ХАҚНАЗАР ХАННЫҢ САЯСИ ӨМIРI


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ

Негiзгi бөлiм

ХАҚНАЗАР ХАННЫҢ САЯСИ ӨМIРI

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ


КIРIСПЕ

Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қарыштап дамып, өрлей түсті деуімізге болады. Оған негіз Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың қазіргі Қырғыстан аумағында Шағатай ұрпағы Абд ар-Рашидтің қазақтарды құртып жіберген, содан кейін бейнебір бұл халықтың аты жойылып кеткені туралы мәлімет дәлел бола алады. Бірақ мұны 16 ғасырдың орта шеніндегі қазақтардың тарихы жөніндегі деректерде еш мәліметтердің айтылмауымен түсіндіруге болады. Сондықтан бұл кездегі қазақ хандығының тарихы осы кезге дейін толық анықталған жоқ. Осының бәрі тарихнамада Қазақ одағының «қайта түлеуі» туралы мәселе қойуға түрткі болады.

Бірақ Қазақтар «мүлдем құрып кетті» дегенде, Мұхаммед Хайдар, сірә, Тахир мен оның бауыры Бұйдаштың иеліктерін айтса керек. Қадырғали бидің мәліметтеріне қараңанда, ол елде Бұйдаштан басқа ұсақ хандар болған, олардың есімі әлі мәлім емес. Сол кездегі, хижра бойынша 1535-1538 жылдардағы хан атағы болған қазақ сұлтандары арасында деректемелерде Тоғым хан, Ахмед хан, Хағназар хан, Наурыз Ахмед хандар айтылады.

Сөз басыyда айтып кеткендей осы хандардың ішінде хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан әрекет жасады. Енді ханың өміріне тоқталатын болсақ, оның әкесі Қазақтың атақты хандарың бірі - Қасым хан, ал анасы - ханық-Сұлтан ханым. Хайдар Дулатидің пайымдауынша Қасым хан 1518 жылы қайтыс болды, осыдан біз Хақназардың 1519 жылдан кеш туылмағанын біле аламыз. Хақназар тегі туралы және де мынадай мәліметтер бар. Мәселен, «Джахан-арада» Ғафар былай дейді:»Сейтах ханың ұлы, Жәнібектің ұлы, Берді ханың ұлы Қасым Дештінің ханы болды. Ол 930 жылдың бірінші айында өлді. Қасым ханың ұлы Хақназар хан әкесінен кейін патшлыққа отырды, және енді Дештінің ханы болып табылды» Алайда, біріншіден, Қасым ханды Саийдак ханның ұрпағы деп санау дұрыс емес. Шынында ол Жәнібектің баласы. Сірә, Саийдак пен Жәнібек есімдерін автор бір адамның орнана екі адамның орнына есептесе керек, ал басқа деректемелер бойынша, Жәнібектің өзі Әбу-Саид(Саийдак) В. В. Веляминов Зернов « Исследовании о Касымовских царяхи царевичах» деген еңбегінде Сейдақ Жәнібек есімінің қате жазылуы деп атап өтеді. Екіншіден Қасым хан өлгеннен кейін Хақназар хан болды деген мәлімет шындыққа жанаспайды, өйткені ол кезде Хақназар әлі бала етін, сондықтан билік Қасымның ұлы Мамаштың қолына өтті. Көп ұзамай шайқастардың бірінде қайтыс болады. Бұдан кейін билік басына Қасымның ағасы Жәдіктің ұлы Тахир сұлтан келеді. Біз Таир-Мұхаммедтің «Раузат ат-тахиринінен» осындай мәліметтер таба аламыз, тек жаңа мұнда Сайидак бұнда хан емес, Сеид деп аталады.

Бұрын бір одақта ұзақ уақыт бірге болмаған, бір-біріне бағынбаған үш мемлекеттің құрамында жүрген тілі бірдей тұрмыс-салты, шаруашылық үрдісі бірдей көшпелі тайпалардың жаңа саяси одаққа бірігуі атақты Ақназар ханның тұсында тиянақталды"

Қасым, Ақназар мен Тәуекел тұсындағы қазақ хандығы "біршама орталықтандырылған мемлекет болды, ол өзінің даму деңгейі тұрғысынан Шыңғыс ханның империясынан Киев мемлекетінен және ұлы Карл империясынан да жоғары тұрды" деген қорытынды жасалған болатын Егер бұл тұжырым ғалымдар тарапынан қолдауға ие болса, Қазақ хандығының біршама ауқымды территорияда ту тіккенін қазақ жерлерін біріктіруге кіріскенде Керей, Жәнібек, Ақназар хандардың жеткілікті экономикалық және адам ресурстарына арқа сүйегендерін көреміз. Ал, отандық тарихнамада алғашқы Қазақ хандығының күш-қуаты туралы айтыла бермейді, оның өз аумағын кеңейтудегі себептері қарсыластарының дағдарысқа ұшырауы, өзара тартыстары, әскери сәтсіздіктері сияқты факторларды пайдалануда Қазақ хандарының ептілік танытуымен, нәтижесінде әскери-саяси қолайлы жағдайлардың қалыптасуымен түсіндіріледі. Қазақ аңыздарында қазақтарды Yлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзге бөлген Ақназар хан делінеді. Бірақ мұны дәлелдейтін нақты материалдар жоқ

ХАҚНАЗАР ХАННЫҢ САЯСИ ӨМIРI

Хақназар ханның билеуі 30 жылдам астсам уақытқа созылады. Аңыз бойнша Тахир мен Бұйдаш билік еткен жылдарында Хақназар бір ноғай мырзасының қолында тұрған. Бұл әбден ықтимал, өйткені сол кезде саяси жағынан бытырап кеткен ноғай ұлысы жөнінде Қасым хан жү р гізген саясатқа қайшы келмейді. Ноғай даласының жекелеген аудандарын бір - бірімен жауласқан тәуелсіз әмірші-мырзалар басқарған. Сондықтан толыссыз жүргізген өзара қырқыстар себепті көптеген ноғайлар көбінесе тұтас ауылдармен бірге қазақ ханының қол астына қашып барып паналаға; ал Қасым оларға ықыласпен қолдау көрсеткен.

Хақназар туралы ең алғаншқы деректер 1549 жылға жатады. Ол деректер оның түкі келгемендермен шайқасы туралы. Ол Хасан бек Румлудың «Ахсан ат таварихында» айтылады және тегінде, түпнұсқа болар, өйткені бізге белгілі шығармалардың ешқайсында кездекспейді.

16 ғасырдың екінші жартысында толас таппаған соғыстарға, өзара қырқыстарға байланысты Қазақ хандығы қатты әлсіреп кетті. Хақназар хан билік еткен кезде, бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси өмірінде белгілі өрлеу байқалып, ол кейіннен тағы да құлдыраумен ауысты.

16 ғасырдың 50-жылдарының аяғынан бастап Қазақ хандығы ноғайларға, Көшімнің Сібір хандығына, Орта Азия хандықтарына елеулі қауіп төндерді. Мәселен. 1558-1559 жылдарда Орта Азияда болған көпесі Дженкинсон»мұсылман дініндегі қассақтар» туралы өте күшті және саны көп халық деген пікір айтқан. Ол өзі келерден бұрын қазаұтар Ташкенті үш жылдан бері тықсырып келгенін жіне шабуыл хасау арқылы керуендердің еркін жүріп өтуіне кедергі жасап отырғанын хабарлаған. Бұл Ташкентке үнемі қатер төндірген Хақназар ханның қосындары болған.

Сондай-ақ атап өтетін жайт, 1560 жылығы Моғолыстан билеушілерімен ерекше табан тірескен күрес. Хақназар хан кезінде моғол-қазақ қатнастары шиеленскен күйінде қала бенді де, бұл күресте монғол хандарының басым түсуі жиі болып отырды. 16 ғасырдың орта шенінде қазақтар Сырдарияның орта ағысынан ғана алып қоймай, Моғолыстанда да көшіп жүрді. Моғол ханы Абд ар Рашиттің оларды Моғолстаннан ығыстырып шығуға тырысуы қазақ-монғол күресіне де себеп болды. Бұл оқиғалар Шах Махмуд Шорастың «Хроникаларында» бар. Оның айтна уынша Абд ар Рашид ханның ұлы Абд әл Латиф сқлтан, Хақназар ханды жеңіліске ұшыратып, көп олжа түсірген және көп тұтқын алып екткен . Бірақ көп кешікпей Хақназар хан қазақ пен қырқыздардың біріккен күштерімен Абд әл лативтің тасталқан етті. Абд ал Латиф сол шайқаста қаза тапты. Абд-әл Рашид хан бұл оқиғадан кейін көп әскерімен қазартарға қарсы аттанды. Емелде Хақназар хан талқандалынды, Махмұд Шорас, сірә бұл шайқаста Хақназардың қаза тапқаны туралы қателесіп айтқаны болуы мүмкін, шынына келгенде ол, Моғолстаннан шегініп, Сарысу ауданына көшіп кетуі мүмкін . Абд ар Рашидтің мирысқоры Абд әлКәрім бұл кезде Шайбани ұрпақтарымерън, ол кезде Шайбани ұрпақтарымен достықарым қатынас жасаған. Махмұд ибн Уалидің айтуына қарағанда. Ол қазақ жіне қарғыз башылары қарсы талай рет согыс ашып, барлық шайқастарда жеңіске жетіп отырға.

Сонымен қатар Сібір хандығын 1563 жылдан бастап билеген шайбан әулетінен шыққан Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық әрекет жасай бастады. Онда Хақназар әрқашан жеңіске жете берген жоқ. Ал Көшім үшін де Хақназар елеулі қарсылас болды. Мәселен, Москва патшасының елшісі Иван әңгімесінде Көшім өз билігі туралы өте сенімсіздікпен былай дейді: «Қазір сіздердің Патша ағзамыңызға және ұлы кньязға алым жыйнап, елшілер жіберем, ал ертең мен қазақ патшасымен соғысамын да, мені қазақ патшасы жеңіп, Сібірге отырар болса, сөз басқа, ол Патша ағзамға алым беруді ойламайды»

Бұл кезде Көшім хан өз билігін исламның рөлін күшейту арқылы идеологиялық жағынан негіздеуге ұмтылған еді. Алайда Көшім ханның Орта Азиямен жақын қатнастар орнатылған бағытталған саясатына бұл ғана себеп болған жоқ

Оның үстіне Қазан жіне Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Сібір хандығы олардан оқшауланып қалған еді. Сондықтан Көшім хан Орта Азияның билеуші топтарының қолдауы мен көмегіне бағдар ұстады. Осы жағдайдың бәрінде Орта Азиямен жақын қатнастар орнату Сібір хандығы үшін өмірлік маңызы болған сауданың дамытылуын қамтамтамассыз етер еді.

Башқұрт аңыздарында Хақназарға башқұрттардың да баңынғанын айтады. Осы аңызды негізге ала отырып, Рычков былай деп жазған: «Осы Хақназар хан болған соң, қатты күшейіп алды да, бір ғана ноғайлар мен Башқұртстанға ие болып қана қоймай, сонымен қатар, Қазан, Сібір және Астрахан патшалықтарын, Бұхарияны, Хиуаны, Ташкентті және де басқа да көптеген қалаларды өз қол астына бағындырып, олардан алым жинады . . . Ал Башқұот халқына дейін Хақназар хан Оралдың арғы жағындағы Сібілік, Көшім ханды, Белая мен Жайықты, яғни Белая мен Жайық өзендерінің бойында тұратындарды, қазандықтарды бағындырды; ал таулықтарда, ноғай хандарын аталған Хақназар хан бәрін өз қол астына қаратты; олардың тұрақсыздығын және әр түрлі ұрлық-қарлығын көріп, олардың тұрақсыздығын және әр түрлі ұрлық-қарлығын көріп, оларды барынша титықтатты, сөйтіп дәрменсәз күйге жеткізді; өйткені үш үйге бір ғана қазан ұстауға рұқсат етті, малы мен керек-жарақтарымен, олардың балаларын да өзіне алып қойды, жер иеленуде де солай істеді және Белая өзенінен өтуге рұқсат етпеді, ал аң аулауды кәсіп ететіндер сол үшін оған әрбір адамнан бір түлкі, құндыз және сусар терісінен ясақ төлеуге мәжбүр болды, соның салдарынан олар ақырында олар әбден азып-тозып, бейшара күйге түсті»

16 ғасырдың екінші жартысында, Қазан мен Астыраханды қосып алғаннан кейін, Ресейдің Орта Азия хандарымен байланыстыры жолға қойыла бастады, атап айтқанда, қазақ-орыс қатнастары нығайып, кеңейе түсті. Нақ сол кезде Орта Азия-орыс саудасы орнығады. Орыстардың Бұхармен, Хиуамен және Персиямен сауда жасағаны туралы нақты деректер сақталған. 1569-1573 жылдарда орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Қазақ хандығында болып қайтты. Москваға шетелдіктер де қазақтар туралы әр түрлі мәліметтер жеткізді. Сол кезде Англяның жаңа рыноктар іздестіріп, Персиямен және Азияның басқа да мемлекеттерімен сауда қатнастарын жасауға ұмтылғаны мәлім.

Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы Москвамен сауда байланыстарын орнатып, саяси қарым-қатнас жасады. Қазақ хандығының арылық етуімен Москва Түркістандағы өзбек хандықтарымен байланысты жолға қойды. Ресеймен қатынастарында Хақназар хан әкесі Қасымның жолын ұстанды. Патша архивінің тізбесінде 3 Иванның Қасым ханмен байланыс жасағаны тіркелген, бірақ олардың сипаты тарих ғылымына әлі де беймәлім.

Орта Азиядағы сакяси жағдай қазақтарды күшті де сенімді одақтас іздеуге мәжбүр еті. Олар Ресейдің осындай одақтас бола алтынына барған сайын көз жеткізе түсті. Өз кезегінде, Ресей де Көшімге қарсы күресу үшін одақтас іздеді, ал Көшім мен оның арасы 16 ғасырдың 70-жылдарында ерекше шиелініс кеткен еді. Ол кезде Қазақ хандығы Қазақ хандығы Ресейге осындай одақтас бола алатын.

70-жылдардың аяғында-ақ Ресеймен қатынас жолға қойылды да, Хақназар хан өзін «патша әрі ұлы князьбен татумын» деп санай алатын болды. Мұны «Ноғайға» жіберілген орыс елшісі, бояр баласы Борис Доможиров дәлелдейді, ол 1577 жылы Иван Грозный былай деп жеткізілді: «Иә, Патша ағзам, татар Асан Иллибатбаев осы көктемде Қазақ ордасында адамдары Ақмырза мен Бекмырзаға келіп, олардың көп малын айдап әкетті, олардан бес адамды алып кетті дейді. Сөйтіп олар, Патша ағзам, бесінші адамды Тинехмат князьға және Ұтұс мырзаға жіберіп, оларға біздің патшамыз Акак Назар Патшамен әрі ұлы князьбен тату және Таксицтермен де, Юргенцтермен де тату, ал біздің патшамыз Акак Назар сендерді де шауып алады, Жайық пен Еділ бойында көшіп жүгізбейді деп айтып баруды тапсырды» Бұл хабардан Хақназардың көрші елдерге беделді және ықпалды болып қана қоймағаны, сол кезге қарай Ресей мен Қазақ хандығы арасында қатнастар орнатуда айтарлықтай табысқа қол жеткізгені көрінеді. 1573 жылы ағайынды Строғаовтардың қатты өтінуімен Хақназар ханға Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігін жіберген кезде Иван Грозныйдың елшілердің алдыда Қазақ хандығымен тікелей байланыс орнату мақсатын ғана емес, онымен Сібір ханы Көшімге қарсы әскери одақ жасасу мақсатын қойғаны да кездейсоқ емес еді.

Сондықтан аталған уақытта қазақтардың Шайбани ұрпақтарымен өзара қатнастарының сипатында 16 ғасырдың алғашқы он жылдықтарында орын алғанынан елеулі айырмашылығы болған жоқ. Бұл байланыстар жеткілікті ынтымастық пен достық кезендерімен араласып отырады жасалады. Шайбани ұрпағы 2 Абдаллах хан Хақназар ханмен жақындасуға және одақ жасасуға мейлінше мүдделік көрсетті. 1561жылы Абдаллах хан әкесі Ескендірді хан тағына отырғызып, оның атынан өз қарсыластарына, жеке үлестердің билеушісіне қарсы ойдағыдай күрес жүргізді, ал 1583 жылы әкесі өлгеннен кейін оның өзі хан тағына ие болып, онда 1598 жылы өлгенге дейін отырды. Абдаллах хан қазақтарды әскери-саяси күш деп біліп, сол күшті ол, әсіресе өзіне бақталас Шайбани ұрпақтары орнығып алғаннан аудандарында өз билігін нығайтуу үшін де пайдалануға қмтылады. Осы мақсатпен ол Хақназар ханмен «ант беріп одоқ» жасады, ол бойынша екі жақ бір бірімен бейбіт қатнастар жасап отыруға міндетті.

Сонымен бірге Түпқарағанның солтүстік жағасында тағы да екі айлақ болған. Григорий Васильчиков өзінің статьялық тізімінде «Ал Қарағанды үш жердегі айлақтарда сауда адамдарының айналымдық көліктері туралы» деп атап өткен. XVI ғасырдың орташенінен бастап-ақ жылына екі рет Қараған айлағынан Маңғыстауға желкенді кемелер барып отырған, Хиуа және Бұхара көпестері солармен Астраханьға жүзіп барған.

Орыс үкіметі өзінің барлық елшілеріне Қазақ хандығындағы істін жайын анықтауға, ханның Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынастары қандай екенін білуге тапсырма берді. Ал орыс елшілері өздерінін «Статьялық тізбелерінде» қазақ даласындағы әскери жағдайға көп көңіл бөлген. Бұл мәліметтердің бәрі үкіметке Қазақ хандығымен тұрақты дипломатиялық қатынастар орнату үшін қажет болған еді.

Аталған уақытта қазақтардың Шайбани ұрпақтарымен өзара қатынастарының сипатында XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарында орын алғанынан елеулі айырмашылығы болған жоқ. Бұл байланыстар жеткілікті дәрежеде тығыз және жан-жақты болды. Соғыс жанжалдары ынтымақтастық және достық кезеңдерімен араласып отырды, неке одақтары жасалды. Шайбани ұрпағы II Абдаллах хан Хақназар ханмен жакындасуға және одақ жасасуға мейлінше мүдделілік көрсеттi. Абдаллах әкесі Ескендірді хан тағына көтеріп, оның атынан өз қарсыластарына, жеке үлестердің билеушілеріне қарсы ойдағыдай күрес жүргізді, ал 1583 жылы әкесі әлгеннен кейін онын өзі хан тағына ие болып. онда 1598 жылы өлгенге дейін отырды. Абдаллах ханның билеуі хан билігінің күшеюімен сипатталды, мұның өзі табысты жүргізілген жаулап алушылық, жорықтардың ғана емес, оның өзімен жауласқан барлық туыстарын жеңіп шығуының нәтижесі болатын: олардың бәрі дерлік қырып тасталды. Осы ханның билеп-төстеген кезенінде өзбектердің тайпалық шонжарларының өкілдері хан қызметінде белгілі бір салмағы болғанымен де, дербес саяси рөлден айрылған «мемлекеттік міндет атқарушы адамдар» жағдайына көшуге мәжбүр болды. Абдаллах хан қазақтарды әскери-саяси күш деп біліп, сол күшті ол, әсіресе өзіне бақталас Шайбани ұрпақтары орнығып алған аудандарда өз билігін нығайту үшін де пайдалануға ұмтылды. Осы мақсатпен ол Хақназар ханмен «ант беріп одақ» жасады, ол бойынша екі жақ бір-бірімен бейбіт қатынастар жасап отыруға міндеттенді. Шарттың дәл мазмұны беймәлім болып қалуда, бірақ «Біз өзіміз ұлы мәртебелімен жасасқан шарт пен одаққа қазір де адалмыз» деген сөздер қазақтардың Бұхара ханымен тығыз байланыстары 1579 жылға дейін де жасалып келген деп ойлауға мүмкіндік береді.

XVI ғасырдағы 70-жылдардың аяғына қарай қазақтарға сәтсіздік әкелген iрі оқиғалар болды. Бұл кезде Абдаллах пен Барактың (Наурыз-Ахметтің) ұлы Баба сұлтан арасында күрес туды. Соғысқа Ташкентті басып алған Бабаның өз ағасы, Абдалдах онда билеуші етіп отырғызған Дәруішті өлтіруі себеп болды. Абдаллах ханға бұл күресте қазақтардың қандай көзкарас үстанаты-ын білу өте манызды еді, өйткені ол, біріншіден, қазақтар Баба сұлтан жағына шығып кетуі мүмкін деп қауіптенді және екіншіден, өз күштеріне ғана үміт арта алмады. Абдаллах ханға сол кездің өзінде-ақбүлікшілер қазақтармен сөз байласып, өздерінің заңды әміршісіне қарсы жорық жасамақшы екен деген лақаптар жеткен еді. Алайда Хақназар хан Абдаллахты қолдады, өйткені бұл жағдайда ол «ант беріскен шартты» ғана емес, өз мүдделерін де басшылыққа алды. Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан басқа қалалар сияқты, Ташкенттің де XV ғасырдан бастап Шайбани ұрпақтары мен қазақ хандары арасындағы күрестің себепшісі болғанын атап өтелік. Сыр өңірі қалалары қазақ ханын соғыс олжаларының объектісі ретінде және жеңіліс тапқан жағдайда сенімді пана ретінде қызықтырды; олардың қазақ хандарының экономикасы үшін өмірлік зор маңызы болды. Сонымен қазақ хандары мен сұлтандары Абдаллах ханға белсенді қолдау көрсетті.

Абдаллахқа онымен достықка және адалдыққа сендіруді жеткізу үшін қазақ ханынан елші келді. Хақназар Абдаллахқа тұтқындағы «кейбір [Баба сұлтанның] ақсүйектермен бірге Баба сұлтан ұлдарынан Убайдаллах сұлтанды, оның әмірлерінен Жан-Мұхаммед аталық найман мен Шах-Ғазы би дүрменді» беруді ұсынды. Сонда Абдаллах хан осы елшімен бірге қазақтарға құдіретті әмір Сурхун аталықты мынадай сәлем айтып жіберді: «Ондағы барлық хақандарға жоғары дәрежеде дұға оқығаннан кейін біз (оларға) Түркістан уәлаятындағы төрт қыстақты сыйлаймыз».

Біздің пікірімізше, Түркістанның төрт қыстағын осылайша сыйға тарту жоғарыда айтылған «ант беріскен шарт тармақтарының» бірі болған. Қазақтардың колдауы Баба сұлтанның бүлігін басуда шешуші рөл атқарды. 1579 жылдың орта шенінде ол Ташкент түбінде жеңіліс тапты. Абдаллах 1579 жылдың тамыз айьшда Баба сұлтанмен бітім жасасты. Алайда соңғысы «қазақ; [сүлтандарының] жер кайысқан әскеріне қарсы тұруға өзінің мүмкіндігі мен күші болмағандықтан кеңес туын көтерді [және] олармен одақ жасасты. Яд-жуджам сиякты осы тобырға [Баба сұлтан] сойырғал ретінде Йассы және Сауран уәлаяттарын берді». Мұны беру Баба сұлтанны қазақ сұлтандарын Бұхара иеліктеріне бірлесіп шабуыл жасауға көндіруіне көмектесті. Ол блікші қазақ сұлтандарымен кеңесе келіп, қазақ Сарбан сұлтан Сырдариядан жүзіп өтіп, Бұхараның түмендеріне шабуыл жасауға, ал Бұзағар сұлтан басқа бауырларымен Самарқанд уәлаятына аттануға тиіс деп шешті. Шынына келгенде, бірінші болып Бұзағыр сұлтан аттанды: ол Сырдариядан өтті де, жолындағының бәрін қиратып, талап-тонап, Кенбай деген жерге дейін жетті, онда көп олжа алып, сонан соң кері қайтты. Нақ сол кезде Сарбан сұлтан көп әскермен Сырдариядан өтіп, Бұхараны шапты, одан барлық малды айдап әкетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандары жайында мәліметтер
XVI ғасырдағы Қазақ хандығының саяси тарихы
Есім ханның өмірі, отбасы
Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының жоңғар шабуылына қарсы күресі
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы)
Қазақ хандығының құрылуы 15-18ғғ
Хандықтардың құрылуы және шайқастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz