Халықаралық сауда мәмiлелерiнiн бұзылғандығы үшiн жауаптылық


Тақырыбы: «Халықаралық сауда мәмiлелерiнiн бұзылғандығы үшiн жауаптылықң
ЖОСПАР:
Кiрiспе . . . 3
І тарау.
Халықаралық сауда мәмiлелерiнiң түсiнiгi,
түрлерi, ерекшелiктерi . . . 4
ІІ тарау. Халықаралық сауда мәмлелерiнiң нысаны оның халықаралық экономикалық байланыстар кезiндегi
маңызы . . . 13
ІІІ тарау. Халықаралық сауда мәмiлелерiнiң жарамсыздық негiздерi және жарамсыз деп танылған мәмiллердiң
құқықтық салдары . . . 22
ІV тарау. Халықаралық сауда мәмiлелерiнiн бұзылғандығы
үшiн жауаптылық . . . 31
Қортынды . . . 34
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36
Кiрiспе
Халықаралық сауда мәмiлелерi халықаралық коммерциялық экономикалық қатнастар кезiнде аса маңызды роль атқарады және олар халықаралық жеке құқықта заңды маңызы бар фактілердiң бірі болып табылады. Оның үстіне, Халықаралық сауда мәмiлелерi халықаралық коммерциялық айналым саласында құқық қатынастарын үздіксіз тудырып, дамыта келе, мәмілелер осындай айналымның қарқынды дамуын қамтамасыз етіп отырады.
Халықаралық сауда мәмiлелерi - деп халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң, яғни жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi танылады.
Халықаралық сауда мәмiлелерiнiң басты мақсаты халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi үшiн құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу және мұндай құқықтар мен міндеттерді өзгерту немесе тоқтату болып табылады. Халықаралық деңгейдегi әртүрлi сауда-саттық құжаттары мен Конвенцияларға қайшы нәтижелерге жетуге бағытталған құқықтар мен міндеттердiң пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соқтыратын іс-қимылдар мәміленің жарамсыздығына әсер етедi.
Мен өзiмнiң осы курстық жұмысымда халықаралық сауда мәмiлелерiнiң түсiнiгi мен ерекшелiгiн және оның жарамдылық алғы шарттары мен жарамсыздығының құқықтық салдары сондай-ақ мәмiленi бұзғандығы үшiн жауапкершiлiк мәселелерiнiң теориялық аспектiлерiн қарастырып кетпекпiн.
І тарау. Халықаралық сауда мәмiлелерiнiң түсiнiгi, түрлерi,
ерекшелiктерi
Халықаралық сауда мәмiлелерi деп халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң, яғни жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi танылады.
Халықаралық сауда мәмiлелерiнiң әрбiр қатысушысы, яғни халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi оны жасау кезiнде белгiлi құқықтық нәтижеге жетудi ниет етедi. Халықаралық сауда мәмiлелерi нәтижесiнде, яғни халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң жасаған әрекеттерiнен олардың ниеттiн айқын анықтауға әрi оны тануға болады. Халықаралық сауда мәмiлелерi халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң iшкi ерiк-жiгерлерiн бiлдiредi; ал оның мазмұны туралы түсiнiкке келудi еркiн бiлдiру деп танылады1.
Х алықаралық сауда мәмiлелерiне қатысушылар өз ерiк бiлдiруiнiң түрлi тәсiлдерiн көздейдi. Негiзiнен олар өз ерiктерiн жазбаша нысанда көрсетедi, басқа жағдайларда -конклюденттi әрекеттер арқылы, яғни, жасалған әрекетiнен ерiк-жiгердiң бар болуы туралы тұжырымға келуге болатын, және үшiншi жағдайда - үндемей қалу арқылы. Халықаралық экономикалық қатнастар кезiнде мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты болуы мүмкiн.
Мысалы, халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң материалды құндылықтарды алуға берiлген сенiмхаты бiржақты мәмiле болып табылады. Бiрақ, осы мәмiленiң ықпалына қарай сенiмхат берушiнiң және сенiмдiнiң белгiлi азаматтық құқық пен мiндеттер пайда болады.
Екi жақтық және көпжақтық х алықаралық сауда мәмiлелерi екi немесе бiрнеше тараптардың келiсiлген ерiк бiлдiруiн көрсетедi. Сонымен, әр шарт екiжақтық немесе көпжақтық мәмiле болып табылады, бiрақ барлық мәмiле шарт бола алмайды. Көпжақтық мәмiлелер де шарт болып табылады. Бiрақ екiжақтық мәмiле айырмасында олар екi тараптың көп емес ерiк бiлдiруi негiзiнде пайда болады.
Сондай-ақ халықаралық экономикалық қатнастар барысында жасалған мәмiлелер себептi және абстракты болып бөлiнедi. Себептi мәмiледе оның негiзi мазмұнынан анықталады (сауда-саттық), ал абстракты мәмiледе негiзi мазмұнынан дерексiздендiрiлдi (вексель беру) . Келешекте белгiлi оқиғаның басталу-басталмауымен құқықтық салдардың пайда болуы немесе тоқтатылуы шарттылығына байланысты мәмiлелер шартты және шартсыз болып бөлiнедi. Шартты мәмiлелер кейiнге қалдырылатын шартпен жасалған (тараптар құқықтар мен мiндеттердiң туындауын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойды) және кейiн күшi жойылатын шартпен жасалған (тараптар құқықтар мен мiндеттердiң тоқтатылуын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойды) болып бөлiнедi.
Халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi жасасқан мәмілелер оларды жасаушыларда азаматтық құқықтар мен мiндеттер туғызады. Олар осы белгісі арқылы халықаралық экономикалық қатнастар кезiнде халықаралық актілерден, яғни осы органдарға бағынатын халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызатын құзіретті мемлекеттік органдардың әрекеттерінен ерекшеленеді. Сотқа шағымданған халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi үшін құқықтық қатынасты туғызатын, өзгертетін не тоқтататын сот шешімінен мәміле осындай белгілері бойынша ерекшеленеді2.
Халықаралық сауда мәмілелерi - бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларда халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң еркі байқалады. Халықаралық сауда мәмілелерiн жасайтын халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi еркінің ішкі мазмұнын (оның шын ниетін) және еріктің сыртқы көрінісін (айтылған не қағазда баяндалған сөзді, ымды, әдеуір күрделі әрекеттерді) айыра білу керек.
Халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң іс-әрекеті бойынша оның еркінің шын бағыты туралы пікір түюге болатындықтан, еріктің сыртқы көрінісі оның ішкі мазмұнына сай келеді деп жорамалданады.
Алайда адамның шын ниеті мен оның еркінің сыртқы көрінісі арасында алшақтық бар екені дәлелденген жағдайда (мысалы, сатып алушы сатушымен түсінісетін тілді нашар білгендіктен, сатып алатын заттың бағасын белгілеуде қателесті) оның шын ниетіне зор маңыз беріледі.
Халықаралық сауда мәмілелерi дегеніміз - бұл қашан да ерікті білдіру болатындықтан, оны заң еркіне зандық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай алады. Әрекетке қабілетсіз халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi мәмілелер жасай алмайды, ал әрекет қабілеттілігі шектеулі халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi заң рүқсат еткен мәмілелерді ғана жасауға құқылы.
Халықаралық құжаттар мәмілелердің екі түрін ажыратады: бір жақты мемілелер және шарттар. Бір жақты мәміле халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң біреуiнiң еркін білдіреді және оған басқа тұлғалардың қалай қарайтындығына қарамастан қолданыла береді. Бір жақты мәміле, әдетте (бір өзі немесе басқа заң фактілерімен бірге), бұл жөнінде өздеріне хабарланғанға дейін мұндай құқықтар туралы тіпті білмейтін басқа Мысалы, халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң өзіне тиесілі әлде бір құқығынан бас тартуы бір жақты мәміле болады. Бірқатар жағдайларда бір жақты мәміле жай міндеттемені туғызады, мұнда мәміле жасаған халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi борышқор болады, ал оның пайдасына мәміле жасаған тұлға - несие беруші болады. Мысалы, халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң жай вексельді беруi.
Кейде бір жақты мәміле міндеттемені тоқтатады, мұнда меміле жасаған халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi несие беруші болады да, ал оның пайдасына мәміле жасалған халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi - борышқор болады.
Халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң жасаған мәмілелерегi тұлғалардың көпшілігі екі немесе бірнеше тұлғаның үйлескен еркін білдіреді, яғни халықаралық мәмле немесе шарт болып табылады.
Мұндай әрекеттер, ең ақырында, бір мақсатқа жетуге бағытталғанына қарамастан, екі немесе бірнеше халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң жай ғана мәміле жасасуы оны шарт деп тану үшін жеткіліксіз болады. Олардың әрекеттерінің өзара үйлесімді болуы талап етіледі, яғни қатысушының әрқайсысы басқа қатысушы саналы түрде мойындайтын немесе тіпті қолдайтын әрекеттер жасайды. Егер мұндай әрекеттер дербес болып, әрбір халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң өз әрекетіне басқа қатысушыны хабардар етпестен, жеке-жеке әрекет ететін болса, онда бұл шарт емес, бірінен соң бірі жасалатын екі мәміле болады.
Екінші жағынан, халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi жасаған кез келген шарт кем дегенде екі жақты әрекеттен туындайды: бір тараптың шарт жасасу туралы ұсынысынан (мұндай бір жақты мәміле оферта деп аталады) және екінші тараптың ұсынысты қабылдау жөніндегі келісуінен (бір жақты мәміле - акцепт) туады.
Басқа негіздер бойынша халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң жасағна мәмілелер өзге де түрлерге бөлінеді. Каузальдык және абстрактілік мәмілелердің арасындағы айырмашылықтың өте зор практикалық маңызы бар.
Каузальдық (саиsа -себеп, негіз) немесе себепті мәміленің тағдыры тұтасымен оның өзі жасалған негізге тәуелді болады. Негізінің бұзылуы жасалған бір жақты мәміленің заңдық күшін жояды. Мысалы, сатып алушы сатып алған тауарының бағасын алдын ала төлеп қойған, бірақ сатушы тауарды жеткізіп бермеген. Сатушының сатып алушыдан алынған ақшаға құқығы жойылады3.
Вена конвенциясы мәмiленiң мазмұны халықаралық сауда-саттық нормаларына қайшы келмеуi тиiс деп көрсетедi және осы құжатты мойындаған әрбiр сыртқы сауда қатнастарының мүшесi өздерiнiң ұлттық заңнамаларын халықаралақ заңнамаларға сәйкестендiруi мiндеттi.
Егер мәміленің өзі оны жасаған халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң шынайы еркін білдірген болса, абстрактілік мәміленің заңдық күші оның негізіне тәуелсіз болады. Мысалы, халықаралық сату-сатып алу шарты бойынша сатушыға тауардың құнына сай сомаға векселъ беріп, алынған тауар үшін есеп айырысты. Егер кейін халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi тауардың сапасыз екені анықталса, вексель қайтарып алынбайды, керісінше, вексель бойынша құқық вексель ұстаушы үшін де, одан кейінгі вексель ұстаушылар үшін де, оны төлейтіндер үшін де күшін сақтайды.
Халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi жасаған негізгі және қосымша (акцессорлық) мәмілелер (шарттар) арасындағы айырмашылықтың халықаралық коммерциялық сауда кезiнде аса үлкен практикалық маңызы бар.
Халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi жасаған акцессорлық мәміле негізгі мәмілені толықтырады, қамтамасыз етеді және нақтылайды. Егер заңнан, мәміленің менінен не тараптардың келісуінен өзгеше жағдай туындамаса, акцессорлық мәміленің тағдыры негізгі мәміленің тағдырына тәуелді болады.
Халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi жасасқан кепіл туралы, кепілдік және кепіл болушылық туралы, кепілпұл туралы және басқа мәмілелерді қосымша мемілелер деп атауға болады.
Халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң жасаған мәміле - бұл тектік үғым, ал шарт - түрлік ұғым. Кез келген шарт - бұл мәміле, ал кез келген мәміле - шарт емес. Халықаралық шарттар мәмілелердің басым бөлігін құрайды.
"Халықаралық шарт" термині мәмілеге қатысты алғанда екі мағынаға ие болуы мүмкін. Біріншісі - бұл халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мәміле элементi. Мысалы, халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң жасасқан жалға берілетін мүлік туралы және жалдау ақысының мөлшері туралы шарт. Екіншісі - мәміленің мазмұнын құрайтын халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң құқықтары мен міндеттері пайда болатын немесе тоқтатылатын мән-жай. Мұндай мән-жай мәміленің негізгі мазмұнына қатысты алғанда қосымша сипатта болады.
Тараптардың, яғни халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң негізгі құқықтары мен міндеттерінiң пайда болуын немесе тоқтатылуын осындай шартқа тәуелді етіп қойған халықаралық сауда мәмілелерi шартпен жасалған мәміле болып табылады. Ал халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң жасақан және белгiлi бiр шартты жағдайларға незiдеп жасаған сату салу-сату шарты - шартпен жасалған мәміле болып табылады4.
Халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi жасасқан шарты болашаққа есептелуге тиіс. Егер тараптар өздерінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруды осымен байланыстырған мән-жай мәміле жасалғанға дейін орын алған болса, оның қатысушылары бұл жөнінде білмеген болса да, ол мәмілеге есер етпейді.
Табиғат құбылысы, басқа халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң іс-әрекеттері, мәмілеге қатысушы тараптардың іс-әрекеттері және т. с. с. шарт болуы мүмкін. Бірақ заңға қайшы немесе әдепсіз әрекеттерді шарт ретінде анықтауға болмайды.
Шартпен халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң жасалған мемілені жене күші жойылатын шарпен жасалған мәмілені ажыратады. Кейінге қалдырылатын шартпен жасалатын мәміледе құқықтар мен міндеттер мәміле жасалатын сәтте емес, жағдай туған кезде күшіне енеді. Күші жойылатын шартпен жасалатын мәміледе халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң, яғни тараптардың құқықтары мен міндеттері мәміле жасалған күннен бастап күшіне енеді, бірақ жағдай туған кезде тоқтатылады. Міндетті болмаса да, тууы мүмкін жағдай ғана шарт болуы мүмкін. Егер шарт объективті түрде тумаса, онда мәміле жоқ не сөзсіз болады. Керісінше, міндеттi түрде туатын шарт, мәмілені шартта емес, мерзімді етеді. Мысалы, меншік иесі басқа адамға өз мүлкін көктем басталғанға дейін пайдалану мүмкiндігін береді.
Мерзімнің де кейінге қалдырылатын және күші жойылатын маңызы болуы мүмкін, өйткені көп ретте мәмілеге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінiң пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы мерзімге байланысты болады.
Мәмілеге қатысушылар, яғни халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң өздерінің мүдделеріне сәйкес әрекет етуге құқылы, өздері үшін тиімді немесе тиімсіз шарттардың басталуына не басталмауына жәрдемдесуге немесе кедергі жасауға құқылы. Олар шартқа жәрдемдесетін не кедергі жасайтын заңсыз немесе әдепсіз құралдарды қодданбауы, жосықсыз ерекет етпеуі тиіс. Халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң. Кейде мәміленің бір тарабы, яғни халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерi тиімді шарттың тууына өзiнiң әрекеттерімен кедергі келтірсе, ол жасалмаған болып есептеледі.
Халықаралық дәрежедегi әр түрлi Конвенцияларға сәйкес, халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң биржаларда жасасқан мәмлелерi мәмілелердің ерекше түріне жатады. Халықаралық экономикалық қатнастар субъектiлерiнiң биржада жасалатын мәмілелерді биржалық мәмілелер деп түсінеді. Олар қатысушылар арасында негізінен жалпы тәртіппен жасалған тиісті мәміле туғызатындай құқықтар мен міндеттерді өмірге келтіреді және мәмілелердің жарамдылығы және жарамсыздығы жөніндегі жалпы заң ережелеріне бағынады. Сонымен қатар, олардың бірқатар айтарлықтай ерекшеліктері бар, бұл ерекшеліктер биржалық мәмілелерге қатысушылардың құқықтық жағдайына, мәміленің нысанасына, оларды жасасу және ресімдеу тәртібіне, олардың орындалуын және биржалық даулардың шешілуін қамтамасыз етуге қатысты болады.
Халықаралық сауда биржалық мемілелерiн делдал (брокер, дилер) арқылы жасалады. Бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға, әдетте, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары (кастодиан, орталық депозитарий, тіркеуші, атаулы бағалы қағаз ұстаушы және басқалары) қатысады.
Халықаралық сауда биржалық мәмілелер тіркелуге жатады.
Биржалық тауар мәмілелерінің нысанасы нақты және алдағы уақытта жеткізілетін биржалық тауарлар болуы мүмкін (форвардтық мәмілелер) . Тауарларды келешекте жеткiзіп беруге немесе құқықтар мен міндеттерді келешекте беруге арналған стандартты келісім-шартты негіз ететін мәмілелерге рұқсат етіледі (фьючерстік немесе опциондық мәмілелер) . Биржада биржалық мәмілелердің нақты орындалуын қамтамасыз ету есептері мен әдістерінің арнайы нысандары болуы мүмкін.
Халықаралық тауар биржасында жасалатын Халықаралық сауда мәмілелерi мәмілелерге байланысты туындайтын дауларды биржалық төрелік комиссия қарауы мүмкін, оның шешімі туралы халықаралық сотқа шағымдануға болады.
Халықаралық сауда биржалық мәмілелерiн жасасу тәртібін және олардың ерекшеліктерін халықаралық заң актілерінде ең алдымен халықаралық құжаттарда сондай-ақ халықаралық биржалық сауданың тиісінше бекітілген ережелері айқындайды5.
ІІ тарау. Халықаралық сауда мәмлелерiнiң нысаны оның халықаралық экономикалық байланыстар кезiндегi маңызы
Халықаралық сауда мәмілелерi, яғни сыртқы экономикалық мәмілелер қазақстандық және шетелдік азаматтар немесе заңды тұлғалар арасындағы коммерциялық мәміле болып табыдлады және ол жай жазбаша түрде жасалуы тиіс. Бұлай болмаған жағдайда жарамсыз деп танылады (АК-ның 153-бабының 3-тармағы) . Егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осымен бірге сыртқы экономикалық мәміленің дұрыстығы үшін қойылған қолдарды мөрмен не өзге заңды белгілермен куәландыру талап етілмейді.
Егер мәміленің жазбаша түрінің қажеттігі заңның талаптарынан емес, тараптардың келісімінен туындайтын болса, мәміле күшіне еңбейді және тараптар оны жазбаша рәсімдегенге дейін заңдық салдар туғызбайды. Тараптар мәміленің нысаны туралы өздерінің бастапқы уағдаластығын өзгертуге құқылы, мұнда тек олардың өзара келісімі болуға тиіс.
Кейбір жағдайларда, жоғарыда атап өткеніміздей, жазбаша мәміле жасау үшін мәмілеге қатысушылар қол қоятын құжат толтыру немесе мұндай құжаттар алмасу жеткіліксіз болады. Бұған қоса, белгілі бір реквизиттерді сақтау талап етіледі: арнайы бланкілерді пайдалану, мәмілеге қатысушылардың қойылған қолдарын мөрмен растау және т. с. с. (АК-ның 152-бабының 3-тармағы) . Егер тараптар өзгеше жағдайды белгілемесе, мұндай мәмілелер нысанының бұзылуы да мәмілені жарамсыз деп тануға және екі жақты реституцияға әкеп соқтырады.
Мәмілені міндетті түрде нотариалдық куәландыру туралы талаптың бұзылуының салдары да осындай (АК-ның 154-бабының 1-тармағы), яғни заң талап ететін мәмілені нотариалдық куәландыруды орындамау оның жарамсыз болуына әкеп соқтырады. Егер тараптар оны толығымен немесе ішінара орындаған болса, олар мәміле бойынша алғандарының бәрін қайтарып беруге міндетті.
АК-ның 154-бабының 2-тармағы бұл жалпы ережеге де ерекшелікті көздейді, егер нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілені тараптар немесе тараптардың бірі іс жүзінде орындаған болса, ол өзінің мазмұны жағынан заңдарға қайшы келмесе және үшінші жақтардың құқықтарын бұзбаса, сот мүдделі тараптың арызы бойынша мәмілені жарамды деп тануға құқылы. Бұл ретте мәмілені кейіннен нотариаттың куәландыруы талап етілмейді. Мұнда әңгіме жасалуы мен мазмұны дау тудырмайтын мәмілелер туралы болып отыр. Мәміле жасау түрін бұзуға кінәлы болған келесі қатысушы (немесе оның құқық мирасқоры) өзі үшін әлде бір себеппен тиімсіз болған мәміледен өзінің құқық бұзушылығын мәмілені жарамсыз деп тану мақсатында ұсынатын жағдайларда ереже мәмілеге қатысушыны қорғайды. Мұндай қатысушының әрекеті де
АК-ның 158-бабының 2-тармағын бұзады. Сот мұндай жағдайларда мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін. Соттың шешімі нотариалдық куәландыруды алмастырады.
Баяндалған ерекшелікті қолдану үшін бір мезгілде мынадай үш жағдайдың болуы қажет:
а) мәміле заңның нысан туралы талабын бұзады, бірақ мазмұны жөнінен заңға қайшы келмейді;
б) мәмілені тараптар немесе тараптардың бір жағы орындаған;
в) мәміле үшінші жақтың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.
Мәмілелерді (олардан туындайтын құқықтарды) тіркеу қажеттігі туралы АК-ның 155-бабы белгілеген талаптар бұзылатын кездегі мәселені шешу қиындау болады. Баптың сөзбе-сөз мәтіні бйынша, тіркелуге тиіс мәміле ол тіркелгеннен кейін ғана жасалған болып есептеледі. Тіркелуге дейін мәміленің тіпті ол тиісті дәрежеде ресімделсе де толық заң күші болмайды. 155-баптың 2-тармағы бұл жөнінде былай дейді: "Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі"6.
Мұндай норма құрастырылған, бірақ тіркелмеген мәмілеге (әрі басқа қатысушының тіркеу жүргізгісі келмейтін әрекетіне кездескен) қатысушыға мынадай құқықтар береді: 1) егер осы мәміле бойынша белгілі бір мүлік берілген болса, екі жақты реституция қолдануды талап ету; 2) жалтаратын қатысушы үшін сот арқылы мәжбүрлі тіркеуді талап ету.
Екінші нұсқаны таңдауда тіркеу соттың шешімімен жүргізіледі, мәміле заңдық күшке ие болады және жалтарушы қатысушының еркіне қарамастан, мәжбүрлі орындауға жатады.
Мәміле халықаралық құжаттармен белгіленген нысанға ие болғаннан кейін ғана заңдық маңыз алады, ал ол арқылы мәмілеге қатысушы халықаралық экономикалық қатнастарға қатысушы субъектiлердiң өзінің еркін білдіреді.
Халықаралық сауда мәмлелерi тек жазбаша түрлерін ажыратады. Ал жазбаша түрі, өз кезегінде, жай және нотариалдық болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz