ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ МИГРАЦИЯСЫ


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ
МИГРАЦИЯСЫ
1. Халықаралық жұмыс күші миграциясының түсінігі және себептері.
Халықтық жалпы миграциясы ХХ ғасырдың екінші
жартысында дүниежүзілік қоғамдастыққа тән құбы-
лыс болды. Халықтың миграциясы адамдардың тұрақты
тұрғын орнын ауыстырып белгілі бір аумақтың ше-
карасынан өтіп орын ауыстыруы немесе кері қайтып
келуі болып табылады.
Халықаралық миграцияның бірнеше түрлері бар:
еңбектік, жанұялық, рекреациялық, туристік және т. б.
Біз негізінен еңбектік миграция, халықаралық жұмыс
күші нарығын қарастырамыз.
Халықаралық жұмыс күші нарығы ұлттық шекарадан
әр түрлі бағыттарға өтетін еңбек ресурсрары ағынын
қамтиды. Халықаралық еңбек нарығы ұлттық шекара-
дан әр түрлі бағыттарға өтетін еңбек ресустары ағын-
нын қамтиды. Халықаралық жұмыс күші нарығын бі-
ріктіреді. Халықаралық еңбек нарығы еңбек миграция-
сы түрінде болады. 1995 жылдың басында әлемде
35 млн. астам еңбекші - миграттар болды, ал 1960 жыл
3, 2 млн. болған еді. Егер әрбір миграттың жанұясында
орталама 3 адамнан болса, онда 90-жылдардың орта-
сында мигратцияланған халықтың саны 100 млн. адам-
нан асып кетті.
Халықаралық шымыс күші нарығын басқа әлемдік
нарықтармен қатар қарастыруға болады: мысалы, тауар
және қызмет, капитал және ақпарат. Жұмыс күші, бір
елден екінші елге орын ауыстырып, өзін тауар ретін-
де ұсынады, халықаралық еңбек миграциясын іске
асырады. Жұмыс күші мигартциясының себептері бо-
лып эконамикалық және экономикалық емес фактор-
лар табылады. Экономикалық емес себептерге мына-
лар жатады: саяси, ұлттық, діни, нәсілдік, жанұялық
және т. б.
Халықаралық еңбек миграциясының дамуына көлік-
тік байланыстың жаңаруыда әжептәуір әсеретеді.
Әлемдік тәжірбие жұмыс күшін қабылдайтында және
жіберетін де елдердің сөзсіз артықшылыққа ие бола-
тын көрсетеді.
Ебек миграциясының артықшылықтарына мыналар
жатады:
жұмыссыздық жағдайын жеңілдетеді;
эмиграттардан қасымша валюталық табыс түседі;
олар білім және тәжірбие жинақтайды.
Еңбек миграциясының жағымсыз жақтарына шетелде
Табқан табыстарын пайдалану үрдісінің артуы, табыста-
рын жасыруға ұмтылу, ақылмандардың жылыстауы,
кейде жұмыс істейтін миграттардың біліктілігінің тө-
мендеуі жатады.
2. Еңбек ресурстарының импортшы - елдерінің
иммиграциялық саясаты.
Жұмыс күшін тартуға қажеттілігі бар еңбек ресурс-
тарының импортшы- елдері өздерінің иммиграциялық
саясатын елге келетін еңбекші- миграттарының саны
мен сапалық құрамын реттейтін шараларға негіздейді.
Жұмысшылар санын реттейтін құрал ретінде иммиг-
рациялық квота көрсеткіші қолданылады. Ол импортшы
елде жыл сайын саналып отырады. Иммиграциялық квота белгілі үйлесімен иммиграттардың әр түрлі категориалардың арасында бөлінуі мүмкін. Мысалы,
АҚШ-нда 1995 жылы иммиграциялық квотаны төмен-
дегідей бөлу қабылданды: 71%-АҚШ азаматтарының
туыстары, 20%-АҚШ қажетететін мамандар және 9%-
басқа иммеграттар тобы. АҚШ-нда 1996 жылы қабыл-
данған жаңа иммиграция туралы заң, иммиграттар
үшін квота мөлшерін біраз кеңітті, бірақ олардың
сапалық сипаттарына талапты күшейтті.
Еңбекші миграттардың сапалық құрамын зерттеу
әр түрлі әдістер қолдану жолымен іске асырылады.
Келетін жұмыс күшінің сапасына өте жоғары
талаптар қойылады. Ол мигранттың білімі және
кәсіпкерлік дайындығын тану тәртібінен және
мамандық бойынша тәжірибесінің барлығынан көрін-
еді. Иммигранттарды іріктеудің кең тараған критери-
йлерінің бірі жасқа қойылатын шектеу болып табы-
лады. Жас талапкерлердің елге кіру үшін рұқсат
алуға мүмкіндігі мол.
Иммигранттың ұлты қабылдаушы елдің ұлттық
құрамына байланысты сараланалатын, ұлттық тепе-
теңдікті сақтау үшін есептелетін сапалық белгі
болып саналады.
Жұмыс күшінің сапасына қойлатын басқа талап-
тарға төмендегілер жатады: келуші мигранттың денсау-
лық жағыдайының жақсы болуына қойылатын талап
(АҚШ және Скандинавияның кейбір елдері үшін тән) ;
кейбір мамандықтар мен кәсіптерге қатысты қос-
ымша кәсіпкерлік талаптар (мысалы АҚШ-нда шетел-
дік програмаша елде құрам-
дармен жұмыс істей білуі, компьютерлік жүйелермен
таныс болу керек) ; жеке басылық және психологиялық
шектеулер. Мысалы, Оңтүстік Африка елінде азамат-
тық алуқа талапкер “мейрімді мінез” иесі болу керек.
АҚШ-нда көп уақыттан бері тоталитарлық типтегі пар-
тия өкілдеріне елге кіру шек қойылған. Әр түрлі
сапалық белгілердің маңызы иммигранттарды іріктеуде
тұрақты емес және басқа басымдылықты пайдасына
қарай өзгеріп отыруы мүмкін. Сонымен бірге, бірсы-пыра маңызды сипаттар бойынша, мысалы, жасқа қой
ылатын шектеу, еңбек сертификатының барлық, белгі-
лі бір кәсібі мен кәсіпкерлік дайындығының болуы
белгілі уақыт ішінде тұрақты талаптар.
Импортшы елдердің миграциялық саясатының іріктеушілігі мигранттардың жеке категорияларына жеңілдік беруден көрінеді. Мысалы, иммиграцияға рұқсат алу үшін басымдылық құқымен келген елдерінде ісін ашуға мүмкіндігі бар бизнесмендер пайдалана алады.
Иммиграциялық саясаттың мақсаттарының бірі ұлттық еңбек нарығын шетел жұмысшыларының бақылаусыз келуінен қорғау болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру үшін импортшы мемлекеттер иммиграцияны қысқарту немесе алдын-алу, сонымен бірге шетелдік жұмыс күшін азайтуға бағытталған шаралар қабылдайды.
3. Еңбек ресурстарының экспортшы - елдерінің
эмиграциялық саясаты
Халықаралық еңбек ұйымы экспортшы елдердің эмиграциялық саясатының мақсатын былай анықтады:
еңбек ресурстарының эмиграциясы жұмыссыздықты қысқартуға, еңбекші эмигранттардан валюталық қаржыныңтүсуіне жағдай жасайды. Ол экспорттық және импорттық операциялардың тепе-теңдігін сақтау үшін қолданылады;
шетелде имиграттарға белгілі-бір тұрмыстық деңгей
қамтамасыз етілуге тиісті;
эмигранттардың еліне қайту талабы олардың шетел-
де білім және мамандық алуымен байланысты болуға
тиісті.
Осы заманға еңбек миграциясы жұмыс күші экспорт-
шысы-елдердің белсенділігінің және әсерінің артуы-
мен сипатталады. Ол эмиграция мақсатына жету
үшін әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданады.
Оған төмендегілер жатады;
шетелге шығатын эмигранттардың көлемі мен сапалық
құрамын реттеу жолымен еңбек ресурстары экспорт-
шысы-елдердің мүддесін қорғау әдістері мен құралдар-
ды. Көптеген мемлекеттер өздерінің эмиграциялық
саясатымен өз азаматтарының еркін орын ауыстыруына
құрмет көрсетеді. Кейбір елдер біліктігі жоғары
жұмыс күші жетіспегенде және демографиялық жағы-
дай қолайсыз болғанда эмиграцияны тежеу саясатын
жүргізеді;
еңбекші мигранттардың валюталық қаржыларын тарту
жолымен ел экономикасын қамтамасыз ету мақсатында
эмиграция әдістерін пайдалану. Ол үшін ұлттық банк-
терде жоғары пайызды мөлшерлемелермен эмигрант-
тарға валюталық есеп шот ашады, оларға өздерінің
валюталық қаржыларына тауарлар және өндірістік
құрал-жабдықтар тасып алуға тиімді жағыдай жасай-
ды. Кейбір елдер еңбекші - эмигранттарын өздерінің
шыққан елдеріне шетелде тапқан еңбек ақысының
қомақты бөлігін аударуға тікелей міндеттейді. Мем-
лекет, сонымен бірге шетелдерде азаматтарды жұм-
ысқа орналастырумен айналысатын жеке меншік
делдал ұйымдардың қаржысын, міндетті салымдар
мен сақтандырулар енгізу жолымен тартады ;
екі жақты келісімдермен жұмыс күшін жалға алу-
дың контрактілік түрін пайдалану жолымен еңбек-
ші-эмигранттар құқын қорғау әдістері мен тәсілдері.
Бұдан белгілі бір экономикалық және әлеуметтік
Кепілдіктер беруге бағытталған (еңбек ақы, жалағы-
Сын төлеу, азық-түлікпен қамтамасыз ету жене дәрі-
герлік қызмет көрсету және т. б. ) іс-шаралар, сонымен
бірге еңбек миграциясы бойынша халықаралық келіс-
ім шараттарының орындалуын бақылыу, миграттың
келген елінде туындайтын даулы сұрақтарды шешу
және олардың негізгі құрақтарының сақталуына
жағдай жасау мақсатында түрлі мекемелер, қорлар,
өкілдіктер ұйымдастыру жатады.
Шетелдегі кейбір елшіліктер мен өкілділіктерде
еңбек атташесі құрылады. Олардың міндеті еңбекші
-мигранттардың құқын қорған, оларды орналастыру
кезінде туындайтын даулы сұрақтарды шешу, жұм-
ыс берушілермен келісім жүргізу.
Мысалы, арнайы құрылған қорлардың тәжірибесі
де көңіл аударуды қажет етеді. Олардың міндеттері-
не еңбекші- миграттардың және олардың жанұя мү-
шелерінің құқтарының сақталуын бақылаумен қатар,
отанына қайтып келетін мигранттарға дәрігерлік кө-
мек көрсету, тұрмыстық құрылыс, мектептер жүйесін
кеңіту және т. б. мақсаттар үшін қажетті қаржылар
жинақтау (әл-ауқат қоры) кіреді;
мемлекекттік мүдделермен еңбекші - мигратттардың
құқықтары мен еркіндіктерін үйлестіретін шаралар.
4. Қазақстанның көші-қон саясаты
Қазақстанның әлемдік экономикалық қауымдастыққа
кең құқықты әріптес ретінде кіруі, басқа факторлар-
мен қатар, халықаралық жұмыс қүші көші-қоны деп
аталатын көп қырлы үдіріспен тығыз байланысты.
Қазақстанда халықтың көші-қон мәселелерін реттеу
мақсатында 1997 жылғы желтоқсанның 13-күні
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz