Ханафи мазһабы: калыптасуы және даму жолдары


Ханафи мазһабы: калыптасуы және даму жолдары
Мазһаб дегеніміз араб тілінде “жол, баратын жер” дегенді білдіреді. Ислам терминологиясындағы мағынасына “діннің негізгі немесе туынды үкімдерінің сүйенген негіздерін анықтап, оларды түсіндіруде ғалым саналған тұлғалардың көзқарастарының жиынтығы немесе қалыптастырған жүйесі” (1) деп анықтама беруге болады. Анықтамада айтылған “негізгі үкімдер” діннің сенім негіздерін, “туынды үкімдер” діннің ғибадаттар мен адамдар арасындағы қатынастарын реттеуді мақсат тұтады. Сенім негіздерін қарастыратын мазһабтарды иғтиқади (ақаид), калғандарын фикх (құқықтық) мазһабтары деп атаймыз.
Фикх және иғтиқади мазһабтардың көпшілігі сол мазһабты құрған адамның есімімен аталатын болған. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда орталығы Куфа қаласы болып табылатын Ирак аймағында туып, кейінгі ғасырларда дамып жайыла түскен Ирак фикхына (құқығы) және осы құқықтың методологиясын, діни ілімімен жүйесін қалыптастыруда атақты болған Имам Ағзам Абу Ханифаның есімімен байланыстырып Ханафи мазһабы деген атау берген. Осы мазһабты ұстанушыларға жане ғалымдарына Ханафилер деген.
Ханафи мазһабының қалыптасуының Абу Ханифадан бұрын Ирак аймағында ортаға шыққан “Рей мектебімен (діни мәселелерді шешуде ақылды бірінші орынға қоятындар) ” тығыз байланысы бар. Куфа қаласының халифа Омардың кезінен бастап ғылым мен мәдениеттің орталығына айналуында алғашқы ұстаздары саналатын Абдуллах ибн Масуд, Азіреті Али және мың бес жүздей сахабалардың орны ерекше болып табылады. Аймақта сахабалардың үйретуімен басталған Құран және хадис ілімі ұстаз-шәкірт қатынасына сүйенген және барған сайын дами түскен ғылыми топтар арқылы келешек ұрпаққа беріліп отырған. Аймақта қалыптасқан фикх дәстүрі мен түсінігінің “табиун (сахабалардан кейінгі ұрпақ) ” кезеңінің фикхшысы Ибрахим Наһаиден (өлімі 714 ж. ) бастап “Ирак фикхы” деп атала басталуы және орталығы Мәдина қаласы болып табылатын Хижаз фикхына (құқығына) қарсы бір мектеп ретінде саналуы осындай дамудың нәтижесінде болды.
Мәдинeдегі Хижаз мектебі “Хадис мектебі” деп те айтылады. Бұл мектептің ерекшелігі белгілі бір діни мәселенің шешімін табуда барынша құран мен хадистерге сүйеніп, ақыл мен жеке көзқарасқа сүйенуден ұзақ тұрады. Егер ешқандай дәлел таппаған жағдайда ақылға жүгінуге мәжбүр болады. “Рей мектебі” болса көп жағдайда сахих (рас) хадистердің тысында хадистерден дәлел іздеуге құлықты емес. Ақылға сүйенген жеке көзқарастарын көп пайдаланады. Әдіснамалық ерекшелігіне сай рей мектебі әлсіз хадистерді қабылдамайды. Өйткені мұндай хадистердің жалған болу ықтималдылығы жоғары деп есептейді. Хадис мектебі жеке көзқарастан осы әлсіз хадистерді абзал санайды. Мысалы осы дәуірде хадис мектебінің имамы болып саналатын Имам Малік (Малики мазхабын құрушы) осы секілді хадис түрлерін және Медине халқының амалдарын дінде дәлел ретінде қолданатын болған (2) .
Ханафи мазһабының діни доктринасының қалыптасуына ықпалы зор болған Ирак құқығының (Рей мектебі) қалыптасуында сол аймақтың өзіне тән ерекшеліктерінің де әсері бар. Омейядтар халифаты кезеңінде сан-алуан мәдениет және өркениеттермен тығыз байланыста болған, әртүрлі ұлттар мен ұлыстар, діндер мен әлеуметтік топтардың өмір сүріп отырған жері болып табылатын Ирак топырағы бірнеше саяси, дүниетанымдық ағымдардың да қайнаған орталығы еді. Сонымен бірге Куфа қаласының Парсы жане Грек мәдениетіне көрші рационалдық ғылымдардың тоғысқан жері Xира аймағына жақын орналасқанын да айта кетуіміз керек.
Осыған байланысты табиундар кезеңінен бастап аймақта белсенді түрде дамыған ғылым мен мәдениетті, дінді түсіндіруде рационалдық ұстанымның басым болғанына куә боламыз. Алайда Ирак құқығы табиундар кезеңінде емес, олардан кейінгі нәсіл атбаут-табиундар кезеңінде жүйеленіп, бір ізге түседі. Алғашқы кездерде Ирактықтарға рей өкілдері деп айтылғанымен уақыт өте келе бұл Абу Ханифаға тән мектеп ретінде қарала басталады. Мұның өзіндік себептері бар.
Осы себептердің бірі Абу Ханифаның айналасында топтасқан ғалымдар кеңесі алдыңғы буыннан қалған құран, хадис білімдерін, рей (көзқарастар) және түсіндірмелерін (интерпретация) мұқият талдап, ой елегінен өткізіп өмірдің барлық саласын қамти алатындай дәрежеде дамытып бүкіл қажеттіліктерге жауап бере алатындай деңгейге жеткізулерінен болып табылады.
Келесі бір себеп Абу Ханифаның өз көзқарастарымен замандастарының арасында оқ бойы озық тұруы және шәкірт өсіріп ұстаз болуы, діни мәселелерді шешудегі ұстанымдарының фикх ілімінде салмақты болуы жатыр. Сонымен бірге табиундар кезеңіндегі рей әрекетінің әртүрлі мәдениеттермен бетпе-бет келуі және дінде бұрын болмаған жаңа мәселелердің туындауы бұл әрекетті бақылау астына алу қажеттілігін тудырды. Өйткені әдісі және ғылыми дәстүрі жоқ, сыртқы әсерлерге төтеп бере алмайтын рей және ойшылдық әрекетінің құран хадиске сүйенген діни білімдердің негізін бұзып, әртүрлі алауыздық пен қақтығыстарға әкеліп соғу ықтималдылығы жоғары еді. Ал Ирак аймағы осы секілді әсерлерге ашық жер болатын. Хадис фикхының Иракта дамымай қалуының себебі де оның осы рей мен ойшылдықты шектеуінде жатыр. Өйткені жаңа мәселелер мен жағдайларға хадис мектебі жауап беруге дәрменсіз болды. Осыдан барып Абу Ханифа және оның шәкірттері қалыптастырған рей фикхы дастүрлі діни ілімді позитивті тұрғыдан түсіндіріп құран мен сүннет арасындағы тепе-теңдікті сақтай білуінен көпшілік тарапынан қолдау табады.
Жалпы мазһабтардың қалыптасуына асер еткен ішкі және сыртқы факторлардың барлығын талдай келе Ханафи мазхабының қалыптасуына ықпал еткен ең маңызды себептер ретінде мыналарды көрсете аламыз: Абу Ханифаның шәкірттерінің қызметі, мазһабтың құқықтық негіздерінің жүйеленуі, қазылық-ресми мазһаб ретінде қабылдануы.
Абу Ханифадан сабақ алған және оның ғылыми кеңестеріне қатысып жүрген шәкірттері мен дос-жарандары болып саналатын Абу Юсуф, Мұхаммед ибн Хасан аш-Шайбани атты шәкірттерін атауға болады. Xанафи мазһабының алғашқы буындары саналатын бұл кісілердің шәкірттері негізінен Хорезм, Батыс Түркістан, Хорасан және Мауереннахр секілді халқы исламды жаңадан қабылдаған аймақтарға барып қызмет етеді.
Ханафи мазһабының құрылып таралуында Абу Ханифа мен оның шәкірттерінің діни мәселелерде ортаға қойған фикх негіздерінің жазылып жинақталуы да маңызды себептердің бірі болып табылады. Абу Ханифаның тікелей қалам алып жазған еңбектерінің бар жоғынан хабарсызбыз. Алайда оның діни мәселелерге қатысты пікірлері мен көзқарастарын шәкірттерінің жинақтап жазғаны ақиқат. Ол дәуірде ұстаз шәкірттеріне айтып отыру арқылы жаздыру дәстүрінің болғанын айта кету керек. Ханафи фикх жүйесінің жинақталуында Абу Юсуфтың әсіресе Мухаммедтің еңбегі зор. Бұл кісілердің еңбектері Ханафи фикх жүйесінің негізін құрайды. Бұл екі ғұламаның қазіргі кезге дейін жетпей қалған бірнеше еңбектерінің болғанынан Ибн Надим деген мазхаб тарихшысы сөз етеді. Абу Юсуфтың бізге жетіп келген төрт, Мұхаммедтің оннан астам еңбектері бар. Бұл еңбектер Ханафи мазхабына негізделген Ирак фикх жүйесін танытатын мазмұнда жазылған (3) .
Аббаситтер халифасы Харун Рашид Абу Юсуфты Жоғарғы Сот етіп тағайындауы және халифатқа бағынышты аймақтардың барлығына қазыларды тағайындау құқығын беруі Ханафи мазһабының кеңінен таралуына жол ашып берген себептердің бірі болып табылады. Ханафи мазһабының таралуында әсіресе Селжук және Османли мемелекеттерінің рөлі үлкен. Селжук билеушісі Тұғрұл Бейдин Нишапур, Исфахан, Хамадан секілді ханафиліктің аз танылған аймақтарына ханафи қазыларды тағайындауы мазһабтың жайылуына жағдай жасайды. Османлылар бүкіл діни мәселелерді осы мазһабқа сүйеніп шешіп отырған және мемлекет саясатында да маңызды орынға ие болған. Тек Ханафи мазһабы ресми орындардан қолдау табу арқылы күшейіп алған бір мазһаб деп қабылдамау керек. Ханафи ғалымдары белсенді түрде қызмет етіп басқа мазһабтың ғалымдарымен ғылыми пікірталастарға барып отыратын және мазһабты жаю жолында аянбай еңбек ететін. Осы ғалымдардың еңбегінің арқасында мазһаб бірнеше елдерге таралып, атақты болды және мемлекет тарапынан қолдау азайған тұстарда да өз күшін жоғалтпады.
Фикх маһабтарының қалыптасып тарала бастаған алғашқы кезеңдерінде ислам қоғамында оқу-ағарту, ғылыми пікірталастар, діни қызметтердің атқарылу, қазылық секілді іс-әрекеттер көбіне бір-бірімен тығыз қатынаста болғандықтан бір фикх мазһабының танылып, қабылдануында осы секілді әрекеттердің ықпалының болғанын қабыл ету керек. Алайда бұл әрекеттер мазхабтардың танылып, таралуындағы ең көзге көрініп тұрған сыртқы белгілерін құрайды.
Ислам қоғамында орташа деңгейдегі қарапайым бір адамның өз бетінше білім алып, діни мәселелерді меңгеруі теориялық жағынан мүмкін секілді көрінгенімен, практикалық жағынан қоғамның басым бөлігі ғибадаттарында, жеке өмірлері мен қоғамдық қатынастарында белгілі бір фикх мазһабына қарай амал етуге мәжбүр екендігі ақиқат. Сонымен бірге үкім шығару және орындауда тепе-теңдікті сақтау мақсатында ислам мемлекеттерінің тарихта ресми бір мазһабқа жүгінуіне мәжбүр болғандығын көреміз. Оның үстіне, құқықтық сана қалыптастыруда және күрделі мәселелерді шешуде мазһабтардың пайдалы жағы да бар. Осыған ұқсас табиғи қажеттіліктер фикх мазһабтарының дами түсуіне жағдай жасайды. Дегенмен әрбір фикх мазһабының қалыптасып дамуында сол мазһабтардың тараған аймақтарының әлеуметтік-мәдени және географиялық ерекшеліктерінің де ықпалын еске сала кету керек. Қоғамда жергілікті салт дәстүрлердің, әлеуметтік мәдени шарттардың сол қоғамның белгілі бір фикх мазһабын ұстануын жеңілдететін немесе қиындатандығы ақиқат. Мысалы парсылардың исламның жеңісімен бірге жығылған мемлекеттері мен мәдениеттеріне деген аңсауларын және дін бауырлары болып келетін арабтарға деген өшпенділіктерін сенім және құқықтық алаңда Имамия, Жафария, Зайдия секілді мазһабтар арқылы көрсетуі немесе Солтүстік Африканың Хижаз фикхын (Малики мазхабы) өз өмір салттары мен мәдени деңгейлеріне лайықты көруі мүмкін. Сондай-ақ Мауереннахр, Хорасан, Индия және т. б. жаулап алынған жерлерде өмір сүріп отырған араб емес қауымдардың Ханафилікті өз салт-дәстүрлеріне, дүниетанымдық жүйелеріне жақын болғандықтан ұстанатындығын айта аламыз. Өйткені Ханафилік діннің практикалық жағын түсіндіруде рационал және әртүрлі аймақтарда жеңіл қабылданатын бір түсінікке ие болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz