Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
№11 Лекция тақырыбы: Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру
жұмыстарының әдістемесі

Лекция жоспары: Кәсіптік бағдар оқушылардың мамандықты саналы таңдауға ішкі қажеттіліктермі мен дайындығын қалыптастыруға мұғалімнің мақсаты бағытталған іс-әрекеті. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мәнді сипаттамасы (мақсаты міндеттері, мазмұны). Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:Оқушыларға өзінің қәбілетін, белгілі бір кәсіптік салаға бейімділігін анықтауға, соның жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына бағыт беру
Лекция мазмұны:
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз -- педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне, кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімделу жатады.
Кәсіптік ақпарат -- орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі,оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуіміз керек. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады.
Негізгі мақсаты -- балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Сонымен қатар тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту - білімділікті, тәрбиелікті, жалпы және кәсіби дамуды білдіреді. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата аналар құрамынан, шептік мекемелер мен өндіріс орындарындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл кеңес жұмысы өндіріс орындарында кәсіптік колледждер мен өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізілген өте орынды.
Бүгінгі таңда қоғамның басты талаптарының бірі әр азаматтың өмірде өз орнын тауып ,қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады. Еңбек тәрбиесінің басты мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағды мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Мақсаттың өзара байланысты екі жағы бар, олар: маманның кәсіби дайындығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету және жеке тұлғаның рухани дамуы. Кез-келген кәсіби білім беруді тұлғаның рухани дамуын шектеп, тек қана кәсіпке оқытуға, тіпті ең жоғарғы деңгейде түйіндесе де, онда оны педагогикадағы технократия деп қана атауға болады.
Білім беру мақсаттары көпшілік жағдайда оның мазмұны мен құрылымын белгілейді, алайда онымен қатар мақсаттар талабына сәйкес мазмұнды қалыптастыру және құрылымау бойынша күрделі жұмыс талап етіледі. Олай болмаған жағдайда, студенттің тұлғасын дамуға деген бағытты жариялап алып, тіпті кәсіби білім берудің жаңа сапалы мақсаттарын белгілесекте, біз оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талапқа сай мазмұнын қамтамасыз ете алмаймыз.
Білім беру мазмұны және оның құрылымы нақты нәтижелері талапқа сай болмайтын, принципінде қол жеткізуге мүмкін болмайтын декларацияланған білім беру мақсатына сәйкес болмайды.
Кәсіптік білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі қағидалары 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасында да көрініс тапты. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
* Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру.
* Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту.
* Мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға жан- жақты ақыл кеңес, бағыт бағдар беру.
* Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Мектеп жұмысының негізгі міндеті өзіне өзі қызмет етудің берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру. Жалқау, еріншек балаларға дұрыс бағыт беру біздің міндетіміз,ата аналардың адамгершілік борышы. Қоғамдағы пайдалы еңбек қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек барысында оқушылардың дүниетанымы қалыптасады. Мамандықты тануда көзқарасы кеңейіп, денсаулығы жақсарады, саяси сенімі және мәдени адамгершілік ұғымы артады.
Оқушыларды мамандыққа баулу кәсіптік бағдар беру мақсатында түрлі кездесу кештері, тақырыптық сауалнамалар , дөңгелек үстелдер өткізілуі қажет.
Бүгінгі таңда әрбір оқушының жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін , мүмкіндіктерін шеберлігін, қызығушылығын ескеріп бағыт-бағдар беру, жекелеген мамндықтар туралы терең білім беру біздің басты міндетіміз. Әрбір оқушының жеке-жеке қабілетін, бейімділігін анықтап бағыт беріп отыру, мамандықты дұрыс таңдауға жол сілтеу - үлкен мәселе.
Мектепте бастауыш сыныптардан бастап баланың бейімін анықтау үшін түрлі анкеталар, сауалнамалар, тесттер алынып, диагностикалық картамен жұмыстар жасалды.
Арнайы технология болса ғылым негіздерін қазіргі техника, технология және өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан қарайды. Олоқушылардыңмынатөмендегімәселелер діүйренуінемүмкіндікжасайды:
* тиістіөндіріссаласы мен оның даму болашағытуралыжалпымәліметбереді;
* қазіргізаманғы техника, өндірістімеханикаландыру мен автоматтандырудыңкешендіжүйесіннеғұ рлымтиімдіпайдалануқұрылғылардыңнег ізгімәліметтерін, жұмысістеупринциптерінбілудіүйретед і;
* жаңа техника мен технологияларды, өндірістідамытудыңәлемдікдеңгейдегі озықәдістеріменхабардаретеді;
* еңбектіғылымиұйымдастыруды, өзжұмысорнындаеңбекқауіпсіздігін, өндірістік санитария мен жеке гигиена ережелерінсақтаудыүйретеді.
Жалпы техникалық дайындық -жекелеген өндіріс салалары бойынша ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша өндіргіш күштердің дамуы, білім мен дағды жүйелері туралы хабардар етеді. Қазіргі кәсіптік-техникалық оқу орындарында Материалтану, Электротехника, Техникалык сызу, Техникалық өлшеу және дәлдік Кәсіби мектептің жалпы мақсаты - тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту - білімділікті, тәрбиелікті, жалпы және кәсіби дамуды білдіреді. Осы мақсаттарды негізге ала, педагогикалық процесс үш негізгі өзара байланысты функцияны іске асыруға тиісті, олар - білім беру, тәрбиелеу және дамытушы болып табылады шегі сияқты жалпы техникалық пәндер жүреді.
Кәсіптік білім беретін орта және жоғары оку орындарында білім беруді бакылауды ұйымдастыру, қазіргі қолданыльш жүрген заңдылықтарға негізделген.
Жалпы жеке адам әрекет жасау үшін тәжірибені игеруі қажет, яғни қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі керек. Осы жағдайда ғана объективті біяім, білік және дағдылық қасиеттер тәжірибеге айналып, субъективті құралын құрайды. Күнделікті тәжірибенің шектеулілігі жеке адамды адамзаттың қоғамдық-тарихи іс -- әрекетіне ендіру арқылы кеңейтіледі.
Осы іс -- әрекетте жеке адам өткен ұрпақтардың объективтендірілген тәжірибесін игеріп қана қоймайды, сонымен қатар өзінің дамуына ықпал ете отырып, оны байытуы тиіс. Сондықтан, кәсіби оқытуда білім, білік және дағдылық қасиеттерді жеке түлға бойына сіңіріп, оны қадағалау, дамыту мәселесі басты орынға ие.
Қорыта айтқанда, кәсіптік білім берудің мақсаты мен маңыздылығы, қазіргі заманауи кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мен білікті мамандарды даярлау қажеттілігі қарастырылған.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты -- балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік бағдар беру
Психологиялық кеңес жұмыстары
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың қызметі
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралары
Жаңа типтегі мектептердегі кәсіптік бағдар берудің мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы процесіне мектеп психологының әсері
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Кәсіптік білім берудің мәні мен мазмұны
Пәндер