қүран хақ, Оның
келтіірген нәрселері хақ, Осының бәрін бізге сахабалар жеткізді. Ал
әлгіндей оңбағапдар тірі куәлерімізге қол салу арқылы Кітап пен Сүннәтті
бекер етпек. Кінарат олардың өздеріие лайырығаң, олар кәпірлер".22
Ол кісінің бұлай айтуның жаны бар, өйткепі сахабзлар өздерінен
хейінгілерден артық адаса қойғал жоқ. Осман Зуннурайн өлтіршген
соң да айқын "біідғат" (шарғи теріс іс) байқала қоймады.
Пайғамбарымыздың замалынан үзақтамен жұрт көбірек адасып, ел ішінде бірлік
жоғалумен екі үлкен іріткі, бүліктің белгісі пайда болды, олар: Хазіреті
Әлиді ''кәпір" деп таласқан хауариждер бүлігі мен Хазіреті Әлидің
имаматьн оның бейкүнә және таза болғанда тіпті пайғамбар немесе қүдай
екендігіне шерйін мәселе көтерген рофизалардың іріткі
әрекеттері. Әли Муртаза оларды өте қатты қысымға атып, отқа ортеді. Ел
аішумен хадиске до сақтық жасау қажст болып, бүл туралы Әли ибн Әбу Толіп
р.а. былай дуген:
"Адамдарга ақылдарына қопатып пәрселерді айтыңдар, олар үқпайтын
пәрселерді қойындар. Аллаһ тагала мен Расулінін сөздерін жалған деп
айқандарын қалайсындар ма?".
Жогарғы айтылған хауариждср мен рофизалардың булігі басталған соң сахабалар
хадисті зерттеп, зерделеи қабылдайтын, сақтық жасайтын болды23.
һишам ибн Әбді-Мәлік халифа тұсында белгілі табиғин Хасан Басридің
алдына біреу кіріп, бьлай сұрақ сұрады:
- Бұл заманда "сохибы кәбирәні" (аыурлау көне жасағаи кісіні)
"кәпір" деп, екінші біреулер ондай күнәнің ислеріне Аллаһ тағаланың
рахметін уәде етіп, үміттендіретіндер пайда болды ғой?"
Ол кісі бұлай сұрағаны хауариждeр кейбір шарғи ауырлау есептсгі күнәлі
іс еткендерді "біржолата діннен шықты' деп, ал "муржиа" сияқты адасқандар
"не істесең істей бер, иманың болса' күнәнің зияны жоқ" деп, білген
былықтарын жасап жатты. Бұл жағдайда қалай жүріп-тұру тәрізінің өзі күн
тәртібіне қойьлып, енді оны шынайы сүннәтпен ғана шешу мүмкіндігін халық
түсінген еді. Осыны ұққан қарапайым халық өкілі Хасан Басридің алдына келуі
тегін еместі.
Табиғнндер дәуірі
Сахабалардың дәуірі аяқталып, ендігі Ислам дінінің қызмет
кезегі табиғиндерге (сахабалардың көздерін көріп, олардың
ілімдерін меңгерген кісілер "табиғиндер" деп аталады) деді. Табиғиндер
роуилардың екінші буыны-табақасы болып, ең соңғы дәуірлері 150 һижри
жылға сәйкес келеді деп Исламның басым көпшілік имамдары қаулы еткен.
Табиғиндердің анық санын айту: өте қиын, өйткені сахабалар төрткүл
дүниеге таралумен табиғиндердің саны арта түседі. Сахабаны көрген, онан
ілім үйренген, сұхбаттасқан жақсы жандардың бәрі де осы атқа, яғни
"табиғи" деген атқа ие болады. Олар сахабалардан барынша ілімдерін
үйренуге құштар болғандығы, жер-жерде хадис үйренуге деген елдің
ыкыласының зор болғаны сонша табиғиндердің ішінде атақтысы Мухаммад
ибн Сириын р.а. былай дейді:
"Мен Куфаға келдім. Онда сол кезде 4000 хадис роуилары бар екен".
Табиндердің ішінде Мәдішеде атақты роуилар Ислам ғүламалары "жеті
фуқаһа' ("фақаха- шариғаттанушы ғалым, ал "фуқаһа" көпше түрдегі фақиһ) деп
айдар таққан ғүламалар:
1. Сайид ибн Мусаййаб (93 һ.ж.қ.б.);
2. Уруа ибн Зүбәйр (94 һ.ж.қ.б.);
3. Әбу Бәкір ибн Әбдірахман ибн Харис ибн һишам (94 һ.ж.қ.б.);
4. Убайдулла ибн Абдулла ибн Үтбә ибн Масғуд Әл-һүзәли (98 һ.ж.қ.б.);
5. Қасым ибн Мухаммад ибн Әбу Бәкір Сыддық (107 һ.ж.қ.б.);
6. Харижа ибн Зәйд ибн Сәбит Әл-Банани (99 һ.ж.қ.б.);
7 Әбу Салама ибн Абдурахман ибн Ауф (94 һ.ж.қ.б.):
Жетінші 106 һижрада қайтыс болған Сәлім ибн Абдулла ибн Омар еді деген
қаулы да бар. Мәдинеде табиғиндердің ғүламаларынан Абдулла ибн Омардьң
"мәуләсі (азат еткен құлы) Нафиғ 117 һижрада, (124 һ.ж.қ.6.) Мухаммад ибн
Шиһаб Әз-Зүһри мен 130 һижрада дүние салған Әбуз-Занадтьң аты шықты.
Меккеде Ибн Аббастың мәуләсі Икрима (105 һ.ж.қ.б.), Ато ибн Әби Робах
(115 һ.ж.қ.б.), Куфада Амир ибн Шарахил Әш-Шағби (104 һ.ж.қ.б.), Иброһим Ән-
Нахағи (96 һ.ж.к.б.), Алқама ибн Абдулла Ән-Нахағи (62 һ.ж.қ.6.) мен Масруқ
ибн Аждағ Әл-һамадани (62 һ.ж.қ.б.) (рохматуллоһ ъаләйһим), Басра қаласында
Хасам ибн Әбул-Хасан Басри (110 һ.ж.Қ.б.), Мухаммад иби Сирин (110
һ.ж.қ.б.) Қатада ибн Даама Әд-Дауси (117 һ.ж.қ.б.), Шамда Омар ибн Әбдул-
Әзиз халифа (101 һ.ж.қ.б.), Мукхул (118 һ.ж.қ.6.), Кобиса ибн Зуайб (86
һ.ж.қ.б.), кітәбилердің танымал ғалымы Кәаб Әл-Ахбар (32 һ.ж.қ.б.), Мысырда
Әбул-Хайыр Марсад ибн Абдулла Язани (90 һ.ж.қ.б.), Язид ибн Әби Хабиб (128
һ.ж.қ.6.), Яманда Тоуус ибн Кисан Әл-Ямани Әл-Химяри (106 һ.ж.қ.б.) мен
Уаһб ибн Мунаббиһ (110 һ.ж.қ.6.) ерекше айтылады26.
Роуилардың бесінші буыны қатарына бірнеше сахабадан хадис қабылдаған
Имам Әбу Ханифа (150 һ.ж.қ.б.) да жатады. Малики мазһабының негізін қалаушы
Имам Малик "табага-табиғиндердің" үлкені, сондай-ақ Ахмад ибн Ханбал (241
һ.ж.қ.б.) да табаға-табиғиндерге жатады.
Имам Балқини: " Табиғиндердің ең соңгы өкілі Халифа ибн Аюб 180 һижрада
қайтыс болды " — дейді27.
Табигиндер хадисті сахабалардан есітуге қанағат етпен өз дәрежесінде
үғып алу үшін орталққа сапар шегетін. Бүл белгілі табиғин Әбул-Ғалиядан
риуаят етіледі. Ол кісі айтады:
"Біз риуаятты Басрада сахабалардың ауыздарынан-ақ еститінбіз. Соғап разы
болмай Мәдинеге келіп, мұндғылардың ауыздарынан тыңдайнбыз "28.
Табиғиндердің дін үшін еткен еңбек, төккен терін айтып жеткізу қиын,
өйткені олар мың-мыңдап ғүламалардың аттарьш қағазға түсірді, олардың
туған, өлген жылдары мен дін жолына істеген қызметтерін тіркеді. Зәредей
күдігі бар адамды білсе онан хадис алу-алмау қортындысын жасады. Атын
алдап. Жемі жоқ дорбамен үстап түрған роуидің хадисін алмай кетті. Өмірін
жалғанмен көмкерген жанға хадистей әзіз нәрсені қалай сенуге болады деп,
оларға сәлем де бермеген. Суфиан Сәури айтады:
"Роуилар жалған айта бастап еді, біз оларға тарихты қолдандық.
Имам Хаким айтады:
" Бізге Мухаммад ибн Хатим Әл-Каши келді. Ол Әбді ибн Хумайд атынан
хадис айта бастады.
Әбді қашан қайтыс болды? деп сұрады. – 206 жылы деді ол. Бұл кісі Әбді
ибн Хумайдтан өлген соң 13 жыл кейін хадис есітіпті дедім.
Ғүламалар мынадай оқиғаның болғандығын айтады: "Муфтилерден біріне
бір яһуди бір құжат көрсетті. Онда Пайғамбарымыз Хайбар (Мәдинеге жақын
маңдагы еврейлердің әскери қорғаны) жерінен "жизия" (шарғи салық)
алмау жөнінде бүйырған-мыс. Оның ішінде сахабалардың куәліктері
келтірілген екен. Әлидің де аты бар. Оны атақты мухаддис (хадис жинаушы
ғалым) Әбу Бәкір Хатибке көрсеттік.
- Жалган! — деді ол.
- Қалайша? — деді яһудилер.
- Мунда Муғауияның да куәлікке тартылганы бар екен. Ол Мекке ашылғанда
мусылман болған, ал Хайбар 7 һижрада ашылған. Мунда Саад ибн Муғаздың да
куәлігі тұр, ол Бәни Курайзалармен (Мәдинелік еврейлердің бір ірі тармағы)
болған оқиғада қаза болған. Ол да Хайбардан екі жыл бурын болмаппа еді? -
деді ол.
Жұрт көңілденіп, еркін тыныс алды.
Хадис кең түрде жинақталып, кітаптарға еніп қалуына ең үлкен
себепші халифа Омар ибн Әбдул-Әзиз (101 һ.ж.қ.б.) болды. Ол жан-
жақтардағы өз қызметшілеріне хадистерді жинау туралы хаттар жіберіп:
"Маған Расуліміздің хадистерінен ең дурыстарын жазып жібер, өйткені
ғуламалар таусылумен гылымның да жойылып кетуінен қорқамын " — деген еді.
Ол кісінің бұйрығының арқасьшда бірқатар ғалымдар хадистерді
жинақтады. Олардың ішінде Ибн Шиһаб Әз-Зүһри (124 Һ.ж.қ.б.) де алғашқы
жинағын аяқтап, былай дейді:
"Менен бурын ешкім бұл ғылымды жинақтай алганжоқ.

Табаға табиғиндер немесе мутатабиғиндер.
Табипш - "еруші", ал "табаға тәбиғин" - табиғиндерге ерушілер. Оларды
Пайғамбарымыз "жақсылар" деп айтып кеткен. Олардың ішінен мьңдап кемеңгер
ғүламалар шықты, мысалы, Малик ибн Анас (Малики мазһабьның негізін қалаушы
сүңғыла ғалым), Әбдірахман ибн Әмір Аузағи, Суфиан Сәури. Шуғба ибн Хажжаж
және т.б.
Имам Сахауи айтады:
"Сөздері уәжге алынатын кісілерден ең соңгылары 220 һижри жылдары жасады.
Бұлардан кейінгі бұындардың басы Имам Бухариидің үстазы Исхақ ибн
Роһауай (239 Һижрада қайтыс болған), Ахмәд ибн Ханбал (Имам Ханбал, белгілі
төрт мазһабтың бір тармағының негізін қалаушы имам, 241 һижрада
қайткан), Осман ибн Әби Шайба (239 һижрада қайтыс болды) р.а-лер.
Осы ғасырда Имам Бухаридің (256 һижрада қайтыс болған. "Әл-Жамия әс-
Сәхих" кітабы сияқты әлемдік мағызы бар сүннәт кітабы дүниеге келді. Осы
кезде Имам Муслимнің сахихы (261 һижрада дүние салған) "Сахихы” да жазылып
бітті. Тугел Ислам әлемі мойындаған " Сихах ситтә" - "Атақты Алтысу деп
атауға болатын алғашқы алты сүннәт кітаптары жазыльш бітті. Бұл кітаптардың
ең соңғысын Имам Насаи жазған. Бұл кісі 303 һижра жылы әлемнен қайтты.
Ислам ғүламалары Имам Зәһәбидің айтуынша 300 һижри жылдың басын
мухаддистерді "мутақоддимин" (бүрынғылар) және "мутааххирин" (кейінгілер)
деп бөлген екі дәуірдің шегі етіп белгілеген33.
Реті келгенде біздердің оқырмандар үшін осы "Атакты Алтауды "
таныстырған артық болмас, өйткені бұл кісілер хадис ғылымында Ислам
әлемінің маңдайына біткен 6 жұлдыз іспетті қаралады. Бұл "алтылықтың"
алғашқы төртеуінің жазбагерлері түркі тектес жандар еді, олар: Имам Бухари,
Имам Мүслим, Имам Тирмизи, Имам Насаи. Ал Имам Әбу Дауд айқындықты талап
етеді, өйткені ол кісі Иранның Систан уәләятынан, ал Систан бір кезде
Рүстем жасаған түркілердің отаны. Систан сөзіне Файрузабади сөздігінде
мьшадай түсініктеме бар:
Систан - араби "сижистан", әсілінде сақстан, сақ тайпалары
жасаған жер".
Демек, Әбу Дауд кім екендігі нақтьшауды қажет етеді, ал жеке осы
Алтаудың жазбагерлерін тарих тезінен айқындап, бұл кісілер туралы біздің
оқырмандар хабардар бола берсін деген ниетпен туған жылдары, еңбектері,
олар туралы ғүламалардың пікірлерін келтіреміз, ин шаа Аллаһ.
Роуиларды кейде "рижәл" (хадис қайраткері) деген мағынада да атай
береді. Оларды тіркеуте алуда том-том кітаптар жазылған. Бұл туралы
еуропалық шығыстанушы ғальм GUYBALL таңғала жазған. Алманішдық ғалым Д.
Эсперанкер (1853-1864 жылдар) Калкуттада басылған араби Әл-Исоба
кітабыньщ ағьшьн тіліне аударьлған кіріспесінде бьлай деді:
Рижәл гылымында мұсылмандар жасагандай кереметті жасау қазіргі
заманымыздагы халықтарда болмағаньндай бұрынгы халықтарда да кездеспеген.
Ол - 500 мың кісінің аты-жөндері мен тіршілік тәріздерін толығынан тіркеген
энциклопедия34

Хадис санады немесе иснады.
"Иснад" сөзінің екі мағынасы бар: бірінші хадисті айтқан кісісіне
тиістеу, екіншісі хадис мәтініне (текст) жеткізетін рнжәлдарінің тізбегі
(силсиләсі). Бұл жағынан алғанда "иснад" "санад" сөзіне жақын. "Санад"-
таяныш, сүйеніш мағынасында, ал хадис ғылымы саласында "мәтінге жеткізетін
рижәлдардің тізбегі" мағынасында қолданьлады.
Имам Аузаги айтады: ''Иснадтың1, жоғалуы — ілім -жоғалуы". Белгілі
ғалым Абдулла ибл Мубарак айтадъг:
"Иснад — дін. сгап иснад болмаса кім не қаласа соны. айта бере
еді
"Иснад" — риуаятты біреуге сүйеу, яғни "пәленше айтты' деу. Ал олай
дейтін кісі кімнен естігенін, ол ұстазы хадисті кімнен нақыл
елкенін, оның соңы Пайғамбарымызға тұтзса ма, жоқ па екендігін
'толығымен, жаңымай, шатастырмай айта білуі қажет. Бұл талапқа жауап
бере алмаған "мен мухаддиспін1' дей алмайды. Демек, иснадсыз, біреуте
сүйемей хадис айтудың қадір-құны жоқ. Муса пайғамбардың Библиясы (Таурат)
қанша мадақтаса да, сонау кітапты қабылдам алғаи пайғамбарынан неше
мың жылға ұзақтап кетті, ал Евангелиенің (Инжил) нұсқаларының
көлтігінен христиан дүниесінің басы қатып отыр."От Иоанна" немесе "от
Матвея" деп жазылған кітаптың "отып" айтып отырған кісінің кім
екелдігіл біз түгі соншама ынталы христиандардың өздері де білмес. Тіпті
сол дәріптелген Инжилдің қай тілде түскендігін де ешкім дөп басып айта
алар ма екен? Ал (Құран аяттарын былай қойғанда) Исламда
зағип" (сенімдік дәрежесі әлсіз) хадистің де испады бар оны айтқан кісі
мен оны тіркеген жандар атаулы. Ислами кітаптарда күдік тудыратын
тұжырымдар жоқ.
"Мухаддис"- хадистану ғылымымен айналысушы ғалым оның сөздік, шарғи-
діни тұрғыдаи аятқа салыстырғалда дұрыс-бұрыстығын айқылдау - бәрі де
мухаддистердің міндеттемелері. "Хафиз" деп те айтылады, оның екі түрлі
түсінігі бар: бірі. ол "мухаддис" сөзімен сарындас, екіншісі "мухаддис"
сөзінен дәрежесі жоғары деп те айтылғал. "Хаким" деп хадис ғылымында
керемет көп хадистерді жатқа білетік, оның назарьшан кейбір хадистер ғана
шет қалғандай шалкар білімді адам. "Роуи" (риуаят етуші) деп те айтыла
береді.
Бізге жеткен хабарлар (мейлі ол хадис пе, тарих па) бізге жетуіне
салыстырып, "мақбул" - қабылданатын, "мардуд" -қабыдданбайтын және
"муштәрәк" — екеуіле де ортақ болып бөлінеді. Хабар бізге сан-санақсыз
жолдармен жеткен болса олы "мутауатир", ал санаулы жолдармен жетсе әәхәд
деп атамыз
Мутауапшр бір іс үздіксіз, жүйелі түрде болып жатқанын. ал осы ғылым
саласьнда роуилары өте көп санды, олардың жалған іске ұйымдасу мүмкіндігі
жоқ болған хадисті білдіреді.
Анығырақ айтқанда: хадистің, барлық тізбегі (силсиләсі) тым көп роуилер,
санау қиын. Расуліміздің заманынан әлі күнге солай болып келе жатқан нәрсе.
Оны зерттегенімізде бізге мына шарттар байқалады:
1. Хабар роуилары көп кісі, ең аз саны қаншалығында талас бар. Хабаршылар
оннан кем болмау керек дейтіндер бар;37
2. Осы сан хадистің барлық саладында болуы тиіс;
3. Хадистің мәтіні мен мәні жалғанға ұйымдасуды көтермейтін дәрежеде
болуы (яғни, мухаддистердің әрқайсысы әр елден әр ұлттан түрлі мазһабтардан
болды)
4. Хабарларының мазмұны сезілерлік аяда болуы.
Мысалы "естідік", "көрдік", "сөздік" дегендей сөздер. Ал әлем жаратылысы
сияқты санамен ғана білу мүмкіндігі бар хабарлар "мутауатир"болмайды олай
деп аталмайды.
Мутауатирдің үкімі - "яқини ғылымп (оны ешқандай күдіксіз қабылдау
қажет). Мутауатир "ләфзи"және"маънауи" болып екіге бөлінеді.
"Мутауатир ләфзи"- сөзі (лебізі) де, мағынасы да "тауатур
" үкімінде болған хадис.
Мысалы:
"Менің атымнан әдейі жалған сөйлесе, дозақтан орнын дайындай
берсін" хадисі. Бұл хадисті 20-дан аса сахаба риуаят
еткен.
Маъпауи мутауапшр мағынасы пшуашур дәрежесіне жеткен, сөзі тауатур
дәрежесінде емес. Мысалы, намазда қол көтеріп құлақ қағу, дұғада қол
көтеріп дұға ету сияқты хадистерді жүз қаралы сахаба риуаят еткен. Осы
тәрізді хадистер өте, бірақ түрлі орындарда әртурлі себептерге байлаиысты
келген, бірақ олардың арасында дұғада қол көтеру белгісі ортақ болып
жеткен. Дұғның басқа тұрі жоқ.
Мұндай хадистердің түрі көп, мысалы, мәсінің немссе етіктің үстінен
мәсіх тарту, намазда екі қолды көтеру және:
"Аллаһ тағала бір бәндесін коркейтсін, ол Менің айтқан хадисімді естіп..."
деп басталатын хадисі. Біз мұндай хадисті іздесек тым аз, ал"әәхәд"
хадистері өте көп екендігін байқау қиын емес. Мутауатир хадистер жөнінде
Имам Суютидің екі кітабы бар.
( ) хабарлар
"Әәхәд"- бірлер дегені, "әхәд"- бір. ІІӘәхэд" араб тілінднгі бір сөзінің
көпшесі, яғни "бірді-екілі" немесе санаулы деген мағынада. Ендеше бір ғана
кісі риуаят еткен хадис дегендей болады, ал шарғи түсінілүі "мутауапшр
хадистің шартпшрына. жете алмаған хадис".
Әл-әхад хадистерінің үкімі дәлелді, зерттеуді қажет етеді. Оның
жету- жолдарына қарай үш бөлімге бөлінеді:
1. Мәшһүр;
2. Әзиз;
3. Ғариб.
"Мәшһур хадисті" әр буъінында үш немесе онан да көп мухаддис риуаят
еткен, бірақ тауату (мутауатир) дәрежесіне жете алмаған хадис.
Мысалы: "Аллаһ тағала ғылымды суырып алмайды..." хадисі. Хадис
Екі Шайх, Тирмизи, Ибн Можаһ және Имам Ахмадтан нақыл е'гілтен.
"Мустафиз" деп аталатын хадис те бар, оны үш түрлі түсіндіреді: а)
мәшһүрге ұқсас, Ә) иснадының екі жағы тең болуы талап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хадис әдістемесі
Хадис тарихы
Дін тыныштықта дамиды немесе Матуруди ақидасы адасқан ба?
Ислам дінінің пайда болуы
Ислам діні негіздері мен тарихы - оқу-әдістемелік құралы
Діни қызметтегі шешендік сөздер
Ислам діні пайда болуының алғы шарттары
Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні
Ұлы ғалым Ибн-Теймианің (р.а.) оқушысы Ибн ал-Кайимнің(р.а) кітабы
Ислам ілімдері факультеті
Пәндер