Халықаралық ұйымдардың ұғымы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Халықаралық ұйымдардың ұғымы

Жоспар:

  1. Еуропалық Одақ (ЕО), ұғымы, бағыттары.
  2. Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Ұйым(ЕҚЫҰ), ұғымы, мақсаттары.
  3. Еуропа Кеңесі, ұғымы, міндеті.
  4. Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚКДБ), ұғымы, мақсаты.

5. Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕЭҚ), ұғымы, құрамы, мақсаты.

6. Еуропа экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы (ЕЭЫДҰ), ұғымы, мақсаты.

  1. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), қызметі, құрамы, мақсаты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Халықаралық ұйымдардың ұғымы

Қазіргі заманда мемлекеттер халықаралық ұйымдардың құрамында болуы маңызды мәселе. Халықаралық ұйымдарға кірген мемлекеттер өзінің теңдігін, егеменділігін, тәуелсіздігін сақтайды. Бұл мемлекеттер халықаралық ұйымдарға не үшін кіреді, қандай мақсатты көздейді, мемлекетке қандай пайдасы бар? Бұл сұраққа жауап табу үшін осы ұйымдардың ұғымын түсініп, мақсатын және құрамын қарастырайық.

Еуропалық Одақ (ЕО) -халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн. адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің-Германия, Франция, Италия, Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Греция, Австрия, Швеция елдерінің қатысуымен құрылған (1993) . ЕО еур. Қауыдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің, Еур. экономикалық қауымдастықтың, сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еур. қауымдастықтың қарым-қатынастары негізіндн жұмыс істейді. ЕО аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еур. актіде, Маастрихт келісімшарттарында және Амстердам келісімінде айқындалған. Соңғы жылдары ЕО мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экон. және валюталық одаққа өту, кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру, бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру, Жерорта теңіз жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру, әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті беркіндірілген бірегей еуро валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. ЕО-тың жалпы органдары мен институттарының қатарына Еур. комиссия, Еур. Одақтың Кеңесі, сондай-ақ, экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар жөніндегі комитет жатады.

ЕО әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында ЕО комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссельде ҚР мен ЕО және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға ЕО ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарламы 1991 жылдан бастап орындалып отыр.

Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Ұйым(ЕҚЫҰ) - халықаралық ұйым 20ғ-дың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті ЕҚЫҰ деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл-Еуропа, Азия және Солт. Америка құрлығының 55 мемлекетімен бір ауыздылық негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. ЕҚЫҰ-ның Министірлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді. Сондай-ақ, ол ЕҚЫҰ-ның экономикалық форумы ретінде де шақырылады. ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесі-ағымдағы саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі жұмысшы орган. Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді. ЕҚЫҰ органы-Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы-бас хатшы, оны Министірлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында аз ұлттардың ісі жөніндегі 9 жоғарға комиссар, Демократиялық ин-ттар мен адам құқылары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты.

Еуропа Кеңесі- әлемдегі беделді халықаралық ұйымдардың бірі. 1949 ж. Батыс Еуропаның 10 мемлекетінің бірлескен шешімімен құрылған. Штаб- пәтері Страсбург (Францияда) қаласында. Ресми тілі -ағылшын және француз тілдері. Қазіргі кезде ЕК-нің 40 мүшесі бар. Әзербайжан, Армения, Белорусь, Грузия, Монако елдері мүшелікке кандидат. Бұл елдердің парламенттерінің ЕК-нің парламенттік ассамблеясына «арнайы шақырылған» деген мәртебесі бар. Ал АҚШ, Канада, Жапония мемлекеттерінің бақылаушылық мәртебесі бар. ЕК-нде демократиялық принциптер, адам құқы мәселелері, гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық байланыстар, мәдениет, экология мен ақпарат салаларындағы бірлескен іс-әрекеттер үнемі қаралып отырады. Жалпыеуропалық істерге, аймақтық жанжалдарға, т. б. халықаралық маңызы бар саяси мәселелерге үнемі көңіл бөлінеді. Жұмыс, негізінен, үкіметаралық кездесулер деңгейінде, жергілікті үкімет орындары мен үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүргізіледі. Жарғы б/ша, ұлттық қорғаныс мәселелері ЕК-нің қарауына жатпайды. ЕК-нің негізгі органдары: Еуропа Кеңесінің Министірлер Кеңесі(МК) -жылына 2 рет ЕК-не мүше елдердің сыртқы істер министірлігінің Страсбург қаласында кездесіп отыратын жиыны. Ал қалған уақытта ЕК-нің тіркелген тұрақты өкілдері арқылы жұмыс жасайды. Ағымдағы жұмысты ұйымдастыру үшінтөраға мен оның 2 орынбасарынан тұратын бюро сайланады. Төраға міндетін мүше мемлекеттердің сыртқы істер министірлері 6 ай сайын кезектесіп атқарады. МК міндеті-мүше мемлекеттердің өз міндеттерін атқаруын қадағалау, ұйымның жыл сайынғы бағдарламасы мен бюджетін бекіту, мүше мемлекеттердің өзара ішкі саяси келісімдерін орындауға және халықаралық мәселелерге араласуына көмектесу. МК-нің шешімі мүше мемлекеттер үшін міндетті емес, тек қаулы-қарар, ұсыныс түрінде ғана. Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясы(ЕКПА) -кеңесші орган болып табылады. Ол ұлттық парламент депутаттары арасынан 286 өкілі мен 286 орынбасарларынан тұрады. Әр мемлекетке квота сол елдегі халық санына қарай анықталады. ЕКПА-ның депутаттары жыл сайын Страсбургте қаңтар, сәуір, маусым, қыркүйек айларының ақырғы апталарында кездесіп отырады, кейде «көшпелі минисессиялар» өткізеді. ЕКПА-дағы неғұрлым көрнекті партиялар: социалистер, консерваторлар. Бұған қоса аз санды «тәуелсіз депутаттар» да кездеседі. ЕКПА-ның әр түрлі салалары б/ша 14 к-ті бар. Соның ішінде мониторинг жөніндегі к-т мүше мемлекеттердің алған міндеттерін орындау мәселесін қарайды. Егер мүше мемлекеттер тарапынан бұл міндеттер орындалмаса немесе бұзылса, к-т мүшелері сол елдің парламенттік делегациясын ЕКПА-дан шығару және МК-не ол мемлекетті ЕК құрамынан шығару мәселеін қояды. Бұған қоса ЕКПА пленарлық жиналыстар арасында жұмыс істейтін бюро мен тұрақты комиссия мүшелерін сайлайды. ЕК-нің күнделікті жұмысын халықаралық секретариат жүргізеді. Оның бас хатшысы 5 жыл мерзімге сайланады. ЕК-нің жеке бюджеті болатын арнайы кеңселері бар: констит-қ құқық жөніндегі Помпиду тобы, өз мүшелеріне жеңілдікпен қарыз беретін әлеум. даму қоры, т. б.

ЕК-нің өз рәміздері де бар. Ол: Еуропа туы 1955 жылы бекітілген. Ортасында Еуропа халықтарының одағын білдіретін 12 жұлдызша айнала орналасқан. Бұл ту 1986 жылдан бастап Еуропалық Одақтың да рәмізі болып бекітілді; Еуропа әнұраны ретінде Бетховеннің 9-симфониясы-«Қуаныш Одасы» алынған.

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚКДБ) -халықаралық үкіметаралық қаржы-несиелік ұйым; Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің ұзақ мерзімді несиелендіру жөніндегі аймақтық мемлекетаралық банкі. 1990 жылы құрылған. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан. ЕЖДБ-ге 50-ге жуық ел, соның ішінде ТМД елдері, сондай-ақ, Еуропа инвестициялық банкісі мен Еуропа қоғамдастығы мүше болып табылады. Банкке еур. емес елдер де мүше бола алады. Банкнің мақсаты-Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі, сондай-ақ, бұрынғы КСРО елдеріндегі экономикалық реформалады қаржыландыру. Олардың ашық нарықтық экономика негізінде экономика дамуына себептігін тигізу, кредит алған елдерде құрылымдық реформа жүргізу, жекешелендіруге және монополияны жоюға, орталықсыздандыруға көмектесу арқылы олардың экономикасын әлемдік интеграцияға тарту. Банк мемлекеттік қана емес, сондай-ақ, жеке секторда да әрекет етеді, коммерциялық мүмкіндігі жоғары жобаларға қатысады. Банк капиталы мүше елдердің жарналарынан құрылады, бұл капиталдың 51%-і Еуропа экономикалық қоғамдастығы мен Еуропа инвестициялық банкісінің үлесінде. ҚР-сы ЕҚКДБ-мен 1992 жылы байланыс орнатып, мүшелікке өтті. Бұл байланыс стратегиясы бірінші кезеңде тех. ынтымақтастық арқылы ұйымдастыру және кадрлар дайындау жұмыстарын жүргізу болса, екінші кезеңде қаржы секторына, энергетика, тау кен өнеркәсібі және көлік салаларын инвестицияландыру қамтылды. Осыған орай Қазақстанда көптеген жобалар іске асырылуда.

Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕЭҚ) - Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттері құрған саяси-экономикалық, интеграциялық ұйым. 2000 жылы 10-қазанда Астана қаласында құрылған. Оған дейін Кедендік Одақ деп аталған. Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 жылы 28-наурызда МГУ-дің профессорлары мен оқытушылары алдында сөйлеген тұңғыш рет ҚР Президенті Н. Назарбаев көтерді. Қалыптасқан жағдайлар ТМД б/ша бірлесудің жаңа деңгейге көшуін қажетсінді. Осы мақсатта 1995 жылы 28-қаңтарда Қазақстан, Ресей, Белорусь үкіметтері Кедендік одақ құру жөнінде келісім жасасты. Бұл одаққа 1996 жылы наурызда Қырғыз Республикасы, 1999 жылы 26-ақпанда Тәжікстан Республикасы қосылды. Бұл одақтың мақсаты:

  1. Одаққа кіретін елдер арасында тарифтік шектеуліктерді жойып, біртұтас сауда режимі мен бірдей кедендік тариф қалыптастыру.
  2. Мүше территорияларын біріктіріп, біртұтас кедендік территория жүйесіне көшу, ішкі шекараларды сыртқы шекараларға көшіру болды.

Интеграциялық процестерді жетілдіре түсу үшін Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Президенттері 1996 жылы 29-наурызда экономика мен гуманитарлық салалардағы интеграцияны ары қарай жетілдіру жөнінде келісім жасасты. Бұл келісімде ҚР Президентінің Еуразиялық одақ құру жөніндегі көптеген идеялары мен принциптері жүзеге асты. Құрылған одақтың жемісін қарапайым халыққа неғұрлым жақындату үшін 1998 ж. Кедендік одақ мемлекетаралық кеңесінің төрағасы ретінде Н. Назарбаев «Қарапайым адамдарға арналған 10 қарапайым қадам» атты мәлімдеме жариялады.

Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер экономикалық потенцияларына байланысты төмендегідей дауысқа ие: Ресей-40, Белорусь пен Қазақстан әрқайсысы-20 дауыстан, Қырғызстан мен Тәжікстан-10 дауыстан.

Еуропа экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы (ЕЭЫДҰ) - халықаралық экономикалық ұйым. Еуропа елдерімен ынтымақтастықта Еуропаны қалпына келтіруге Американың экономикалық және қаржы көмегін оңтайлы пайдалану мақсатымен 1948 жылы Парижде құрылған Еуропа экономика ынтымақтастық ұйымының мирасқоры. 1961 жылдан бастап ЕЭЫДҰ деп аталады. Мақсаты-мүше мемлекеттердегі қаржы тұрақтылығын сақтау арқылы, олардың экономикалық дамуын қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуды жақсарту және тұрмыс жағдайын көтеру.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ ) -дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебеп халықарылық ұйым. Басты мақсаты-халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту. БҰҰ қызметінің негізгі принциптерін 1939-45 жылдары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антигитлерлік коалицияға ұйытқы болған мемлекеттер белгілеген болатын. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания сыртқы істер министірлігінің Мәскеудегі кездесуінде (1943) және осы елдердің үкімет басшылары қатысқан Тегеран конференциясында берік те әділетті бейбітшілік орнату үшін демократиялық күштерді біріктіруге негізделген жаңа халықаралық ұйым құру мәселесі қозғалды. БҰҰ жарғысының алғашқа жобасы 1944 жылы Думбартон-Окс жобасы бірауыздан мақұлданып, сондай-ақ, Сан-Франциско конференциясында БҰҰ жарғысына байланысты принципті мәселелер шешімін тапты. Сан-Францискода өткен конференцияның жұмысына БҰҰ-ның құрылтайшы мүшелері ретінде 50 мемлекет қатысқан болатын.

БҰҰ-ның басты органдары- Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Қамқорлық жөніндегі кеңес пен Хатшылық. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. Женевада, Венада бөлімшелері жұмыс істейді. БҰҰ-на Жарғыда бекітілген міндеттемелерді мойындайтын әрі оларды жүзеге асыра алатын ізгі ниетті мемлекеттердің барлығы да мүше бола алады.

Бас Ассамблеяның мәжілісіне БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығының өкілдері қатысады. Бұл орган БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл ұйымның бюджетін қарап, бекітеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘМБЕБАП ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Мемлекетшілік және халықаралық құқық кепілдіктері
Халықаралық құқықтың қағидалары
Заманауи халықаралық құқық
Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі
Халықаралық экологиялық құқық
Стандарт ұғымы
Стандарт және стандарттау ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz