Дене мәдениеті және спорт тарихы. Футбол



Жоспар

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

І.Тарау. 1. Дене мәдениеті. Дене мәдениетінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ...6

1.1 Қазақстан Республикасындағы дене мәдениетінің дамуы ... ... ... ... ... ..10
1.2. Әлемдік спорт тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.2.2. Әлемдік спорт түрлері және олардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... .19
1.2.3 Қазақ елінің ұлттық спорт түрлері және олардың даму тарихы ... ... ..22


ІІ. Тарау.
2.1. Футбол. Футболдың пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.2. Қазақстан Республикасында футбол ойынының дамуы ... ... ... ... ... ... 39
2.3. Футбол ойының ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
2.3.1 Футбол командалары және атақты футбол ойыншылары ... ... ... ... ... 47
2.3.2. Футбол ойынында жиі ұшырасатын терминдер ... ... ... ... ... ... ... ... ...50


ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

ІV. Әдебиеттер көрсеткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

І.Тарау. 1. Дене мәдениеті. Дене мәдениетінің
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ..6

1.1 Қазақстан Республикасындағы дене мәдениетінің
дамуы ... ... ... ... ... ..10
1.2. Әлемдік спорт
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .18
1.2.2. Әлемдік спорт түрлері және олардың ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... .19
1.2.3 Қазақ елінің ұлттық спорт түрлері және олардың даму
тарихы ... ... ..22

ІІ. Тарау.
2.1. Футбол. Футболдың пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ...36
2.2. Қазақстан Республикасында футбол ойынының
дамуы ... ... ... ... ... ... 39
2.3. Футбол ойының ережесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .42

2.3.1 Футбол командалары және атақты футбол
ойыншылары ... ... ... ... ... 47
2.3.2. Футбол ойынында жиі ұшырасатын
терминдер ... ... ... ... ... ... .. ... ... .50

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..53

ІV. Әдебиеттер
көрсеткіші ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 57

І КІРІСПЕ

Адамның дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс
қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал
етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті
қатысуының маңызды кепілі. Адамзаттың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің
қоғамымыз мейлінше мүдделі.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки,
велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді
қалыптастырады. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап,
дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам
қабілетін дамыту олардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын
үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті,
туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану,
ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш
әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тынысалу
мүшелерін дамытады.
Спорт - адамның денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын
және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене
тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа,
суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану
өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен
ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

Дене тәрбиесінің міндеттері:

- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және
ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен
байланыстыру;
-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және
ептілікті дамыту;
-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа,
достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен
қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- әдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны
тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы
жөніндегі білімді хабарлау.
Зерттеудің өзекті мәселелері.
- дене мәдениеті мен спорттың адам өміріндегі алатын орны;
- әлемдік және өз еліміздегі спорттың даму тарихы;
- қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлері, зерттелуі және дамуы;
- Футбол ойынының тарихы, ережесі, қазіргі жағдайы;
Әр бөлімге зерттеу жасай отырып, спорттың, оның ішінде футболдың әлемдік
деңгейі мен ел ішіндегі қалпына салыстырулар жүргізілді. Мемлекеттік
тілдегі және орыс тіліндегі әдебиеттерді пайдалана отырып, дене мәдениеті
және футболды зерттеуші-ғалымдардың пікірлеріне сараптама жасалды, сол
арқылы қорытынды шығарылды.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Дене мәдениеті. Дене мәдениетінің тарихы

Дене мәдениеті денсаулықты сақтау мен қорғауда дене қабілетін
жетілдірудің жинақталған қоғамдық түрі, жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Ахмет
Байтұрсынов мұны тән тәрбиесі деп атады.
1. Адамдардың денсаулығын жақсарту, қалыптастыру және дене мәдениеті
жөніндегі білімін арттыру.
2. Қалың бұқараны саяси-идеялық жағынан тәрбиелеу құралы.
Дене мәдениеті әрқайсысының өз алдына атқаратын міндеттері бар бірнеше
салалардан тұрады.
Дене мәдениетінің ақпараттық саласы. Тарихи дамудың барысында дене
тәрбиесінің тәжірибесі рухани және қоғамдық байлық ретінде жинақталып,
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Адам туралы білім мен ғылым, оның
мүмкіншіліктерін жетілдірудің жолдары мен тәсілдері оның табиғи сапасын
үнемі жетілдіріп жаңа мүмкіндіктерді түсінуге жол ашады. Адамдардың дене
тәрбиесімен айналысуында үгіт-насихат құралдары, радио мен теледидар,
газеттер мен журналдар үлкен міндет атқарады. Ақпарат құралдары арқылы
берілген дене мәдениеті жайлы хабарлар адамдардың ол жайлы білімін
ұлғайтады, дене мәдениетін көтеруге ықпал жасайды.
Дене мәдениетінің нормативтік өлшемдері. Дене тәрбиесі адамдардың
мүмкіншілік көрсеткіштерін анықтап, оны үнімі жақсарту, мүмкіншілігінің
шегін көтеруді қалыптастырады. Осы жұмыстың барысында мүмкіншіліктердің
шегі анықталып, оның әртүрлі дайындықтарын қалыпқа келтіреді. Әсіресе, бұл
дене тәрбиесінің маңызды бір саласы болып есептелінетін спортта айқын
көрінеді. Спортқа адамның мүмкіншілігі сынға түсіп, оның шегі мен ең жоғары
деңгейі айқындалады. Жарыстар кезінде жасалған әрбір рекорд тек қана бір
адам емес, ол тәрбиеленген қауымның, ұжымның, қоғам мен адамзаттың ортақ
жетістігі болып табылады.
Дене мәдениетінің пайдалылығы. Тәннің дұрыс демала білуі, соның
арқасында сау қалпында ұсталуы және салауатты өмір салты адам өміріне үлкен
пайда әкелетін факторлар. Жаяу, атпен, велосипетпен, шаңғымен, сумен т.б.
туристік жорықтар, дене тәрбиесі және спортпен айналысу адамдардың көңіл-
күйлерін көтеріп, өмірге пайдалы ықпал жасайды. (1.185)
Дене мәдениетінің жүйесі. Оның дамуы жаттығулар мен спортпен айналысу
барысында қалыпқа түскен, ілімі мен тәсілі жетілген және күнделікті
тәжірибеде іске асырылып келе жатқан салалардың бірі. Бұл жүйе қоғамдық
құрылысқа, қоршаған ортаға, табиғи жағдайларға, мемлекеттің күш-қуатына,
мүмкіншілігіне, ғылыми-техникалық прогреске, халықтың эканомикалық
жағдайына, салт-дәстүрлеріне т.б. жағдайларға қарай қалыптасады. (1-сурет)

Дене тәрбиесінің жаттығулары. Дене тәрбиесінің алдына қойған мақсаттарын
іске асыру үшін оны қалыптастыру мен ұйымдастыруды шешетін тәрбиенің түрі.
Сонымен қатар ол науқастарды емдеуге және түрлі аурулардың алдын алуға
пайдаланылады. Әрбір жаттығудың өзінің мазмұны мен орындалуы
өзгешеліктеріне сәйкес оның денеге, жүйкеге тигізетін әсерлері де әртүрлі
болады. Ол өзінің тәнге тыныс алу, қан айналысы, зат алмасу, жүйкенің
қозуы, тежелуі сияқты әсер етумен белгілі. Дене тәрбиесі жаттығуларының
орындалу әдісі деген атау да осыдан барып шығады. Осы әдістерді дұрыс
орындау жаттығуларды адамға пайдалы етеді. Жеке бастың және қоғамдық
гигиенаның талаптарын сақтау, режиммен жұмыс істеу, дұрыс тамақтану мен
ұйықтау, адамдардың көңілін көтеру оларды еңбекке қабілетті, дене
тәрбиесімен айналысуды ұтымды етеді. Күнделікті тұрмыста жан-жақты шынығу,
күнге қыздырыну, суға шомылу, туристік жорықтарға шығу, салауатты өмір
салтын ұстану және тағы басқалары.
Дене тәрбиесімен айналысқан кезде оның әсерлігін арттыру үшін барлық
санитарлық-гигиеналық шараларды сақтау, жүктемелерді есептеу, жаттығулардың
мақсатын анықтап, оны ғылыми негіздемелерге сай жүргізу мен тәсілдерін
таңдаудың маңызы зор. Мұнда дене тәрбиесімен айналысушының жасы, жынысы,
денсаулығы, жан-жақты дайындығы еңбек ету, оқу ерекшеліктері, мінезі және
үнемі дәрігердің бақылауында болуы есепке алынады. (2-сурет)

№ Жаттығулар тобы Жаттығулардың ағзаға әсері
1. Жүру, жеңіл жүгіру Ағзаны біртіндеп қыздыру
2. Тартылу жаттығулары Қан айналысын жақсарту, омыртқа
жотасын түзулеу
3. Аяққа арналған жаттығулар (отыру,Бұлшық еттерді нығайту,
екі аяққа кезекпен салмақ салу) буындардың қозғалмалылығын
арттыру және қан айналымын
жақсарту
4. Кеуде бұлшық еттеріне арналған Икемділікті, омыртқа
жаттығулар (алға, артқа, жанына қозғалмалылығын дамыту, бұлшық
иілулер, айналмалы қозғалыстар) еттерді нығайту, ішкі органдар
қызметін жақсарту.
5. Қол және иық белдеуіне арналған Қозғалмалылықты арттыру, бұлшық
жаттығулар еттерді бекіту.
6. Аяқ пен қолдар үшін сермеу Икемділікті буындардың
жаттығулары қозғалмалылы- ғын дамыту, қан
айналу және тыныс алу
органдарының қызметін күшейту.
7. Қарын прессі бұлшық еттеріне, Бұлшық еттерді нығайту
жамбас ұңғысы, жанама бұлшық
еттерге арналған жаттығулар
8. Жүгіру, секірулер, секіртпелер Бұлшық еттерді нығайту, жалпы зат
алмасуын арттыру.
9. Қорытынды жаттығулар Тыныштандыруға әсер ету, ағза
қызметін әдеттегі ырғаққа
жақындату

Дене тәрбиесі қозғалысы. Дене тәрбиесін жан-жақты байытып оның
қолданымын кеңейтіп, маңызын арттыра түсетін бүкіл халықтық, бұқаралық
қозғалыс оның президенттік миль, жүгірушілер күні, футбол апталығы тағы
сондай, балалар мен жасөспірімдерге арналған “былғары доп”, “алтын шайба”,
“торлама доп”, “жарысқа шық Жас Ұлан!” т.б. түрлері көп. Дене тәрбиесінің
бағалау жөніндегі адамдар мен Үкіметтің бірігіп атқаратын әлеуметтік
ағымы. Әрбір елдегі қоғамдық құрылыстың түрлеріне байланысты жалпы ортақ
мақсаттары болғандығына қарамай дене тәрбиесі қозғалысы әртүрлі бағыттарда
дамиды. Елдегі дене тәрбиесінің бұқаралығы адамдардың жеке бастарының
мәдени деңгейіне, оған деген қоғамның көзқарасына байланысты. (1.186)
Статистикалық есеп бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан
Республикасында 2 млн. 156 000 адам дене тәрбиесімен айналысады екен.
Дене тәрбиесінің сапасы. Жаттығулардың нәтижесінде қимыл-қозғалыстың
нәтижесін көрсететін өлшем. Бұл өлшемдер күш, шапшаңдық, шыдамдалық,
ептілік, икемділік арқылы көрінеді. Жақсы
спортшы атанып жоғары көрсекіштерге жету үшін адамның бойында осы қасиеттер
біркелкі дамуға тиіс.
Дене тәрбиесінің спартандық жүйесі. Спарта немесе Лаконика - Грекияның
ежелгі мемлекеттерінің бірі. Біздің дәуірімізге дейін VI ғасырда ол үлкен
Пелопоннес жарты аралын өзінің ықпалына бағындыра, Пелопоннес одағын
басқарды. Аристотельдің айтуынша, Лакедемондағы адамдардың бүкіл тәрбиесі
және заң шығару жүйесін әскери мақсатқа бағындырды. Ол отбасында басталды.
Балалар қатал жағдайда тәрбиеленді, шынықты, аштық, шөлді, дене түсетін
үлкен күшті жеңе білуге үйретілді. Жеті жастан бастап мемлекеттік тәрбиеде
болды. Балаларды отбасынан алып, айрықшы мектептерге араластырды. Ондағы
тұрмыс-тіршілік салты әскери жағдайға сәйкес құрылды. Жасөспірімдердің
басты айналысатындары дене жаттығулары, шынығу, әскери ойындар болды және
оқу мен жазуға аз дәрежеде көңіл бөлінді. Жыл сайын жасөспірімдер үшін
жарыстар ұйымдастырылды. 15 жастағы жасөспірімдер “айрендердің”- әскери
өнерді үйренуші, бірақ әлі де азаматтық құқы жоқ, жастардың қатарына
енгізілді. 21 мен 30 жас арасы азаматтық толық құқыққа ие болатын өтпелі
жас деп есептелді. Тек 30 жасқа толғасын ерлер толық құқы бар спартандық
болды. Алайда, осыдан кейінде, олар өз отбасына ғана қонуға келетін, ал күн
бойы ерлердің әскери клубында болатын. Ежелгі грек мемлекеттерінің
көпшілігінен айырмашылығы, Плутарх айтқандай, “олардың балаларының денесі
мықты болуы үшін” Спартада қыздар да дене тәрбиесімен шұғылданды. Кейде
қыздар да әскери жорықтарға қатысқан. Полопеннестік соғыстан кейін, б.д.д.
V ғасырда дене тәрбиесінің спартандық жүйесі өзгеріске ұшырай бастады
және өзінің бұрынғы әскери-қолданбалы маңызын жоғалтты.

1.1 Қазақстан Республикасындағы дене мәдениетінің дамуы

Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және жоғары жетiстiктер
спортының жай-күйi, әлемдiк спорт дамуының қазiргi заманғы үрдiстерi
республикада спортты дамыту жөнiнде түбегейлi шұғыл шаралар
қабылданбайынша, қазақстандық спортшылардың әлемдiк аренадағы көрсеткiштерi
төмендей беретiнiн көрсетiп отыр.
Қазiргi заманғы спорт деңгейi өзiнiң даму сатысында спорттық
нәтижелердiң өсуiнде ғылыми және инженерлiк жетiстiктерге негiзделген жаңа
көзқарастарға маңызды рөл бередi. Жаңа спорт ареналары, жаттығулар мен
жарыстар үшiн арнайы жағдайлар жасау iсiндегi жаңа жетiстiктер, арнайы
киiм, құрал-сайманмен жарақтандыруды қолдану және құрастыру әлемнiң мықты
спортшыларының көрсеткiштерiн күрт жақсартуға жеткiздi және ХХI ғасырға
спорттың қандай негiзгi бағыттарда қарыштап енетiнiн айқындады.
Ел халқының дене қозғалысы белсендiлiгiнiң төмендiгi жүрек-қан аурулары
мен тыныс жолдары органы ауруларынан өмiр сүру жасын қысқартуға әсер ететiн
және өлiм деңгейiнiң жоғары болуына әкеп соқтыратын факторлардың бiрі болып
табылады. Ел тұрғындарының тұратын аймағына қарай 5-тен 10,5 пайызы ғана
дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде шұғылданады.
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-
қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан төңкерiсiнен
кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi
еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери
шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. 1918 жылдың 1-
жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер
ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар
жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын, әскери даярлық iсiне
жаттығу өткiзетiн орындар жасады. 1920 жылы 1 қазанда Қазақстанның сол
кездегi астанасы Орынбор қаласында дене тәрбиесi нұсқаушылары және
ұйымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған
курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кiсi қатысты. Оның тең жартысынан
көбi қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау),
Орал, Верный (қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей
қалаларында iрi спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай,
Жетiсу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене
тәрбиесiн дамыту мақсатында 1925 жылы Семей қаласында арнаулы спартакиада
өттi. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы
қалаларында да ұйымдастырылды. 1928 жылы Петропавл қаласында
Бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар
футбол, жеңiл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және
нысана көздеуден сынға түстi. Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты
дамытуда 1931 жылы енгiзiлген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол”
(ГТО) деп аталған бәсекелердiң маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа
тұрақты түрде қатысуына мүмкiндiк бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық кадрлар
даярлауға көңiл бөлiне бастады.
1932 жылы Алматыда дене тәрбиесi техникумы ашылды. 1934 жылы
республикада ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан
спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында
бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өттi. Қазақстан К(б)П-нiң 1937 жылы өткен 1
съезi дене тәрбиесi мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте
түсудi атап көрсеттi. 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстан
спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның iшiнде 30 мыңнан астамы қазақ
жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп
жұмыс атқарылып, елiмiзде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары
тәрбиелендi. 1945 — 56 жылы Қазақстанда дене тәрбиесi ұйымдары нығайып,
спорт кадрлары өсiп шықты. 1945 жылы Алматыда дене тәрбиесi институты
(Қазақ физкультура институты) ашылды. 1946 жылы Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак”
қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi
болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 жылы Қазақстан спорт ұйымдары
құрылды. 1959 жылы бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертiлдi. 1951
жылы “Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап “Қайрат” деп
аталды. 1956 жылы Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өттi.
Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады.
Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 жылы Италияның Кортина Д’Ампеццо қаласында
өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия)
өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгiруден
сынға түстi. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңiл атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-
лiк эстафеташылар жарысында күмiсґжылы Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда
4 жүлденi иемдендi.
Дене тәрбиесі және спорт туралы заң. 1999 жылы 2 желтоқсанда (N490)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде қабылданған заң. Бұл заң
дене тәрбиесі мен спорт саласындағы құқықтық түр ұйымдастыру эканомикалық
және әлеуметтік мәселелерді қамтып бұқаралық дене тәрбиесінің
бағдарламасын, әуесқой және кәсіби спортты дамытудың негіздерін бекіткен.
Сонымен қатар осы сауалдағы негізгі мемлекеттік міндеттерді түсіндіреді
алға қойған басты бағыттарды анықтайды. Заңға Қазақстан Республикасының
Президенті қол қойған. (1.187)
Дене шынықтыру мен спорт тарихы қоғам өмір сүруінің әр түрлі
кезеңдеріндегі дене тәрбиесі саласындағы құралдар, түрлер мен әдістердің,
идеялар мен теориялардың пайда болуы мен дамуын зерттейді. Ол дене
шынықтыру мен спортты бүкіл адамдардың мәдениеті, тәрбиесі мен бөлімінің
құрамдас бөлігі ретінде, оларды өндірістік және әскери қызметке дайындау
ретінде қарастырылады. Тарих дене шынықтыру мен спорттың ертедегі
кезеңдерден бүгінгі уақытқа дейінгі даму эвалюциясын қарастырып келеді.
Дене шынықтыру мен спорт тарихы үлкен тәрбиелік және білімдік маңызға
ие. Ол ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді, адамдар санасын
өткеннің маңызды оқиғаларымен байыта түседі, адамгершілікке тәрбиелейді,
отанға деген сүйіспеншілікке, дене шынықтыру мен спорттың дамуы мен
қалыптасуына үлес қосқан барлық халықтарға құрмет сезімдеріне тәрбиелейді.
Дене шынықтыру мен спорт тарихы ұлттық және интернационалдық
қызығушылықтардың дұрыс ұштасуына үйретеді, шовинистік және ұлтшылдық
сипаттағы насихаттауларды теріске шығарады.
1996 жылдың 19 желтлқсанында Елбасы Қазақтан Республикасында бұқаралық
спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
туралы Жарлыққа қол қойды. Соның арқасында өткізілетін спорттық шаралардың
саны артып, салалық спартакиадалар, оқушылар мен студенттер жарыстарын
ұйымдастыру үрдісі қайта жаңғырды.
Бағдарлама мерзімінің соңына қарай, яғни 2001 жылы спортпен шұғылданушы
халықтың саны 24,1%-ға артып, 1436,3 мың адамды құрады. Республикада 290
спорт мектебі жұмыс істеп, оларда 134 мың балалар мен жасөспірімдер
тәрбиеленді. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы штаттық қызметкерлер саны
23 239 адам болды. Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат
жаңадан ашылып соның нәтижесінде мектеп-интернаттардағы шәкірттер саны 942-
ден 2385-ке дейін артты. Спорттық резервтер даярлаудың облыстық
орталықтарын құру ісі қолға алынып, Президенттік сынақ жүйесі енгізілді.
Елбасының 2001 жылдың 12 наурызындағы Қазақстан Республикасында дене
шынықтыру мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы туралы Жарлығы бұған дейінгі Мемлекеттік бағдарламаның заңды
да қисынды жалғасы еді. Мемлекеттік бағдарлама енді ғана қолға алынған
шақта, яғни 2001 жылдың басында спортпен шұғылданушылар саны 1436,3 мың
адам болса, салауатты өмір салтын серік еткендер 2002 жылы – 1546,3 мың
адам, 2003 жылы – 1752,1 мың адам, 2004 жылы – 1885,9 мың адам, ал
бағдарлама мерзімінің соңғы жылында 2 миллион адамнан асып, ел халқының
13,7 пайызын құрады.
Спорт саласындағы штаттық қызметкерлер саны 2002 жылы 24 684 адам болса,
2003 жылы – 26 624 адам, 2004 жылы – 28 337 адам, 2005 жылы – 29976 адамға
жетті.
2005 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жалпы саны 389-
ға жетіп, оларда тәрбиеленуші жеткіншектер 200 529 адам болды.
1996-2000 және 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламалардың жүзеге асырылуы спорт саласын дамытуға айтарлықтай үлес
қосты. Дегенмен, саланы дамыту механизмін тұрақты жетілдіру, соған қажетті
шараларды үздіксіз жүзеге асыру қажет еді. Осы мақсатта Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылдың 28 желтоқсанындағы Жарлығымен
Қазақстанда дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Бұл Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – спорттың халықаралық талаптарға сай
инфрақұрылымын дамыту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, саланы
білікті мамандармен қамтамасыз ету, спорт ғылымын дамыту, дене шынықтыру
мен спорт арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық резервті,
халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру болды.
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде спорт саласының
бойына қан жүгіріп, бұрынғы деңгейіне қайта орала бастады. Салалық
спартакиадалар, оқушылар спартакиадасы мен студенттер сайысы сынды спорттық
бәсекелер қайта жанданып, кешенді спорттық-көпшілік шаралар, бұқаралық
спорт түрлерінен өтетін жарыстар көбейді. Мектептен тыс спорт мекемелерінің
аула клубтарының жұмыстары жанданды. Өңірлерде дарынды балаларға арналған
мектеп-интернаттар, спорттық ізбасарлар даярлау орталықтары ашылып,
спортпен шұғылданушылар қатарының көбеюіне мол септігін тигізді.
2008 жылға дейін спорттық ұжымдар мен клубтардың азайғанына қарамастан,
спортпен жүйелі шұғылданушылар саны арта түсті. Бұл, бір есептен, елдің
әлеуметтік-экономикалық ахуалының алға басқанын аңғартса, екіншіден –
Қазақстан спорт саңлақтарының халықаралық деңгейдегі жоғары көрсеткіштері
жас жеткіншектерге үлгі бола бастауының және спорт саласына мемлекеттік
деңгейде көңіл бөлінуінің арқасы еді. Сонымен, еліміздегі спортпен
шұғылданушылардың саны 2009 жылдың басында 2 433 742 адамға жетіп, ел
халқының 15,6 пайызын құрады.
Бүгінде елімізде спортпен жүйелі шұғылданатындардың саны 2 900 000
адамға жетсе, соның ішінде 6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер
– 1 527 256 адам, балалар мен жасөспірімдер спорт мектеп-интернаттарында –
237 165 адамды құрайды. Елімізде барлығы 31 266 спорт нысаны бар. Солардың
баршасы халыққа қызмет етіп, ел спортының алға басуына үлес қосуда.
Балалар мен жасөспірімдер спортының қанат жаюы спортшыларымыздың шеберлігін
арттыруға, олардың халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетуіне оң ықпалын
тигізіп отыр. Елімізде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін дамытуға
айрықша мән беріліп келеді. Бұл мектептерде жеткіншектеріміз таңдаған спорт
түрі бойынша жоғары біліктібапкерлерден тегін тәлім алып, спорттық
шеберліктерін шыңдайды.
Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар саны да жыл
артқан сайын көбейе түсуде. Бұл оқу орындарында негізінен ауылдық жерлерден
келген, аз қамтылған отбасылардың балалары оқып, оқумен, спорттық
шеберлігін арттырумен қатар тегін жатақханамен, тамақпен қамтамасыз
етіледі. Интернаттарда білікті ұстаздар, жаттықтырушылар мен тәрбиешілер
жұмыс істейді.
Футбол – жер-жаһанды жаулап алған ең беделді спорт түрі. Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2009 жылы Бразилияның Оле Бразил
футбол академиясына 26 қазақстандық жас футболшы үш жылдық келісім-шартпен
білім алуға, спорттық шеберліктерін шыңдауға барған болатын. Мұның өзі
ұрпақ келешегін ойлаған тың бастама дана шешім еді.
Астана велокомандасы да Елбасымыздың тікелей қолдауымен құрылған еді.
Бүгінгі таңда Астана велокомандасы әлемдік рейтинг бойынша үздік ондыққа
кіреді.
Елімізде Қазақстан Республикасының жазғы және қысқы спорт түрлері бойынша
спартакиадаларын, Ақ бидай ауыл спорты спартакиадасын, жеңіл атлетика,
шаңғы бойынша бұқаралық сайыстар, отбасылық жарыстар, салалық
спартакиадалар өткізу дәстүрге айналды. Мұндай бұқаралық жарыстар бүгінде
2000 жылмен салыстырғанда екі есе көп өткізіледі. (8.28)
Көп ұлтты Қазақстанда, әсіресе ауылдық жерлерде қазақ күресі,
тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру, бәйге түрлері, қыз қуу, көкпар, аударыспақ,
теңге ілу сияқты ұлттық спорт түрлері мен халықтық ойындар да бел алып
келеді. Ұлттық спорт түрлерін қайта жаңғырту мақсатында түрлі чемпионаттар,
республикалық, халықаралық турнирлер ұйымдастырылады. 20 тамызда Елорда
төрінде қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін
Қазақстан Барысы атты айтулы дода мәреге жетті. Республика бойынша жүз
мыңдаған балуан күресіп, содан ақтық мәреге ең мықты деген 64 балуан келген
мұндай дүбірлі жарыс қазақ күресінің тарихында бұрын-соңды болған емес.
Өскелең ұрпақ осындай биік ұлттық рухта тәрбиеленіп, спортқа мектеп
жасынан бейім болуы шарт. Республика мектептерінің 98 пайызында аптасына
сағаттық дене шынықтыру сабақтары жүреді. Еліміздің 48 жоғары оқу орнында
спорт клубтарында жұмыс істейді.
Елімізде жұмыс істеп тұрған 23 мыңға жуық спорт үйірмелерінде 664
мыңнан астам бала спортпен шұғылданады. Бұл еліміздегі барлық мектеп
оқушыларының 26,8 пайызын құрайтынын ескерсек, жеткіншектеріміздің
спортқа деген құлшынысы арта бастағанын аңғару қиын емес.
Бүгінде елімізде 1769 спорт клубы жұмыс істесе, соның 106-сы балалар
мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі клубы, 530-ы балалар мен
жасөспірімдер клубтары, 1020-сы дене шынықтыру-сауықтыру клубтары және 113-
і спорт түрлері бойынша кәсіпқой клубтар.
2010 жылы еліміздегі спорт нысандарының жалпы саны 31 266 болса,
соның ішінде 1 717 нысан жекеменшіктің үлесінде, 20166 нысан ауылдық
жерлерде еді. Жыл соңына дейін жаңадан 936 құрылыс қатарға қосылып,
ауылдық жерлерде 721 нысан, жекеменшікте 690 нысан пайдалануға берілді.

Соңғы үш жылда мүмкіндігі шектеулі жандардың да дене шынықтыру мен
спортқа деген қызығушылығы артқаны байқалады. Елімізде 486 мыңнан астам
мүгедек болса, осы санаттағы 13 мың адам бүгінде спортпен тұрақты
айналысады. Елімізде мүгедектер спортымен шұғылданатын Республикалық
паралимпиалық комитет құрылды. Мүгедек спортшылардың жаттығуларына жағдай
жасалған, олар түрлі жарыстарға, соның ішінде халықаралық деңгейдегі
сайыстарға қатыса алады. Қазірде 127 мүгедек адам спорттың әр түрінен
Қазақстан Республикасының спорт шебері. Бір ғана 2010 жылдың өзінде
мүгедектер санатынан 41 адам спорт шеберінің, 24 адам халықаралық
дәрежедегі спорт шеберінің нормативтерін орындады.
Бұқаралық спортты дамыту жолымен спортпен шұғылданушылар санын
көбейту, жаңа спорт мекемелері мен клубтар ашу бірінші кезекте
инфрақұрылымның дамуы мен спорт нысандарының көбеюіне байланысты. Бұл
орайда Елбасы мен Үкімет экономикалық жағдайдың әлі де күрделілігіне
қарамастан, спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға Жол
картасы бағдарламасының шеңберінде зор қолдау көрсетті. Бұқаралық спорттың
дамуына Мемлекет басшысы ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл мәселенің аса
маңыздылығын Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында назардан
тыс қалдырған емес.
Жоғары жетістіктер спорты – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының
бірден-бір көрсеткіші, патриотизм мен халық бірлігінің нышаны. Қазақ елі
тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап-ақ халықаралық олимпиадалық
қозғалысқа белсене араласты, оның халықтар достығына бастаған идеалдарын
қолдаумен келеді. Елімізде бүгінде 80-нен астам спорт түрлері бойынша
спорттық федерациялар жұмыс істейді. Халықаралық спорт қауымдастықтары
мойындаған олардың бірқатары әлемдік деңгейдегі ірі ұйымдармен бірлесе
жұмыс істейді.
1992 жылдан бергі уақытта біздің олимпиадашылар айтарлықтай жоғары
нәтижелерге қол жеткізді. 1996 жылы Атлантада өткен жазғы Олимпиада
ойындарында біздің спортшылар 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп
алды. 2000 жылғы Сидней олимпиадасында 3 алтын, 4 күміс медальға қол
жеткізіп, жалпы командалық есепте Ойындарға қатысқан 199 мемлекеттің ішінен
22-орынға ие болдық. 2004 жылғы Афины олимпиадасында біздің команда 1
алтын, 4 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Ал 2008 жылы Бейжің
олимпиадасынан спортшыларымыз 2 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль олжалады.
Қысқы Олимпиада ойындарына келсек, 1994 жылғы Лиллехамер
олимпиадасында Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды.
1998 жылғы Нагано олимпиадасынан бұйырған олжа – 2 қола медаль. Ал 2010
жылы Ванкувер олимпиадасына 1 күміс медаль бұйырды. Тәуелсіздік
жылдарында қазақстандық спортшылар жазғы Азия ойындарына 5 рет қатысып
(1994, 1998, 2002, 2006, 2010 жылдары), барлығы 110 алтын, 118 күміс, 167
қола – барлығы 395 медальға ие болды.
Осы уақыт аралығында біздің спортшылар қысқы Азия ойындарына да 5 рет
қатысып (1995, 1999, 2003, 2007, 2011 жылдары) 69 алтын, 51 күміс және 44
қола – барлығы 164 медаль жеңіп алды.
1991 жылдан бері олимпиадалық спорт түрлері бойынша 31 спортшымыз әлем
чемпионы атанып, 23 спортшы күміс және 47 спортшы қола жүлдегер атанды.
Яғни, олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында барлығы 101
медаль олжалық.
2010 жылы Сингапурда өткен І жасөспірімдер Олимпиадасында біздің
жеткіншектер лайықты өнер көрсетіп, 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп
алды.
Азиадаға әзірлік барысында Астана мен Алматы қалаларында халықаралық
деңгейдегі бірегей спорт нысандары бой көтеріп, бұрын болған ғимараттардың
өзі адам танымастай қайта жаңарды.
Елімізде өткен қысқы Азия ойындарына Сары құрлықтағы 27 елден мыңнан
астам спортшы қатысып, спорттың он бір түрі бойынша 69 медаль жиынтығын
сарапқа салды. Бұған дейінгі Азиадаларда Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея
сынды азулы спорттық державаларды өкшелеген Қазақстан спортшылары осы жолы
ерледі. Командалық есепте бірінші орынға 32 алтын, 21 күміс және 17 қола
медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы ие болды. Бұл Азия ойындарының
тарихындағы өз алдына жеке рекорд! Бұған дейін бірдебір ел бір ғана қысқы
Азиададан осынша алтын жүлде алып көрмеген екен. Азия ойындарында Қазақстан
командасы 11 спорт түрі бойынша 70 жүлде жеңіп алып, алтын жүлделер саны
бойыша да, жалпы медальдар саны бойынша да көш бастады.
Осы Азиаданың барысында шорт-тректен 3, коньки спортынан 9 рекорд
жаңартылды. Қазақ жерінде жасалған рекордтар спорт тарихына алтын
әріптермен жазылды. Азия ойындары бүкіл әлемге Қазақ елінің әлеуетін
танытып қана қоймай, әлемдік деңгейдегі спорттық шаралар өткізуге де әбден
лайық мемлекет екенін көрсетті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қысқы
Азия ойындарының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Тәуелсіздігіміздің 20
жылдығының осындай іргелі спорттық ойындармен басталуын жақсылыққа балап,
Қазақ елі Олимпиада ойындарын өткізуге өз кандидатурасын ұсынады деп
сеніммен айтты.
Ағымдағы жылдың айтулы бір жаңалығы – Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты сауықтыру мақсатымен 2011-2015
жылдарға арналған Саламатты Қазақстан Мемлекеттік бағдарламасын бекіту
туралы Жарлыққа қол қойды. Осы бағдарламаның шеңберінде Туризм және спорт
министрлігі дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға
арналған салалық бағдарламасын әзірледі.
Ауыл спортын дамытудағы игі қадамдардың бірі – 2010 жылдың
қараша айында туризм және спорт министрі мен ауыл шаруашылығы министрі
спорт саласындағы әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. Бұқаралық
спортты одан әрі дамытып, халық денсаулығын арттыру үшін әсіресе ауыл
спортын көтеруге күш салғанымыз абзал. Аталмыш Меморандумда ауыл спортын
жандандыру жөніндегі бірқатар шаралар мен ауыл спорты қоғамын қайта
жаңғырту мәселелері қарастырылған болатын. Осындай бастамалардың арқасында
республикалық Ел Қайраты ауыл спорты қоғамының құрылуы қазақ спортының
көсегесін көгертер игі шаралардың бірі деп білеміз.
Аталмыш Меморандумды жүзеге асыру мақсатында Спорт комитеті ауыл спортын
дамыту жөніндегі мемлекеттік жаттықтырушы қызметін тағайындап, ауылдық
спорт қоғамын құруға қажет алғашқы ұйымдастыру шараларына қаражат бөлді.
Егемен Қазақстанның жаңа даму кезеңінде оның халықаралық қауымдастықтағы
беделі мен мәртебесінің стратегиялық маңызы зор. Мемлекет мақсаттарының
жолында Қазақстан спорты да әлем көшінен кейін қалмауы тиіс. Халықаралық
пайымда спорттық жетістіктер ел әлеуетінің ерекше айғағы саналады.
Бүгінде біз өзіміздің ұлттық спорттық тәрбие жүйемізді құруға
кірісуіміз керек. Ол жүйе халықты спортқа тартып қана қоймай, адамдардың
менталитетін өзгертіп, оларға дене шынықтыру мен спорттың аса қажеттігін
ұғындыра білуі тиіс. Яғни, халық өз денсаулығы үшін жауапкершілікті терең
сезінуі қажет.
Осыған орай қорытынды шығарар болсам, жұмыс берушілер мен еңбек
ұжымдарының арасындағы келісім-шарт бойынша спортты еңбек және демалыс
орындарының жүйесіне енгізсе, артық болмас еді. Мекемелер мен
көпшіліктің демалыс орындарында спортпен шұғылдануға жағдай жасалуы керек;
Кез - келген саланы жете меңгеру үшін оның түп негізін зерттеп,
кемшіліктердің себеп-салдарын, жетістікке жету жолдарын ғылыми тұрғыдан
зерттеп отырмаса болмайды. Спорт әлемі тұнып тұрған ғылым. Осы жағдайды
ескеріп, спорт саласы бойынша ғылыми-зерттеу институтын құрып, ғылыми-
әдістемелік базаны жетілдіру күн тәртібінде тұрған аса маңызды мәселе;
Спорт саласындағы мамандардың біліктілік деңгейі біздің жас мемлекетіміз
үшін аса маңызды. Спорт кадрларын даярлау мен қайта даярлау бағдарламасын
жетілдіріп, осы орайда республикалық мектеп-интернаттарды қайта құру
жолымен колледждерге айналдыруға кірістік;
Мемлекет пен жекеменшіктің спорт саласындағы әріптестігін дамыту қажет.
Жекеменшік бизнесті еліміздің спорт саласына тартатын мезгіл жетті деп
ойлаймын. Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне спорт саласына
айтарлықтай қолдау көрсеткен бизнес құрылымдарына арнайы салық тәртібін
қолдану туралы өзгертулер енгізу керек;

1.2.1. Әлемдік спорт тарихы

Спорт (фр. desport — жалқу) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай
көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық
мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті
сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын
ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен
денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту
үшін шұғылданады.
Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар
спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады. Бүгінгі күнге белгілі үңгір
өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдыр көріністері
бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы
спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің
орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африкада және
Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын
айта кеткен жөн. Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын
қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен
құралыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-
мыс. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын
да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен
балық аулауы айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың
найзамен жарысы негіздері қаланды.Ежелгі Грекияда өзінде алуан түрлі спорт
болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы.
Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б.
жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған.
Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған
өтіп тұрған.Осы күндері адамзаттың даму деңгейіне сәйкес, әсіресе пен
жаһандық байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға
көпшіліктің мүмкіндігі өсуде. Спорт кәсіпқой спортқа айналып одан әрі
адамзатты қызықтыруда.
Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны
шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы
кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне
жарағандығын кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970 жылы Оңтүстік
Қазақстан облысында б.з.б. 4 — 3 ғасырларда тоғызқұмалақ тастары табылды.
Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа
қашап салынған суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан
жерiнде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне
Таразда әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да
күш өнерiн көрсетушiлер бас қосып отырған. VІІ ғасырларда Орта Азия мен
Қазақстан жерiн жаулап алған Араб халифаты ислам дiнiн уағыздаумен қатар,
шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал еттi.
Сөйтiп, көшпендi деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесiн, оның iшiнде
спортты дамытуға көңiл бөлгенi байқалады. Ежелден садақ тарту, бәйге,
сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерiмен айналысқан қазақ халқы
басқа да спорт түрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң рухани байлықтарын
жетiлдiрiп, толықтырып отырған. Халық өзiне лайықты деп санаған ұлттық
спорт түрлерiн, әр түрлi дене жаттығуларын үнемi жетiлдiрiп келген. Әр
рудың, әр жүздiң, әрбiр хан мен бай-манаптың, болыс-бектiң өз балуаны, өз
мергенi, өз сәйгүлiгi болған. Олар бәйге-жарыстарда iрi рулардың намысын
қорғағанСпорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар
спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады.
Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық
дәстүрлер көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді
түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде
спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады.
Франция, Африка, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000
жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.
Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт
мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құрылыстар бар.
Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-мыс. Перғауындар
мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр
түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта
кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы
негіздері қаланды.
Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес,
жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі
Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен
әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын
Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған.
Осы күндері адамзаттың даму деңгейіне сәйкес, әсіресе БАҚ пен жаhандық
байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға көпшіліктің
мүмкіндігі өсуде. Спорт кәсіпқой спортқа айналып одан әрі адамзатты
қызықтыруда.

1.2.2. Әлемдік спорт түрлері және олардың ерекшеліктері

ТЭКВОНДО
Тэквондо – Кореяда неше мыңдаған жылдардан бері дамып келе жатқан
ұлттық әскери өнер. 2000 жылдан бері Тэквондо олимпиядалық спорт түрі.
Қазіргі уақытта 150-ден астам әлем елдерінде 300 млн- адам осы шығыс жекпе-
жегімен айналысады.
1991 жылы – ҚР Тэквондоның негізін салушы Мұстафа Өзтүріктің
басқаруымен Тэквондо Федерациясы құрылды.
ТАЙЛАНД БОКСЫ
Тайланд боксы – ежелгі тарихы бар, Тайландтың оңтүстік-шығыс Азия
корольдігінің өзіне тән мәдени мұрасы болып табылады. Қазақстанда бұл спорт
түрі тамырын жайып өсе бастағанына көп бола қойған жоқ.
Муай тай Федерациясының ҚР-сына табыстаған ресми мәртебесі бұл қызықты
спорт түрінің Қазақстанда дамуына күшті әсер берді. 1999 жылы 5-ші
желтоқсанда Тайланд королінің кубогі атты дәстүрлі турнирде Қазақстан
командасы 2 күміс және 2 қола алқаны жеңіп алды. Келесі жылында дәл осы
жарыста жастардан құралған Қазақстан құрамасы 2 үшінші орынды жеңіп алды.
2000 жылы 17 маусымда Алматы ТМД-ның тарихында бірінші
халықаралық матч, Еуропа және Орталық Азияның ең күшті кәсіпқой
спортшыларының арасындағы кездесу өтті.
КАРАТЭ - ДО
Каратэ-до (кара-бос, тэ-қол, до-жол). Каратэ қарусыз күрестің өнер
жолы. Каратэ дененің кез-келген бөлігін тиімді әдіспен қарулы қарсыласқа
қарсы тұратын құралға айналдыратын қабілетке ие. Каратэ тарихының тамыры
ғасырлар тереңіне кетеді. Бірақ қазіргі каратэ-доның атауы XX ғасырдың
басқы жүз жылдығында Окинавада (Жапония) пайда болған. Жапон жекпе-жегінің
тартып алынбайтын бөлігі болып білім жүйесіне кіргізілген. Қазіргі уақытта
каратэ әлемінде жарыстары ереже бойынша өткізілетін 2 негізгі ұйым бар.
КИКБОКСИНГ
Кикбоксинг (КБ) – кик-аяқ соққысы, боксинг-қолдың соққылары.
Бүгінгі күні Кикбоксинг мамандандыруы бойынша ҚазСТА-да сыртқы және
күндізгі бөлімде 40 шақты студент білім алып жатыр. Көпшілігі білім алу
грантында оқып шәкіртақы алады. Қазіргі білім алып жатқан студенттер мен
магистранттар арасында дарынды және лауазымды спортшылар Республика,
Академия даңқын кикбоксингтен әр түрлі жарыстарда жоғары көтеріп, қорғап
жүр.
АЙКИДО
Айкидо – жапон тілінен аударғанда Жер жүзінің үйлесімділігі дегенді
білдіреді. әскери өнер болып 1931 жылдан бастап дамып келеді. Айкидо
өнерінің негізін қалаушы Мори-хей Уесибо (1884-1969) өзінің алғашқы
додзесін (залын) ашып және онда бұл әскери өнердің техникасы мен
философиясын үйрете бастады. Айкидо – айкикай ассоциациясы 1948 жылы 9
ақпанда ашылды. Өзін қорғау тәсілдерімен бірге, Уесиба айки ой-пікіріне
негізделген өмір әдістері атты тұжырымдамасын (концепция) жетілдіріп,
жете зерттеді.
Айкидо – қорғаныс жүйесі. Алғашқы айкидо мамандандыруы бойынша
жиынтық 20022003 оқу жылында жүргізіледі. 2003 жылы көктемде факультетте
халықаралық семинар өтті. Оны Франциядан келген 5-ші дан гранд-шебер
Даниэль Шампеймо өткізді. Айкидоны дамыту жұмыстары ары қарай жалғасын
табуда.
Ушу. Ежелгі әскери өнер және қазіргі Қытай шығыс жекпе-жегі. Ушу
негізінен әлеуметтік-мәдени фено-мен болып табылады. Олар қытай
өркениетімен шығарылған және басқа мәдениетке ешқандай ұқсастығы жоқ.
(6.45)
Қазақстанда ушу, шығыс жекпе-жегінің бір түрі ретінде өткен ғасырдың 80-
ші жылдарының соңынан дами бастайды. Ушу федерациясы 1989 жылы құрылған.Бұл
әдеттегідей кейбір адамдардың
құлшыныстарының игілігіне қарай болды. Олардың бірі – Б.Ахметов шығыс
жекпе-жегінің зор тұлғалы маманы, республикалық ушу федерациясының басты
хатшысы, еліміздің еңбегі сіңген бапкері,
философия ғылымының кандидаты.
Хоккей — қақпалар орнатылған арнайы алаңда таяқпен, доп не шайбамен
ойналатын командалық спорт түрі. Алғашқы ресми матч 1875 жылы 3 наурызда
Монреал қаласындағы Виктория мұз айдынында өткізілді.
Ол кездегі хоккейді бүгінгі күнгі ойынның ережелерімен салыстыруға мүлдем
келмейді. Ол кезде әр командада 9 ойыншыдан топтастырылған еді. Ал, бүгін
де әр құрамаға кем дегенде 18 ойыншыдан келеді.
Алғаш рет хоккей арнайы сеткамен 1900 жылы ұйымдастырылды. Кейіннен қақпа
темірден тұрғызылды. ХІХ ғасырдың 70 жылдары Канадада хоккей қысқы
олимпиада ойындары бағдарламаларына енгізілді. Оның алғашқы шарттарын
Монреалдағы университеттердің бірінде білім алып жүрген студенттер қауымы
жасады.
1899 жылы Монреалда жасанды мұз айдынында ірі хоккей жарысы болып өтті.
Додаға 10.000 жанкүйер қатысты. Оны Каналаның әуесқойлар хоккей лигасы
ұйымдастырылды. 1914 жылы хоккейде кәсіби клубтар Ұлттық Хоккей Лигасына
топтастырылған.
Ал, 1908 жылы Ұлыбритания, Богемия, Швейцария, Франция және Белгия
халықаралық Хоккей Федерациясын құрды.
Әлемдік спорт ойындарының аталған түрлері өзіндік белгілерімен,
ережелерімен, дамып-таралуымен ерекшеленеді. Бұл мәселе берілген
анықтамаларынан айқын көрініп тұр.

1.2.3. Қазақ елінің ұлттық спорт түрлері және олардың
даму тарихы

Қазақ жеріндегі спорт түрлері қалайша қалыптасты? Осы сұраққа жауап
табу үшін қалың тарихты парақтай отырып, ұлан- байтақ жерімізде спорттың
дамуына түрткі болған оқиғалардың хронологиясын ұсынып отырмын.
Қазақ  жерінде спорттың алғашқы белгілері 7 ғасырда пайда болды деген
болжамды Араб халифатының Орта Азия елдеріне ислам дiнiн уағыздаумен қатар,
шахматты  тарату мен дамуына ықпал еткеніне қарап отырып, айта аламыз. Көне
заманнан бастап, халқымыз садақ тарту, бәйге, күрес, сайыс сияқты көптеген
спорт түрлерімен айналысып, өздерінің рухани байлықтарын толықтырып
отырған. Ата-бабаларымыз әрдайым ұлттық спорт түрлерін, дене жаттығуларын
жетілдіріп, оларды кейінгі ұрпаққа насихаттаған. Әр елдің, жүз бен болыстың
өз батыры, балуаны мен аты шыққан мықты спортшысы, мергені болатын. Олар өз
руының намысын қорғап, қарсыласын жеңу үшін барлық күштерін аямайтын.
Қазақ спортының дамуына әр түрлі ұлт өкілдер арасындағы қарым-қатынас пен
ынтымақтың нығаюы айтарлықтай үлес қосты. 1918 жылдың бірінші жартысында
шаруалар клубтарында жеңіл атлетика мен гимнастика үйірмелері
ұйымдастырылып, жастарға спортты насихаттау жұмыстары жүргізілетін. Халық
ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыс атқарып, халық күшімен
әр түрлі спорт алаңдары мен жарыстарды өткізуге арналған ғимараттарды
салған. Орныборда 1920 жылы 1 қазанда әскерге аттанатын жастарды спортқа
баулу мақсатымен дене тәрбиесі нұсқаушылары мен тәрбиешілердің құрамынан
арнайы ұйым құрылды. Бұл іске қатысқан адамдардың жартысы қазақ жастары
еді. Бұдан кейін Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау), Орал, Верный
(қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қалаларында ірі
спорттық жарыстарды өткізуге арналған орталықтар бой көтереді. Дәл сол
кезден бастап, Қостанай, Жетісу, Семей губернияларында спартакиадалар
ұйымдастырылып, бұл жарыстарға елдің түкпір-түкпірінен келген мықты
спортшылар қатысатын. 1925 жылы Семей қаласында әйелдер арасында спортты
насихаттау мақсатында арнайы спартакиада ұйымдастырылған болатын. Дәл
сондай спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қалаларында ұйымдастырылып,
қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті
Дене мәдениетінің жүйесі
Допты алып жүру
«Жастардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру»
дене тәрбиесі пәнінен оқушылардың кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу
Спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау
Спорт туралы тарихи мағлұмат
7-11 жас аралығындағы жас футболшылардың техникалық-тактикалық дайындық әдістемесін оңтайландыру
Аяқ ұшымен соғу
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Пәндер