Халықаралық теңіз құқығы туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Р е ф е р а т

Халықаралық теңіз құқығы

Мазмұны:

Кiрiспе
Халықаралық теңіз құқығы туралы түсінік
1. Теңіз кеңістіктерінің жіктелуі
2. Ішкі теңіз сулары
3. Аймақтық теңіздер
4. Аймақтық теңізден тыс теңіз кеңістіктері
Әдебиеттер

Кіріспе

Халықаралық теңіз құқығы туралы түсінік

Теңіздер мұхит кеңістіктері атам заманнан бері адамзат үшін
түрлі қызметтер көрсетіп, атап айтқанда, теңізде жүзуде, теңіздің
органикалық және бейорганикалық қорларын өндіруде, ғылыми зерттеулер
жасауда және т.б. қызметтерге мол үлес қосып келеді. Осынау
қызметтер үрдісі барысында мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бір-
бірімен қарым-қатынасқа түседі. Олардың осынау өзара әсқимылдары мен
қызмет-әрекеттері заңгерлік нормалармен белгіленіп, халықаралық теңіз
құқығы деп аталатын халықаралық-құқықтық үйлестірудің құрамдас бөлігі
атанады.
Теңіздегі іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері болуына байланысты,
халықаралық теңіз құқығының басым нормалары халықаралық-құқықтың
үйлестірудің өзге салаларында кездесе қоймайды.
Ал, халықаралық теңіз құқығының кейбір нормалары теңіз қызметін
үйлестіру үшін үлкен маңызға ие. Атап айтқанда, барлық
мемлекеттер үшін ашық теңіздегі кеме қатынасының еркіндік принципі
ортақ. Бұл принцип аймақ суларындағы, шектеулі экономикалық
аймақтардағы, халықаралық бұғаздар мен кейбір теңіз кеңістіктеріндегі
құқықтық режимге біршама әсер етеді. Сондай-ақ, 1982 жылы жасалған
Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясы бекіткен қағидалы ережелерге
сәйкес барлық теңіз аудандары мен аймақтық су межесіндегі аумақтар
бейбіт мақсатқа қолдануға негізделген.
Халықаралық теңіз құқығы жалпы халықаралық құқықтың органикалық
құрамдас бөлігі болып табылады және ол субъектілер, дерек көздер,
қағидалар, халықаралық шарттар құқығы мен жауапкершіліктері туралы
нұсқаулармен жетекшілік етеді және халықаралық әуе құқығы, ғарыш
құқығы және т.б. салалармен өзара тығыз байланысады.
Халықаралық теңіз құқығы тарихи терең антикалық дәуірге кететін
халықаралық құқықтың ең көне бөлімдерінің бірі болып табылады. Бірақ
та, соған қарамастан, бұл сала құқығы 1958 жылы Женевада өткен Теңіз
құқығы жөніндегі І БҰҰ конференциясында аймақтық теңіз және оның
маңайындағы аймақтар туралы; ашық теңіз туралы; құрылық қайраңы
туралы;балық аулау және теңіздің бірі қорлары туралы төрт
конвенцияға жіктелді.

Теңіз кеңістіктерінің жіктелуі
Халықаралық-құқықтық көзқарас тұрғысынан біздің ғаламшарда теңіздер
мен мұхиттар кеңістігі екіге жіктеледі. Олар: 1)түрлі мемлекеттердің
егемендігіндегі және елдердің әрқайсысының аумағын құрайтын кеңістік;
2) елдердің ешқайсысына қарамайтын кеңістік.
Әлемдік мұхит бөліктерінің осы аталған теңіз кеңістіктерінің
біріне тиесілігі, бұл теңіз бөлігінің құқықтық мәртебесін немесе
құқықтық жағдайын анықтайды. Ал, теңіз кеңістігінің құқықтық мәртебесі
аталмыш кеңістіктегі іс-қимылды үйлестіруге және құқықтық
режимді орнатуға үлкен әсер етеді.
Теңіз жағалауы бар ел аумағының құрамына теңіз жағалауында
орналасқан бөлік пен ішкі теңіз суы және аймақтық теңіз атанатын
аумағы кіреді. Бір немесе бірнеше архипелагтан тұратын мемлекеттің
аумағына архипелаг аралдарының ішінде орналасқан архипелаг сулары
кіреді.
Ішкі теңіз сулары, аймақтық теңіз және архипелаг суы -
Әлемдік мұхиттің шағын ғана құрамдас бөлігі. Мұхиттар мен теңіздердің
ауқымды бөлігі бірде-бір елдің, бірде-бір мемлекеттік қарауына
кірмейді, бірақ соған қарамастан олардың өз құқықтық мәртебелері бар.
Теңіз кеңістіктерін құқықтық жіктеу нақты теңіз кеңістігінің
құқытық мәртебесі мен құқықтық режимнің ерекшелігіне байланысты
жүзеге асырылады. Бұл жіктеменің тарихи негіздемесі бар және 1982
жылы қабылданған Теңіз құқығы жөніндегі конвенцияға сүйенеді.

Ішкі теңіз сулары
Ішкі теңіз сулары туралы түсінік берер болсақ, теңіз жағалауы бар
әр мемлекеттік аумағына ішкі теңіз сулары кіреді. Халықаралық
келісімдер мен түрді мемлекеттердің ұлттық заңнамаларының айтуынша,
ішкі теңіз суларына - мемлекет жағалауы мен аймақтық теңіздің ендігін
белгілеу үшін қабылданған шекара сызығы аралығындағы сулар жатады.
Ішкі теңіз суларына сонымен бірге, айлақтың гидротехникалық және
басқа да құрылымдарынан шетте орналасқан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық теңіздер
Халықаралық теңіз құқығы туралы білімдер жүйесін қалыптастыру
Халықаралық теңіз құқығы
Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау
Халықаралық теңіз тасымалы
Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары
Ашық теңіз еркіндігі қағидасы
Әскери және госпиталдық кемелер мен ұшу аппараттарының, парламентердың, тыңшының, барлаушының, жалданушының, медициналық және діни қызмет өкілдерінің, журналисттер, инструктор мен кеңесшілердің құқықтық мәртебесі
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері
Пәндер