Халықты жұмыспен қамту туралы мәліметтер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Халықты жұмыспен қамту

Қазақстан Республикасының қазіргі күші бар заңнамалары халықаралық нормаларды ескере отырып, еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында құқықтық кепілдемелер және азаматтардың конституциялық құқықтарының әлеуметтік-экономикалық негіздерін жүзеге асыруды анықтайды. Жұмысбастылық қатынасы Қазақстан Республикасының Конституциясы нормаларымен, Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” заңымен, ұжымдық келісімдер мен келісім шарттармен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. 1 Жұмысбастылық жайындағы заңнама Қазақстан Республикасының азаматтарына және республикада тұрақты өмір сүретін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың барлвғына қатысты.

Нарықтық экономика және меншіктің әр түрінің тең құқылы жағдайында мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында өзінің жаңа саясатын анықтап, жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысқа негізделген жұмысбастылықты құқықтық құқықтық реттеудің жаңа критерилерін анықтайды.

Жұмысбастылық-Қазақстан Республикасының Конституциясына және құқықтық нормативтік актілерге қайшы келмейтін өзіндік және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып табыс әкелетін азаматтар іскерлігін айтамыз. Сондай-ақ “уақытша жұмысбастылық “ деген ұғым бар. Бұл азаматтардың белгілі бір уақыт аралығында қоғамдық қажет жұмыстарға араласуы барысындағы жұмысбастылық. Мұндай жұмысбастылық кезінде азаматтардың еңбек әрекеті, мамандық түрін таңдау еркіндігі бар. Заңнамаларда көрсетілген жағдайлардан басқа уақытта азаматтарды кез-келген әкімшілік және басқа да күштеу формалары арқылы еңбекке күштеуге жол берілмейді. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының 24-ші бабының 1-ші пунктінде сот үкімімен жазасын өтеу барысында немесе әскери және төтенше жағдайдан басқа уақытта еңбекке күштеуге тыйым салынады делінген .

Жалпы жұмысбастылық азаматтардың жұмысқа, кәсіби дайындыққа және қайта даярлауға, жұмыс орындарын дамытуға ынталандыру, халықты жұмыспен қамтудың аймақтық және республикалық бағдарламаларын іске асыру мемлекеттің әлеуметтік -экономикалық белсенді саясатының негізінде жүзеге асады.

Заңнамамен мына адамдар жұмысбасты деп танылады :

  1. жеке еңбек шартымен жұмыс жасаушылар, соның ішінде, толық немесе толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс жасайтындар, сондай-ақ басқа ақы төленетін жұмысы бар адамдар ;
  2. кәсіпкерлікпен айналысушылар;
  3. көмекші шаруашылықта жұмыс жасаушылар және келісім шарт бойынша өнімді таратушылар;
  4. азаматтық-құқықтық келісімдер бойынша жұмыс істеуші, сондай-ақ өндірістік кооперативтерде жұмыс жасаушылар;
  5. ақылы қызметке іріктеліп тағайындалғандар;
  6. қарулы куштер қатарында әскери міндетін өтеушілер, ұлттық қауіпсіздік органдарындағылар, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіндегілер, Республикалық гвардиядағылар, төтенше жағдай агенттіктеріндегілер ;
  7. жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, колледждерде, арнайы орта және жоғарғы оқу орындарындағылар, аспирантура, доктарантура және басқа да білім жүйесіне кіретіндерді жатқызуға болады. Тек белгілі бір мемлекеттік органның нұсқауымен және қайта даярлауға, өндірістен бөліп квалификациясын жоғарылатуға жіберілгендерден басқасын жатқызамыз;
  8. сырқатына, демалысына, ереуілге, өндіріс тоқтауына және басқа да заңмен көрсетілген себептерге байланысты уақытша жұмыс жасамайтындар .

Жоғарыда көрсетілген тізімнен жұмысбастылық кең мағынада өзіне азаматтардың қоғамға пайдалы қызметтерінің барлық түрін қамтитынын көруге болады. Сонымен қатар жұмысбастылықты арнайы тар мағынада азаматтардың жеке еңбек шартымен немесе басқа да негізде жұмыс атқару нәтижесінде оларға үнемі табыс әкелетін еңбек әрекетін айтамыз.

Мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саласындағы саясаты белгілі бір талаптармен көрінеді. Мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саласындағы саясаты мынаған бағытталған :

  1. ұлтына, нәсіліне, жынысына, тіліне, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, шығу тегіне, дініне, сеніміне қарамастан Қазақстан Республикасының территориясында тұрақты өмір сүретін барлық азаматтардың жұмысқа орналасуына тең мумкіндіктер жасау;
  2. шетел еңбек күшін пайдалануды реттеу арқылы, ішкі еңбек нарығын қорғау ;
  3. еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру ;
  4. еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, білім жүйесінде кадрларды даярлауды қолға алу;
  5. азаматтардың еңбектік және кәсіпкерлікке деген ынтасын қолдау;
  6. жұмыссыздарды әлеумметтік қорғауды жүзеге асыру, еңбек нарығында бәсекеге дайын емес азаматтардың жұмысбастылығын қамтамасыз ететін шараларды өткізу ;
  7. мемлекеттік өкілетті органдар арқылы еңбектік делдалдықты ұйымдастыру ;
  8. жұмыссыздықты қысқарту және алдын алу;
  9. жұмысбастылық мәселесін шешудегі мемлекет көлеміндегі іс-шаралардың жергілікті атқару органдар қабылдаған іс-шаралармен сай келуі ;
  10. экономикалық және әлеуметтік саладағы саясатпен халықты жұмыспен қамту саласы істерін үйлестіру ;
  11. еңбек саласында халықты жұмыспен қамтумен айналысатын мемлекеттік өкілетті органдар мен жұмысберушілердің істері реттеу және бақылау ;
  12. халықаралық келісім арқылы халықты жұмыспен қамту мәселесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде және шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында жұмыс атқаруын ұйымдастыру;
  13. мемлекеттің жұмысбастылыққа байланысты саясатын дайындауға жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;

Жұмысбастылық және еңбек ресурстарын әлеуметтік-экономикалық салаларға бөлу мәселелерін шешу барысында мемлекеттің өнеркәсіптік стратегиясы әсерін тигізеді. Жұмыс іздеуші азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында мамлекет өндірістік және ауылшаруашылығын дамыту бағдарламалары және мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмыс орындарын құрады.

Сонымен жұмысбастылықты кең және тар мағынада қарастыруға болады. Кең мағынада-азаматтарға еңбектік кіріс әкелетін пайдалы істің барлығын қамтиды, ал тар мағынада - еңбектік құқықпен реттелетін жалдану негізінде азаматтардың атқаратын еңбектік іс-әрекетін айтамыз. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет халықты жұмыспен қамту саласындағы саясатын жаңадан анықтайды. Сонымен қатар ұйымдастырушылық-құқықтық және әлеуметтік -экономикалық алғы шарттарын жасай отырып, заңдық кепілдемелер арқылы азаматтардың конституциялық құқықтары мен теңдіктерін қамтамасыз етеді.

Жұмысбастылық саласындағы азаматтардың құқығы.

Еңбек нарығының қалыптасуы жағдайында еңбек құқығының да функциялары өзгеріске ұшырайды. Бұл сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселесін реттеу және ұйымдастыруды, азаматтардың еңбек саласындағы конституциялық құқықтарын жүзеге асыру механизмдерін жұмыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік кепілдемелер мен компенсациялар беруге де әсерін тигізеді. Жұмысқа орналастыру мен жұмысбастылық мәселелерін шешу жолдары Қазақстан Республикасының “халықты жұмыспен қамту туралы” заңнамасында көрсетілген.

Заңнамада азаматтар жұмысберушілер немесе еңбек жөніндегі өкілетті органдарға тікелей жүгіну арқылы жұмыс орнын, түрін таңдауға деген құқықтары бекітілген. Жұмысқа қабылданғаны жайында шешім жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы өзара келісім негізінде қабылданады. Жеке еңбек шартын жасау талаптары мен тәртібі еңбек заңнамасымен реттеледі.

Өздігінен жұмысқа орналасқаннан басқа жағдайда республика территориясында тұратын әрбір азамат арнайы органдар көмегімен жұмысқа орналасуға құқығы бар. Еңбектік делдалдық- өкілетті мемлекеттік еңбек органдарының сондай-ақ еңбектік делдалдықпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуі. Сондай-ақ еңбектік делдалдық жұмысберушілер мен қатар кадр таңдау барысында, кадр қажеттілігі туындаған кезде меншіктің әр формасындағы өндірістер мен ұйымдарға да көрсетіледі.

Еңбектік делдалдық келесі принциптерге сүйенеді:

  1. қолжетімділік принципі - жұмыс іздеушілер мен жұмысберушілердің бір-біріне ұсынылып отырған жағдайларға шынайы қолжетімділігі.
  2. еркіндік принципі - еңбектік делдалдықпен ұсынылып отырған жағдайларды екі жақтың да еш күштеусіз еркін қолданылуы;
  3. теңдік принципі- барлық жұмыс іздеуші адамдарға мемлекеттік өкілетті органның тең қарауы;
  4. жариялық принципі - жұмыс іздеушілердің бос жұмыс орындары туралы, жұмыс берушінің қандай еңбек күшіне деген қажеттілігі бар сол жайында ақпаратқа деген қолжетімділігі. Басқа сөзбен айтқанда, еңбек жөніндегі өкілетті органға хабарланған ақпараттар жұмыс іздеуші әр адамға жеткізіліп отырылуы тиіс.

Республика территориясында тұратын азаматтардың құқықтары ішінде еңбекке байланысты өкілетті органдардан жұмысқа орналасуға қажетті жұмыс жайында ақпарат алуға, сондай-ақ тегін кәсіби кеңес алуға деген құқықтарын атап айтуға болады. Заңнамаға сәйкес жұмыссыз азаматтар кәсіби дайындыққа, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып қайта даярлауға, мамандығын көтеруге, қоғамдық жұмысқа жіберілуіне, материалдық көмек алуға (29-бап, “халықты жұмыспен қамту туралы” заңнама ) құқылы.

Заңнамада сондай-ақ азаматтардың шетелде еңбек етуіне құқығы бар екендігі қарастырылған . Бұндай жағдайда азаматтардың өздеріне жұмысқа орналасуына және де өкілетті органдардың көмегімен немесе еңбектік делдалдықпен айналысып жүрген жеке және заңды тұлғалардың көмегімен орналасуына мүмкіндік беріледі. Азаматтарға шетелге жұмысқа орналасуына делдалдық көмек көрсетудің тәртібі және жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады.

Жұмысқа орналастыруды қажет ететін азаматтарға жұмыспен қамту саласында мемлекеттік кепілдемелер беру қарастырылған. Яғни мемлекет азаматтардың еңбектік құқықтарын қорғайды, жұмысқа орналасу барысында таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, құқықтарының шектелуіне жол бермейді. Бұдан басқа да азаматтардың әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарына ( 20-жасқа дейінгі жастар, кәмелет жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты және көп балалы ата-аналар, 16- жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға ) қосымша кепілдемелер қарастырылған .

Жастардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету, еңбек нарығында жастардың құқықтарын қорғау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының ең маңызды бағыттарының бірі болып табылыды. Республика территориясында тұратын жас азаматтарға ақысыз кәсіби бағдар, кәсіби даярлық, бос жұмыс орындары жайында ақпарат беру, жұмысқа негізсіз қабылдамаудан қорғау, кәсіби дайындық барысында уақытша қаржылай көмек көрсету кепілдемелері берілген.

Мемлекет жастардың еңбекке деген қабілеттіліктерін жүзеге асыруына, өндірістік оқытуға, жұмыс берушілерді жас мамандардың еңбек жағдайын жақсартуға ынталандырып, олардың құқықтарын жүзеге асыруына жағдай жасайды. Жастармен жеке еңбек шарты жасалғанда олардың оқудағы кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік қызығушылықтары ескерілуі қажет. Жастардың еркіндіктері мен құқықтары жұмыс беруші тұрғысынан бұзылған жағдайда олар заң органдарына шағымдана алады.

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі ол білім саласында еңбек және жұмысбастылықта кепілдемелерді қамтамасыз ету . 2

Бұл мемлекеттік органдардың меншіктің қай түрінде болмасын ұйымдармен істерінің келісіліп жасалуын, яғни жетім балалар үйінен шыққан тулектерді, денсаулығында мүмкіндіктері шектеулі балаларды, оқуларын тастап кеткендерді, бас бостандығынан айыру мекемелерінен шыққан жастарды, әскери борышын өтеген жастарды жұмыспен қамту жөніндегі келісімдерін қамтиды. Бұл нормаларды сақтау өз кезегінде жастардың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жұмыс орнын құрудың жаңа нормативтік-құқықтық базасын даярлауды қажет етеді. Жастардың өздерін дамытудағы тиімді шаралардың негізі -оларды шағын және орта бизнес саласына белсенді түрде қосу, жас кәсіпкерлерді әсіресе фермерлермен ауылдық өндірушілерді оқыту және қолдау.

Жұмысбастылық заңнамаларында еңбектік мүмкіндігі шектелген азаматтарға белгілі бір мөлшерде жеңілдіктер белгіленген . Жергілікті атқару органдары мен мүгедектердің қоғамдық ұйымдары бірлесе отырып кәсіпорындарда халықтың бұл топтарына жұмыс орындарын броньдап қояды. Мүгедектердің мүмкіндіктерін және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып мүгедектер еңбегін пайдаланатын арнайы цехтар кәсіпорындарда құрылуы мүмкін. Сондай-ақ үйлерінде жеке еңбек шартымен жұмыс жасайтын мүгедектерге қажет көмектер көрсетіліп отырылуы тиіс.

Жұмыссыз деп танылған азаматтар белгілі бір құқықтық статусқа ие. Бұндай азамматтарға еңбек жасындағылар, өздеріне тәуелсіз жағдайлармен жұмыс жасамайтын алайда жұмыс жасауға даярларды жатқызамыз. Жұмыссыздарды тіркеумен еңбек жөніндегі өкілетті органдар немесе еңбектік делдалдықпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар айналысады. Бұл жағдайда еңбектік делдалдықпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға заңнамалармен көрсетілген мерзімде статистикалық есепті өткізу міндеттеледі. Ал өз кезегінде еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті орган көрсетілген мерзімде бұл есепті мемлекеттік статистикалық органға өткізеді.

Жұмысқа орналастыруды қажет ететін азматтарға қолайлы жұмысты іздеу өкілетті органның белсенді істерінің бірі болып табылады. Қолайлы деп, жұмысшының кәсіби дайындығына, денсаулығына, жұмыс орнына транспорттың қолжетімділігі сай келетін жұмысты айтамыз. Уақытша жұмысты қоса, ақы төленетін, алдын ала дайындықты қажет ететін немесе етпейтін еңбек туралы заңнама талаптарына жауап беретін жұмыс түрі мына азаматтарға қолайлы деп табылады : бірінші рет жұмыс іздеушілер (яғни бұрын жұмыс жасамағандар ) және мамандығы жоқ адамдар, бар мамандығы бойынша білімін жоғарылатудан бас тартқандар, сондай-ақ үш жылдан артық уақыт бойы жұмыс істемегендер, мерзімдік жұмыс аяқталғаннан кейін өкілетті органдарға тіркелгендерге.

Егер көп мөлшерде жұмыс орыны тұрғылықты жерінен алыс болса және транспорт қатынауы (1, 5 сағатқа дейін) уақытында жұмысқа барып келуді қамтамасыз ете алмаса немесе жұмыс іздеуші адамның келісімінсіз тұрғылықты жерін ауыстыруды талап ететін болса және егер еңбек жағдайы еңбекті қорғау нормалары мен тәртіптеріне сай келмеген жағдайда, заңнамаға сәйкес мұндай жұмыс қолайлы деп танылмайды.

Сонымен жұмыссыздардың кәсіби дайындыққа және квалификациясын еөтеруге, қайта даярлауға деген құқықтарын атап айтуға болады. Егер жұмыссыз адамның білімі, кәсіби дайындығы жоқ болғандықтан оған қолайлы жұмыс тауып беру мүмкіндігі төмендегенде, еңбек жөніндегі өкілетті орган бұл азаматтарды қажетті оқу орындарына жібереді. Жұмыссыздарды кәсіби дайындау, квалификациясын көтеру курстарында, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Жұмыссыздарды оқыту төрт жақты келісім шарт арқылы, яғни еңбек жөніндегі өкілетті орган, білім ұйымы, жұмыс беруші және жұмыссыз адам арасында жүзеге асады.

Жұмыспен қамту саласында азаматтардың құқығы тұрғындарды жұмыспен қамту туралы заңнамада көрсетілген және басқа да мемлекеттік шаралармен жүзеге асады.

Сонымен азаматтардың жұмысбастылық саласындағы құқықтары яғни өкілетті органдардың көмегімен жұмысқа орналасуы, кәсіби дайындықтан өтуі, денсаулығына қарай жұмысқа орналасуы т. б. шынайы мүмкіндіктермен көрінеді. Бұл құқықтар әлеуметтік-экономикалық және халықты жұмыспен қамту саласындағы арнайы заңнамалармен қамтамасыз етеді.

Халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және

реттеу.

Мемлекет өнімді және халықты еркін таңдалған жұмысбастылықпен қамтамасыз ету мақсатында өндіргіш күштерді дамытуға бағытталған экономикалық саясаттағы шараларды, сонымен қатар еңбек ресурстарының мобильділігін көтеру, уақытша және өзіндік жұмысбастылықты дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру шараларын да жүзеге асырады. Сондай-ақ мемлекет жұмыспен қамтуды құқықты реттеуді азаматтардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау негізінде жүзеге асырып, осыған сәйкес мемлекеттік кепілдемелер тағайындайды.

Қазақстан Республикасының үкіметі жұмысшылармен жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен жыл сайын стратегиялық жоспарлар негізінде еңбек күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу және халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын жасайды. Бағдарламада маңызды орын халықтың жеклеген, яғни әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарына, әсіресе ауылдық жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ынталандыру және қолдауға бөлінеді.

Халықты жұмыспен қамту бағдарламасында жергілікті атқарушы органдардың жұмысбастылық аймақтық бағдарламасын шешудегі рөлін көтеру қарастырылған. Жергілікті атқарушы органдар аймақтық бағдарламаларды жасап, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының болжаулық көрсеткіштері негізінде дайындалады.

Жұмысбастылық бағдарламасы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің міндетіне еңбек және халықты жұмыспен қамту, сондай-ақ халықты адрестік қолдау саласында мемлекеттік стратегияны жүзеге асыру кіреді. 3 Бұл орган халықты жұмыспен қамтудағы барлық істі реттеп ұйымдастырады. Жергілікті атқару органдары халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты аймақтық деңгейде жүзеге асырады. Орталық атқару органдарының іскерлігі, қаржыландыру көзі, құқықтық мәртебесі және жауапкершілігі Қазақстан Республикасының үкіметімен анықталады, ал аймақтық өкілетті мемлекеттік органдардың ісі- жергілікті атқару органдарымен бақыланады.

Заңнамаға сәйкес жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамтудағы мемлекттік саясатты жүзеге асыруда бенлсенді түрде қатыса алады. Азаматтарды жұмысқа орналастыру және жұмысбастылық мәселелері осы кәсіпорындар, ұйымдар деңгейінде шешіледі. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбектік қатынастарды реттеуші жекелеген еңбек шартының жағдайын сақтау жолымен, ұжымдық келісім шарттарда көрсетілген шараларды жүзеге асыруда әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарды жұмысқа орналастыру және т. б. жағдайлар арқылы мемлекеттің жұмыспен қамту саясатына арласады. Жұмыс берушілер екі ай көлемінде еңбек жөніндегі өкілетті органға жұмыстан шығатындар туралы ақпаратты, олардың саны, категориясы, мамандықтары мен қызметтері жайында, бос жұмыс орындары туралы (үш күн ішінде бос жұмыс орны пайда болғаннан бастап ) ақпараттарды жіберіп отыруы тиіс.

Еңбек жөніндегі өкілетті орган жіберген азаматты жұмысқа алысымен жұмыс беруші бес күн ішінде, азматтың жұмысқа тұрған күні көрсетілген хабарлама қағазды жібереді. Жұмыс беруден бас тартқан жағдайда, жұмыс беруші өкілетті орган берген бағыттама қағазға ол азаматтың келген күнін белгілеп, жұмысқа қабылдамауының себебін көрсетіп береді. Егер жұмыс беруші бос орындар жайындағы ақпаратты жасырып хабарламаған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылады.

Әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарға жұмыс орынын квоталау .

Заңнамада барлық ұйым, кәсіпорындарда, меншіктің қай түрінде болмасын мекемелерде ерекше әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға жұмыс орындарынан үлес алу жағдайы қарастырылған. 4 Жұмысқа орналасуда қиындықтарға кездесіп, ерекше әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарға мына адамдар тобы жатады : 20 жасқа дейінгі жастар, балалары кәмелетке толмаған жалғызбасты және көп балалы ата-аналар, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар ата-анлар, 1 жылдан астам уақыт бойы жұмыссыз жүргендер, зейнеталды жасындағылар ( зейнетке шығуына 2 жылы бар), бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шыққандар, сот үкімімен еркінен тыс емдеуде болғандар, зейнетақыға деген құқығы жоқ әскери қызметтен шығарылғандар (заңға қарсы іс жасамаған ), босқындар, оралмандар, әйелдер, ауыл халқы.

Әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтар үшін жергілікті атқару органдары жұмыс орнын квоталауды ескерген аймақтық жұмыспен қамту бағдарламасын жасайды. Квота - ол кез-келген меншік түріндегі жұмыс орындарынан әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтар тобына берілетін жұмыс орындарының үлесі. Квота жайындағы ұсыныстар еңбек жөніндегі өкілетті органмен және халықтың осы топтарының мүддесін қорғайтын қоғамдық ұйымдардың қатысуымен жасалады. Бұл кезде сондай-ақ аймақтық еңбек күшіне деген сұраныс пен ұсыныс та ескерілуі қажет. Осы ұсыныстардың негізінде жергілікті атқару органдары сол қорғауды қажет ететін азаматтарға жұмыс орындарынан квота белгілейді. Өз кезегінде өкілетті органдар жұмыс берушілерді 1ай бұрын квота енгізетіндері жөнінде құлақтандыруы тиіс.

Квота жыл сайын белгіленеді және сол ұйымда жұмыс істеушілердің бес пайызын құрап, бір жылдан кем уақыт болмауы керек. Жұмыс берушілер белгіленген квота көлеміне жоғарыда көрсетілген азаматтар үшін қажетті жұмыс орнын бөледі. Квота арқылы берілген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру еңбек жөніндегі өкілетті органның бағыттама қағазы арқылы жүзеге асады.

Заңнамамен жұмыс берушінің әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарды жұмысқа орналастыру кезіндегі міндеті мен жауапкершілігі де қарастырылған. Мысалға: жұмыс берушілер мұндай азаматтарды өкілетті орган квота бойынша жұмысқа жіберген кезде алуға міндетті. Квота бойынша берілген жұмыс орындарының толғандығы жөнінде ақпаратты жұмыс берушілер әр квартал сайын еңбек жөніндегі өкілетті органға хабарлап отыруы тиіс.

Босаған жұмыс орындары жайында ақпаратты жұмыс берушілер 3 күн көлемінде еңбек жөніндегі өкілетті органға хабарлауы тиіс. Ал осы квота бойынша бөлінген жұмыс орындарының толған толмағандығына жергілікті атқару органдар, еңбек жөніндегі өкілетті органдар және олардың еңбек жөніндегі инспекциялары бақылау жасайды.

Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру .

Ақы төленетін қоғамдық жұмыс дегеніміз - ол жалпы қолжетімді, арнайы кәсіби дайындықты қажет етпейтін, халықтың қолы бос және жұмыссыз тобымен атқарылатын, уақытша еңбектік іскерлігін айтамыз. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шарттары Қазақстан Республикасы үкіметінің 4 желтоқсан 1998 ж . №12425 қабылданған қаулысымен және басқа да заңдық актілермен анықталады.

Халықты жұмыспен қамту жүйесінде қоғамдық жұмыстар келесі мәселелерді шешуге негізделген : уақытша жұмысбастылықты қамтамасыз ету және жұмыссыз қалған азаматтарды, қолы бос тұрғындарды табыспен қамтамасыз ету.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту
Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қағидалары, еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікке жол бермеу
Еңбек нарығындағы жастар
Жұмыспен қамту мониторингі бағдарламасын іске асыру
Жұмысбастылықтың экономикалық-құқықтық негіздерінің теориялық-методологиялық негізін
Жергілікті атқарушы орган
Халықты жұмыспен қамту
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz