Халел Ғаббасовтың қилы тағдыры


Халел Ғаббасовтың қилы тағдыры
1. “Соның ойы тереңге бойлайтұғын . . . ”
Халел Ғаббасов кім?
Осы кісіні әзірге қалың жұртшылық біле қоймайды.
Замандастары Халел мырза деп атаған Халел Ахметжанұлы Ғаббасов 1888 жылы Шыңғыстаудың теріскей бөктеріндегі Шаған болысында ағайынның ұйытқысы болып отырған, бай шаңырақта дүниеге келген. 1915 жылы Халел Мәскеу университетінің қаржы-экономика факультетін алтын медальмен бітіріп, 1917 жылғы төңкеріс жылдарына дейін Семей губерниялық ұсақ несие секторының бастығы болып қызмет істеген.
Бұл сектор сол замандағы кооператив, серіктестік сияқты ұйымдарға қаржылай көмек жасап отырған мекеме еді. Қыр қазағы “уақ қарыз серіктестігі” деп атаған бұндай кооперативтер Столыпиннің “аграрлық” делінген отарлау реформасының дүмпуімен қазақ жеріне келіп, қоныс тепкен крестьяндарға қаржылай несие беру үшін Қазақстанда 1908 жылдан бастап, қаулап өсе бастаған.
Осындай кооперативті қазақта ең алғашқы болып ашқан мырзалардың бірі - Халел Ғаббасов. Оның уақ қарыз серіктестігі 1916 жылдың 18-қыркүйегінде ашылғаны жөнінде “Қазақ” газетінің сол жылғы 204-санындағы бір хабарда жазылған. Содан үзінді келтірейік. “Инспектор Халел мырза Ғаббасов өзі келіп, қазақтар жиналып кеңесті. Серіктіктің түп сомасы үш мың болмақ, мұны Г. Банк бермек. Кредит бір серікке 200 сомнан аздық қылмайды. Залог салғандарға 500-ге дейін ашылады. Бұл күнгі мәжіліске председатель қылыпжиылған әлеумет Халел мырзаның өзін сайлады. Серіктік жайын кеңесіп болғаннан кейін правление члендері сайланды. Бұлар Құрманбай Мұздыбайұғлы һәм Мұстақым Малдыбайұғлы. Оларға орынбасар Мәнен Тұрғанбайүғлы, Ғұмар Мәлішкенұғлы. ”
Халел басқарған бұл мекеменің атап айтарлық ең үлкен қызметі - 1918 жылы “Абай” атты әдеби әлеуметтік журналды шығаруы, оған қаржылай көмек жасауы болды. Бұған Ж. Аймауытов “осы журналды бастырып отырған уақ қарыз серіктігі журналдан пайда көрейін, ақша табайын деп отырған жоқ, халықтың көзі ашылсын, мағлұмат алсын, ағарсын деп, игілік істің бірі деп, ел қамын ойлап шығарып отыр” деген сөзі де дәлел бола алады.
Халел Ғаббасов жалғыз “Абай” ғана емес, сол жылдары Алаш Орданың газеті болған “Сарыарқаның” шығуына да қаржылай көмек жасап, оны біраз уақыт өз серіктігінің баспаханасында бастырып шығарған. Бір шама уақыт сол газеттің бас редакторы да болған.
Жас та болса, осындай игілікті істерінің арқасында жалпақ елге жақсы аты шыққан Халел ғаббасовтың атағы әсіресе 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін қатты дүрілдеген.
. . . Ақ патша құлағаннан кейін Әлихан Бөкейхан бастаған алаш зиялылары тез арада қазақтың өз съезін өткізбек болады. тұңғыш қазақ съезі 1917 жылғы көкектің басында Орынборда өткен Торғай облыстық съезі еді. Одан кейін айдың соңында Семей облыстық съезі өтеді. Бұны өткізуді ұйымдастырған қайраткердің бірі - Халел Ғаббасов болған. Әлімхан Ермеков, Биахмет Сәрсенов, Сатылған Сабатаев, Райымжан Мәрсеков, Ахметжан Қозыбағаров және Шәкерім қажы сияқты көптеген қазақ зиялылары осы съезде бас қосады.
Халел Ғаббасов басқарған осы съезд қазақ тарихында ерекше орын алады. Себебі, қазақ ұлтының автономиясы туралы ұлы мәселелер ең алғаш рет осы жиында қарастырылған еді.
Бүтін қазақ пен қырғыздың тұңғыш съезі 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда өткені белгілі. Алаштық ұлы басқосуы ең басты екі үлкен шешімге қол жеткізеді: а) қазақ жерін қазақұ лтының меншігі деп таниды; б) “Алаш” деп аталатын ұлттық саяси партия құрады.
“Алаш” партиясының Семей губерниялық комитеті қазан айында ашылады. Онда партияның 15 кісіден тұратын уақытша облыстық комитеті өз жұмысы бастап, төрағасы болып Халел Ғаббасов сайланады. Бұл уақытта Ресейдегі саяси партиялардың талас-тартысы ушығып тұрған еді. Соны бастан-аяқ талдап, Халел “Сарыарқаның” 1917 жылғы 25-қараша күнгі санында “Мемлекет күйі” деген бас мақала жариялайды.
Ертіс өзенінің сол жағалауындағы, яки Сарықарқа бетіндегі Семей қаласын Алаш қаласы деп өзгертуге мұрындық болған қайраткердің бірі де осы - Халел. Сол қала 20-жылдардың белортасына дейін Алаш деп аталып келген.
1918 жылдың наурызында Әлихан Бөкейхановтың тапсырмасымен Халел Досмұхамедов және Жаһанша Досмұхамедов Оралдан шығып, Мәскеу барады. Ондағы большевик көсемдері Ленин мен Стлинге жолығып, “Алаш Орда автономиялық мемлекетті құрылсын” деген ІІ-жалпықазақ және қырғыз съезінің қаулысын табыс етеді. Ол қаулымен танысқан Сталин 19-наурыз күні алаш жұртының көсемі Әлиханды телефон арқылы келіссөзге шақырады. Ертесіне Әлекең - Әлихан Бөкейхан орнында болмай қалып, оның орнына Алаш Орда қайраткерлерінің бірі - Халел Ғаббасов Сталинмен келіссөз жүргізеді. Сөйтіп, большевиктің төңкерісшіл көсемдері қазақтың ұлттық өікметі - Алаш Ордамен тең дәрежедегі келісім жасайды. Ол келісімнің толық мәтіні “Сарыарқаның” 1918 жылғы 18-мамырдағы санында бар: “ . . . Ұлт мәселесі тақырыбын совет өкіметі негізгі қызмет жобасы етіп келеді. Жалпықазақ-қырғыз съезінің қаулысы түгелімен жоғарғы жобаға муафиқ келеді, ”-деп жазылған газетте берілген Сталиннің сөзінде, - “бірақ жалғыз-ақ шарт бар; егер сіздің съездің қаулысы өкілдеріңіздің совет өкіметін тануға қарсы болмасаболғаны”. Бүкілресей Құрылтайының шешімінсіз мемлекет болуды көздеген большевикетер Алаш Орданы ұлттық өкімет ретінде тани отырып, дәл сол жылы бұлардың өздерін де ресми түрде танығанына мүдделі болған.
Халелдің Алаш Ордаға сіңірген өор еңбегіне лайықты баға бере отырып, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров Алаш қайраткерлеріне арнаған өзінің “Таныстыру” деген поэмасында ол туралы былай дейді:
“ . . . Онан соң Ғаббасұлы Халел мырза,
Түрі емес, көрген адам сөзіне ырза.
Тап басар, әдісі көп артты ойлайтын,
Не аңқау не болмаса емес қызба.
. . . Соның ойы тереңге бойлайтұғын,
Көрінген минутінде шешіп салар,
Шертіктің тап жиырма күн ойлайтынын.
. . . Призыв себебінен білді халық,
Толқығанда тоқтатқан ақыл салып.
Ығын-шығын қырғыннан өз уезін
Қалды ғой ақылменен аман алып. ”
Сұлтанмахмұттың “ығын-шығын қырғыннан аман алып қалды” деп отырғаны - 1916 жылғы ұлы дүрбелең. Сол жылы Халел мырза ақ патшаның әскерге шақырған жарлығына қарсы толқыған жалғыз тобықтынын ғана емес, өзі барып басу айтып, барлық қарқаралы уезін бос қырғыннан аман алып қалған. Ал 16-жылы қараңғы жұрттың арандауға түскенін, көтерісшілерге қарсы мұз құрсанған отряд шығып, қалың ел тектен-тек жаппай қырғынға ұшырап, босып кеткенін айтып, оны “Он алтының ойраны” деген мақаласында Міржақып толық дәлелдеген.
2. Архив құжаттары не дейді?
Енді біз Халел Ғаббасовтың совет өкіметі тұсындағы ғұмыр тағдырын архив деректері негізінде сөз етіп көрейік. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіндегі Халел Ғаббасовтың жеке ісінде (5-қор, 240-іс) біршама мәліметтер бар. 1926 жылғы 15-наурызда толтырылған анкетада оның 15-ақпаннан бастап халық комиссарлары советінің /Совнарком/ Мемлекеттік жоспарлау комитетінің /Госплан/ қаржы-экономика секциясының меңгерушісі болып қызмет істегені, еңбекақысы айына 300 сом болғаны, көрсетіліпті. “Үйленген, екі қызы бар” деп жазылған анкетада.
. . . 1926 жылдың 3-маусымында Халел Ғаббасов екі айға кезекті еңбек демалысын алады. Осы уақытында ол бала-шағасымен Семейге, одан әрі Шыңғыстауға, ағайын-туғанның ортасына барып демалуға ниет қылады. Бірақ белгісіз себеппен Семей қаласында Халел тұтқынға алыныпты. Басты седеп мынада деп ойлаймыз: 1920-21 жылдары Халел Ғаббасов кейін ГПУ-дің басшысы болған әйгілі Ежов бастаған Семей губерниялық ревком басшыларына қарсы шығып, мәжілістерде іс-жоспарларының түп астарын әшкеерелеп отырған. Отаршы коммунистердің алаш баласын басынып, жер-суын өзге ұлтқа тартып алып беріп жатқан іс-әрекетіне ұлт қайраткері шыдай алмаса керек. Осындай “жүгенсіздігі” үшін Семейден қуылған Халел арада бірнеше жыл өткен соң елді көрем деп келіп, сонау қара күзге дейін кете алмайды. Оның негізгі себебін архивте сақталған мына бір жеделхат ашып көрсетпек: “ҚазССР Мемлекеттік Жоспарлау комиететіне. Қызылорда қаласына. Хабарлаймын, Мемлекеттік жоспарлау комитетінің қаржы-экономика секциясының меңгерушісі Х. А. Ғаббасов менің өндірісімдегі “Алаш аудандық Одағындағы қызметі” қылмысты ісіне оның қатысы болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 128-бабы, 1-бөлімі бойынша айыпкер ретінде ұсталды. 1926-жылдың 5-қазанындағы менің қабылдаған қаулымның негізінде ол Семей қаласындағы ісі бойынша тергеу біткенше жіберілмейді. Семей губерниялық сотындағы аға тергеуші Туркин. 6. 10. 1926ж” /ҚР ОМА, 5-қ, 240-іс, 8-парақ/
Бұдан кейін Халелдің өзі де астанаға былай деп жежелхат салады: “Қызылорда. Ақаевқа. Совнарком төрағасына мені тергеуші ұстап, ешқайда кетпеуім туралы қолхат алып, жібермей отырғанын айтып, екі рет жеделхат жолдаған едім. Жағдаймның не болары әзірге белгісіз, сотқа дейін ұстайтын шығар деп ойлаймын. Осы жеделхаттарды алғаныңыз жөнінде бір хабар беріп, Сәтбаевтың мекен-жайына жіберсеңіз. Ғаббасов. ” Халелдің Сәтбаев деп отырғаны - Қаныштың ағасы, губерниялық оқу бөлімінің бастығы - Әбікей Сәтбаев.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz