Халықаралық құқықтың қағидалары, жалпы принциптері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Р е ф е р а т

Халықаралық құқықтың қағидалары

Мазмұны:

Кiрiспе
Халықаралық құқықтық қағидалары
1. Адамның негізгі құқықтары
2. Құқықтық айқындылық, кері күш және бекітілген құқықтар, заңды күту
3. Пропорционалдылық (сәйкестілік), теңдік, тыңдалу құқығы және т.б
қағидалар
Қорытынды
Әдебиеттер

Құқықтық жалпы принциптері

Құқықтың жалпы принциптері қандай негізде құқықтың қайнар көзі
ретінде көрініс табады? Бұл сұраққа жауап беру үшін сот психологиясы
мәселесіне көңіл бөлу керек. Бірде-бір құқықтық жүйеде заңдар немесе
жазылған құқықтың басқа да қайнар көздері соттарда туындайтын барлық
сұрақтарға жауып беру мүмкіндігі жоқ. Судьялар туындайтын мәселелерді шешу
үшін, құқықтық нормаларды шығару керек. Соттағылар ашық норма шығарушылықты
бүркемелеу үшін, құқықтың жалпы принциптеріне сүйенеді: идеяның негізі
мынада – егер құқықтық норма ортақ келісімді қалыптастыратындай жалпы
принципке сүйеніп жасалса, сот шешімінің тұрақты құқықтық негізі бар деп
есептеледі.
Жалпы принциптердің бастауы не болып табылады? Олар әр түрлі қайнар
көздерде табылады, бірақ соның ішінде ең маңыздылары – Қоғамдастықтарды
құратын шарттар және мүше-мемлекеттердің құқықтық жүйелері. Бірінші
жағдайда, Сот шарттар ережелерінін біреуі шартқа тікелей енгізілмеген жалпы
принциптің көрінісі деп қаулы етеді. Сонымен, бұл ереже құқықтың жалпы
принципі ретінде қолданылады. Оның мысалы – Қоғамдастықтың 7-бабына сәйкес
шартты қолдану шеңберінде Қоғамдастық азаматтарын ұлт белгісі бойынша кез
келген кемсітуге тыйым салу. Бұл сот пен шарттардың басқа ережелерімен
бірге кез келген белгілер бойынша кемсіту жасасуға тыйым салатын,
теңдіктің жалпы теориясын қалыптастыру үшін қолданылады.
Тағы бір мысал, Қоғамдастықтың 36-бабы қарастыратын ақшалай санкциялар
мен кезеңде айыппұлға қарсы шағым-арыздарды қолдау ретінде мүдделі тарап
сол шешім мен ұсыныстардың заңдылығына қарсы болды, ал ол сақталмаған
жаңдайда бұл тарап айыпталады. Кейбір талапкерлер осы ережені айыппұл
төлемдеріне қатысты емес, алымдарға қатысты қолданған. 36-баб қолдауға
жатпады, бірақ сот бұл ережені жалпы принциптің жеке көрінісі, сондықтан
да, жанама түрде кез келген құқықтық шараларды даулауға болады деп ұйғарды.
Осы жалпы принцип қарастырылған істе қолданылып, өтініш білдірушіге шараны
даулауға мүмкіндік береді. Бұл дәлелдеме екі сатыны талап етеді: біріншісі
– индуктивтік, онда сот шарттың жеке ережесіне негізделе отырып, оны жалпы
принципке байланыстырады. Ал, екіншісі – дедуктивтік, бұл жерде сот
қарастырып отырған ңс бойынша шешімді жалпы принципті қолдана отырып
қабылдайды. Сот осындай әрекет жасаса, оның шешімінің құқықтық негізі –
шарт емес, жалпы принцип болып табылады.
Егер сот шабыт туғызу үшін ұлттық құқыққа сүйенсе, жалпы принцип мүше-
мемлекеттердің құқықтық жүйелерімен қабылдануы қажетті емес. Ол мүше-
мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің көпшілігінде қабылданса, олардың даму
тенденцияларын бейнелесе жеткілікті. Принцип негізі қандай болса да, ол
сотпен ұлттық құқық емес, Қоғамдастық құқығының принципі ретінде
қолданылатыны жөнінде тағы бір ескеру қажет.
Құқықтың қайнар көзі ретінде жалпы принциптерге сүйенуді атау
шарттардың өзінде көрініс табады.
Сонымен, құқықтың жалпы принциптері - құқықтың тәуелсіз қайнар
көзі және Сот жоғарыда айтылған жағдайлар болмағанның өзінде, олардың
қолданытындығына ешбір күмән жоқ. Бірақ, Сотпен жаңа құқық
нормалары ұсынылған кезде ол әрқашанда жалпы принциптерге тікелей
сілтеме жасайды, ойламау керек. Кейде ол қайнар көзге еш
сілтеме жасамай-ақ, норманы бекіте алады немесе оны Қоғамдастық
құқықтық жүйесінің жалпы талаптарымен немесе саясатымен ақтай
алады. Бірақ, егер де бұндай нормаларға ресми қайнар көз керек
болса, ол әрқашан да не жазылған құқықты кең талқылау арқылы, не
жалпы принциптерге сілтеме жасасу арқылы табыла алады.
Сотпен қабылданған жалпы принциптер қандай? Бұл принциптердің
барлығын атап айту мүмкін емес, бірақ, олардың кейбіреулері, ең
маңыздылары, қазір қарастырылады.

Адамның негізгі құқықтары

Дүниежүзілік мағынасына қарамастан, адамның негізгі құқықтары енді
ғана Қоғамдастық құқығында маңызды орын алып отыр. Сотпен адамның
негізгі құқықтары тұжырымдамасын дайындау пайдакүнемдікті де
көздеді, сенімдерді де қамтыды. Бұл сауал тарихы мынадай:
Еуропалық қоғамдастық сотының ең маңызды мақсаттарының бірі –
Қоғамдастық құқығының тиімділігін қамту, ол болса, өз кезегінде, ЕҚ
Сотын қатал түрде жүзеге асырылатын Қоғамдастық құқығының ұлттық
құқыққа қарағанда үстемділігі доктринасына алып келді. Бұл доктрина,
негізінен, ұлттық соттармен де танылған, бірақ Қоғамдастықтың
құрылғанынан бастап, неміс заңгерлері келесі мәселеге күдік білдіре
бастады. Қоғамдастық құқығының, әсіресе, адам құқықтарына
байланысты, Германия Конституциясынан құқықтық күші жоғары болуы керек
пе? Германияда Қоғамдастық құқығының ұлттық құқықтан, соның ішінде
Федералды парламент заңдарынан, үстемделігін тануға қиындық болған
жоқ. Бірақ, барлық неміс заңдары, соның ішінде федералдық
заңдар да Конституцияға бағынышты заңдардың Конституцияға
сәйкестігі арнайы Федералдық конституциялық сот анықтайды. Ұлттық
заңдардың Конституцияға сәйкес болу қажеттігіне байланысты, кейбір
неміс заңгерлерінің Қоғамдастық құқығы ережелерін бұзған жағдайда
Германияда қолданыла алмайды деген көзқарасты қолдағаны
таңданарлық жай емес. Неміс заңгерлерінің негізгі заң, әсіресе,
адамның негізгі құқықтары тұжырымдамасын қатаң ұстануын Германияның
алыс емес тарихымен түсіндіруге болады.
Қоғамдастықтағы негізгі адам құқықтары тұжырымдамасының екінші
қайнар көзі – халықаралық шарттар. Егер Қоғамдастық шарасы мүше-
мемлекеттің қатысатын шартымен белгіленген адам құқығын бұзса, ол
мемлекет шартты бұзу қаупінен, осы шараны өз аумағында жүзеге
асырмауы мүмкін. Сондықтан да, алдында нәрселердің барлығы
шарттарға сәйкес қорғауға ие болатын құқықтарға да
қолданылады.
Осы күнге дейін қаралған адам құқықтары бойынша барлық істерде
ЕҚ Соты Қоғамдастыққа байланысты, оның шараларының жарамдылығы
жөніндегі шешімдерін талқылау немесе қабылдау мақсатында бағалап
келді. Қоғамдастағы адам құқықтары тұжырымдамасы мүше-мемлекеттер
үшін қаншалықты міндетті. Оның тікелей қолдануы ұзақ уақытқа
дейін танылған жоқ. Бірақ, қазіргі кезде кейбір жағдайларда
Қоғамдастық құқығы мүше-мемлекеттерден адам құқықтарын сақтауды талап
ететіні анықталып келе жатыр.
Осыған қатысты үш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтың қағидалары
Халықаралық құқықтық норма ұғымы мен белгілері
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Құқық қағидалары түсінігі, түрлері
Халықаралық құқық негіздері
Азаматтық іс жүргізу құқығынын принциптері, оның мазмұны және сот тәжірибесінде жүзеге асырылуы
Құқықтық жалпы принциптері
Халықаралық құқықтың қайнар көздері
Құқық қағидаларының жалпы түсінігі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер